Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 0.84 Mb.

бет1/8
Дата26.05.2017
өлшемі0.84 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.

                                   



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 

       МЕКТЕБІНДЕ 

   Казахский язык и литература 

               в русской школе

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

БАСЫЛЫМ

   2001 жылдың



  қаңтар айынан    

12/2013   

ЖЕЛТОҚСАН

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ,  Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА,  Роза                

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК,  Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА,  Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, 

Ольга  МЫРЗАГЕЛДИНОВА,  Фаузия ОРАЗБАЕВА

Күлпәш  САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Ғылыми ойлар отауы

Ғалия ШӘРІПЖАНОВА.              Сөздік құрастырудағы терминологияның

                                                             тілдік мәселелері...................................................3 



Мұғалімдерге көмек

Гүлнар ДӘУЛЕНОВА.                    Қазақ тілі сабағында қолданылатын

                                                             әдіс-тәсіл түрлері...................................................8



Қама СМАДИЯРОВА.                    Ұлттық құндылықтар – ұрпаққа үлгі..................21

Қорлан ШАЙМҰРАТҚЫЗЫ.        Ауызекі сөйлеу тілі...............................................27

Мұғалім  мінбесі

Нұргүл ДҮЙСЕНБЕКОВА.           Жаңаша оқыту – жаңаша көзқарас......................32

Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

Мейрам ӘБІЛОВ.                            Бейімбет Майлин – әңгіменің хас шебері..........39

Әсел БАЙДІЛДИНА.                      «Қыс» өлеңінің өрнегі..........................................45

Анаргүл ТАЛҒАТҚЫЗЫ.              Поэма патшалығында –

                                                            «Батыр Баян».........................................................51



Тұрсын ИЫҚБАЕВА.                     «Толағай» әдеби ертегісінің әлемі......................54

Интерактивті сабақ

Гүләнда КЕНЖЕҒАЛИЕВА.         Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең...................................61

Желтоқсан жаңғырығы

Әлия СЫЗДЫҚОВА,                       Желтоқсан – 

Әлия БАЙСҰНОВА.                        тәуелсіздіктің ұлы рухы......................................66

Кіріктірілген сабақ

Дана ОРАЗАЛИНОВА.                   Екпін......................................................................72

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Әсел ИБРАЕВА.                                «Қ» дыбысын оқыту арқылы оқушылардың

                                                             сауаттылығын дамыту..........................................76



Мөлдір ТАПАҚОВА.                       «К», «Қ» дыбыстары............................................81

Айгүл ХАСЕНОВА.                         Менің Отаным – Қазақстанның жаңа сөздері...84

Раушан АЛЧАБАЕВА.                    Сөйлеу қабілеті мен салт-дәстүрлер..................87

Ғалия ТЮЛЮБАЕВА.                    Сөздік жұмысын байытқан 

                                                              музыка аспаптары...............................................93



Меруерт ТАБЫЛҒАНОВА.            Сауатты сөйлеткен Балуан Шолақ...................100

Роза МАХАМБЕТОВА.                   Сөйлеу мәнерінде – Тәуелсіз мемлекет...........103

Айгүл ЕЛУБАЕВА.                          Жыл мезгілдерін қайталатқан – 

                                                              жаттығу жұмыстары.........................................106



Ардақ СЫЗДЫҚОВА.                     Менің күн тәртібім: 

                                                              тәуелдік жалғау мен септіктер.........................111



Ақайша ЕЛУБАЙҚЫЗЫ.              Қазақстан Республикасы мен 

                                                             «Сын есім» сыры................................................114

                                            Әдеби кеш

Айжан ИБРАЕВА,                             Асыл сөзді іздесең,

Ғалия УКИЕНОВА.                         Абайды оқы, ерінбе!..........................................122

Сыныптан тыс тәрбие

Айман ӨМІРЗАҚОВА.                    Көркем сөзбен көмкерілген 

                                                             Тәуелсіз еліміз....................................................127



Айгүл ӘБІШЕВА.                            «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім».........134  

Шәкірт шабыт шағында

Нұрқанат ОЛЖАС.                          Желтоқсан...........................................................143

Ғылыми ойлар отауы

Ғалия ШӘРІПЖАНОВА, 

филология ғылымдарының кандидаты.

Алматы қаласы.



СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДАҒЫ 

ТЕРМИНОЛОГИЯНЫң ТІЛДІК 

МӘСЕЛЕЛЕРІ

Терминологиялық  сөздіктер  ғылым  мен  техниканың 

салаларына қатысты терминдердің ұғымдарын түсіндіріп 

беруді көздейді. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бері түркі 

тілдерінің  барлығында  ғылым  мен  техниканың  алуан 

түрлі  салаларынан  көптеген  терминологиялық  сөздіктер 

жасалды. Терминологиялық сөздіктер бір тілді түсіндірме 

сөздік  түрінде  де,  екі  тілді  аударма  сөздік  түрінде  де 

дүниеге келеді. 

Ғылым мен техниканың дамуында орыс тілінің үлесі 

зор болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Нәтижесінде 

Кеңес  дәуіріндегі  түркі  тілдерінің  барлығындағы 

терминологиялық  сөздіктер  негізінен  аударма  тәсілімен 

істелді.  Сөздіктердегі  терминдер  оған  қойылатын 

өлшемдерге сай бір мағыналылық, бір саланың мамандары 

ғана қолданатын және негізінен ғылымның тар аясындағы 

дерексіз  ұғымдардың  атауы  болу  сияқты  талаптарды 

қанағаттандырды.

Қазақ  тіліндегі  терминжасам  мәселесінде  ең  көп 

тараған  тәсілдердің  бірі  –  калькалау.  Біз  қарастырған 

аударма  терминологиялық  сөздіктерде,  оның  ішінде 

техникалық 

қазақша-орысша, 

орысша-қазақша 

терминологиялық  сөздіктердегі    сөздердің  басым 


4

5

көпшілігі  осы  тәсілмен  жасалған  шет  тілдерден  енген 



терминдер.  Калькалау  –  өзге  тілдердегі  сөздер,  сөз 

тіркестері мен сөйлемдердің құрылымдық семантикалық 

қалпын  қазақ  тіліне  сәйкестендіріп  көшіру.  Калька  да 

аударма болып есептелгенімен, бағыты бөлек. Калькалау 

сөздің кез келген сөздіктен баламасын іздемейді, аударма 

құралын өзі жасайды, яғни, жаңа сөз тудырады, бұрыннан 

бар сөздерге жаңаша мағына үстейді. Бұл жөнінде белгілі 

терминтанушы  Шерубай  Құрманбайұлы  былай  дейді: 

«Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу үлгісі 

мен  мағынасын  пайдалана  отырып,  ұлт  тілінде  термин 

жасау  болып  табылады.»  (Терминдердің  қалыптасу 

көздері  мен  терминжасам  тәсілдері.  А.,  «Сөздік»,  2005, 

240-б.).

Ал осы өзге тілдегі терминдерді өз тілімізге калькалау 

арқылы  көшіру  ерекшеліктеріне  сәйкес  калькалауды 

бірнеше топқа бөледі:

1.  Құрылымдық  калькалар  –  шет  тіліндегі  сөздердің 

сөзжасамдық негізділігін көшіріп алатын калькалар.

2. Семантикалық калькалар – шет тіліндегі сөздердің 

ауыспалы мағынасына ие болатын калькалар.

3.  Синтаксистік  калькалар  –  шет  тіліндегі  сөздердің 

синтаксистік,  яғни,  құрылымдық  негізділігін  сақтап 

көшірілетін калькалар.

4.  Фразеологиялық  калькалар  –  шет  тіліндегі 

фразеологизмдердің  барлық  компоненттерін  дәлме-дәл 

көшіріп алатын калькалар.

Сонымен бірге құрамындағы компоненттері жартылай 

ғана көшірілетін калькалар да болады. 

Калькалау  –  баламасыз  лексиканы  жеткізудің  кең 

тараған  түрі  және  терминологиялық  сөздік  түзуде  кең 

қолданылатындықтан тереңірек тоқталдық.

Терминологиялық 

сөздік 

жасауда 


баламасыз 

лексиканы  жеткізудің  өзге  де  түрлері  қолданылады. 

Олар: транслитерация (шетел сөзін алып, аударма тілдің 

әріптерімен  бейнелеу);  жаңа  сөз  не  сөз  тіркесін  жасау 

(аударма  тілдің  мүмкіндігін  пайдалану);  сипаттама 

аударма (тілдік бірліктердің мағынасын кеңінен сипаттау); 

ұқсастырып аудару. 

Осындай  әр  түрлі  жолдармен  термин  жасау  ХХ  ға-

сырдың басынан бері, қазіргі уақытта да кең қолданылады. 

Қазіргі таңда ғылыми-техникалық әдебиеттердің қазақ 

тіліне көптеп аударылуы, аударма техникалық сөздіктердің 

түзілуі  заман  талабынан  туындап  отыр.  Алайда  аударма 

еңбектер, соның ішінде сөздіктер тіліндегі стилистикалық, 

грамматикалық  қателіктер  ғылыми-техникалық  аударма 

ісінің  әлі  де  болса  толық  жолға  қойылмағандығын 

аңғартады. 

Жаңа термин жасау – күрделі үдеріс. Өйткені шет тілдің 

сөзін  аудару  арқылы  сол  сөздің  жаңа  мағынасын  жасау, 

жаңа  сөз  жасау  мақсаты  көзделеді.  Алайда  терминдерді 

қазақ  тілінде  жасау  кезінде  жіберілетін  кемшіліктерді 

қазіргі кезде ғалымдар шартты түрде былай жіктеп жүр:

1. Бір терминнің екі сөздікте екі түрлі берілуі;

2.  Бір-бірімен  байланысты  ұғым  атауларын 

терминологиялық жүйелілікті сақтамай аудару:

• жеке  термин  ретіндегі  аудармасы  бір  басқа, 

ал  күрделі  термин  ретіндегі  аудармасы  бір  басқа 

терминдер;

• бірде  аударылып,  бірде  аударылмай  берілген 

терминдер.

3)Жұрнақтардың  дұрыс  аударылмауы,  мұның  өзін  

екіге бөліп қарастыруға болады:

•  орыс тіліндегі әр түрлі жұрнақтардың қазақ тілінде 



6

7

бір ғана жұрнақпен берілуі;



•  орыс тіліндегі бір жұрнақтың қазақ тілінде әр түрлі 

жұрнақпен берілуі.

4. Аудармасы күмән туғызатын жұрнақтар.

5. Сөздіктерде аталым ретінде берілмеген терминдер.

6.  Аударуды  қажет  етпейтін  терминдерді  қазақша-

лаудан туатын қателіктер.

Кейде  бұл  шарттарға  техникалық  мәтіндерде  көптеп 

кездесетін  изафеттік  тіркестердің  аудармасы  сай  келе 

бермейді.  Мәселе,  оқырман  билеті,  неміс  ғалымы 

тіркестері  орыс  тіліне  читательский  билет,  немецкий 



ученый    болып  аударылып  жүрсе,  байланыс  желісі, 

байланыс  жолы,  электрониканың  өркендеуі  тіркестері 

басыңқы  сөзден  бастап  аударылады.  Дегенмен  де,  біз 

осы  шарттарды  басшылыққа  алып,  университетімізде 

2009 жылы жарық көрген «Жылу қайратият атауларының 

қазақша-орысша,  орысша-қазақша  сөздігін»  /Е.Нұрекен, 

Д.Темірбаев,  Б.Алияров/  қарастырып  шықтық.  Батыл 

түрде  атаулардың  көпшілігі  аударылып  берілгенмен, 

аудармасы  күмән  туғызатын  сөздер,  сөздіктерде  аталым 

ретінде  берілмеген  терминдер,  бір  терминнің  екі  түрлі 

сөздікте  екі  түрлі  берілуі,  т.б.  сияқты  кемшіліктердің 

көрініс беріп қалатынын кездестірдік. Сөздіктің қазақша-

орысша  берілуіндегі  ана  тіліміздегі  нұсқасы    көңілге 

сенімсіздік тудырады. Мысалы, ақырсыз – бесконечный, 

ауалы  –  пневматический,  ауамен  тасымалдау  – 

пневмотранспорт, ауданша – микрорайон, әкелу – подвод, 

әкету  –  отвод,  әкетінді  –  унос.  Ал  хаос,  абсорбция 

(бейберекеттік, бойына сіңіру) деген терминдерді толық 

аудармай,  түсініктемесін  жақшаның  ішінде  көрсеткен 

жөн деп есептейміз. Сол сияқты еселі аумақы – кратный 

интеграл,  екінші  мекендік  -  ордината,  бірінші  мекендік 

–  абсцисса,  жабысу  –  аугезия,  жанарғы  –  горючее, 

кейіптеме – формула, жалғастырғыш – муфта, жабық 

жол  –  галерея,  жинағыш  –  аккумулятор,  жинау  – 

аккумуляция,  жиын  –  множество,  жұп  берне  –  четная 

функция,  жылу  қозғалым  –  термодинамика,  көмекші 

құрылым  –  инфраструктура,  коэффициент  –  еселеуіш, 

затшалық маңыз – молекулярная масса, күмбез – сфера, 

көрнек  сызба  –  диаграмма,  вольтөлшер  -  вольтметр  

болып  берілген  сөздер  де  күмән  ұялатады.    Наладка  –



жөнге  салу,  лабораторная  работа  –  зерттеу  жұмысы 

болып аударылған. Бұрынғы бар сөздіктердегі аудармасы 

бойынша  баптау  және  зертханалық  жұмыс    сөздері 

дұрыс балама болады деп есептейміз. 

Барлық  терминдерді  аударуға  тырысу  терминжасам 

жүйесіне  қойылатын  талаптарға  сай  келе  бермейді. 

Бір  лексикалық  бірлік  тілде  термин  ретінде  де,  жалпы 

лексикада да қолданыла бергенімен, сенімсіздік туғызған 

жағдайда терминдік бірлік жалпы қолданыстағы лексемаға 

көшеді /В.М.Лейчик. Терминоведение: предмет, методы, 

структура. М., «ЛКИ», 2007. 29-б./.

Терминжасам  жүйесін  қалыптастыру  терминтану 

өлшемдеріне  сай  бірнеше  топқа  бөлінетінін  ескерте 

кеткен артық бола қоймас деп есептейміз. Олар: базалық 

қалыптасқан  басты  терминдер,  негізгі  терминдер, 

туынды және күрделі терминдер, салааралық терминдер. 

Терминологиялық  сөздік  түзу  үдерісінде  барлық 

өлшемдерге  ден  қойып,  сауатты  жасалуын  қадағалау 

автордың еншісінде екендігін ұмытпау лазым.

Жоғарыда  айтылған  мәселелерді  қорыта  келгенде,  әр 

түрлі  ғылым  саласына  байланысты  терминологиялық 

сөздік жасау үдерісіне  тек сала мамандары ғана емес, тіл 

мамандары да ат салысқаны жөн болар еді деп ойлаймыз.


8

9

Мұғалімдерге көмек



Гүлнар ДӘУЛЕНОВА,

«Балдәурен» республикалық 

оқу-сауықтыру орталығының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Ақмола облысы,

Шучинск қаласы.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛ 

ТҮРЛЕРІ

Технология – әдістеме. Әдіс дегеніміз – білім берудің 

теориясы.

Тәсіл  дегеніміз  –  іс,  меншікті  іс.  Тәсілдердің  эле-

менттері, амал жолдары:

1)  таныстыру,  берілген  білімді  тексеру,  бекіту,               

жүйелеу, тиянақтау;

2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселелерді шешкізу;

3) мониторинг- тексеру;

4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация;

5)  таным  жолы  –  оқушыларды  әрекетке  кіргізу.            

Мұғалім және оқушылар, оқушылар және оқушылар.

Оқыту  әдісі  дегеніміз  –  мұғалімнің  білімді  меңгерту 

жолындағы  тәсілі.  Әдіс  оқушының  өз  ынтасын,  ішкі 

қозғаушы  күшін  жұмысқа  бағыттауды  ұстанады.  Әдіс 

тек  әрекеттің  негізгі  мақсаты  болуы  шарт.  Әр  түрлі 

құралдарды қолдану әдіске бағынышты.

Құралдардың  әр  түрлі  болуы  әдістің  құрылымын 

өзгертуге  ықпал  етеді.  Әдістер  арқылы  білім  мазмұнын 

меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге 

жеткізер деген әдіс-тәсілдерді таңдап алуды қарастырады. 

Педагогиканың  бір  саласы  –  дидактиканың  негізгі 

міндеті – оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, 

оқыту  заңдылықтары  мен  көзқарастарын,  әдістерін 

және  ұйымдастыру  формаларын  қоғам  талабына  сай 

қолданудың жолдарын қарастыру.

Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісіне 

пайдалану  үшін  әр  мұғалім  өзінің  алдында  отырған 

оқушыларының  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

педагогтың  мақсат-мүддесіне  байланысты,  өзінің 

шеберлігіне  байланысты  таңдап  алады.  Жаңа  әдістерді 

жүзеге  асыруда  мұғалім  белсенділігі,  шығармашылық 

ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы 

шәкірттерін бағалау ерекше орын алады (1,18-бет).

Оқу  жоспарын  жасағанда,  оның  бағдарламасы  мен 

оқулықтарындағы  оқу  материалдарын  іріктеп,  таңдауда 

оқушылардың  жас  өзгешелігі  мен  психологиялық 

ерекшеліктері  ескеріледі.  Сондай-ақ,  әрбір  сабақтың 

мазмұнына 

қарай 


амал-құралдарды 

қолдануда 

оқушылардың  психологиялық  ерекшеліктеріне  үлкен 

мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалды   терең 

түсініп,  саналы  меңгеруі  үшін,  оның  тақырыптық  ішкі 

заңдылығы  мен  өзара  байланысын  дұрыс  анықтап, 

тиісті  қорытынды  жасай  білуі  қажет.  Оқушы  бірінші 

сыныптан  бастап  қазақ  тілін  үйрену  барысында  тілдегі 

түрлі  қолданылатын  атауларды  (әріп,  дыбыс,  буын,  сөз, 

сөз  тіркестері,  сөйлем,  сөз  бен  сөзді  байланыстыратын 



10

11

жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, 



сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық 

анықтама, ережелерді) оқып үйренеді.

Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен 

атауларын  бірден  меңгеріп  кетуі  мүмкін  емес,  тек  оның 

негізгі  қажеттілерін  (анықтама,  ережесін)  есте  сақтауы 

мүмкін.


Сабаққа  қойылатын  талап  тұрғысынан  техникалық 

құралдарды,  кестелер,  сызбалар,  үнтаспа  жазбаларын 

пайдалану  арқылы  оқушылардың  есту,  көру  сезімдеріне 

әсер  ете  отырып,  олардың  ойлану  қабілетін  дамытуға 

көңіл болінеді.

Қолданылатын  көрнекіліктер  оқушылардың  сабаққа 

деген  ынтасын  арттырады,  түсіндірілген  материалдарды 

саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім 

сапасының көп жағдайларда төмен болуы – осындай түрлі 

ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден деп айтуға болады.

Қазіргі  кезде  қазақ  тілін  қандай  бағытта,  қандай 

мазмұнда оқыту керек?

Меніңше,  коммуникативті  функционалды  бағытта 

болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін 

ашу  қажет.  Яғни,  оның  сөйлеу  үдерісіндегі,  сөйлем 

құрудағы,  мәтін  бойынша  әңгіме  құрастырудағы  рөлі 

амал-құралдар арқылы меңгертіледі.

Ең  алғаш  қазақ  тілін  үйрету  барысында  оқушыға 

айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды 

таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі 

бір  тақырып  айналасында  екінші  біреудің  сөзін  есту 

арқылы, онымен өзі әңгімелесіп, сөйлесу арқылы, мәтінді 

оқу  арқылы  меңгертіледі.  Яғни,  оқушы  қазақ  тілінде 

сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасайды. Мысалы: «Мен 

қазақша сөйлеймін», «Асқар – менің досым», «Мен осы 

үйде  тұрамын»  деген  тақырыпта  бір-бірімен  танысады, 

әңгімелеседі.

Мұғалім  –  мектептегі  басты  тұлға.  Ол  өз  ісімен 

өзгеге  үлгі  болып  жетекші  болады.  Білімі  терең, 

әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс 

үстінде  жүреді.  Мұғалім  жұмысындағы,  әсіресе,  сабақ 

беруіндегі  бір  ерекшелігі  –  ұғымдарды  белгілі  бір 

сызбалармен  түсіндіріп,  соны  қолдана  отырып,  іскерлік 

жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, бір ғана ұғымды шағын 

көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп 

ұсынады.Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  үйрену,  білу 

–  қазіргі  таңның  басты  мәселесі.  Сабақта  бұл  мәселені 

шешу жолдарының бірі – әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді 

қолдана  отырып,  жаңа  технологияларды  енгізу.  Қазір 

технологиялардың  түрлері  өте  көп.  Орыс  мектептерінде 

қазақ  тілін  үйрету,  лексикалық  және  грамматикалық 

тақырыптарды  меңгеру  –  күрделі  жұмыс.  Сондықтан, 

сабақ  үрдісінде  түрлі  әдіс-тәсілдерді,  жұмыс  түрлерін 

ұйымдастыруда  оқушылардың  белсенділігі  көрінетін-

дей,  олардың  әлі  ашылмаған  қырлары  байқалатындай, 

сабақтың  түрлі  пішіндерін  іздестіремін.  Бұл  орайда 

деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясының  көмегі  тиіп 

жүр.  Өзімді  сабақ  үстінде  оқушының  іс-әрекеттерін 

бақылаушы, бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. 

Бұл  оқушылардың  өзіне  деген  сенімін  арттырып,  пәнге 

деген  қызығушылықтарын  оятуға  көмектеседі.  Сол 

қиындықтарды жеңілдету үшін мен мына әдіс-тәсілдерді 

қолданамын:


12

13

Сұрақ-жауап.



Өз ойын айту.

Баяндау.

Сұхбаттасу.

Монолог.

Аударма.

Мұндай  әдістер  оқушылардың  тілін  дамытуға,  сөздік 

қорын  молайтуға,  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауға, 

ойлау қабілетін дамытуға, өз ойын қазақша жеткізе білуге 

үйретеді.  Тіпті,  үлгерімі  төмен  оқушылар  да  осындай 

әдістерді қолдану барысында өз білімдерін көрсете алады. 

Сабақта  оқушыларға  жалпы  өмірде,  күнделікті 

тұрмыста кездесетін жайларды дұрыс танытып, ойларын 

кеңейтіп,  сабақты  сапалы  игеруде  көрнекі  құралдардың, 

дидактикалық  материалдардың  маңызы  зор.  Сабақта 

тақырыпқа  байланысты  пайдаланған  көрнекіліктен 

ұтарымыз көп:

1. Сабақты түсіндіргенде мұғалім қиналмайды;

2. Оқушылар материалды тез қабылдап меңгереді;

3. Оқушылардың ынтасы артады;

4. Тіл ұстарту жұмысы еркін жүзеге асады;

5. Суретпен жаңа сөздің мағынасы түсінікті болады.

Барлық  дидактикалық  материалдар  оқушылардың 

ауызша  және  жазбаша  тілін  дамытады.  Сонымен  бірге 

білім сапасын көтеруге, балалардың оқып-үйренуге деген 

қызығушылықтарын арттыруға әсерін тигізеді. 

Орыс мектептерінде лексикалық және грамматикалық 

тақырыптарды  меңгерту  –  өте  күрделі  жұмыс. 

Грамматикалық  және  лексикалық  тақырыптарды  оқыту 

барысында  тірек-сызбалардың  қолданылуы  тілді 

дамытуға,  сөздік  қорын  молайтуға,  бір-бірімен  қарым 

–қатынас  жасауға,  ойларын  қазақша  жеткізе  білуге 

жаттықтырады. Тіпті, үлгерімі төмен балалар үшін тірек-

сызбалар  олардың  жұмыс  істеу  қабілеттерін  арттырып, 

дамытады.

Оқушылар  білімін  жүйелі  тексеріп,  бақылап 

отыру  оқушыларды  жауапкершілікке,  үнемі  жұмыс 

істеуге,  мақсатқа  жетуде  –  табандылыққа,  қиындықтан 

қорықпауға баулиды. Сонымен қатар, оқушылар білімінің 

тиянақтылығын  және  тереңдігін  арттырады.  Жұмысты 

жеңілдету үшін білімді тексерудің алуан түрлі жолдарын 

іздестіру - әрбір мұғалімнің міндеті.

Сондықтан  жаңа  педагогикалық  іскерлікті  қолдануға 

ерекше мән беріп, пайдаланатын әдістерге тоқталайын:

1.  Шаталовтың  тірек  –  сызба  нұсқасы  және  өзара 

байланысты бірнеше деңгей әдісі.

а)  Сыныптағы  тақтаға  салынған  сызба  нұсқа  арқылы 

сабақты  түсіндіремін.  Мысалы:  «Наурыз»  тақырыбына 

тірек  сөздерді  оқушылардың  өзіне  жазғызу,  мұғалім 

толықтырып отырады.

ә)  Әдемі  салынған  сурет  немесе  плакатты  көрсету 

арқылы  түсіндіру.  Балалар  суретті  көре  отырып,  соны 

жазбаша  баяндайды.  Оқушылардың  көру  қабілеттеріне 

әсер етеді. Мысалы: «Қыс» суретімен әңгіме құрастыру.

2.  Фирсовтың  дифференциалды  оқыту  түрі. 

Материалды блок түрінде жеткізу. («Атақты күйшілер»). 

Оқушыларды топтарға бөліп, қабылдау.

Слайд.


(Бағыт жазылып тұрады).

14

15

1-бағыт – аударма.



І топ – «Құрманғазы».

ІІ топ – «Дина».

2-бағыт – сұрақ-жауап.

І топ – «Дина».

ІІ топ – «Құрманғазы».

3-бағыт – мазмұндау.

І топ – «Құрманғазы».

ІІ топ – «Дина».

1. Аударма жұмысы. Бірінші бағыт бойынша әр топ  

өз тұсында жазылған мәтінді аударады.

2.  Сұрақ-сызба.  Екінші  бағыт  бойынша  әр  топ  өз 

тұсында  көрсетілген  мәтінмен  жұмыс  істейді.  Мәтіннің 

мазмұнын ашатын алты сұрақ дайындап, сызба сызады.

а) Күй атасы – Құрманғазы.

1. Кім? 

2. Қай жерде туып-өскен? 

3. Оның ұстазы кім? 

4. Құрманғазы күйлерінде нені суреттеген? 

5.Алғашқы күйі қалай аталады?

6. Ол неге қарсы күрескен?

ә) Күй анасы – Дина.

1. Кім?


2. Қашан, қайда туды?

3. Құрманғазыны қашан көрді?

4. Құрманғазы қандай аманат айтты?

5. Домбырада неше жасынан ойнады?

6. Шығармалары.



  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал