Жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы



жүктеу 368 Kb.

бет1/10
Дата01.03.2017
өлшемі368 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3825

КӨШБАСШЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ
2020
СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
ЖОСПАРЫ:
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» сериясы
АСТАНА-2010
Қазақстан Республикасы 
Байланыс және ақпарат министрлігі  
Ақпарат және мұрағат комитеті

1. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ — 
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
1.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА БИІКТЕРГЕ ӨРЛЕУІ 
Юрий Солозобов, саясаттанушы, Ұлттық стратегиялар институтының Халықаралық бағдарламалар директоры (РФ) 
1.2 «ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАҢДАУЫ 
Сергей Бирюков, саясаттанушы, Саяси ғылымдар академиясының академигі
1.3 Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БЕСЖЫЛДЫҚТАРЫ — НАҚТЫ ІСТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ 
Ярослав Бутаков, саясаттанушы
1.4 ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯСЫ-2020: РЕСЕЙ ҮШІН ӨНЕГЕ
Михаил Делягин, экономика ғылымдарының докторы, Жаһандану мәселелері институтының директоры 
1.5 «НАЗАРБАЕВ БАҒЫТЫНЫҢ» САБАҚТАСТЫҒЫ — ЖОЛДАУДЫҢ АЙРЫҚША АРТЫҚШЫЛЫҒЫ 
Виктор Ивантер, Ресей Ғылым Академиясы (РҒА) Халық шаруашылығын болжау институтының директоры,  
РҒА академигі, РҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің мүшесі (Экономика секциясы),  
РҒА Ғылыми даму мәселелері институты кеңесінің мүшесі 
1.6 ТАБЫСТЫ ЕЛДІҢ НАҚТЫ САНДАРЫ 
Сергей Евстратьев, экономика ғылымдарының докторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі 
2. МОДЕРНИЗАЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ  
ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОДЕРНИЗАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ 
Владислав Иноземцев, Индустрияландырудан кейінгі қоғамды зерттеу орталығының директоры,  
«Свободная мысль» журналының бас редакторы 
2.2 МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫРУ ӨНЕРІ 
Владимир Никитаев, ЮНИДО-ның (БҰҰ) Ресей Федерациясындағы Халықаралық өнеркәсіп ынтымақтастығы 
орталығының кеңесшісі, ЮНИДО — ЕурАзЭҚ жобасының үйлестірушісі
2.3 КӨШБАСШЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ — АСҚАҚ БОЛҒАНЫМЕН ШЫНАЙЫ 
Игорь Николаев, экономика ғылымдарының докторы,  
ФБК компаниясы Стратегиялық сараптама департаментінің директоры 
2.4 ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ — «ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ»
Михаил Ремизов, Ұлттық стратегиялар институтының президенті 
2.5 ҚР МЕН РФ ЖАҢҒЫРТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ЕСЕП 1:0, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАСЫНА
Дмитрий Андреев, саясаттанушы, «Политический класс» журналы бас редакторының орынбасары,  
ресейлік «Новости» ақпарат агенттігінің сараптама кеңесінің мүшесі 
2.6 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖАҢҒЫРУ РУХЫНДАҒЫ ЖОЛДАУ 
Валерий Хомяков, Ұлттық стратегиялар жөніндегі кеңестің президенті
3. АДАМ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ
3.1 АДАМ КАПИТАЛЫНА ҰМТЫЛУ
Дмитрий Верхотуров, саясаттанушы
3.2 НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАҢҒЫРУ ҮЛГІСІ: ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ АЛҒА БАСУ
Павел Святенков, саясаттанушы, «Даму институты» қоры басқармасының мүшесі,  
Саяси жаңалықтар агенттігі сараптамалық департаменттің директоры
3.3 РЕСЕЙДІҢ САНАЛЫ КӨПШІЛІГІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫ БАҒАЛАЙДЫ
Анатолий Барковский, РҒА Экономика институты Сыртқы экономикалық зерттеулер орталығының жетекшісі,  
экономика ғылымдарының докторы,  
РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының профессоры
МАЗМҰНЫ 
7
8
18
24
32
38
42
49
50
56
62
68
74
78
85
86
92
98

4. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ӨРЛЕУІ
4.1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕН АЛДА КЕЛЕДІ
Михаил Крутихин, RusEnergy компаниясының серіктесі әрі сарапшысы
4.2 ҚАЗАҚСТАН АӨК-нің ДАМУЫ — ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МІНДЕТ
Андрей Спартак, Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу конъюнктуралық институтының директоры,  
экономика ғылымдарының докторы, профессор
4.3 БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР — БҰЛ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН «БАҚЫТТЫ БИЛЕТ» 
Раиф Василов, Ю.А. Овчинников атындағы Ресей биотехнологтар қоғамының президенті,  
биология ғылымдарының докторы
4.4 БАЛАМА ЭНЕРГЕТИКА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕРПІНДІ ЖОБАСЫ
Михаил Кащеев, техника ғылымдарының докторы, РФ ФЭИ МҒО бас ғылыми қызметкері 
4.5 ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ӨРІСІНІҢ КЕҢДІГІМЕН ҚУАНТАДЫ
Александр Райков, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясының профессоры,  
«Новые стратегии» сараптамалық агенттігінің президенті, техника ғылымдарының докторы,  
РФ Үкіметінің ғылым мен техника саласындағы сыйлығының лауреаты 
5. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ —  
ТМД ҮШІН ӨНЕГЕ
5.1 ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕ БАҒЫТ БЕРЕДІ 
Михаил Виноградов, «Петербургская политика» қорының президенті (Ресей)
5.2 ҚАЗАҚСТАН ТМД ҮШІН БАЛАМАЛЫ ЖОЛДЫ КӨРСЕТЕ АЛДЫ 
Борис Межуев, «Русский журнал» басылымының шеф-редакторы
5.3 ҚАЗАҚСТАН РАНГТАР ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ТАБЕЛЬДЕ АНАҒҰРЛЫМ ЖОҒАРЫ САТЫҒА ОРНЫҒАДЫ 
Геннадий Чуфрин, РҒА-ның корреспондент-мүшесі: РҒА қоғамдық ғылымдар бөлімі,  
Халықаралық қатынастар секциясы
5.4 МОДЕРНИЗАЦИЯ ІСІНДЕ «ҮЛКЕН» ЖӘНЕ «КІШІ» БАУЫРЛАР БОЛМАЙДЫ
Александр Хинштейн, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты 
5.5 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАҚТАНАТЫН ЖӨНІ БАР
Кирилл Привалов, журналист, жазушы, «Золотое перо России — 2009» жүлдесінің,  
Француз Республикасының «Өнер және шығармашылығы үшін» орденінің және «Еңбегі үшін» орденінің иегері
5.6 НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «АЛТЫН ПРОПОРЦИЯСЫ» 
Александр Дугин, Халықаралық еуразиялық қозғалыстың көшбасшысы
6. ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ — ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ӨРЛЕУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА 
МҮМКІНДІКТЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА 
ЖОЛДАУЫ
105
106
110
114
118
122
129
130
134
138
142
146
150
157
158

1. НҰРСҰЛТАН 
НАЗАРБАЕВТЫҢ 
ЖОЛДАУЫ — 
ҚАЗАҚСТАН 
ҮШІН ЖАҢА 
МҮМКІНДІКТЕР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА 
БИІКТЕРГЕ ӨРЛЕУІ
1.1
Юрий Солозобов, 
саясаттанушы, 
Ұлттық стратегиялар институтының Халықаралық бағдарламалар директоры (РФ)

П
резидент  Н.Ә.  Назарбаевтың  жаңа  Жолдауы  —  саяси  және  экономикалық 
ойлардың  ұйытқысы.  Бұл  —  Қазақстан  Республикасын  жаңа  индустрия-
ландырудың  әбден  нақтыланған  және  дәлелдерге  барынша  қанық 
бағдарламасы.  Ұлт  көшбасшысының  әрбір  сөзі  —  бүкіл  қазақстандық  қоғам 
үшін, атап айтқанда, билік органдары, өнеркәсіп, бизнес және ең бастысы, Қазақстанның 
көпэтносты  халқы  үшін  мұқият  ойластырылған,  сәйкестендірілген  жоспар.  Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың алға тартқан ауқымды міндеттерін жүйелі жүзеге асыру — елдің 
әлемдік қауымдастыққа барынша терең енуіне мүмкіндік береді. 2020 жылдың өзінде-
ақ  ҚР  жоғарғы  технологиялы  мемлекет  болып,  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  елінің 
қатарына енеді. Нәтижесінде жас республика ХХІ ғасырдағы дағдарыстан кейінгі жаңа 
экономиканың  өнеркәсіптік  локомотивтерінің  біріне  айналады.  Бүгінде  қазақстандық 
барыстың инновациялық серпілісі туралы батыл айтуға болады.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ЖАҢА БАҒЫТЫ»
Тарихи  мәні  жағынан  ҚР  Президентінің  халыққа  Жолдауын  бұрынғы  АҚШ 
президенттерінің  бірі  Рузвельттің  дәуірлік  мәні  бар  «Жаңа  бағытымен»  салыстыруға  
9

болады. Естеріңізге сала кетейін, АҚШ-тың атақты 32-інші президенті — Франклин Де-
лано Рузвельттің «Жаңа бағыты» 1933 жылы Американың «Ұлы дағдарыстан» шығуы үшін 
іске асырыла бастаған. Бұл стратегиялық бағдарлама 1930 жылдардағы ауыр дағдарыс 
уақытында  жағдайды  жылдам  тұрақтандыруға  көмектесіп  қана  қоймады,  сондай-ақ, 
Американы кейіннен ірі алпауыт елге айналдыратындай бірнеше ондаған жылға ілгері 
даму жолын айқындап кетті. Ең бастысы, «Жаңа бағыт» АҚШ-та ауқымды орта топты — 
заманауи демократия және нарықтық экономика тірегін құрды.
Бұлай салыстыруымыз орынды да, өйткені, көптеген экономистер әлемдік дағдарыс 
әлі  де  бітпеген  деп  санайды  —  оның  әлдеқайда  ұзақ  және  «Ұлы  дағдарыспен» 
салыстырғанда  ауқымы  жағынан  анағұрлым  күштірек  екінші  айналымының  болуы 
мүмкін. Демек, оның алдын алатын шаралар да күшті, ұтымды және сайма-сай болуы 
тиіс. Бүгінде Ресей мен Қазақстан, өзге де бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдер 
сияқты күрделі кезеңге тап болды — әлемдік дағдарыс үйреншікті «нөлдік» экспорттық-
шикізаттық жүйені теңселтіп жіберді. Экономикалық дамудың жаңа жолын қарастыратын 
сәт туды — еліміз дағдарыстан шығу жолында алдына қоятын мақсатты анықтауы тиіс.
Нұрсұлтан  Әбішұлы  қаңтардағы  Жолдауында  Қазақстан  үшін  осындай  «үлкен 
жобаның» нобайын нақты көрсетіп берді, яғни, бұл — елдің жаңаша индустрияландырыл-
уы.  Индустрияландырудың  стратегиялық  бағытының  бірқатар  даусыз  басымдықтары 
бар: көптен күткен технологиялық серпілісті іске асыру мүмкіндігін береді, жаңа жұмыс 
орындарын  құрады,  экономиканың  шикізат  саласына  тәуелділігін  жояды.  Қазіргі 
дағдарыс жағдайы тек қолайсыздықтар тудырып қана қоймайды, оны ұлттық экономи-
каны, бүкіл елді түбегейлі жаңарту факторы ретінде пайдалануға да болады.
Менің ойымша, Қазақстан Республикасы көптеген жылдар бойы әлемге экономиканы 
жүйелі құрудың тиімді үлгісін көрсетіп келеді. Н.Ә. Назарбаев «1997 жылы «Қазақстан — 
2030» Стратегиясын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен 
басымдықтарын  қалыптастырдық,  кейін  олар  2010  жылға  дейінгі  Стратегиялық  жос- 
парда  қисынды  түрде  дамытылды»,  —  деп  мәлімдеді  өзінің  Жолдауында.  Ресейдің 
жетекші экономистері біздің барлығымызға Қазақстанның осыған дейінгі қадамдарын 
мұқият зерделеп, Ресей ҚР Президентінің қаңтар айындағы Жолдауынан нақты сабақ 
алуы  керектігін  айтады. 
Бүгінде  Қазақстан  экономикасы  дағдарыс  салдарларын 
сәтті  жеңіп  қана  қойған  жоқ,  сондай-ақ,  инновациялық-индустриялық  даму 
даңғылына мақсатты түрде батыл қадам басып үлгерді. Осы бір стратегиялық 
жоспарлау іскерлігін Астанадан үйренуге болады.
 Президенттік Жолдауда «жаңа бағыттың» назарбаевтық нұсқасы нақты математи-
калық  сипатқа  ие  болды.  Мұндағы  басты  бағдар  Қазақстанның  бес  негізгі  бөлімнен 
тұратын 2020 жылға дейінгі даму жоспары болды. Алдағы онжылдықта қазақстандықтарға 
мыналарды  атқару  керек:  экономиканы  дағдарыстан  кейінгі  дамуға  әзірлеу,  сондай-
ақ, жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың 
тұрақты өсуіне қол жеткізу. Экономикалық проблемалармен бірге бірқатар әлеуметтік 
мәселелер  де  шешімін  табады:  мемлекет  адам  капиталының  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттыру  үшін  болашаққа  белсенді  инвестиция  салады.  Ел  азаматтары  сапалы 
әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Сонымен 
10

қатар, жалпыхалықтық жоспарларды қорғау және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 
Қазақстан  этносаралық  келісімді  нығайтуға,  ұлттық  қауіпсіздікті  арттыруға,  достыққа 
негізделген халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға барын салатын болады.
Көріп отырғанымыздай, 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясы — тәуелсіз және қазіргі 
заманға лайық мемлекет ретінде Қазақстанның индустриялық құрылысының кешенді 
дамуына бағытталған біртұтас және теңдестірілген шаралар жүйесі.
Индустрияландыру  саясатына  өту  жоғарғы  биліктегі  ортаның  ерік-жігер  көрсете 
білуімен тығыз байланысты. Ең бастысы, бұл ұлт Көшбасшысының бұрыннан дәстүрлі 
саналған  ойын  ережелерін  өзгертіп,  тарихи  шешімді  қабылдауына  дайындығымен 
анықталады. Мұндай саяси еріктің айқын көрінісі деп бұрынғы КСРО кеңістігінде жиі кез-
десе бермейтін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар 
айындағы Жолдауын айта аламыз.
«Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 
деп  аталатын  бұл  құжатты  бүкіл  қоғам  игілігі  үшін  жүзеге  асырылатын  индустриалды 
серпілістің жан-жақты ойластырылған стратегиясы деп атай аламыз.
ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІНІҢ ОЗЫҚ  
МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ — ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ТІРЕГІ
Отын-энергетика  кешенін  (ОЭК)  біздің  елімізде  «экономикалық  құрылымның 
локомотиві» деп бекер айтпайды. Шын мәнінде, ОЭК — Ресей мен Қазақстанның ұлттық 
экономикасының басты өзегі. Валюталық түсімнің ең көп үлесін және бюджеттік табыстың 
елеулі  бөлігін  құрайтын  ОЭК  инфрақұрылымы  бұдан  өзге  екі  маңызды  стратегиялық 
қызметті жүзеге асырады: өңірлердің нығаюын және халық шаруашылығындағы барлық 
салалардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. ОЭК-тің заманауи экономикадағы ба-
сты ролінің бір мәні — отын-энергетика кешенінің өзіндегі мәселелерді бірінші кезекте 
шешпей, экономика модернизациясының жетістікке жетуі мүмкін емес.
Бұл жерде ҚР Президентінің халыққа Жолдауында аталып көрсетілген Қазақстанның 
экономикалық  қуатын  энергетика  саласын  озық  үлгіде  терең  модернизациялау 
негізінде  қайта  жаңғырту  идеясы  көңілге  қонымды  көрінеді.  Сондай-ақ,  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  әу  бастан  ел  аумағында  шикізатты  анағұрлым  жоғары  өңдеуге  ба-
сты  назар  аударып  отырғаны  да  маңызды.  Қазақстандық  Көшбасшы  өз  Жолдауында 
мұнай және газ химиясы жеделдете даму базасында ұлттық экономиканың ішкі даму-
ын,  электр-энергетикалық  жүйесін  қайта  жөндеу,  энергия  тапшылығы  бар  өңірлерде 
атом электр стансаларының құрылысы, қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын қайта 
жөндеп,  жаңа  зауыттар  салу,  табиғи  газды  сұйықтандырудың  және  энергия  үнемдеу 
практикаларының  заманауи  технологияларын  енгізуді  модернизацияның  тағы  да  бір 
басымдығы деп атап көрсетеді.
Қарапайым  ғана  мысал  келтірейін  —  газ-химия  өнімдерінің  (метанол,  полипропи-
лен және тағы басқалары) үстеме бағасы ұңғымалардан алынған табиғи газдың үстеме 
бағасынан 1-2 есе жоғары. Ал логистика бойынша, сұйықтандырылған табиғи газдың 
тасымалына қарағанда тұтынушы үшін метанолдың тасымалы анағұрлым пайдалы.
11

Сонымен  қатар,  көптеген  қазақстандық  мұнай-газ  кен  орындарының  басты 
ерекшелігі  —  жергілікті  газдың  құрамында  этан  мөлшері  жоғары  болады  (мәселен, 
Қашаған кен орнында этан 10-нан 16 пайызға дейін). Этан — мұнай-газ үшін маңызды 
шикізат, Қазақстанда оны толық пайдалану үшін «алдағы бес жылда қуатты газ химия-
сы кешені, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттар пайдалануға берілетін 
болады» делінген Жолдауда. Демек, бірегей табиғи ресурстары бар Қазақстан Респуб-
ликасы үшін ОЭК-ке индустриалдық өту аса маңызды болып табылады.
Жолдаудан  байқайтынымыз,  қазақстандық  ОЭК-ті  модернизациялау  жаңа  құбыр 
желілерінің  құрылысы  және/немесе  кен  орындарын  қарқынды  пайдалануға  ғана 
жеткізілмейді.  Ресей  сарапшыларының  пікірінше,  Жолдауда  көрсетілген  капиталдық 
шығын мен коммерциялық әсерлер жағынан жедел «жаңа индустрияландырудың» стра-
тегиясы оңтайлы. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «өнеркәсіптік-технологиялық» экспан-
сия шикізат экспорты көлемін өсіруге әкеп соғатын стандартты «сауда-желілік» жүйеге 
қарағанда жақын күндері-ақ айтарлықтай табысқа жеткізетіні анық.
Ұзақ  мерзімді  әлеуметтік-экономикалық  әсері  жағынан  алып  қарасақ,  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  жаңа  индустрияландыру  стратегиясын  іске  асыру  нәтижесі  айырықша 
маңызды болмақ. Энергоресурстарды жоғары қайта өңдеу циклін құру арқылы Қазақстан 
халқын  еңбекпен  қамтамасыз  етуге  болады.  Энергетикалық  индустрияландыруға 
өту  ОЭК-пен  тығыз  байланысты  аралас  салалардың  дамуына  да  ықпал  етеді.  Бұл 
озық  технологияларды  енгізуді  (оның  ішінде  екі  мақсаттағы  технологиялар)  және 
ғылыми көзқарастың дамуын ынталандырады, ал соңында елдің энергетикалық және 
технологиялық  қауіпсіздігін  нығайтады.  Нәтижесінде,  ОЭК-тің  озық  модернизациясы 
индустрияландырудың тірегі және Қазақстанның технологиялық қайта жарақтануының 
басты өзегіне айналады.
НАҚТЫ ЭКОНОМИКА —  
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫҚ БИІГІ
Жедел  индустрияландыру  бағыты  Қазақстанның  өзге  де  стратегиялық  шешімдері 
сияқты,  аяқ  астынан  пайда  болған  жоқ,  бұл  —  Елбасының  көпжылдық  ой-толғанысы 
мен  жұмысының  жемісі.  Республикада  көптен  бері  «Қазақстан  —  2015»  индуст-
риалды  бағдарламасы  сәтті  жүзеге  асырылып  жатыр.  Сондай-ақ,  түрлі  жобаларды, 
атап  айтқанда,  инфрақұрылымды  қамтитын  мемлекеттік-жеке  меншік  серіктестіктің 
«Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы бар. Бұл — елдің «жаңа 
экономикасын»  құратын  заманауи  автокөлік  және  темір  жолдары,  порттар,  жаңа 
өндірістер.  Қазірдің  өзінде,  күрделі  кезеңде  Қазақстан  әлемдік  дағдарыстан  шын 
мәнінде  жаңарған  қазіргі  заманға  сай  мемлекет  ретінде  шығу  үшін  стратегиялық 
бағдарламаларын табандылықпен орындап жатыр.
Менің  білуімше,  Қазақстанның  индустриалды  қайта  құрылу  бағытын  Нұрсұлтан 
Назарбаев  жас  республиканың  тәуелсіздік  алған  сәтінен  бастап  ойға  түйіп,  негізін 
қалап  қойған.  Қазақстанды  заманауи  индустриалды  мемлекетке  айналдыру  ойы 
12

қазақстандық көшбасшының ел басында отырған жылдарының бәрінде маза бермеді. 
2007  жылғы  қарашада  Н.А.  Назарбаев  маған  берген  сұхбатында:  «Егер  де  өзіміздің 
машина  құрылысымыз  болмаса,  қуатты  өңдеуші  өнеркәсібіміз  болмайды,  бір  жақты 
шикізатқа  бейімделе  беру  экономикамызға  үлкен  қауіп  төндіреді»,  —  деп  еді.  Демек, 
жаңа индустрияландыру даңғаза, үгіт-насихат кампаниясы емес, ҚР Президентінің са-
налы стратегиялық таңдауы.
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тағы  бір  барынша  кең  тараған  сөзін  келтіріп  өтейін:  «Біз 
өзімізде  мұнай  жоқ  сияқты  өмір  сүріп,  жұмыс  істеуіміз  керек».  Қазақстан  Президенті 
тоқсаныншы жылдардың соңындағы бірінші «азиялық дағдарыстан» кейін-ақ осындай 
бірегей  шешім  қабылдаған  болатын.  Осы  бір  саналы  идея  «Қазақстан-2030»  ұлттық 
стратегиясының  негізіне  қаланды.  Сондықтан  да  он  жылдан  астам  уақыт  өтсе  де, 
қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында, Қазақстан құрылымдық қайта құруға және мұнай 
бағасының  түбегейлі  төмендеуіне  дайын  болды.  Бүгінде  республиканың  болашаққа 
жаңа индустриалды серпіліс жасауға мүмкіндіктері де, күші де жеткілікті.
2009 жылғы мамырдың ортасында «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде сөз сөйлеген 
партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «жаңа бағытының» басты параметрлерін 
мәлімдеді  —  2010  жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасы  «жедел  индустриалды-
инновациялық даму бес жылдығын» бастайды. Ойға алған міндет іске асырылған жағдайда, 
Қазақстан  елдегі  ІЖӨ-нің  жартысына  тең  (шамамен  50  млрд  доллар)  экономикалық 
нәтижеге  қол  жеткізеді  деп  санайды  Елбасы.  Жаңа  индустриалдық  жобаларды  іске 
асырудың басым салалары сол кездің өзінде таңдап алынған — агроөнеркәсіптік кешен, 
құрылыс индустриясы, мұнай өңдеу, металлургия, химия өнеркәсібі және фармацевтика, 
энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту. Бұның бәрі — ұлттық 
экономикадағы Қазақстанның сенімді индустриалды биігін түзетін базалық элементтер.
Н.Ә.  Назарбаев  елдің  қамқор  қожайыны  ретінде  Қазақстанда  жедел  индуст-
рияландырудың  тарихи  қажеттілігіне  нық  сенімді.  2009  жылғы  3  шілдеде  қазақстан-
дық  «индустриалдық  бес  жылдықтың»  тұңғышы  —  Астанадағы  локомотив  құрастыру 
зауытының ашылу салтанатында ҚР Президенті: «Әлемдік дағдарыс жағдайында бізде 
индустрияландырудың баламасының жоқтығына көз жеткіздік. Біз мұнай, газ, металл 
және қазба байлықтарға үміт артып отыра алмаймыз. Біз бұған дейін болмаған индуст-
рияны құруға міндеттіміз», — деп мәлімдеді. Бұл бастамасы ғана еді, 
Қазақстан бүгін-
де ТМД елдерінің ішінде экономикалық дамудың «өңірлік локомотивіне» айна-
лып, дағдарыстан кейінгі әлемдік экономиканың табысты «ойыншысы» болуға 
дайын.
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА ЭКОНОМИКА 
ЖӘНЕ ФИНЛЯНДИЯ ТӘЖІРИБЕСІ
Өз Жолдауында қазақстандық көшбасшы Қазақстанда «болашақтың экономикасы» 
секторларын құру міндетін айқын көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, 
«оның негізін тиімді және нәтижелі жұмыс істейтін ұлттық инновациялық жүйе қалауы 
13

тиіс». Көптеген танымал ресейлік және еуропалық экономистер Қазақстан Республика-
сында «инновация велосипедін» ойлап табудың қажеті жоқтығын айтады.
Астанада экономиканың дамуы үшін тексерілген озық модернизация өткізсе жетіп 
жатыр дейді. Яғни, әлемдік деңгейде жылдам құрастыру цехіне айналған көрші Қытай 
мен  «азиялық  жолбарыстардың»  жетістіктерінің  сыналған  рецептерін  көшіріп  алса, 
жетіп жатыр.
Алайда саяси көрегенділік қасиетіне ие Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлдеқайда 
алысқа көз жібереді. Әлемге жаңа шикізат тауарларын ұсыну немесе осы күнгі танымал 
үлгілердің жеткізілімін жедел көтеру — анық тұйыққа тірейтін жол. Тек жаңа өнеркәсіптік 
экспорт  қана  көмектесе  алады,  алайда,  мұнда  да  барлық  пайдалы  қуыстар  жаңа  ин-
дустрия алыптары — азия-тынық мұхиты аймағы елдерімен толтырылған. Алдағы он-
он  бес  жыл  ішінде  қарқынды  даму  үшін  Қазақстан  көрші  Қытай  елінен  емес,  иннова-
циялы  Финляндиядан  үлгі  алуы  керек.  Сол  үшін  де  Нұрсұлтан  Назарбаев  мұнай  дол-
ларларын беделді мегажобаларға немесе қарапайым құрастыру өндірісіне жұмсамай, 
ұлттық білім беруге салу керек деп санайды. Сонда ғана қазақстандық инженерлер мен 
менеджерлердің жаңа буыны әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті бірегей өнімді шығара 
алады.
Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адам капиталының бәсекеге қабiлеттiлiгiн 
арттыру үшiн болашаққа белсендi инвестициялау» тезисі — қаңтар айындағы халыққа 
Жолдауының ең маңызды тұсы. Егер де болашағы зор экономикалық дамуды айтсақ, 
онда  бір  мезгілде  білім  мен  ғылымға  шығындарды  өсіре  отырып,  «жаңа  экономика» 
инфрақұрылымын, даму институттарын құру арқылы сауатты түрде жүзеге асыру қажет.
Бізге белгілі, 1970 жылдары дәстүрлі жоғары мемлекеттік шығындары бар Скандина-
вия елдері осындай жолды таңдап алған болатын. Нәтижесі он бес жылдан кейін көрінді — 
жалғыз ғана Nokia концернінің жетістігінің өзі неге тұрарлық! Қарапайым ғана Финлян-
дия фанера мен қағаз жабдықтаушысынан ұялы телефондарды шығарушыға айналып 
шыға келді. 1990 жылдары фин экспортында телекоммуникациялық жабдықтардың үлесі 
22 пайызға жетіп, үш есе өсті. «Мемлекет қатаң басымдықтарды айқындамады, бірақ 
мамандарды  дайындауға  көмектесті,  олар  нарықтағы  соңғы  жағдайға  тез  бейімделіп 
кетті», — дейді «Тройка Диалог» компаниясының бас экономисі және басқарушы дирек-
торы Евгений Гавриленков.
«Болашақтың экономикасы» секторындағы Скандинавия елдерінің жетістігі тағы да 
бірнеше факторлардың болуымен де белгілі. Бірінші, модернизацияның стратегиялық 
басымдықтары  дұрыс  анықталды,  мемлекет  саясаты  және  оны  жүзеге  асыру  уақыты 
сауатты таңдап алынды. Бұл осы елдердің экономикасының бұрынғыдан да ашық бол-
уы  және  «ноу-хау»  мен  жоғары  технологияларды  әзірлеуге  қолдау  көрсететін  күшті 
мемлекеттік инфрақұрылымды құруға ықпал етті. Екіншіден, Tekes мемлекеттік компа-
ниясы тарапынан бірінші ғылыми жаңалықтар қаржыландырылмаса, Nokia осыншалық 
танымал бола алмас еді. Концерн ғылым мен болашағы зор жұмыстарға енді ғана өз 
табысының  он  пайызын  жұмсай  бастады.  Алайда,  бастапқы  кезде  жеке  бизнес  пен 
мемлекет  арасында  тиімді  серіктестік  болмай,  бұрынғы  ағаштілгіш  бүгінгі  танымал 
14

Nokia  концерніне  ешқашан  да  айналмас  еді.  Міне,  сондықтан  да  Президент  Жолда-
уында  жеке  меншік-мемлекеттік  серіктестікке  осыншалықты  көп  назар  аударылады. 
Бұл инновациялық жетістікке апарар сынақтан өткен әлемдік тәжірибе.
  «Болашақтың  экономикасының»  жетістігі  үшін  тағы  да  бір  маңызды  фактор  бар. 
Көбінесе біз елді модернизациялауды инновацияға күштеп көндіру деп түсінеміз. Алай-
да,  Nokia  жұмысының  философиясы  құлдық  бойсұнушылық  пен  сәтсіздік  алдындағы 
үрейді жоюға негізделген. Nokia бизнес-ғажабының негізінде, жекелеген құрылымдар 
үшін  еркін  іс-әрекеттер  мен  бірыңғай  корпоративті  стандарттар  аясындағы  қатал 
қаржылай тәртіптің байланысуын қарастыратын дәстүрлі емес үлгі жатыр. Компания-
да қатып қалған иерархия жоқ, өйткені, сәт сайын жаңарып жатқан әлемде бизнестің 
түрлі  салаларында  жұмыс  тәжірибелерін  алу  үшін  адамдарды  бір  жерден  екінші  жер-
ге  үнемі  ауыстырып  отыру  қажет.  Жаңа  мамандарды  ұдайы  алып  отыру  фирманың 
ішіндегі бәсекелестікті тудырады және карьералық өсуге ықпал етеді. «Тегіс», бірыңғай 
желіге байланыстырылған ұйымдастыру жүйесі Nokia-ның жылдам да оралымды шешім 
қабылдауына мүмкіндік береді. Осы бір басқару тәжірибесі Қазақстанның жаңа эконо-
микасы үшін аса пайдалы болмақ. Тек соның есебімен ғана модернизацияға бет бұрған 
мемлекет дағдарыстан кейінгі экономикаға дағдылана алады.
Қазақстанның  Nokia  жарқын  жолы  мен  Google  жетістігін  қайталай  алатынына 
еш  күмән  жоқ.  Бұл  ұялы  телефондардың  қазақстандық  көшірмелерін  немесе  іздеу 
жүйелерін  шығару  қажет  дегенді  білдірмейді.  Қазақстанда  білікті  маркетологтар,  ма-
мандар және ғалымдар сенімді мемлекеттік инфрақұрылымды пайдаланып, жеке капи-
талмен серіктестік қарым-қатынас орната алатын инновациялық орта құру қажет. Жам-
был немесе айталық, Маңғыстау облысынан шыққан қараторы жігіттердің қайсысының 
жаңа  Билл  Гейтс  боларын  кім  білсін.  Ондайды  ешкім  болжай  алмас.  Ең  бастысы,  ҚР 
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, өз елінің қамқор әкесіндей, Қазақстанның иннова-
циялы экономикасы үшін қажетті институттар мен жағдайдың бәрін құруда. Сондықтан 
да қазақстандықтар міндетті түрде жетістікке қол жеткізеді!
ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МІНДЕТ
Н.Ә.  Назарбаевтың  жаңа  президенттік  Жолдауында  қазақстандық  жетістіктің  екі 
басты  ұғымы  байланыстырылған  —  әлеуметтік  бағыт  және  ұлттық  модернизациялық 
жобаның ауқымды тірегі. Бұл жерде әңгіме, негізінен, елде әлі де дамымаған өндірістік 
күштердің  ең  заманауи  құрылымдарын  құру  туралы  болып  отыр.  Бір  мезгілде  ҚР-
да  еңбекті  бөлісудің  барынша  әділ  жүйесі  құрылады.  Ол  барынша  лайықты  жағдайда 
еңбекке  жарамды  қазақстандық  қоғамның  негізгі  бөлігін  қамтып  алады.  Президент 
Жолдауының басты ұстанымы — ішкі нарық тірек болатын ойластырылған өнеркәсіптік 
саясат. Бұл экономикалық өсімді өмір сапасы мен деңгейінің өсуімен байланыстырады. 
Қарапайым сөзбен айтқанда, Қазақстанның индустриалдық экономикасы — өнімділігі 
жоғары жұмыс орындары мен саны жағынан барынша көп халық үшін өмірдің жаңа сапа-
сы. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриалдық қайта құрылуын 
«бүкіл елдің жалпыхалықтық міндеті» деп бекер айтпаған болар.
15

16

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Жолдауы  Ресей  қоғамында  да  үлкен  резонанс  тудыр-
ды.  Өйткені,  бүгінде  Ресейде  жедел  модернизациялық  дамуға  жаңа  бағыттың  басты 
параметрлері туралы қызу пікірталас жүріп жатыр. Сондықтан да Ресей экономикасын-
дағы индустрияландыру және диверсификация мәселесі басты назарға қойылады. Міне, 
осы  тұста  модернизациядағы  қазақстандық  жүйелі  тәжірибе  ресейліктер  үшін  өзекті 
болмақ. Мен сеніммен айта аламын, ҚР Президентінің жаңа Жолдауы — тұтастай алғанда 
бүкіл  қоғамның,  жекелеп  алғанда,  қарапайым  адамның  мүддесі  үшін  «жоғарыдан» 
іске  асырылатын  модернизацияның  жүйелік  бағдарламасының  эталоны.  Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың әлем тарихында ХХ-ХХІ ғасырдың ең ұлы реформаторларының 
бірі ретінде лайықты орын алатынына сенімдімін.
17


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал