Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет5/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ТОЛАҒАЙ 

 

Қазіргі заман 



адамы 

Интерактивті сабақ

     Гүләнда КЕНЖЕҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қаласындағы

№17 мектеп-гимназияның 

қазақ тілі  мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

АҚТӨБЕ: КЕШЕ, БҮГІН,                    

ЕРТЕң

Мақсаты:  Ақтөбе  қаласының  тарихы  туралы 

білімдерін толықтыру, оқушылардың тілін дамыту, сөздік 

қорын байыту,шығармашылыққа баулу.

Цели урока: расширить знакомство с историей города, 

развивая  знание  государственного  языка,  совершенство-

вать навыки сбора и применения информации, развивать 

речь  учащихся,  свободное  владение  казахским  языком, 

воспитывать любовь к родному городу, межнациональное 

согласие.



Көрнекілік:  интерактивтік  тақта,  компьютер, 

суреттер,  кітаптар,  карта,  сөзжұмбақ.  Оборудование: 

административная карта Казахстана, выставка книг, фильм 

«Мой город на белом холме», презентация фотовыставка, 

таблички с датами и терминами, маркеры, кроссворды.

Сабақ барысы:

Ход урока:

Ата қоныс – алтын мекен.

Организационный момент. 


62

63

Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушылармен  амандасу,  



түгелдеу.

Қазақ  тілі  пәнінің    мүғалімі:  -  Бүгінгі  біздің 

сабағымыз  –  интеграциялық  сабақ.  «Интеграция» 

деген сөз нені білдіреді екенін кім айтып береді? Дұрыс 

«интеграция»(бірігу),  кіріктіру,  біріктіру  деген  ұғымды 

білдіреді.  Бүгінгі  сабақты  екі  мұғалім  өткізеді  және 

сабағымыз көрініс ретінде өтеді.

Көрініс көрсететін оқушылар: 

Марк - Германиядан келген қонақ.

Әнуар - Омскіден келген оралман.

Азамат - Ахмет Жұбанов.

Әлібек - Құдайберген Жұбанов.

Әлкен - Нұрпейіс Байғанин.

9 «Б» сынып оқушылары.

Учитель  истории:  -  Наш  урок  необычен,  это 

интегрированный урок .А знаете ли вы, ребята, что означает 

слово «интеграция»? Верно, это слово означает слияние 

частей  в  целое  или  сотрудничество.  Сотрудничество 

может  быть  в  экономике,  науке,  культуре.  Сегодня  мы 

углубим свои познания в казахском языке через изучение 

истории родного города, мы дополним то, что узнали в 8 

классе рассказом  о его настоящем и будущем.  Урок будут 

вести сразу два учителя и мы предлагаем вам совершить 

инсценированную экскурсию во времени и пространстве. 

Учитель  истории:  -  Итак,  наши  герои:  коренной 

горожанин Владимир, оралман Ануар, гость из дальнего 

зарубежья Марк, герои эпохи XX века, ученики  средней 

школы- гимназии № 17.

Қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі:  -  Сонымен,  біздің 

кейіпкерлеріміз: жергілікті тұрғын – Владимир, оралман 

Ануар,  шет  елден  келген  қонақ  –  Марк,  №17  мектеп-

гимназиясының оқушылары.

  Ақтөбе  қаласының  теміржол  вокзалында  Германия 

мен Ресей тұрғындары Марк пен Ануар кездеседі.

Ануар:  -  Извините,  пожалуйста.  Я  хочу  переехать 

в  город  Актобе  из  Омска,  но  я  ничего  не  знаю  об  этом 

городе, плохо владею казахским языком. Вы не смогли бы 

мне помочь. 

Марк: - Я раньше жил в этом городе. Потом переехал 

в Германию, но здесь живут мои друзья, одноклассники. 

Может мы сходим  в мою бывшую школу, встретимся с 

моими одноклассниками. Они вам подробно расскажут о 

городе Актобе и помогут выучить казахский язык.

Встреча  в школе - оралман Ануар (объяснение), гость 

из дальнего зарубежья Марк.

Оралман обращаясь к учащимся: - Я совсем ничего не 

знаю о городе, он молодой или старинный?

А  еще  мне  хочется  научиться  родному  языку,  ведь  я 

жил в России и знаю лишь бытовую речь.

Қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі:  -  Ақтөбе  қаласының 

тарихымен  9 «Б» класс оқушысы Вова таныстырады:

- Мен сіздермен қазақ тлінде сөйлесемін және Ақтөбе 

қаласының тарихын қазақ тілінде айтып беремін, өйткені 

қазақ тілін мен бірінші сыныптан бастап оқимын.

1-3  слайд    (Ақтөбе  қаласының  бекінісі,  түйе 

үстіндегі  кісі,  синематограф,  қаланың  бірінші  басшысы 

Мощенский).


64

65

Қазақ  тілі  пәнінің  мүғалімі:  -  Бүгінгі  Ақтөбе  туралы 



Даша мен Аня айтып береді.  

4-10  слайдтар  (темір  жол  вокзалы,    «Октябрь»  к/т, 

Әбілқайыр  хан  даңғылы,    АЗФ,  АЗХС  зауыттары, 

пединститут, медакадемия.) 

Гость  из  зарубежья  Марк:  -  А  кто  из  великих 

личностей  жил  в  нашем  городе,  кому  поставлены                                                       

памятники в последнее время?

Марина  белгілі  ақтөбеліктер  туралы  айтып  береді.               

(Ахмет  және  Құдайберген  Жұбановтар,  Нұрпейіс 

Байғанин,  Әлия Молдағұлова).

11-15 слайдтар. Ескерткіштер.

Учитель истории: - Представьте ребята, что мы с вами 

попали  в  30-е  годы  прошлого  века,  годы  становления 

Советского Казахстана и встретились с героями той эпохи.

Сценка - за столом братья Жубановы – рассказ о своем 

времени  и  себе,  народный  акын  Нурпеис  Байганин  – 

обращение к потомкам  на казахском языке  (национальный 

костюм, звучит мелодия песни акына).

Стихи «Мой Актобе». Читает ученица Луиза.

Темирлан:  -  Ребята,  а  давайте  помечтаем  о  будущем. 

Что ждет наш город через 10-20 лет?

-  Я  знаю,  что  сейчас  в  Актобе  проживают  407  тысяч 

жителей,  а  в  планах  через  20  лет  наш  город  должен 

стать  городом-миллионером.  Он  будет  красивым, 

зеленым  и  чистым  городом.  В  нем  будут  построены 

новые  предприятия,  вузы,  центры  культуры.  Будет 

построен  новый  стадион  на  20  тысяч  зрителей,  бассейн 

с 50-метровой дорожкой для заплыва, теннисный центр. 

Через область пройдет крупная транспортная магистраль 

Западная  Европа  –  Западный  Китай.  А  это  значит,  что 

появятся новые рабочие места, новые предприятия сферы 

услуг. Марк, может и ты будешь по этой дороге работать 

с нами, тогда тебе точно нельзя забывать казахский язык.

Ануар: - Ребята, спасибо,  я действительно много узнал 

о городе и его замечательных людях, мне хочется быстрее 

научиться родному языку, владеть им так же хорошо, как 

вы. Вы возьмете меня в свой класс?

Владимир:  –  Наш  одноклассник  Витя  подготовил 

интересный кроссворд об истории нашего города. Давайте 

проверим, что мы узнали о городе и его героях.

III.  Закрепление.  Работа  над  кроссвордом  (на 

интерактивной доске или на ватмане маркером).

Қазақ тілі пәнінің мүғалімі: - Сабағымызды сөзжұмбақ 

шешіп  бекітеміз.  Осымен  сабағымыз  аяқталды. 

Барлығыңыз сабаққа белсенді қатыстыңыздар. Рахмет!

Бағалау.


Учитель истории - Рефлексия:

-  если  вы  узнали  что-то  новое  для  себя  -  сделайте  1 

хлопок;

- если вам понравилась наша экскурсия во времени и 



пространстве - сделайте 2 хлопка;

- если вам захотелось продолжить собирать и изучать 

историю своей малой родины - сделайте 3 хлопка.

В  заключение  звучит  песня    «Мой  город  на  белом 

холме», ученики вручают подарки (кроссворды) гостям.


66

67

Желтоқсан жаңғырығы



Әлия СЫЗДЫҚОВА,

Әлия БАЙСҰНОВА,

Қызылорда облысының

Шиелі ауданындағы

Г.Н.Ковтунов атындағы 

№252 орта мептептің мұғалімдері.

ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІКТІң 

ҰЛЫ РУХЫ

1-жүргізуші:

Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты,

  Арнасынан аққан өзен сияқты.

  Арынды күй махаббатты шертеді,

  Туған жерге, Отаныма шуақты.

Тәуелсіздіктің 

22 


жылдығына 

байланысты                

«Желтоқсан  –  тәуелсіздіктің  ұлы  рухы»  атты  сайыс 

кешімізді ашық деп жариялаймыз.



2-жүргізуші:  -  Құрметті  ұстаздар,  оқушылар. 

Сіздерді  еліміздің  ең  атаулы  мерекесі  –  16-желтоқсан  – 

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, 

отбастарыңызға амандық тілейміз!

Қанша  жыл,  қанша  ғасыр  өтсе  де  ұмытылмайтын 

оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен 

байланыстығында,  1986  жылғы  Желтоқсан  көтерілісі  – 

ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап 

кеткен тарихи оқиғалардың бірі.

1-жүргізуші:  -  1986  жылғы  Желтоқсан  көтерілісі  – 

XX ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі 

сақталады.

«Желтоқсан желі» атты бейнемонтаж көрсетіледі.



2-жүргізуші:

Бұрқатып өткен бұл халық мұңы,

  Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.

  Желтоқсан таңы жадырап қайта

  Ғасырдың бүгін нұрланды күні.



2-жүргізуші:

Желтоқсан таңы, дірілдеп ызғар

  Жүректе – жылы үміт пен ізгі ар.

  Ақ құстай бейбіт орманы самғап,

  Алаңға шықты жігіттер, қыздар.



1-жүргізуші:  -  8  «А»  сынып  оқушысы  Төлегенов 

Нұрболдың орындауында – «Қазақ қызы» әні.



1-жүргізуші:  -  Бүгінгі  сайыс  –  білім,  өнер, 

шығармашылық ізденіс:

1. Таныстыру;

2. «Кім тапқыр?»;

3. «Желтоқсан желі»;

4. «Мың бір мақал»;

5. «Жеті жұмбақ»;

6. «Мен – егеменді елдің болашағымын».



2-жүргізуші:

- Шалқытып мерекені қарсы алайық,

  Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

  Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

  Әділқазы алқасымен танысайық.


68

69

1.________________________



2.________________________

3.________________________

4.________________________

5.________________________

6.________________________

1-жүргізуші:  -  Әділқазылар  алқасымен  танысып 

болсақ,  сайысымызды  бастайық.  «Әдепті  елдің  баласы 

алыстан сәлем береді».

1-кезең  –  таныстыру  кезеңі.  Әр  топ  жетекшісі  топ 

атымен таныстырып, ұранын айтады.



2-жүргізуші: - Ертегілер елінде кім болмапты?

2-кезең. «Кім тапқыр?» ойынын бастайық.

(«Алдар көсе» ертегісі көрсетіледі).

Ойынның  шарты:  Қазір  қыс  мезгілі  болғандықтан, 

сіздерге  Алдар  Көсе,  «Сиқырлы  тон»  ертегісі  экраннан 

көрсетіледі, осы ертегі бойынша берілген мәтіннен қатені 

табуларыңыз  керек.  Әр  топқа  мәтіні  бар  парақшалар 

таратылсын.

1-жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар

  Тыңдаушының құлағын кесері бар.

  Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

  Тыңдағанда  көңілдің  өсері  бар,-  деп  атамыз  Абай 

айтқандай,  сахнаға  5  “В”  сынып  оқушысы  Мақсұтова 

Нұрайды «Сарыжайлау» әнімен шақырамыз.



2-жүргізуші:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

  Лаула, лаула, желтоқсанның мұзда жанған алауы!

  Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

  Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 

                                                            (М.Шаханов).

3-кезең  –  «Желтоқсан  желі»  атты  көрініс  көрсету 

байқауын  бастайық  (әр  топ  желтоқсан  оқиғасына 

байланысты көрінісін көрсетеді).

1-жүргізуші:

Көңіл күйді жасаған да – желтоқсан,

  Жаңа ғұмыр бастаған да – желтоқсан.

 Жас өмірін жастардың

 Абақтыға тастаған да – желтоқсан.

 Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира өмірлерін

 Ерте қиып тастаған да – желтоқсан.



2-жүргізуші:  -  «Мың  бір  мақал»  ойынымызды   

ойнайық.  Ойынның  шарты:  қазақ  ауыз  әдебиетінің  бір 

түрі  –  мақал-мәтелдердің  алғашқы  сыңары  айтылады, 

екінші сыңарын ойынға қатысушылар табуы керек.



1-жүргізуші: -

1. Туған жердей жер болмас, ...

2. Отан отбасынан ...

3. Отансыз адам –  ...

4. Отан үшін отқа түс ...

5. Ырыс алды – ...



2-жүргізуші: - 

6. Өзге елде сұлтан болғанша, ...

7. Ынтымақ түбі – ...

8. Туған жердің қадірін ...

9. Ел-елдің бәрі жақсы, ...

10. Отан – оттан ...



70

71

1-жүргізуші: 



Асқар тауым, жазық далам, орманым,

 Туған өлкем – жерұйығым, жұмағым,- демекші, 8 «А» 

сынып  оқушысы  Әлиева  Маржанның  орындауында  күй 

тыңдайық.



2-жүргізуші:

Таразылар талқылап,

  Алдында тұр асқар сын.

  Ортаға шық, жас ұлан,

  «Жеті жұмбақ» сайысы басталсын.

Бұл  сайыстың  мақсаты:  берілген  санды  таңдап  алып, 

сол санның сұрағына жауап беру:

1.  Қазақ  тілі  пәнінен  сұрақ:  Қазақ  тілі  қандай  тілдер 

тобына жатады?

2.  Жағрафия  пәнінен  сұрақ:  Қазақстанның  қандай             

көне қалалары бар?

3.  Қазақ  әдебиеті  пәнінен  сұрақ:  Абай  Құнанбайұлы-

ның қандай өлеңдерін білесіңдер?

4.  Тарих  пәнінен  сұрақ:  Қазақстан  Республикасының 

10 жылдығы қашан тойланды?

5.  Жағрафия  пәнінен  сұрақ:  Біздің  еліміз  қандай 

материкте орналасқан?

6.  Қазақ  тілі  пәнінен  сұрақ:  «Рәміздер»  сөзі  қалай 

аударылады?

7. Тарих пәнінен сұрақ: Н.Ә.Назарбаев Елбасы болып 

қашан сайланды?



1-жүргізуші:

Тәуелсіздік – достығымыз,

  Ынтымағы жарасқан.

  Тәуелсіздік – ел бірлігі,

  Асқақ арман таласқан.

  Тәуелсіздік – өткеліміз,

Арайланып таңы атқан,- деп, 5 «Б» сынып бишілерін 

ортаға шақырамыз, қол соғып, құрметтейік, ағайын.

2-жүргізуші:

Бірлік түбі – береке,

  Береке түбі – мереке. 



6-кезең  –  «Мен  –  егеменді  елдің  болашағымын»                

атты 


сайысымызды 

бастайық. 

Сайысымыздың 

тақырыбына  сай  әр  топ  қабырға  газеті  немесе  қолдан 

жасаған  бұйымдарын  әділ  қазылар  алқасына  көрсетуі 

керек.


2-жүргізуші:

Келе жатқан үзілмей бабасынан,

Қазақ үшін қымбат жоқ баласынан!

Әлі талай шығады нағыз Шара

Балғын  биші  қыздардың  арасынан,-  деп  сахнаға                                

5 «В» сынып бишісін шақырамыз.

1-жүргізуші: - Сіздер оқушыларымыздың батылдығы 

мен тапқырлығына, өнерлеріне куә болдыңыздар.

Сайысымыздың  қорытындысын  айту  үшін  сөз  кезегі 

әділ қазылар алқасына беріледі.



Мұғалім  сөзі:  -  Құрметті  жиналған  қауым,  сіздерді 

тағы  да  тәуелсіздігіміздің  торқалы  тойымен  құттықтай 

отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, барлығыңызға 

саулық тілейміз.

«Айымыз  оңымыздан  тусын!»  деген  ниетпен  бүгінгі 

«Желтоқсан  –  тәуелсіздігіміздің  ұлы  рухы»  атты 

сайысымызды аяқтаймыз.


72

73

Кіріктірілген сабақ



Дана ОРАЗАЛИНОВА,

Астана қаласындағы

№ 63 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті  

пәнінің мұғалімі. 

ЕКПІН

(5-сынып)

 Сабақтың  мақсаты: оқушыларға  екпін  және оның  

түрлері туралы  білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы 

тереңдету.  Міндеттері:  білімділік  –  екпіннің    буынмен 

тығыз  байланысты    екенін  ұғындыру,  олардың  үйлесуі, 

байланыстығының   маңызын түсіндіру; дамытушылық 

–  шығармашылық    жұмыс  істеуге  ұмтылдыру,  анық 

та  нақты  мақсат  қоюға    мүмкіндік    беру,    мағынаны 

ажырата    білу  қабілеттілігін  арттыру;  тәрбиелік  –  бір-

бірінің  пікірін  құрметтей  алатын,  өз  ойын    тұжырымды  

жеткізе  алатын,    тілін  құрметтейтін,  ортаны  сүйетін, 

шығармашылық  қабілеті    жоғары  дамыған  Қазақстан 

азаматтарын тәрбиелеу. 

Әдісі:    сұрақ-жауап,  түсіндірмелі.  Түрі:  кіріктірілген 

сабақ.  Көрнекілігі:  кесте,  сызбалар,  интерактивті 

тақта. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті,  

ағылшын тілі.



Сабақтың  барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгелдеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

а) Орфография  мен орфоэпия дегеніміз не? 

ә) Мысал келтіріңдер. 



Фонетикалық талдау жұмысы:

І топ                          ІІ топ                     ІІІ топ

Кітап                         көйлек                  әдебиет 

Табиғат                     мұғалім                Жамбыл 



Жаңа сабақ:

•  Дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазғызу.

•  Сабақ тақырыбын жариялау.

•  Жаңа  сабақты түсіндіру. 



Сөйлеп тұрғанда, бір  сөз басқа  сөздерге,  бір буын  

басқа буындарға  қарағанда күшті, көтеріңкі  айтылуын 

екпін дейміз.  Мысалы:  Оқу,  оқушы, оқушылар. 

    Сөз  

 

                                       Ой



     Тіркес                                                             Дыбыс

Сөз  екпіні.    Екі  не  одан  да  көп    буынды    бір  сөздің  

ішіндегі бір буынның  көтеріңкі айтылуы  сөз екпіні деп 

аталады.  Қазақ тіліндегі сөз екпінінің  орыны тиянақты 

болады,  екпін  сөздің соңғы буынына  түседі.  Мысалы:  

Үздік оқушыларға бағалы  сыйлықтар берілді. 

Ой  екпіні.    Сөйлем  ішіндегі    ерекше    аударылуға 

тиісті болған  бір сөзді  бөліп айту ой екпіні деп аталады.  

Мысалы:  Атасы бүгін ауылға келді. Атасы  ауылға бүгін 

келді.     Ауылға бүгін атасы келді. 

 

Екпін 

түрлері 


74

75

Тіркес  екпіні.  Тілімізде    бірнеше    сөз  тізбектеліп  

барып  түгелімен    бір  ғана    екпінге  ие  болады.  Екпіннің 

мұндай  түрі тіркес екпіні деп аталады.  Мысалы:  тәлім-

тәрбие, ата-ана,  оқу үшін,  қырық шақты, ән сал,   қыпша 

бел. 


Дыбыс  екпіні.  Бір  сөздің      ішіндегі    бір  дыбысты  

көтеріп не  созып айту тәсілі  дыбыс екпіні  деп аталады. 

Мысалы: тамаша, бәрекелді,  жарайсың, тамаша. 

 

жіктік 



жалғауы                                                           тай, дай 

бар сөздер                                                       деген

                                болымсыз етістік 

 жұрнақтар



ІІ. Орыс тілі пәнімен байланыстырамыз. 

Ударение-выделение (слога, слова)  слова голоса или 

повышением тона.  В русском  языке ударение  подвижное.

Лес-леса, день-дни, вода-воды, дерево-деревья, доска-

доски,      лист-листья,    кольцо-кольца,  окно-окна,  стол-

столы, вес-весы, дом-дома. 

ІІІ. Ағылшын тілі пәнімен байланыстырамыз. 

 

The manner in which stresses are distributed  on  

the syllables of  a  word-called also word accent. 

book, pencil,  table, holiday,   monday,  skyskabe, rabbit.   



ІV. Жинақтау  стратегиясы  бойынша оқушылардың 

ойын жинақтау. 

Қазақ тілі                                                  Шет тілі

тұрақты екпін                Орыс тілі         тұрақты емес



 

                         жылжымалы екпін

V.  Оқулықпен  жұмыс.  339-жаттығу.  Шеңбердегі 

сөздерде екпін қай буынға түскен? Екпін түспей  тұрған 

қосымшаларды  бір  бөлек,  екпін    түсетін    сөздерді    бір 

бөлек  жазыңдар.

      Тастай,    адамбыз,  оқушымын,  айтайын,    айтпа,  оқтай, 

көрейік,  баласың,    барма,  айтшы,  сызба,  сөйледі,  жидек,  

қалам, кітап, дәптер,  қызғалдақ, мөлдір,  шалғай,  шіркін,  

жазды,  арасында.



VІ.  «Тіл-өнер»  ойыны.      Үш  тілді  білеміз  бе?  

Оқушылар    кез  келген  сөзді  ағылшын,  орыс  тілдерінде 

жазады, екпін түрлерін ажыратады. 

Қазақ тілі 

 Орыс тілі 

   Ағылшын  тілі 

VІІ. Ойын. Біліміңді  байқап көр.  Конверт арқылы әр 

топ конверттерді таңдап алады (Әр топ конверт ішіндегі  

тапсырмаларды орындайды.).

VІІІ.    Сабақты  бекіту.  Абайдың  «Ғылым  таппай 

мақтанба»  деген өлеңінен екпін түспейтін  сөздерді табу. 



ІX. Үй тапсырмасы:  342-жаттығу. Ережелерді жаттау. 

X.  Бағалау:      Жауап  беру  деңгейлеріне  байланысты 

бағалау. 

 

Екпін бола 

алмайтындар 

 

Екпін 



76

77

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі



Әсел ИБРАЕВА,

Қостанай қаласындағы 

№7 орта мектептің 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

«Қ» ДЫБЫСЫН ОҚЫТУ 

АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫң 

САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

(1-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  қазақ  тіліне  тән  Қ  дыбысымен 

таныстыру.  Міндеттері:  білімділік  –  айтылу,  жазылу 

жолдарын  үйрету;    тәрбиелік  –  оқу  құралдарын  күтіп 

ұстап,  таза  жүру  керектігін  айтып,  тәрбиелік  мәні  бар 

әңгіме жүргізу; дамытушылық – тақырыпқа байланысты 

жаңа  сөздерді  меңгерту  арқылы  оқушылардың  сөздік 

қорын молайту.  

Оқушы  нені  білуі  тиіс:  тақырып  бойынша  өткен 

сөздерді, тән дыбыстар бар сөздерді, диалог құрастыруды, 

сөз тіркесін, сөйлем құрауды білу.  

Оқушы  нені  игеруі  қажет:  жаңа  дыбысты,  жаңа 

әріптің  жазылуын  игеру,  қойылған  сұрақтарға  дұрыс 

жауап беруді игеру.

Типі: дәстүрлі сабақ. Түрі: аралас сабағы. Пәнаралық 

байланыс:  орыс  тілі,  бейнелеу  өнері.  Әдістері:  сұрақ 

-жауап,  әңгіме,  көрнекілік,  ой  шақыру.  Көрнекiлiктер, 



техникалық 

құралдары: 

интерактивті 

тақта, 

презентация,  Ққ  әріпі  жазылған  көрнекілік,  тақырыпқа 



байланысты суреттер, кеспелер.  



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал