Жүсекең бала кезінде ағасы Жақыпбектен көп үйренді. Ол мен ағамның қасында әншімін бе?- деп



жүктеу 42.99 Kb.

Дата31.01.2017
өлшемі42.99 Kb.

Естелік 

Жүсекең бала кезінде ағасы Жақыпбектен көп 

үйренді. Ол «мен ағамның  қасында әншімін бе?- деп 

өзіне сын көзбен қарайтын. 

Шындығында да Жақыпбек ән салғанда табиғи 

да әсерлі шығатын. Ол кісі жасырақ кезінде дүниеден 

өтті. Кейін Жүсекең Майра Уәлиқызынан халық 

композиторларының әнін, Әлмағамбеттен Абай әндерін 

үйреніп, өзінің ән қорын байытты, тәжірибе жинақтады. 

1930 жылдары  Қазақ драма театрында Жүсіпбек 

Елебеков «Айман-Шолпанда» Әлібектің, «Қыз Жібекте» 

Төлегеннің, «Еңлік-Кебекте» Жапалдың рольдерін шебер 

ойнап, әндерін орындайтын. 

Қ

азақ халқының  ұлттық өнеріне өз  қолтаңбасын 



қ

алдырған белгілі композитор Латиф Хамиди бір 

естелігінде былай дейді: 

«Мен  Қазақстанға 1933 жылы келгенмін. Ең 

алғаш танысқан әншім Жүсіпбек Елебеков еді. Жүсекең 

«Қанапия», «Ғалия», «Көк көбелек» әндерін ерекше сезім-

мен шырқайтын. Ал әнші «Қанатталды» әнін орындаған 

кезде әсерлігі сонша көзіме жас алғанмын. Кейін филар-

монияда бірге  қызмет еттік. Менің шығарған әндерімді 

Жүсекең ерекше бағалап, пікір айтатын. Ол кісінің ән 

салудағы "кейбір ырғақтарын өз шығармамда  қолданып 

отырдым». 

«Аса шебер  ұста бар, артына  қалар нұсқа бар» де-

мекші, Жүсіпбек ән өнерін Әміреден тыңдай бойына 

дарытқан әнші. Кезінде академик Ахмет Жұбанов өзінің 

«Өскен өркен» атты жинағында Жүсіпбек Елебековтің 

өнері жайлы арнайы мақала жазған. Онда: «1931 жылдың 

жазы. Драмтеатрда концерт жүріп жатыр. Сахнаға 

отыздың шамасындағы жас жігіт шықты. Аяғында 

тұмсығы үшкір өкшелі етік, үстінде пүліш шапан, басында 

құ

ндыз бөркі бар. Орта бойлыдан биіктеу, көрікті жүзінен 



күлкі үйіріледі.Жүріс- тұрысында ерекшелік байқалады. 

- Жүсіпбек «Сұржекей» әнін орындайды, - деп ха-

барлады. Ән басталды. Төменгі регистрден баяу қалқыта 

көтеріп алғанда әншінің алған тынысын байқау мүмкін 

емес. Дауысы бірте-бірте қалықтай өрлеп, шырқау биікке 

көтерілді. Бірде баяулай, бірде серпіле жөнелетін бұл ән 

біте Жүсекең орнынан тұрып кішіпейілділікпен сәл басын 

иіп сахнадан шығып кетті, - деп Ахаң өз әсерін  қағазға 

түсірген-ді. 

Жүсіпбек Елебеков концерттік сапармен ел ара-

лады. Осы бір  қимас сәттердің бірін әншінің жұбайы 

Қ

азақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 



былайша еске алады: 

«Менің әкем әнші болатын.  Құсбегі, сері адам еді. 

Біздің тұрған жеріміз  Қарқаралыдан 60 шақырымдай 

жер. Әкем алыс та болса ауданнан газет-журналдарды 

жазғызып алып оқып отыратын. Мен бала кезімде газет-

тен бір актілі пьесаларды оқитынмын. 

Әкем қай жерде ән, Абайдың сөздері болатын болса 

әншіні алғызып, ауыл балаларына үйретіп отыратын. 

... Тұзащы дейтін жер бар еді. Тұздың бойында 

Жүсекеңдер бай ағайындардың жылқысын тоғытуға 

алып келген ғой. Сол жерге келіп Әміреден үйренген 

«Ағашаяғын» айтады. Дәлилә тәтем «мына жігіт ән ай-

тады, соны біз үйреніп алуымыз керек» деген соң әнші 

екі рет «Ағашаяқты» сахнада айтқанда біз тез үйреніп 

алдық. 

Қ

азақ өнерінің іргетасын қалап,ұлттық мәдениетімізді 



көтеруге өзіндік үлес  қосқан халқымыздың жезтаңдай 

әншісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  Қазақстанның 

халық әртісі Жүсіпбек Елебековтың туғанына биыл 105 

жыл толып отыр. 

Халық композиторларының әндерін өз бояуын-

да тыңдаушысына жеткізіп, көпшіліктің жүрегіне жол 

тапқан, әсерлі үнімен жан тебіренткен асқақ әншінің ар-

тында 100-ден аса орындаған әндері қалды. 

Ұ

лағатты ұстаздың тәрбиелеген шәкірттері бүгінде 



сахна майталмандары. Артына өшпес мұра  қалдырған 

Жүсекең Қарқаралы өңірінің перзенті еді. 

Танымал әншілері Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев 

және ақиық ақын Иса Байзақовпен етене араласып 

Жүсекең өнерге біржолата бетбұрыс жасады. 

1920 жылы Семейдегі «Ес-аймақ» драма  ұжымы 

спектакль  қойып, артынан Әміре бастаған әншілер 

қ

ауымы көрермендерге концерт қоятын. 



Ән атасы Әміреден көп үйреніп, әр айтқан әнін қағып 

алып, қайта өзіндей ғып айтып беру Жүсекең сынды зерек 

адамның ғана қолынан келсе керек. 


Жүсіпбек Елебеков пен жұбайы Хабиба Елебекова 

еді.  Қазақ өнерінің майталмандары 1936 жылы Мәскеуде 

өткен  Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне  қатысып, 

Кремль сахнасында өнер көрсетті. Сол сапардан соң 

Жүсіпбек Елебековке  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 

атағы берілді. 

Кешегі  Ұлы Отан соғысында Жүсекең де концерттік 

топпен майдандағы жауынгерлерге концерт береді. Осы 

сапарында Рамазан Елебаевқа жолығып «Жас  қазақ» 

әнін елге алып  қайтады. Бұл ән кейін Ахмет Жұбанов пен 

Латиф Хамидидің «Төлеген Тоқтаров» операсындағы 

«Төлегеннің ариясына» арқау болды. 

Майдан даласында көрсеткен ерен еңбегі әділ 

бағаланып, Жүсіпбек Елебеков сол жолы  Қазақстанның 

халық әртісі деген атаққа ие болады. 

Әншінің жібектей есіліп, бұлақтай сыңғырлаған үні 

жайлы «Қазіргі заманның Ақаны да, Біржаны да Жүсіпбек 

қ

ой» деп Мұхтар Әуезов кезінде әділ баға берген ғой. 



Халқымыздың мәдениетіне  қамқор болған  қоғам 

қ

айраткері, сол кездегі мәдениет  қайраткері Ілияс Ома-



ров Жүсекең 60 жасқа толғанда өз лебізін былайша біл-

дірген еді: 

«Қазақ халқын сүйген адам сізді сүймей  қоймайды. 

Асыл мұрамыз ән болса, сол мұраны меруерттей 

жарқыратып замандастарыңыздың көңіл сезіміне  құйған 

шоқтығы биік өнер иесісіз. Арқа әндерін нәзік сезімге сыр-

лы мәнер бере орындауда аса шеберлікпен алдыңызға 

жан салмайсыз. Сонымен  қатар сізде адам сүйсінерлік 

адамгершілік  қасиет бар. Сіз өнерді де, азаматтық 

қ

асиетті де халық рухының тереңінен тапқан тәріздісіз. 



Сізге ұзақ өмір, зор бақыт тілеймін! - десе, сол мерей той 

үстінде Жазушылар одағының атынан жазылған мына бір 

шумақтарда Жүсекең жайлы былай делініпті: 

«Бұлақтай сұлу әнге таза тұнық, 

Қ

алатын сыр ұққандай дала тұнып, 



Сыймайтын киіз үйге кемпір мен шал, 

Тыңдайтын босағада бала тұрып. 

Есітіп әсем әнді тым алыстан, 

Жылайтын қариялар қуаныштан. 

Асқақ ән ел көгінде қалықтайтын, 

Қ

ырандай шың басынан түлеп ұшқан, 



Жүрегі жаралмаған мұң-зар үшін, 

Ерекше елден шыққан шын дарынсың. 

Арыны алпыста да басылмаған, 

Қ

азақтың сен бүгінгі Біржанысың. 



Іздеген адам едің жыр өмірден, 

Ахмет Жұбанов, Күләйім, Жүсіпбек Елебеков 

Жүсіпбек Елебеков пен шәкірті Жәнібек Карменов 

Жүсіпбек Елебеков пен әнші Мәдениет Ешекеев 

Мен Жүсекеңді 1935 жылы көргенде 16 жастағы 

кезім. «Ағашаяқты» сахнада айтқанда бала күнгі есті-

генім есіме түсті. Жүсекең екеуміз сол жолы көңіл  қосып 

Алматыға бірге кеттік. Содан жұбымыз жазылған жоқ. 

«Ағашаяқтың» тарихы осындай еді...» 

Жүсекең филармонияда әншілік еткен кезінде 

сырнайға қосылып та ән шырқаған. Әсіресе, Жамал Ома-

рова екеуінің қос дауыспен айтқан әндерінің әсері ерекше 


Өнердің өзенінде жүзе білген, 

Қ

абыл ал, достарыңның ақ тілегін, 



Өзіңнің махаббатты жүрегіңмен», - деген еді. 

Жүсекең эстрада-цирк студиясында арнайы мектеп 

ашып, шәкірт тәрбиеледі. Жүсекеңнің алдынан Мәдениет 

Ешекеев,  Қайрат Байбосынов, Жәнібек Кәрменов, 

Мұратбек Жүнісбеков, Ғалым Мұхамедин, Амангелді Жі-

кенов, Тұрсынғазы Рахимов, Мара Есімханова, Санақ 

Әбеуов, Келденбай Өлмесеков, Мәкен Мұқышева, Райхан 

Тергеубаева, Клархан Жаналиева, Мырзахмет Мұқаманов, 

Алмахан Кенжебекова, Хасен Төпеев,Әнуза Нүксінханова, 

Дүйсеке Дайыров және Кенжеғалы Тәшкенов сынды 

шәкірттер дәріс алса, солардың ең кенже шәкірті де, ізде-

уші, өнерін насихаттаушы да менмін. 

Жүсекең халық композиторларының әнімен  қоса 

Қ

азақстан композиторларының да әндерін шебер орын-



дайтын. Ол кісінің орындауындағы жүздеген ән үлгілері 

этнографиялық жыр жинақтарына еніп, ғылыми зертте-

улерге ие болды. Жүсекең гастрольдік сапармен  Қытай, 

Монғолия және Үндістан жерінде болып, ұлттық өнерімізді 

насихаттады. Халқымыздың ән дәстүрін  қаймағын бұзбай 

ұ

рпағына жеткізіп, екі ғасырдың алтын көпіріне айналған 



ұ

лағатты ұстаз, асқақ әнші Жүсіпбек Елебековтың өнері 

мен өмірі жайлы Хабиба апамыздың «Ән аманат», «Үні 

кетпес  құлақтан», «Қайран Жүсекем» атты жинақтарында 

баяндалады. 

Әміреден үйренген әндерін өміріне азық етіп 

шәкірттеріне үйреткен біртуар дарын иесі Ақансері, Бір-

жансал, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Жарылғапберді 

әндерімен  қоса ұлы Абай әндерінің бірден-бір насихатта-

ушысы еді.  Ұрпағына бабалар үнін жеткізген әншілігімен 

қ

оса импровизаторлық  қабілетімен де көптеген халық 



композиторларының әндеріне әр беріп кәсіби деңгейге 

көтерген өнер жанашыры да Жүсіпбек Елебеков. 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  Қазақстанның 

халық әртісі Жүсіпбек Елебековтың туғанына биыл 105 

жыл. Алайда туған-туысқандары, жақын адамдары әншіні 

еске алғанмен үкімет тарапынан жанашырлық танытып 

еске алып жатқан пенде жоқ. Осығын орай Жүсіпбек Еле-

беков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің 

алдына ескерткішін  қою мәселесі көтерілгенмен әлі күнге 

қ

олға алынған жоқ. Сондай-ақ ән дискілері шығарылу ке-



рек еді. Ол да сөз жүзінде қалды. 

Жүсіпбек Елебековтың жеке мұражайының болуы да 

бүгінгі күн мәселесі ретінде шешілмей келеді. 

Жүсекеңнің жұбайы Хабиба Елебекова  қазақ өнеріне 

айшықты із  қалдырған әнші-күйшілеріміз  Қалибек 

Қ

уанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов,Жұмат 



Шанин,  Қапан Бадыров, Иса Байзақов, Әміре  Қашаубаев, 

Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла 

Құ

рманғалиев, Әбікен Хасенов, Дина Нұрпейісова, Дәулет 



Мықтыбаев және Жаппас  Қаламбаевқа жеке музей ашу 

керектігі жайлы жоғары жаққа хат жазғанмен жауап ала 

алмай отыр. 

Алдағы уақытта көзден кеткен соң көңілден кетпей, 

өнер иесінің мұрағаттары түгенделіп, мұралары зерттеліп, 

өнері келер ұрпаққа жетсе деген тілегім бар. 



Алтын ИМАНБАЕВА, 

Қ

Р Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер 

одағы сыйлығының лауреаты, Қазақ радиосының 

«Алтын қор» бөлімінің жетекшісі 

Мәдениет. - 2009. - № 12. - 35-37 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал