Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет7/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ғалия ТЮЛЮБАЕВА,

Калинов орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ғ. Мүсірепов атындағы аудан.   

СӨЗДІК ЖҰМЫСЫН БАЙЫТҚАН 

МУЗЫКА АСПАПТАРЫ

(9-сынып)

Сабақтың  мақсаты:    білімділік  –  халық  күйшісі, 

сазгері – Құрманғазыны таныту; музыка аспаптары жайлы 

мәліметтер  беру;  мәтінді  мәнерлеп  оқу,  жаңа  сөздермен 


94

95

таныса отырып, мазмұнын ашу; дамытушылық – жаңа 



сөздерден  сөз  тіркестерін  жасау,  деңгейлік  тапсырмалар 

беріп, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру; тәрбиелік 

– оқушылардың музыка өнері туралы білімін тереңдету, 

өнерді сүюге тәрбиелеу.



Түрі:  кіріктірілген  сабақ,  музыка  пәнімен  байланыс-

тыру.  Әдісі:  сөздік  жұмысы,  мәтінмен  жұмыс,  сұрақ-

жауап,  деңгейлік  тапсырмалар  орындау.  Көрнекілігі: 

слайд,  кітаптар,  қима  қағаздар.  Пәнаралық  байланыс: 

саз өнері (музыка) пәні.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру:

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгелдеу;

б) Үйге берілген тапсырманы айтқызу.



II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. - Үйге қандай тапсырма берілді?



-  Құрманғазы  Сағырбайұлы  жайлы  әңгімелеу  және 

сұрақтарға жауап беру.



-  Кім  әңгімелеп  бергісі  келеді?  (2-3  бала  әңгімелеп 

береді  және  сынып  бір-біріне  сұрақ  қоя  отырып,  жауап 

береді.)

Құрманғазы  Сағырбайұлы  (1806-1879)  –  қазақтың 

күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы 

аспаптық музыканың (күйдің) классигі. Алғашқы ұстазы 

Хан  Базар  (Орда)  күйшісі  –  Ұзақ.  Кейіннен  Ұзақпен 

бірге  ел  аралап,  домбырашылық  өнер  сайысына  түсіп, 

жұртшылық назарына ілігеді. Бөкей ордасындағы атақты 

халық күйшілері Байбақты, Байжұма, Баламайсан, Соқыр 

Есжан,  Шеркештің  күйлерін  үйреніп,  орындаушылық 

шеберлігін  шыңдады.  Ел  ауызындағы  аңыздарға 

қарағанда  Құрманғазының  алғашқы  шығармаларының 

бірі – «Кішкентай» күйі XIX ғасырдың 30 жылдарындағы 

шаруалар  көтерілісін  бастаған  Исатайға  арналған 

«Ақбай»,  «Ақсақ  киік»,  «Көбік  шашқан»,  «Түрмеден 

қашқан», «Адай» күйлерінде нұрлы болашақ, азат өмірді 

аңсаған  халықтың  үміті,  өмір  тартысы  суреттеледі. 

Халық арасында есімдері белгілі Дина, Мәмен, Көкбала, 

Меңетай, Сүгірәлі, Тоғайбай, Шора, тағы басқа ақындар 

өздерін  Құрманғазының  шәкірттері  санаған.  Күйшінің 

атымен  аталатын  қазақтың  халық  аспаптар  оркестрінің 

орындауында Құрманғазы шығармалары бүкіл жер жүзіне 

тарады.


III. Жаңа сабақтың өтілу барысы.

-  Бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы:  «Музыка 

аспаптары». Сөздік дәптерлеріңді  ашып, сөздік жұмысын 

жасауға дайындалыңдар.

1)  Сөздік  жұмысы.  (Бір  мезгілде  естиміз,  жазамыз, 

қайталаймыз, көреміз):



Үн – звук, голос;

Көзбе-көз – с глазу на глаз;

Үрмелі аспап – духовой инструмент;

Дабылды-шулы 

аспап 

– 

тревожно-шумный 

инструмент;

Ішекті аспап – струнный инструмент;

Сарнамалы аспап – заунывный инструмент;

Ең кең тараған – самый распространенный;

Өзіндік – самобытный;

Өркендеуіне – развитию;

Кәсіби өнер – профессиональное искусство;

Қалыптасу – формирование.

2) 


Қазақтың 

ұлттық 


музыка 

аспаптарымен 



96

97

танысамыз  (Музыка  аспаптарымен  мұғалім  таныстыра 



отырып,олардың  үндері  тыңдалады.  Барлық  материал 

слайд түрінде көрсетіледі).

А) Сыбызғы

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы – халық үшін ең 

сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық 

өнердің  ажырамас  бөлігіне  айналды.  Сыбызғы 

шопандардың  отар  бағып  жүрген  кезде  жалғыздығын 

жебейтін  аспап  ретінде,  ал  кешкі  демалыс  мезгілінде 

музыканттар  ол  арқылы  ескі  аңыз-жырларды  айтқан. 

Сыбызғышылар  барлық  тойлар  мен  мерекелердің 

құрметті  қонағы  болған.  Сыбызғының  кең  таралуы, 

қолданылуы  оның  қарапайымдылығымен  түсіндіріледі. 

Сыбызғыны  қуыс  талдан  жасаған,  одан  үш  саңылау 

ойған.  Сыбызғының  оңай  және  тез  жасалатынына 

қарамастан, ойнау жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер 

әдетте  екідауысты  болып  келеді.  Бір  дауыс  аспаптан 

шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты 

дыбысынан пайда болған.       

Осы  екі  дыбысты  қатар  орындау  техникасын 

меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық 

сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар.

Ә) Сазсырнай – саздан жасалған үрлемелі аспап. Үні 

ашық, нәзік болады. Сазсырнай Қазақстан аймағындағы 

Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 

табылған. Ежелде бұл аспап балалар мен жасөспірімдер 

арасында кеңінен таралған.

Б)  Жетіген  –  шертіп  ойнайтын  жеті  ішегі  бар  музы-

калық  аспап.  Тиектің  орынына  асықтарды  пайдаланған. 

XX  ғасырда  белгілі  фольклор  зерттеушісі  Болат              

Сарыбаев  жетігенді  көнекөз  қариялардың  сипаттауы 

бойынша  құрастырып,  қайта  қалпына  келтірді.  Ертеде 

жетіген  аспабын  жыраулар  жиі  қолданған  –  оның  әуені                                                                        

аң  аулауға  шыққанда  немесе  алыс  жорыққа  аттанарда 

сәттілік әкеледі деп сенген.

В)  Шаңқобыз  –  темірден  немесе  күмістен  жасалған 

сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа 

атаулармен  көптеген  халықтарда  кездеседі.  Оның  сирек 

кездесетін бір түрі – ағаш шаңқобыз, Ол ағашқа бекітілген 

жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарады. Шаңқобыз тілдік 

аспаптар тобына жатады. Бұл аспап әр түрлі атпен (Варган, 

темір  қомыз,  шаңқобыз  және  басқалары)  көптеген 

халықтарда  кездеседі.  Ол  якуттарда,  тувалықтарда, 

хакастарда,  қырғыздарда,  түркмендерде,  өзбектерде, 

қарақалпақтарда,  дұнғанда,  башқұртта,  қалмақтарда, 

украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. 

Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға 

түрінде  бастары  жіңішкеріп  келетін  темір  аспап,  бұл  

доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге 

қойып,  ойнайды.  Дыбыс  серіппенің  тербелісі  арқылы 

шығады.  Ауыз  қуысы  аспап  резонаторын  атқарады. 

Шаңқобызды  осы  жүзжылдықтың  40  жылдарына  дейін 

Қазақстанда кездестіруге болады.

Г)  Қылқобыз  –  әлемдегі  ысқышпен  орындалатын 

ішекті  аспаптардың  атасы,  қос  ішекті  көне  музыкалық 

аспап.  Қобыздың  екі  ішегіне  және  ысқышына  аттың 

құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін 

шымырлатып,  жүректі  тербейтін  қоңыр  қою  дыбыс 

береді.  Қобыз  күйлері  халықтың  мұңы  мен  қуанышын, 

ішіндегі  сырын  айқын  суреттейді.  Ерте  заманда 

қобызда  жыршылар,  бақсылар,  емші-балгерлер  ойнаған. 

Қылқобыздың қазіргі жаңарған түрі – прима қобыз.


98

99

Ғ) Домбыра – қазақ халқының кең тараған аспаптары-



ның бірі. Қазақстанның аймақтарына байланысты күйлер 

«төкпе»  және  «шертпе»  дәстүріне  бөлінеді.  Домбыра 

аспабының  пішіні  де  осы  орындаушылық  мектептерге 

байланысты  жасалынады.  Домбыра  күйлері  –  қазақ 

халқының ішкі жан дүниесін суреттейтін туынды.

3)  Мәтінмен  жұмыс.  «Ғасырлар  сазы»  мәтінін 

оқып,аудару.

Музыка  аспаптарының  мұражайлары  көптеген 

елдерде  бар.  Қазақ  музыка  аспаптары  мұражайында                                         

«өлі» экспонат жоқ. Мұнда әр музыкалық аспаптың үнін 

естуге,  ойнау  тәсілімен  көзбе-көз  танысуға  мүмкіндік 

жасалған.  Музыкалық  аспаптардың  ойналу  сипатына, 

дыбысына қарай төрт топқа жіктелген. Ішекті аспаптарға 

домбыра,  қобыз,  сазген,  жетіген,  адырна  жатқызылса, 

үрмелі  аспаптарға  сыбызғы,  керней,  сазсырнай,  уілдек, 

қамыссырнай,  үскірік  жатқызылады.  Ал  дабылды-шулы 

аспаптар  тобына  дабыл,  тоқылдақ,  асатаяқ,  қоңырау, 

дауылпаз  және  тұяқтас  жатады.  Сарнамалы  аспаптарға 

ауызсырнай, сырнай  жатқызылады.

IV. Сабақты бекіту.

-  Енді  алған  білімдеріңді  тексерейік.  Қазір  біз  дең-

гейлік тапсырмалар орындаймыз.

Өз мүмкіндіктеріңе қарай тапсырма алыңдар.

1.  А1.  «Музыка  аспаптары»мәтіні  бойынша  сұрақтар 

дайында.

2. А2. «Музыка аспаптары» тақырыбына сөйлесу.

3. В1.  «Ғасырлар сазы»мәтінін әңгімелеу.

4.  В2.  3-тапсырмадағы  сөйлемдерге  синтаксистік  

талдау жаса.

5.  С1.  Берілген  жай  сөйлемдерден  жалғаулықсыз 

салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.

1)  Домбыра  -  қазақ  халқының  ең  кең  тараған  ішекті 

музыкалық аспабы.

2)  Ол  -  қазақ  халқының  өмірінде  маңызды  орын                    

алатын аспап.

3) Ол - өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.

4)  Домбыра,  негізінен,  екі  ішекті,  кейде  үш  ішекті            

болып келеді.

6. С2. «Домбыра» тақырыбына әңгіме құр.

Белгілі  бір  композиторға,  әншіге  немесе  күйшіге                     

хат жаз.

V. Сабақты  қорытындылау.

-  Бүгін  біз  сендермен  қандай  музыка  аспаптарымен 

таныстық?

Қазақ музыка аспаптары түрлерін атаңдар.

VI. Оқушылардың білімін бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Рефлексия жүргізіледі.

VII. Үй  тапсырмасы:

1. Сызба бойынша сөйлемдер құрастырыңдар.

2.  «Қазақтың  музыкалық  аспаптары»  тақырыбына 

әңгіме дайындаңдар.

3. Ішекті аспапқа сипаттама беріңдер.

 

Ішекті 


аспаптар: 

Домбыра, 

қобыз, 

жетіген. 



Үрмелі 

аспаптар: 

Сыбызғы, 

сазсырнай, 

дауылпаз. 

Дауылды-


шулы 

аспаптар: 

Дабыл, 

асатаяқ. 



Сарнамалы 

аспаптар: 

Ауызсырнай, 

сырнай. 


100

101


Меруерт ТАБЫЛҒАНОВА,

Қарағанды   қаласындағы

№53 мектеп-лицейдің           

                             қазақ тілі мен әдебиеті 

            пәнінің мұғалімі.

САУАТТЫ СӨЙЛЕТКЕН                   

БАЛУАН ШОЛАҚ

(5-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  күш  өнерінің 

иесі,қазақтың  атақты  композиторы,  ат  ойынының  түрлі 

тәсілін меңгерген  Балуан  Шолақ  туралы  мағлұмат  беру; 

дамытушылық – сауатты, дұрыс сөйлеу дағдыларын, ой-

өрісін  дамыту,  қорытынды  жасап,  өз  ойларын  тиянақты 

жеткізе білуге үйрету; тәрбиелік – ер жігіттің бір басына 

жететін осынша өнерді бойына жиған Балуан Шолақтай 

жан-жақты өнер иесі болуға тәрбиелеу.

Түрі:  іздендіру  сабағы.  Көрнекілігі:  интерактивті 

тақта,  палуандардың  портреті,    қосымша  сабаққа                 

қажетті материалдар.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Қызығушылықты ояту. 

«Ойқозғау».   Өлеңнің авторын табу.



Балуанмын қазақта күшім асқан,

Достарым алып палуан орыстардан.

«Черный Иван» атанып  он екі жыл

24 патшаның жерін басқам.

Бұл өлеңнің авторы кім?   (Қ.Мұңайтбасов)



ІІ. Үй жұмысын тексеру.     

                                                           1871ж  Ақмола обл,

       өлең                                                  Жәдік ауылында

     жазады                                                     туған

 

                                                                          қазақ 



                                                            даласының батыры

          ұлы 

       патриот                                        кәсіпқой балуан

ІІІ. Жаңа сабақ. Балуан Шолақ Баймырзаұлы.

Сөздікпен жұмыс:

Хан тауының етегінде – у подножья горы Хан;

Жауырыны жерге тимеген – не проигравший;

қабырғасын сындырды – сломал ребра;

таңқалдыру – восхищятся;

кір – гир.

Мәтінді  оқып,  аудару;  мәтінге  байланысты  әр  топ                       

бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап береді.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

Балуан  Шолақ  Баймырзаұлы  1864  жылы  Жамбыл 

облысының Хан тауының етегінде дүниеге келеді.

14  жасынан  бастап  күресіп,балуан  атанған.Азан 

шақырып қойған аты – Нұрмағанбет. 

Жауырыны  жерге  тимеген  балуан  1899  жылы  орыс 

палуаны  Иван  Кореньмен  күресіп,  оның  қабырғасын 

сындырады.  Көкшетауда  өткен  үлкен  жәрмеңкеде  51 

пұт    (830-дай)  кірдің  тасын  көтеріп,  жұртты  таң- 

қалдырады.

Балуан  Шолақ  –  ат  ойынының  түрлі  тәсілін  мең-

герген  өнерпаз.  Шауып  келе  жатқан  аттың  үстінде 

түрлі жаттығулар жасаған. 

Ол – қазақтың халық композиторы. “Ғалия”, ”Дүние”, 

 

Қажымұқан  



Мұңайтбасов 

кім? 

 

102

103


“Сентябрь”, т.б. сияқты әндердің авторы.

Алматыда Балуан Шолақ атында спорт сарайы бар.  

Мағынаны ашу кезеңі.

І топ. Кесте бойынша Балуан Шолаққа мінездеме беру.

Балуан Шолақ қандай адам еді?

Мәтіннен теріп жаз.

Алып күш иесі.

Ат өнерінің шебері.

Әнші- композитор

ІІ топ. Мәтін бойынша кесте толтыр.

Сөз


аударма синоним Сөз тіркесі

 сөйлем


ат

лошадь жылқы

жүйрік 

жылқы


Балуан Шолақ ат  

өнерін меңгерген 

бе?

Сергіту сәті.  «Қара жорға биі».



Ой-толғаныс.

І  топ.  Қажымұқан  Мұңайтбасов  пен  Балуан                          

Шолаққа бес жолды өлең жазса;

ІІ  топ.  Қажымұқан  Мұңайтбасов  пен  Балуан                          

Шолаққа хат жазады.

Рефлексия:

Венн 

диаграммасы 



бойынша 

Қажымұқан                  

Мұңайтбасов пен Балуан Шолақты салыстыру.

Қажымұқан Мұңайтбасов                  Балуан  Шолақ

                                    ортақ қасиеті

Үй жұмысы:

І топ. Мәтінді мазмұндау.

ІІ  топ.  Балуан  Шолақ  туралы  қосымша  мәліметтер 

жинау.

Бағалау.


   

   


 

Роза МАХАМБЕТОВА,

Алматы облысының

Ескелді ауданындағы

«Қарабұлақ» орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

СӨЙЛЕУ МӘНЕРІНДЕ –             

ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ

(9-сынып)

Сабақтың мақсаты: 1) еліміздің тәуелсіздігі туралы 

өз  ойын  жетік  айта  білуге,  берілген  тапсырмаларды 

инте-рактив  тақтаның  мүмкіндіктерін  қолдана  отырып,                    

дұрыс орындай білуге үйрету. Сауатты сөйлеуге дағдылан-

дыру,  сөйлеу  мәнерін  қалыптастыру;  2)  оқушылардың 

білімін, танымдық қабілетін, сауаттылығын, сөздік қорын 

дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын, ой-өрісін кеңейту; 3) 

Отанға, ел мен жерге, тілге, ұлтқа деген құрметін арттыру.



Әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жазу, талдау, бейнефильм 

көру. Көрнекілігі:  актив студия. Түрі:  пысықтау  сабағы. 



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

1.Кәсіпқой балуан. 



2.Ұлы  патриот. 

3.Цирк әртісі. 

4.Қазақ даласының 

батыры. 


 

          1.Алып күш 

шебері. 

           2.  Ат өнерінің  

шебері. 

             3. Әнші- 

композитор. 

1.Балуан. 

2.Қазақ 

халқының 

патриоты. 


104

105


1.1. Сәлемдесу.

1.2. Кезекшімен сұхбат, оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. 

1. Жаңа сөздер.   

2. Өлеңді жатқа сұрау. 

ІІІ. Жаңа сабақ.    Активстудияда жылжымалы мәтінде 

бүгінгі  күн  мен  сабақ  тақырыбы  жазылып,  жылжып 

тұрады. Сағат көрсетіліп тұрады.

1.Лексикалық минимум.

 Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасады.

- Сәлем, Даша!

- Сәлем, Максим!

-  Біз  кеше  сабақта  тәуелсіздік  туралы    әңгімелестік. 

Сен бүгін сабаққа дайынсың ба?

-  Иә,  дайынмын.  Сен  16-желтоқсанның  ерекшелігін 

білесің бе?

-  Иә,  әрине,  білемін.  Ол  еліміздің  егемендік  алған              

күні ғой.

-  Дұрыс  айтасың.  Осы  елдің  азаматы  болу  қандай 

бақыт!


-  Мен  де  өз  Отанымды  өте  сүйемін,  өскенде  еліме  

қызмет етемін.



2. Сөздік диктант:

жер  жүзі,  дүние  жүзі,  мойындаған,  қағида, 

мақұлдады, іле-шала, лезде. 

3.  Осы  сөздердің  синонимін  жазу:  оқушылар 

жазғаннан  кейін,  дұрыс  нұсқасы  ашылады,  оқушылар 

салыстырып,  сөздерді жылжыту арқылы орынына қояды.

4.  Осы  сөздердің  орысша  аудармасын  жазу:  бұл 

жұмыс та дәл осылай орындалады.



ІV. Сабақты бекіту.

Тапсырма.  Берілген  сөйлемдердің  бос  орындарын 



қажетті  суреттермен  толықтырып,  ауызша  айтып 

беру (Суреттерді бос орындарға жылжытып қояды, сонан 

соң оқушылар сөйлемді толық оқиды).

Қазақстанда  130-дан  астам      (диаспора)  тату-тәтті 

тұрады.


Біздің елімізді      ...     басқарады. 

Қазақстан      ...                 мемлекеттерімен шектеседі.

Қазақстан Республикасының    ...  -нда ... бейнеленген.              

Алматыда     ...       бар.

Тапсырма.  Берілген  сөздерді  септік  жалғауларына 

қарай бағандарға орналастырыңдар.



Қазақстанның,  мүшелігіне,  елімді,  отбасынан, 

атамекенде, 

Отаныма, 

елдермен, 

мемлекет, 

жаңалығын,  халықпен,  туған  жеріңді,  шекарасы, 

заңында, қатарларына.

Атау

Ілік Барыс Табыс

Жатыс

Шығыс Көмектес

Тапсырма.  Берілген  сөйлемдерге  синтаксистік  талдау 

жасаңдар.

Қазақстан 1991 жылы өз егемендігін алды.

Сол жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.

V. Қорытынды:

1. Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойып, білімін бекіту.

2.  Активстудияда  «Тәуелсіздік  шежіресі»  атты 

бейнефильм көру.



VІ. Бағалау.

VІІ.  Үйге  тапсырма:  1)  Отан  туралы  мақал-мәтел 

жаттау; 2) «Менің тәуелсіз елім» тақырыбына эссе жазу.



106

107


Айгүл ЕЛУБАЕВА,

Қарағанды қаласындағы

№53 мектеп-лицейдің

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІН 

ҚАЙТАЛАТҚАН – ЖАТТЫҒУ 

ЖҰМЫСТАРЫ

(3-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың жыл 

мезгілдері  туралы  алған  білімдерін  қайталау,  пысықтау, 

жаттығу  жұмыстары  арқылы  бекіту;  дамытушылық 

 білім, білік дағдыларын дамыту,  ойлау, сөйлеу дағды-

ларын  орнықтыру,  тілін  жетілдіру,  ауызекі  сөйлеу 

дағдысын қалыптастыру, дамыту; тәрбиелік – табиғатты 

қорғауға, аялауға тәрбиелеу.



Түрі:  бекіту  сабағы.  Әдіс-тәсілдері:  аударма, 

түсіндірме, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, т.б. Көрнекілігі: 

оқулық,  тақта,  жыл  мезгілдерінің  суреттері,  сөзжұмбақ, 

таратпалар, жетондар, Дымбілмес, Буратино.

Сабақтың барысы: 

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

- Сабаққа бағыттау.

- Балалар, қазір қай сабақ?

- Нешінші сабақ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Үйге қандай тапсырма берілді?



ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Жыл  мезгілдері  туралы  берілген  мақал-мәтелдерді 

сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.



-  Балалар,    бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбын 

сөзжұмбақ шешу арқылы табайық.

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

1. Қыстың соңғы айын ата.

2. Күздің бірінші айын ата.

3. Күзде жапырақтар не түстес болады?

4. Қыстан кейін келетін жыл мезгілін ата.

5. Көктемде қар не істейді?

6. Қай мезгілде жапырақтар сарғаяды?

7. Бәйшешек дегеніміз не?

8. Күзде жеміс-жидектер не істейді?

9. Жазда жапырақтар қандай?

10. Қыста адамдар жылы не киеді?

-  Балалар,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  –  жыл 

мезгілдері.  Сабағымыздың  мақсаты:  жыл  мезгілдерін  

қайталау.

Тақтадағы 

суреттермен 

жұмыс, 

суреттерге                 



байланысты сұрақтар.

- Бір жылда неше мезгіл бар?

 

Ж 

е 

л 



т  о  қ  с  а  н 

қ 

Ы 

р 

к 

ү  й  е  к 



а 

Л 

т 

ы 



н 

 

к  ө  к  т 



е 

М 

Е  р  и 

д  і 


к  ү 

З 

Г  ү  л 

п 

і 



с  е  д 

І 

ж 

а  с  ы 



Л 

к  и 


І  м 

 

 



Қыс 

көктем 

жаз 

күз 

108

109


- Қазір қай мезгіл?   - Ауа райы қандай?

-  Балалар,  тақтаға  қараңдаршы,  бізге  бүгін  қонақтар 

келіпті, олар кімдер?

- Дымбілмес пен Буратино.

-  Дұрыс  балалар,  олар  –  бүгінгі  сабағымыздың 

қонақтары.

Буратино бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға 

жетондар береді, кім көп жетон жинаса, сол жақсы баға 

алады.

Ал, Дымбілмес мынадай сөйлемдер жазып келіпті, біз 



оқып, оның қатесін дұрыстайық.

1. Жаз айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

2. Жазда жаңа жыл болады.

3. Күзде құстар ұшып келеді.

4. Көктемде жапырақтар жасыл.

5. Қыста құстар ұшып келеді.

6. Көктемде жемістер піседі.

7. Қыста балалар суға шомылады.

8. Жазда суық жаңбыр жауады.

9. Күзде жапырақтар жоқ.

Дымбілместің  сөйлемдерін  оқығанда,  оқушылар 

қатесін жөндеп, толық дұрыс жауаптарын айтып отырады.

-  Балалар,  Дымбілмес  жыл  мезгілдерін  шатастырады 

екен,  біз  бүгін  тапсырмаларды  орындай  отырып,  оған 

жыл мезгілдері туралы айтып, үйретейік.

-  Буратино  бізге,  балалар,  4  жұмбақ  әкеліпті,  біз         

соны шешейік.



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал