Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.

бет1/9
Дата08.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
   Казахский язык и литература 
               в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан        
7/2013     
ШІЛДЕ
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 
БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 
Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Ғылыми ойлар отауы
Райхан БӨКЕЙХАНОВА,                Кәсіби тілді оқыту үдерісінде 
Мейірімкүл ТӨЛЕУП,                      пайдаланылатын оқулықтар үшін мәтін
Зәуре СОВЕТОВА.                             іріктеудің лингвистикалық факторлары
                                                               мен өлшемдері.....................................................3 
Тиімді әдіс  баршаға ортақ
Бағдат БАЙҒАЛИЕВА.                    Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау
                                                               қабілеттерін дамыту..........................................13 
Рухани дүниемізде
Анар МАХМЕТОВА.                        Отанға деген сүйіспеншілік – отбасынан........20
Тамыз мәслихаты қарсаңында
Әсел ОСПАНОВА.                             Грамматиканы және жаттығу жұмыстарын
                                                               жүргізуге байланысты тіл ұстарту...................24
Айнагүл ЖҮЗІКЕЕВА.                     Деңгейлік оқыту жүйесі бойынша
                                                               құрастырылған тапсырмалар...........................28
Колледж кеңістігінде
Толқын ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА.          Электр тогынан қорғайтын қорғаныс
                                                               құралдары..........................................................34
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Сәуле ЕСЖАНОВА.                            Салалас құрмалас сөйлем түрлері..................40
Жаңылған САЛЫҚОВА.                   «Қазақстан» тақырыбы және оның 
                                                                 сөздік қоры.......................................................45
Гүлзада ХАСАНОВА.                         Сөйлеу қабілетін арттырған 
                                                                 менің досым.....................................................51
Майра ТОҚСАНБАЕВА.                   Жаттығу жұмыстары – «Жайлауда»...............54
Кіріктірілген сабақ
Гүлбадан МӘМБЕТЫРЗАЕВА,       Абай және Пушкин:
Назгүл ИМАНБАЕВА.                       екі ақын үндестігі.............................................58
Ойын  ойдың өрісі
Гүлмира КАПИЕВА.                          Сөз таптары және тарихи тұлғалар.................65
Әсемгүл БАКУЛИНА.                        Сөздік қор дамуы – қайталау сабағы..............72
Айнұр ЕРДЕНОВА.                             Ойталқыда – Мұхтар Шаханов.......................77  
Білім негізі 
 
бастауышта
Бақыт МҰҚАШҚЫЗЫ.                     Әріптер әлеміндегі сауаттылық......................82
Сыныптан тыс сабақ
Динара ОРАЗБАЕВА.                          Тіл туралы танымдық апталық......................89
Бауыржан БАЙҒАБАТОВ,           
Раушан АЛШАБАЕВА.                       «Тәуелсіздік – аңсар әнім, тіл тірегім».........98
Білім сынағында
Қарлығаш ТАГИМАНОВА.              Қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары...............108
Оқушы шығармашылығынан
Надежда БАРАБАШ.                           Қазақ ақындары өлеңдерінің 
                                                                 аудармалары...................................................119
Әдеби кеш
Жания ХАЙДАРОВА.                         Шығармашылық жұмыста – Абай тілі........129
Тоғжан КЕҢЕСҚЫЗЫ.                       Қазақ өлеңінің Қадыры................................136

3
Ғылыми ойлар отауы
Райхан БӨКЕЙХАНОВА,
п.ғ.к., доцент, АЭжБУ  қазақ және 
орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі,
Мейірімкүл ТӨЛЕУП,
ф.ғ.к., АЭжБУ доценті
Зәуре СОВЕТОВА,
ф.ғ.к., аға оқытушы.
КӘСІБИ ТІЛДІ 
ОҚЫТУ  ҮДЕРІСІНДЕ    
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН 
ОҚУЛЫҚТАР ҮШІН МӘТІН 
ІРІКТЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
фАКТОРЛАРЫ МЕН              
ӨЛШЕМДЕРІ
Бүгінгі  таңда  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде 
меңгерту  бағытында  тіл  үйренушілерге  әр  түрлі 
әдістемелер  бойынша  дәріс  беру  сара  жолға  қойылған. 
Орыс  топтарында  білім  алатын  студенттерге  қазақ 
тілін  жекелей  пән  ретінде  оқытудың  инновациялық 
тәжірибелері мен озық технологиялары қарқынды дамуда. 
Қазақ  тілін  дамыту  мен  насихаттауға  байланысты 
мемлекет  тарапынан  көптеген  ұсыныстар  жасалынып, 
тілді  оқытуға  байланысты  қатаң  талаптар  қойылып 
отырғаны  белгілі.  «Жақсы  оқыту  да,  жақсы  оқу  да 
оқулыққа тікелей байланысты» /А.Құсайынов, Ұ.Асылов. 
Оқулықтанудың өзекті мәселелері. А., «Рауан», 2000, 144-
б.,  10-б./  деген  пікірге  сүйенсек,  әрбір  тіл  үйренушінің 

4
қазақ  тілін  еркін  меңгеріп  кетуі  тікелей  оқытушының 
көмегі мен сапалы құрастырылған оқулыққа байланысты. 
Әрбір оқулық – жан-жақты құбылыс, екінші жағынан, 
оқыту жүйесі мен әдістемесі бар, оқушы жасына, оқыту 
түріне  (күндізгі,  сырттай),  тағы  басқа  параметрлеріне 
қарай  оқулықты  жеке  сипаттары  да  бар  күрделі 
дидактикалық құбылыс деп атауға болады. Дидактикалық 
үдеріс  дегеніміз  –  басқаратын  және  басқарылатын  жүйе 
арасындағы  коммуникациялық  кезең  болып  табылатын 
күрделі  динамикалық  кибернетикалық  модель.  Осы 
жүйе арасындағы тікелей және кері байланыс орнатылуы 
тиіс.  Басқаратын  жүйе  –  оқытушы,  сондай-ақ  оқулық, 
ал  басқарылатын  жүйе  –  оқушы,  тіл  үйренуші.  Осы 
байланыстар  түрінің  өзара  әрекеті  нәтижесінде  ақпарат 
беру  үдерісі  ғана  емес,  ақпаратты-өнімді  үдеріс  өтуі 
тиіс.  Олай  болса,  оқыту  үдерісі  коммуникациямен 
басқарылатын  күрделі  де  динамикалық  жүйе,  басқару 
мақсаты – тікелей және жанама оқытуды оңтайландыру. 
Әрине, оқулық – жанама оқыту көзі, бірақ тікелей оқытуда 
да пайдаланылады /З.Күзекова. Қазақ тілі оқулықтарының 
құрылымы  туралы  //  ҚазҰУ  Хабаршысы,  №2(13),  2004, 
121-б./.
Белгілі  теоретик  С.Г.Шаповаленко  «Оқулық  –  ғылым 
негіздерін  меңгеру  үшін  оқушыларға  арналған  құрал. 
Оқулықтарда  белгілі  бір  мөлшерде  оқу  пәндерін  оқыту 
әдістемесі  де  көрініс  табады»  /  Учебник  в  системе 
средств  обучения.  М.,  «Педагогика»,  1974,  13-б./  деп 
тұжырымдайды.
Ғылыми-теориялық  еңбектерде  оқу  мәтініне  бірнеше 
анықтама  берілген.  Оқытуға  қажетті  негізгі  құрал  – 
мәтін  туралы  А.А.Леонтьев  «Текст  –  как  единственный 
и  непосредственный  объект  восприятия»  /Понятие 

5
текста  в  современной  лингвистике  и  психологии  / 
Психолингвистическая  и  лингвистическая  природа 
текста и особенности его восприятия. Киев, 1979, 18-б./ 
деп  берсе,  И.Р.Гальперин  былай  деген  болатын:  «Текст, 
состоящий  из  ряда  особых  единств,  объединенных 
разными  типами  лексических,  грамматических  и 
логических связей, и имеющий определенный модальный 
характер  и  прагматическую  установку»  /  Текст  как 
объект  лингвистического  исследования.  М.,  «Наука», 
1981,  18-б./.  Осы  анықтамалардан
  мынадай  ой  қорытуға 
болады:
  мәтінде  тілдің  барлық  деңгейіне  қатысты  тілдік 
тұлғалардың бәрі орын алады, сол себепті мәтін арқылы 
тілдің лексикасын, грамматикасын оқытуға болады. Олай 
болса,  түрлі  деңгейдегі  тілдік  тұлғалардың  түйісетін 
орыны, тіл оқытудағы басты бірлік – мәтін. 
Қазақ тілін мелекеттік тіл ретінде оқыту мәселелерімен 
айналысып,  үзбей  еңбек  етіп  жүрген  ғалым 
З.Күзекова 
«Оқу  мәтіні  дегеніміз  –  оқылатын  объектінің  мазмұны 
дәлелді ашылатын хабардан тұрады, белгілі бір аспекті- 
де оның сипатының жиынтығы беріледі. Мәтін – сөйлеу 
единицасы,  нақты  коммуникативтік  бағыты  бар  белгілі 
бір  аудиторияға  арналады»  /  Екінші  тіл  ретіндегі  қазақ 
тілі  оқулығы  теориясының  лингвистикалық  негіздері. 
Филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін 
алу үшін дайындалған диссертация. А., 2005, 245-б./ деп 
тұжырымдаған. 
Р.Шаханованың «Техникалық жоғары оқу орындарында 
қазақ  тілін  оқыту»  атты  еңбегінде  (А.,  «Ғылым»,  2001) 
«Тілдік  тұлғалар  бір-бірімен  тығыз  байланыста  өмір 
сүретіні  анық.  Мысалы,  дыбыс  сөз  ішінде,  сөз  тіркесі 
сөйлем  ішінде,  ал  сөйлем  мәтін  ішінде  қолданылады. 
Бұл  байланыс  тілді  оқыту  кезінде  үнемі  ескеріліп 

6
отырады.  Сондықтан  дыбыс  өзінше,  лексика  бір  бөлек 
оқытылмайды. Тілдік тұлғалардың байланысы оқытуда да 
сақталады. Оның анық көрсеткіші – мәтін. Мәтін арқылы 
тілдік көрсеткіштерді өз қызметінде, тілдегі өз орынында 
көрсетіп,  олардың  қолданысының  үлгісін  меңгертуге 
болады...  Мәтін  арқылы  тілдік  қатынастың  барлық  түрі 
үйретіледі.  Ол  мәтінді  оқыту  әрекетімен  бірге,  мәтін 
бойынша  әңгімелеу  арқылы  сөйлеу  әрекетіне,  мәтін 
бойынша  сұрақ-жауап  арқылы  тілдесім  әрекетіне,  мәтін 
бойынша  мазмұндама  жазғызу  арқылы  жазу  әрекетіне, 
мәтін оқумен бірге тыңдау әрекетіне, мәтін туралы ойын 
жеткізе айту әрекетіне үйретіледі» /40-б./ деп берілген. 
Профессор Ф.Оразбаева тілдік қатынасқа байланысты 
сөйлесім әрекеті деп танып, оған төмендегідей анықтама 
берген: «Сөйлесім әрекеті – белгілі бір ойды, хабарды не 
деректі баяндау және оны екінші біреуге жеткізу арқылы 
онымен  түсіністікке  жету»  /  Тілдік    қатынас:    теориясы  
мен  әдістемесі. А., 2000, 54-б./. Ғалым еңбегінде тілдік 
қатынасқа  байланысты  сөйлесім  әрекетінің  өзін  іштей 
беске  бөліп  (оқылым,  жазылым,  тыңдалым,  айтылым, 
тілдесім), әрқайсысына жеке-жеке тоқталады. 
«Қазақ  тілін  оқыту  сапасын  арттыруға  бағытталған 
жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру,  жолдарын  іздестіру 
–  оларды  мамандыққа  байланысты  мәтіндер  арқылы 
жүзеге  асыруға  болатындығын  дәлелдеді.  Мамандыққа 
байланысты  әдебиеттерден  алынған  мәтіндерді  беру 
арқылы қазақ тілін оқуға студентті ынталандырып, оның 
тілді  оқуға  қызығушылығын  арттыруға  болады.  Ол 
студент білімін, білігін, танымын толықтырады» дей келе, 
ғалым Р.Шаханова мамандыққа байланысты мәтіндердің 
төмендегідей тілдік ерекшеліктерін атап көрсетеді:

7
1)  әдеби  тіл  нормасына  сәйкестігі;  2)  мәтіндер 
мазмұны  нақты,  түсінікті,  анық  болуы;  3)  мәтінде 
мамандыққа  байланысты  терминдердің  молдығы; 
4)  ондай  мәтіндерде  атаулар  (номинациялар)  кең 
қолданылып,  етістіктерден  есімдердің  басымдығы;                  
5) мәтіндердің ойды монолог түрінде берілуі басым келуі; 
6)  мамандыққа  байланысты  мәтіндерде  қорытынды 
болумен  бірге,  баяндаудың  толық  түрі  орын  алады;                                                                                                                      
7) баяндаудың жеке бөліктері тығыз байланыста бері-
леді;  8)  шартты  белгілер  мен  символдар  пайдаланыла-
ды  /  Оқулықтардағы  мәтіндердің  мамандыққа  қатысты 
берілуі // Қазақ тілі мен әдебиеті, №2, 2003, 60-б./.
Мамандыққа  қатысты  мәтіннің  басты  қасиеті  –  ақ-
параттың мол болуында. Ғылымилық ұстанымына сәйкес 
мәтін тек тексерілген деректерді қамтуы тиіс. Ол деректер 
ғылымның  соңғы  жаңалықтарына  негізделуі  керек. 
Мәтін аталған ғылымның іргелі және басты жақтарынан, 
тарихынан  мәлімет  беруі  тиіс.  Ол  мәліметтердің 
қоғамдық  маңызы  зор  болуы  керек.  Мәтіндерді  іріктеу 
ұстанымдары  дұрыс  сөйлеуді  жетілдіруге  қызмет  ететін 
болуы  керектігін  айта  келіп,  Р.Шаханова  былайша 
жіктеп  береді:  1.  Мәтіндер  мазмұндық,  тақырыптық 
тартымдылығымен  ерекшеленуі  керек.  2.  Мәтіндер  тіл 
үйренушілерді  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  ынталандыруы 
тиіс. 3. Мәтіннің қатысымдық (коммуникативтік) қасиеті 
басым болуы керек. 4. Мамандыққа байланысты ғылыми 
мәтіндер студенттерде қажеттілік сезімін туғызуы қажет              
/ Техникалық жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту. 
48-б./.
Бұған  дейін  оқулықтар  мен  оқу  құралдарына 
мамандыққа байланысты материалдарды енгізу  ішінара 
және  авторлардың  қалауына  қарай    қолданылып  келген 

8
үрдіс  болса,  енді    Қазақстан  Республикасының  жоғары 
білім  жүйесінде  кәсіби  бағытталған  тілді  үйрету  қолға 
алынып,  оны  іске  асырудағы  мақсаттар  мен  міндеттер 
белгіленіп, кәсіби тілді оқыту өзекті мәселелер қатарына 
еніп отырған кезде, ең алдымен, шешілетін міндеттердің 
бірі  ретінде  ғылыми-әдістемелік
 
тұрғыда 
 
негізделген,
 
сауатты оқулық жазу мақсаты көзделеді. Мұндай оқулық 
түзуде  мәтін  және  басқа  әдістемелік  материал  іріктеу 
маңызды болып табылатындықтан, осы мәселеге тоқталып 
өту қажет. 
Техникалық  оқу  орынына  арналған  оқулық  негізінде 
оқыту  үдерісінде  ұсынылатын  және  игерілетін  арнайы 
іріктелген  және  әдістемелік  ұйымдастырылған  материал 
жатады.  Ол  материалдарға  жазба  және  дыбыстық 
материалдар,  вербалды  емес  белгі  түріндегі  ақпарат 
(формулалар, кестелер, сұлбалар), вербалды емес қарым-
қатынас құралдары жатады. 
Оқу үдерісінде қазақ тілін үйретуде мәтін сөйлеу әре-
кетіне үйретудің негізі болып табылады да, фактілік және 
лингвистикалық ақпарат көзі қызметін атқарады.  Көптеген 
зерттеушілердің пікірі бойынша, мәтінмен жұмыс сөйлеу 
әрекетінің барлық түрлерін  меңгеру бойынша оқу үдерісін 
ұйымдастырудың  негізі  болып  табылады.  Біз  мұндай 
көзқарасты әділ деп есептейміз, себебі  мәтінмен жұмыс 
–  оқушының  мәтіннің  барлық  деңгейдегі  бірліктерімен: 
сөйлеммен,  тұрақты  тіркестермен,  шағын  мәтіндермен 
жұмысының, әр түрлі  коммуникативтік міндеттерді шешу 
үшін мәтінді қайта құру, өзгерту, құрастыру біліктері мен 
дағдыларын меңгеруінің негізі болып табылады.  
Осы  ретте  мәтін  тілдік  және  сөйлеу  материалының 
көзі,  тілдік  біліктерді  қалыптастыру  құралы,  өз  сөзін 
құрудың  негізі,  ақпарат  көзі  ретінде  пайдаланылатын 

9
жазбаша  тілдік  ақпараттың    белгілі  түрінің  стандартты 
үлгісі 
болып 
табылады. 
Осыған 
байланысты 
мәтін  іріктеу  маңызды  мәнге  ие  болады.  Материал 
іріктеуде  экстралингвистикалық  факторлармен  қатар 
лингвистикалық факторларды да ескеру қажет. 
Экстралингвистикалық 
факторлар 
деп 
келесі 
өлшемдерді түсінуіміз керек:
1. Уәждемелік өлшем. Ұсынылатын мәтін оқушылар 
үшін  қызық  болуы  керек,  оларды  жаңаны  тануға, 
үйренуге  жетелеуі  керек.  Осы  жерде  оқу  жағдаятының 
ерекшелігін,  үйренушілердің  жас  ерекшелігін,  жалпы 
қызығушылықтарын,  ал  біздің  жағдайымызда  олардың 
кәсіби қызығушылықтарын, жеке тұлғалық ерекшеліктерін 
ескеру қажет. 
2.  Әдістемелік  өлшем.  Іріктелген  материалдың 
жаттығулар  мен  тапсырмалар  әзірлеу  үшін  негізі  болуы 
керек. 
3.  Оқушының  дамуы  үшін  әлеуетті  болу  өлшемі. 
Іріктелген  материал  оқушыны  дәрісханадан  тыс 
уақытта  жұмысты  жалғастыруға  ынталандыра  білуі, 
оқушының жеке тұлға ретінде әрі қарай дамуына, оның 
шығармашылық  әлеуетінің  және  оның  когнитивтік 
дамуына мүмкіндік беретіндей болуы керек. 
4.  Қол  жетерлік  өлшемі.  Мәтін  мазмұнының 
күрделілік  деңгейі  үйренушілердің  когнитивтік  даму 
деңгейіне сәйкес келуі керек. 
5. Өзектілік қоры. Мәтін қашанға дейін өзекті болып 
қала  алады.  Қазіргі  уақытта  ақпараттың  тез  ескіретінін, 
көптеген  өмір  шындықтары  өзгеріп,  оның  орынына 
басқалары  келетінін,  кеше  ғана  өзекті  болған  мәселелер 
бүгін маңыздылығын жоғалтатынын есте сақтау қажет. 

10
Лингвистикалық  факторларға  тілдік  материалды, 
сонымен қатар мәтіннің тақырыптық бағытын жатқызуға 
болады.  
Мәтін  іріктеудің  негізгі  ұстанымы  ретінде  мақсатқа 
лайықтылық,  пайдалылықты  ескеру  қажет  деген 
көзқарасты  қолдаймыз.  Бұл  ұстанымға  сәйкес  оқу 
үдерісінде қойылатын оқыту мақсаттары мен міндеттеріне 
жауап беретін мәтіндер пайдаланылуы тиіс. 
Әдістемелік  ғылымда  мәтіндерді  аутентивтік  және 
оқу  мәтіндері  деп  жіктеу  пайдаланылады.  Аутентивтік 
мәтіндерге үйретілетін тілде сөйлеушілер пайдаланатын, 
бірақ оқу мақсаттарына арналмаған ауызша және жазбаша 
мәтіндер  жатады.  Олар  тіл  үйренушілердің  тіл  меңгеру 
деңгейін  ескермейді  және  олардың  қажеттіліктеріне 
бейімделмеген. Аутентивтік мәтіндер лексикалық құрамы 
мен грамматикалық тұлғаларының табиғилығымен, тілдік 
құралдардың жағдаятқа сәйкестігімен ерекшеленеді. Олар 
сонымен  қатар,  мәтін  құрудың  және  мәтін  қызметінің 
ерекшеліктері мен дәстүрлерін көрсетеді. 
Оқу  мәтіндері  –  оқушылардың  тілдік  дайындығын 
ескере  отырып,  мәтіннің  мазмұны  мен  құрылымын 
бейімдеуді қарастыратын ауызша және жазбаша мәтіндер. 
Аутентивтік мәтіндерді оқу үдерісіне енгізу қазіргі уақытта 
еш күмән келтірмейді, өйткені олардың көмегімен тілдік 
ортаның жағдайы, қарым-қатынастың нақты жағдаяттары 
жасалады.  Оқу  үдерісінде  аутентивтік  материалдардың 
болмауы  оқушылардың  кейбір  сөйлеу  жағдайларында 
коммуникативтік  тапсырмаларды  орындай  алмауына 
әкеледі.   
Оқу  үдерісінде  пайдаланылатын  мәтіндерді  іріктеу 
өлшемдері  үлкен  маңызға  ие.  Әдістемелік  мате-
риалдарды  оқып-зерттеудің  нәтижесінде  мәтіндердің 

11
аутентивтілігімен  қатар  төмендегідей  өлшемдері 
болуы  керек  деген  шешімге  келдік:  қол  жетерлік  (оқу 
материалының  оқушылардың  тілдік  деңгейлері  үшін 
қол  жетімді  болуы);  үйренушілердің  мүдделері  мен 
психологиялық  және  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестігі; 
ақпаратқа  қанықтығы;  проблемалық  міндеттерінің 
болуы;  әлеуметтік-мәдени  жағынан  қанықтығы; 
коммуникативтік бағытталуы; лингвистикалық әлеуеті 
(оқылатын мәтінде тілдік материалдың болуы); тілдік 
материалды сөйлеу әрекетінің басқа түрлерін (оқылым, 
айтылым)  дамыту  үшін  пайдалану  мүмкіндігі;  кәсіби 
бағытталуы  немесе  оқушылардың  мамандықтарына 
сәйкестігі;  когнитивтік  әлеуеті  (оқушылардың  әрі    
қарай когнитивтік дамуына септігін тигізу). 
Тіл  үйретудегі  тағы  бір  маңызды  мәселе    мәтіндер 
белгілі бір проблемалық жағдаятқа құрылуы тиіс. Оқыту 
үдерісінде  проблемалыққа  сүйену  оқушының  бойында 
аналитикалық,  сыни  ойлауды  дамытуға,  өз  бетінше 
ақпарат  ағынымен  жұмыс  істеу,  жаңа  білімге  ие  болып, 
оны  практикада  пайдалану  дағдыларын  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Сонымен  оқу  үдерісінде  пайдаланылатын  оқу 
құралдарында 
келтірілетін 
мәтіндерді 
іріктеуде 
экстралингвистикалық және лингвистикалық факторлар-
ды  ескерумен  қатар,  мәтіндердің  жоғарыда  көрсетілген 
өлшемдерге  сай  болуына  көңіл  аудару  қажет.  Сонымен 
қатар оқушының өзіне қажет коммуникативтік міндеттерді 
шешуіне  мүмкіндік  беретін  аутентивтік  мәтіндерді  де 
енгізуді  есте  сақтау  керек.  Техникалық  оқу  орынында 
кәсіби тілді үйретуге арналған аутентивтік материалдарға 
ғылыми  патенттер,  диплом  жұмысына  жазылған 
аңдатпалар мен рецензиялар, ғылыми мәтіннің тезистері, 

12
т.б. жатады.
Жоғарыда  көрсетілген  мамандыққа  байланысты 
мәтіндердің  тілдік  ерекшеліктері  мен  мәтіндерді 
іріктеу  ұстанымдарының  орыс  бөлімінде  оқитын 
студенттерге  арналған  оқулықтарда  сақталуын  көрсету 
мақсатында  Алматы  энергетика  және  байланыс 
университетінің  доценті,  филология  ғылымдарының 
кандидаты  М.Төлеуп,
 
С.Дүкенбай,  доцент,  филология 
ғылымдарының 
кандидаты 
А.Тілембекованың 
авторлығымен құрастырылған энергетика және байланыс 
мамандықтарында оқитын студенттерге арналған «Қазақ 
тілі»  (А.,  2001),  М.Төлеуптің  «Кәсіби  бағытталған 
тілде  сөйлеу  біліктілігін  дамыту»  атты  оқу  құралы  (А., 
2005)  мен  А.Тілембекованың  5В50719  –  радиотехника, 
электроника  және  телекоммуникация  бағытындағы 
«Қазақ  тілі»  атты  дидактикалық  материалдарын  (А., 
2010)  алып  қарастырайық.  Атаулы  оқу  құралдары  тілді 
үйретуде «Мәтін – тілдік қарым-қатынасты іске асырудың 
негізгі құралы» дегенді басшылыққа алған. Мамандыққа 
байланысты  мәтіндерді  таңдап,  мәтінге  дейінгі  және 
кейінгі  тапсырмаларды  бере  білген.  Осы  оқу  құралдары 
арқылы  тілді  үйренушілер  өз  мамандықтарына  қатысты 
сөздік қор мен терминдерді қолданатын мәтіндерді аудара 
білуге,  яғни,  өз  мамандығы  бойынша  қарым-қатынас 
түрлерін құрастыра білуге үйрене алады. 
Алайда  кафедра  оқытушыларының  алдында  алдағы 
уақытта  оқулық  түзу,  материал  іріктеудің  ғылыми 
дәлелденіп  негізделген  теориясын  әлі  де  зерттеп, 
зерделеп,  оқушының  болашақ  жұмысында  үлкен  көмек              
көрсететін,  кәсіби  қазақ  тілін  үйретуде  пайдаланылатын 
жоғары  сапалы  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жазу 
міндеті тұрғанын айтқымыз келеді.

13
Тиімді әдіс – баршаға ортақ


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал