Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет8/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

1-жұмбақ.

Дала ақ мамыққа оранады, 

Аяз, боран болады

Адамдар жылы киінеді.

Бұл қай кезде болады?

Таратпалармен жұмыс.

-  Балалар  таратпалар  –  әр  түрлі  қар,  жапырақ,  гүл 

және  бәйшешек  бейнесінде,  тапсырмаларды  орындап, 

әр  таратпаны  сол  жыл  мезгіліне  қатыстысына  апарып 

жабыстыру керек.

Қыс айларын ата Көктем 

айларын ата

Күзде құстар 

не істейді?

Жазда ауа 

райы қандай?

Қыста қандай 

үлкен мереке 

бар?

Көктемде қар 



не істейді?

Күзде 


мектептерде 

не басталады?

Жазда 

оқушылар не 



істейді?

Қыста ауа райы 

қандай?

Көктемде 



қандай үлкен 

мереке бар?

Күзде нелер 

ұшып келеді?

Жазда 

жапырақтар 



қандай?

Қыста адамдар 

қандай киім 

киеді?


Көктемде ауа 

райы қандай?

Күз қандай 

мезгіл?


Жаз айларын 

ата


Қыста ағаштарда 

жапырақтар бар 

ма?

Көктемде 



құстар не 

істейді?


Күзде не 

піседі?


Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

2-жұмбақ.

Алма, алмұрт піседі,

Жапырақтар түседі,

Күн суыта бастайды. Бұл қай кезде болады?

- Балалар, енді сабағымыздың грамматикалық бөлігіне 

көшейік,  сын  есім  дегеніміз  не?  Сын  есім  қандай 

сұрақтарға жауап береді?

Жазылым.


Көп  нүктенің  орынына  тиісті  сын  есімді  жазып,               

көшіріп  жазыңдар,  бірнеше  оқушы  тақтаға  шығып 

жазады.


110

111


... алма                                  ... банан

... апельсин                          ... лимон

... пияз                                  ... жүзім

... орамжапырақ                  ... картоп

... қызылша                          ... қияр

3-жұмбақ.

Құстар ұшып келеді,

Ағаштар бүршік жарады,

Наурыз тойы болады.

Бұл қай кезде болады?

Оқулықпен жұмыс.

Оқылым, 2-тапсырма.

Сұрақтарды оқып, ауызша жауап беру:

- Бір аптада неше күн бар?

- Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір айда неше апта бар?

- Бір айда неше күн бар?

- Бір айда неше апта бар?

- Бір жылда неше ай бар?



4-жұмбақ.

Жылы жаңбыр жауады,

Балалар демалысқа шығады,

Суға шомылады.

Бұл қай кезде болады?

Рефлексия:  -  Жақсы,  балалар,  Буратиноның  барлық 

жұмбақтарын  шештіңдер,  Дымбілмеске  тапсырмалар 

орындау арқылы жыл мезгілдері туралы айттыңдар, оның 

қайтатын  уақыты  болды,  Дымбілмеске  не  айтасыңдар? 

Келесі сабағымызға тағы келсін бе?

Оқушылардың жауабы:- Сау бол, Дымбілмес, тағы кел.

Үйге тапсырма2-тапсырма.

Бағалау.

Ардақ СЫЗДЫҚОВА,

Петропавл қаласындағы

Н.К.Крупская атындағы 

№10 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

МЕНІң КҮН ТӘРТІБІМ: ТӘУЕЛДІК 

ЖАЛҒАУ МЕН СЕПТІКТЕР

(4-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 

тәуелдік жалғау туралы алған білімдерін кеңейте отырып, 

септіктер  жөнінде  бұрынғы  түсініктерін  тереңдету; 

дамытушылық  –  оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істеу 

дағдыларын арттыру, ізденушілікке, өзіне қажетті білімді 

өзі  алып,  нақты,  дәл,  анық  сөйлеу  машықтарына  баулу; 

тәрбиелік  –  оқушыларды  тілдік-эстетикалық  сезімге 

тәрбиелеу.



Түрі: қайталау. Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ішінара 

ізденіс, ойын. Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, кеспелер.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Психологиялық дайындық.

3. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ.  Ойын:  «Орамал  тастамақ».  Орамалдың 

шашақтарында  сұрақтар  жасырынған.  Өзім  орамалдың 

шашағына  жасырынған  бір  сұрақты  қоямын,  оқушы 

ол  сұраққа  жауап  береді  де,  келесі    оқушыға  береді,  ол 

жауабын  беріп,  келесі  сұрақты  қойып,  орамалды  келесі 

оқушыға береді. (Сұрақтар оқушының таңертең тұрғаннан 

кешкі ұйқыға жатқанға дейінгі әрекеті туралы болатынын 


112

113


ескерту. Мысалы: Артем, сен нешеде тұрасың? Таңертеңгі 

асты нешеде ішесің? Одан кейін не істейсің?, т.б.). 

-  Ендеше,  балалар,  бүгін  біз  сендермен  бірлесіп,               

«Менің  күн  тәртібім»  деген  сабақты  пысықтап, 

қайталаймыз.

ІІІ. Сөздікпен жұмыс:

күн тәртібі – режим дня;

жаттығу – упражнение;

таңертеңгі ас – завтрак;

түскі ас – обед;

кешкі ас – ужин;

демалу – отдыхать;

ауысым – смена.

Сөздерді  мұғалім  оқиды,  оқушылар  қайталайды,  сөз 

тіркестерімен сөйлемдер құрайды.

IV.  Мәтін.   Күн тәртібі.

Мен  сағат  жетіде  тұрамын,  төсегімді  жинаймын. 

Сағат  жетіден  он  минут  кеткенде  жаттығу  жасаймын. 

Жеті  жарымда  жуынамын,  тамақтанамын.  Жетіден 

қырық  минут  кеткенде  мектепке  келемін.  Сағат  сегізде 

сабақ  басталады.  Сағат  бірден  жиырма  бес  кеткенде 

сабақ аяқталады. Сағат екіде үйге келемін. Сағат екіден 

жиырма минут кеткенде түскі асымды ішемін. Сағат үште 

демаламын. Сағат үш жарымда сабақ оқимын. Сағат бесте 

ата-анама көмектесемін. Сағат алтыда далада ойнаймын. 

Сағат  жетіде  теледидар  көремін.  Сағат  сегізде  кешкі 

асымды ішемін. Сағат тоғызда ұйықтаймын.

Атқарылатын шаралар: а) мәтінді аудару;

ә) мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап беру.



V.    Слайдта  көрсетілген  суреттер  бойынша  Күн 

тәртібін құрастыру.

VI. Сергіту сәті.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш.

Ал, кәнеки,  ұш.

Төрт, бес, алты, жеті.

Төрт, бес, алты, жеті.

Анау – ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Сегіз, тоғыз, он.

Ал, кәнеки, қон.



VII. Ал, енді, грамматикаға көңіл бөлейік. 

Слайдта  көрсетілген  кеспе  бойынша  оқушылар  үш 

топқа бөлініп, ауызша сөздерді септейді.

І топ. Ауысым.

ІІ топ. Сағат.

ІІІ топ. Оқушы.

- Жарайсыңдар,  балалар, тәуелдік жалғауын қайталап 

жіберейік.

жекеше:

көпше:


Күн тәртібі:

І жақ. Менің

ІІ жақ. Сенің

Сіздің


ІІІ жақ. Оның

VIII. Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

1. 1-ден 100-ге дейін санау.

2. Апта, ай аттарын атау.

3. Жаңа сөздерді айту.

ІІ деңгей.

1. Сағат неше деген сұраққа жауап бер.

2. Сандарды сөйлет.

3. Сөздіктегі сөздермен сөйлемдер құрау.

І деңгей.



114

115


1. Сурет бойынша «Күн тәртібі» атты әңгіме құра.

2. 1-тапсырма бойынша сан есімдерді оқып, цифрмен 

жаз.

3. Өз күн тәртібіңді айт.



Оқушылар 

деңгейлік 

тапсырмаларды 

таңдап, 


қалағандары бойынша жұмыс істейді.

IX.  Қорытынды.  «Шеңбер  бойымен  әңгімелеу» 

дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Мұғалім тақтаға бір оқушыны шақырады, 

сол  оқушы  көзін  жұмып  тұрып,  кез  келген  баланы 

нұсқайды, нұсқаған бала күн тәртібін айтуы керек. Содан 

кейін келесі баланы нұсқап, ол септіктердің сұрақтарын 

айтуы керек, келесі бала тәуелдік жалғауын айтуы керек.



X. Бағалау.

XI.  Үйге  тапсырма:  Күн  тәртібін  құрап,  мазмұндап 

келу.


   

   


 

Ақайша ЕЛУБАЙҚЫЗЫ,                   

                                                       Ақтөбе қаласындағы 

№26 орта мектептің

                                                             қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

МЕН «СЫН ЕСІМ» СЫРЫ

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 

таным дүниесін кеңейту. Тәуелсіз Қазақстан туралы алған 

білімін  тиянақтай  отырып,  грамматикалық  тақырыпты 

бекіту;  дамытушылық  –  оқушылардың  тапқырлық, 

ізденімпаздық  қасиеттерін  қалыптастыру,  ой-өрісін 

кеңейту, есте сақтау, ауызекі сөйлесу қабілеттерін дамыту; 



тәрбиелік  –  оқушылардың  Отанға  деген  сүйіспеншілік 

сезімін арттыру.



Түрі:  бекіту  сабағы.  Әдістері:  топпен  жұмыс, 

әңгімелесу,  талдау,  сын  тұрғысынан  ойлау.  Пәнаралық 



байланыс: география, тарих, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі:

-  Балалар,  16-желтоқсанда  қандай  мемлекеттік                  

мейрам болды? (Тәуелсіздік күні).

-  Тәуелсіздік  күні  қай  республиканың  мейрамы? 

(Қазақстан Республикасының).

-  Біздің  республикамыз  қандай  мемлекет?  (Тәуелсіз, 

егеменді, көп диаспоралы).

- Лаура, сенің ұлтың қандай? (Қазақ).

-  Сенің  Отаның  қандай  ел?  (Қазақ  елі  –  Қазақстан 

Республикасы).

- Лаура, сен Отан деген сөзді қалай түсінесің? (Менің 

туып - өскен жерім. Ата-бабаларымыздың рөлі).

- Алеша, сенің ұлтың кім? (Орыс).

- Сенің Отаның не?

- Неге, не себепті сенің Отаның Қазақстан?

- Қазақстан Республикасы қанша ұлт өкілдері тұрады? 

(130 ұлт өкілдері).

Қазақстанда  тұратын  барлық  халықтардың  Отаны  – 

Қазақстан Республикасы.

- Бүгінгі сабағымыздың 



   Лексикалық тақырыбы: «Қазақстан Республикасы»,

   Грамматикалық тақырыбы: «Сын есім».

116

117


Біздің мақсатымыз:

Өткен  сабақта  «Қазақстан»  туралы  алған  білімімізді 

қайталау.  Грамматикалық  тақырып:  «Сын  есімді» 

практикалық  жолмен  меңгеру.Сабақта  біз  лексикалық, 

грамматикалық  тақырыптарды  компьютер  арқылы 

электрондық  оқулықпен  жұмыс  жасап,  қорытындылай-

мыз.  Осы  тақырып  бойынша  әр  түрлі  тапсырмалар, 

жаттығулар,  жазба  жұмыстар,  тестілік  жұмыстар,  эссе 

беріледі.

 I. Компьютермен жұмыс.

-  Балалар,  компьютердегі  электрондық  оқулықтың 

бетін  ашыңыздар.  Оқулықтағы  мәтінді  тауып,  аудио 

тыңдалым арқылы оқимыз (мәтін тақтада).



II. Сөздікпен жұмыс.

Тәуелсіздік,  сүйіспеншілік,  байырғы,  тәуелсіздікке, 

қол жеткізді, шырқалады.

1) Сөздерді оқып, аударады.

2) Сөз тіркестерін құрастырады (сөздік тақтада).

III. Мәтінге сұрақ құрастырады.

IV. Грамматика.

- Балалар, мәтінде сын есім сөздері бар ма?

Сын есім дегеніміз не? (ережесін сұрау).

Тапсырма.

Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлерін ажырату:

- тәуелсіз – қатыстық, туынды;

- мемлекеттік – қатыстық, туынды;

- ұлттық – қатыстық, туынды;

- алтын – негізгі, сапалық;

- көк – негізгі, сапалық;

- байырғы – қатыстық, туынды.



V. Мәтін бойынша диалог сұрақтарын құрастыру.

-  Балалар,  енді  мынадай  тапсырма  орындайсыңдар. 

Мәтінді  2  бөлімге  бөліп,  сөйлемдерге  басқа,  қосымша 

сұрақтар  құрастырасыңдар.  Сұрақтарды  бір-біріңе            

қойып, жауаптарын айтасыңдар. 

І қатар.

І  сөйлемнен  –  «Қазақстан  –  тәуелсіз  ел»  деген 

сөйлемнен «Мемлекеттік рәміздер» деген сөйлемге дейін.

ІІ қатар.

«Тудың түсі көк» деген сөйлемнен бастап «Республика 

күні» деген сөйлемге дейін (тапсырмаға 3 минут беріледі). 

Сол  кезде  «Қазақстан  Республикасы»  тарауының 

«оқылым»  бөлімінің  көрінісі  көрсетіледі.  Музыка 

ойналады.



VI.  -  Енді,  балалар,  Дана  бізге  қосымша  материал 

дайындап  келді,  соны  тыңдап  көрейік.  (Оқушы  тақтаға 

шығып  айтады.  Сол  кезде  «география»  тарауының 

«оқылым» бөлімінен бейнекөрініс тақтада көрсетіледі).

- Қазақстан неше аймаққа бөлінеді? 

(Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық).

- Батыс Қазастан неге бай? (Мұнайға бай).

Солтүстік Қазақстанның қандай сұлу жерлері бар? 

(Көкшетау, Баянауыл жерлері).

- Орталық Қазақстан қалай деп аталады? (Сарыарқа).

-  Шығыс  Қазақстанның  қандай  әдемі  көлдері  бар? 

(Зайсан, Марқакөл).

- Оңтүстік Қазақстанда не өседі? (мақта, көкөніс, жеміс 

- жидек).



Компьютермен жұмыс.

118

119


-  Енді,  балалар,  лексикалық  тақырып  бойынша 

тапсырмаларды орындаймыз. «Қазақстан Республикасы» 

деген  тарауды  ашып,  «оқылым»  бөліміндегі  1.3.4- 

тапсырмаларды орындаймыз.



1  тапсырма.  Керекті  сөздерді  пайдалана  отырып 

сөйлем құра.



Керекті сөздері:

Сүйіспеншілік, 

байырғы, 

мемлекеттік, 

туы, 

бейбітшілік,  ұлттық,  тәуелсіздікке,  шектеседі,  түсі, 



құқықтарын,  шаңырақ  мерекелері.  (Дәптерлеріне  бір 

сөйлемнен  жазып, оқып береді).



3-тапсырма.  Телефон  арқылы  сөйлескен  Жанар 

мен  Алмастың  арасындағы  диалогтың  реттік  нөмірін 

жазыңдар.  (Тексереміз,  оқушылар  бір-біріне  сөйлесіп, 

сұрақ қояды).



4-тапсырма.  Тиісті  сөздерді  орынына  қой.  Оқушы-

ларға  мұғалім  сұрақ  қояды.  Оқушылар  оқып  береді. 

Оқушылар тақтаға қарап, тексереді (Алеша орындайды).

Грамматикалық тапсырмалар.

- Өте жақсы, балалар, лексикалық тақырып бойынша 

мәтінмен жұмыс жасадық, тапсырмалар орындадық, енді 

грамматикалық тапсырмаларды орындаймыз. (3.8)



3-тапсырма.  Сызба  бойынша  мағыналарына  қарай 

жұптастырыңдар.

1. Орманды дала.

2. Жастық шақ.

3. Мемлекеттік тіл.

4. Жаңбырлы күн.

5. Қалалық жастар.

6. Тапқыр робот.

7. Білімді озар (туынды, қатыстық).

(Бір оқушы басты компьютермен жұмыс істеп, тақтада 

көрсетіп тұрады).

8-тапсырма.  Мәтіннен  сын  есімдерді  тауып,  тақтаға 

жазыңдар.

1. асыл – 

2. әдепті – 

3. сұлу –  

4. биік –  

5. жылы – 

6. адал – 



Тапсырмалар:

1) туынды сын есімді құрастыру.

2)  сын  есімдермен  тақырыбына  байланысты  сөйлем 

құрастыру.

«Қазақстан  Республикасы»  деген  тарауды  ашып, 

«Сөздік»  оқылымынан  жаттығуларды  орындаймыз. 

(4.5.11)

4-жаттығу. Сұрақтардың жауабын тауып, белгілердің 

үстіне жазыңдар. 

Бір  оқушы  басты  компьютермен  жұмыс  жасайды. 

(Орындап болғаннан кейін тексеріп, оқып шығу).

-  Қазақстанның  табиғи  байлықтары  қандай? 

(Қазақстанның табиғи байлықтары мол). 

-  Республика  жерінде  қандай  элементтер  бар?  (Онда 

Менделеев кестесіндегі элементтердің 99 түрі бар).

- Қазақстан пайдалы қазба байлық қорлары бойынша 

әлемде нешінші орын алады? (Қазақстан пайдалы қазба 

байлық қорлары бойынша әлемде алтыншы орын алады).


120

121


5-жаттығу. Сұрақтардың жауабын суреттен көрсет.

І оқушы айтып, компьютермен көрсетіп отырады.

1. 

Қазақстан 



Республикасының 

мемлекеттік 

елтаңбасының басты белгісі? (шаңырақ).

2. Шаңырақты пырақ қоршап тұр.

3. Елтаңбаның жоғарғы жағында бесжұлдыз бар.

4.  Елтаңбаның  төменгі  жағында  «Қазақстан»  деген 

жазу бар.

Жаттығу жұмыстары. 

11-жаттығу.  Мағынасы  ұқсас  синоним  сөздерді 

жұптастырыңыз.

І оқушы басты компьютермен жұмыс жасайды.

1. Тату - ынтымақтастықта.

2. Кең-байтақ - өте үлкен.

3. Отан - Отан.

4. Тәуелсіздік – егемендік.

5. Шектеседі – көршілес.



Тапсырма.  Мына  сөйлемдермен  сөйлем  құрастыру. 

Сын есімді сөздердің түрлерін ажырату.

География  деген  тарауды  ашып,  «Оқылым»  бөліміне 

кіріп, 4, 10-тапсырмаларды орындау.



4-тапсырма.  Дұрыс  немесе  бұрыс  сөйлемдерді 

анықтаңыз.



Дұрыс сөйлемдерді оқып беру:

1)  Аумағының  төрттен  бір  бөлігі  –  шөл  мен  шөлейт 

дала.

2) Хантәңірі шыңының биіктігі – 6,695 метр.



3) Құмды жерлерде сексеуіл өседі.

10-тапсырма.  Мына  сөздер  арқылы  сөйлем 

құрастырыңыз.

1. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі.

2.  Мұнда  –  ойпаттар  мен  төбесін  мәңгі  қар  мен  мұз 

басқан биік таулар.

3.  Аумағының  ширек  бөлігін  шөл  мен  шөлейт  дала, 

қалған бөліктерін таулар және теңіздер мен көлдер алып 

жатыр.


4.  Тянь-Шань,  Қаратау,  Алтай,  Көкшетау,  тағы  басқа 

таулар бар.

5.  Каспий  мен  Арал  теңізінің  бөліктері,  Жайық, 

Сырдария, Іле, Ертіс өзендері, тағы басқа сулар бар.

- Енді, балалар, компьютерлеріңді сөндіріңдер.

Тест сұрақтарымен жұмыс.

-  Балалар,  сұрақтарға  жауап  бересіңдер,  бір-біріңізді 

тексеріп, баға қоясыз.

- Енді тақтаға қарап, дұрыс жауаптарын тексеріңдер.



эссе жазу.

«Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.

(Жазып  болғаннан  кейін  1,  2  оқушының  эссесін              

оқыту).


Сабақты қорытындылау:

1) Үй жұмысы. Мазмұндамаға дайындық. 

2) Бағаларын қою.

3) Сабақты түйіндеу.

-  Балалар,  сабақта  біз  не  істедік?  Қандай  жұмыс 

жүргіздік?  Отанымызды,  туған  жерімізді,  туған  елімізді 

біз не істеуміз керек? (Отанды құрметтеу, қадірлеу керек). 

Отан үшін біз не істеуміз керек? (Отан үшін еңбек етуіміз 

керек). Ал, сіздер қалай еңбек етесіңдер? (Сабақты жақсы 

оқимыз). 


122

123


Әдеби кеш

Айжан ИБРАЕВА,

Ғалия УКИЕНОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы

 №43 орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімдері.

Петропавл қаласы. 



АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕң, 

АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ!

Іс-шараның мақсаты: Абай өлеңдерін терең меңгерту. 

Көркемсөз  шеберліктерін  арттыру.  Абай  өлеңдерінің 

мағынасын  біліп-үйренуге  талпындыра  отырып,  жатқа 

айту дағдыларын дамыту.

Міндеттері:  ойлау  шеберлігін,  сөйлеу  мәдениетін 

жетілдіру, 

Абай 


өлеңдерін 

жаттау 


барысында 

оқушыларды ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, еңбек 

пен  жалқаулықты    ажырата  білуге  тәрбиелеу,  поэзияны 

сүюге баулу, Абайдың ұлылығын терең сезіндіру.

Байқаудың  шарттары:  «Абай  оқулары»  байқауына  

5-11-сыныптары  аралығында  қазақ  және  өзге  ұлт 

оқушылары  қатысады. 

Байқау үш тапсырмадан тұрады:

- Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау: Абай өлеңдерін 

қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа оқу.  

-  Жазушы  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романынан              

жатқа үзінді оқу;

- Әншілік өнер – Абай әндерін орындау (қазақ тілінде 

бір ән). Әнге музыкалық сүйемелдеуді (минус) қолдануға 

болады.

Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың:



- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

- қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне;

- әнді орындау қабілетіне;

- сахналық мәдениетіне назар аударылады.

Қолданылған көрнекіліктер: 

Абайдың  суреті,  Абай  шығармаларының  көрмесі, 

интерактивті тақта (слайд), бейнефильм, плакаттар.

Пәнаралық  байланыс:  орыс  тілі,  ағылшын  тілі, 

Қазақстан тарихы.

Мәнерлеп оқу сайысының барысы:

Абайдың  «Көзімнің қарасы» әні  естіледі.

Тақтада эпиграф:   «Абай – дана,

                                 Абай – дара қазақта».

Жүргізуші:

- Айдын шалқар көлім бар,

  Ну орманды жерім бар,

  Күннен- күнге көркейген

  Менің байтақ елім бар.

Олейникова Юлия «Жасай бер, егемен елім-ай» деген 

өлеңін оқиды.

Жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі қонақтар! 

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

тілі. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениеттің тілі, ғылым 

тілі,  публицистика,  ресми  іс-қағаздарының  тілі  болып, 

стиль жағынан жан-жақты сараланды. 

Қазақ тілі - өте бай тіл.  Ғабит Мүсірепов айтқандай: 

«Поэзияда  Абай,  Ілияс  сияқты,  прозада  Мұхтар  сияқты 

алыптар  туған  тіл.  Мен  осындай  тілімізді  таза  ұстайық 

деймін.» 


124

125


Бүгінгі  мәнерлеп  оқу  сайысымызды  Қазақстан 

халқының  тілдер  апталығында    өткізіп    жатырмыз.  Бұл 

шарамыз  қазақтың  біртуар  ақыны  –    Абай  данамызға  

арналады.

Жүргізуші:

- Ал, келіңдер, келіңдер

Бір-біріңе еріңдер.

Көркем сөзбен көмкеріп,

Сайысқа  қатысып  көріңдер,-  деп  қатысушыларды 

қарсы алайық.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Тізім  бойынша  18  оқушы    қатысты  (5-11-сынып 

оқушылары). 

Жүргізуші:

- Әділ қазы береді

Өздеріңе билікті.

Сайыста кім жеңеді,

Алады  сол  сыйлықты,-  деп  қазылар  алқасымен                  

таныс болайық.

Қазылар алқасы: 

1.  Әубәкірова  Л.Е.  (Тәрбие  жұмысы  бойынша 

директордың орынбасары,  қазақ тілі маманы).

2. Құсайынова Г.К.  (мектеп кітапханашысы, орыс тілі 

маманы).


3. Мұхамеджанова С.А. (ағылшын тілі маманы).

Жүргізуші:

-«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров 

айтқандай,  Абайдың  әр  сөзін  терең  бойға  сіңіріп,  үңіле 

отырып, сезіну  – тек әдебиет айдынында жүргендердің 

ғана  емес,  сонымен  қатар  нұрын,  сырын  көре  білер, 

көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Ендеше,    балалар,  біз  осы  уақытқа  дейін  Абай  

шығармаларын    ғана  емес,  ол  туралы    көрген-білгенде-

рімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сайысымызда әр 

түрлі  тақырыпқа  жазылған    шығармаларын    мәнерлеп 

оқимыз. 

 Жүргізуші:

- Абай лебі - заманының тынысы,

Абай  үні  –ғасырлардың  өрісі,-  деп  сайысымызды 

бастаймыз. 

Бірінші бөлім:  Абайдың асыл сөзі. 

Абай – ұлы ақын.

Абай  өлеңі  –  сезімнің  жемісі.  Буырқанушы,  шабыт-

танған  сезімнен  туған  лирикалары  адам  жанын  тебірен-

теді. Құдіреттілігі де сондықтан. 

Бірінші сайыскерлерді шақырамыз. 

Абайдың табиғат лирикасы.

Ақынның  ішкі  жан-дүниесінің  сезімі,  табиғат 

көріністері,  адам  және  табиғаттық  байланысы.  Бұл 

шығармалары – шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған 

жырлар.


Осы  бөлім бойынша қатысушыларды шақырамыз.

Абай – жазушы, философ.

Ақын адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіріп, 

әділетті, ақиқатты сөз ететін, тәрбиелік мәні күшті қара 

сөздер жазды. - дей келе, қарасөздерінен үзінді  тыңдаймыз.

Абай – шебер аудармашы.

Ойы  –  терең,  түрі  –  көркем,  өзінше  айтсақ,  «іші    –

алтын, сырты – күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай – 

қазаққа   ғана емес, туысқан елдердің көптеген талантты 

ақындарына ұстаз. Ол Гетенің, Пушкиннің, Лермонтовтың, 



126

127


Крыловтың  шығармаларын  қазақшаға  аударып,  шебер 

аудармашы атанды.

Осы бөлім бойынша қатысушылар шақырылады.

Абай – сазгер.

Қазақ 

халқының 



мәдени 

мұрасында 

Абай 

шығармашылығы  маңызды  орын  алады.  Қазақ  халқы 



Абайды  тек  данышпан  ақын  әрі  ағартушы  ретінде  және 

көптеген  халық  әндерінің  авторы  болғандықтан  оны 

сазгер деп таниды.

Осы бөлім бойынша  қатысушылар шақырылады.

Осымен,  «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!»  атты сайысымыз өз мәресіне 

жетті.


Әділ қазылар Абайдың өлеңіне көңіл аударады. 

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп-тегіс,  жұмыр  келсін  айналасы»,-  дегендей, 

енді  Абайдың  шығармашылығына  арналған  сайыстың 

қорытындысына кезек берейік.

Марапаттау рәсімі. 

Жүргізуші:

- Қымбатты балалар, қонақтар!  

Адам  өзі  өлсе  де,  еңбек  жолы,  яғни,  Абайдың 

аудармалары,  өлеңдері,    поэмалары,  қарасөздері,  әндері 

ешқашан  өлген  емес.  «Елінің  даңқын  батыры  шығарар, 

батыры шығармаса, ақыны шығарар» деген – осы.

Талапты  жастарымыздың    болашағы  жарқын,  атар 

таңы арайлы болсын! 

Сәт сапар тілейміз!

Сыныптан тыс тәрбие

Айман ӨМІРЗАҚОВА,

Н.К.Крупская атындағы

№10 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Петропавл қаласы.



КӨРКЕМ СӨЗБЕН КӨМКЕРІЛГЕН 

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗ

Еліміздің  тәуелсіздігі  күніне  орай  өткізілетін 

ертеңгілікте  балалардың  білімдерін  сұрақ-жауап,  ойын 

арқылы  кеңейту  мақсаты  көзделіп,  көркем  сөз  және  ән, 

әңгімелер  арқылы  олардың  бойында  патриоттық  сезім-

дерін  қалыптастыруға,  музыка  тәрбиесі  арқылы  Отанға 

деген  сүйіспеншілігін,  шығармашылық  белсенділігін 

арттыруға  назар аударылады.

Балалар  Асылбек  Еңсеповтің  «Әке  толғауы»                 

әуенімен залға кіріп, екі топқа  бөлініп тұрады.



Әнұран орындалады.

Залға ат мінген бала шауып кіреді.

Сүйінші,  сүйінші!  Тәуелсіз  болғанымызға  22  жыл 

толды!


1-жүргізуші:  -  Кел,  жоғары  шық.  Сүйіншіңді  ал. 

(Балаға сыйлық-кәде беріледі, ол  әрі қарай шауып кетеді).

Ендеше, 

бүгінгі 


салтанатты 

іс-шара 


осы 

тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналады.



2-жүргізуші:  -  Армысыздар,  құрметті  қонақтар! 

Міне, дүниені дүр сілкіндіріп келген тәуелсіздігімізге 22 

жыл  толып  отыр.  Ендеше,  мерекелеріңіз  құтты  болсын! 


128

129


Тәуелсіздігіміздің  тұғыры  биік,  халқымыздың  еңсесі 

жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп  тілейік! Еліміз 

аман, берекелі заман болсын!

1-жүргізуші: - Жақсы оқып, тәрбиелі, Отанын сүйетін 

азамат болып өсейік!



Вита: - Нұр шашады алтын күн,

             Отанымда – мереке.

             Қона берсін еліме

             Бақыт, шаттық, береке!



Елизавета: 

Армандарды жақындатып, тым алыс,

  Біздің жаққа  жеткен екен жылы ағыс.

  Егемендік – ел бақыты ертеңгі,

  О, халайық, құтты болсын қуаныш!



Сұлтан: - Атыңнан айналайын егемен ел,

                  Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

                  Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

                  Ғасырдың тойы болшы, көгере гөр!



1-жүргізуші: - Балалардың орындауында «Біз тәуелсіз 

ел болдық» әні, сөзі – М.Керейбаевтікі.

Настя: - Салтанатты күн бүгін,

                Шырқалады Әнұран!

                Көк аспандай Туымда

                Қалықтайды жас қыран. 



2-жүргізуші: - Ән: «Туған ел».

Қазыбек би қобыз ырғағымен залға кіреді.

1-жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, ата! Сіз кім боласыз?

Қазыбек би: - Мен - қаз дауысты Қазыбек бимін. Елде 

тек бірлік пен береке, тыныштық тілеген билердің бірімін. 

Уақыт  машинасына  отырып,  қазақ  жерлерін  аралап 

жүрмін. Жеріміз өзгеріп, сәнденіп кетіпті ғой!



1-жүргізуші: - Иә, ата, талай заман өтті, еліміз талай 

өзгерістерге ұшырады.



Қазыбек би: - Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ 

ешкімге  соқтықпай,  жәй  жатқан  елміз,  еліміздің  құт 

берекесі қашпасын деп, басымыздан сөз асырмаған елміз, 

достығымызды сақтай білген елміз.



1-жүргізуші:  -  Ата,  балалы  үйдің  ұрлығы  жатпас 

дегендей,  Қазақстан  қандай  ел  болғанын  балалардан 

сұрайықшы?

Балалар:  -  Қазақстан  –  көп  диаспоралы,  егеменді, 

тәуелсіз ел. 



2-жүргізуші: - Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері 

тұрады. Олар қалай тұрады?



Балалар: - Олар тату-тәтті тұрады.

(Ұлттық киімдерін киген түрлі ұлт өкілдері келеді).

- Исянмысыз, құрметті кунаклар!

  Миним атым – Дамир.

  Ұлтым татар.

  Жалауымда -  нұрлы Күн,

  Нұрын шашып тұр бүгін!...

  Паш етеді ол: Халқымның

  Ынтымағын, бірлігін!...

- Сәлеметсіздер ме, қайырлы қонақтар!

  Менің атым – Мәдина. Менің ұлтым - қазақ.

  Құқығы әр ұлттың тең,

  Ада күңкіл-шүңкілден:

  Жүз түрлі ұлт пен ұлыстар

  Ұғысады бір тілмен...

- Guten Tag!   Ich heise Аня. Менің ұлтым- неміс.

  Ортақ дәстүр, ғұрып бай.

  Ынтымағын суытпай:

  Шаңырақты көтерген,


130

131


 Жүз түрлі ұлт -

 Жүз уықтай!

- Здравствуйте дорогие гости! Меня зовут – Данил.

 Менің ұлтым – орыс.

 Шыңға тартса салып жол,

 Қиналмайды талып бел:

 Жүз иыққа сүйенген,

 Қазақстан – Алып Ел!



1-жүргізуші:  -  Балалардың  орындауындағы  орыс                

биін қабыл алыңыздар.

Би: «Орыс биі».

Арай: - Біреу ғана туған жері адамның,

              Менің жерім жері болған атамның.

             Туған жерді сүю үшін мәңгілік,

             Ақ сәлделі тауларынан бата алдым.



Мұхамед: - Туған жердің әр тасы құнды маған,

                    Жайқала бер, жайнай түс, нұрлы далам.

                    Саған деген махаббат тыным бермей,

                    Күндіз-түні кеудемді ұрғылаған.



 2-жүргізуші: - Ал, енді,  қыздардың орындауындағы 

биді қабыл алайық.

Би: «Қазақ биі».

1-жүргізуші:  -  Иә,  ата,  бір  шаңырақтың  аясында 

барлығымыз тату- тәтті тұрамыз.



2-жүргізуші: - Шаңырағымызды көтеріп, ойын ойнап 

жіберейікші. «Киіз үй» ойыны.



1-жүргізуші:  -  Ал,  енді,    «Айналайын»  әнін  қабыл 

алайық.


Қазыбек би: - Бәрекелді! Бұрын елімізді мен сияқты 

билер, хандар басқарған. Ал қазір елді кім басқарып жүр 

екен?

2-жүргізуші: - Ата, сұрақтарыңыз көп шығар. Балалар, 

атамызға  «Тәуелсіз  еліміздің  ең  маңызды  парақтары» 

атты кітапты сыйласақ қайтеді? (Кітап беріледі)

Қазыбек би: - (Қазыбек би алғысын білдіреді.) 1-бетін 

ашып көрейікші. 

Экранда Президенттің суреті. - Бұл кім?

Балалар:  -  Елбасымыз  -  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев.



Дильназ:      - Қазақстан елімнің,

                         Көшбасшысы – Нұр атам,

                         Балаларға, үлкенге

                         Қамқор болған – бұл атам.

                         Нұрсұлтандай патшасын

                         Мақтан тұтар ел, Отан!



Қазыбек би: - Енді елді президент басқарады екен  ғой.

2-бет,  Қазыбек  би:-  Ал  мынау  ту  ғой,  балалар?                

(экранда ту)

 Бала: - ҚР туы.

(Экранда елтаңба) Балалар: - ҚР елтаңбасы.

Қазыбек  би:  -  Жаңа  қазақ  жерінде  100-ден  астам               

халық  өкілдері  тұрады  дедіңдер,  сонда  мемлекеттік  тіл 

қай тіл?

Балалар: - Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

1-жүргізуші:  -  Біз  қазақ  тілінде  ән  айта  аламыз.  Ән 

айтайық па?



Балалар: - Айтайық!

1-жүргізуші: - Қай әнді айтамыз?

Балалар: - «Тілім менің».

Қазыбек би: - Мынау не?

Балалар: - Мынау - Бәйтерек!

Қазыбек би: - Ол қай жерде орналасқан? 

Балалар:  -  Бәйтерек  Астана  қаласында  орналасқан. 

Астана – біздің елордамыз.



132

133


Астана туралы өлең.

Арина: - Бабалардың көзіндей,

                Даналардың сөзіндей.

                Ұлы дала тұрғызды

                Ұлы қала өзіндей.



Лера: - Отанымның төрінде,

             Сарыарқаның өрінде.

             Ту ұстаған Астанам,

             Әсем қалам – бас қалам!



2-жүргізуші: - «Астана» биін қабыл алайық.

Қазыбек би: - Ақшаларың қалай аталады?

Балалар: - Теңге деп аталады.

Шакира: - Белгісі егемендік – ұлттық теңге,

                    Нәр беріп тұр ол біздің туған жерге.

                    Құлдырамай теңгеміз көтерілсін,

                    Татитындай маңдайдан аққан терге.



Қазыбек би: - Біздің заманымызда  үш би басымызды 

қосып, «Жеті жарғы» атты Ата Заң жиынтығын шығарды, 

ал ҚР Ата Заңы бар ма?

Бала: - Ата Заңымыз – Конституция.

1-жүргізуші:  -  Бұл  тек  үлкендер  үшін  ғана  емес, 

сонымен қатар балаларға да арналған заңдар мен ережелер, 

құқықтары бар ең қажетті құжат.

Артур: - Ата Заңын елімнің 

                Құрметтейді бар адам.



Карина:     - Алтын Заңым қорғайды

                       Бар адамның теңдігін.

                       Әділетті қолдайды,

                       Арқа тұтып ел бүгін.



Алина:      - Ол баршаға жөн нұсқап, 

                     Жетелейді жарыққа.

                     Елбасы оны қолға ұстап,

                     Ант береді халыққа.



2-жүргізуші:  -  Ата,  елімізде  өте  жақсы  өзгерістер 

болып жатыр.

Соның  бірі  -  қазақ  баласының  тұңғыш  рет  ғарышқа 

ұшуы.


Әлішер: - Қазақтың тұңғыш ұшқышы

                  Ғарышкер батыр атанды.

                  Қыраннан ұшып шың құсы,

                  Жер-Анадан бата алды.

                  Тоқтар аға салған жол,

                  Ғарышқа бастап қоймайды,

                  Ойнаса да балалар

                  Ғарышкер болып ойнайды.



Қазыбек би: - Бабалар рухы көксеген

                         Туыпты бүгін ұлы күн!

                         Бостандық тиген Қазақстан

                         Мәртебесін көтерсін!



1-жүргізуші: - Ата, Қазақстанның жетістігін көрсеттік, 

ал  енді  біздің  мектебіміздің  де  жетістіктерін  тамаша-   

лаңыз  (екінші  кітап  сыйланады:  «Біздің  мектептің 

жетістіктері»).



Қазыбек би: - Көрсек көрейік.

Қазыбек би: - Сендердің  күндерің күнде той, думан, 

қызықты екен ғой.



2-жүргізуші: - Иә, ата, біз өте қызықты өмір сүреміз.

 Би: «Қара жорға».



1-жүргізуші:  -  Ата,  бүгін  де  біздің  ең  жарқын 

күндеріміздің    бірі,    тәуелсіздігімізге  22  жыл  толып,  ел 

болып,  сол  мерекені  тойлаймыз.  Қандай  той  қонақсыз 

өтеді? Бізге мектебіміздің хор үйірмесі келіп отыр. Оларға 

сөз берейік.

Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні.



134

135


Айгүл ӘБІШЕВА,

Ақтөбе қаласындағы 

№26 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі. 

«ТІЛІМ – ТІРЕГІМ,                                

СОҒЫП  ТҰРҒАН ЖҮРЕГІМ»

Мақсаты:  егемен  елімізде  өмір  сүріп  отырған 

түрлі  ұлт  өкілдері  арасындағы  достық  пен  бірлікті 

дәріптеу,  ортақ  Отанымызды  мадақтау,  мақтау, 

қастерлей  білу  сезімдерін  ояту,  мемлекеттік  тілге 

құрмет  сезімдерін  қалыптастыру.  Байырғы  тұрғын 

қазақ  халқының  ана  тілі  қазіргі  мемлекеттік  тіл 

мәртебесіне ие болған қазақ тілінің қадірін асқақтату, 

қазақтың  тілін,  мәдениетін,  тарихын,  әдебиетін 

қадірлеп,  мемлекетіміз  жүргізіп  отырған  саясатқа 

қолдау көрсетуге шақыру. 

Оқушылардың  алған  білімдерін  одан  әрі  жетіл-

діруге  ықпалын  тигізу,  ең  бастысы  –  мемлекеттік 

тіліміздің  аясын  кеңейтіп,  патриоттық  сезімді 

күшейту, қоғамда өз орынын таба білу, ойларын еркін 

жеткізуге дағдыландыру, Отанға деген құрмет сезімін 

тудыру. 


Көрнекіліктері:  Қазақстан  туралы,  тіл  жөнінде 

мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік 

мінездемесі  



Мемлекет

 Демократиялық                                    Әлеуметтік

                              Зиялы      Құқықтық

1) «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен                    

де, болашағынан да қол үзеді.»

                                                          Ғ.Мүсірепов.

2)  «Кімде-кім  қазіргі  уақытта  ана  тілін,  өзінің 

әдебиетін  сыйламаса,  бағаламаса  –  оны  сауатты, 

мәдениетті адам деп санауға болмайды.»    

                                                         М.Әуезов.

3) «Әркімнің туған тілі – туған шеше,

     Оған бала міндетті сан мың есе!»    

                                                          С.Мұқанов.                

4)  «Қазақ  тілі  –  түркі  тілдерінің  ішіндегі  ең                        

тамашасы»         

                                                      Ш.Уәлиханов.

5) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі 

– қазақ тілі»

                               ҚР Конституциясы. 7-бап.

Күй  орындалады.  (Жүргізуші  Ж.Молдағалиевтің                       

«Мен қазақпын» өлеңін оқып тұрады).

 


136

137


1-жүргізуші: 

-  Армысыздар!  Құрметті  қонақтар,  ұстаздар, 

оқушылар! Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің 

интеллектуалдық  марафон  байқауының  салтанатты 

мерекесіне қош келдіңіздер! 



2-жүргізуші: 

Қазақ даласы кенді Алтай тауларынан Ақжайық-

тың  жасыл  жағалауына  дейін  созылған.  Қазақ  елі 

төбесі көк тіреген тауларға да, көлеміне көз жетпес 

жазық далаға да, айдын шалқар көлдер мен өзендерге 

де бай, дархан дала.

1-жүргізуші: 

Сол даланы мекен еткен дана халық – қазақ халқы 

туған  тілін  “сыры  терең  жаным”  деп,  “әнім  менен   

сәнім”  деп  жырға  қосқан,  ұлттығымның  айғағы, 

елдігімнің белгісі деп дәріптеген.



2-жүргізуші:  Отан.

 - Отан – сенің ата – анаң,  Отан – тарих, Отан – тіл,   

   Отан – досың, бауырың.  Жасаған елің, ер халқың.

   Отан – өлкең, астанаң,   Отан – өлең, Отан – жыр,

  Отан – аудан, ауылың.   Көтерген көкке ел даңқын!

 

   Отан осы, достарым,



   Көңілге мұны түйе біл.

   «Отан» деп өс, жас қауым,

   Оны ардақтап, сүйе біл!  

                                             (Күй орындалады).

Туған жер, Туған жер ұғымы, Туған өлке туралы 

өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды.



1-жүргізуші: 

-  Қазақ  халқы  азаттыққа  қол  жеткізу  үшін  өте 

ұзақ  жолдардан  өтті,  тарих  беттері  бірнеше  жүз 

жылдықтан сыр тартады.

2-жүргізуші: 

-  Бірақ  Қазақстан  барлық  қиындықты  жеңіп 

тәуелсіздікке  қол  жеткізді.  1990  жылдың  25-қаза-

нында  Мемлекеттің  суверенитеттігі  жөнінде  Декла-

рация  қабылданды.  Суверенитет  –  бұл  тәуелсіздік. 

Сол күннен бастап 25-қазан Қазақстан Республикасы 

күні болып аталып кетеді.



1-жүргізуші: 

Үстіміздегі жылы ел рәміздеріне 22 жыл толды. 

Мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқылады. 



2-жүргізуші: 

Жұмыр жерді мекендеген барлық халықтардың, 

ел-жұрттардың  ғасырлар  бойы  жинақталып, 

сұрыпталған  ұлағатты,  даналық  сөздері  бар.  Бұл 

ұлағатты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс-

салты  мен  тіршілігін,  ұлттық  психологиясын, 

қоғамдық дамуын дәл де шебер, мәнді бейнелеуімен 

құнды. Олар қысқа да болса нұсқа, бейнелі, мағынасы 

терең болады, сондықтан тыңдаушысын бірден баурап 

алады. Ұлы адамдардың әр түрлі тақырыпта айтқан 

ой-пікірлеріне, өнегелі сөздеріне көз жүгіртсек, қазақ 

тілі туралы білдірген салиқалы ойларына, парасатты 


138

139


лебіздеріне  кездесеміз.  Әлемге  танымал  көрнекті 

ғалымдардың, саяхатшылардың ой-пікірлері ұлттық 

тіліміздің ұлылығын танытады. 

Мақалдар сайысы: «Мақал – халық қазынасы».



1-жүргізуші: 

Ежелден, атам заманнан, тіл – елдің мәдениеті, 

әдебиеті, өсіп-өніп, отбасындағы тіршілігінен бастап, 

қоғам,  халық,  ел-жұрттық,  жалпы  мәдениеттің 

арнаулы құралы – ғылымның атаулы саласы екендігі 

даусыз.  Тіл  дегеніміз  –  қай  халықтың  болмасын 

келешегі.



2-жүргізуші: 

- Шынымен де, тіл рухын асқақтату, шынайылығын 

шыңдату – елін сүйген әр азаматтың міндеті.

- Отан, ел, атамекен, туған жер, Қазақстан туралы 

өлеңді жатқа айтатын 8 «В» сынып оқушылары.

1-жүргізуші: 

-  Қазақ  халқы  –  шынында  да,  ақын  халық, 

әнші  халық.  Өмір  сүйгіш  адамның  асқақ  арманы, 

мөлдір  махаббаты,  нәзік  сезімі,  терең  мұңы,  ыстық 

сағынышы оның өнеріне шебер тілмен тізілген.



2-жүргізуші: 

-  Қазақ  тілі  –  ертедегі  қуатты  түркі  қағанаты, 

Алтын  Орда  замандарында  да  үстем  тіл,  ұлы  тіл, 

халықаралық  тіл  болған.  Данышпан  Қаз  дауысты 

Қазыбек би айтқандай: «Біз қазақ деген мал баққан 

елміз,  бірақ  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз. 

Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп,  жеріміздің 

шетін  жау  баспасын  деп,  найзаға  үкі  таққан  елміз, 

ешбір  дұшпан  басынбаған  елміз,  басымыздан  сөзді 

асырмаған  елміз.  Досымызды  сақтай  білген  елміз, 

дәм-тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған жау болса, 

ордасын таптай білген елміз».

Шағын көрініс.

Тазша:

- Бұл қандай думан, қандай мереке?



Алдар көсе: 

Біз қалайша кешігіп қалдық? (амандасу).

1-жүргізуші: 

Кешіріңіздер, сіздер кімдер боласыздар?

Алдар көсе: 

Біздер ме? Біз сіздерге танымал жандармыз.

Тазша: 

Мен жақсыны жақтаған, жаманды даттаған, ойы 

орамды, сөзі шалымды, әрі алғыр, әрі тапқыр Тазша 

бала боламын.

Алдар көсе: 

Ал мен алпыс атқа жүк болар айласы бар, жақсы             

жанға  тигізер  пайдасы  бар  Алдар  деген  аталарың 

боламын.

2-жүргізуші: 

Өте жақсы, құрметті қонақтар.

1-жүргізуші: 

-  Сіздер  бүгін  үлкен  мерекеге,  интеллектуалдық 

марафон  байқауының  апталығының  ашылу  салта-

натына дәл келдіңіздер.


140

141


Алдар көсе: 

-  Иә,  балалар,  біздер  осы  кештің  болатынын 

Саққұлақ  бауырымыздан  естігенбіз.  Кешігіп  қалған 

сияқтымыз.

2-жүргізуші: 

Жоқ, жоқ, тіпті, олай емес. Сіздер дәл уақытында 

келдіңіздер.



Тазша: 

Жарайды, олай болса біздер де бұл мерекеге құр  

алақан келген жоқпыз, біздің мына дорбамыз – толы 

сыйлық. Бірақ біздің шартымыз бар.

1-жүргізуші: 

Иә, ол қандай шарт екенін айтып жіберсеңіздер.

Тазша: 

Ел тарихына, тіліне қатысты сұрақтарымыз бар, 

дұрыс жауабын берген бала сыйлыққа ие болады.

(Алдар  көсе  мен  Тазша  бала  сұрақтарын  қойып, 

дұрыс жауап айтқандарға сыйлықтарын береді).



2-жүргізуші: 

-  Біздің  мектебімізде  оқушылар  арасында  осы 

аптаның ішінде әр түрлі интеллектуалдық сайыстар 

өткізілді.  Олар:  «Мақал  –  халық  қазынасы», 

«Білгірлер»  сынағы,  «21  ғасырдың  жеңімпазы» 

бәсекесі, «Ғажайыптар алаңы» ойын-сайысы.

Осы  бәйгелерде  біздің  оқушылар  қазақ  тілінен                

өз білімдерін, өз өнерлерін көрсетті.

1-жүргізуші: 

Туған жерім нұр шашып, жарық берген. Қуаныш 

пен  мол  бақыт  алып  келген.  16-желтоқсан  шуақ 

болып Тәуелсіздік еліне алып келген.

2-жүргізуші:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

  Құт берекең – Отан қымбат

  Аймалайтын анаң қымбат,

  Мейірімді апаң қымбат,

               Асқар тауың – әкең қымбат,

               Туып-өскен елің қымбат,

               Кіндік кескен жерің қымбат,

               Ұят пенен ар қымбат.

1-жүргізуші: 

-  Анамыздың  ақ  сүтімен  бойымызға  дарыған 

тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды 

ұмыту.  Ана  тілімізге  мән  бермеу,  оны  құрметтемеу 

–  үлкен  зиян.  Кейбір  ұл-қыздарымыздың  ана  тілін 

білмеуі,  не  шала  білуі  мені  қатты  қынжылтады. 

Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын 

игерумен бірге, басқа, әсіресе, көрші ұлт тілдерінің 

де асыл қазынасынан сусындауы, оны кәдеге жарата 

білуі  абзал...  Тіл  тазалығы  үшін  күрес  ешқашан 

толастамақ емес.



 «Қазақ биі».

142

143


2-жүргізуші: 

-  Тілді  қадірлеу  –  дұрыс  сөйлеуден  басталады. 

Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені 

босатады.  Адам  мәдениетінің  алғы  шарты  –  дұрыс 

сөйлей білу. Түсіне білгенге, сөйлей білу де – өнер. 

Тілін білмеген – түбін білмейді. Ондай адам күлдірем 

деп  күйдіреді,  сүйіндірем  деп  сүріндіреді,  білдірем 

деп  бүлдіреді,  қуантам  деп  қуартады,  келтірем  деп 

кептіреді,  жұбатам  деп  жылатады.  Біздің  қазақ 

«Аталы сөз – баталы сөз» дегенде, осы дұрыс сөйлей 

білуді айтқан.



1-жүргізуші: 

-  «Сен  де  бір  кірпіш  дүниеге,  кетігін  тап  та,  бар 

қалан»  деп  Абай  атамыз  жырлағандай,  мемлекеттік 

тіліміздің  биікте  шарықтауына,  оның  дамуына 

бәріміз бірдей үлесімізді қосайық.



2-жүргізуші: 

Біздің Республикамыз – көп диаспоралы мемлекет. 

Жүз  отыздан  астам  ұлттың  ұл-қыздары  тату-тәтті, 

ынтымақпен жемісті еңбек етуде. 

1-жүргізуші: - Біз қандас болмасақ та, жандаспыз!

2-жүргізуші: 

Қазақстан Республикасы – біздің сүйікті де ортақ 

Отанымыз! (бірге).



1-жүргізуші: 

Көріскенше күн жақсы болып, аспанымыз ашық 

болсын! Сау болыңыздар! 



Шәкірт шабыт шағында

Нұрқанат ОЛЖАС, 

Қызылорда облысындағы

№173 мектептің оқушысы.

ЖЕЛТОҚСАН

Қазақтың мұзда жанған боздақтары

Оятып ел намысын, боздатты ары.

Сүйетін азаматтар елін, жерін

Биіктен көрінуде, озды аттары.

Ертерек ағып түсіп жұлдыздары,

Елімнің қыршын кетті-ау ұл-қыздары.

Содан бұл ащы сабақ әлі алмаған

Жанымды қарып тұр-ау күнде ызғары!

Ербол мен Қайрат, Ләззат, Сәбиралар

Түске кіріп, ездікті таниды олар.

Солардың тәтті үмітін ақтай алмай

Жүрміз-ау, қылық та жоқ, тіпті, оңар.

Қайтейін, Желтоқсанда жаңғырамын,

Алайда жастарды ойлап қайғырамын.

Қам жасап Жаңа жылға күні бұрын,

Жол таппай босқа адасып қаңғырамын...


144

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.



“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –

Казахский язык и литература в русской школе”  –

ай сайын шығатын республикалық 

ғылыми-педагогикалық жұрнал.

Құрылтайшы және шығарушы: 

“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.



Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  

Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.

Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.

Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           

дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 

және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 

айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 

қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.

Басуға 01.11.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.

Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.

Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 

Таралымы – 1090. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.

Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 

Гайдар көшесі, 123-үй.

Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 

бөлімдер.........................268-32-48.

Факс................................243-15-53.   



электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru

Басылатын жері – ИП Асубаев С.Ш. 

РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ

ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ

 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”

© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -

Казахский язык и литература в русской школе»,

 №12, 2013 ж., 144 бет, Алматы.



Document Outline

  • _GoBack
  • _GoBack
  • _GoBack


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал