Жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекiту туралы



жүктеу 351.92 Kb.

бет1/4
Дата16.03.2017
өлшемі351.92 Kb.
  1   2   3   4

Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, 

азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның 

авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi 

жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау және қайта 

даярлау бағдарламасын бекiту туралы 

Қазақстан Республикасы Көлiк және Коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 26 тамыздағы № 385 Бұйрығы. 

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 17 қыркүйекте Нормативтiк құқықтық 

кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6501 болып енгiзiлдi 

 

"Казахстанская правда" газетi 2010 жылғы 11 қарашадағы, № 303-305 (26364-26366); "Егемен Қазақстан" 



2010 жылғы 16 қазандағы № 427-428 (26271) 

 

 



      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан 

Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 14-бабының 1-тармағына 30) тармақшасына сәйкес 



БҰЙЫРАМЫН

      1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, азаматтық авиация саласындағы 

уәкiлеттi органның авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi лауазымды 

адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бекiтiлсiн. 

      2. «Авиациялық персоналды авиациялық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қайта даярлау бағдарламасы 

туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi 

төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 275 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк 

құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4499 тiркелген, «Заң газетiнiң» 2007 жылғы 16 

қаңтардағы № 6 (1209), 2007 жылғы 25 мамырдағы № 78 (1281) жарияланған). 

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. 

Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн 

қамтамасыз етсiн. 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-

министрi Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсiн. 

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа 

енгiзiледi. 



      Министр                                        Ә. Құсайынов 

Қазақстан Республикасы Көлiк  

және коммуникация министрiнiң 

2010 жылғы 26 тамызда     

№ 385 бұйрығымен бекiтiлген  

Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның 

авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау 

және қайта даярлау бағдарламасы

 

1. Жалпы ереже

 

      1. Осы Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi 



органның лауазымды тұлғаларын авиациялық қауiпсiздiк және ұшулар қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша 

даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) тиiстi бiлiктiлiктi игеретiн авиациялық 

персоналды және азаматтық авиация қызметкерлерiн азаматтық авиацияны оның қызметiне заңсыз араласу 

актiлерiнен қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшiн даярлау мақсатында «Қазақстан 

Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 

2010 жылғы 15 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген. 

      2. Осы Бағдарламада қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар: 

      1) авиациялық қауiпсiздiк - авиацияның қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiнiң алдын алу және оларды 

болғызбау арқылы қамтамасыз етiлетiн оның қауiпсiз қызметi; 

      2) авиация персоналы - арнайы және (немесе) кәсiптiк даярлығы бар, әуе кемелерiнiң ұшуын, әуе 

тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелерiне техникалық 


қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөнiндегi 

қызметтi жүзеге асыратын жеке адамдар; 

      3) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiптiк 

деңгейiн ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      4) әуежай қызметi – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, 

авиациялық жұмыстарды, ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты жүзеге 

асыратын қызмет; 

      5) нұсқаушы – тиiстi сертификаты бар жоғары бiлiктi маман ретiнде қызмет ететiн, персоналды 

теориялық немесе практикалық даярлауды жүзеге асыратын оқытушы; 

      6) әуежайдың бақыланатын аймағы – ұшақжай және әуежай жұмыс алаңы, аэронавигациялық ұшуды 

қамтамасыз ету объектiсi, қызметтiк ғимараттар, құрылыстар, қоймалар және оған iргелес орналасқан 

аумақтарға кiрудi бақылайтын авиациялық қауiпсiздiк қызметi; 

      7) бiлiктiлiктi арттыру – кәсiби және әдiстемелiк шеберлiктi жаңарту мен тереңдетуге бағытталған 

қызметкерлердi кәсiби дайындау кезеңi; 

      8) кәсiби қайта даярлау (қайта оқыту) – жаңа жабдық, технология, функциональдық мiндеттердi, 

авиациялық жұмыстардың түрлерiн игеру мақсатындағы қызметкерлердi кәсiби дайындау процесi; 

      9) практикалық даярлау – түрлi жаттықтырушы құралдар мен техникалық жабдықтарды көмегiмен 

қажеттi машықтану мен шеберлiктi, иелену, қолдану және жетiлдiру мақсатындағы қызметкерлердi кәсiби 

дайындау кезеңi; 

      10) авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшысы – белгiленген тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес 

келетiн, азаматтық авиация ұйымының басшысына бағынатын лауазымды тұлға; 

      11) сертификат – тұлғаның осы Бағдарламада белгiленген қабылданған деңгейде өзiнiң қызметтiк 

мiндеттерiн орындау үшiн талап етiлетiн бiлiктiлiгiн растайтын, белгiленген үлгiдегi құжат;  

      12) авиациялық қауiпсiздiк қызметi (бұдан әрi - АҚҚ) – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация 

ұйымдарында мiндеттi түрде құрылатын, жолаушыларды, авиациялық персоналды, әуе кемелерiн, әуежай 

объектiлерiн және аэронавигациялық құралдарды жерде және әуеде болатын заңсыз араласу актiлерiнен 

қорғауды қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды тiкелей жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлiмше 

болып табылады;  

      13) теориялық даярлау – персоналды кәсiби даярлау кезеңi, мақсаты арнайы бiлiм алу, оны қолдану және 

белгiленген талаптарға сәйкес жетiлдiрiп отыру; 

      14) авиация қызметiне заңсыз араласу - авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың 

жазатайым жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге 

әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерiн төндiрген құқыққа қарсы әрекет;  

      15) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және 

эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 

      3. Уәкiлеттi органда өзара әрекеттестiктi және ынтымақтастықты жүзеге асыру үшiн оқыту жөнiндегi 

ұлттық үйлестiрушi тағайындалады, оның мiндеттерi мыналар болып табылады: 

      осы Бағдарламаны iске асыру үшiн азаматтық авиация ұйымдарының өзара әрекеттестiгi және 

ынтымақтастығы бойынша үйлестiрудi жүзеге асыру;  

      осы Бағдарламаны iске асырумен тiкелей байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар жасау, 

бастамашылық таныту, консультативтiк және тiкелей көмек көрсету.  

      4. Азаматтық авиация ұйымы бiрiншi басшысының бұйрығымен авиациялық қауiпсiздiк мiндеттерi 

оқыту жөнiндегi үйлестiрушi тағайындалады, оның қызметтерi мыналар болып табылады:  

      1) азаматтық авиация ұйымының персоналын дайындалуын және қайта даярлануын қамтамасыз ету; 

      2) құрылымдық бөлiмшелер бойынша даярлау және қайта даярлау (оқыту) жоспарларын әзiрлеу және 

азаматтық авиация ұйымдарының басшылары бекiткен осы жоспарлардың орындалуын бақылау; 

      3) уәкiлеттi органмен және авиациялық оқу орталықтарымен қызметкерлердi оқыту мәселелерi бойынша 

өзара әрекет ету. 

      5. Қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган осы Бағдарламаға өзгерiс енгiзедi және оқу материалдарына 

өзгерiстер енгiзу үшiн ұсыныс жасайды. 

      6. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқытуға авиациялық персоналы және әуежайлық қызметке 

кiрiстiрiлген персоналы жатады. 

      7. Қызметкерлердi оқыту мерзiмi осы Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетiлген. 

2. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқыту түрлерi 

 

      8. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша даярлау және қайта даярлау үшiн оқытудың келесi түрлерi 



жүргiзiледi: 

      1) АҚҚ мамандарын оқытудың кiрiспе курсы – 3 ай сынақ мерзiмiмен жұмысқа қабылданған жұмыскердi 

АҚҚ маманының дербес мiндеттерiн орындауға рұқсат ету алдында өткiзiлетiн азаматтық авиация 

ұйымдарында алғашқы кәсiби даярлау. Оқу осы Бағдарламаның 2, 3-қосымшасына сәйкес, қауiпсiздiк 

бөлiмшесiнiң маманы (типтiк) және тексеру бөлiмшесiнiң маманы (типтiк) лауазымына Кiрiсу парағына 


сәйкес жүргiзiледi. 

      Даярлауды АҚҚ басшылары (олардың орынбасарлары), авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты 

тұлғалар және авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаушылар – оқыту жөнiндегi үйлестiрушiлер өткiзедi; 

      2) алғашқы даярлау – персоналды ИКАО авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу орталықтарында немесе 

уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында оқытып және сертификаттау. Оқыту 

авиациялық оқу орталығы әзiрлеген жұмыс оқу бағдарламасы көлемiнде жүргiзiледi, тақырыптық мазмұны 

және көлемi осы Бағдарламаның 4-қосымшасында көрсетiлген типтiк сызбалық бағдарламаға сәйкес келуi 

тиiс; 


      3) бiлiктiлiктi арттыру курстары – персоналды ИКАО авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу 

орталықтарында немесе уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында, кәсiби деңгейдi 

ұстау, соңғы заңсыз араласу актiлерiнде орын алған қауiп-қатердiң жаңа түрлерiн, авиациялық қауiпсiздiктi 

қамтамасыз ету үшiн жаңа кәсiби әдiстердi және машықтарды дағдыларды үйрену мақсатында мерзiмдiк 

оқыту және сертификаттау. Оқыту авиациялық оқу орталығы әзiрлеген жұмыс оқу бағдарламасы көлемiнде 

жүргiзiледi, тақырыптық мазмұны және көлемi осы Бағдарламаға 4-қосымшада көрсетiлген типтiк сызбалық 

бағдарламаға сәйкес келуi тиiс; 

      4) әуежайлар мен авиакомпаниялардың бiрiншi басшыларын (авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң 

басшылары, авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты адам), уәкiлеттi орган қызметкерлерiн қайта даярлау 

(оқыту) ИКАО авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу орталықтарында немесе уәкiлеттi орган 

сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргiзiледi. Оқыту авиациялық оқу орталығы әзiрлеген 

жұмыс оқу бағдарламасы көлемiнде жүргiзiледi, тақырыптық мазмұны және көлемi осы Бағдарламадағы 4-

қосымшада көрсетiлген типтiк сызбалық бағдарламаға сәйкес келуi тиiс; 

      5) авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаушыларды даярлау – ИКАО авиациялық қауiпсiздiк бойынша 

оқу орталықтарында немесе уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында оқыту 

әдiстемесi бойынша жүргiзiлетiн алғашқы даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстары. Оқыту авиациялық 

оқу орталығы әзiрлеген жұмыс оқу бағдарламасы көлемiнде жүргiзiледi, тақырыптық мазмұны және көлемi 

осы Бағдарламаға 4-қосымшада көрсетiлген типтiк сызбалық бағдарламаға сәйкес келуi тиiс. 

      6) авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ұлттық аудиторларды даярлау – уәкiлеттi органның лауазымды 

тұлғаларын және сапаны бақылау аудиторларын ИКАО оқу орталықтарында алғашқы даярлау және 

бiлiктiлiктi арттыру курстары. Сапаны бақылау аудиторларының курсына жiберiлетiн кандидатуралар 

уәкiлеттi органмен келiсiледi. 

      Оқыту авиациялық оқу орталығы әзiрлеген жұмыс оқу бағдарламасы көлемiнде жүргiзiледi, тақырыптық 

мазмұны және көлемi осы Бағдарламаның 4-қосымшасында көрсетiлген типтiк сызбалық бағдарламаға 

сәйкес келуi тиiс; 

      7) АҚҚ кинолог мамандарын даярлау – уәкiлеттi орган сертификаттаған арнайы кинология 

орталықтарында немесе авиациялық оқу орталықтарында қызметтiк iздестiру және қарауыл иттерiн 

пайдалана отырып, авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге кiрiстiрiлген лауазымды тұлғаларға алғашқы 

даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстары. Оқыту авиациялық оқу орталығы әзiрлеген жұмыс оқу 

бағдарламасы көлемiнде жүргiзiледi, тақырыптық мазмұны және көлемi осы Бағдарламаға 4-қосымшада 

көрсетiлген типтiк сызбалық бағдарламаға сәйкес келуi тиiс; 

      8) әуежай қызметiне кiрiстiрiлген қызметтер мен ұйымдар басшылары мен персоналын авиациялық 

қауiпсiздiк бойынша оқытудың таныстыру курсы - уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу 

орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында даярлау. Аталған курс сондай-ақ: 

      қызметiн әуежайда жүзеге асыратын жүк, күзет-инкассаторлық ұйымдардың, пошта қызметтерiнiң 

мамандарына; 

      өз қызметiн әуежайда жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларына; 

      борт тамағымен және борт қорымен қамтамасыз ету пунктерiнiң, тұрмыстық қызмет көрсету, ЖЖМ 

қоймаларының мамандарына, жүргiзушiлерге, еден жуушыларға, авиабилеттердi брондау және сату 

жөнiндегi агенттерге, қойма және жүк бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiне, әуежай кешенiнiң инженерлiк 

коммуникациясының қызмет етуiн қамтамасыз ететiн мамандарға; 

      әуежайдың бақыланбайтын аймағындағы жайларды жалға алушыларға арналған. 

      Оқу сертификатталған авиациялық оқу орталығы немесе авиакәсiпорын АҚҚ басшылары (оқыту 

жөнiндегi үйлестiрушiлер) немесе авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты тұлғалар әзiрлеген бағдарлама 

көлемiнде осы бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес жүргiзiледi. Оқытудың таныстыру курсының 

бағдарламасын уәкiлеттi органмен келiсiлгеннен кейiн азаматтық авиация ұйымының бiрiншi басшысы 

бекiтедi. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқытудың таныстыру курсын АҚҚ басшылары (олардың 

орынбасарлары), авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты тұлғалар мен авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi 

нұсқаушылар жүргiзедi. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша таныстыру курсы бойынша оқу қызметтiк 

мiндеттерiн дербес орындауға рұқсат ету алдында және бұдан әрi үш жылда бiр рет жүргiзiледi. Оқытудың 

таныстыру курсында қорытынды аттестация (емтихан, тест, сынақ) болмайды; 

      9) авиациялық қауiпсiздiк бойынша ағымдағы оқу – азаматтық авиация ұйымдарындағы персоналды 

жұмыс орнында әуе кемелерiн мерзiмдiк пайдалануға көшу кезiнде жылына 2 рет жүргiзiлетiн дайындық. 

Оқу АҚҚ басшылары немесе авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты тұлғалар әзiрлеген, азаматтық 

авиация ұйымының бiрiншi басшысы бекiткен, уәкiлеттi органмен келiсiлген бағдарлама көлемiнде 


жүргiзiледi. Оқуды АҚҚ басшылары (олардың орынбасарлары), авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты 

тұлғалар немесе авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаушылар жүргiзедi. 

      

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011.04.28 

N 239


 

(ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

 

3. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу процесiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар 

 

       9. Даярлау және қайта даярлау бойынша оқулар: 



       1) авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқытудың кiрiспе курсы және авиациялық қауiпсiздiк бойынша 

ағымдағы оқу авиакәсiпорынның АҚҚ бөлiмшелерiнде жүргiзiледi; 

      2) авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқытудың таныстыру курсы сертификатталған авиациялық оқу 

орталықтарында немесе авиакәсiпорындарда жүргiзiледi; 

      3) авиация қызметкерлерiнiң, АҚҚ басшыларының, АҚҚ мамандарының, авиациялық қауiпсiздiк 

жөнiндегi жауапты тұлғалардың, азаматтық авиация ұйымы басшыларының алғашқы дайындығы және 

бiлiктiлiктi арттыру курстары тек ИКАО авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу орталықтарында немесе 

уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында өткiзiледi. Авиациялық оқу орталықтары 

уәкiлеттi органға хабарлай отырып, авиакәсiпорындарға барып оқытылатын оқуларды жүргiзе алады. 

      10. Уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтары осы Бағдарламадағы 4-қосымшада 

көрсетiлген типтiк схемалық бағдарлама негiзiнде жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеулерi қажет. 

      11. Жұмыс оқу бағдарламасы төмендегi бөлiмдердi қамтуы тиiс: 

      1) курстың атауы; 

      2) оқу процесiнiң кестесi; 

      3) пәндер бойынша оқу сағаттарын бөлу; 

      4) курстың бағыты; 

      5) оқитындардың құрамы және алдын ала қойылатын талаптар; 

      6) емтиханға және аттестацияға жiберу шарты; 

      7) оқу мақсаты; 

      8) әдiстемелiк ұсынымдар; 

      9) сабақтардың тақырыптық жоспары; 

      10) тақырыптар мазмұны; 

      11) әдебиеттер тiзiмi. 

      Жұмыс оқу бағдарламасының шамамен типтiк нысаны осы Бағдарламадағы 6-қосымшада көрсетiлген. 

      12. Оқытудың кешендiк әдiсiн пайдалану кезiнде тыңдаушыларға өткiзiлетiн оқу сабақтарының негiзгi 

түрлерi мен нысандары төмендегiлер болып табылады: 

      1) теориялық (лекциялық); 

      2) практикалық сабақтар арнайы оқу аудиторияларында; 

      3) автоматтандырылған оқу курстары пайдаланылатын сабақтар; 

      4) консультациялар мен өзiндiк сабақтар; 

      5) жұмыс орнында және өндiрiс прцесiнде оқыту; 

      6) слайдтар мен оқу фильмдерiн пайдалану; 

      7) топтық жаттығулар және iскерлi ойындар; 

      8) компьютерлiк технологияны пайдалана отырып, оқыту; 

      9) әуе кемесiнде тасымалдауға тыйым салынатын заттардың бейнесi бейнеленген жүйенi пайдалану; 

      10) ИКАО авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу жиынтықтарын (АҚОЖ) пайдалану. 

      13. Авиациялық қауiпсiздiк бойынша оқу процесi оқу-әдiстемелiк материалдармен, оқу құралдарымен, 

оқытудың қазiргi заманғы техникалық құралдарымен қамтамасыз етiлуi тиiс. 

      14. Оқу жабдықталған оқу аудиторияларында өткiзiледi: 

      1) тексерудiң арнайы техникалық құралдарымен; 

      2) аудио-бейне – компьютерлiк техникамен; 

      3) қару, оқ-дәрi және жарылғыш заттарға ұқсас нәрселермен; 

      4) оқу фильмдерiмен, слайдтармен, оқытудың басқа аудио-көрнекi және демонстрациялық 

құралдарымен, оның iшiнде жасырын оқ атқыш және суық қару бейнеленген, жүктiң iшiндегi заттардың 

көлеңкелi түрде бейнеленген құралдармен. 

      15. Курс тыңдаушылары оқу құралдарымен, қағаз және электронды түрдегi тарату және анықтама 

материалдарымен қамтамасыз етiлуi тиiс. Осы Бағдарламаны iске асыратын авиациялық оқу 

орталықтарының қажеттi кiтап қорын қамтитын кiтапханасы болуы тиiс. 

      16. Оқу топтары азаматтық авиация ұйымының және басқа да мүдделi ұйымдар мен мемлекеттiк 

органдардың жазбаша өтiнiмдерi (кепiл хаттары) негiзiнде авиациялық оқу орталығы басшысының 

бұйрығымен (өкiмiмен) құрылады. 

      17. Оқу курсынан және қорытынды аттестациядан өткен тыңдаушыларға төмендегiлер берiледi: 

      1) әуежай (авиакомпания) басшыларына, уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларына, АҚҚ 

басшыларына, авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi жауапты тұлғаларға, АҚҚ қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң 



мамандарына, авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нұсқаушыларға, АҚҚ кинолог мамандарына, авиациялық 

қауiпсiздiк жөнiндегi ұлттық аудиторларға оқуды өткiзген авиациялық оқу орталығының сертификаттары 

берiледi. Тыңдаушылардың әрбiр санатына арналған сертификаттардың типтiк нысандары осы 

Бағдарламадағы 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес жасалған; 

      2) АҚҚ тексеру бөлiмшесiнiң мамандарына осы Бағдарламадағы 12-қосымшаға сәйкес сертификат 

берiледi. Белгiленген авиациялық қауiпсiздiк шаралары мен рәсiмiн бiрнеше рет бұзған жағдайда, сондай-ақ 

азаматтық авиация ұйымы басшысының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган тексеру бөлiмшесi маманы 

сертификаттың қолдануын тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкiн; 

      3) авиация персоналына және жүк тасымалдау қызметiнiң қызметкерлерiне тапсырылған емтихан 

нәтижелерi бойынша бағалар қойылған, бiлiктiлiктi арттыру курсын аяқтағаны туралы құжат берiледi. 



4. Авиациялық қауiпсiздiк бағыты бойынша жұмыс iстейтiн уәкiлеттi органның лауазымды 

тұлғаларын даярлау

 

      18. Авиациялық қауiпсiздiк бағыты бойынша жұмыс iстейтiн уәкiлеттi орган қызметкерлерi төмендегi 



оқу курстарынан өтуге мiндеттi: 

      1) алғашқы даярлау - жұмысқа орналасқан сәттен бастап үш күнтiзбелiк айдан көп емес уақытта 

уәкiлеттi органның маманының басшылығымен жұмыс орнында өткiзiледi. Даярлаудың аталған түрi 

мыналарды қамтиды: 

      Қазақстан Республикасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының авиациялық қауiпсiздiк 

бағыты бойынша нормативтiк-құқықтық актiлерiмен таныстыру; 

      азаматтық авиация ұйымдарымен, мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен өзара әрекет ету 

және үйлесу тәртiбiмен таныстыру;  

      авиациялық қауiпсiздiк бағыты бойынша инспекциялық тексерiстер тәртiбiмен таныстыру; 

      тағылымдамадан өтушi ретiнде авиациялық қауiпсiздiк бағыты бойынша инспекциялық тексерiстерге 

қатыстыру; 

      iс қағаздарымен таныстыру

      2) АҚҚ басшысы ретiнде алғашқы даярлаудан өту және бiлiктiлiктi арттыру курстары; 

      3) авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi ұлттық аудитор ретiнде алғашқы даярлаудан өту және бiлiктiлiктi 

арттыру курстары. 

      


Ескерту. 18-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011.04.28 

N 239


 

(ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

 

Авиациялық қауiпсiздiк қызметi    



мамандарын, азаматтық авиация     

саласындағы уәкiлеттi органның    

авиациялық қауiпсiздiк және ұшу   

қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi 

лауазымды адамдарын даярлау және  

қайта даярлау бағдарламасы      

1-қосымша               

Авиациялық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қайта даярлық санаттары

 

Персонал атауы 



Оқыту түрi 

Даярлық, қайта даярлық мерзiмдерi 

1. Жұмысқа жаңадан қабылданған АҚҚ 

тағылымадан өтушiлер 

Оқыту курсына 

кiрiспе 


тағлымдамадан өту кезеңiнде 

2. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi 

жауапты тұлғалары, олардың 

орынбасарлары, АҚҚ бастығы, олардың 

орынбасарлары 

бастапқы даярлық 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

лауазымға тағайындалған күнiнен 

бастап 3 ай iшiнде 3 жылда бiр рет 

3. АҚҚ тексеру бөлiмшесi мамандары 

бастапқы даярлық 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

лауазымға тағайындалған күнiнен 

бастап 3 ай iшiнде 3 жылда бiр рет 

4. АҚҚ қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң маманы 

бастапқы даярлық 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

лауазымға тағайындалған күнiнен 

бастап 3 ай iшiнде 5 жылда бiр рет 

5. Әуе кемелерiнiң мүшелерi, бортсерiктер, 

бiлiктiлiктi 

3 жылда бiр рет 


бортоператорлар 

жоғарылату курсы 

6. Инженерлiк-авиациялық қызмет 

мамандары 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

5 жылда бiр рет 

7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету 

органдараның персоналы 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

5 жылда бiр рет 

  

8. Тасымалдауды ұйымдастыру 



қызметтерiнiң жұмысшылары 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

5 жылда бiр рет 

9. Әуежайлардың және авиакомпаниялардың 

басшылары (олардың орынбасарлары) 

авиациялық 

қауiпсiздiк жөнiндегi 

даярлық 

лауазымға тағайындау күнiнен 

бастап 6 ай өтуiне және бұдан әрi 5 

жылда бiр рет 

10. Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi 

нұсқаушылар 

бастапқы даярлық 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

қажеттiлiген қарай 5 жылда бiр рет 

11. Авиация персоналының және АҚҚ 

мамандарының күнделiктi даярлығы 

кәсiптiк деңгейiн 

жоғарылату 

жылына 2 рет – азаматтық авиация 

ұйымының жоспары бойынша 

12. Әуежайлық қызметке қатысатын 

ұйымдардың басшылары (олардың 

орынбасарлары) және персоналы 

Таныстыру оқыту 

бағдарламасы 

  

  



лауазымға тағайындау күнiнен 

бастап 3 ай өтуiне және 3 жылда бiр 

рет 

13. Ұлттық аудиторлар 



бастапқы даярлық 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

қажеттiлiген қарай 3 жылда бiр рет 

14. АҚҚ кинолог-мамандары 

бастапқы даярлық 

бiлiктiлiктi 

жоғарылату курсы 

қажеттiлiген қарай 5 жылда бiр рет 

Авиациялық қауiпсiздiк қызметi    

мамандарын, азаматтық авиация     

саласындағы уәкiлеттi органның    

авиациялық қауiпсiздiк және ұшу   

қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi 

лауазымды адамдарын даярлау және  

қайта даярлау бағдарламасы      

2-қосымша               



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал