Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан          
4/2012   
СӘУІР
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Айша ӘЛІМЖАНОВА, Шәмша 
БЕРКІМБАЕВА, Роза БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, 
Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар 
ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия        
ОРАЗБАЕВА, Күлпәш САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Басшылыққа алар тірегіңіз
Анар ЕРМЕКҚЫЗЫ.                       Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу.........3
Тиімді әдіс  баршаға ортақ
Күләнда АЛДАБЕРГЕНОВА.        Инновациялық технологияларды оқу 
                                                              үрдісінде қолдану..............................................10
Нұргүл МАМПАСҚЫЗЫ.              Ақпараттық технологиялар – қазақ тілі
                                                              сабақтарында....................................................13
Мұғалімдерге көмек
Гүлнар БЕРКУТОВА.                      Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі.................17
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Толғанай ҚАБДЫҒАЛИЕВА.        Абайды білмек парыз ойлы жасқа..................20
Айман АРЫСТАНБЕКҚЫЗЫ.       Мәшһүр Жүсіп Көпеев...................................24
Айнагүл ЖОЛДАСҚЫЗЫ.              Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін».......................27
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Роза ӘБДІКӘРІМҚЫЗЫ.                Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – үлкен білім
                                                               ошағында.........................................................30
Салтанат РУЗАМЕНҚЫЗЫ.          Грамматикалық тақырыпта – сыйлық ұсыну
                                                              рәсімі.................................................................32
Раушан ХАБДИЛХАЛЫҚҚЫЗЫ. Оқшау сөзді жарнама және біз.......................36
Махаббат МАНАТҚЫЗЫ.                Сөздік қоры мол ұлылар елі...........................40
Тұрымтай СҰЛТАНҚЫЗЫ.            Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.............43
Раушан ЖОРАБЕКОВА.                   Септік жалғауының нәтиже сабағы...............45
Гүлзар КАМАЛОВА.                         Дыбыстарды дұрыс айтқызған – 
                                                                менің мектебім................................................49
Диляра ХАСЕНОВА.                          Тіл ұстартқан ертегілер әлемі........................52
Барқыт МАҚАНОВА.                       Қазақ тіліне тән дыбыстар – 
                                                                отбасы тәрбиесінде.........................................55
Әлия ПЕРНЕБЕКҚЫЗЫ.                 Ауызекі сөйлеу мен ұлттық ойындар............59
Алтынгүл ӘЛЕНҚЫЗЫ.                   Бастауыш пен Бәйтерек..................................61 
Салтанат БЕКТАСҚЫЗЫ.                Біріккен сөз – Бағдатқа жол...........................64
Тотыгүл ЕЛУБАЙҚЫЗЫ.                Мақта қыз бен мысық сөздігі........................68 
Бақытгүл ЖАҚАНАЕВА.                 Синонимдер....................................................71 
Ақөнер СӘУЛЕБАЙҚЫЗЫ.             Сөзге бай қарапайым Қаныш........................74 
Раушан ҚАЙДАРҚЫЗЫ.                  Етістікті Тәуелсіз Қазақстан.........................77
Күлсін ҚАРАБАЛИЕВА.                   Есімшеде – күйші Дина.................................80
Панеш СЕКЕНҚЫЗЫ.                       Жаңа сөз үйреткіш ұялы телефон.................82                
Бір тақырыпқа 
– 
екі мақала
Алмагүл НҰРТАЗАҚЫЗЫ.              Шешендікке баулыған Шоқан.......................94
Раушан ЖҰМАНҚЫЗЫ.                  Шешендікке баулыған Шоқан.......................97
Білім сынағында
Жанар ҚАЗЕЗҚЫЗЫ.                        Тіл мен спорт тақырыбындағы деңгейлік
                                                                тапсырмалар.................................................100
Сыныптан тыс тәрбие
Назым АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.            Мәнерлеп сөйлеткен Жеңіс жыры..............115
Рая ЕЛЕУКЕНҚЫЗЫ.                       Тіл күрмеуін шешкен Шәмші.....................120
Сымбат СМАТАЕВА.                         Тілі нәрлі ертеңіне сенімді.........................122
Альмира ЕРЕЖЕПОВА.                    Тіл мәртебесі - ел мерейі............................126
Қапура ҚАЛИЯҚПАРҚЫЗЫ.          Сөз сардары – жігіт сұлтаны......................130
Ұлыстың ұлы күні
Гүлнәр КӨШЕРБАЙҚЫЗЫ.            Тіл байлығы – Наурыз.................................132
Айгүл АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.             Сөйлетеді Наурыз – көктем!.......................138

3
Басшылыққа алар тірегіңіз
Анар ЕРМЕКҚЫЗЫ,
                                                         «Бірсуат» орта мектебінің
мұғалімі.
Ақмола облысы,
Еңбекшілдер ауданы.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС 
ҚАҒАЗДАРЫН ЖүРГІЗУ
(орыс сыныптарында  9-сынып оқушыларына 
арналған элективтік курстың оқу бағдарламасы,                       
жалпы сағат саны – 34)
1. Түсінік хат.
Курстың  мақсаты:  оқушылардың  мемлекеттік  тілде  ақыл-
ой қабілетінің даму деңгейін өсіру, дұрыс сөйлеу, білім деңгейін 
тереңдету  және  сауатты  жазу  дағдыларын  қалыптастыру; 
орыс  сыныптарында  мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу 
оқушыларды келешек мамандығында қолданатын іс қағаздарының 
түрлерімен таныстыру, оларды кәсіби  бағытта  тілдік қатынасқа да-
йындау; оқушыларды болашақ маман ретінде қазақ тілімен қатар 
мамандыққа байланысты сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады 
және оны келешекте үйреніп қызмет барысында қолдану – оларды 
өз мамандығын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді.
Таңдалып  алынған  оқыту  бағдарына  сәйкес  элективтік 
курстың  тақырыбын  анықтау  керек.  Кейінгі  жылдар    ішінде  іс 
қағаздарына байланысты көптеген әдебиеттер жарық  көрді. Бірақ 
бұл  әдебиеттердің  басым  көпшілігі  іс  қағаздарының  түрлерін, 
үлгілерін,  қажетті  тірек  сөздері  мен  жаттығуларын  берумен 
шектелген.
Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын    жүргізу  –  оқу  процесінің 
өзекті  мәселелерінің  бірі  болғанымен,  бұл  салада  жарық  көрген  
әдістемелік құралдар – жоқтың қасы. Іс қағаздарына байланысты 

4
шыққан қай оқулықты  алсаңыз да,  онда іс қағаздарының жалпыға 
ортақ түрлері: арыз, өмірбаян, анықтама, қолхат, жеделхат, түсінік 
хат,  т.б.  берілген.  Шынына  келсек,  іс  қағаздарының  жалпыға 
бірдей бұл түрлерімен оқушылар мектеп қабырғасында танысып 
үлгереді.  Сондықтан  осы  бағдарлама  орыс  сыныптарында 
мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу  дегенде  оқушыларды 
келешек мамандығында қолданатын іс қағаздарының түрлерімен 
таныстыру, оларды кәсіби бағытта тілдік қатынасқа дайындау деп 
түсіну қажет.
Жалпы  оқу  процесінің  сипаттамасы,  әдістері,  жұмыстың 
түрлері.
Пәнді  оқыту  жұмысы  тақырыптың  ұстанымға  негізделіп, 
коммуникативті бағытта функционалды – жүйелік әдісті қолдану 
негізінде,  орыс  тілі  мен  қазақ  тілі  грамматикасын  салыстыру 
жолымен  іске  асады.  Іс  қағаздарының  қай-қайсысы  болса  да 
мәтін  деп  алынып,  тіл  дамыту  жұмыстарының  барлық    түрлері 
жүргізіледі. Яғни, іс қағазының мәтінін тыңдау, оны оқу, сауатты 
жазу,  сөздік  жұмыстарын  жүргізу,  сұраққа  жауап  әдісімен 
диалогтар құрастыру, үлгі, кесте бойынша іс қағаздарын толтыру, 
грамматикалық жаттығуларды жүргізу, тыныс белгілерімен жұмыс 
істеу, тест сұрақтарына жауап беру; сын жұмыстарын жүргізу, т.б.
Сөйлем  құрату,  грамматикалық  ережелер,  анықтамалар  –  сөз 
үйретудің  техникасы.  Ғылым  мен  техниканың  жылдан-жылға 
жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде 
жаңа  технологияларды  енгізу  –  оқушылардың  білімін  көтеруде 
үлкен әсер етіп отыр.
Жаңа    технологияларды  қолдану:  деңгейлеп  оқыту  техноло-
гиясы (Ж.Қараев); ұжымдық оқыту технологиясы; интерактивтік 
және  компьютерлік  технологиялар;  жазу  және  оқу  арқылы 
оқушылардың  сын тұрғысынан ойлауын дамыту. 
Тәсілдер: электрондық оқулықтар, презентациялар, Интернет, 
ақпарат  көздері,  тестілер,  мониторингтік  бақылау  жүйесі, 
коррекциялық жұмыстың жүйесі.

5
2. Мазмұны. “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” курсы 
орыс  сыныптарында  мемлекеттік  тілді  меңгерту  сабақтарының, 
яғни, практикалық қазақ тілі сабақтарының заңды жалғасы ретінде 
қарастырылып,  бір-бірімен  байланысқан,  бірізді  әдістемелік 
жолмен меңгерілуі керек.
Яғни, 9-сынып оқушылары мемлекеттік тілді қатынас құралы 
ретінде  игерсе,  курстың  оқушылары  –  мамандыққа  сай  кәсіби 
бағытта және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді меңгеруі 
керек.
Әрбір  мамандықтың  өз  саласында  қолданылатын  терминдері 
мен  іс  қағаздарының  түрлері  ұшан-теңіз.  Мысалы,  экономика 
мамандығы  бойынша  банк,  сауда;  салық  қызметкерлеріне 
байланысты  валюта,  төлем,  есеп  айыру,  кредиттеу;  депозиттерге 
байланысты  түрлі  қызмет,  қатынас  қағаздары  толтырылады. 
Жалпы экономика, қаржы саласындағы жұмыстың барлығы дерлік 
тек  мамандыққа  байланысты  терминдер  мен  қызмет  барысында 
қолданылатын  кәсіби    сөздер  молынан  кездесетін  құжаттар 
арқылы іске асатыны белгілі. Сондықтан практикалық қазақ тілі 
сабақтарына кәсіби бағытта арнайы  сағаттар бөлінген.
Екінші  тілді  оқытудағы  ұстанымдардың  бірі  –  екі  жақты  іс-
әрекетін негізге алу. Бұл ұстаным бойынша оқытушы сабақта тек 
білім беріп қана қоймай, сол білімді оқушылардан оларды сабаққа 
белсене  қатыстыру  арқылы  “қайтарып”  алып  отырады.  Яғни, 
оқушы  сабақта  материалды  меңгергенін  тілдік  іс-әрекет  әдісі 
арқылы көрсетіп отырады.
Іс қағаздарын тек сабақта ғана үйреніп қоймай, оны сабақтан 
тыс уақытта, қазақ тілі үйірмесінде жазып үйреніп, оның үлгілерін 
екі  тілде  көрсететін  арнайы  стенділер,  газеттер,  альбомдар 
шығаруда пайдалануға болады.
Осындай  жан-жақты  ұйымдастырылған  жұмыстар  арқылы  іс 
қағаздарын  сауатты  жазуға  үйреніп  қана  қоймай,  сонымен  бірге 
оқушылардың  сөздік  қорын  молайтып,  тілге  деген  құрметін 
арттырамыз.

6
Әр мамандықтың өзіне ғана тән кәсіби сөздері мен терминдері, 
іс  қағаздарының  түрлері  мен  құжаттары  барын  ескерсек, 
оқушыларымыз кәсіби бағытта дайын болады.
3. Нормативтік бөлім. Оқушы нені білуі тиіс:
•  қазақ тілінің фонетикасын, үндестік заңын, оларды сөйлемде 
дұрыс қолдану;
•  лексиканы, сөздіктердің түрлерін, атқаратын қызметін білу;
•  етістіктердің жасалу жолын;
•  есімдіктің түрлерін, жасалу жолын;
•  етістіктің болымсыз түрінің жасалуын;
•  етістік шақтарының жасалу жолын;
•  есімшенің жұрнақтарын дұрыс қолдану;
•  көсемшенің жасалу жолдарын;
•  етіс түрлерін ажырату;
•  шылау сөздердің түрлерін, оларды қолдану;
•  мамандықтардың түрлерін;
•  жалғаулардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін;
•  қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасын;
•  іс қағаздарының түрлерін ажырату.
Оқушы нені үйренуі тиіс:
•  өзара сөйлесу;
•  мемлекеттік тілге қатысты мәліметті әңгімелеуді;
•  іс қағаздарды сауатты толтыруды;
•  сызбалар негізінде іс қағаздарды құрастыруды;
•  деңгейлік тапсырмалар негізінде сауатты жазуға;
•  кеңселік іс қағаздарын дұрыс толтыру;
•  қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасының 
ерекшеліктерін;
•  іскерлік іс қағаздарының түрлерін;
•  іскерлік іс қағаздарды стандарттық талаптарға сай құрастыру;
•  мемлекеттік тілде іс қағаздарды компьютерде басып  шығаруды;
•  қызметтік хаттардың түрлерін ажырату;
•  қызметтік хаттарды сауатты және стандарттық талаптарға сай 

7
құрастыру;
•  көпшіліктің алдында сөз сөйлей алу;
•  түрлі мәліметтер бойынша есеп жазуға;
•  түрлі қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым- 
қатынас жасауға.
Курстың  нәтижесі:  Курсты  бітірген  оқушылар  келешек 
маман  ретінде  өзі  істейтін  жұмыс  орнында  мамандық  бойынша 
терминдерді еркін пайдаланып, түрлі қатынас қағаздарын жаза ала-
тындай, мәжілістерде сөз сөйлей алатындай дәрежеге жету. Түрлі 
мәліметтер  беріп,  жылдық  есеп  жазу,  жиналысты  ұйымдастыру, 
не болмаса, өзі сияқты мамандармен кездесіп, қызмет мәселелерін 
шешу арқылы еркін тілдік қарым-қатынасқа түсу керек. 
Олар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым. 
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (9-сынып)
Барлығы 34 сағат

р/с
Тақырыбы
Сағат саны
Өткізудің 
түрі
бар-
лығы
лекция-
лар
прак-
тика
І
Кеңселік іс қағазда-
рының үлгісі.
6
1.1.
1.2.
1.3.
1.4.
1.5.
1.6.
Кіріспе.
Өмірбаян. Өтініш.
Арыз. Талап арыз.
Шағым. Бұрыштама.
Сенімхат. Қолхат.
Түсініктеме.
1
1
1
1
1
1
лекция
лекция
компью-
терде
басу
лекция
лекция
ІІ
Қазақ және орыс
тілдерінің салыс-
тырмалы грамматикасы.
8
2.1.
2.2.
2.3.
2.4.
2.5.
2.6.
Кіріспе. Қазақ және орыс 
тілдерінің қалыптасу 
ерекшелігі.
Фонетика. Қазақ және орыс 
тілдері дыбыстарының 
жіктелуі.
Сөздің морфологиялық 
құрамы.
Сөзжасам. (Слово-
образование).
Морфология. Сөз таптары.
Синтаксис.
1
1
1
1
1
1
1
1
лекция
әңгімелеу
лекция
лекция
лекция 
тест
лекция 
талдау

8
ІІІ     Іскерлік іс қағаздарының 
үлгілері.
3
3.1.
3.2.
3.3.
Түйіндеме.
Мінездеме.
Визит кәртішкесі.
1
1
1
лекция
компью-
терде басу
практикум
IV
Қызметтік хаттар.
13
4.1.
4.2.
4.3.
4.4.
4.5.
4.6.
4.7.
4.8.
4.9.
4.10.
4.11.
4.12.
4.13.
Өтініш хат. Ресми хат.
Ұсыныс хат. Сұраныс хат.
Жолдама хат. Жарнама.
Хабарландыру. Хабарлама 
хат. Баянат (рапорт).
Баяндау хат. Ақпарат хат.
Циркуляр хат. Жеделхат.
Телефонхат. Құттықтау хат.
Бұйрық.
Бұйрықтан көшірме.
Хаттама.
Хаттамадан көшірме.
Анықтама.
Келісімшарт. Келісім.
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
лекция
 практика
лекция
газет 
шығару
әңгімелеу
әңгімелеу
ойын
лекция
компью-
терде басу
лекция
Іскерлік 
ойын
практикум
лекция
V
Практикалық жұмыстар
4
5.1.
5.2.
5.3.
Мектептің іс қағаздарын  
басу.
Көрме ұйымдастыру.
Конференция.
2
1
1
компью-
терде басу
 Мәжіліс 
отырыс
дөңгелек 
үстел
4. Әдістемелік-ақпараттық бөлімі.  
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
Оқушыдан (баға “4”-тен  төмен болмау керек) келесі шарттар 
бойынша сынақ алады: міндетті жұмыстардың орындалуы 3-тен 
кем болмау, тапсырмаларды уақытында тапсыру, мұғалім ұсынған 
стандарттық талап бойынша жұмыстарды әзірлеу. 
Қосымша ұпайлар төменгі шарттар бойынша қойылады:
•  міндетті  тапсырмалардан  басқа  өзіндік  сапалы  орындаған 
тапсырмаға; 
•  Интернет-технологияларды қолдану;
•  өз жұмысы бойынша презентацияны орындау және көпшіліктің 
алдында есеп беру (конференция, Мәжіліс отырыс).
Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізуде  оқушылардың 

9
білімін көтеру мақсатында бағдарлама бойынша нәтиже сабақтар 
ұйымдастырылуы  қажет.  Нәтиже  сабақтардың  мақсаты  – 
оқушыларды оларға “тілдік орта” ұйымдастыру арқылы практика 
жүзінде іс қағаздарымен кездестіру.
Сонымен  бірге  оқушылар  іс  қағаздары  бойынша  өзіндік 
жұмыстарын  орындап,  сабақта  ол  жайында  есеп  беріп  отырады. 
Өйткені  аптасына  бір-ақ  рет  жүргізілетін  сабақта  жоғарыда 
айтылғандардың  бәрін  меңгерту  мүмкін  емес.  Оны  толық  игеру 
оқушылардың әр сабақта белсене қатынасып, сабақ сайын өтілген 
жаңа іс қағазын игеріп, өз бетінше түрлі жұмыстар жүргізу арқылы 
пысықтап, қайталап отыруына байланысты.
Пәнаралық кіріктіру: орыс тілі; қазақ тілі.
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мұғалімге:  1.  А.Қ.Құрманова,  Б.Б.Жахина,  И.С.Қайырбекова. 
Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу  курсынан  практикалық 
тапсырмалар.  Келешек-2030.  Көкшетау.  2007;  2.  Ж.Мұсаұлы, 
Р.Әміренова. “Қазақ орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы”. 
Келешек-2030, Көкшетау, 2007; 3. Л.Дүйсембекова. Іс қағаздарын 
қазақша  жүргізу.  А.,  1991;  4.  Т.Дүйсебаева.  Машинкамен  жазу 
және  іс  қағаздарын  жүргізу.  А.,  1991;  5.  С.Исаев,  Г.Нуркина. 
Сопоставительная  типология  казахского  и  русского  языков.  А., 
1996;  6.  Н.Ерғазиев,  Б.Сүлейменова.  Іс  қағаздарының  орысша-
қазақша  сөздігі.  А.,  1992;  7.  Қазақстан  Республикасының  іс 
қағаздарын жүргізу. А., 2005.
Оқушыларға: 1. А.Қ.Құрманова, Б.Б.Жахина, И.С.Қайырбекова. 
Мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын  жүргізу  курсынан  практикалық 
тапсырмалар.  Келешек-2030.  Көкшетау,  2007;  2.  Б.Қапасова. 
Оқушы  анықтамасы.  Қазақ  тілі.  5-11  сыныптар.  “Арман-ПВ”, 
2004;  3.  Екі  тілде  іс  жүргізу.  Делопроизводство  на  двух  языках. 
Словарь-справочник. А., 1994; 4. Электрондық оқулық. 
   
   
 

10
Тиімді әдіс – баршаға ортақ
Күләнда АЛДАБЕРГЕНОВА,
Өскемен қаласындағы
№26 орта мектеп
«Мемлекеттік мекемесінің» мұғалімі.
ИННОВАцИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ 
үРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ
Мемлекеттік  тілді  жетік  меңгеру  үшін    инновациялық 
технологияларды  қолдана  білу  керек.  Инновациялық  үрдістің 
негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге  асырудың 
тұтастық    қызметі.  Сондықтан,  оның  мақсаты  –  технологияға  
бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту,  жеке тұлғаны 
қалыптастыру.  Қазіргі    кезде    ақпараттық,    жеке  тұлғаны  оқыту, 
Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиялары 
өз қолдауын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда.
Деңгейлік  тапсырмаларды  әдетте  жеңілден  қиынға, 
қарапайымнан  күрделіге  қарай,  ойлауын  дамыту  арқылы 
оқушылардың    қызығушылығын  арттырады,  ізденушілікке 
баулиды.
Орыс  тілді  оқушылардың    кейбірі  қазақ  тілін  жақсы  біледі. 
Осындай  оқушылар, әдетте, бәрінен бұрын оқулықтағы тапсыр-
маларды  бірінші  орындайды.  Сол  себепті  де  сабақ  жоспарын 
деңгейлік тапсырмалар арқылы құруды тәжірибеме енгіздім:
-  оқушылардың  қазақ  тілін  жақсы  меңгергендеріне  арнайы 
тапсырма;
- қазақ тілін міндетті деңгейде меңгергендеріне жеке тапсырма.
Мен  өз  тәжірибемде  Кобдикова-Қараевтың  «Оқытудың  үш 
өлшемді  әдістемелік»  жүйесінің    жұмыс  дәптерін  қолданамын.
Оны  пайдалана отырып, оқушының  тақырыпты қандай деңгейде 
меңгергенін анықтаймын.
Мысалы, 11-сынып- математикалық  бағыт. Тақырыбы – «Туған 
жер ұғымы». 1-деңгей. 1. «Туған» сөзі төменде берілген сөздердің  
қайсысымен тіркесе алады? Аға, мектеп, оқулық, ана, бауыр, сөз, 

11
тіл, күн, Отан, дос, жер.  2. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр.      
3.  «Отан»  сөзіне  дыбыстық  талдау  жаса.  2-деңгей.  1.  4-беттегі 
«Туған  жер  ұғымы»  мәтіні  бойынша  резюме  жаса.  2.  Мәтіннен 
сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау 
жаз.  3.  «Ұмытпайсың»  деген  сөзге  морфологиялық  талдау  жаса. 
3-деңгей.  1.  Төмендегі  картаға  қарап,  өзің  білетін  елдер  туралы 
жаз.  2.  «Менің  туған  жерім»  тақырыбына  шағын  шығарма  жаз. 
3.  Мәтін  бойынша  тест  тапсырмаларын  құрастыр.  Сонымен, 
осы  деңгейлік  тапсырмалар  тілдік  білім  жүйесін  танып  білуге, 
оқушының диалогтік, монологтік тілін дамытуға, сын тұрғысынан 
ойлау  қабілеттерін  жетілдіруге,  шығармашылық  ой-өрісін 
дамытуға ықпал етеді.
Бұл  технология,  біріншіден,  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді, екіншіден, оқушының ойлау, елестету 
мен  есте  сақтау    қабілеттерін,  үшіншіден,  оның  ынтасы  мен 
белсенділігінің  дамуына көмектеседі.
Тіл  сабақтары  эстетикалық,  адамгершілік,  отансүйгіштік  
тәрбие беретіндіктен тіл маманынан  терең білімді, ізденгіштікті, 
қажырлы  еңбекті  талап  етеді.  Оқушыларды  жалықтырып  жібер-
меу  үшін  қызықтыратын  әдістерді  пайдаланған  тиімді  және 
ғылым мен техниканың жылдан-жылға жедел қарқынмен дамуына 
байланысты  шәкірттерге  дәріс  беруде    ақпаратты  технологияны 
пайдалану қажет.
Ақпараттық  құралдардың  ішінде  электронды  оқулықтардың 
рөлі ерекше. Зерттеушілердің пікірінше, оқытудың компьютерлік 
технологиясы,  ең  бастысы,  мультемедия  оқытудың  даралығын, 
интерактивтілігін,  арнайы  оқыту  ортасын  құруға  және  оны 
белсенді қолдануға жағдай туғызады.
Электронды  оқулықтар  –  оқу  пәні  бойынша  өздігінен  білім 
алуға,  оның  тиянақтығын,  тереңдігін  арттыруға  және  білімді 
бақылауға арналған бағдарламалармен жабдықталған оқу құралы.
Мысалы,  «Қазақстанның  белгілі  өнер  адамдары»  тақырыбын  
өткенде,    экрандағы  Word    бағдарламасындағы    кесте  бойынша 
жұмыстарын орындайды.
Ал,  жаңа  тақырыпқа  байланысты  электронды  оқулықтағы 
«Мәдениет  және  өнер»    тақырыбын    оқушылар  тыңдап,  көріп, 

12
оқып,  аударып,  тапсырмаларды  орындап,  тақырып  бойынша 
презентация  жасайды.
Инновациялық  технология  оқытудың  жаңа  түрлерін,  амалда-
рын    пайдалана  отырып,  белгілі  бір  уақытта  жоғары  нәтижеге 
жетуді талап етеді
 Шығармашылық деңгейге  жету жолдары оңай емес.
Сондықтан  сабақ барысында жоба  жасату, қорғату, оқу, жазу 
арқылы оқушылардың сыни  көзқарасын  қалыптастырамын.
3-сыныпта «Жыл мезгілдері» тақырыбын өткенде, интерактивті 
тақта  қолдану  арқылы  оқушылар    сөзжұмбақты  шешіп,  жаңа 
сабақтың    тақырыбын  анықтайды  және    «топтастыру»,  «тор» 
стратегияларын    қолдана  отырып,  үш  деңгейлі    тапсырмалар 
орындайды  және  сыни    тұрғыдан  ойлау    арқылы    өз  ойын  айта 
білуге, өз бетінше ізденуге үйренеді. Сондықтан бала жас кезінен-
ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап,оны соңына дейін 
жеткізуге    ынталанады.  Мемлекеттік  тілді  орыс  мектептерінде 
оқытуда инновациялық  технологиялар оқушыларды қазақша дұрыс 
сөйлеуге,  оқуға,  қазақша  дұрыс  жазуға  үйрету,  ойлау  қабілетін 
дамыту, ойын қазақша жеткізе алатындай  болып  көзделеді. 
Ал,  ақпараттық  технология  оқушыларға  тақырып  көлемінде  
мәлімет  береді,  білімге  бір-бірінен  үлкен  ара  қашықтықта 
орналасқан  әр  түрлі  оқу  орындарына  отырып    қол  жеткізуге  
болады  және  оқыту  жүйесінің  көп  деңгейлі  жетілдірілуі  оқу 
материалының сапасын арттырады.  


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал