Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет4/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

№7 орта мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

«ҚЫС» ӨЛЕңІНІң ӨРНЕГІ

(5-сынып)

Сабақтың  мақсаты:  Абай  Құнанбайұлының 

«Қыс»  өлеңіндегі  идеялық  мұрат  туралы  түсінік  беру. 



Міндеттері:  білімділік  –  Абайдың  қысқаша  өмірімен 

таныстыру.  Абайдың  шыққан  ортасы,  тегі  туралы  айту. 

«Қыс» өлеңінің тілдік ерекшелігін оқыту. «Қыс» өлеңінің 

көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу; тәрбиелік 



–  оқушыларды  қыстыгүні  құстарға  қамқор  болуға 

тәрбиелеу;  дамытушылық  –  оқушылардың  ой-өрісін, 

еркін, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Түрі:  жаңа  сабақ.  Әдіс-тәсілдер:  «Топтастыру» 

стратегиясы, 

суреттеу, 

бейнелеу, 

сұрақ-жауап. 

Көрнекіліктер:  Абайдың  портреті,  жыл  мезгілдерінің 

суреті.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты мақсатына сай ұйымдастыру.



ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Үй жұмысы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі.



Мұғалім:  -  Балалар,  біз  өткен  сабақта  қазақтың 

тұңғыш ағартушысы, педагог, біздің жерлесіміз Ыбырай 

Алтынсариннің  шығармашылығымен  таныс  болғанбыз. 

Ендеше,  үй  жұмысын  тексермес  бұрын,  Ыбырай 



46

47

Алтынсарин  туралы  біз  не  білеміз?  Осы  сұраққа  жауап 



іздеп көрейікші.

Оқушылар  Ы.Алтынсарин  туралы  қысқаша  мәлі-

меттер айтады:

1.  Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  халқының  тұңғыш 

педагогы, ақын, жазушы.

2.  Ыбырай  Алтынсарин  1841  жылы  қазіргі  Қостанай 

облысының Қостанай ауданында дүниеге келген. 

3. Балалар әдебиетінің атасы.

4.  Балаларды  білім  алуға,  еңбекқор  болуға,  елін,                

жерін сүюге тәрбиелеген.

5. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздары үшін Торғайда, 

Қостанайда, Ақтөбеде, Ырғызда мектеп-интернат ашты.

6.  Ыбырай  атамыз  балаларға  арналған    өлеңдер  мен 

шағын әңгімелерден тұратын «Қазақ хрестоматиясы» деп 

аталатын кітап жазған.

7. Ақынның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар 

жұрттар», «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері бар.

8.  Ыбырай  Алтынсарин  әңгімелерінің  басты  тақы-

рыбы – еңбек, еңбек адамы. «Атымтай Жомарт», «Өрмекші 

мен  құмырсқа»,  «Әке  мен  бала»  әңгімелерінде  еңбектің 

маңызын көрсетеді, еңбекпен тәрбиелеуге үйретеді.

Сабақта  Ыбырай  Алтынсариннің  «Әке  мен  бала» 

әңгімесінен түсінгендерін ортаға салады.

1. Оқушы әңгіменің толық мазмұныны айтып шығады.

2.  Әке  мен  бала  әңгімесіндегі  басты  кейіпкерлер 

кімдер?


- Әкесі мен баласы.

- Әкесі қандай адам? Мінездеме беру.

- Әкесі – еңбекқор адам. Себебі, жолда қалған аттың 

бір  ескі  тағасын  баласы  алмаған  соң  өзі  иіліп  алады. 

Қаланың шетіндегі темірші ұсталарға тағаны үш тиынға 

сатады.  Одан  біраз  өткен  соң  үш  тиынға  бірталай  шие 

сатып алады.

3. Баласы қандай бала? Мінездеме беру.

Баласы  –  жалқау,  еріншек.  Себебі,  әкесінің  «анау 

тағаны,  балам,  ала  жүр»  деген  сөзін  тыңдамай,  жерге 

бір рет иілуге ерініп, «сынып қалған тағаны не істейін?» 

деп  жерде  жатқан  тағаны  алмай  тастап  кетеді.  Тағаны 

өткізіп, ақшасына шие сатып алған әкесіне артында келе 

жатқан  бала  тым-ақ  қызығып  келеді.  Жерге  бір-бірлеп 

түскен шиені жалма-жан жерден алып, ауызына салады. 

Сонымен,  әр  жерде  бір  әкесінің  қолынан  түскен  шиені            

он шақты рет иіліп, жерден алып жейді.

4. Әңгімедегі негізгі ойды анықтау.

Әкесі  баласына  «тағаны  жамансынып  жерден  бір 

ғана иіліп көтеруге еріндің, енді сол тағаға алған шиенің 

жерге  түскенін  аламын  деп  бір  еңкеюдің  орынына  он 

еңкейдің» дейді. Бұдан шығатын негізгі ой «Аз жұмысты 

қиынсынсаң  –  көп  жұмысқа  тап  боларсың;  азға  қанағат 

етпесең  –  көптен  де  құр  қаларсың».  Яғни,  аз  жұмысты 

қиынсынып жалқаулыққа бой алдыруға болмайды.

Мұғалім:  -  Дұрыс  айтасыңдар,  балалар,  өзінің 

өлеңдері  мен  әңгімелерінде  Ыбырай  Алтысарин  атамыз 

балаларды  жалқау,  еріншек  болмауға,  керісінше,  білім 

алуға,  еңбекқор  болуға,  елін,  жерін  сүюге  тәрбиелеген. 

Ендеше,  бүгінгі  сабақта  біз  сіздермен    Ы.Алтынсарин  

сияқты  өзінің  өлеңдерін  мәдениет  пен  білімге  арнаған 

қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбайұлының  өмірі  мен 

шығармашылығы туралы сөз қозғайтын боламыз.



ІІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен 

тақырыбы таныстырылады.

Оқушылар  не  білуі  керек?  Абайдың  өмірімен  таныса 

отырып, шығармашылығын білу.



48

49

Оқушылар  не  игеруі  керек?  Шығарманы  талдай  



отырып,  ұйқас  түрлерін  ажырата  білу  және  өлең 

тармақтарынан кейіптеу мен теңеу сөздерді таба білу.

Абай Құнанбайұлы жайлы интерактивті тақта арқылы 

балалық  шағынан  бастап  жазған  шығармалары  жайлы, 

туған  жері,  мұражайдағы  сақталған  заттары  жайлы 

мағлұмат беріледі. 

Мұғалім:-Абай  Құнанбайұлы  1845  жылы  бұрынғы 

Қарқаралы  ауданына  қарасты  Шыңғыс  тауының 

баурайында  дүниеге  келген.  Шын  аты  –  «Ибраһим». 

Әжесі  еркелетіп  «Абай»  деп  атап  кеткен.  Болашақ 

ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере 

мен  Ұлжанның  аңыз-әңгімелерін  барлық  ынтасымен 

тыңдайтын.

Ауыл  молдасынан  арабша  сауат  ашқан  Абайды  әкесі 

он  екі  жасында  Семейге  оқуға  жібереді.  Абай  Ахмет 

Риза  медресесінде  оқиды.  Медреседе  оқытылатын  дін 

сабақтарынан басқа араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген.

Абай  орыс  әдебиетінің  нәрімен  сусындаған,  ақын 

Пушкиннің,  Лермонтовтың,  Крыловтың  шығармаларын 

қазақ тіліне аударған.

Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. 

Сондай  өлеңдер  қатарына  «Жасымда  ғылым  бар  деп 

ескермедім»,  «Ғылым  таппай  мақтанба»,  «Интернатта 

оқып жүр» атты өлеңдері жатады. 

Абай  атамыз  –  тұңғыш  рет  қазақ  әдебие-                                                     

тінде  табиғатқа  жан  бітіріп,  табиғатты  адам  бейнесінде 

жырлаған  ақын.  Жылдың  төрт  мезгіліне  арнап  жазған 

өлеңдері  «Жазғытұры»,  «Жаз»,  «Күз»,  «Қыс»  деп   

аталады.

Негізгі күн көрісі – мал  болғандықтан,  соның жайын 

ойлап,  сай-сала,  ықтасынды  паналаған  көшпелі  қазақ  

елінің  қалың қар,  қақаған  аяз,  ақ  түтек  бораннан  көрген  

азабы  аз  болмаған. 

Ұлы  ақын, міне, сол  қазақ үшін  қаһарлы  маусымға 

да «Қыс» деген  өлең арнаған. Ал қысты  адам  кейіпінде,  

адам  бейнесінде  суреттеу  ұлы Абайға  дейін  болмаған.

Ақ    киімді,    ақ    сақалды,  үсті-басы    ақ  қырау,  алып  

денелі  соқыр,  мылқаудың  басқан  жері  сықырлап  келіп  

қалды, әрі сондай  қорқынышты  болса, әрі  сондай әсерлі, 

бейнелі.


Тақырыпқа қатысты басым сөздер:

түсі суық – грозный вид;

шидем – верхняя одежда;

әуес көру – любопытствовать;

домбығу – замёрзнуть;

үй шайқалды – дом закачался;

долдану  злиться;

бұлттай қасы – брови, как тучи.

«Қыс» өлеңін әуезді деңгейде үнтаспа арқылы тыңдау.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып шығады. 

Мұғалім:-Абай  өлеңінің  шеберлігі  неде?  Әдебиет 

теориясына үңілейік.

Оқушылар өлеңнен кейіптеу, теңеу сөздерді табады.

Бір  нәрсені  көркемдеп  суреттеу  үшін  оны  екінші 

нәрсеге салыстырып суреттеуді теңеу дейді.

Теңеу  сөздер:  бұлттай,  борандай.  Жансыз  заттарға, 

табиғат құбылыстарына адамның әрекет сезімдерін теңеп 

суреттеуді кейіптеу дейді.

Кейіптеу сөздер:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.



50

51

Үсті-басы – ақ қырау, түсі – суық.



Басқан жері сықырлап келіп қалды.

3 шумақты үш қатарға бөле отырып, шумаққа, бунаққа, 

буынға, тармаққа  талдау.

Буын түрлерін ажырату.



ІV. Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау:

- Ақын қысты кімге теңеген?

- Қыстың күшін қалай бейнелеген?

- Өлеңде балалар жайлы не айтылады? 

- Малшы жөнінде не айтылады?

V.  Бекіту.  «Топтастыру»  стратегиясы  бойынша  Абай 

Құнанбайұлы туралы білетіндерін, естігендерін жинақтау.

Абай туралы не білдім?

Абай қай 

жерде 

дүниеге 


келген?

Абайдың 


шын аты 

кім?


Абай 

қайда 


білім 

алады?


Абай 

кімдердің 

шығарма-

ларын 


аударған?

Абайдың  

мәдениет 

пен білімге 

арналған 

өлеңдері 

қандай?

Жыл 


мезгіліне 

арнаған 


өлеңдері 

қалай 


аталады?

VІ.Үйге тапсырма:

1-қатар. «Қыс» тақырыбына сурет салу.

2-қатар.  «Қыс  көңілді»  немесе  «Қыс»  тақырып-

тарының біріне шығарма жазу.

3-қатар.  Қысқа  байланысты  мақал-мәтелдер,  жұмбақ 

жазу.


VІІ. Бағалау.

Анаргүл ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

Мәжит Жүнісов атындағы жалпы 

орта білім беретін мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы,

Жаңақала ауданы,

Жаңақазан ауылы.



ПОэМА ПАТШАЛЫҒЫНДА – 

«БАТЫР БАЯН»

Мақсаты:  «Батыр  Баян»  поэмасының  идеялық-

мазмұндық  табиғатын  ашу,  батыр  Баянның  қоғамда 

атқарған  рөлін  ұғындыру.  Міндеттері:  білімділік  – 

шығарманы жан-жақты талдауға және шығармашылықпен 

жұмыс жасай алуға үйрету; дамытушылық – шығармаға 

жан-жақты  талдау  жасау  арқылы  оқушылардың  сөздік 

қорын  байыту,  дамыту,  дүниетанымдарын  кеңейту; 

тәрбиелік  –  оларды  ізгілікке,  адамгершілікке,өзгеге 

қамқор бола білуге тәрбиелеу.



Типі:  білімді  бекіту  сабағы.  Пәнаралық  байланыс: 

тарих.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

А) амандасу;

Б) оқушыларды түгелдеу;

В) сабаққа жұмылдыру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап):

1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2.  Алғаш  білімді  қай  жерден  алады  және  қандай  оқу 

орындарында оқиды?

3. Мағжаннан кім үлкен үміт күтеді?


52

53

4.  Алғашқы  өлеңдер  жинағы  қай  жылы,  қай  жерде 



басылып шығады?

5. Қандай қызмет атқарады?

6. Қандай өлеңдерін, поэмаларын білесіздер?

7.  «Батыр  Баян»  қандай  шығарма?  Поэмада  қай              

кездегі оқиға суреттеледі?

8. Басты кейіпкерлері кімдер?

9. Мазмұнын айту.

ІІІ. «Батыр Баян» поэмасы.

Шығарманың идеясы: Ерлерді елі ұмытпас.

Шығарманың  тақырыбы:  ХVІІІ  ғасырдағы  қазақ  пен 

қалмақ арасындағы жаугершілік, батырлық, ерлік.



Оқиғаның  болған  кезі.  Түйенің  тоқсан  түрлі  желуі 

бар, Әдемі ертегідей баяғыда.



Оқиғаның басталуы. Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай, 

Бір бойына сұлулық жиылғандай (қалмақ қызының қолға 

түсуі).

Оқиғаның байланысы. Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян 

(Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы).



Оқиғаның дамуы. Екі жастың жұмбағы.

Оқиғаның шиеленісуі. Қомағай қара топырақ бүлкіл 

қағып, Асығып екі жастың қанын ішті.



Оқиғаның  шарықтау  шегі.  Алашым,  аттанамын, 

Жауыңда өлем!



Оқиғаның  аяқталуы.  Ерлерді  елі  мен  жері 

ұмытпайды!



ІV. Поэманың көркемдік ерекшелігі.

Эпитет:          сұм өмір, қу өмір, қыран көз, сұм садақ.

                       Жүрегім, мен зарлымын жаралыға, 

                       Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Теңеу:            ертегідей, қойдай өрген, Меккедей,

                       жолбарыстай.

                           Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып

                           Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды.

Метафора:         өмір – абақты, сөз – сиқыр, 

                           Сарыарқа – сары дария,  

                            екі от – орыс, қытай. 

                            Сарыарқа – сары дария қиыры жоқ, 

                            Көз болсын, қандай қыран, талады да.

V. Поэма кейіпкерлері туралы кестені толтырайық:

Абылай хан

Батыр Баян

Ноян

Қалмақ 


қызы

1711-1780 

жылдары қазақ 

халқының ел 

азаттығы үшін 

күрескен тарихи 

тұлға.

Қалмақ, 


жоңғарларға 

қарсы күрескен 

тарихи тұлға.

Жас, 


ақылы - 

білегінде.

Қайсар, 

жап-жас, 

қу.

VІ. Венн диаграммасын жасау.

                    Ноян         ортақ          Лағда



VІІ.  «Поэмадағы  ең  бақытсыз  жан»  тақырыбына 

ой-толғау жазу.

VІІІ. Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең. 

ІХ. Дебат: Батыр Баянның Ноян мен қалмақ қызын 

өлтіруі құптарлық іс пе?

Х. Бағалау.

XI. Үйге тапсырма: осы поэмадағы тарихи тұлғалар 

туралы мәліметтерді қарастыру, реферат жазып келу.

 

20 

 

30 

 

15 

 

 



 

 


54

55

Тұрсын ИЫҚБАЕВА, 



Солтүстік Қазақстан облысының

  Петропавл қаласындағы

  Н.К.Крупская атындағы 

№ 10 орта мектептің

  қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

«ТОЛАҒАЙ» ӘДЕБИ                

ЕРТЕГІСІНІң ӘЛЕМІ

Сабақтың  мақсаты  мен  міндеттері:  1)  Ә.Тәжібаев 

туралы  қысқаша  мағлұмат  беру,  «Толағай»  әдеби 

ертегісінің  мазмұны,  идеясымен  таныстыру;  2)  әдеби 

ертегіні  халық  ертегісінен  ажырата  білуге  үйрету, 

талдай, дәлелдей, тұжырымдай білуге жетелеу, мәнерлеп 

оқуға  машықтандыру;  3)  елге,  Отанға  деген  патриоттық 

сезімдерін оятып, сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

І. Қайталау.

Мұғалім  сөзі:-  Балалар,  «қайталау  –  білім  анасы» 

дегендей,  өткен  тақырыптарды  сұрақ-жауап,  кесте 

толтыру арқылы пысықтап өтейік.



(1-флипчарт)

  

                                



                                               

Сұрақтар: 

1) Халық ауыз әдебиетінің түрлері қандай?

2) Ертегілердің жанрлары?

3) Ертегі дегеніміз не?

4) Ертегілердің қандай түрлері бар?

Тапсырма: (2-флипчарт).

«Алтын сақа» ертегісі бойынша кестені толтырыңдар.

Ертегінің 

түрі


Кейіпкерлер

Ертегі 


қалай 

басталады

Ертегі 

қалай 


аяқталады

жағым-


ды

жағым-


сыз

ІІ. Жаңа сабақ (тақырыбы, мақсаты).

1. Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы 

кіріспе  сөз  (3-флипчарт,  дәптерге  күнін,  тақырыбын 



жазу).

халық               

ертегісі 

әдеби  


ертегілер 

тұрмыс-салт 

жырлары 

шешендік 

сөздер 

лиро-


эпостық 

жырлар 


нақыл сөздер 

тарихи 


жырлар 

батырлар 

жыры 

қанатты 


сөздер 

 

ертегілер 



жырлар 

аңыз-              

әңгімелер 

мақал-мәтел, 

жұмбақтар 

Халық ауыз 

әдебиеті 

 


56

57

-  Қазақ  халқының  белгілі  ақыны  Ә.Тәжібаев  бала 



кезінде  анасы  мен  нағашы  атасының  қолында  тәрбие-

леніп, сол кезден-ақ аңыз-ертегілер мен батырлар жырын 

қызыға тыңдап, есінде сақтап, кейінірек ақын «Толағай» 

деген ертегіні жазды.

2. Сөздермен, өмірбаянымен кесте арқылы танысамыз. 

Сөздер (4-флипчарт):



әдебиет зерттеушісі – исследователь литературы;

ел ауызында – в устах народа;

мерген – стрелок;

алып – великан;

атқан оғы тасты уатты – пуля пробила камень;

жаман ырым – плохая примета;

жауын тілеп жалбарынды – умолял, просил дождь;

ұзақ күндер ойлады – долго думал;

қарлы, шыңды тау жерінде – высоко в горах;

күйзелді (қиналды) – переживали.

3.  Өмірбаянын  оқып,  аудару,  бір-біріне  сұрақ  қою 



(5-флипчарт).

Әбділда Тәжібаев

(1909-1998)

Әбділда Тәжібаев – қазақ халқының белгілі ақыны, әдебиет 

зерттеушісі, драматург.

- Ә.Тәжібаев 1909 жылы 

Қызылорда қаласында 

дүниеге келген.

- Әкесі ерте қайтыс болған.

- Ол анасы мен нағашы 

атасының тәрбиесінде болған.

- Алғашқы ұстазы – анасы 

Айманкүл сауатты, ақын кісі 

болған.


- Ә.Тәжібаев Республикалық 

газет-жұрналдарда, 

Жазушылар Одағында түрлі 

басшылық қызмет істеген.

- Қазақстанның Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты.

- Шығармалары: 

«Сырдария», «Толағай», 

«Гүлден, дала», «Атамекен», 

т.б. 


Ол А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің 

шығармаларын қазақ тіліне аударған.

4.  Ә.Тәжібаев  пен  А.С.Пушкиннің  шығармашы-    

лығын салыстыру.

- Дұрыс, Ә.Тәжібаев өз ертегісін былай бастайды ...

(ертегінің басын оқып беру, 6-флипчарт).

5.  «Толағай»  ертегісінің  ішкі  мазмұнына,  оқиғасына 

көңіл аударайық.

-  Балалар,  ертегіні  оқу  сендерге  үйге  алдын  ала 

берілген, енді сол оқығанымызды еске түсірейік (орысша 

мазмұндап беріңдер).

«Толағай» 

ертегісіне 

байланысты 

суреттерді 

қолданамын.

Сұрақтар (7-флипчарт):

А)  - Балалар, мына суретке қарағанда  қандай оқиға 

естеріңе  түседі?    (Толағайдың  дүниеге  келуін  тауып,             

оқып беріңдер.

Ә)  -  Келесі  суреттерге  қарайық.  Бұнда  қандай  оқиға 

суреттелген?  (Толағайдың  садақ  тартуы,  8-флипчарт)

жолбарыспен шайқасы, 9-флипчарт).

- Оқып, қарасөзбен айтып беріңдер.   

Б)  –  Мына  суретке  көңіл  аударайық.  (Анасынан  бала 

ақыл сұрайды, 10-флипчарт):

- Еліне не болды?

- Неліктен анасынан ақыл сұрайды?

Мұғалім  сөзі:  -  Балалар,  сонау  ерте  заманнан  қазақ 

халқы  ананы  ерекше  бағалаған,  ананың  сөзінен  көп 

тәлім  алған,  енді  сендермен  мына  бір  қойылымға  назар 

аударайық.  

Көрініс:


58

59

Толағай: 



- Ел басына ауыр күн туды. 

  Маған еліме көмек беру керек. 

  Қайтсем жауын жаудырамын.

  Ел сусынын қандырамын.

  Адал ақыл айтар - кімдер?            

Анасы: - Балам, Толағайжан, мына жерде жалғыз өзің 

не істеп жүрсің? Тыныштық па?

Толағай: - Уа, анашым! Жаным күйзелді.

Мынау бір тамшы жаумай, елім күйзелуде. Не істесем 

болады?


Анасы: - Е, балам! Бұған сен не істей аласың?

               Бұл – Алла әмірі.

Толағай: - Білсең, апа, айтшы!

                 Көп жауады қайда жауын?

Анасы: - Толағайжан, менің білуімше,

               Қарлы, шыңды тау жерінде,

               Тарбағатай өңірінде

               Тауда тандыр

               Үзілмейді жылда жаңбыр.

Толағай: - Иә, анашым!

                 Мен онда сонда барамын.

                 Сол жаңбырды еліме алып келемін.  

В)  –  Толағай  халқына  қандай  ерлік  жасады? 

(11-флипчарт).

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Қалыптасу қарсаңындағы 

ілгері игерім деңгейлік тапсырмаларын орындау.

(«Көңіл толқыны» күйімен көркемделеді).

- Алдарыңда жатқан тапсырмалардан бір тапсырманы 

таңдап алыңдар. А1 және А2 – бір тапсырма, В1 және В2 

– екінші тапсырма, С1 және С2 – үшінші тапсырма.

1.

 

 (12-флипчарт):



1) Ертегі бойынша сурет салыңдар.

2) Ә.Тәжібаев кім, қай жылы, қайда туды?



2. «Толағай» қандай шығармаға жатады?

Әдеби 


ертегінің 

халық 


ертегісінен 

қандай 


айырмашылығы және ұқсастығы бар?

                әдеби ертегі               халық ертегісі



3. 

 

(13-флипчарт):

«Жаңбыр жауса – жер ырысы,

Батыр туса – ел ырысы» дейді қазақ халқы. Бұл мақал 

осы  ертегінің  мазмұнын  аша  ма?  Тағы  батыр,  жер,  ел 

туралы мақалдар айтып беріңдер.



4. Кестені толтырыңдар.

Шығарманың 

аты

Авторы  Тақы-



рыбы 

Идеясы  Көркемдегіш 

тәсілдер

5. 

 

(14-флипчарт).

Шығарманың  композициялық  құрылысы  бойынша 

талдаңдар.

Композициялық элементтер

Мазмұндық жоспары

1. Басталуы.

2. Дамуы.

3. Шарықтау шегі.

4. Шешімі.

 


60

61

6. Ертегіні қарасөзбен қысқаша мазмұндап беріңдер.



ІV. Қорытынды жасау (15-флипчарт).

Толағай бойындағы қасиеттерді топтастырыңдар.

Мұғалім сөзі: - Біздің мемлекеттің тәуелсіздігіне неше 

жыл болады?

-  Балалар,  бүгінгі  заманымыздың  «Толағайы»  – 

сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша, бүгінгі күн азаматы 

қандай болуға тиісті? (16-флипчарт).

Үй тапсырмасы деңгейлеп беріледі (17-флипчарт):

1. Ертегінің мазмұнын айту.

2.  С

1

  және  С



тапсырмаларын  орындағандар                    

Толағайға хат жазып келеді.

3. Ертегіні сендер қалай аяқтар едіңдер?

 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал