Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/9
Дата26.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан         
10/2012  
ҚАЗАН
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Басшылыққа алар тірегіңіз
Күләш ШАЙДАЗЫМҚЫЗЫ.      Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 
                                                           9, 11-сыныптарына арналған тақырыптық-
                                                           күнтізбелік жоспардың үлгілері.............................3
Тәлім-тәрбие қырлары
Рашад БАЛАБЕКОВ.                    Патриоттық сезім - басты мәселе........................10
Назира КЕКІЛБЕКОВА.               Әл Фараби және Иассауи ілімдеріндегі
                                                            адам мәселесі........................................................15
Гүлматан ТЕРЕКБАЕВА.             Адамгершілік - адамның рухани арқауы............20
Тиімді әдіс - баршаға ортақ
Бақытхан ЖАҚЫПОВА.              Сұрақ қойдыра  отырып оқытудың
                                                            тиімділігі...............................................................26
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  әдебиеті
Күлсін ҚАРАБАЛИЕВА.                Төле бидің нақыл сөздері....................................47
Айжан МЕЙІРМАНҚЫЗЫ.          Ғабит Мүсірепов туралы викторина..................52
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  тілі
Жанат МЕЙІРХАНОВА.                Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі....................55
Гүлжанат АХАНЖАНОВА.           Дара және күрделі сөздер...................................60
Уалия ӨМІРБАЕВА.                       Септіктер әлемінде.............................................65
Маржан МҰХТАРҚЫЗЫ.              Септетіп үйреткен Шәкен Айманов..................69
Назгүл АМАНБОЛҒАНҚЫЗЫ.    Дыбыстардың үндесуі........................................78
Данагүл АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.       Сауатты сөйлеу бастауы - отаншылдық...........86
Ғалия ОСПАНОВА.                         «Туған жерім» модулін қорытындылау............91
Дария ДӘУІТҚАНҚЫЗЫ.              Жануарлар әлемінде - есімдік...........................97
Бибігүл АЙКЕШҚЫЗЫ.                 Қалау рай...........................................................101
Колледж кеңістігінде
Шынар ҚАЛИАХМЕТОВА.           Сын есімнің жасалуы.......................................108
Сыныптан тыс сабақ
Алима КУБЕНОВА.                         Кітап - алтын қазына........................................113
Гүлмира МОЛДЫБАЕВА.             Ойы кемел, қаламы шебер............................120
Ж.КҮЛЕНОВА,                                
А.НҰРҒАЛИЕВА.                            Тіл білгірі.......................................................126
Тәрбие сағаты - Классный час
Ботагөз СӘРСЕКЕЕВА.                   Салтын сүйген - халқын сүйер.......................129
Шолпан ТАБЫНБАЕВА.                 Культура и быт казахского народа.................134
        

3
Басшылыққа алар тірегіңіз                                                                             
Күләш ШАЙДАЗЫМҚЫЗЫ,
                                                                      Астана қаласындағы                                  
                                                                                     №36 орта мектептің
                                                                         қазақ тілі мен әдебиеті  
                                                              пәнінің мұғалімі.
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ 
ЖҮРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІң 
9,10-СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН 
ТАҚЫРЫПТЫҚ-КҮНТІЗБЕЛІК 
ЖОСПАРДЫң ҮЛГІЛЕРІ
Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  оқытуға  қойылатын  талаптар 
оқыту  жүйесін  жаңа  типті  оқу-әдістемелік  кешендермен, 
жаңа  тұрпатты  оқу  құралдарымен,  оқушының  өз  бетімен 
білім  іздену  әдістерін  бір  арнаға  тоғыстыра  алатын 
әдістемелік  құралдармен  қамтамасыз  ету,  оқытудың 
жаңа  технологияларын  оқу  үдерісіне  енгізу  қажеттігін 
айқындайды.
Кез келген қоғами өмірде оқулық пен оқыту әдістемесі-
нің  орны  бөлек.  Өйткені  қоғамның  қандай  қоғам  болып 
қалыптасуы білім тәрбиесіне арналған оқулықтар мен оқыту 
әдістемесіне тікелей байланысты.
Қазір  республикамыздағы  орыс  тілінде  оқытатын 
мектептердің барлығы Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы № 367 Бұйрығымен 
бекітілген    «Қазақ  тілі»  оқу  бағдарламасы    бойынша    өз 
білгенінше  жұмыс  жасауда.  Жаңа  бағдарлама  қолымызға 
тигенімен,  бұл  бағдарламаға  сай  оқытатын    оқулықтардың 
жоқтығынан бүгінгі таңда мұғалімдер де, оқушылар да қазақ 

4
тілін оқыту барысында  айтарлықтай қиындықтарға кездесіп 
отыр.  Бүгінде қолданыста жүрген оқулықтарымыздың бірі 
де  бұл  бағдарламаға  сәйкес  келмейтіні  ешкімге  жасырын 
емес. 
Осы мұқтаждықтарды ескере келіп,  жаңа оқу жылында 
әріптестерімізге  көмек  болсын  деген  ниетпен,  төменде 
оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептердің  9,10-сыныптарына 
арналған  тақырыптық-күнтізбелік  жоспардың  үлгісін 
ұсынып отырмыз.
9-сынып
Барлығы – 136 сағат
Тарау
Тақырып
Сағат 
саны
Мер-
зімі
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 42 сағат
І тоқсан – 35 сағат
Отбасы тәрбие
сі – 
19 с
аға
т
1. Қайталау. 1 қыркүйек – Білім 
күні. Қазақ тіліне тән дыбыстардың 
айтылуы.   Сөйлеу әдебі.
2
2. Менің отбасым.
2
3. Ағамның отбасы.
3
4. Диктант.
1
5. Отбасы – тәрбие бастауы.
3
6. Отбасылық дәстүрлер.
3
7. Мазмұндама.
2
8. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.
3
Қазақ о
тбасында тұр
у -  
23 с
аға
т  
      
      
      
      
      
      
      
      
   
1. Жадыңда жүрсін жақсы әдет.
3
2. Әке.
3
3.  Диктант.
1
4. Ана.
3
5. Қыздары жақсы қандай-ды ...
3
6. Шығарма.
2
7. Тоқсандық қайталау.
1
ІІ тоқсан – 29 сағат
8. Ата-ананың қарызын өтеу – сенің 
парызың.
3
9. Таным.  Тыйым – тәлім-тәрбие көзі                                         
Қасиетті қара шаңырақ.
2
10. Әлеуметтік-тұрмыстық ая 
бойынша қорытынды тест.
1
11. Диктант.
1
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 56 сағат

5
1. Қазақст
ан с
уретшілері. 
         С
урет га
лереясына 
саях
ат – 16 с
аға
т
1. Кескіндеме.
1
2.  Әбілхан Қастеев.
2
3. Хлудов Николай Гаврилович.
1
4. Мазмұндама.
2
5. Гүлфайрус Исмаилова.
2
6. Қанапия Телжанов.
2
7. Шығарма.
2
6. Шәкен Ниязбеков.
2
8. Қазақстан  суретшілері  әлем 
назарында.
2
  
2. Мұражайға с
аях
ат –
 21 с
аға
т  
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
    
 
1. Мұражайлар.
2
2. ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев 
атындағы өнер мұражайы.
2
3. Абайдың мемлекеттік тарихи-
мәдени және әдеби-мемориалдық 
қорық  мұражайы.
2
4. Диктант.
1
5. Тоқсандық қайталау.
1
ІІІ тоқсан – 42 сағат
6. Алтын және бағалы металдар 
мемлекеттік мұражайы.
2
7. Сәкен Сейфуллин мұражайы.
2
8. «АЛЖИР»  мұражай-мемориалдық 
кешені.
2
9. Диктант.
1
10. Қазақстан Республикасы Тұңғыш 
Президентінің Мұражайы.
2
11. «Атамекен» Қазақстан картасы» 
этно-мемориалдық кешені.
1
12. Халықтық музыкалық аспаптар 
мұражайы.
2
10. Әлеуметтік-мәдени аяның І, ІІ 
бөлімдері  бойынша қорытынды 
тест.
1

6
3. Радио тыңдаймын,  теле
дидар көремін -  
19 с
аға
т 
    
    
    
    
    
    
    
    
    
 
1. Отандық радиостанциялар.  Қазақ 
радиосы. «Шалқар» радиосы.
3
2. «Астана» радиосы.
2
3. Мазмұндама.
2
4. Қазақ телевизиясының тарихы. 
«Caspionet» телеарнасы.
2
5. Баспасөз материалдарынан.
2
6. «Балапан» телеарнасы.
2
7. “Қазақстан” телеарнасының 
танымдық бағдарламалары. 
«Еркетай» бағдарламасы. «Халық 
таңдауы» бағдарламасы.
3
8. Әлеуметтік-мәдени аяның ІІІ  
бөлімі  бойынша қорытынды тест.
1
9. Шығарма.
2
ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 38 сағат
1. Біз
дің елде ор
та мектепте білім 
алу
.  Қандай
 
емтих
андар т
апсырамын? –
 20 с
аға
т
1. Менің мектебім.
2
2. Астаналық мектептер.
2
3. «Дарын» республикалық ғылыми-
практикалық орталығы.
2
5. Диктант.
1
6. Тоқсандық қайталау.
1
4 тоқсан – 30 сағат
7.  Қазақ даласындағы мектептер.
3
8. Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның 
жүрегі.
3
9.  Қазақ тілі сабағында.
2
10. Диктант.
1
11. Қандай емтихандар тапсырамын?
3
М
енің ар
м
ан мектебім – 
18 с
аға
т
1. Елбасы және ел білімі.
2
2. Мазмұндама.
2
2. Білім – таусылмайтын кен.
2
3.  Үштұғырлы тіл саясаты.
2
4. Көптілді білім беру жобасы.
2
5. Менің арман мектебім.
2
6. Шығарма .
2
7. Оқу-еңбек аясы бойынша 
қорытынды тест.
1
8. Қорытынды сабақ.
1
9. Диктант.
1
7. Тоқсандық қайталау.
1

7
10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Барлығы – 136 сағат
Тарау 
Тақырып
Сағат 
саны
Мер-
зімі
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 46 сағат
І тоқсан – 34 сағат
М
енің о
тбасым: 
отбасы бю
дж
еті – 
16 с
аға
т
1. Қайталау. Конституция күні. 
Сөзжасам. Сөйлеу әдебі.
2
2. Отбасылық бюджет дегеніміз не?
3
3. Отбасылық бюджетті басқару.
3
4. Диктант.
1
5. Қаржы нарығында сауатты болу – 
өмір талабы.
3
6. Еңбектің наны тәтті.
4
Біз қонақ күтеміз – 
14 с
аға
т
1. Қонақжайлылық – қазақтың 
қанына сіңген асыл қасиет.
2
2. Мазмұндама.
1
3. Қонақ.
2
4. Қазақ тағамдары.
2
5. Шығарма.
2
6. Даланың дарқан дастарқаны.
2
7. Бал татыған барқыт қымыз.
3
Отбасындағы  әк
е мен ба
ла қарым-
қа
тынасы – 16 с
аға
т
1. Атадан бала туса игі, ата жолын 
қуса игі.
2
2. Диктант.
1
3. Тоқсандық қайталау.
1
ІІ тоқсан – 30 сағат
3. Әке – асқар тау.
2
4. Әке – құдірет... әке – әлем... әке 
– өмір!
2
5. Әкеге қарап бой түзеген ұл.
2
6. Диктант.
1
7. Сағындым әке иісіңді...
2
8. Әке тәрбиесі.
2
6. Әлеуметтік-тұрмыстық ая 
бойынша қорытынды тест.
1
                                         ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 64 сағат

8
Қазақст
анның б
елгілі 
ға
лымдары – 16 с
аға
т
1. Мазмұндама. 
1
2. Ғылым жолы – ауыр жол. 
   Ғылым шырағын жаққандар: 
Қаныш Сәтбаев.
2
3. Ғылым кереметтері.
1
4.Нанотехнология. Ғылым шырағын 
жаққандар: Орымбек Жәутіков.   
2
5. Өнертабыс деген  не?                                           
Ғылым шырағын жаққандар: 
Әбікен Бектұров. 
2
6. Диктант.
1
6. Отандық автомобиль өндірісінің 
тұңғышы. Ғылым шырағын 
жаққандар:  Евней Бөкетов.
2
7. Қазақстанның ғарыш 
саласындағы үлесі. 
Ғылым шырағын жаққандар: 
Әлкей Марғұлан.        
2
Қазақ даласындағы тұңғыш 
планетарий.              
Ғылым шырағын жаққандар:  
Манаш Қозыбаев. 
2
Қазақст
ан мемлек
еті, оның құрылымы – 
16 с
аға
т
1. Шығарма.
2
2. Тоқсандық қайталау.
1
ІІІ тоқсан – 41 сағат
3. Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік құрылымы.
2
4. Парламент.
2
5. Үкімет.
2
6. Диктант.
1
6. Қазақтың бұрынғы ел басқару 
құрылымы.
3
7. Бұрынғы ел басқару ісінің жүйесі 
немесе билер қызметі.
3

9
Шілде
хана 

т қою, 
тұс
ау к
ес
у) 
– 16 с
аға
т
1. «Халқым қандай десең, 
салтымнан сұрап біл».
3
2. Шілдехана рәсімінің әдептілік 
мәні.
2
3. Бесік – киелі мүлік.
2
Мазмұндама. 
1
4. Бесік жыры – балаға берілетін 
алғашқы тәрбие.
2
5. Балаға ат қою – жауапты іс.
2
6. Тұсаукесер.
2
7. Шығарма.
2
М
ен оқитын газет- журна
лдар – 
16 с
аға
т
1. Баспасөз – өмір айнасы.
2
2. Рухани дос, сенімді сырлас – 
«Ұлан».
2
3. Менің сүйікті журналым.
2
4. «Балдырған» журналы.
3
5. Диктант.
1
Тоқсандық қайталау.
2
ІV тоқсан – 31 сағат
5. «Бала Би» журналы.
3
6. Әлеуметтік-мәдени ая бойынша 
қорытынды тест.
1
                                                           ІІІ. Оқу-еңбек аясы
М
ен м
ам
андық 
таңдаймын – 
14 с
аға
т
1. Мамандық таңдау – маңызды 
қадам!
3
2. Мамандық таңдай білесіз бе?
3
3. Диктант.
1
4. Заманына сай маманы.
3
5. Бағдарлама жасаушы.
3
9. Мазмұндама.
1
М
ен б
олашақт
а 
қандай жұмыс 
істеймін? – 12 с
аға
т
1. Әке арманын алға қойған қыз.
2
2. Біздің сүйікті дәрігер.
2
3. Шығарма.
2
4. Кинолог – сыр мен құпияға толы 
мамандық.
1
5. Қыздар таңдаған ерлер 
мамандығы.
1
6. Сұңқардың самғауы.
2
7. Оқу-еңбек аясы бойынша 
қорытынды тест.
1
8. Диктант.
1
9. Тоқсандық қайталау.
1

10
Тәлім-тәрбие қырлары   
Рашад БАЛАБЕКОВ,
                                        Қарағанды облысының
                                                               Теміртау қаласындағы
                                                              №13 кәсіптік лицейінің
директоры.
ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ –                   
БАСТЫ МӘСЕЛЕ
«Патриот  болу  –  өз  Отаныңды  шын  жүректен  сүю, 
өзіңе  және  өз  халқыңа  сеніп,  қоғамға  қызмет  ету.  Бірақ 
өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз 
патриот бола алмайсың».
                                                                Н.Ә.Назарбаев.
«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген 
халық  нақылы  тегіннен-тегін  айтыла  салмаған.  Өйткені 
Отан,  туған  жер,  туған  ел  деген  киелі  ұғымды  түсіну  әр 
адамның  туған  жерінен,  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігінен 
бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм – бір-бірімен 
егіз ұғымдар.
«Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі шаңырағы! 
Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы! 
Қазақ  баласы  дүниенің  қай  түкпірінде  жүрсе  де  тұтас 
қазақ  халқының  бір  бөлшегі  екенін  біз  еш  уақытта 
ұмытпауымыз  керек»,  –  деді  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  дүниежүзі  қазақтарының 
IV  құрылтайында  сөйлеген  сөзінде.  Мемлекет  басшысы 
патриотизмнің  жер  бетіндегі  кез  келген  ұлттың 
жетістіктерінің  бірі  екенін  қадап  айтты.  Яғни,  бұл  –  кез 
келген  қазақстандықтың  табысын  мақтаныш  тұту,  сондай 
табысқа  қол  жеткізуге  өзіңді  де  тәрбиелеу  деген  сөз. 
Әрбір  қазақстандық  өзінің  жетістіктерін  туған  Отанына, 

11
еліне  арнауы  керек.  Сонда  әлгі  адамның  да,  елдің  де 
меймандостығы тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.
Отанды сүю отбасынан басталады емес пе?! Патриотизм 
– Отанды сүю, туған еліңді, туған жеріңді құрметтеу деген 
ұғымды білдіреді. Мұндай сезім жас өскін жеткіншектердің, 
жалынды  жастардың  жүрегіне  көбірек  ұялауы  керек.  
Мәселен,  мемлекеттік    рәміздерімізді  қадірлеу  –  нағыз 
патриоттықтың  үлгісі!  Бұған  ешкім  дау  айта  алмас. 
Өйткені  Елтаңбамыз,  Туымыз,  Әнұранымыз  –  бұл 
мемлекеттілігіміздің, тәуелсіздігіміздің нышандары. Әрине, 
оларға деген қадір-құрмет әр адамның туып-өскен отбасынан 
басталады.  Яғни,  өз  еліңнің  нағыз  патриоты  болуың  үшін 
мемлекеттік тілді игеріп, әнұранды жатқа айта білуің керек!
Теміртау  қаласындағы  №13  кәсіптік  лицей  ұжымы  жас 
жеткіншектерге  өміріне  серік  боларлық  мамандық  беру 
ісін дәл осы Отаншылдық, патриотизм рухын бойға дарыту 
қасиеттерімен қоса жүргізіп келеді. Оған бірнеше мысалдар 
келтіруге болады. Биылғы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына 
байланысты  өткен  арнайы  кештер,  кездесулер,  ашық 
сабақтар  –  бәрі  де  ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы  аңсап 
келген  еркіндік,  егемендік  рухын  асқақтатуға  арналды. 
Төл  теңгеміздің  өмірге  келген  күні  қарсаңында  БТА  банк 
қызметкерлерімен  кездесу  өтіп,  қазақ  теңгесінің  тарихы 
туралы  тамаша  сыр-шежіре  айтылды.  Жергілікті  ақын-
жазушылар  еңбегімен  де    лицей  оқушылары  етене  жақын 
танысып жүр. Қаланың танымал ақыны Қасым Ботанов оқу 
орнында жиі қонақ болып тұрады, ақынның ел Тәуелсіздігіне 
арнаған  толғауын  аса  бір  шабытпен  жырлауы  ешбір 
жасөспірімді бейжай қалдырған жоқ, бәрі де аса ыждаһатпен 
тыңдап,  «Тәуелсіздік,  қандай  тәтті  едің!»  деп  тамсанысты. 
Патриоттық тәрбие беру көзі рухани құндылықтар, сонымен 
бірге  жастарды  денешынықтыру,  спорт  ісіне  баулу  да 
қатар жүргізіліп келеді. Бізде тоғызқұмалақ, қазақша күрес 

12
түрлерінен  арнайы  секциялар  жұмыс  істейді.  Кәсіптік 
лицейлер арасындағы жарыстарда біздің түлектеріміз үнемі 
жоғары деңгейден көрініп жүр. 
Кәсіпқой болу деген сөз – өзің шынымен де айналысқың 
келген  өмірлік  істі  таңдай  білу  және  оның  өзін  жақсы 
тұрғыда жүзеге асыру деген сөз. Кәсіп дегеніміз – табысты 
өмірдің  негізі.  Осы  тұрғыда  кәсіптік  лицейде  мамандық 
бойынша «Менің болашақ мамандығым», «Менің таңдаған 
кәсібім», «Әкеден балаға мұра болған кәсіп», т.б. кездесулер, 
кештер  өтуде. 
Біздің мұғалімдер ұжымы осы бағытта Ауған соғысына, 
Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  ардагерлермен,  қала 
қарттарымен, өндірісте қажымай еңбек еткен  ардагерлермен 
кештер,  кездесулер  өткізуде.  Биылғы  қазан  айында 
тойланған  қала  күнінде  бірнеше  қарттың  үйлеріне  барып, 
шаруашылықтарына  көмектесіп,  шағын  концерт  қойып, 
көңілдерін  көтерді.  Бұл  кездесулер  алдағы  уақытта  елді 
басқаратын  жастар  сауатты  ғана  емес,  сондай-ақ  нағыз 
патриоттар болатынына нақты сенім бере алады. Жастарға 
құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, 
салауатты  өмір  сүру  салтын  насихаттау  да  –  патриоттық 
тәрбиенің бір көзі.
«Қазақстан-  біздің  ортақ  үйіміз,  біздің  өзіміз  де,  біздің 
бабаларымыз  да  осы  жерді  мекен  етеді.  Егер  біз  өзіміздің 
өмірімізді  сынауды  білер  болсақ,  оны  жасампаздықпен 
жаңғыртып,  бой  көрсеткен  әрбір  талшыбықты  мәпелеп 
өсіріп  отырмасақ,  онда  біз  өзімізді  нағыз  патриот  деп 
санай  алмас  едік»  деген  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі 
мемлекетіміздің  келешегінің  тұтқасын  ұстайтын  жас 
ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік 
рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.
Қорыта  айтқанда,  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның  идеялық  бірлігінде» 
дейтін  еңбегіндегі  мына  бір  тамаша  ойға  жүгініс  жасаған 

13
дұрыс  болар:  «Әрбір  адам  біздің  мемлекетімізге,  соның 
бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты 
екенін  мақтанышпен  сезіне  алатындай  іс-қимыл  жүйесіне 
талдау  жасауы  қажет.  Елдің  мәселелері  де,  келешегі  де 
барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам 
бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты 
екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым 
ойды  бойына  сіңіріп  өсетіндей  істеген      жөн».  Міне,  осы 
сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері. 
Қазақстандық  патриотизмнің  анықтамасы    осындай  ойдан 
тұрады. 
Балаларға  патриоттық  рух  беретін,  халық  үшін  қызмет 
етуге  үндейтін  –  Абай  туындылары.  Абай  халықтың 
болашақ  жаңа  қауымына,  жасөспірімдерге  арнап  талай 
өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер-білімге 
шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, 
жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала 
ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет 
етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Өйткені, патриотизм 
–  қашанда,  қандай  қоғамда  да  өзінің  әлеуметтік  мәнін, 
маңызын жоғалтпайтын ұғым. Сонымен қатар қазіргі таңда  
патриотизм ұғымына енетіндер:
-  Адамның  туған  жерін  сүйіп,    өз  халқының  тілін 
құрметтеуі;
-  Отанның  мүддесін  қорғау,  азаматтық  көрсету  және 
Отанға  адалдықты  сақтау болып табылады;
-  Елінің  әлеуметтік    және  мәдени  салаларда  жеткен 
жетістіктеріне  мақтану,  оның  ар-намысын,  еркіндігі  мен  
тәуелсіздігін қорғау;
-  Өткен  тарихын,  халқының  әдет-ғұрыптарын,  салт-
дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін  еңбек ету.
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  1992  жылы  қыркүйекте, 
Алматы қаласында өткен дүниежүзілік І құрылтайда «Қазақ 

14
халқы  –  тамырын  тереңге  жіберген    бәйтерек»    деді.  Ол 
қиыншылықтың  барлығын  да  жеңіп,  қазіргі    егемендікке 
қол жеткізген батыр да бай, ұлы халық. Олай болса,  қазақ  
халқының  тарихы,  Отансүйгіштік    үлгісі  қазіргі  ұрпақты 
тәрбиелеуде маңызы зор рухани құрал болып табылады.
Қазіргі  таңда  жас  ұрпақ    бойында    патриоттық  сананы 
қалыптастыру, ол үшін  іс-әрекет ұйымдастыру,  тәрбие беру  
қажеттілігі  туындап отыр. Олай болса,  жастарға  патриоттық  
тәрбие бергенде өткені мен бүгінгі  күнді  және болашағын  
байланыстыру қажет.
Ұлттық  тәрбие  жүйесінің  негізі  ретінде  М.Шахановтың  
мына  бір өлең жолдары алынғаны ұтымды:


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал