Жоқтан бар жасап, сыйласып



жүктеу 40.44 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі40.44 Kb.

П о э з и я 

Р у с л а н  Н Ұ Р Б А Й 



Руслан Жаманханұлы 1974 

жылы 

Қарағанды облысы 

Қарқаралы ауданында 

дүниеге келген. Ол 

Е.А. Букетов атындағы 

Қарағанды Мемлекеттік 

Университетінің филология 

факультетінің 1998 жылғы 

түлегі. Руслан Нұрбай -

о б л ы с т ы қ  р е с п у б л и к а л ы қ 

мүшәйра мен конкурстардың 

бірнеше мәрте иегері. 

Өлеңдері - облыстык, респуб-

л и к а л ы қ деңгейдегі беделді 

басылымдарда ("Егемен 

Қазақстан", "ЖасАлаш", 

" О р т а л ы қ 

Қазақстан", "Жа-

лын" т.б.) басылуымен бірге 

бірнеше  а в т о р л ы қ жинақта-

рға енген. Руслан Нұрбай -

қ а з і р 

Қазақстан Жазушылар 

Одағының мүшесі. 

Қ Ұ Р Т 


"1942 жылғы Ленинград  қоршауында 

Кеңес одағының  ұшақтары  қала 

тұрғындарына  құрт шашып аштықтан 

құтқарыпты". (газеттен). 



Сандықты сәндеп сүйектен, 

Жоқтан бар жасап, сыйласып. 

Даласын дархан, күй еткен, 

Ешкінің шегін ширатып. 

Күмісті шақша мүйізден, 

Тай тұяқтан да, үн шыққан. 

Табиғаттан да күй іздеп, 

Құрайдан әуез сыңсытқан. 

Қыл менен  қобыз тірілтіп, 

Жынменен шайтан үркіткен. 

Құрт, сүзбе, анау ірімшік, 

Айырған майын іркіттен. 

Ал,  қазір  қалқам, не білдің, 

Бар ма екен сонау, жұртта арман. 

Ақтығындай боп көңілдің, 

Шашудың басы -  құрт болған. 

Тарихқа кеткен бас  құрбан, 

Зердесін елдің ашам деп. 

Алты малтасын ас қылған, 

Арысың еді Махамбет. 

Қағбаға барған  ұлтым деп, 

Төксінші Алла шапағын. 

Шалабын ішіп,  құртын жеп, 

Шаршамай жеткен Шәкәрім. 

Л е н и н г р а д т а ғ ы ылаңда, 

Ұ ша қ та р ұ ш қ а н а қ түнде. 

Аштықтан елге бұралған, 

Аспаннан ақ  құрт шаштым де. 

Сұрапып соғыс, сұр шақта, 

Питерге жеткен, жыр-ән көп. 

Қазақтың 

құрты 

құрсақта, 

Жамбылдың жыры  ұ р а н боп. 

Сауданың бүгін нарқы иді, 

Байлық деп, шулап бар әлем. 

Әлжуаз балаң шартиды, 

Б а л м ұ з д а қ , кока-коламен. 

Өнер деп соны түсіне... 

Тамақ та жалған, жалған тон. 

Жасанды ана сүті де, 

Ақтауы  қиын болған соң. 

Көңілге бүгін жаз  қонып, 

Жеңілдеп  қалдым, сыр ашып. 

Достармен тұрмыз мәз болып, 

Бір түйір  құртпен сыра ішіп...! 

А Й Н А Д А Ғ Ы  А Қ Ы М А Қ 

Мұңлы мұнар басқандай айналаны, 

Қаламынан  қағазы "пайланады". 

Тоқтай  қалып көз тастап, ойланады, 

Маған таныс бір бейне айнадағы. 

Ей, менен көз алмаған  қара жігіт, 

Қашан баққа жетіп ең, дара жүріп! 

Біреу сені көзіне бала  қылып... 

Біреу сенен өзіне алады үміт. 

Ей, жігіт!  Қателестің кеше  н е д е н ? ! 

Мінезің белгілі еді бесенеден. 

Ойнауға бола ма екен пешенемен, 

Сондықтан көңіліңнен көшеді өлең. 

Ей, достым! Өнбес дейді бұдан еңбек, 

Ертең елдің елемес бірі адам деп. 

Мұндаймен елге  ұлылар,  ұнаған ба ед, 

Ащы удан тәтті сөз шығарам деп. 

Қайтесің, өткенді енді  қайталама! 

Менен басқа саған жан айта ала ма! 

Жыр жазудан жүрегің жай таба ма! 

Жарала ма жаныңды, байқа бала... 

Мұңлы мұнар басқандай айналаны, 

Көз де мұңлы, ондағы ой налалы. 

Басын шайқап, "мырс" етіп айналады, 

Анау тұрған "ақымақ"айнадағы. 

ФАУНА-ФӘНИ 

Көңілімнің көлінен  қалқыған аққу, 

Көбелек-өлең 

қуып жүр, кеудемде 

менің. 

Қыран-қиялым көп жайды 

бақылап-ақ тұр, 

Сұңқар-сезімнің соңында сенделген 

едім. 

Бөркімнің астындағы бөрі-ойларым, 

Арқар-арманды аңдиды, даладан 

қарсы ап. 

Түлкі-амалым тыңдасам көбі айлалы, 

Жылқы-мінезім жылайды, аламанды 

аңсап. 

Доңыз-қырсығым домалап жатып 

алады, 

Елік-іңкәрім іздейді әлденені ылғи. 

Марал-мұң маңғаз, әйтеуір осы 

қалады, 

Күлкі көкегім кеткенде көлденең, 

ылди. 

Есек-дәмем бар, ешқашан тыным 

бермейді, 

Қодас-жалқаүлық 

қорбаңдап 

баспай барады. 

Үкі-үмітім өзіне бұрын бер дейді, 

Аю-аңқаулық, оған да саспай  қарады. 

Қойшы, әйтеуір, уда шу бітім 

болмысым, 

Жалғыз 

қалдырмас жырымды 

таңменен күттім. 

Ақын ба екен! Ендеше түсінді ол кісі, 

ішінде жүрміз біздеген, аң менен 

құстың... 

Қ А З Ы Н А Н Ы Ң БІРІ 

Көршіміздің иті бар ед әдемі, 

Әйелі де... 

Аққұбаның бөлегі. 

Көре алмастық емес, оның көлігі... 

Қос 

құлаштай енінің де көлемі. 

Жиһаз толы, жарқырайды үй түгел, 

Келіншегі күнде тірлік күйкімен. 

Машинамен келеді де кетеді, 

Ал, еркегі -  қыдырады итімен. 

Амандассам сөзге тартып,  ө т і р і к , 

Сол Әужекең, кетеді ғой есіріп. 

Шерлі шахтер  ә ң г і м е жоқ, бала жоқ, 

Иті жайлы еседі-ай кеп көпіріп. 

Қалай айтам, сол пендені "Ұлтым!" 

деп, 

Сөйлегені келмейді әттең бір тілге. 

Түнде  қорып, күндіз аңға шабатын, 

Құмайлардың күні қараң бұл күнде. 

Осы итке кеткендей боп кегім шын, 

Қарап тұрсам, маңғазданып керілсін. 

Қарғы-бауы күмістен бір 

қаралық, 

Деймін іштей "ит маржанды не 

қылсын". 

Дәмді аспен, оранған бұл бүлдеге, 

Ит тірлікпен автобусқа мінбеген. 

Аүыл жақта бөтеңкесіз бауыр жүр, 

Паң "пиратша"  қалай қайтып күн 

көрер. 

Шыдамның да шегі бар ғой, 

берікпе! 

Мінез бар да  ө л е ң қ ұ м а р , желікпе. 

"Көкбөрі" деп, көп ойлармен 

отырып, 

"Кете-ей!"дедім серуендегі сол 

итке. 

Тек итімен ауатұғын жиі есі, 

Маған жаман  қарады-ау, сол иесі. 

Содан бері амандық жоқ, 

қорқамын... 

Соға ма деп,  қазынаның киесі. 

ЖҰМАДАҒЫ ОЙ 

М. Азбанбаевқа 



Жұма бүгін, миымызға маза жоқ, 

Жақсы жанның көбі кеткен  қаза 

боп. 

Соны ойласаң солқылданды сезімің, 

Жалынымен, шарпып жанды 

азалы от. 

Жұма бүгін, көз жұмулы жұма екен, 

Жұмыс орны бүгін менсіз, тұл екен. 

Дұға орнына, жыр оқимын жай ғана, 

Жұматай бар, Тұрсын Жұмаш, 

Жұмекен. 

Жұма бүгін, жанды неге кірлетем, 

Бәрімізге баратұғын бір мекен. 

Ж ұ м а ғ а л и Саин аға кеш бізді, 

Жәләп жандар, көшеңізде жүр 

мекен. 

Жұма-жұма, алақаным  қарысты, 

Ойларымды жеткізсем деп бір ішкі. 

Жұман байдың жайлауында 

тұрамыз, 

Жұма сайын төлеп тиын-табысты. 

Жұма бүгін, сол күн маған бөлек те, 

Жаманхандай, өкем кеткен елеске. 

Жұманхан деп, жазып  қойған бір 

жылы, 

Термен келген сол  ә с к е р и билетке. 

Жұма бүгін, миымызда маза жоқ, 

Мешіт бос тұр, лапылдайды 

базар-от. 

Қос күн боспын, 

қайда барсам...! 

Е,  қойшы, 

Кім ол жаққа кетті дейсің, таза боп... 

ҚОС ӨЗЕНІ М 

Сара тамыр сартылдап, 

Күре тамыр күрілдеп. 

Жүрек содан алқынбақ, 

Жыр жазамын дірілдеп. 

Тигр менен Ефрат, 

Ортасында тарих нық. 

Ал, мендегі атырап, 

Жүрек деген жарықтық. 

Екікөзде кей күндер, 

Тұнып жатты сан арман. 

Сейхун менен Жейхуннен, 

Арал-жүрек нәр алған. 

Қос жанарда 

қалды мұң, 

Далам-дидар, жуғанмын. 

Тоқырауын, Талдының, 

Ортасында туғанмын. 

Керегі жоқ дәрігер, 

Тамырымды бумашы. 

Қос арнамда әлі де, 

Толқын өлең туласын! 

Жүрек мықты сол шебер, 

Өлең маған бақ-ғұмыр. 

Не болады солса егер, 

Айдын-жүрек, аққу-жыр. 

Сара тамыр сартылда, 

Күре тамыр күрілде. 

Ізім  қалсын артымда, 

Ғайып болған күнімде. 

Артерня, вена деп, 

Вирус біткен тұр әне. 

Жаулаймын деп бәрі әлек, 

Мәуреннаһр мына мен! 

Азия Транзит. - 2005 . - N3 (наурыз). - 18 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал