Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет2/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Мәтіннің  мазмұнын  айту.  Үшінші  бағыт  бойынша 

әр  топ  өз  тұсында  көрсетілген  мәтіннің  мазмұнын 

жоғарыдағы  сұрақтар  бойынша  не  сызылған  сызба 

арқылы әңгімелейді.

3.Канаржевский  әдісі  –  жаңа  сабақтың  тақырыбын 

жасырып  ұстау  арқылы  оқушының  назарын  сабаққа 

аудару.  Мысалы:  7-сыныпта  «Қазақфильм»  киносту-

диясы» тақырыбы сөзжұмбақ арқылы беріледі.



4.  Профессор-зерттеуші  Ж.Қараевтың  техно-

логиясы.  Оқушылардың  білім  дәрежесіне  сәйкес 

тапсырмалар  беру.  Оқушылардың  өз  білім  дәрежесіне 

сәйкес тапсырмаларды таңдап алуы. Мысалы: әр тақырып 

бойынша өтілген сабақтарды пысықтай отыру.

Слайд. Киіз үй тақырыбындағы деңгейлік тапсырмалар.

5.  Проблемалық  оқыту  әдісі.  Бұл  әдіс  күнделікті 

сабақта  қолданылады..  Тақырып  бойынша  оқушыға 

сұрақ  беру,  жаңа  сабаққа  ойын  аудару,  осыдан  келіп 

сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни, 

оқушының өз ойын түйіндеп, сабақты қорыту.

5.«Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды 

дамыту»технологиясы бойынша «5 жол стратегиясы».

Мысалы:


1. 1 зат есім (бауырсақ).

2. 2 сын есім (дәмді, жұмсақ).

3. 3 етістік (пісіреді, қуырады, жейді).

4.  3-4  сөзден  сөйлем  (Менің  әжем  тәтті  бауырсақ 

пісіреді).

5. 5 синоним (нан).

6. Ойын технологиясының түрлері.

А). Халық педагогикасы.

«Қыз қуу», «Бәйге».

Ә) «Сыңарын тап» ойыны.

Мағынасы бір сөздерді біріктіру.


16

17

Сәлеметсіз бе?                   Тағам.



Қонақ                                  Қоштасу.

Үлкен кісі                           Сыйлау.

Көріскенше                        Төр.

Дастарқан                           Амандасу.

Б)  «Әрі  оқу,  әрі  ойын».  Бір  оқушы  орысша  сөз                    

айтады, екіншісі қазақша аудармасын айтады:



Здание – ғимарат;

город – қала;

природа – табиғат;

мальчик – бала.

В)  Тест  жұмыстары  нәтиже  сабақта  алған  білімдерін 

тексеруге көп көмек береді.

Қандай  да  іскерлік  әдістерді  пайдаланған  кезде 

оқушының  белсенділігін,  мақсатқа  ұмтылуы,  шапшаң-

дығы  мен  еркіндігі,  көңіл-күйдің  көтеріңкі  болуы 

қамтамасыз етіледі.

Қандай  тақырып  болса  да,  мұғалімнің  шеберлікпен 

жүргізген  әрбір  сабағы  оқушы  үшін  мол  білімнің  көзі 

болуы керек.

Сабақ  бастамас  бұрын  ой  шақыру  арқылы  мен  не  

білем,  ал  соңында  «мен  нені  білдім?»  деген  тұжырым 

жасауларын  бақылау  –  қажеттілік.  Мен  осы  айтқанда-

рымды  тиімділігіне  қарай  өз  сабағымда  пайдаланып 

жүрмін. 

Грамматикалық  материалдарды  және  лексикалық 

тақырыптарды  оқытуда  тірек  сызбалардың  қолданылуы 

тілді  дамытуға,  сөздік  қорды  молайтуға,  бір-бірімен, 

қарым-қатынас  жасауға  (сөйлеу,  айту,  жазу,  оқу),  ойлау 

қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді. 

Морфологиядан  «Сөз  таптарын»  оқыған  кезде  тірек 

сызбаны қолдану өте қолайлы.

Мысалы, мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:

Мен  кеше  әжеммен  және  атаммен  бес  әдемі  жейде 

сатып алдым.

Мен – дара, негізгі, жіктеу есімдігі.

кеше – дара, негізгі, мезгіл үстеуі.

әжеммен,  атаммен  –  дара,  негізгі,  жалпы,  жанды  зат 

есім.

және – жалғаулық, дара, негізгі, ыңғайластық шылау.



бес – дара, негізгі, есептік сан есім.

әдемі – сын есім, дара, негізгі, сапалық, жай шырай.

жейде  –  зат  есім,  дара,  негізгі,  жалпы,  жансыз,  атау 

септік.


сатып  алдым  –  етістік,  күрделі,  туынды,  өткен  шақ, 

ашық рай.

Бүгінгі  таңда  әрбір  жаңашыл  ұстаз  үшін  оқу  және 

жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау  әдісі  кез  келген 

стратегияларға  құнды,  әрі  бағалы.  Бұл  стратегиялар 

оқушылардың  қызығушылығын  арттыра  отырып, 

ұстаздың  тығырыққа  тірелетін  сәттерінен  арылтады. 

Сұрақ  қою,  ой  шақыру,  білім  көпірі,  бес  жолды  өлең, 

еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн 

диаграммасы,  пікірталас,  болжау,  Автор  орындығы, 

топтастыру,  т.б.,  стратегияларын  қолдану  оқушылардың 

мотивациясын  оятып,  ынталандыра  түсері  сөзсіз. 

Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, 

түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды (2, 38 бет).

Менің  оқушыларыма  үлкен  қызмет  ететін  әрі 

қызықтыратын  –  «Ой-толғаныс»  кезеңі.  Мұнда  әр 

оқушы  өз  білімін  қаншалықты  игергенін  дәлелдеуге 


18

19

тырысады.  Оларды  «Автор  орындығы»,  «Еркін  жазу», 



«Дискуссиялық парта», т.б. ерекше қызықтырады. Өзіңді 

тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тыңдау, бағалау, сыни 

тұрғыдан талқылау, ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы 

қажеттіліктерді  үйретеді.  Бұл  таңда  сабақтарымда 

қолданылып  жүрген  «Сыни  тұрғыдан  ойлау»  әдісі 

оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын 

тигізеді.

Мен өз тәжірибемде, көбінесе, оқушылармен бірлесіп, 

ұйымдасып,  топтасып  жұмыс  істеуіне  көңіл  бөлемін. 

Оқушы  бірлесіп  үйретуде,  кішігірім  топтармен,  жұппен 

жұмыс  жасауға,  ортақ  мәселелерді  талқылағанда  жаңа 

пікірлерге  шығармашылықпен  қарау  тұрғысында, 

жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері 

өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы 

көрсетеді.Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.

Бірлесіп  жұмыс  жасағанда  мына  жағдайларға  назар 

аударылды:

1) оқушылар бір- біріне бірдей бағынышта, сыйластықта 

болды;

2) жауапкершіліктері артты;



3)  топқа  бөлгенде  оқушылардың  ойлау  мүмкіндік-     

тері ескерілді;

4)  топта  барлық  мүшелерінің  бір-бірін  тыңдау, 

күту  шыдамдылығы,  кезектесіп  сөйлеу  дағдылары    

қалыптасты;

5)  мұғалімнің,  оқушылардың  топ  ішінде  сөйлеуін 

бақылау  және  қажет  кезде  кірісіп  сөйлеп  кету  еркіндігі 

тең дәрежеде болды;

6) топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың 

білімдері нәтижелі шыңдалды;

7)  оқушының,  ең  алдымен,  есте  ұстау  қабілеті 

жоғарылады;

8) оқушының сөйлеу дағдылары дамыды;

9)  жұмыс  жасау  кезінде  топ  мүшелерінің  қабілетіне, 

олардың  бір-біріне  дұрыс  көзқараспен  қарап,  ойларын 

құрметтеуге машықтанды;

10)  бір-біріне  көмектесіп,  ойларын  ортаға  салып, 

өздерінің білім алуын көтермеледі;

11)  оқуға,  жазуға,  тыңдауға,  сөйлеуге  кең  мүмкіндік-

терін  беретін  ортада  оқушы  өз  пікірлерін,  білімдерін 

жеткізді.

Осындай  сабақтарда  мұғалім  тек  ұйымдастырушы, 

бағыттаушы,  сараптаушы  ретінде  көрініп,  бар 

жауапкершілікті  оқушылардың  өз  тізгіндеріне  беріп, 

үлкен жауапкершілікті сезінтеді.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына 

қарай  тілді  білу  дәрежесі  де  әр  түрлі  болып  келеді. 

Сол  себепті  де  нақты  нәтижеге  жету  үшін  модульдік 

оқыту технологиясының тиімді  екенін   күнделікті   іс-

тәжірибемнен  көріп  келемін.  М.Жанпейісованың 

модульдік  оқыту  технологиясының  негізі  баланың 

тұлғасын  алға  қояды,  бұл  жаңа  білім  парадигмасына 

сай  келіп  отыр.  Модульдік  технологияның  басты  ерек-

шелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның 

танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді, яғни 

жадының  алуан  түрлерін  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау 

қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар 

арқылы дамытуға бағытталады.



20

21

Қорыта келе, бұл технологияны қолдану нәтижесінде:



•  Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттері дамиды;

•  Танымдық үдерістерді жетілдіреді;

•  Оқуға қызығушылығы қалыптасады;

•  Белсенді  сөздік  қоры,  ауызша  және  жазбаша  тілі 

дамиды; 

•  Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, 

қарым-қатынас,  ойын,  танымдық,  өзін-өзі  бекіту 

қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

«Еңбексіз  талант  –  тұл»  дегендей,  уақыт  көшінен 

қалмай,  өркениетті  елдермен  тереземіз  тең  болуы  үшін 

ұрпақ  алдындағы  борышымызды  естен  шығармайық. 

Қазақ  даласының  алғашқы  ағартушыларының  бірі, 

балалар  әдебиетінің  атасы  –  Ы.Алтынсарин:  «Маған 

жақсы  мұғалім  өте  қымбат,  өйткені  ол  –  мектептің                                                                                                                 

жүрегі»  деді  емес  пе?  Олай  болса,  іскерлік  пен 

ізденімпаздықта табысты болайық.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Т.М.Артықова,  Ж.Қыстаубаева.  Қазақ  тілі.  (оқыту 

әдістемесі). А., 2005;

2.  М.М.Жанпейісова.  Модульдік  оқыту  технологиясы 

оқушыны дамыту. Құрал ретінде, А., 2002;

3.  Н.Оралбаева,  К.Жақсылықова.  Орыс  тіліндегі 

мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі, А., 1996.

Қама СМАДИЯРОВА,

Маңқыстау облысының

Ақтау қаласындағы

№12 орта мектептің

 қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – 

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Халқымыз рухани  асыл қазынасының алуан  түрлерін 

салтында,  ғұрпында  сақтаған.  Сондықтан  одан  үйрену, 

үлгі алу – бүгінгі ұрпақ үшін кезек күттірмес жауапты іс. 

Ал бұл тұрғыда мектеп өмірінде мұғалімдер жүйелі түрде 

жұмысқа  кірісуі  керек.  Әр  сабақ,  әр  тәрбиелік  шара  ата 

салтымыздың неше түрлі қорларын ашуға, жоғалып бара 

жатқан жақтарын еске түсіруге, оларды насихаттауға үлес 

қосатындай ұйымдастырылуы керек.

Өзімнің  осы  бағытта  жұмыс  жасағаныма  2-3  жыл 

болды.  Алғашқы  кезде  қиындығы  кездескенімен,  қазір 

еңбегімнің бос кетпегенін көре бастағандаймын.

Әр сабақ көрнекілік түрінде болсын, сөйлем талдауға, 

белгілі  бір  тапсырмаларды  орындату  үшін  алынған        

шағын  мәтіндер  түрінде  болсын  үнемі  халықтық 

педагогикаға  негізделеді.  Енді  сондай  сабақтарымнан 

кейбір үзінділер келтірейін.

6-сыныпта  қазақ  тілінен  «Сөз  тұлғасы»  тақырыбын 

өткенде  интерактивті  тақта  бетіне  мына  мәтінді 


22

23

шығарамын.



Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз 

пайдаланып  келе  жатқан  ұлттық  тағамы.  Ол  –  тек 

тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, 

салтанатын,  байлығын,  мырзалығын,  дастархан 

берекесін  білдіретін  ырыс  белгісі.  Басқа  тағамдарға 

қарағанда,  қымызды  дайындаудың  тәсілдері,  салт-

дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп.

Сұрақ: Қымыз неден жасалады?

Жауап: Қымыз жылқы сүтінен жасалады.

Сұрақ: - Сүт алынатын жылқының түрі қалай аталады?

Жауап: Бие.

Сұрақ:  -  Қымыз  тек  тағам  ретінде  ғана  пайдаланыла 

ма, оны тағы қандай мақсатта қолданады?

Жауап: - Қымыздың емдік қасиеті мол. Ол – шипалы 

сусын, әлсізге әл береді.

Осы мәтін бойынша тапсырмалар:

1)  Жұрнақ  арқылы  жасалған  сөздерді  табыңдар 

(байлық, мырзалық, т.б.);

2)  Екі  түбірден  жасалған  сөздерді  табыңдар  (салт-

дәстүр, кәде-жоралар, т.б.).

Келесі  бір  сабақта,  мысалы,  «Қос  сөзде»  мынадай 

мәтінмен жұмыс жасатуға болады:



Алтыбақан  –  ұлттық  ойын  болғанымен,  оның  салт-

дәстүрлік  маңызы  одан  гөрі  жоғары  тұр.  Кешкілік 

ауылдың  қыз-жігіттері  аулақтау  жерге  алтыбақан 

құрып,  ойын-сауық  жасайды.  Бұл  жастардың  өнерін, 

ойын,  көзқарасын,  танымын  қалыптастыруда  зор 

тәрбиелік қызмет атқарады. 

Сұрақ:  -  Алтыбақан  қалай  ойналатын  ойын,  көрген-

дерің бар ма?

Жауап:  -  Телидидардан  көргеніміз  бар.  Әткеншекке 

ұқсас, тек екі басына екі адам тұрады не отырады.

Сұрақ:  -  Алтыбақаннан  басқа  қандай  ұлттық  ойын 

білесің?

Жауап:  -  Ақсүйек,  тоғызқұмалақ,  соқыртеке,  ұшты-

ұшты, т.б.

Тапсырмалар: 

1.  Мәтіннен  қосарлану  арқылы  жасалған  сөзді  та-

быңдар (қыз-жігіт, ойын-сауық, т.б.);

2.  Бірігу  арқылы  жасалған  сөздерді  табыңдар 

(алтыбақан, көзқарас, т.б.);

3.  Дәптерлеріңе  ұлттық  ойындардың  атын  жазып, 

олардың қалай жасалып тұрғандығын анықтаңдар.

«Сан  есім»  тақырыбын  өткен  кезде  мынадай  мәтінді 

пайдалану тиімді болды:



Қазақтың  байырғы  ұлттық  баспанасы  –  киіз  үй 

болған,  оны  соңғы  кезде  киіз  үй,  кейде  қазақ  үй  деп 

атайды.  Киіз  үйлердің  түрлері  мен  атаулары  көп. 

Бұрынғы хан-сұлтандардың  үйлері 8 қанаттан бастап 

30  қанатқа  дейін  баратын  болған.  8-18  қанат  сәнді 

үйлердің киіздерін ақ жүннен басып, үстіне күйдірілген 

әкпен,  күйген  сүйектің  күлімен  ағартып  бояған.  Киіз 

үйлердің «Қыпшақ үлгісі», «Қалмақ үлгісі» деп аталатын 

екі түрі бар.

Біріншісі  –  иығы  шығыңқы,  мінсіз  дөңгелек  үй,  ал 

екіншісі – еңсесіз шошақ үй...

24

25

Сұрақ: - Киіз үйлер қандай бөліктерден тұрады?



Жауап:  -  3  бөліктен  тұрады:  киіз  үйдің  ағаштан 

жасалатын сүйегі, киіз жабдығы, бау-шулары болады.

Сұрақ:  -  Біздің  жергілікті  жерімізде  киіз  үйлердің  ең 

көп тарағаны неше қанатты үйлер?

Жауап: - 6-7 қанатты.

Сұрақ: - Киіз үйдің ішіндегі жасауларын кім айтады?

Жауап:  -  Жүк  аяқ,  сырлы  кебеже,  бесік,  сандық,              

тұскиіз, сырмақ, алаша, көрпе, т.б. 

Тапсырмалар: 

1.  Мәтіннен  сан  есімді  тауып,  оның  қалай  жасалып 

тұрғанын айт (8, 30, 8-18, бірінші, екінші);

2.  Осы  мәтінді  өздерің  әрі  қарай  толықтырып  айтып 

көріңдер.  Бірақ  сөйлемдеріңнің  ішінде  сан  есім  болуын 

ескеріңдер.

Жауап:  -  Киіз  үйлер  3  бөліктен  тұрады.  Біріншісі  – 

үйдің  сүйегі,  оған  кереге,  уық,  шаңырақ,  сықырлауық 

жатады. Екіншісі –  киіз  жабдықтары,  оған:  үзік,  түйдік, 

туырлық,  ши  де  жатады.  Үшіншісі  –  бу-шулары,  оған: 

басқұр,  таңғыш,  желбау,  белбеу  арқан,  түйдік  бау,  үзік  

бау, т.б. жатады. 

Әдебиет  сабағында  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  өткен   

кезде,  олардың  қай-қайсысында  да  балалар  көп  түсіне 

бермейтін сөздер кездеседі. Оларға үнемі түсінік мәтіндер 

жазып  келіп,  интерактивті  тақтаға  шығарған  дұрыс. 

Мысалы: «Қобыланды» жырын өткенде: 

«Тұлымдыны тұл қылды,

Айдарлымды құл қылды ...» дейді.

Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей, 

екі шекесіне қойылған екі шоқ шаш. Мұны тұлым дейді. 

Тұлым, көбінесе, қыз балаға қойылады және ол – сәбиге 

лайықты ғұрып.

Айдар  деп  балалардың  төбе  шашын  ұзартып  өсіріп, 

моншақ  араластыра  өріп  қоюды  айтады.  Бұл  ғұрып  ер 

балаға жасалады. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған.

«Алпамыс  батыр»  жырында  «біреу  мосыға  шай 

қайнатып  отыр»  деген  бар.  Қазақ  халқында  мосы  көп 

пайдаланылған. Мосы – тұрмыстық сайманның бір түрі. 

Көшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз кез келген жерде 

бел шешіп, даладан тамақтанып, шай-су қайнатып ішіп, 

сапарларын  әрі  қарай  жалғастырып  отырған.  Осы  кезде 

мосы тиімді болған. Мосы – шәйнекті іліп отқа қоятын, 

темірден жасалған үш аяқты мүлік. 

Тағы  да  осы  жырда  «Құйрық  жеп,  бетке  ұн  жағу 

осылардан  қалған,  ірге  басып,  қалыңдық  ойнау  да 

солардан  қалған»  делінген.  Бұған  байланысты  мынадай 

түсіндіру мәтінін алып келуге болады.

Құдаласу  үстіндегі  ең  жауапты  сәттің  бірі  –  құйрық-

бауыр  асату.  Қыз  әкесі  құйрық  пен  бауырды  ұсақтап 

турап,  алдымен  құдаларына  асатып,  содан  соң  өздері 

асайды.  Бұл  екі  жақ  енді  бауыр-туыс  болады  деген  сөз. 

Құйрық-бауыр  жесіскен  соң,  дәстүр  бойынша,  ешқашан 

уәдені бұзуға болмайды. 

Осы 

тойдың, 


құдалықтың 

қызған 


сәтінде 

«Қуаныштарың  құтты  болсын!»  деп  бір  топ  әйел  кіріп 

келіп,  шашуды  сылтау  етіп,  құдаларға  үлкенді-кішілі 

құрттарды  жаудырады.  Шашу  үстінде  басы  жарылып, 

көзі іссе де ешкім ренжімеуге тиіс. Әйелдер шашудан соң 


26

27

қонақтарға  жеке-жеке  талап  қойып,  біріне  ән  салдырса, 



екіншісіне  күй  тартқызып,  жаңылтпаш  айттырады. 

Талапты орындай алмағандары тиесілі жазаларын алады. 

Бірінің  үстіне  суық  су  құйып,  бетіне  күйе,  ұн,  балшық 

жағады. Қаншама қиын талап қойылса да, құдалар мойын 

ұсынып,  артын  әзілге  бұрып,  тапқырлық  көрсетулері 

керек.


Жырды мәнерлеп оқу кезінде осындай сөздер кездессе, 

түсінік  беруді  міндетті  түрде  жүргізіп  отырған  дұрыс. 

Әрине,  әдебиет  сабағында  тақырыпқа  сай  келетін 

мақал-мәтел  жинақтап  келу,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыпқа 

байланысты шығармалар жазу – жиі кездесетін жұмыстар. 

Олар арқылы да баланың өз ұлты туралы танымы молая-

тыны түсінікті.

Айта  берсе,  мұндай  мысалдарды  көптеп  келтіруге 

болады. Әр сабақтағы жеке оқушыларға дайындап келген 

қима қағаздардағы сөйлемдерді де осы халқымыздың мол 

мұрасының ішінен тауып пайдалану тиімді.

Ал  сабақтардағы  бекітуге,  қайталауға  көбірек 

қолданатын  «Текемет  салу»,  «Бастаңғыға  шақырамыз», 

«Ақсүйек»,  «Түйе  қомдау»,  «Ат  ерттеу»  сияқты 

көрнекіліктерім  халықтық  дәстүрді,  ұлттық  үрдістерді 

бала  бойына  сіңіруге  елеулі  үлес  қосып  келеді.  Егер 

тәрбиелеуде  де,  білім  беруде  де  халықтық  тәжірибеге 

арқа  сүйеп,  жас  ұрпақты  ұлттық  рухта  тәрбиелеуді  тек 

науқандық жұмыс ретінде емес, күнделікті өмірде үздіксіз 

жүргізсе, ісімізден нәтиже шығары сөзсіз!  



Қорлан ШАЙМҰРАТҚЫЗЫ,

Шығыс Қазақстан облысының

Шемонаиха ауданындағы

Михайловка орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

АУЫЗЕКІ                                               

СӨЙЛЕУ ТІЛІ

Нағыз сабақ, ол – әрқашан сұхбат, іздене, дайындала, 

үйрене,  кеңесе,  шәкірттер  болашағын  ойлай  жасалған 

еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  талап,  сабақты 

ұйымдастырудың  тиімді  жолдарының  бірі  –  оқытудың 

жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады. 

Қазақ тілін оқу, өзге ұлтқа оқыту мәселесі кейінгі кезде 

ғана  қолға  алына  бастағандықтан,  қазақ  тілінен  әр 

сыныпта  қажетті  сөзді,  ауызекі  сөйлеу  дағдысын  сұ-

рыптап алу да, оны қалай оқыту мәселесі де қазір ғылыми 

негізде  зерттеліп  жатыр.  Адам  өзінің  рухани  байлығын 

толықтыру үшін өзге тілдерді үйренуге тырысқаны жөн. 

Мен  «Жаңа  технологиялар  бойынша  ойын  элементтерін 

қолдану  арқылы  оқушыларды  ауызекі  сөйлеуге  үйрету» 

мәселесі бойынша жұмыс істеймін. 

Біріншіден,  ауызекі  сөйлеу  тілін  білген  адам  оны 

өзінің  кәсіби  құзыры  деңгейінде  арнайы  әдебиеттерді 

оқуға, хабар алмасуға және кәсіптік іскерлігін жетілдіру 

мақсатында пайдалана алады. Қос тілді қатар қолданатын 

қоғамда  өмір  сүргендіктен  дәрігер,  мұғалім,  байланыс 

қызметкері  және  басқа  да  мамандық  иелері  өздерінің 



28

29

кәсіби    міндеттерін  жоғары  деңгейде  атқару  үшін  тілді 



білу керек.

Екіншіден,  белгілі  бір  халықтың  тарихын,  яғни, 

мәдени, рухани байлығының ерекшеліктерімен  тереңірек 

танысады.Балаларды  сөйлеуге,  сөйлесу  арқылы  оқуға, 

тыңдауға үйретуге болады. 

Мақсаты:  оқушыларымыздың  тілін  дамыту  үшін  

қазақ  тілінің  лексикалық,  грамматикалық  тұлғаларын 

меңгертіп, оларды сөйлемдерде  дұрыс қолдануды  үйрету 

керек. Мұғалімнің  алдына қойған мақсаты – оқушылардың 

ауызша  және  жазбаша  дағдыларын  қалыптастыру, 

теориялық  білімдерін  тәжірибеде  пайдалана  білуге 

жетелеу,  сұраққа  дұрыс  жауап  беруді,  ойларын  жүйелі 

түрде  жеткізе  білуді  үйрету.  Оқыту  барысында  алдыма 

қойған  мақсатым  –  баланы  субъект  ретінде  оқу  ісіне 

өзінше қызықтыратын, оның қабілетін арттыратын жағдай 

туғызу. Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың 

оқытудағы  іс-әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын 

жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет 

ету. Сонымен қатар, өткен сабақ материалдарын бекітуде, 

ауызекі сөйлесуге ынтасын тудыратын көрнекі құралдың 

есту мен көру түрін қолдануға ерекше мән беру.

- Білім беру үрдісінің нәтижесін жоғарылату;

- Белсенді және толық қатынасқа үйрету;

- Белгілі жағдаятқа байланысты оқушылардың ауызекі 

сөйлеу үрдісінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Тіл  дамыту  дегеніміз-  оқушыны  тілдік  тұлғаларды 

дұрыс  қолданып,  ойын  басқа  адамға  толық  жеткізуге 

дағдыландыру,  басқа  адамдардың  сөзін  жақсы  түсінуге 

үйрету болып табылатыны белгілі. 

Бұдан  тіл  дамытудың  мағынасы,  көлемі  кең  ұғым 

екендігін байқауға болады.

Адам  ойын  ауызша  не  жазбаша  түрде  жеткізеді. 

Сондықтан оқушы тілін дамытуда ауызша және жазбаша 

бағыттар бір-бірімен байланысты жүргізіледі. 

Сөйлеуде қолданылатын тілдік нұсқалар – дыбыс, сөз, 

сөз тіркесі тілді оқытудағы негізгі мәселелер екені анық.  

Тіл  дамытуда  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  жаттықтыру,    

қазақ  тілінің  орфоэпиясын  меңгеру  жұмыстары 

жүргізіледі.  Ал  бұлар  ауызша  сөйлеу  тілінің  негізгі 

мәселесі болып табылады. 

Екінші  тілді  үйрету  ісінде  оқушы  тілін  дамыту 

жұмыстарын  ұйымдастырғанда,  жаттығулардың  атқа-

ратын қызметі зор. Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді: 

тілдік және сөйлесу жаттығулары. Тілдік жаттығулардың  

міндеті  –  тілдің  грамматикалық  материалын  оқушыға 

меңгерту.  Сөйлесу  жаттығуларына  сұраққа  дұрыс  жауап 

беру, сұрақ қоя білу, сөйлем үлгілерін  дұрыс пайдалана 

білу,  аудару,  шығарма  жазу,  ситуациялық  жағдайларда 

сөйлей білу, т.б. жатады.

Оқушы  қазақ  тілінен  меңгерген  бай  сөздік  қорын 

қарым-қатынаста  қолдана  алмаса,  тіл  білген  болып 

саналмайды.  Сондықтан  оқушының  сөздік  қорын 

байыту    жаңа  сөздердің  сөйлесуде  қолданысқа  түсуімен 

байланысты.

Тілдік  жаттығулар  оқушыларға  тілдік  тұлғаларды 

қолдандыруға  жаттықтырып,  оны  сөйлесуде  қолдану 

дағдысын  қалыптастырады.  Ана  тілінде  адам  ойын 

жеткізу  үшін  сөздерді  қалай  байланыстыруды,  қай 

қосымшаны  қай  сөзбен  қолдануды,  білдіретін  ойына 

сөйлемнің қандай түрін, қалай қалыптастыруды ойланып 

жатпайды.  Екінші  тілді  үйренуші  оқушылар  алғаш 

ойды  қалай  жеткізуді  ойлайды,  дайындық  жаттығулары 

тілдік  тұлғаларды  қолдануды  үйретіп  қана  қоймай,  оны                                                                                                             



30

31

ойланбай  қолданатын  дәрежеге  жеткізуді  жүзеге     



асырады.



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал