Жүрегіне әз-ұлты үшін білім нұрды жинаған Кеудесіне сар даланың ұлылығын жинаған Жинағанын жомарттықпен өз халқына сыйлаған



жүктеу 2.83 Kb.

бет1/31
Дата09.06.2017
өлшемі2.83 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Жүрегіне әз-ұлты үшін білім нұрды жинаған
Кеудесіне сар даланың ұлылығын жинаған
Жинағанын жомарттықпен өз халқына сыйлаған
Сонда-дағы өз халқының маңдайына сыймаған
Қасиетті, о, өр-тұлға, жан Ахаң!
Қауыштың-ау, қауыштың-ау, халқыңменен,
Оған-дағы мың тәуба!!!
4-ші қараша 1988 жыл
Автор

Райхан Имаханбетова
ҒасыР саңлаҒы: 
ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылық ғұмырбаяны
(Мұрағат деректері негізінде)
Монография
Астана
2010

Пікір  жазғандар:
Ісімақова а. с., филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбдиманұлы Ө., филология ғылымдарының докторы, профессор
Имаханбетова Р.с.
И 48 
ҒасыР саңлаҒы: ахмет Байтұрсынұлының ғұмырбаяны (мұрағат 
деректері  негізінде).  Монография.  –  Астана:  «Педагогика  ПРЕСС», 
2010. –  304 бет. Мұрағаттық суреттер, деректі құжаттардың ксеросканерлі 
көшірмелері.
ISBN 978-601-7208-25-7
Бұл  кітап  ұлттық  рухымыздың  ұлы  тіні,  қазақ  ұлтының  ар-ожданы  Ахмет 
Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолы, мемлекеттік және қоғамдық қызметтеріне 
арналған. Зерттеу Р.С.Имаханбетованың мұрағаттық сирек қорлар құжаттарына көп жылдар 
бойы жүргізген ізденістері негізінде жазылған. Ғылыми-зерттеу еңбек 3 тараудан тұрады. 
Автор  ғалым  туралы  1988-ші  жылдан  жазыла  бастаған  материалдар  сериясын  сараптай 
келе,  онда  қалыптаса  бастаған  кейбір  «қағидаға  айналған  қателер  мен  жаңсақ  пікірлерге 
тарихи құжаттар арқылы дәйекті жауап береді, әрі мұрағат деректері бойынша ғылыми ой-
тұжырымдар жасайды.
Ғылыми  еңбек  ЖОО-ның  оқытушыларына,  студенттер  мен  магистранттарға, 
докторанттарға, сондай-ақ қазақ елінің дербестігі үшін «жанын-арының садағасы» тұтқан 
толайым тағдырлы тұлғаның қилы тарихынан хабардар болғысы келетін қалың оқырманға 
арналған. 
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
И 48
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті «Әлеуметтік маңызды әдебиет 
түрлерін шығару» бағдарламасы
ISBN 978-601-7208-25-7
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
© 
Имаханбетова Р.с.
, 2010
© «Педагогика Пресс баспа үйі», 2010
Жауапты редакторы: 
Кәкішев Т. К., Халықаралық жоғары мектептер ғылым академиясының 
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

5
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
сӨз Басы
АХМЕт БАйтұРСынұлы. Бұл есімді білмейтіндер некен-саяқ бо-
лар. Өйткені, бұл кезде мемлекеттік мәртебеге ие болған Қазақ тілі туралы 
сөйлесек, Ахметтің ардақты есімі қатар айтылады. Оны айтпасқа құқымыз 
жоқ. Себебі, қазақ ұлтының ана тіліне ғылыми жүйеде түрен салып, негізін 
қалаған,  айдай  әлемге  танытқан  да  АХМЕт!  Жиырмасыншы  ғасыр  ба-
сында ел мүддесі үшін күрескен тұлғаны замандастары 
«қазақ халқының 
рухани көсемі», «ұлтымыздың ар-ожданы» деп ұлықтап, есімін тура ата-
май, 
«қазақтың Ахаңы» деп дәріптеген. Ахаңның аяулы есімін жылдар 
бойы  айтқызбай  келген  Кеңестік  жүйенің  Коммунистік  партиясы  «бір 
уақыттары  өзі  даттаған  ұлын,  1988-ші  жылдың  қараша  айының  4-і  күні 
өзі ресми ақтады». Он бес республиканы ұршықша иірген Кеңес Одағы 
соңыра  қоғаммен  қош  айтысуға  мұршасы  келмей,  өзі  келмеске  кетті... 
«Дүние – кезек» деген осы болар, сірә! 
ХХ-шы  ғасыр  басында  ұлт  жұмысын  арымен  атқарған  Ахметтей 
данагөйден  қалған  мұра,  артындағы  қазақ  деген  ұрпағына  мәңгі  азық 
боларын  кім  білген?!  Қазақ  ұлтының  ғана  емес,  бүкіл  түркі  жұртының 
мақтанышына  айналған  Ахмет  Байтұрсынұлының  шығармашылық 
мұрасына ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізу – ұлт тіліне мәртебе алған та-
рихи кезеңмен тұспа-тұс, бірге келді. Мүмкін, бұл кездейсоқтық та болар. 
Дегенмен  ғажап  үндестік.  ұлтының  жері  мен  елінің  дербестігі,  тілі  мен 
тіні, діні мен ділі үшін 
«малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» 
деген  толағай  тұлға  халқымен  қайта  қауышты!  Еліміздің  тәуелсіздігімен 
бірге Ахметтің екінші, мәңгілік өмірі басталды. ұлт ұстазының 50 жылдық 
мерейтойында замандас әрі рухани інісі Мұхтар Әуезов: 
«...қан жылаған 
қазақ  баласына  істеген  еңбегі,  өнер-білім,  саясат  жолындағы  қажымаған 
қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ахаңның қызметі қазақтың 
ұзын-ырға  тарихымен  жалғасып  кететін  қызмет.  Істеген  ісімен  өзіне 

Райхан Имаханбетова
6
орнатылған ескерткіші – мәңгілік ескерткіш» деген екен. Заманымыздың 
заңғар жазушысын көреген, тіпті көріпкел ме дерсіз!
Бұл күні тәуелсіз мемлекет болып танылған Қазақстанның 
өткені, бүгіні, 
келешегі  туралы  Елбасы  нұрсұлтан  назарбаевтың  айтқан  айшықтары 
аясында  халқымыздың  іргелі  ел  болып  қалыптасуында  ерен  еңбек  ет-
кен  тұлғалардың  ардақты  есімдері  алтын  әріптермен  жазылып,  Отан 
тарихынан  өздерінің  тиесілі  орнын  алуда.  Жүзжылдықтар  тоғысында 
тәуелсіз елінің тарапынан Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының 
негізін  қалаушы,  реформатор-ғалым,  қоғам  және  мемлекет  қайраткері 
Ахмет Байтұрсынұлы 
«Ана тілдің айбары» омырау медалі және «Ғасыр 
саңлағы»  алқа  белгісімен  марапатталды.  Ғалым  есімі  оралған  1988-ші 
жылдан,  оның  шығармалары  қайта  басылып,  әрі  тәуелсіздік  кезеңнің 
ғалымдары танымдық алғысөздер жазып келеді. Сондай-ақ, филологтар, 
әдебиетшілер,  тарихшылар,  заңгерлер,  журналистер,  философтар,  педа-
гогтар т.б. мамандықтар бойынша оның шығармашылығы, ағартушылық, 
қоғамдық  және  мемлекеттік  қайраткерлігіне  қатысты  50-ге  жуық 
кандидаттық, 20-дан аса докторлық диссертациялар қорғады. Әлбетте, бұл 
жазылған  ғылыми  зерттеулер  біліктілігі  жағынан  өз  салалары  бойынша 
толық меңгерілген тақырыптар екені даусыз. Дегенмен, әмбебеп ғалымның 
өмірнамасы, оның ұлтқа жасаған жұмыстары жан-жақты қарастырылып, 
ғылыми  сараптама  талдау  арқылы  бір  еңбекке  жинақталып,  топтасты-
рылмады. Бұл зерттеушілер тарапынан жіберілген кемшіліктер емес еді. 
Жалпы,  қандай  да  зерттеу  тақырыбына  қойылатын  талаптың  шеңбері 
көтермейтіндіктен, туындаған «шектелулер» болатын. 
ұзақ  жылғы  ізденістер  мен  «Ахмет  Байтұрсынұлының  өмірбаяны, 
шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде)» деген ғылыми зерттеуім 
бойынша  ғұламаның  ғұмыр  жолына  арналған  кітапты  жазуды  2007-
ші  жылдан  бастадым.  Бұған  дайындығым  да,  1994-ші  жылдан  бастап 
мұрағаттардан  жиған  деректерім  де  жеткілікті  көрініп,  алғашында 
қарқынды  кіріскеніммен,  кемел  тұлғаның  тауқыметке  толы,  қилы 
тағдырын бір деммен баяндап шығу оңай емес екен... тауға жақындағанда, 
оның  сұлбасы  зораятыны  тәрізді,  ғалымның  туындылары  мен  өміріне 
қатысты  тарихи  деректерді  сараптаған  сайын,  Ахметтің  әфсана  алып 
тұлғасы биіктей берді. Менің бағыма ғалымның шығармашылық мұрасы 
туралы  кандидаттық  жұмыс  жазу  бақыты  бұйырғандықтан,  енді  оны 
монографияға жинақтауды перзенттік парыз екенін ұғындым. 
Ғұламаның өмірі мен шығармашылық мұрасына қатысты ақпараттық 
және танымдық мақалалардан бастап, ғылыми ұжымдық зерттеулер мен 
жекелеген  монографияларды  сан  мәрте  қайтара  оқыдым.  тіпті,  ғылыми 

7
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
дәреже алу үшін жазған диссертацияда дәл осындай қиналмаған болармын. 
тұлғаның  тарихи  келбетін  «өмір  шындығында  көрсете  аламын  ба,  жоқ 
әлде жалаң баяндаулар өресінен аспай қаламын ба» деген қорқыныш-үрей 
қолжазбаны  жазып  біткенше,  көлеңкедей  соңымнан  қалмады.  Әлбетте, 
бұл  ғұламаның  шығармашылық  ғұмырнамасын  қамтыған  соңғы  еңбек 
емес. Алаш арысының тағдыры кім-кімді де толғандырып, ұрпақ ауысқан 
сайын, әлі талай тақырыпқа өзек болары анық. Келешек ұрпақтың Ахаң 
әфсанасына қайта оралып, өркениет заманындағы жаһандану тұрғысынан 
қайта қарап, қалам тартары хақ! 
Зерттеудің  мақсаты  –  қазақтың  маңдайына  біткен,  бітім-болмысы 
бөлек  Ахметтей  феномен-тұлғаның  қиялындағы  ұшқыр  армандарын 
іс  жүзіне  асырған  тарихи  құбылыс  екенін,  оны  «Алаш  көсемі»  деп 
дәріптеген  үзеңгілес  рухани  замандастарының  таным-пайымы  бойынша 
ғұламалар ғибратының өміршеңдігін өскелең ұрпаққа таныту. Кітап атауы 
да бүгінгі тәуелсіз елі марапаттаған белгі атауымен үндес. Кітаптың аты 
өзі айтып тұрғандай, тұлға тану мақсатында, кү рескер-ағартушының ұлт 
жұмысына көшбасшылық еткен кезеңдері мемлекеттік мұра ғаттардың си-
рек қорларындағы тарихи деректер негізінде қарастырылып, зерттелді. 
Бірінші  тарау  «Ғалым  ғұмырнамасы  және  ахметтанудың  негіздері» 
деп аталып, мұнда бала Ахметтің қазақтың кең сахара даласында бабалар 
даналығынан тәлім-тәрбие алуымен қатар, қазақ елінің бодан болып, ал-
пауыт орыс мемлекетінің өңешіне жұтылып бара жатқан тұсынан бастап, 
кешегі «1937»-нің зұлматында кісі қолынан қаза болған «қаралы күні» 
мұрағат  мәліметтері  негізінде  «Өмірбаяндық  деректер»  тараушасында 
баяндалды. «Қазақ» газетінің көсемсөздегі көшбасшы құрал болғандығын 
бүгінгі ұрпақ та келешек ұрпақ та ұмытпауы тиіс. Аумалы-төкпелі кезеңде 
өзге  озық  жұрттың  тіліне  ермей,  өзіндік  төте  жол  тауып,  бұратана 
ұлтының  санасын  көтеру  үшін  ағартушылық  кәсібін  арымен  атқарған 
Ахаң 
«...газет  –  халықтың  көзі,  құлағы  һәм  тілі»  деген  еді.  Ғұламаның 
бұл  ғибраты  бүгінгі  ақпараттық  жүйенің  зымыран  заман  талабының  да 
ұранына  айналып  отыр.  «Ахметтанудың  негізін  салушылар»  атты
  та-
раушада 1919-шы жылдан бастап жазылған ғылыми танымдық мақалалар 
негізге алынып, олар қажетіне қарай талдап таратылды. Сонымен қатар, 
Кеңес пен тәуелсіздік кезеңнің ғылымы тарапынан айтылған тұжырымдар 
мен жекелеген жинақтардағы ой-пікірлерлерге сараптамалық шолу жасал-
ды. «Мұрағаттық деректі құжаттар» айдарының маңызы өте зор. Мұнда 
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР ұлттық 
қауіпсіздік  комитеті,  ҚР  ұлттық  кітапханасы,  Ахмет  Байтұрсынұлы 
мұражай-үйі қорларынан алынған телқұжаттардың көшірмелері, деректі 

Райхан Имаханбетова
8
құжаттар  мен  тарихи  суреттердің  түпнұсқаларының  төлкөшірмелері 
берілді. 
«Ғылыми шығармашылық мұрасы»
 деп аталатын екінші тарауда «тіл 
туралы  туындылары»  тақырыбы  аясында  ғалымның  қазақ  тіл  білімі  са-
ласында  жасаған  еңбегі,  ағартушы-әдіскердің  оқулықтарының  қазақ 
ұлттық  ғылымының  негізгі  бастау  болғандығы,  кешегі  Кеңес  үкіметі 
тұсындағы  кеңестік  таныммен  қатар,  бүгінгі  тәуелсіздік  ғылымның  та-
лабы  тұрғысынан  талданды. 
«...Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры, 
жұмсайтын  қаруының  бірі.  Біздің  заманымыз  –  жазу  заманы,  жазу  мен 
сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген ғалымның 
тіл саласындағы әрбір ғылыми еңбегінің тарихилығы, маңызы тілтанушы 
ғалымдардың зерттеулері негізінде талданып, таратылды. 
Жалпы,  өмір  сынағы  көрсеткендей,  әрбір  қоғамның  замана  илеуіне 
қарай,  електен  өтетін  ұлттық  төлбасы  –  дара  туындылары  болады. 
Ата-бабалардан  мирас  болған  ауыз  әдебиетінің  жаңа  бір  саласы  жазба 
әдебиетінің темірқазығын қағу бақыты Абай Құнанбайұлының маңдайына 
бұйырса,  ұлт  тілі  мен  әдебиетінің  теориясын  жазу 
«төл  әдебиеті 
бар  жұрт  қана  төрден  орын  алады»  деген  қағиданы  ұстанған  Ахмет 
Байтұрсынұлының еншісіне тиді. «Әдебиет әлеміндегі әфсаналары» деген 
тараушада ұлттық әдебиеттану ғылымының алтын қорына енген төл туын-
дыларына әдебиеттанушы ғалымдардың зерттемелері негізінде сараптама-
лар жасалды. Ахметтің бойындағы ұлтына деген шексіз сүйіспеншіліктің 
өлең  болып  өріліп,  көкірегі  ояу  саналыларды  қарақан  бастың  қамынан 
гөрі, ұлыстың өрісін ойлайтын өреге жеткізгені зерттеуші-ғалымдардың 
талдаулары арқылы таратылды. теоретик-реформатор, ақын-аудармашы, 
ғалым-әдіскер,  ұлағатты  ұстаз  мұрасы  туралы  жазылған  ахметтанушы-
ғалымдардың зерттемелері негізге алынды.
Үшінші  тараудың  «Еленбеген  еңбектері»
  деп  аталуының  себептері 
бар.  тарихи  тұлғаның  есімі  ақталғаннан  кейін,  оның  туындыларын 
қайта  бастыру  жұмыстары  жедел  қолға  алынды.  Шығармалардың  қысқа 
мерзім ішінде жылдам басылғаны соншалық, кейбір туындылары жинас-
тырылып  үлгермеді.  Ал  кейбірі  жабық  қорларда  тіркелгендіктен,  рес-
ми мекемелердің келісімдері керек болды. Әрі, төте жазуды танитындар 
аз  болғандықтан,  оны  танып-оқуға,  зерделеуге  уақыт  керек  еді.  Алаш 
мұрасына  ден  қойған  зерттеушілердің  БАҚ-та  мақалалары  жарияланса 
да, ғылыми ортада бұл деректер бірде еленсе, бірде еленбей тасада қалып 
қойды. Деректердің еленбеуінің себебі, сілтеменің дұрыс көрсетілмеуінде 
еді.  Сілтемелердің  ала-құлалығы,  бұл  туындыларды  сараптап-саралауда, 
оның  ғылыми  айналымға  түсуіне  біршама  кедергілер  әкелді.  Сонымен 

9
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
қатар,  «Байқаушы»  бүркеншік  есімін  әдебиетші  ғалымдар  мен  тарих 
зерттеушілері  бірде  «Міржақыптыкі»  десе,  енді  бірде  «Ахметтікі»,  не 
«Әлихандыкі» деген болжамдар ұсынды. таласты болжам салыстырылып, 
сарапталу барысында «бүркеншік есімнің» тек «Ахмет Байтұрсынұлына» 
тән екендігі анықталды. тарау «Ахаңның асыл әндері» деген тақырыппен 
басталып,  онда  тұлғаның  ән-күй  әлеміндегі  иірімдері,  осы  музыка 
өнері  саласына  қосқан  үлесі  сөз  болады.  Оның  шығарған  ән-күйлерінің 
«халықтыкі» деп телінуінің себептері, кейбір туындыларының төл авто-
рына қайтарылғаны туралы талдаулармен қатар, оның әуез өнеріндегі жаңа 
қыры,  композиторлығына  танымдық  сараптаулар  жасалды.  «табылған 
тың туындылары» тараушасында әдебиеттанудағы ұжымдық зерттеулер 
мен жекелеген монографияларға арқау болған тұлғаның бүркеншік атпен 
жазылған өлеңдері, көсемсөз, тіл туралы мақалалары, ресми мәлімдемелері 
топтастырылды. тарауішілік «Хаттар тағы да хаттар» аясында замандасы 
Әлихан  Бөкейханмен  екеуара  хаттары,  тағдыр  тәлкегінің  ауыр  сынында 
жүргенде жерлесі Міржақып Дулатұлына жазған хаттары, Архангелде ай-
дауда жүргенде өзімен бірге отырған тұтқын арқылы жеткен «Елге сәлем» 
атты өлең-хатының мәтіні берілді. 
Монография жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер мен мұрағат 
деректеріне әрбір тарау соңында сілтеме жасалды. 
Қосымшада  ғалым  мұрасы,  оның  шығармашылығына  қатысты 
жазылған материалдар хронологиялық тәртіп бойынша Библиографиялық 
көрсеткіште:
  «Ғалымның  жарық  көрген  еңбектері»,  «Ғалымның  бас-
тыруымен,  мақұлдауымен  жарық  көрген  кітаптар»,  «Мерзімді  басы-
лымдарда  жарияланған  мақалалары»  тізімі  ұсынылды.  «1989-2009-шы 
жылдары қайта басылған туындылары», «Ғалым туралы ғылыми зерттеу-
лер»  тақырыбымен  ғұламаның  шығармашылық  мұрасы,  қоғамдық  және 
мемлекеттік қайраткерлігі туралы қорғалған кандидаттық, докторлық дис-
сертациялар, «Ғылыми конференция материалдары», «Ғалымның өмірі 
мен еңбектері туралы әдебиеттер» тізімі жеке-жеке жүйеленіп берілді. 
тұлғанының  «Уголовный  кодекс  РСФСР»,  «Мәдениет  тарихы», 
«Қазақ  тілінің  теориясы»  атты  кітаптарының  баспаға  дайындалып, 
өндіріске  кеткендігі  жөнінде  деректер  болғанымен,  бұл  еңбектердің 
қолжазбалары табылмады. Әлбетте, Ахаң еңбектерінің ту-үу мұхит асып, 
шетел ғалымдарының зерттеулеріне де арқау болғанын енді біліп жүрміз. 
Еліміздің  мұрағаттарынан  табылмаған  туындыларды,  шет  мемлекеттер-
ден іздеп табу – ұрпақ парызы. Бүгінгі жаһандану заманында үш тұғырлы 
тіл  саясатын  ұстанған  жастарға  артар  үмітіміз  зор.  Өйткені,  Колумбия, 
Оксфорд  университеттерінің  жетекшілігімен,  Орта  Азия  зиялылары 

Райхан Имаханбетова
10
туралы  ағылшын  тіліндегі  зерттеулерді  талдап-сараптау  –  «Болашақ» 
бағдарламасы аясында шетелдерде білім алушы мамандардың еншісіндегі 
жауапкершілігі мол, күрделі жұмыстардың бірі деп білеміз.
Бұл  күні  тарихи  тұлғаның  шығармашылық  мұрасын  тікелей  зерт-
теп, кемеңгердің кемел білім-ілімін келешек ұрпаққа таныту мақсатында 
жасалған жұмыстардың легі өсуде. Атап айтсақ, тілші-ғалым Р.Сыздықова 
(Ахмет Байтұрсынов. 1990.-52 б.), Ахаңның немере інісі С.Кәкішев (Ахаң 
туралы ақиқат. 1992.-112 б.), өзбек ғалымы М.Джусупов (Фонемография 
Ахмета Байтурсынова и фонология сингормонизма. 1995.-176 б.), физик-
ғалым  М.-Х.Сулейманов  (Яркий  носитель  духа  человечности.  1997.-18 
с.),  филолог-ғалым  Ж.Байтелесова  негасимая  звезда  в  пляде  казахской 
интеллигенции. 1998.-78 с., Публицистика Ахмет Байтурсынова. 1998.-78 
с.),  әдіскер-ғалым  А.Қыдыршаев  (Ахмет  Байтұрсынұлының  әдістемелік 
мұрасы. 1998.-132 б.), жазушы Б.Ілияс (Алтын бесік. 1998.-260 б.), ақын-
журналист н.Бектемісұлы (Ахмет ұшқан ұя. 2001.-128 б.), әдебиеттанушы-
ғалым  А.Ісімақова  (Возвращение  плеяды.  2002.-294  с.),  жазушы 
Қ.Сәрсекеев (ұлт ұстазы немесе Алаштың Ахметі жайлы ой-түйін. 2003.-
80 б.), журналист-ғалым С.Оспанұлы (Ахмет өскен ақындық орта. 2004.-
204 б.), әдебиеттанушы-ғалым Ө.Әбдиманұлы («Қазақ» газеті. 1993.-168 
б.,  Ахмет  Байтұрсынұлы:  зерттеу-эссе.  2007.-296  б.),  әдебиеттанушы 
ұ.Еркінбаев  («Әдебиет  танытқыштың»  теориялық  негізі.  2008.-136  б.) 
т.б.,  да  тарихшы  ғалымдардың  көлемді  тақырыпта  қарастырған  ғылыми 
зерттемелері  бір  төбе.  Бұдан  бөлек  академик-ғалымдар:  М.Қозыбаев, 
К.нұрпейіс,  З.Ахметов,  З.Қабдолав,  Р.нұрғали,  С.Қирабаев,  т.Кәкішев, 
К.Сағадиев, М.Жұрынов т.б. талдаған ғылыми зерттеу мақалалар қаншама 
десеңізші. 
Ахметтану тақырыбы аясында жазылған түрлі саладағы зерттеулердің 
барлығының да маңызы зор. Осы еңбектердің кейбіріндегі іздену бары-
сында  жаңсақ  пікірлер  мен  қате  қағидалар  тұжырымдауларының  себеп-
салдарлары  шама-шарқынша  зерттеп-зерделенді.  Қазақта  «адасқанның 
алды  –  жол,  арты  –  соқпақ»  деген  қанатты  сөз  бар.  Бүгінгі  тәуелсіздік 
кезеңнің ғылымында қалыптасқан ұлттық ғылымның алтын ғасыры – ах-
меттану саласында соқпақ бола алсақ, бұл зерттеудің зая кетпегені. 

11
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
І-тарау
Ғалым ҒұмыРнамасы  
ЖӘне ахмеТТанУДың негІзДеРІ
І.1. Өмірбаяндық деректер
Ахмет  Байтұрсынұлы  1872-ші  жылы  қыркүйек  айының  5-і  күні 
Қостанай округі, торғай уезі, тосын болысының 5-ші ауылына қарасты 
Сарытүбек елдімекеніндегі дәулетті отбасында дүниеге келген [1, 2, 3, 4, 
5]. торғай даласы – қазақтың кең байтақ өлкесінің әлқиссадан әйгілі, әрі 
атақты жерлерінің бірі. негізінен, бұл атау сол өңірдегі торғай өзенінің 
атымен байланысты қойылған болуы керек. торғай аңғары – Сарыарқаның 
оңтүстік-батысындағы ұлытаудан бастау алып, су жылымығы Шалқардың 
сорына  барып  құяды.  Ел  ішіндегілер 
«...Қараторғай,  Сарыторғай, 
Ұлыжыланшық» деген атауларға ие болған Торғай аңғарынының ұзындығы 
көл-көсір, су аяғы құрдымға құлайды» дейді екен. Осы ежелден киелі мекен 
торғай атауының мәртебесі де адамзат өміріндегі әр түрлі қоғамның ауы-
суына орай, әрқалай өзгертіліп отырғаны тарихи деректерден белгілі. 
Мемлекеттік мұрағаттардағы тарихи жылнамалық мәліметтерді негізге 
алсақ,  алмағайып  қазақ  жері  орыс  патшалығына  тәуелді  болған  тұста, 
осы  Арқа  даласында  1868-ші  жылы  «торғай  уезі»  құрылып,  ол  уездік 
қала  атанып,  облыстық  мәртебеге  ие  болған.  Ал  Кеңес  үкіметі  кезінде 
«торғай  қаласы»  деп,  одан  «аудан»  болып  өзгертілген  екен.  Одақтас 
республикаларға кіндік үкімет Мәскеуден билік жүргізілген кезеңде, осы 
5-ші ауылға «Южный» деген орысша атау берілген. Жаңа атауға ие болған 
ауыл совхоз болып ұйымдастырылып, әрі шаруашылығы кеңейтіліп, мұнда 
байырғы қазақ жұртымен қатар, өзге ұлт өкілдері де қоныстандырылады. 
Бірақ,  нағыз  қазақы  ауылды,  қазақы  ортаны  жерсінбеген  «жат 
жұрттықтар»  бұл  өлкеде  ұзақ  тұрақтамайды.  Бір  ғажабы,  осы  момақан 
ауыл сексенінші жылдардың соңына дейін одақтан «олжалаған» орысша 
атауын қалтқысыз сақтап келді. тек берегіректе, 1990-шы жылы ақпанның 
26-сы  күні  Қазақ  КСР-і  Үкіметінің  №78-ші  қаулысымен  совхозға  Ахмет 
Байтұрсынұлының есімі берілді [6]. 

Райхан Имаханбетова
12
Қаулыда мұнан басқа: 
«Көрнекті мәдениет қайраткері, ағартушы, 
ғалым-лингвист  Ахмет  Байтұрсынұлының  есімін  ұрпақтардың  жадын-
да мәңгі есте қалдыру мақсатында, Қазақ КСР Ғылым Академиясының 
Тіл  білімі  институтына,  Қостанай,  Арқалық  қалалары  мен  Торғай 
селосының  бір-бір  көшелеріне,  Шымкент  қаласында  бір  орта  мектеп 
пен  бір  көшеге,  Қызылорда  қаласында  бір  орта  мектеп  пен  бір  көшеге, 
Семей  қаласындағы  бір  көшеге  есімін  беру  және  ғалым  қызмет  жасаған 
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ғимаратына оның 
бейнесімен  мемориалдық  тақта  ілу»  жөнінде  мәселелер  көтеріліп,  іс 
жүзіне асырылды. Мұндай игі шараларға негіз болған – 1988-ші жылғы 
қараша айының 4-і күнгі Алаш ардагері Ахаңның аяулы есімінің ақталып, 
халқымен қайта қауыштырған Үкіметтің шешімі болатын! [7].
 
Қазіргі  уақытта  бұл  аймақ  –  Қостанай  облысы,  Жангелдин  ау-
даны,  торғай  елдімекені,  Ахмет  Байтұрсынұлы  ауылы  деп  аталады. 
Ауылға кірер жолдың қақпасына «Ахмет Байтұрсынұлы ауылы» деген 
маңдайша белгі қойылған. Осы елдегі Үмбетейдің қызынан туған, жиені 
нұрмаханбетұлы  тоқтасын  тарихи  тұлғаға  арнап,  ақ-қызыл  кірпіштен 
ескерткіш  орнатыпты.  Ескерткіштің  оңтүстігінде  1926-шы  жылы 
Ахметтің  өзі  басын  көтерген  ата-анасы  Байтұрсын  мен  Күңші,  үлкен 
ағасы Қалидың қорымы жатыр. Әулет қорымының батысында керіліп көз 
ұшыңда сағымдана көрінетін ауыл, адам алақанына сыйып кеткендей. Ал 
теріскей жақта Байтұрсынның кенже ұлы Мәшеннің қыстағының орны 
«мен  мұндалап»  талай  тарихты  бауырына  басып  жатқандай  еріксіз 
өзіне тартады. Қыстаудың кең жазылған қолтығы түбек десе дегендей, 
ал ол коңыр күзде нағыз сары түбек. Сарытүбек… Атам қазақ қалай ат 
қоюға шебер десеңізші! 
Заманында  «ұлттың  рухани  көсемі»  атанған  прос-Ахаң  тарихта 
есімі мәшһүр тұңғыш тархан Жәнібекпен түбі бір, текті атаның балала-
ры. Қошқар ұлы Жәнібектің атасы – Көшей, бабасы – Шақшақ. Жәнібек 
пен  Ахметті  таратып  алатын  түп-тегіміз  де,  осы  ұлы  баба  Шақшақтан 
бастау  алады.  Жәнібек  батыр  Шақшақтың  шөбересі  болса,  ал  Ахмет 
–  Шақшақтың  тоғызыншы  тармақтағы  үрім-бұтағы,  яғни  жалғасты 
ұрпағы  [8,  9].  Ахметтің  әкесі  Байтұрсын  бес  ағайынды.  Олар:  Ақтас, 
Байтұрсын, Данияр (кейбір деректерде Сабалақ есімімен мәлім. Мұны 
негізінен, ғұрып бойынша жеңгелері қойған – 
Р.И.), Ерғазы, Ермағанбет 
(кейде Бермағамбет). Атасы Шошақ он ағайынды болса, бабасы таңбай 
жеті ағайынды екен. таңбайдың әкесі Аралбай бес ағайынды. Үлкен ба-
басы Аралбай Үмбетей батырдың бел баласы. Байсейіттен Үмбетей мен 
Сейтімбет туған. 

13


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал