Жоспары: Образ туралы жалпы түсінік



жүктеу 346.75 Kb.

бет1/4
Дата09.09.2017
өлшемі346.75 Kb.
  1   2   3   4

 

Көркем образ, оның түрлері. 

 

Жоспары: 



1.  Образ туралы жалпы түсінік. 

2.  Образ жəне образдылық. 

3.  Образ түрлері. 

Əдебиет  туралы  жалпы  түсініктердің  бəрінің  құйылар  арнасы,  ең  басты  жəне  өзекті 

мəселесі-образ жəне образдылық.  

Кең  ауқымда  алып  қарасақ,  көркем  образ-өмірлік  шындықты  игеру  мен  қайтадан 

қорытып,  жаңадан  жасап  шығарудың  өнерге  ғана  тəн  ерекше  тəсілін  сипаттайтын 

эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды 

да, көбінесе кейіпкерлер мен əдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.  

Негізінде образдың ерекшелігін екі мəселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне 

қатысты  қарастыру  дəстүрі  қалыптасқан.  Соған  сəйкес,  образдың  обьективті-танымдық 

сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. 

Образ  көркемдік  шындыққа  тəн  болғанымен,  өмірлік  негізінде  жасалатындықтан, 

ақиқат  өмірдегі  кеңістік,  уақыт,  қоғам,  заттар  мен  құбылыстардан  алшақ  кете  алмайды. 

Сондай-ақ,  образ  ақиқат  болмыспен  біте  қайнасып  кетуге  де  тиіс  емес.  Оның  сыры-

образдың  өмір  сүру  ортасына  қатысты.  Нақтылай  түсер  болсақ,  образ  ақиқат  өмірден 

бастау  алғанымен,  көптеген  шарттылықтар  арқылы  одан  ажырап,  көркем  туындыдағы 

«қиялдан туған» əлемге көшеді. 

Образ-шығармашылық ой  жемісі.  Сондықтан ойлау үрдісіне тəн сипаттарға образ да 

ин болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын 

жинақтай отырып, жекелегкн оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын 

толғандырып  келе  жатқан  мəңгілік  сауалдардың  мəніне  де  үңіледі.  Образ-нақты  ұғым. 

Қандай  құбылысқа  негізделсе  де,  образ  ол  құбылысты  дерексіз,  тиянақсыз  əлденелерге 

бөлшектемей керісіеше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Əдебиетте адам 

бейнесін  жасаудың  амалы  алуан  түрлі.  Ол  сөздегі  суретпен  ғана  бітпейді,  көркем  бейне 

жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан əдеби тұлғаны даралауға дейін барады. 

Жинақтау  дегеннің  өзі-əдеби  тип  жасау  əрекеті.  «Типтендіру  деген  суреткердің  іс 

жүзінде  өмір  шындығын  өз  дүние  танымы  тұрғысынан  белгілі  бір  уақытпен  кеңістікке, 

əлеуметтік  орта  мен  дəуірге  сай  талғап-тануы,  таңдап  іріктеуі  жəне  жинақтауы,  сол 

арқылы  өзі  жасап  отырған  көркем  бейнені  сомдауы,  тұлғаландыруы,  даралуы  болып 

табылады» дейді академик З.Қабдолов.  

Типтнндіру  –  мөлшерлі  «сфераға»  енетін,  өлшеулі  «формаға»  көнетін  əрекет  емес, 

ақиқат  өмірдегі  кісілерден  əдеби  шығармадағы  жанды  бейнелер  туғызудың  аса  қиын, 

күрделі  жəне  əрқашан  тың,  тынымсыз  харакеті.  Суреткер  өзі  жасаған  көркем  бейненің 

құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап 

бағалайды. Жазушыға тип жасау əрекетінің үстінде керкгі-типтілік туралы «қисын» емес, 

тірі мүсін-трототип. 

Кейде оқырман күнделікті өмірдегі адам мен əдеби  қаһарманды бірдей ұғым ретінде 

қабылдайтыны  бар.  Бұл  жағдай  əсіресе,  əдеби  бейненің  өмірдегі  прототипі  болғанда 

ерекше  байқалады.  Алайда,  прототип  пен  əдеби  қаһарман  бір  ұғым  емес.  М.Əуезовтің 

«Абай  жолы»  романындағы  Құнанбайды  тарихтан  белгілі  Құнанбайдың  таза  көшірмесі 

деп  түсінуге  болмайды.  Өйткені,  əдеби  бейнеде  қаламгер  концепциясы  жинақталады  да, 

соған орай көркем бейне жасалады.  

Сонымен  бірге  авторлық  позицияға  байланысты  кейіпкер  халықтық  қаһарманға 

айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады.  

Шындық  құбылыстарды  типтендіре  жинақтау  арқылы  суреткер  болашақ  образдың 

немесе  типтің  жалпы  бітімін,  тұлғасын  қалыптастыруымен  қатар  оның  ішкі  ерекшелігін 

ашып, мінезін  даралайды.  Əрбір  əдеби  тұлғаны  өз  ортасынан  адам  ретінде  бөлек,  оқшау 



танытып  тұратын,  оның  тек  өзіне  ғана  тəн,  өзгелерде  жоқ  жəне  қайталанбайтын 

психикалық  ерекшеліктері  болуы  шарт.  Суреткердің  өмір  шындығын  жинақтау  əрекеті 

əрқашан оның адам мінезін даралау əрекетімен ұласады.  

Мінез –  адамның  ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық 

құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы əр 

түрлі тəсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу. 

Мінездеу,  жанама  мінездеу,  адамға  тəн  сүйініш,  кұйініш,  сезімдерді  суреттеу, 

адамның  өз  сөзін  (монолог),  немесе  өзгемен  сөйлесуін  (диалог)  келтіру-осылардың  бəрі 

жеке-жеке  тұрған,  бір-біріне  жеке,  дара  мақсатты  нəрселер  емес,  керісінше  бірін-бірі 

толықтырп,  бірінен-бірі  туып  жалғасып  жатқан  дүниелер.  Мұндай  бірліксіз  бұлар  адам 

мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. 

Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын 

ашуға  қызмет  етеді.  Портрет  адамның  бүкіл  анатомиясын  түгел  қамтып,  жіпке  тізе  беру 

шарт емес. Əр портретте əр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі. 

Əдеби шығарма не туралы жазылса да бəрібір, сайып келгенде, бəрі де адам, тек адам 

туралы  ғана  сыр  шертеді.  Көркем  шығармаларда  суреттелетін  табиғат  көріністерін,  яки 

пейзажды  да  əншейін  бір  уақыт  пен  кеңістіктің  дерегі  ретінде  даралап  қарамай,  адам 

образын  толықтыра түсетін  тəсілдің, бірі деуімізге болады. Образдың  жасалу тəсілдеріне 

лайық образдың түрлері туады.     

Образдың  түрлерін  белгілеудің  бірнеше  (əдістік,  тектік,  тəсілдік)  фактолары  бар. 

Көркемдік  əдіс  тұрғысынан  келгенде,  образ  екі  түрлі  :романтикалық  образ,  реалистік 

образ. Əдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, 

драмалық  образ.  Ал,  жалпы  жасалу  тəсілдеріне  келетін  болсақ,  образ  юморлық, 

сатиралық,  фантастикалық,  трагедиялық,  комедиялық,  қаһармандық,  т.б.  бейнелер  деп 

бірнеше  тұрғыдан  жіктеуге  болады.  Осылардың  əрқайсысының  өзіне  тəн  ерекшеліктері 

бар, оны білу əдебиетшіге ауадай қажет. 

Əдебиеттегі  көркемдік  əдіс,  негізінен  екі  түрлі:(романтизм,  реализм).  Біз  қазір 

образдың көркемдік əдіс тұрғысынан өзіндік ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз. 

Романтикалық  образ  -  əдебиеттегі  адам  бейнесінің  байырғы  түрлерінің  бірі.  Бұл 

образдың  алғашқы  үлгілері  баяғы  көне  дүние  əдебиетінде,  əсіресе  мифте,  немесе  қай 

халықтың  болса  да  ауыз  əдебиетінде  жатыр.  Бұл  образ  өмірдегі  болған  немесе  бар 

деректен гөрі өмірде əзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. 

Романтикалық  образ  –  қай  жанрдың  туындыларында  болас  да  молынан  кездесетін, 

образдың дəстүрлі, қалыптасқан түрі. 

Реалистік  образ  -  əдебиеттегі  адам  бейнесінің  ең  сымбатты,  шынайы  түрі.  Реалис  – 

сөзінің  латын  тіліндегі  мағынасы  заттық  деген  ұғымды  білдіреді.  Сонымен  қатар, 

«шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер 

түрлеріне  қатысты  қалыптасқан  реалистік  образ  ұғымы  өмірлік  шындыққа  негізделген, 

эстетикалық-тəрбиелік  мəні  зор,  қоғамдық  сипаты  айқын,  өз  бойына  жалпылық  жəне 

жалқылық  белгілерді  қатар  дарытқан,  сонымен  бірге  қоғамдық,  көркемдік  дамуға 

байланысты  ұдайы  өзгеру,  жетілу  үстінде  көрінетін  шыншыл  бейне  деген  түсінікті 

білдіреді. 

Реалистік  образ  –  нанымды  образ:оның  мінез-құлқа,  іс-əрекеті,  оны  қоршаған  орта, 

оның басынан өтетін оқиға, бəрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде 

өзін шындық шеңберінен шығармайды. 

Реалистік  образ  –  типтік  образ.  Өнердегі  шыншыл  образ  өмірдегі  бір  адамның  ғана 

көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан. 

Əдеби  тек  тұрғысынан  образдар  эпикалық,  лирикалық,  драмалық  болып  3  топқа 

бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып 

көрсетуді  мақсат  етеді.  Сол  себепті,  образ  бойында  бүкіл  адам  баласына  ортақ  тылсым 

құбылыстардан  бастап,  өмірдің  кейбір  сəттері  мен  жеке  адамға  ғана  тəн  сезімдік 


шарпысуларға  дейін  қамтыла  береді.  Əдеби  тектердің  əрқайсына  тəн  ерекшеліктерге 

сəйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тəн тəсілдерді пайдаланады. 

Эпикалық образ -  жазушының авторлық баяндаулары мен əдеби қаһарманның өзінің 

сөздері,  яғни  кейіпкер  сөзі  арқылы  жасалатын  орбаз.  Портрет  пен  мінездеу,  диалог  пен 

монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-

көп амал-тəсілдер, əсіресе эпикалық образ үшін керек. 

Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішінде біледі. Бұл 

ретте  эпикалық  жанр  оның  мінез-құлқын  асықпай  ашып  танытуға,  ойын,  сезімін,  сөз 

мəнері мен сөйлеу машығына дейін оқырманға жайып салады. 

Лирикалық образ -  сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, 

сыры  мен  сезімі.  Мұнда,  эпикалық  образдағыдай  ұзақ,  кең,  мол  суреттеліп,      жан-жақты 

ашылған адамның сыртқы кеипі де, тағдыры да, қимыл-қаракеті де көріне бермеуі мүмкін. 

Лириканың    міндеті  өмір  құбылыстарының  əсерінен  туған  адамның  ойлары  мен 

сезімдерін бейнелеу болып табылады. 

Драмалық образ – кейіпкердің өз сөздері мен с-əрекеттері арқылы бейнеленетін образ. 

Драмалық  образдың  басты  бір  ерекшелігі  оның  сахнада  сомдалуына  қатысты.  Драмалық 

образдың жасалу тəсілдер де өзінше  бөлек эпикалық образ кең құлашты  баяндаулар мен  

суреттеулер  арқылы,  лирикалық  образ  түрлі  көңіл    күйлері  мен  шабытты  толғаныстар 

арқылы  жасалса,  драмалық  образ    шиеленісінен  тартыстар  мен    қақтығыс  қимыл-

əрекеттер арқылы жасалады. 

Образдың    жасалу  тəсіліне  байланысты  түрлерін  таратып,    бас-басына  сипаттама 

бермес  бұрын,    жалпы  əдемлік  туралы  ілімінде    бірнеше  (комедия  жəне    трагедия, 

фантастика  дегендер  тəрізді)  эстетикалық  категориялар  болатынын  білу  шарт.  Комедия  

ақиқат    шындықтағы    не  адам  мінезі  мен  бітіміндегі    күлкілі    жайлардан  туса,  трагедия 

бұған  қарама-қарсы  қайғылы  құбылыстардан  туатыны    фантастика    асыңқы,  асқақ 

əрекеттерден  туатыны  мəлім.  Міне,  осы  тəсілдердің  əр  қайсысына  лайық,    трагедиялық, 

фантастикалық  образдар  болатыны    сияқты,  комедиялық  тəсіл  арқылы  көркем  образдар 

юморлық жəне сатиралық түрлері жасалады. 

Юморлық  образ  -    күлкілі  кейіпкер:  юмор  -  өмірдегі  кісі  күлерлік  құбылыстардың 

өнердегі    сəулесі.  Күлкі  жоқ  жерде  юмор  да  жоқ.  Ал  күлкілі  əешейін  жеңіл  желпі  нəрсе 

деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, əлеуметтік сыр жатады. 

Əрине,  эстетикалық  комедиялық    категориясындағы  юмордың,  сатираның, 

иронияның, сарказмның, гротескінің əрқайсысындағы күлкінің сипаты  əр бөлек, юморда 

күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі-əзіл, ал 

əзіл  келемежге  айналса  –  ирония  келемеж  ащы  мысқылға  айналып,  сын  үдей  түссе,  - 

саркозм болғаныы. Юмор бар жерде ылға сын бар деуге де  болмайды. 

Сатриалық  образ  -    сатира  өмірдегі  кеселді,    келеңсіздікті  көлтің  көз  алдында  – 

көрінісіне  шығарады,  халықты  одан  түңілтеді.  Құлық  пен  сұмдықты,  екіжүздікпен  

мансапқорлықты,    ұятсыздықты,  өмірдегі  зиянды  жайттарды  аяусыз  əшкерелеп, 

адамдарды  онымен ымырсыз күреске үндейді. 

Мəз болады болысың, 

 

 



 

 

Күнде жақсы бола ма, 



Арқаға ұлыс қаққанға. 

 

 



 

 

Бір қылығы жаққанға? 



Шел тірейтіп орысың, 

 

 



 

 

Оқалы тон тола ма, 



Шенді шекпен  жатқанға.  

 

 



Ар-ұятын сатқанға.  (АБАЙ) 

Сатираның  юмордан  өзгешелігі  –  мұнда  қаламгердің  өзі  сынап  отырған  адамына 

жаны  ашымайды;  оның  мінін  түзеу,  өзен  өнегелі  өмірге  қайта    қосу  мүддесі  болмайды, 

керісінше,  автор  мұндай    жексұрындық  өмірде    болмады  керек  деген  қатал  үкімін 

шығарады;  юморда түзеу мақсаты жатса, сатирада жою,  жоқ қылу мақсаты жатады. 

Сатираның  юмормен  бірлігі  –  мұнда  да  юмордағы  секілді  күлкі  болады,  бірақ 

мұндағы  күлкі  жай  əзіл,  əжуа  емес,  мазақ,  мысқыл,  кекесін  –  күлкі.  Сатиралық  образ 

жасаудың тəсілдері əр түрлі өнер ирония, сарказм. 

Ирония – кемшілікті, астармен перделеп санау, мысқылдау, кекету. 


Сарказм  –  сыналған  объект  тəлкек  етіліп  қана  қоймайды,  оның  дəрмексіз  

бейшаралығын да қоса əшкерелейді. 

Көркем  образ  жасауға,  адам  мінезін  ашуға  лирикалық  нəзіктік  қандай  керек  болса, 

сатиралық өткірлік те, сондай қажет. 

Фантастикалық  образ  –  қиялдан  туған  қаһарман  əдебиетіндегі  адам  образының  ерте 

замандардан күні  бүгіге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері 

болсын, оның  ең  байырғы  түрлерінің  бірі  –  ертегі  десек,  сол  ертегі  түгелге  жуық  қиялға 

негізделген  ертегілердің  адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мəлім. 

Бұл да фантастикалық образдың көнелігін байқатса керек.  

Трагедиялық  образ    -  əдебиетте  тым  ертеден  келе  жатқан  адам  бейнелерінің  бірі. 

Трагедиялық  образ  ескі  мен  жаңа,  адам  мен  қоғам,  адамдық  пен    жауыздық  арасындағы 

ымырсыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқыққа, 

адам  жеңіп  болмас  ауыр,  азапты  жайларды  əдеби  шығармада  терең  жəне  шебер 

жинақтаудан  туады.  Трагедиялық  құбылыста  өмірде  де,  өнерде  юморлық  не  сатиралық 

құбылыстарға  қарама-қарсы:  юмор  мен  сатирада  күлкілі  жайлы  əжуа,  мысқыл,  кекесін 

түрінде  көрінсе, трагедияда қатерлі нəрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. 

Трагедиялық  қаһарманның  өмірі  көбіне  өліммен  аяқталып  отырады.  Өйткені  оның 

айқасқан жауы өзінен күшті, əлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. 

Көне  əдебиеттерде  əсіресе  грек  əдебиеттерде,  трагедиялық  шығармаға  негіз, 

трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық образға психологиялық дəлел болатын, көбіне, 

жазымыш  еді.  Дүние  жүзілік  əдебиетте  трагедиялық  өнер  мен  трагедиялық  образдың 

қалыптасуындағы  жаңа  кезең-ренессанс  драматургиясының  шыңы  боп  табылатын 

Шекспир творчествосы. Бұл тұста, трагедия туралы ұғымның өзі жаңарып еді. 

Бұрын,  айталық,  адам  өміріндегі  апат  «жазмыштың  бұйрығы»  болса,  недігі  қасірет 

адамдардың  өздеріне  өздері  жасаған  қиянат  пен  қастықтан,  өшпенділік  пен  өктемдіктен 

туындап жатты. 

Трагедиялық  образ  XIXғ  əдебиет  одан  əрі  өрби  түсті.  Бальзактың  «Адам 

ажуасындағы»  адамның  рухани  құлдырауы,  Пушкин  мен  Гоголь,  Досоевский 

шығармаларындағы  «кішкене  кісілердің»  аянашты  халдері  мен  ауыр  тағдырлары  сөз 

өнеріндегі трагедиялық жинақтаудың əрі тереңі, əрі шыңы болатын. 

Қазақ  əдебиетінде  трагедиялық  образдың  небір  керемет  үлгілері  бар.  Əсіресе  əйел 

образды  айрықша  көрінеді.  Қыз  Жібек  пен  Баянсұлу,  Қамар  мен  Шұға,  Еңлік  пен 

Сұлушаш, т.б. осылардың қай-қайсысын алмаңыз, қасіретті, қиын тағдырлары оқырманды 

енжар  қалдырмайды,  оның  ой-сезімін  тұтқындап,  жан  дүниесін    тебірентіп,  оны 

əрқайсысы  өз  тағдырына  ортақ  етеді.  Трагедиялық  браздың  өзгеше  эстетикалық  мəні 

осында жатса керек. 

Геройлық  (қаһармандық)  образ  –  адамға  тəн  небір  тамаша  сипаттардың  

жинақталуынан  тұратын  сом  тұлға,  өз    дəуірінің    ең  аяулы,  ассыл    мұраттарынан  туған  

тарихи  тегі.  Əдлебиеттегі  қаһармандық  дегеннің  өзі-қоғамдық,    адамдық  биік  мақсат 

жолындағы    өрлік  пен  ерлікті,  қайсарлықпен  қаһармандықты  жырлау.  Адам  рухының 

ұлылығын қастерлейтін əдебиеттегі геройлық сөз өнерінің ең сұлу қасиеттерімен біртұтас. 

Бұл  ретте  қаһармандық  образ  -    суреткердің  ең  биік  идеалының  жəне  аыыл  мұратының 

көркем жинақталуы. 

Қаһармандықтың қайнар көзі көп жəне əр алуан. Əлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, 

туған елді жаудан қорғау, халықтың азаттығы жолындағы ассқақ əрекеттер, адамгершілік 

ардың  тазалығы  үшін  тартсы,  əділдік  пен  шындық,  достық  пен  махаббат  жолындағы 

харакеттер. 

Қаһармандық  образ  –  еңбек  пен  күрес  адамының  көрінісі.  Əдебиеттегі  ең  көрнекті 

типі  биік  үлгісі  сөз  өнеріндегі  қаһарандқ  дегеннің  орасан  зор  тəрбиелік  мəні  де  осында 

жатыр. 


Дүниедегі  қандай  бір  заттар  мен  құбылыстар  болса  да  мазмұн  мен  форманың 

тұтастығынан тұратындығы ғылыми тұрғыдан дəлелденген жай.  



Көптеген ғалымдар көркем шығарманың мазмұны мен формасын бір-бірінен бөлмей, 

бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын, бірімен – бірі тығыз байланысты, бір нəрсенің екі қасиеті 

деп біледі. 

Мазмұн, белгілі бір форма арқылы көрінсе, форма белгілі бір мазмұнды айқындайды, 

яғни  форма  мазмұнды  жарыққа  шығарады,  оны  жұртшылыққа  түсінікті  айқын  етіп 

жеткізеді. 

Сонымен  əдеби  шығарманың  мазмұны  -  өз  эстетикалық  идеясының  тұрғысынан 

суреткер таныған ақиқат өмірде, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем 

образдар жүйесі, яғни əдеби қаһармандар өмірі. 

Мазмұн  əлеуметтік  категорияға  жататындықтан  да,  қоғам  өзгеруіне  орай  ол  да 

өзгеріп, жаңа сипат алып отырады. Жаңа мазмұн жаңа форманың тууын талап етеді. Бірақ 

жаңа форма бір дегеннен туа қалмайтындықтан да алғашқы кездерде жаңа мазмұнның өзі 

уақытша  блса  да  ескі  форма  арқылы  көрініп  отырады.  Осы  кезде  мазмұн  мен  форма 

арасында  алшақтық  тууы  да  мүмкін.  Жаңа  мазмұнды  ескі  форма  айқын  көрсете  алмаса, 

оның маңызын жояды. Мұндай жағдайда жаңа мазмұнға жаңа форма керек. Жаңа мазмұн 

жаңа форманы туғызғанда бұрынғы бар ескі формалардың негізінде, өңделіп, жарық көріп 

отырады.  Сонымен  жаңа  форма  бұйрықпен  немесе  жеке  адамдардың  тілегі  бойынша 

жасалынбайды.  Ол  қажеттіліктен,  творчестволық  іздену  арқылы  бірте–бірте  жасалады. 

Əдебиеттің  көркем  формасы  əр  халықтың  өмірі,  тіршілігі,  мінез  өзгешеліктері,  əдет-

дəстүрлерімен тығыз байланыста болады. 

Қазіргі  кезде  жалпыға  ортақ  əдебиет  формасы  саналатын  жəйттер  бір  кезде  мазмұн 

болған.  Мысалы,  қайта  өрлеу  кезінде  пайда  болған  новелла    жаңалық,  хабар  сипатында 

көрінген. 

Мазмұн  мен  форма  жайын  сөз  еткенде  бірінші  мазмұнның  бірнеше  формасы 

болатыны  өмірде  жде  өнерде  де  солай.  Сонымен  қатар  мазмұнға  қарағанда  форманың 

өзгерімпаздығы. Бір мазмұнның өзі əр дəуірде əр түрлі формаға көшіп отырады. 

Мазмұн  мен  форма  тарихи  категория.  Əрбір  жаңа  дəуірде  көне  мазмұн  тың  пішін 

тауып,  жаңғырып,  жасарып  қана  қоймайды,  əр  дəуір  өз  шындығын,  демек,  өз  мазмұнын 

ала келеді. 

Сонымен,  əдебиеттегі  мазмұн  мен  форманың  бірлігі  дегеніміз  сөз  өнеріндегі  орасан 

маңызды  заңдардың  бірі,  өнер  туындысының  көркемдігі  үшін  ауадай  қажет  жағдай  боп 

табылады.  Көркем  шығармадағы  мазмұн  мен  форманың  бірлігі  –  оның  эстетикалық 

бағалылығы.  

Əдебиеттегі  мазмұн  мен  форманы  көркем  шығармаға  көшірсек  шығарма  мазмұны  – 

оның  ақиқат шындыққа  негізделген  тақырыбы  мен  идеясы  да  форма-əдеби  қаһарманның 

өзара  қарым-қатынасына,  тағдыр  тартысына  негізделген  сюжеті,  композиция  жəне 

жазушының  өмірді  өнерге  айналдырған  ең  негізгі  құралы  –  суретті  сөзі,  көркем 

шығарманың тілі. 

Əдебиеттегі пішін мен мазмұн  – философиядағы пішін мен  мазмұн категорияларына 

сүйене  отырып,  өз  бойына  əдеби  туындының  ішкі  жəне  сырқы  жақтары  жайлы 

түсініктерді тоғыстырған əдебиеттану ұғымы. 

Əдебиеттегі  пішін  мен  мазмұнды  саралай  қарастырғанда,  əркез  есте  ұстайтын 

жəйттер  бар: біріншіден, əңгіме ғылыми абстракциялыққа негізделетіні, яғни мазмұн мен 

пішін шындығында еш бөлшектенбейтіні. Себебі, пішін дегеніміз – мазмұнның қабылдану 

сипаты да., мазмұн дегеніміз – берілген пішіннің ішкі мəні. 

Ал,  əдеби  туындының  пішіндік  (стиль,  жанр,  композиция,  көркем  тіл,  ырғақ), 

мазмұндық (тақырып, фабула, конфликт, характерлер, жағдайлар,көркем идея, тенденция) 

немесе  мазмұндық  –  пішіндік  (сюжет)  көріністері  болып  табылатын  түрлі  бөлшектері, 

жекелеген  жақтары  пішін  мен  мазмұнның  біртұтас  күйдегі  шындығы  болып  табылады. 

Бұл – басқа мəселе.  

Екіншіден,  пішін  мен  мазмұн  ұғымдары  барынша  жинақталған  философиялық 

категория  болғандықтан,  оларды  нақты  –  дара  құбылыстарды  талдау  барысында  аса 



абайлай қолдану қажет. Бұл, əсіресе, өзінің мазмұндық – пішіндік тұтастығы өзгені мүлде 

қайталамайтын,  сол  қасиетімен  де  маңызды  саналатын  бірегей  бітімді  көркем 

туындыларға  қатысты.  Мысалы,  жалпы  философиядағы  мазмұнның  бірінші,  пішіннің 

екіншілігі жайындағы; пішіннің артта қалушылығы; пішін мен мазмұн арасындағы қарама 

–  қайшылық туралы  қағидалар  жеке  бір  туындыны,  əсіресе  сол  туындының  бөлшектерін 

зерттеу  кезінде  сақталуы  міндетті  өлшемдер  бола  алмайды.  Өнер  мен  əдебиеттегі  пішін 

мен  мазмұн  қарым  –  қатынастағы  ерекшелік  жалпы  философиялық  ұғымдарды 

əдебиеттануға көшіре салуға жол бермейді. Өйткені көркем туындының өмір сүруінің  ең 

қажетті  шартының  өзі  –  пішін  мен  мазмұнның  жарасымы  болып  табылады.  Мұндай 

жарасым болмаған жағдайда əдеби туынды қалай да өзінің көркемдігінен айырылады. 

Сонымен  қатар,  мазмұнның  «біріншілігі»,  пішіннің  «артта  қалушылығы»,  пішін  мен 

мазмұнның  «үйлеспеушілігі»  мен  «қарама  –  қайшылығы»  ұғымдарын  жеке  қаламгердің 

шығармашылығын,  əдеби  даму  кезеңдерін  жəне  тұтастай  дəуірлерін  (əсіресе,  өтпелі  де 

шұғыл өзгеріске толы дəуірлерді) қарастырғанда қолдануға болады. Мұндай кезеңдердегі 

пішіннің мазмұннан кейіндеп қалуын бір қаламгер шығармашылығын жеке алып қарамай, 

əдеби  даму үрдісі аясында қарастырғанда ғана аңдай аламыз. 

Əдебиеттегі пішін мен мазмұн ұғымдары арасына шек қою тек XVIII ғасыр мен XIX 

ғасырдың басында ғана, ең əуелі немістің классикалық эстетикасында жүзеге асты. Гегель 

мазмұн  категориясын  енгізіп  қана  қоймай,  оған  айқын  сипаттама  да  береді.  Бұл  жағдай 

əдебиеттің  табиғатын  түсіндіруде  орасан  мəнді  қадам  болды,  сонымен  бірге  бұл  тұста 

пішін мен мазмұнды бір – бірінен алшақтату қаупі де ьолды. XIX ғасыр əдебиеттануында 

мазмұн  мəселелеріне  баса  назар  аударылса,  XX  ғасырда  керісінше,  мазмұнды  жеке  алып 

зерттеуде кеңінен таралғанымен, əдебиетке пішіндік тұрғыдан үңілу басымырақ болды. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал