Жоспар: Мың көлеміндегі сандарды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімділігі Кіріспе



жүктеу 448 Kb.
бет6/17
Дата09.11.2022
өлшемі448 Kb.
#23616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Денг саралап окыту
Мың көлеміндегі сандарды оқу

Жүздік

Ондық

Бірлік

Оқылуы

1

2

3

Жүз жиырма үш

2

5

8

Екі жүз елу сегіз

1

7

8

Жүз жетпіс сезіз

7

5

3

Жеті жүз елу үш

6

7

8

Алты жүз жетпіс сегіз

9

9

9

Тоғыз жүз тоқсан тоғыз

4

3

5

Төрт жүз елу үш

1000 көлеміндегі сандарды оқып үйрену санаудың бірлігі ретінде алынатын «мың» ұғымын қалыптастырудан басталады. Ол үшін нәрселерді бір-бірден, он – оннан, жүз-жүзден санайды. Практикада көбінесе шыбықтарды және буылған шыбықтарды пайдаланады, сондай – ақ, оқушылар он – оннан 10 рет санап алып, оларды бір жүздікпен алмастырады. Мұғалімнің басқаруымен балалар разрядтық бірлітктердің арасындағы қатынастарды тағайындап , оларды жазады: 10 бірлік = 1 ондық, 10 ондық = 1 жүздік, 10 жүздік = 1 мыңды құрайды.
Әрі қарай жүздіктермен санайды. Демек ондықтар немесе жай бірліктерді қалай санаған болсақ, жүздіктерді де солай санайды. Сонан соң жаңа разрядтық сандар – дөңгелек жүздіктер атаулары енгізіледі.
Бірінші жүздік көлемінен тыс сандардың натурал қатары жөніде теріс түсінік қалыптасуы (100 санынан кейін санағанда бірден 200 саны одан кейін 300 саны келеді екен деген) үшін нәрселерді санауға бір-бірден қосып санауға жаттығулар беріп отырған жөн. Кейінгі жағдайда сандардың натурал тізбегін көрсетіп беру үшін «мың лентасы» деп аталатын көрнекі құрал пайдаланылады. Енді 3-4 см және ұзындығы 10 м болатын лента тығыз қағаздан жасалып, түрлі түспен оның бетіне метірлер (жүздіктер), дициметірлер (ондықтар), және сантиметірлер (бірліктер) белгіленеді. Сондай-ақ, рулетканы да пайдалануға болады. Оқушылар лентаның ұзындығы 10 метр екенін анықтағаннан кейін, оның неше сантиметр болатынын білуді ұсынуға болады. Балалар 1 метірде 100 сантиметр болатынын білгендіктен осы санға сантиметірлерді қосып санай бастайды. Алдымен 1 см (101 см, 102см ....) солдан соң 10 сантиметірден (1010 см 120 см), 100ден асқанда бір бірден қосып санаған орынды болады. (198 см, 199см, 200см, 201см,). Келесі кезеңде оқушылар сандардың жүздіктерден, ондықтардан және бірліктерден жасалатынымен танысады да, көрнекі құралдарды пайдаланып, разряттық сандардан құралатын сандарды кескіндейді (мыс: 2 жүздік, 2 ондық, 5 бірлік, 2 жүздік,3 ондық т.с.с.) және осындай сандарды атай білуге үйренеді.
Кері жаттығулар да ұсынылады: аталған сандардан неше жүздік, ондық, бірлік , барын көрсетіңдер. Сондай –ақ үш таңбалы сандардың ондық құрамын қарастыру барысында санды құрап тұрған барлық ондықтар санын анықтайды.
Осы мақсатпен алдымен көрнекілікке сүйеніп орындалатын жаттығулар енгізіледі, мысалы «лентаның ұзындығы 290см, оның бөліктерін көрсетіңдер 1сантиметірмен ( 10 см-ден, 100 см-ден) қосып (шегеріп) санаңдар; лентаның ұзындығы 300 см, оның бөліктерін көрсетіңдер т.с.с. Егер лентаны 1 см арттырса (кемітсе), оның ұзындығы қандай болады? «Мың лентасынан» 400,399 сандарын табыңдар. Бұл сандардың қайсысы үлкен? Қайсысы кіші? Қанша артық? Кем? Санағанда бұл сандар қандай ретпен келеді? Санағанда 799 санынан тікелей кейін аталатын (Санағанда мың саны тікелей алдында аталатын) қандай сан? Оқушылар бұл тапсырманы орындағанда өздерінің «ондық» және «жүздік» тақырыптарын оқып үйренгенде алған сандардың натурал қатары жөнінде білімдерін пайдалану тиіс, Өздерінің жауаптарын бұрын игерген қорытындыларға сүйене отырып негіздеулері керек сонда оқушылардың 1 ден 100-ге дейінгі сандардың натурал тізбегі жөнінде дұрыс ұғымы қалыптасады.
Оқушыларды жазбаша нумирацияны оқып үйренуге дайындау үшін 1000 көлеміндегі сандардың ауызша нумерациясына арналған сабақтарда екі таңбалы сандар нумирациясын қайталатқан жөн. Оқушылар мұғалімнің оқып беруі бойынша жазады, олар сандарды қандай цифрлармен жазғанын және осы сандардың жазылуында әр цифр нені белгілейтінін түсіндіреді ( мысалы 67, 76, 60, 30, 100) бірліктердің оңнан солға қарай санағанда бірінші орында, ал ондықтардың екінші орында жазылатыны, санның жазылуында, 0 сол разряттың бірліктерінің жоқтығын көрсететіндігі жөніндегі қорытынды қайталайды.

жүктеу 448 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет