Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет6/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi:

Оқушылармен сәлемдесу;

Сұхбат өткізу: 

- Балалар, қазір қандай сабақ? (қазақ тілі сабағы).

- Біз қай тілді меңгереміз? (қазақ тілін).

- Алфавит дегеніміз не? (установленный порядок букв, 

ряд букв).

- Орыс тілінде неше әріп бар? (33).

- Қазақ тілінде неше әріп бар? (42).

-  Қазақ  тілінде  қандай  дыбыстар  бар?  (қазақ  тілінің  

төл 9 дыбысы).

-  Жақсы,  балалар,  бүгін  сабақта  біз  жаңа  дыбыспен 

танысамыз.  Оны  дәптерге  жазуды,  дұрыс  айтуды 

меңгереміз. Сөздік қорын молайту мақсатында тақырыпқа 

байланысты  жаңа  сөздермен  танысамыз.  Оларды  есте 

сақтауға  тырысамыз.  Сабақ  барысында  жақсы  жұмыс 

істеген балаларға әріптерді үлестіремін, кімде көп болса, 

алғыр атанады.



II.  Үй  тапсырмасын  тексеру.  Жаңа  тақырыпқа 

көшпес бұрын өткен тақырыптарды еске түсірейік.

Дыбыстарды еске түсіру:

Ә – жіңішке, дауысты дыбыс (әке).

Ү – жіңішке, дауысты дыбыс (үкі).

Ұ – жуан, дауысты дыбыс (ұя).

І – жіңішке, дауысты дыбыс (іні).

Ы – жуан, дауысты дыбыс (ыдыс).

Ғ – ұяң, дауыссыз дыбыс (сағат).

«Кім  көп  біледі?»  ойыны.  Екі  топқа  бөлініп,  төл 

дыбыстары  бар  сөздерді  айту.  Кім  көп  сөзді  білетінін 

анықтаймыз.

-  Жарайсыңдар,  балалар,  өткен  тақырыпты  жақсы 

игеріпсіңдер. Енді сергіп алайық.


78

79

Сергіту сәті:

Орынымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Басты оңға бұрамыз.

Басты солға бұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

III. Жаңа тақырыпты игеру:

1.  Сөздік  қорын  байыту  мақсатында  біз  жаңа  сөз-

дермен танысып аламыз:

Тақта – доска;

Оқушы – ученик.

Мұғалім сөздерді оқып шығады, оқушылар тыңдайды.

Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

Тізбектеп оқып шығады.

Сөз тіркесін құрастырады (үлкен тақта, Самат оқушы).

2. Тапсырмалармен жұмыс.



1-тапсырма:

1. Жаңа дыбыс пен оның әріпімен танысу.

2.  Көрнекілік  бойынша  Ққ  әріпінің  баспа  және                          

жазба түрімен таныстыру.

Сурет бойынша сөздерді оқу. 

Оқу, аудару.

Тізбектеп оқу.

Сөз тіркесін құрастыру (Қанат оқушы, сұр қоян, ақ қар, 

Кира – қыз бала, екі қуыршақ, қаз бар).

Ережені есте сақта.

Ққ  –  твердый  согласный  звук  (қатаң,  дауыссыз   

дыбыс). Ққ употребляется в словах с твердыми гласными. 

Например: Қанат, қар, қызық, ақ.

Ққ қандай дыбыс?

Қандай сөздерде кездеседі?

2-тапсырма:  Тыңда,  қайтала.  Төмендегі  сөздерді 

қайталай отырып, Ққ дыбысын дұрыс айтқызып үйрету. 



Қанат, қоян, қаз, Қарлығаш, қар, қалам, қуыршақ, тақта, 

оқушы, қыз. 

1. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар сөзді тізбектеп айтып шығады.

3. Мұғалім Ққ дыбысын айтып жаттықтырады.



«Жылан  сөздер»  ойыны.  Балаларды  екі  топқа 

бөлеміз.  Әр  оқушы  Ққ  дыбысы  бар  сөздерді  айтады. 

Сөздерді тізбек бойынша айтамыз. Қандай топ есіне көп 

сөз сақтады екен?



3-тапсырма:  Сөйлеп үйрен.

1. Сөздікпен жұмыс.



Оқы – читай;

Жаз – пиши.

2.  Оқушылардың  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру 

мақсатында  «пирамиданы»  құрастырамыз.  Ауызша 

жұмыс.


Оқы. 

 

 

  Жаз.

Кітап оқы.  

 

  Дәптерге жаз.

Қанат, кітап оқы.  

  Сара, дәптерге жаз.

3. Практикалық жұмыс. 



Қалам.

Қара қалам.

Қара қалам жазады.

4.  Оқушыларды  үлгі  бойынша  сөйлем  құрастыруға 

үйрету.

4-тапсырма.  Жаңылтпашты  тыңда,  тез  айтып  үйрен. 

Сайыс  өткізу.  Жаңылтпашты  кім  тез  және  дұрыс  айта 

алады?

5-тапсырма.  Ққ  әріпінен  басталатын  сөздерді                        


80

81

біліп  ал.



1. Сурет бойынша жұмыс.

2.  Әр  сөзді  мұғалім  өзі  айтып,  оқушыларға  қайта-

латады.

3.  «Сөздерді  тап»  ойыны.  Мұғалім  оқушыларға 



әріптері бар кестені көрсетеді, оқушылар Ққ дыбысы бар 

сөздерді тауып айтады. Қай оқушы көп сөзді тауып алады, 

алғыр атанады. 

Қ

З



У

Ы

Т



А

У

Ы



А

Қ

А



Р

Ы

Қ



О

Я

Н



М

р

А



З

А

Қ



А

Ш

Р



Ы

Қ

Ы



Қ

А

Б



А

р

Ы



Қ

Қ

Ы



З

Л

Ы



Қ

6-тапсырма: Тыңда, қайтала.

Менде және сенде түсініктерін бекітіп, жоқ және бар 

сөздерін қайталау. 

Практикалық жұмыспен тапсырманы жалғастыру. Оқу 

құралдарын күтіп ұстау керектігін түсіндіру.



IV. Жазу үлгісі:

1. Ққ әріпінің жазылуын үйрету.

2. Оқушылар Ққ әріпін дәптерлерге жазып үйренеді.

V. Сабақ бекіту.

Ққ дыбысы қандай дыбыс?

Ққ әріпі бар қандай сөздерді естеріңе сақтадыңдар?

VI. Сабақты қорытындылау:

Сабақта не туралы сөйлестік? Нені білдіңдер? Көңіл-

күйлерің қандай? Кеспелерді санау, білгірді анықтау.

VIII. Үйге тапсырма беру:

Жаңа сөздерді жаттау.

Ережені  білу.

                                               

 Мөлдір ТАПАҚОВА, 

Орал қаласындағы 

№13 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

«К «,  «Қ « ДЫБЫСТАРЫ

(түзету сыныптары)

Сабақтың  мақсаты:  «К»,  «қ»  дыбыстарын  дұрыс 

айта, жаза білуге үйрету, тіл тазалығына көңіл бөлу, қазақ 

тілінің фонетикасы туралы білімдерін жетілдіру,  «к» ,«қ» 

дыбыстарын  ажырата  білуге  үйрету,  балалардың  есту 

қабілетін дамыту,  «к» , «қ»  дыбыстарының сөз ішіндегі 

орынын  анықтау,  оқушылардың  ақыл-  ойын,    зердесін, 

тапқырлығын, ауызша сөйлеу әрекетін дамыту, дыбыстық, 

сөздік талдаулар жасау.



Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, топтастыру, ойын әдісі. 

Көрнекілік: белсенді тақта, слайдты суреттер.

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру 

кезеңі: 

амандасу, 

түгелдеу, 

психологиялық  дайындық,    балаларды  сабаққа 

жұмылдыру. 

Дыбыстарды  қайталау.  Оқушылар  берілген  сұрақтар 

бойынша дыбыстарды еске түсіреді:

- Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

- Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?

- Ал дауыссыз дыбыстар ше?

                                                  

                                              



82

83

Дауысты                                                         Дауыссыз



Жаңа сабақ. Бүгін біз дыбыстар тақырыбын әрі қарай 

жалғастырамыз.  «К»,  «қ»  дыбыстарымен  танысамыз. 

Белсенді тақтадан « к» , «қ» дыбыстарын көрсетіп, емлесі 

туралы айтып кету. Бүгінгі сабағымызға қарға, сауысқан, 

шағала, торғай, қаз қонаққа келіпті (слайдтан суреттерін 

көрсету).

Қарға қалай әндетеді? -  қарқ-қарқ.

шағала                              шаңқ-шаңқ 

сауысқан                          саңқ-саңқ 

торғай                               шиқ-шиқ

қаз                                     қаңқ-қаңқ

Буындар құрау:

            А                                               Е

Ы                   О                          Ө                       І

            Ұ                                                  Ү

Мұғалім                      Оқушы

Қа                                    кә

Қо                                   кө

Құ                                   кү

Қы                                   кі

ақ                                   әк



Жазба жұмыстары:

1-тапсырма. «Қай дыбысты жоғалттым?». Белсенді 

тақтадан  «к»  ,  «қ»    дыбыстарын  дұрыс  тауып,  сауатты 

жазу. 


2-тапсырма.  «Жалғасын тауып жаз».

атылады...  (оқ).

Сабақты...  (ұқ).               

Ағашты...  (ек).                      

Бидайды...  (үк).                                              

Сиырды айдаймыз... (өк).

Қағаз...  (ақ).

3-тапсырма. «Сөз ойла, тез ойла».

 «К»  дыбысынан келетін киімдер:  көйлек, кимешек. 

«Қ»    дыбысынан  келетін  мамандық:    құрылысшы, 

қойшы.

«К»  дыбысынан келетін тамақтар:  көже, кеспе.



«Қ»    дыбысынан  келетін  ойыншықтар:    қуыршақ, 

қонжық.


Сергіту« Мен бастайын, сен қоста» ойыны. 

Тау (ық).     Бал (ық).  Ине (лік).  Су (ық).   Шы (бық).  

Көй (лек).  Үй (рек).

Сабақты бекіту:  Жұмбақ айтып, шешімін тапқызу.

«К» -ден басталып, «к»- ден аяқталатын құс  (көкек).

«Қ»  -дан  басталса  –  дене  мүшесі,  «б»-  дан  басталса 

таудағы мөлдір су  (құлақ- бұлақ).

«Қ»- дан басталса – ыдыс түрі, «Қ»- ны алып тастасақ  

– ойынның бір түрі (қасық- асық).



Үйге тапсырма: «К» , «Қ»  әріптері кездесетін мақал- 

мәтелдерді жазып, жаттап келу.

 

Дыбыстар 

 

Қ 



 

К 


84

85

Айгүл  ХАСЕНОВА,



Павлодар облысының

Ақсу қаласындағы

№7 орта  мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

МЕНІң  ОТАНЫМ – 

ҚАЗАҚСТАННЫң ЖАңА СӨЗДЕРІ

Сабақтың    мақсаты:  1)  оқушылардың    Отан,    ел  

туралы    түсініктерін    молайту,    сұрақтарға    тиянақты,  

нақты  жауап  беруге,  ойын  ауызша  айта  білуге  үйрету; 

2)  мәтінді    мазмұндауға    дағдыландыру,    жаңа    сөздер  

арқылы    сөздік    қорларын    молайту,    логикалық    ойлау  

қабілеттерін  дамыту; 3) әр  оқушыны  өз  Отанын,  елін,  

жерін  сүюге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  кестелер,    суреттер.  Әдіс-тәсілдері: 

сұрақ-жауап,  әңгімелеу,  жұптық  жұмыс. Түрі:  аралас  

сабақ. Пәнаралық  байланыс: бейнелеу  өнері, музыка.

Сабақтың  барысы:  

І.  Ұйымдастыру    кезеңі.    Сәлемдесу.    Оқушыларды  

түгелдеу,  сабаққа  дайындықтарын  тексеру.  (Сынып  3  

топқа  бөлінген.  Әр  топтың  топ  басшысы  сабақ  соңында  

оқушыларды  бағалайды).



ІІ.  Психологиялық    тренинг.  (Сабақтың    басындағы  

көңіл-күйлерін  белгілеу.  Соңында  қандай  болатынын  

салыстыру).

ІІІ. Үй  жұмысын  тексеру (туған  жер,  Отан  туралы  

сурет  салу).  Балалар  өз  суреттерін  қорғайды.

Оқушыларға  сұрақ:  - Балалар,  неге  сендерге  осындай  

тапсырма  берілді?  

Оқушылар  тақырыпқа  өздері  шығады.  Мақсатын  да  

өздері  айтуға  тырысады.

Мұғалім    тақырыбы    мен    мақсатын    тағы  да  өзі 

қайталап,  айтып  өтеді.



ІV. Жаңа  сабақ.

1. Мәтінмен  жұмыс.

Менің  Қазақстаным

Қазақстан  –  тәуелсіз,  егеменді,    көп    диаспоралы  

мемлекет.    Астанасы  –  Астана    қаласы.    Қазақстанның  

тұңғыш  Президенті – Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев. 

Қазақстан  1991  жылы 16 желтоқсанда  тәуелсіздігін  алды.  

Мемлекеттік  туы, елтаңбасы,  әнұраны,  валютасы,  Ата  

заңы  бар. Қазақстанның  мемлекеттік  тілі – қазақ  тілі.  

Біздің  Отанымыздың  жері  үлкен  және  бай,  табиғаты  өте  

сұлу. Қазақ  жері  Ресей,  Қытай,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  

Түркіменстанмен    шектеседі.    Біздің    Республикамыз  

күннен-күнге  өсіп - өніп,  гүлденуде.

Сөздік  жұмыс:

Көп диаспоралы – многодиаспорный;

Тәуелсіз – независимый;

Шектеседі – граничит;

Өсіп-өну – развиваться;

Күннен-күнге – изо  дня в день;

Егеменді – суверенный.

Тапсырмалар:

1. Мәтін  бойынша  сұрақтар  қою.

2. Мәтін  бойынша  диалог  құрастыру.

3. Мәтінді  аудару.

2.  Сұрақ.    Қазақстан    қандай    мемлекет?  Оқушылар  

тақтаға  шығып  кластер  сызады.


86

87

                тәуелсіз        егеменді          бай        



гүлденген

                                                                        өркениетті

           көп 

   диаспоралы

        экономикасы      демократиялы        бейбітсүйгіш

           дамыған          



Өркениетті – цивилизованное;

Бейбітсүйгіш – миролюбивое.

Сергіту  сәті (күй  тыңдалады).

3. Отан,  туған  жер  туралы  қандай  мақал-мәтелдер  

білесіңдер?(оқушылар  білген    мақалдарын    кезек-кезек 

айтып  береді).



Ойын.  Мақал-мәтелдерді  жалғастыр (Мақалдың  басы  

жазылады, оқушылар  аяқтайды).

Егілмеген  жер  жетім, ...

Туған  жердей  жер  болмас, ...

Аққу  көлін  аңсайды, ...

Отансыз  адам,  ...

Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  ...

Ел – елдің  бәрі  жақсы, ...

4.  Берілген    сөздермен    сөйлем    құрастырып,  

дәптерлеріне  жазу.

Мемлекет,  тәуелсіз,  көп  диаспоралы  Қазақстан.

Қазақ,  тілі,  мемлекеттік,  Қазақстанның,  тілі.

Үлкен,  бай,  және,  жері,  Қазақстанның.

Гүлденуде, күннен-күнге,  Қазақстан.

5. Берілген  мақалдарды  қазақшаға  аудару.

Человек  без  Родины,  как  соловей  без  леса.

Родная  земля – золотая  колыбель.

Родина жарче  огня.

И  лук  на  Родине  сладок.

6.  Оқулықпен  жұмыс.  

Синоним    сөздерді    оқу,    аудару.    Отан    сөзінің  

синонимдерін  табу. Синонимдік  сөздікпен  жұмыс.

Отан – туған  жер,  туған  ел,  атамекен.

Сөздермен  сөйлем  құрастыру.



Сабақты  қорытындылау: 

І.  Бағалау    (топ    басшылары    бағалайды,    соңында  

мұғалім  өзі  бағасын  береді).



ІІ. Үй  тапсырмасын  беру.  Отан  туралы  өлең  жаттау.

ІІІ. Психологиялық  тренинг.

 

Қазақстан 

   

   


 

Раушан АЛЧАБАЕВА,

Алматы қаласындағы

№78 мектеп-гимназияның

мұғалімі.

СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ МЕН                    

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Сабақтың мақсаты: ата-бабаларымыздан қалыптасып 

келе  жатқан  салт-дәстүрлерді  ұғындыру.  Міндеттері: 

қазақ  тіліне,  дәстүріне  деген  қызығушылықтарын 

арттырып,  сөйлеу  қабілеттерін  дамыту;  оқушыларды 

қазақ  халқының  салт-дәстүрі  мен  әдет-ғұрыптарымен 

таныстырып, дүниетанымын кеңейту, халықтық дәстүрді 

сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.


88

89

Типі (түрі): жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, 

жазба жұмысы. Сабақтың дидактикалық қамтамасыз 

етілуі: кестелер, үлестірмелі кәртішкелер, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу;

ә) бар-жоқтарын түгелдеу;

б)  оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару,  тазалыққа 

көңіл бөлу.

ІІ. Өзектілігі.

1. Тіл дамыту сәті.

- Бір жылда қанша мезгіл бар?

- Қазір қай мезгіл?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Бір аптада қанша күн бар?

- Қазір қандай сабақ?

- Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?

2. Ой қозғау. 

Қайталау – білім анасы. 

                                 Қазақстан 



                              Республикасы

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың эпиграфы: «Салт-дәстүрім - қазынам».

Мұғалім:  -  Қазақ  халқының  және  әр  ұлттың  өзіндік 

ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің 

тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті 

сөздерінен бастау алады. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың 

тақырыбы қазақтың салт-дәстүрлері жайында болмақ. Қазақ 

халқы  –  салт-дәстүрге  өте  бай  халық.  Соның  бірі  –  бала 

тәрбиесіне байланысты салттар. 

Мұғалім:  -  Балалар,  бүгінгі  сабақта  «шілдехана», 

«бесікке бөлеу», «қырқынан шығару» рәсімі туралы біраз 

айтып өтейік. 

Оқушы:  -  «Шілдехана»  -  жаңа  туған  нәрестенің 

құрметіне  жасалатын  той.  Дастархан  жайылып,  жастар 

домбыра  тартып,  ән  салып,  ұлттық  ойындар  ойналады. 

Шілдехана  думанды  болса,  сәби  сергек,  қызықты  өмір 

сүреді деген сенім бар. 

Оқушы: - «Бесікке бөлеу». Кіндігі түскен баланы бес 

күннен кейін бесікке бөлейді. Бесік – қасиетті, құтты мүлік, 

сәбидің  алтын  ұясы  болып  есептеледі.  Баланы  бесікке 

бөлерден бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік 

 

Мемлекеттік 



рәміздер 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаев 

Мемлекеттік 

тіл 


Мемлекет 

Отан 


Жері 

байдың – 

елі бай 

Таулар 


Көлдер 

мен 


өзендер 

Астана 


 

Бала тәрбиесіне 

байланысты                   

салт-дәстүрлер 

 

Қырқынан 



шығару 

Бесікке 


бөлеу 

Шілдехана 

Сүндет той 

Тілашар 


Тұсау кесу 

Ат қою 


90

91

жабдықтарын орын-орындарына қояды. Баланың ұйқысы 



тыныш болу үшін және жын шайтанды қуу мақсатымен 

бесікті адыраспанмен аластатып шығады. 

Баланы  бесікке  бөлерден  бұрын  тыштырма  ырымы 

жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит 

және  басқа  тәтті  дәмдер  астына  тосылған  алақандарға 

тасталады.  «Тышты  ма?»  дегенде,  қасындағы  әйелдер 

«Тышты» деп шу ете түседі. Бала бөленген бесіктің үстін 

жеті нәрсе: бесік көрпе, шапан, кебенек, тон, жүген және 

қамшы  сияқты  бұйымдармен  жабады.  Осындай  қуаныш 

үстінде бесік жырын айтады. 

Мұғалім:  -  Балалар,  сендер  бесікке  бөлеу  рәсімін 

көрдіңдер. Осыған орай сұрақтарға жауап беріңдер. 

Сұрақтар:  

1. Бесік дегеніміз не?

2. Бесікке бөлеу жолы кімге тапсырылады?

3. Ол кісі не істейді?

4. Осындай қуаныш үстінде не айтылады?

Мұғалім:  -  Келесі  салт-дәстүріміз  –  «Қырқынан 

шығару».

Оқушы: - Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. 

Бұл  ұл  баланың  қызға  төлейтін  қалың  малы  аз  болсын 

деген ниетте істеледі. Қыз баланы 40 күннен асырып, 42-

44 күнде қырқынан шығарады. Бұл кәдеге жиналған ауыл 

әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер салған суға 

баланы  шомылдырады.  Баланың  тырнағын  алып,  адам 

баспайтын  жерге  көміп  тастайды.  Шашты  шүберекке 

түйіп,  тұмарша  етіп  тігіп,  баланың  оң  иығына  қадайды. 

Жалпы, баланың шашын еш уақытта ашық-шашық жерге 

тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. 

ІV. Біліміңді байқап көр.

1)  Мына  тор  көздің  ішінде  сөздер  жасырылған,  оларды 

тауып, аудармасын айтыңдар.

с

т

д



ә

с

т



ү

р

н



а

ы

и



т

ж

е



е

е

ә



қ

р

н



а

қ

й



д

т

р



и

н

а



қ

а

б



ы

с

е



т

о

м



ы

р

а



р

ғ

а



е

г

е



ш

т

қ



т

о

й



сақина – кольцо;

тегеш – тазик;

тырнақ – ногти;

омыртқа –позвоночник;

дәстүр – традиция;

итжейде – первая рубашка;

қабырға – ребро;

нәресте – ребенок;

той – праздник.

2) Дәптермен жұмыс. 126-бет, 3-тапсырма.

Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне 

аударыңдар.  

V. «Мақал – сөздің мәйегі».



«Өз  жұбыңды  тап»  ойыны.  Мақал-мәтелдерді                      

дұрыс құрастырыңдар.

Ана сүті бой өсіреді, 

   Атаңның салтын ұмытпа.

Ананың көңілі балада, 

   Баланың тілі – бал.

Ананың сүті – бал,  

   Салт бұзған сорлайды.

Ант бұзған оңбайды, 

   Баланың көңілі далада.

Алты жыл аш болсаң да,     Ана тілі ой өсіреді.

 


92

93

VІ. Сөзжұмбақты шешу.



1. Нәресте деген сөздің синонимі.

2. Мына мақалда қандай сөз жетіспейді?

Балалы үй –  ....... ,

Баласыз үй – мазар.

3. Сәби дүниеге келгенде қандай той өткізеді?

4. Бала бірінші сыныпқа барарда қандай той жасайды?

5. «Кісі» сөзінің синонимі.

6. «Отбасы» сөзінің синонимі.

7. Нағашылар бесік әкелгенде қандай той жасайды?

8. Бала жүре бастағанда қандай той жасайды?

9. Мына мақалда жетіспейтін сөзді жаз:

Ананың ... – бал,

Баланың тілі – бал.

10.  Баланы  қырқынан  шығарғанда  қанша  қасық  суға 

шомылдырады?

VІІ.  Екі  дәстүрді  Венн  диаграммасы  бойынша 

салыстыру.

VІІІ. Сабақты қорыту.



Мұғалім:  -  «Салт-дәстүрім  –  қазынам»  деп  қазақ 

халқы  тегін  айтпағанына  көзіміз  жетті  деп  ойлаймын. 

Балалар, бүгін біз сабақта қазақ халқының бала тәрбиесіне 

байланысты қандай салт-дәстүрлерімен таныстық?

ІХ. Үйге тапсырма.  

Салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу. 

Х. Бағалау.

ХІ. Рефлексия.  

«Жаса, Қазақстан» әнімен сабақты аяқтаймыз.

   


                              

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

   


 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал