Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет3/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Амал- тәсілдері.

Сөйлеу  жаттығуларын  сурет  арқылы  оқушыны  сөй-

леуге  үйрету,  оқыған  кітабының  мазмұнын  әңгіме  ету, 

мақал-мәтелдерді  сөйлеуде  қолдануға  жаттықтыру, 

тақпақ,өлең айтуға үйрету де жатады.

Бұлардың  бәрі  –  оқушы  тілін  дамытудан  құралады. 

Оқушы  тілін  дамыту  жұмысында  суреттерді  қолдану 

пайдалы.  Әр  сабақта  оқушылардың  психологиялық 

ерекшеліктерін  есепке  алып,  әсіресе,  бастауыш 

сыныптарда көрнекіліктерді кеңінен қолданамын.

Бұл  оқушылардың  көру  арқылы  еске  сақтау,  сауатты 

жазу  қабілеттерін  дамытады.  Менің  кабинетімде 

лексикалық  тақырыптар  бойынша  да,  грамматикалық 

тақырыптар  бойынша  да  суреттер,  дидактикалық 

материалдар, көрнекіліктер жүйеленіп жинақталған.

Суретпен  сұрақ-жауап,  ауызша  толық  сипаттама, 

жазбаша  мазмұндама,  шығарма  сияқты  түрлі  жұмыс 

түрлерін жүргізуге болады.

Бұл  жұмыс,  қайсысы  болсын,  оқушыны  қазақша 

сөйлеуге  жаттықтырады,қазақша  сөйлеу  дағдысын 

қалыптастырады, тілін дамытады.

Оқушы тілін дамытуда кітап оқу зор қызмет атқарады.

Кітап  оқуға  оқушыны  қызықтыруды  бастауыш 

сыныптан  бастау  керек.  Қазір  кітап  оқу  дағдысын 

оқушыда  қалыптастыру  –  өте  қиын  жұмыс.  Кітап  оқуға 

дағдыландыру  жұмысын  ұтымды  жүргізудің  амал-

тәсілдерін  іздестіру  орынды.Оқулықтағы  мәтіндер, 

жаттығулар, өлең, жұмбақтар, сұрақ-жауаптар балаларды 

қазақша  сөйлеуге,  сұраққа  жауап  беруге,  өздерін  бір-

бірімен  сөйлестіруге,  оқығандарын  ауызша,  өз  бетінше 

айтуға дағдыландырады.

Мұғалім  оқушының  өздігінен  оқығандарын  елеусіз 

қалдырмай,  ол  туралы  оқушымен  әңгімелесіп  отыруы 

қажет.  Оның  жолдары  көп:  кітап  не  туралы  екенін 

сұрау,  ондағы  оқиғаларды  айтқызу,  кейіпкерлер  туралы 

әңгімелесу, т.б.



Нәтижелер. Оқушы тілін дамытуда тақпақ жаттау, өлең 

айту  да  пайдалы  болып  саналады.  Оқушы  әр  сыныпта 

бірнеше  тақпақ  жаттайды,  олар,  көбінесе,  оқулықтан, 

«Балдырған» жұрналынан, «Жыл он екі ай» жұрналынан 

беріледі.  Әр  тақпақты  жаттап,  оны  дұрыс  айту  арқылы 

оқушы тілі жаттығады. 

Өлең  айтуға,  ән  салуға  үйрету  де  тіл  дамытуда 

өзіндік қызмет атқарады. Жұмыстың бұл түрі оқушымен 

жеке  жүргізіледі,  өлең  айтуға  қабілеті  бар,  дауысы  бар 

оқушыларға бұл жұмыс өте ұнайды. Ал ән айтуға жаттығу 

кезінде оқушы өлеңінің әр сөзін, мағынасын түсінеді.Мен 

өз тәжірибемде алдына ала әр сыныпқа үйрететін әндерді 

жоспарлап, сөзі мен әуенін дайындаймын.

Мысалы. 1-сыныпта – «Қошақаным».

                 2-сыныпта – «Мектепте үйретеді».

                 3-сыныпта – «Анашым».

                 4-сыныпта – «Отан».

Жоғары  сыныптарда  бағдарламадан  тыс  жақсы  ән 

айтатын  оқушыларға  Абайдың  өлеңдерін  және  қазіргі 

кездегі әндерді үйретемін.

Осы әдіс-тәсілдер сабақтан тыс жұмыста қолданылса, 

оқушылар,  менің  ойымша,  ауызекі  сөйлеуді  меңгереді.

Орыс  сыныптарында  өтілетін  әр  сабақ  тіл  дамыту                

сабағы деуге болады.



32

33

Мұғалім мінбесі



Нұргүл ДҮЙСЕНБЕКОВА,

Қызылорда облысының

Шиелі ауданындағы

Г.Н.Ковтунов атындағы 

№252 орта мектептің мұғалімі.

ЖАңАША ОҚЫТУ – ЖАңАША 

КӨЗҚАРАС

«Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан 

жаңаны табатын өнер». Ж.Аймауытов.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, 

адамзат  қоғамын  алға  апаратын  күш  –  тек  білімде ғана. 

Қай елдің болмасын, өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде 

өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, 

дамыту бағытына байланысты.

Біз – ұстаздар қауымы, қандай болмасын,  жаңалыққа 

құлақ  түре  жүретініміз  айқын.  Жаңа  технологияларды 

сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз 

анық.


Педагогикалық  шеберлікті  арттыру  орталығының 

ұйымдастыруымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» курсы 

бағдарламасын меңгеруде түйгенім:

-  Оқушыға  қалай  оқу  керектігін  үйрету,  соның 

нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел-уәждерін  нанымды 

жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-

көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  технологияларда 

құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.



Біліктілікті  арттыру  бағдарламасының  негізгі 

мазмұнындағы модульдер:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

4.  Білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдалану;

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;

6.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім 

беру және оқыту;

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.



1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:

Білім  беру  мен  білім  алудағы  жаңа  тәсілдер  «Диалог 

негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай 

оқу керектігін үйретуді» қарастырады.

Білім  беру  әдістері  ішінде  ерекше  орын  алатыны  –

диалог. Диалог – оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты 

дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде 

таптырмас  жұмыс  түрі.  Әр  түрлі  тақырыпта  диалог 

құрғызу мынадай нәтиже береді:

•  сабақта белсенділік жоғарылайды;

•  сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;

•  сөйлемді дұрыс құруға дағдыланады;

•  оқуға қызығушылықтары артады.

«Қалай  оқу  керектігін»  үйретудің  қозғаушы  күші 

метатану болып табылады. Метатану – индивидтің қалай 

ойлайтынын  қадағалау,  бағалау,  бақылау  және  өзгерту 

қабілеті. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру 

және  ойлау  нәтижелерін  сабақта  қолдана  алу  үдерісі 

болып табылады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:


34

35

- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;



-  жеке  ойлау  үрдісін  және  олардың  жұмыс  қағидат-

тарын зерттеуге;

- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және 

ойластыруға:

-  нақты  міндет  үшін  сәйкес  келетін  стратегияларды 

таңдауға көмектеседі.

 2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту» бағдарламасы бойынша, ол:

-  шыңдалған  ойлау,  кез  келген  даму  деңгейіне 

байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты 

шешім қабылдауға құштарлық;

-  үйрету  мен  үйрену  бірлігінен,  үйренудің 

қызығушылығынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне 

негізделген құрылым.

«Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  технологиясын 

қолдану төмендегідей нәтиже береді:

- білім алушының белсенділігін арттыру;

- пәнге қызығушылығын ояту;

- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

- зерттеуге икемділігін дамыту;

- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

-  білім  алушылар  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасай 

біледі;


- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, 

түсіністікпен қарауға үйренеді.

Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді 

болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды.

 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын 

тәсіл,  оқушының  берілген  тақырыпты  меңгерудегі 

кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына 

ықпал  ететін  фактор.  Мектеп  тәжірибесіндегі  бағалау 

баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол – материалды 

меңгеру,  меңгермеу  фактісімен  қатар,  оның  себептерін 

анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды 

бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және 

оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау – 

әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ 

барысындағы барлық іс-әрекет бойынша оқушының білім, 

білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті, тәртібі, 

т.б.  бағаланады.  Ал,  сумативті  бағалау  немесе  жиынтық 

бағалау  –  оқушыны  белгілі  бір  кезеңдегі  бақылаулар, 

білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің 

өлшемі.


Жалпы,  бағалаудың  барлық  түрлері  төмендегілерді 

қамтиды:


1. Бақылау;

2. Алынған мәліметтердің интерпретациясы;

3.  Бұдан  арғы  іс-әрекетті  анықтау  үшін  қолданылуы 

мүмкін шешімдерді қорытындылау.



4.  Білім  беруде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдалану.

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  тиім-

ділігі  –  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына, 

іскерлігі  мен  шығармашылығын  еркін  дамытуға 



36

37

жол  ашатын  педагогикалық-психологиялық  жағдай 



жасауында.

Интерактивті  тақта  –  әр  түрлі  грамматикалық 

тапсырмаларды орындауда, мәтіндермен, жаңа сөздермен 

түрлі  жұмыстар  жүргізуде,  сөздерге  талдау  жасауға, 

уақытты  үнемді  пайдалануға,  оқушылардың  ынтасын 

арттыруға  қажетті  әрі  пайдалы  құрал.  Әр  түрлі  тест 

тапсырмаларын  жүргізіп,  оқушылардың  білім  сапасын 

бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.

 Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Дарындылық  –  адамның  өз  бейімділігі  арқылы, 

шығармашылықпен  жұмыс  істеу  арқылы  қалыптасатын 

қасиет. Көбінесе, “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын 

оқушы”  деген  пікір  қалыптасқан.  Белгілі  ағылшын 

психологі  П.Торранстың  зерттеулері  бұл  пікірдің 

мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға 

оқуда қиындық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, 

тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе 

алатын  оқушылар  көбірек  ұнайды.  Ал  қисынсыз  сұрақ 

қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне 

түсініспеушілік  туғызатын,  қияли,  әр  нәрсеге  көзқарасы 

бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ 

осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын 

көрсететін  және  оның  нашар  оқитын  оқушылардың 

арасында  да  аз  емес  екендігін  айқындаған.  Сондықтан 

мұғалімдер  осы  зерттеулердің  нәтижесін  есте  ұстағаны 

жөн.


Дарынды  оқушымен  жұмыстың  негізгі  мақсаты  – 

олардың  шығармашылық  жұмыста  өзінің  қабілетін  іске 

асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету – 

оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың 

танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың 

кесірінен  жойылып  кетеді.  Олар  дарынның  табиғи 

құбылысына  терең  бойлай  алмай,  тұлпарды  есекке 

айналдырып, құртып тынады”.   Плутарх.

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.



5.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес             

білім беру және оқыту.

Еш  нәрсеге  бейімділігі  жоқ,  қабілетсіз  бала  болмай-

тыны педагогикада дәлелденген.

Мысалы,  төрт  жасар  балалар  көп  сұрақ  қояды  және 

«қайда?»,  «не?»,  «кім?»,  «неге?»,  «қашан?»  сияқты 

көптеген  сұрақтар  пайдаланады.  Олар  бес  сөзден 

тұратын  сөйлемді  пайдалана  алады  және  олардың 

1500  сөзден  тұратын  сөздік  қоры  бар.  Бес  жасар 

балалар  бағыныңқы  бөліктері  бар  алты  сөзден  сөйлем 

құрай  алады  және  2000  сөз  пайдаланады.  Бірінші 

сынып  оқушылары  6000  сөзге  дейін  пайдаланады,  ал 

ересектер 25000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі. 

Жалпы, шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде, ең бастысы, 

оқушының  жас  ерекшеліктерін  ескеру  қажет.  Топтық 

жұмыс  немесе  диалог  барысында  оқушының  жас 

ерекшелігін ескере отырып жұмыстану – бұл мұғалімнің 

жан-жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.

6. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы  заманғы  кез  келген  оқыту  технологиясы  оқу 

үдерісін  ұйымдастыру  кезеңінде  технологияның  бар 

мүмкіндіктерін  үнемі  шығармашылықпен  пайдалану 

қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту 

үдерісін  ұйымдастыру,басқару  және  бақылау  деп  түсіну 

керек. Өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу 


38

39

үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:



-  заман  талабына  сай  білімді,  білікті,  дүниетанымы 

кең,  шығармашылық  қабілеті  дамыған  жеке  тұлға 

қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

- жас ұрпақтың қабілеті мен дарынын ашу;

-  шығармашылық,  логикалық  ойлау  қабілеттерін 

жетілдіру;

- мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің  көшбасшылық  қабілеті,  ең  бірінші,                                                                                                                              

сабаққа  даярлықтан  басталады,  яғни,  өтілетін 

сабақтың  жоспарын  құру,  оны  өткізу  әдістемесі, 

оқушылардың  қабілеттерін,  жас  ерекшеліктерін  ескере 

отырып, 


иллюстрация, 

техникалық 

құралдарды, 

дидактикалық  материалдарды  пайдалану.  Мұғалімнің 

осы  шығармашылық  әрекеті  арқылы  оқушының 

шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық 

қабілеттер  шығармашылық  елес,  шығармашылық  ойлау 

арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, 

жылдамдыққа,  икемділікке,  тапқырлыққа  үйрету  ол 

мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Ұлы  ағартушы  Ахмет  Байтұрсынұлының  «Ұстаз 

үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады»,– 

деген  сөзі  ізденімпаз,  жаңаша  ұстаздарға  арналғандай. 

Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  «ІІІ  деңгей  бойынша  мұғалімге  арналған                 

нұсқаулық».

2. www.cpm.kz алынды.



Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

Мейрам ӘБІЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының

Петропавл қаласындағы 

№1 лицейдің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН –             

ӘңГІМЕНІң ХАС ШЕБЕРІ

Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер 

әлемдік  білім  беру  жүйесін  қайта  қарау  қажет  екенін 

паш  етіп  отыр.  Қарқынмен  өзгеріп  жатқан  әлемде  білім 

саласындағы  саясаткерлер  үшін  де,  жалпы  мектептер 

үшін  де,  соның  ішінде  мұғалімдер  үшін  де  маңызды 

мәселе – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер 

оқушыларды  ХХІ  ғасырға  қалай  дайындайды?» 

(Мұғалімдерге нұсқаулық кітабынан 4-бет).

    Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің 

біліктіліктерін  арттыру  институты  осы  мәселелерді 

шешу  мақсатында  ағылшындардың  «Кембридждік 

оқыту тәсілін» мұғалімдерге үйретіп жатыр. 2012 жылы 

«Кембридждік  оқыту  тәсілі»  бағдарламасы  бойынша 

үш  айлық  курстың  ІІ  деңгейін  Алматы  қаласында  оқып 

келдім.  Бұл  оқытудың  мақсаты  –  жеті  модульді  қолдана 

отырып, мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру. Мұғалім 

оқушыларға білімді игертуде тек бағыттаушы,  іс-әрекетті 

үйлестіруші қызметін атқарады. Демек, оқушының өзіндік 

жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқушының өзіне деген 

сенімділігін нығайта түседі.  «Кембридждік оқыту»тәсілі 


40

41

жеті модульден тұрады:



1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

4. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану;

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;

6.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту 

және оқу;

7. Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық.

Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың 

алған  білімін  жай  ғана  иеленіп  ғана  қоймай,  оларды 

орынды  жерде  қолдана  білуіне  басты  назар  аударылуы 

қажет. Оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана 

емес, жалпы алғанда, оның оқуын барынша жекешелендіру 

және  баланың  бойындағы  метасананы  –  қалай  оқу 

керектігін  үйренуді  қалыптастыруға  мән  бере  отырып, 

оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары керек.

«Кембридждік  оқыту  тәсілін»  қолдану  барысында 

келесі нәтижелерге қол жеткізуге болады:

1. Оқушылар өз ойларын еркін айтады;

2. Ынтымақтастық іске асады;

3. Топпен, жұппен жұмыс атқарылады;

4. Сөйлемейтін оқушы болмайды;

5. Шығармашылықтары дамиды;

6. Пәнге деген қызығушылықтары артады;

7. Қызығушылықтарының негізінде ынтасы артады;

8. Ынтаның артуы білім сапасының жақсаруына алып 

келеді.

Бүгінгі  заман  талабына  сай  мектептерде  ақын-



жазушылардың    шығармашылығын  оқытуда  инновация-

лық  технологиялар  кеңінен  қолданылуда.  «Кембридждік 

оқыту тәсілінің» модульдерін қолдана отырып, 7-сыныпта 

өткізілген  сабағымның  үлгісін  көпшілікке  ұсынып 

отырмын.

Мақсаты:  білімділік  –  қазақ  әдебиетінің  хас  тұлғасы 

Бейімбет  Майлиннің  өмірі  және  шығармашылығымен 

таныстыру;  дамытушылық  –  оқушылардың  сөйлеу 

тілдерін  дамыту  және  өзіндік  жұмыс  істеу  дағдыларын 

қалыптастыру; тәрбиелік – адамгершілікке, сыйластыққа, 

еңбекке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:  сұрақ-жауап,  талдау,  салыстыру, 

дәлелдеу, диалог. Түрі: топтық, жұптық жұмыс, мәтінмен, 

кітаппен жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут):

Сәлемдесу.  Оқушыларды  түгелдеу.  Көңіл-күйлерін 

сабаққа бағыттау.

ІІ.  Үй  жұмысын  тексеру    (интерактивті  тақтаға 

жазылған сұрақтарға жауап беру) (8 минут):

1. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев кім?

2. Қай жылы қай жерде туған?

3. Мағжан қай жерлерде оқыған?

4. Ақынның алғашқы кітабы қалай аталады?

5. Мағжанның қандай өлеңдер жинағын білесіңдер?

6.  Ақынның  туған  жерге,  патриотизм  тақырыбына 

жазған өлеңдерін атаңдар.

7. Қандай поэмаларын білесіңдер?

8. Кімдердің шығармаларын аударды?

9. «Сүйемін» өлеңі не туралы?

10. Біздің қалада Мағжан атында нелер бар?


42

43

11.  Биыл,  2013  жылы  Мағжан  ақынның  неше  жыл-



дығын тойлаймыз?

12. Диалог дегеніміз не?

ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы.

Қазақ  әдебиетінің  үш  бәйтерегі  туралы  сұрақ  қойып, 

интерактивті тақтаға жаздырту (1 минут).

Бейімбет Майлин

     Сәкен                                                            Ілияс

Сейфуллин                                                   Жансүгіров

Оқушыларды 4 топқа бөлемін. Әр топта 5-6 оқушыдан 

болады. Дәптерге ай, күнді, тақырыпты жаздыртамын.



ІV. Жаңа сабақ: Мұғалім сөзі (3 минут):

-  Бүгінгі  өтетін  сабағымыздың  тақырыбы:  Бейімбет 

Майлин – әңгіменің хас шебері. Сабағымызды бастамас 

бұрын сөздікке көңіл аударайық.

Сөздікпен жұмыс (сөздік дәптерге жаздырту):



хас шебер – истинный мастер;

кедей малшы – бедный скотник;

қаршадайынан – с малых лет;

бейнелеу – изображать;             

 шағын – небольшой;

елуге тарта – около 50;

қарасөз – проза;                                      

шынайы – истинный;

қисса – эпическая поэма;

көркем шығарма – художественное произведение.

Бейімбет  Майлиннің  өмірі  мен  шығармашылығы 

туралы  өздеріңіз  топта  жұмыс  істеу  барысында 

танысасыздар. Сіздерге бүгінгі тақырып туралы ақпарат-

мәтінді  таратамын.  Сол  мәтінді  оқып,  түсінгендеріңізді 

постерге  түсіріп,  тақта  алдында  қорғайсыздар.  Топпен 

жұмыс (15 минут).

I топқа берілетін мәтін: Б.Майлиннің өмірі.

II топқа берілетін мәтін: Б.Майлиннің туыстары.

III  топқа  берілетін  мәтін:  Б.Майлиннің  білім  алған  

оқу орындары.



IV топқа берілетін мәтін:Б.Майлиннің шығармалары.

Жаңа  сабақты  постермен  қорғап  шығады.  Бір-біріне 

сұрақтар қояды. 

V. Сергіту сәті (1 минут). «Қара жорға» биі.

Мұғалім  сөзі:  -  Балалар,  әдебиет  сабағында  сіздер 

«өнер»,  «кейіпкер»,  «гипербола»,  т.б.  қазақ  әдебиеті 

саласына  жататын  сөздермен  таныстық.  Енді  бүгін 

«әңгіме» деген ұғыммен танысамыз. (2 минут).

Әдебиет теориясы (слайд, дәптерге жаздырту).

Әңгіме  дегеніміз  –  қарасөзбен  жазылған  шағын              

көркем шығарма.



Cұрақтар:

1.  Қазақ  әдебиетінде  балаларға  арнап  тұңғыш               

әңгімелер жазған кім? (Ы. Алтынсарин).

2. Ы.Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?

 

Үш 

бәйтерек 


44

45

VІ. Кітаппен жұмыс (3 минут):

«Артық  болмас  білгенің»  (137-бет).  4  топқа  үзін-    

ділерді бөліп беру:

1. Оқыту;

2. Тапсырма (жалқы зат есімдерді табу).



VІІ.  Қорытынды  (интерактивті  тақтаға  жазылған 

сұрақтарға жауап беру, 7 минут):

1. Бейімбет  Майлин кім?

2.  Қай  жылы,  қай  жерде,  қандай  отбасында  дүниеге 

келді?

3. Бейімбеттің оқуына кімнің әсері болды?



4. Бейімбеттің әңгімелерін атаңдар?

5. Әңгімелерінің негізгі тақырыбы не?

6. Мағжан мен Бейімбет қайда кездескен?

7.  Мағжан  мен  Бейімбеттің  шығармашылығының 

айырмашылығы неде?

VІІІ. Үйге тапсырма:

«Айт  күндері»  әңгімесін  оқып,  сұрақтар  мен 

тапсырмаларды орындау (143-бет).

ІХ. Рефлексия  парағы:

 - Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

 - Алдыңғы сабақтардан өзгешелігі бар ма?

  -  Бейімбет  Майлин  туралы  толық  ақпарат  алдыңдар 

ма?


 - Топпен жұмыс жасау қиындық тудырған жоқ па?

Х. Бағалау.

Әсел БАЙДІЛДИНА,

Қостанай қаласындағы


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал