Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.76 Mb.

бет1/6
Дата14.05.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі  тіл, бірі  ділің жүректегі.

                                   



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 

       МЕКТЕБІНДЕ 

   Казахский язык и литература 

               в русской школе

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

БАСЫЛЫМ

   2001 жылдың



  қаңтар айынан        

3/2014    

НАУРЫЗ

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     

МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     

САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Бас редактор бағдаршамы

Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.         Наурыз жылында мемлекеттік тіл 

                                                            бағын жандырайық...............................................3



Мұғалімдерге  көмек

Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ.                      Ежелгі дәуірдегі отбасылық 

                                                             балалар ауыз әдебиеті.........................................11



Ғалия ШӘРІПЖАНОВА.               Студенттердің техникалық мәтіндер

                                                             бойынша қысқаша хабарлама жасау

                                                             дағдыларын қалыптастыру.................................19

Мауле ҚҰМБАСОВА.                     Оқу техникасын жетілдіру жолдары.................24

Мереке ӘБДІҒАЛИЕВА.                Мақал-мәтелдерді сабақта қолдану арқылы

                                                             оқушының сөйлеу тілін қалыптастыру.............32



Қазбек ӘБЕНОВ.                             Талантты және дарынды балаларды

                                                             анықтау.................................................................38



Ұлыстың ұлы күні

Лаура ҚИЗАТҚЫЗЫ.                      Қош келдің, Наурыз!...........................................41

Шарбан САПАРҒАЛИҚЫЗЫ.      Етістіктің райларын, есімше мен көсемшені

                                                             қайталатқан наурыз мейрамы............................52



Файза АҚАТАЕВА.                          Наурыз – жыл басы.............................................56

Әсия ИБРАЕВА.                               «Наурыз – көктем» зияткерлік сайысы.............61

Оқулық тағдыры ойлантады

Гүлбану ЖҮНІСОВА.                     Мемлекеттік тілдің орыс мектебі

                                                             оқулықтарындағы көрінісі.................................66



Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

Айжан ИБРАЕВА.                            Ана – намыс пен адамгершілікті, асылдық

                                                              пен ұлылықтың бейнесі.....................................70



Мейрам ӘБІЛОВ.                             Махамбет – батыр ақын.....................................77

Әсем КАПЕНОВА.                           Жұмбақтар...........................................................82

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Айжан ӘЛІБЕКОВА.                        Сөйлеу қабілетін дамытатын дүкендер...........88

Күлжамал НҰРАХМЕТОВА.          Лексикадан өткен ережелер негізінде

                                                              талдау жұмысын жүргізу...................................94



Айнұр СҰРАУОВА.                           Астана қаласындағы көмекші есімдер............98

Орал МАҒОПАРҚЫЗЫ.                 Салалас құрмалас сөйлем................................102

Дария ДӘУІТҚАНҚЫЗЫ.               Фонетика мен Отан.........................................110

Тіл дамыту жолдары

Гүлнара ЖАХАЕВА.                         Факультатив сабақтар.....................................121

Сыныптан тыс шара

Гүлжан ЛЕКЕРОВА.                         Бабалар арманы...............................................130

Классный час

Гульназ ТУРСЫНОВА.                    Республика Казахстан – одна страна,

                                                               одна земля, одна судьба..................................140



Бас редактор бағдаршамы

Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ,

бас редактор.

НАУРЫЗ ЖЫЛЫНДА 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БАҒЫН 

ЖАНДЫРАЙЫҚ

Қадірлі  ұстаздар  мен  ғалымдар,  мемлекеттік 

тіл  жанашырлары!  Өздеріңіз  жақсы  білесіздер,  екі 

айда  бір  рет  жарық дүниеге  келетін  республикалық 

ғылыми-педагогикалық  басылым  –  «Қазақ  тілі 

мен  әдебиеті  орыс  мектебінде  –  Казахский  язык  и 

литература в русской школе» жұрналы 2001 жылдың 

ақпан  айының  соңғы  күндерінің  бірінде  жарық 

көрді.  Әдістемелік  және  психологиялық  бағыттағы 

мақалалар  «педагогикалық»  ұғымының  саясында 

күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Қазақ халқының 

тағдыры  тәрізді  небір  бұралаң,  «тар  жол,  тайғақ 

кешуді»  басынан  өткізіп  келе  жатқан  бұл  басылым 

әуелі 64 бет болып өмірге келсе (бет пішіні: 84*108 

1/32),  кейін,  әуелі,  Құдай,  содан  соң  мұғалімдердің 

жұрналға  жазылуының  арқасында  144  бетке  жетіп, 

ұялмайтын биікке көтерілді. Алланың мұнысына да 

шүкір!


Жұрнал ақынның:

«Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қандай елде жүрсең де бұл, дұрысы –



4

5

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар!» - 



деген  ізгі  өтінішімен  ашылыпты.  Сол  өтініш  сол 

күйінде, әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ, қайта, 

керісінше, күн өткен сайын маңызы арта түсуде.

Осы  өте  маңызды,  мемлекеттік  деңгейдегі 

тым  өткір,  күрделі  мәселеге  байланысты  кезінде 

әдемі  де  әділ  үн  қосқан  Қазақстан  Ұлттық  Ғылым 

Академиясының 

корреспондент-мүшесі, 

ауыл 

шаруашылығы  ғылымдарының  докторы,  профессор 



Игорь  Николаевич  Нечаевтың  «Ана  тілі»  газетінде 

(№3,  қаңтардың  18-і,  Ұлу  жылы,  2000)  «Мектепте 

дұрыс  оқытпайды»  тақырыбымен  жарияланған 

шағын  мақаласында  айтылған  орынды  ойлары  мен 

сын-ескертпелері  әлі  жөнделмеген,  қабырғаңды 

қатты  қайыстырып,  әлсіздігіңнің  алдында  мүсәпір 

күй кешесің. Ол кісі онда былай дейді: «...Екіншіден, 

мектептерде  мемлекеттік  тілдің  оқытылу  деңгейін 

күшейту  керек.  Қазір  балалар  қазақ  тілін  ағылшын 

тілінен  нашар  игереді,  мектеп  бітіргенде  қазақша 

2-3  ауыз  сөздің  басын  құрай  алмай  шығады.  Менің 

немере  қызым  да  –  мектеп  оқушысы.  Сондықтан 

білемін:  қазақ  тілі  сабағында  жеңіл-желпі  аударма 

секілді тапсырмалар орындаумен шектеледі. Балалар 

солардың өзіне бас қатырғылары келмей, бір-бірінен 

көшіріп алып жатады. Өйткені қатаң талап жоқ.

Мектеп бағдарламасына қатысты менің ұсынысым: 

қазақ  тілі  пәніне  үлкен  көңіл  бөлінсін.  Орысша 

қойыртпақтамай,  таза  қазақша  сөйлейтін  ашық 

сабақтар  ұйымдастырылсын.  Жоғары  сыныптарда 

қазақ  тілінен  тәжірибелік  жұмыстар  өткізілсін. 

Мекемелерде  тегін  оқытатын  қазақ  тілі  курстары 

жұмыс істесін».

Сырт  көз  –  әрқашан  да  сыншы.  Игорь 

Николаевичтің  ащы  суы  сорғалаған  шындығы  көп 

мәселенің бетін ашып отыр. Біріншіден, тіл үйренуге 

қойылатын талап барлық ұлт өкілдеріне бірдей. Бір 

тілден  екінші  тілдің  артықшылығы  болмауға  тиіс. 

Мемлекеттік  заң  –  бәріне  ортақ  міндет.  Қалайсыз 

ба  әлде  қаламайсыз  ба,  ол  –  өз  шаруаңыз,  алайда 

Қазақстан  Республикасында  өмір  сүргендіктен 

мемлекеттік тілді үйреніп, сол тілде қарым-қатынас 

жасауға және сөйлеуге міндеттісіз, сонымен бірге, ол 

– Сіздің азаматтық борышыңыз.

Егер  бұл  талап  ұнамаса,  өзгелерге  көлеңкеңізді 

түсірмей,  дұрыс  тіршілік  ететін  жерге  күні  бұрын 

барып  жайғасыңыз.  Сонда  ғана  құда  да  тыныш, 

құдағи да тыныш мамыражай заман орнайды.

Екіншіден, «Балалар қазақ тілін ағылшын тілінен 

неге нашар игереді?» деген сауал астарына жете мән 

берсек,  біраз  жұмбақ  сыры  ашылады.  Ең  алдымен, 

мұғалім,  мектеп  басшылары  тарапынан  қойылатын 

талап өте төмен деңгейде. Содан кейін, ең бастысы 

да  –  осы,  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тіліне  деген 

сұраныс – жоқтың қасы. Идеология жұмысы мүлде 

жүргізілмейді. Елдің бәрі ағылшын тілін үйреніп, не 

АҚШ-қа, не Англияға немесе басқа сырт елге көшіп 

кетпейді.  Көшіп  кетсе,  өзінің  ана  тілінен,  әдебиеті 

мен мәдениетінен, тарихынан, салт-дәстүрінен және 


6

7

тағы басқа құндылықтарынан безінгендер, бойында 



ұлттық рухы өшкен намыссыз пақырлар ғана табанын 

жалтыратып, тайып тұрады. Мұндайлар жанталасып, 

ағылшын  тілін  ақы  төлеп  үйренеді.  Сондықтан 

мемлекеттік тілді заң жүзінде міндеттеп оқыту – күн 

тәртібінде  тұрған  ең  негізгі  мәселе.  Ал,  ағылшын 

тілін  немесе  қытай  тілін,  тіпті,  болмаса,  араб  тілін 

керек  еткендер  уақыты  жетпей  жатса,  материалдық 

жағдайы,  тұрмысы  жақсы  болса,  қосымша  ақысын 

төлеп оқысын.

Үшіншіден,  қазақ  тілі  мен  әдебиетіне  немесе 

бөлінетін  сағат  саны  орыс  тілі  мен  әдебиетіне 

немесе ағылшын тілі мен әдебиетіне бөлінетін сағат 

санынан  ешқашан  да  кем  болмауы  тиіс,  керісінше, 

оған  мемлекеттік  тіл  ретінде  артық  сағат  бөлуге 

міндеттіміз.  Осыған  халық  қалаулылары  көңіл 

аудармайтыны өкінішті, жүректі сыздатады.

Тағы  да  сол  жұрналдың  тұңғыш  нөмірінде 

төмендегідей  сырды  ақтарыппыз:  «...қасыңыздағы 

әріптестеріңізді  түгел  осы  кәсіби  жұрналына 

жаздыртып,  оны  өздеріңіз  еңбек  етіп  жүрген  аудан 

және облыс көлемінде кеңінен тарату жөнінде үгіт-

насихат  жұмысын  белсене  атқару.  Бізге  одан  артық 

сыйдың  керегі  жоқ.  Өйткені  педагогикалық  кәсіби 

төл  басылымыңыздың  тағдыры  –  өз  қолдарыңызда, 

жалғыз құрылтайшысы да – Өздеріңіз. Сондықтан да 

жұрналымыздың  ыстығына  күйіп,  суығына  тоңып, 

бағы  ашылуына  бір  кісідей  жұмыла  атсалысады 

деген сенімдеміз».

Қазіргі  таңда  да  сол  нық  сенімнің  құдіретімен 

өмір  сүріп  келеміз.  Мың  екі  жүздей  оқырманымыз 

бар. Бәрінің отбасына амандық тілейміз. Шаңырағы 

шаттыққа  толып,  жүздерінен  күлкі  кетпесін!  Бала-

шағасының  қызығын  көрсін!  Еңбектері  жемісті 

болып,  шәкірттері  мерейін  көтерсін!  Наурыз  жылы 

тек жақсылық сыйласын!

Ал,  енді  төмендегі  келелі  мәселелерге,  игі 

істерге,  жылы  лебіздерге  назар  аударыңыздар. 

Кейде  шіркін-ай  деп  қиялдаймыз.  Егер  сол  мың 

екі жүздей оқырманымыз бір-бір әріптесін үгіттеп, 

көзін жеткізіп жұрналға жаздырса, «Екі мың төрт 

жүз» деген толағай табысқа кенелеміз.

Алайда,  өкінішке  қарай,  бүгінгі  жағдайымыз 

әлі  де  мәз  емес.  Мұны  жасырудың  еш  мәнісі  жоқ. 

Сондықтан  да  әрқайсысыңыз  бір-бір  әріптесіңізді 

жұрналға жаздыртсаңыз – үлкен іс тындырар едіңіз. 

Жұрналдың  да  Күні  жаздай  жарқырап  жайнар  еді, 

бақшадан  бұлбұлы  құйқылжытып  сайрар  еді.  Алла 

осы тілегімізді қабыл қылып, өтінішімізді орындаса, 

бақыт құшағында шалқыр едік! Биік шыңда қырандай 

қалқыр едік!

Шынында  да,  өзінің  төл  жұрналына  жазылып 

қана  қоймай,  әріптестерінің  хал-ахуалын  ойлап, 

өзінің жүрегін тебіренткен жайлар туралы толғанып, 

әдістемелік көмек ретінде мақала жазып, ой-пікірін 

көпшілікпен  бөліскен  мұғалімдердің,  ғалымдардың 

аты-жөндерін  ерекше  ілтипатпен  атап  айтқанды 

орынды санадық.


8

9

Соның  ең  алдыңғы  қатарында  жүрген  ғалым-



әдіскер,  филология  ғылымдарының  докторы, 

оқулық  авторы  Жаңылхан  Адамбаева,  профессор 

Сәтбекова  Айгүл  Амантайқызы,  ақтөбелік  ғалым 

Өмірбаева Күләш Охасқызы, тараздық білгір педагог 

Т.Әбдіқадырова, білікті доктор Қарлығаш Қадашева, 

жезқазғандық ұстаз Бақыт Бекенқызы, айтулы ғалым-

әдіскер  Күлпаш  Сариева,  павлодарлық  пайымды 

педагог  Зайда  Жұмабаева,  рудныйлық  оқымысты 

оқытушы  Пиалаш  Сүйінкина,  торғайлық  талапты 

тәлімгер Ғалия Қосмұхамбетова, алматылық алымды 

мұғалім Күнбала Сығаева, көкшетаулық кемел ұстаз 

Ардақ  Сағынаева,  қызылжарлық  қайраткер  педагог 

Балғаным Оспанова, өскемендік өрелі әдіскер Айгүл 

Мұратбекова,  талдықорғандық  қарымды  ғалым 

Зәуреш  Ермұханова  және  тағы  басқалары  қомақты 

үлес қосқандығын мақтаныш тұтамыз.

Сонымен  бірге  оны  жұрналдың  бүкіл  ыстық-

суығына  шыдап,  қанатын  кеңге  жаюына  бар  күш-

жігерін  жұмсаған,  басшылық  қамқорлығын  ұдайы 

жасап  келе  жатқан  ұлағатты  ұстаз,  Білім  және 

ғылым  министрлігінің  бас  сарапшысы,  «Ерен 

еңбегі  үшін»  медалінің  иегері,  Шығыс  Қазақстан 

облысының  Абай  ауданының  құрметті  азаматы 

Баттал  Роза  Мұхамеджанқызы,  парасатты  педагог 

білімді  де  білікті  әдіскер  Жүнісханова  Қарлығаш 

Қайыпбайқызы, белгілі әдіскер Абуханова Рысқаным 

Нығметоллақызы,  белсенді  де  беделді  ғалым,  әдіс-

теме  әлеміндегі  әйгілі  әріптес  Қайсар  Қадырқұлов 

және басқаларына айтар алғысымыз шексіз.

Әсіресе,  өздерінің  іс-тәжірибесімен  бөлісіп, 

өзгелердің  шығармашылық  жұмысына  ұйытқы 

болып жүрген мұғалімдер мен ғалымдардың еңбегіне 

дән  ризамыз.  Осындай  озық  ойлы  ғалым-ұстаздар 

қатарында  астаналық  Баянғали  Ғалымжанұлы, 

екібастұздық  Юлат  Жұмаділов,  қарағандылық 

Базаргүл 

Көлбаева, 

павлодарлықтар 

Айнаш 

Макеева  мен  Сәуле  Медеуова,  шымкенттік  Зәуреш 



Нұрымова,  алматылықтар  Жанар  Қожабергенова 

мен  Рая  Байжанова,  Бақыт  Сегізбаева  мен  Шолпан 

Табынбаева,  Ғалия  Шәріпжанова  мен  Карима 

Мадалимовалар,  атыраулық  Баянсұлу  Өтежанқызы, 

оралдық  Күлсін  Қарабалиева,  қызылордалықтар 

Нұргүл  Дүйсенбекова  мен  Шолпан  Қасымова, 

көкшетаулық  Роза  Бекешова,  семейлік  Бақытгүл 

Жұмабаева,  белсенді  ғалымдар  Меңдібай  Әбілұлы 

мен  Қанат  Ибрагимовтардың  жазған  дүниелері 

басқалардың  рухани  әлемін  байытып,  сабақ  беру 

шеберлігін  жетілдіруіне  ерекше  ықпал  етіп,  бір-

біріне әдістемелік тұрғыдан жан-жақты көмек беріп 

келеді,  көпшілік  сүйіспеншілігіне  бөленуде.  Сол 

үшін оларға мың да бір рахмет! Көсегелері көгеріп, 

өркендері өссін!

Жұрнал да өзінің осы бір басты ізгілікті міндетіне 

үлкен  жауапкершілікпен  қарап,  мінсіз  қызмет 

көрсетуге бүкіл күш-қуатын жұмылдыру үстінде.

Біз бұл арада мына бір өте жағымды фактіге арна-

йы  тоқталғанды  орынды  санадық.  Оңтүстікқазақ-

стандық мұғалім Аманкүл Палуанова (Созақ ауданы, 

«Құмкент» ауылы) өз мамандығын үнемі жетілдіріп 

отыру үшін ауадай қажет «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

және  «Ұлағат»  жұрналдарына  биыл  ешкімнің 



10

11

ақылынсыз,  еш  күштеусіз,  өз  жүрегінің  қалауымен 



жазылып,  түбіртектерінің  көшірмелерін  редакцияға 

салып  жіберіпті.  Нартәуекел  ісіне  еріксіз  сүйсіндік. 

Қалайша разы болмассыз, өйткені кейбір әріптестері 

үш айға немесе жарты жылға жазылып, «қулығын» 

асырып келеді. Сонда олар кімді алдайды? Әлбетте, 

тек өзін ғана алдайды.

Әрине,  сол  «қулар»  редакция  ұжымын  да  тақыр 

жерге  отырғызып,  мәз  болып  жүр.  «Неге  бұлай 

істедіңіз?»  деген  сауалға  кейбіреулері:  «Пошта 

бөлімшесі  рұқсат  етпейді,  тек  жарты  жылға  ғана 

жаздыртады» деген жауап берді.

Сонда  қалай  болғаны?  Пошта  қызметкері 

Аманкүлден  қорыққандықтан  бір  жылға  тұтас 

жаздырған болып шықпай ма? Біздің ойымызша, 

бар  кілтипан  мұғалімдердің  жалтақтығында 

жатыр,  өз  құқығын  ешкімге  таптатпай,  оны 

қаскүнемдерден  мықтап  қорғап,  табанды  түрде 

талап етуге тиіс.

Ал  ұстаз  Аманкүл  Палуанованың  жүзі  жарқын, 

төл  кәсіби  жұрналы  алдында  ары  таза,  мақаласын 

бүкіл  жыл  бойы  еш  алаңсыз  редакцияға  жолдайды, 

еңбегінің жемісін жейді.

Біз өзге мұғалімдер мен тәрбиешілердің барлығын 

да  дәл  осы  Аманкүл  Палуановадай  өз  көзқарасына 

берік,  ұстанымы  нық,  намысшыл  ұстаз  болуға 

шақырамыз,  сол  кісінің  іс-әрекетінен  үлгі  алуын 

қалаймыз.

Сонда ғана жұрналдың Айы солынан туып, Күні 

оңынан  шығады.  Жұлдызы  жарқырап,  қатарынан  

кем болмайды.

Мұғалімдерге көмек

Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,

Тараз инновациялық-гуманитарлық 

университетінің доценті, 

Аймақтық менеджмент 

академиясының профессоры.

ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ                

ОТБАСЫЛЫҚ БАЛАЛАР                        

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Жас  бүлдіршіндерді  білім  мен  өнерге  баулу 

әдістерінің  бірі  –  қазақ  халқының  балаларға 

арналған  отбасылық  әдебиеті    арқылы  олардың 

дүниетанымдық  өрісін  дамыту  болып  табылады. 

Осындай  әдіс  арқылы  жас  бүлдіршіннің  қоршаған 

ортаға  деген  көзқарасын  дамыту.  Ол  үшін 

бүлдіршіндерді  қазақ  халқының  ұлттық  дәстүрлері 

сипатталатын  балаларға  арналған  отбасылық 



әдебиеті  арқылы  баулып,  жарық  өмірге  деген 

ұмтылысына демеу болып, жас бүлдіршіннің анаға, 

әкеге,  әжеге,  атаға,  бауырларына  деген  ықыласын 

күшейту керек. Аяғын қаз-қаз басып, былдыр-былдыр 

сөйлеп келе жатқан балаларға арналған отбасылық 

әдебиетке  әдетте  халық  ауыз  әдебиетінің  үлгілері, 

қазақ  ақындары  мен  жазушыларының  сәбилер  мен 

бүлдіршіндерге арналған прозалық және поэзиялық 

туындылары кіреді.



12

13

Жалпы  білім  беретін  мектептің  5-сыныбына 



арналған «Әдебиет» оқулығында балаларға арналған 

ауыз  әдебиеті  туралы  былай  деп  жазады:  «Ауыз 

әдебиеті  дүние  туралы  мол  таным  берумен  бірге 

тәрбие құралы да болған. Ол жас ұрпақтың жүрегіне 

туған  ата-анасын,  бауырларын,  адам  баласын,  елін, 

жерін  сүю  сезімдерін  екті.Ел  басына  күн  туғанда 

ел  қорғаған,  жерін  жауға  таптатпаған  батырлықты, 

ерлікті  дәріптеді...  «Қоянды  қамыс  өлтіреді,  ерді 

намыс  өлтіреді»,  «Жалаңаш  бар  да,  жауға  шап,  

ажалың  жетпей  өлмейсің»  деген  сияқты  көптеген 

мақалдар  да  намыс,  ар-ұят,  ерлік,  өжеттік,  т.б. 

қасиеттерге  тәрбиелейді...»  (А.,  «Атамұра»,  2010, 



8-бет).

Жазушы-этнограф  Сейіт  Кенжеахметұлы  бала 

тәрбиесі туралы былай деп жазады: «Бала тәрбиесіне, 

жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті 

қағидалары  мен  ережелерін  жасағандардың  бірі  – 

қазақ халқы. Оның тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері 

өте  көп».  (Жеті  қазына.  (бірінші  кітап).  А.,  «Ана 

тілі», 2007, 3-бет).

Өскелең ұрпақтар – елдің, мемлекеттің болашағы, 

ал ұрпақ тәрбиесі сол болашақтағы елдің, мемлекеттің 

іргетасы болады. Осыны санаға сіңірген бабаларымыз 

ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл бөлді.

Жасөспірімдерді  ұлтжандылыққа,  отансүйгіш-

тікке,  ерлік  пен  өрлікке,  өнерге,  еңбекке  баулудың 

жолдары  сонау  көне  дәуірдегі  шаманизм  жырлары-

нан  басталып,  ойын  өлеңдеріне  дейінгі  аралықты 

қамтитыны  белгілі.  Тұрмыс-салт  жырлары,  табиғат 

туралы,  туған  жер  туралы,  ерлік,  қаһармандық, 

қайсарлық пен тапқырлық, еңбек, өнер жөнінде ауыз 

әдебиетінің түрлері – осының айғағы.

Баланың  ойлау  өрісін  кеңейтуге,  шешендік 

пен  ұтқырлыққа,  тапқырлыққа,  шыдамдылық  пен 

сабырлылыққа тәрбиелейтін мақалдар мен мәтелдер, 

жұмбақтар  мен  жаңылтпаштар  балалар  ауыз 

әдебиетінің асыл қазынасы болып табылатыны анық.

Балалар  мен  жасөспірімдерді  елді  сырт  ел 

шапқыншыларынан қорғауға тәрбиелеу – ең бірінші 

мәселе болған. Оған «Жекпе-жек», «Жауды қоршау», 

«Жауға аттану», т.б.әскери-тәрбиелік соғыс ойындары  

дәлел.  Балаларға  соғыс  ойындарын  үйретуге  баулу, 

әдетте,  балаларды  аң  аулауға  үйретуден  басталатын 

болған. Ежелгі дәуірде елді шет ел шапқыншыларынан 

қорғауға балалардың да қатысқаны мәлім. Олар соғыс 

тактикасын  жетік меңгерген. Шегіне соғыс жүргізу, 

жауды  тау  аңғарларына  тықсырып  әкеліп  соғысу, 

орманды жер мен теңіз бойында, өзен жағаларында, 

шөлді жерлер мен ұлан-ғайыр далалықта соғысудың 

әдіс-тәсілдерін үйреткен.

Тұрмыс-салт  жырларының  тәрбиелік  маңызы 

тереңде.  «Шілдехана»  жырының  жасөспірімдерге 

берер ұлттық тәрбиесі мол. «Шілдеханада» жыршылар 

мен  жыраулар,  қиссашылар  мен  ертекшілер  өз 

өнерлерін  көрсетіп,  халықтың  рухани  байлығын 

дамытып  отырған.  Балалар  мен  жасөспірімдерге 

арналған  ауыз  әдебиеті  үлгілерімен  шілдеханаға 

жиналғандардың рухын көтеріп отырған.

«Тойбастар»  жыры  балалар  мен  жасөспірімдерге 

рухани күш-қуат береді. Ежелгі қассақтар (қазақтар) 


14

15

мемлекетінде той елдегі үлкен рухани мереке ретінде 



аталып өтілген. Тойдың балалар мен жасөспірімдерге 

берер  әскери-патриоттық  тәрбесі  зор  болған.  Тойда 

әскери  ойындар  ойналған.  Мергендер  нысана 

көздеген, балуандар белдескен. Күйшілер қобызбен, 

домбырамен күй тартқан. Биші қыздар, келіншектер 

қобыздың, домбыраның сүйемелдеуімен би билеген. 

Ат  бәйгесі,  түйе  жарысы,  көкпар  әскери  ойындарға 

жататын болған.

«Бата-тілек» жыры балалар мен жасөспірімдердің  

санасына тереңдей енген. Ежелгі дәуірде қассақтар-

дың  ұл-қыздары  майданға  аттанарда  ақсақалды 

қариялар бата-тілек беріп, жауға аттандырып салған. 

Бата-тілектер жауға аттанып бара жатқан жасөспірім 

ұл-қыздарға  рухани  қуат  беріп,  сол  бата-тілекпен 

қайраттанған. Жауға деген өшпенділігі артқан.

«Тұсаукесер»  –  ежелгі  қассақтардан  дәстүрлі 

отбасылық  тойы.  «Тұсаукесер»  жыры  –  осы  тойда 

айтылатын,  балалардың  рухын  көтеретін  ауыз 

әдебиеті үлгілерінің бірі.

...Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам. 

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін... деп басталатын «Тұсаукесер» 

жырында  ата-ананың  балаға  деген  сүйіспеншілігі, 

асыл  үміті  жатыр.  Ана  да,  әке  де  қадам  басқан 

баласының  қаз-қаз  жүргенін    көңілге  демеу  қылып, 

алға  үлкен  мақсатпен  қарайтын  болған.  Дүниеге 

шыр  етіп  келген  сәбидің  іңгәлап  «ән  салғанына»  

қуанған  әке  мен  ана  арадан  екі-үш  ай  өткен  соң 

сәбидің  жымиып  күлгенін  көріп  қуанады.    Сәбидің 

еңбектегені – көңілге демеу. Ана да, әке де баланың 

басқан қадамын санап, көл-көсір қуанышқа бөленеді:



...Қадамыңа қарайық, 

Басқаныңды санайық...

Қамшының  сабындай  ғана  қысқа  өмірде  ананың 

да, әкенің де қуанышы – осы сәбидің қаз-қаз басқан 

қадамы оларды үлкен алтын мақсаттарға жетелейді. 



«Тай-құлын  боп  шаба  ғой  //  Озып  бәйге  ала  ғой...» 

деп  жырлауында  баласының  ержетіп  өмірден  өз 

орынын  табуын  аңсаған  арманы  жатыр.  Сәбиінің 

өмір бәйгесіне қосылуын аңсайды:



Қаз баса ғой, қарағым, 

Құтты болсын қадамың.

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер...

«Асулардан  аса  бер...»  деген  жыр  жолының  өзі 

алда  тұрған  биік  армандар,  алтын  мақсаттар  барын 

сездіреді.

«Төрт түлік мал туралы өлең-жырлар» – отбасылық 

балалар ауыз әдебиетінің ең асыл мұраларының бірі.  

Маң-маң басқан, маң басқан, 

Шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан... – деп басталатын жырда 

ежелгі қассақтардың өмірінде түйенің орыны бөлек 

екені сезіледі. Қассақтардың көшпелі өмір салтында 

түйенің орыны ерекше екені белгілі. 

Ана 

баласын 


«қоңырым», 

«боташым», 

«құлыным»,  «қозым»  деп  сүйеді.  Осының  өзінен 

ежелгі қазақтардың балаға деген мейірімі байқалады, 

төрт  түлік  малға  байланысты  айтылатыны  көне 


16

17

заманнан бері келе жатқан дәстүрлі тәрбиенің қайнар 



көзі  екенін  дәлелдейді.  Отбасылық  балалар  ауыз 

әдебиетінде  «Малдың  баласын  сүюі»  деп  аталатын 

өлең бар: 

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.

Түйе сүйеді баласын «Боташым» деп, 

«Жәудіреген көзіңнен, тоташым!» деп.

Ешкі сүйеді баласын «Лағым» деп,

«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.

Жылқы сүйеді баласын «Құлыным!» деп,

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.  

Төлдерді қалай шақыратынын балаларға кішкене 

кезінен  үйреткен.  Ежелгі  дәуірде  өмір  сүрген 

бабаларымыз  қойды  «пұшайт,  пұшайт»,  «ешкіні 

«шөре,  шөре»,  «жылқыны  «құрау,  құрау»,  сиырды 

«аухау»,  «түйені  «көс,  көс»  деп  шақыратынын               

жырға қосқан:  

Қой баласы қоңырым, 

Қойдай жуас момыным,

Шопан ата түлегі – 

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!

Жауын жауса бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре, шөре!

Жолға шықсам – көлігім,

Жапанда жүрсем – серігім.

Қамбар ата өсірген,

Құлыным менің, қайдасың?

Құрау, құрау!

Тілімен мұрынын жалаған,

Тілімен бойын тараған,

Көкке мұрынын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің, қайдасың?

Аухау, аухау!

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай.

Ойсылқара баласы – 

Ботақаным, қайдасың?

Көс, Көс! 

(«Той»  кітабынан.  Құрастырғандар:  Бейбіт 

Сапаралы,  Жақау  Дәуренбеков.  Алматы,  «Өнер», 

1993, 93-94-беттер).


18

19

Төрт  түлік  малдарға  баланың  тілімен  айтылатын 



«Бөбектің  тілегі»  деп  аталатын  жыр  балалардың 

төрт түлік малға жақын болып өссін деген тілекпен 

шығарылғанын 

дәлелдейді. 

Жырдан 

ежелгі 


бабаларымыздың  малдың  пайдасының  мол  екенін 

балаларға  ұғындыру  ретінде  шығарғанын  сезуге 

болады: 

Тоқтышағым, тоғыз тап, 

Саулық қойым, сегіз тап

Сегізін де семіз тап!

Құла бием, құлын тап,

Құлын тапсаң, құнан тап!

Бөкен жүнді бөрте ешкім,

Төрт айда бол төрт ешкім.

Төртеуің де бөрте бол,

Өлмей – жітпей есен бол,

Қой алдында көсем бол...

«Бөбек  жырлары»,  «Уату-алдарқату  жырлары», 

«Бақташылық  жырлары»,  «Ұлыс  жырлары», 

«Мақалдар  мен  мәтелдер»,  «Жаңылтпаштар», 

«Мазақтама  өлеңдер»,  «Өтірік  өлеңдер»,  «Табиғат, 

туған  жер,    қаһармандық  туралы  өлең-жырлар», 

«Ойын  өлеңдері»,  «Айтыс  ойындары»,  «Әскери-

тәрбиелік  ойындарға  байланысты  айтылатын  өлең-

жырлар»  ежелгі  дәуірдегі  отбасылық  балалар  ауыз 

әдебиетінің асыл мұраларына жататыны белгілі.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал