Жолына түседі. Білім әрбір жастың қорғаны, болашағы



жүктеу 1.14 Mb.

бет1/10
Дата03.02.2017
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

16 қазан, бейсенбі, 2014 жыл

№42 (470)

индекс


66250

Меже мен міндет

3-бет

5-бет


8-бет

ƏУЛИЕАТАНЫҢ ƏЛЕУЕТІ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

Ерғали ҚАПАЛОВ, 

Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институты 

ректорының көмекшісі

Қадаға


Өңір мен өсім

ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН 

ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН 

АРАШАЛАУДЫҢ  ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

АРАШАЛАУДЫҢ  ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

8-бет


Біздің оқырман

Егемен 


еліміздің 

жастарының ең 

бірінші мақсаты 

сапалы білім 

алу болуы 

керек. Кез келген 

өркендеуші мемлекет білікті 

мамандарының тәжірибесі 

арқылы дамудың даңғыл 

жолына түседі. Білім – әрбір 

жастың қорғаны, болашағы. 

Адам бойындағы отансүйгіштік 

сезім де білім арқылы 

қалыптасады. Бүгінгі Тәуелсіз 

Қазақстанның жастары білімді 

әрі патриот. Елбасы сенім 

артқан жастардың болашақта 

тек биіктерден көрінетініне 

сенемін. 

Редакциямызға «Батпаққа белшемізден 

батып отырмыз» деген Тараз  қаласының 

тұрғындары  хабарласты.   «Бурыл Б» 

иінінің  тұрғындары екі жылдан  бері 

 

аталмыш мәселені көтеріп, бармаған 



жері, баспаған тауы қалмағандарын

бірақ ешкімнен қайран болмағанын жіпке 

тізгендей айтып берді. 

ҚЫСТА КӨМІР САТАТЫНДАР «КӨКЕ», 

ҚЫСТА КӨМІР САТАТЫНДАР «КӨКЕ», 

СЕКСЕУІЛ САТАТЫНДАР «СƏКЕ» БОЛА ҚАЛАДЫ

СЕКСЕУІЛ САТАТЫНДАР «СƏКЕ» БОЛА ҚАЛАДЫ

Қазір көпшілік отын-суын ертерек 

қамдап алып,қытымыр аязды жылы үйде 

қарсы алуға қызу дайындық жасауда. 

Алайда, салқын түсе салысымен көмір 

бағасының шарықтап кететіні ауылдағы 

үйіне көгілдір отын кірмеген ағайынның 

титығына тиіп-ақ  келеді.

«ҚАЗФОСФАТ» КОМАНДАСЫНА ҚАРСЫЛАС ШАҚ 

«ҚАЗФОСФАТ» КОМАНДАСЫНА ҚАРСЫЛАС ШАҚ 

КЕЛМЕДІ

КЕЛМЕДІ


Облыс әкімдігінің жастар саясаты 

мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен,  

облыстық дене шынықтыру және спорт 

басқармасының қолдауымен Тараз қаласында 

тұңғыш рет I Республикалық «Еңбек жасақтары» 

спартакиадасы өтті.

Сын мен шын

Серік ЖОЛДАСБАЙ

кс

50



ОВ,

ттік 

институты

мекшісі

ң оқырман

ең 

ты

м



лген 

емлекет білікті

ың тәжірибесі 

дың даңғыл

ді. Білім – әрбір 

ны, болашағы. 

ағы отансүйгіштік 

арқылы


 Бүгінгі Тәуелсіз

ң жастары білімді

лбасы сенім 

рдың болашақта 

н көрінетініне

Мұратхан ƏЛІМХАН,

alimkhan_m@mail.ru

Өткен аптада Елордада облыс əкімі Кəрім 

Көкірекбаев  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

өкілдеріне  арнайы  баспасөз  мəслихатын 

өткізді.  Киелі  Əулиеата  өңірінің    əлеуметтік-

экономикалық 

дамуы 

мен 


мемлекеттік 

бағдарламалардың  жүзеге  асырылу  барысы 

туралы  жан-жақты  əңгіме  өрбіткен  облыс 

басшысы журналистердің қойған сауалдарына 

да жауап берді. 

– 

Облыста 

Елбасы 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050» 

Стратегиясында 

көрсетілген 

нақты 

тапсырмаларды орындау бойынша Үкіметпен 

бірлескен  жүйелі  жұмыстар  атқарылып 

келеді. Жыр алыбы Жамбыл есімімен аталған 

өңірді  бүгінде  жүргізілген  мемлекеттік 

саясаттың  арқасында  қарқынды  дамып 

келе  жатқан  аймақ  деп  айтуға  толық  негіз 

бар.  Жалпы,  облысымыздың  дамуы 2011-

2015  жылдарға  арналған  аймақты  дамыту 

бағдарламасында  айқындалған  мақсаттар 

мен іс-шараларға сəйкес жүргізілуде, – деген 

облыс  басшысы  одан  əрі  өңірдің  тыныс-

тіршілігі мен атқарылған жұмыстарға  кеңінен 

тоқталды.  



– 

Ағымдағы 

жылдың 8 айының 

қорытындысы  бойынша  облыстың  даму 

үрдісі  айтарлықтай  табыстарға  жетті. 

Өңірдің өндірісі өркендеп, ауыл шаруашылығы 

мен  əлеуметтік  салалар  қарқынды  даму 

үстінде.  Шағын  жəне  орта  бизнес  қанат 

жайып  келеді.  Атап  айтқанда,  биылғы 

бірінші  тоқсанда  жалпы  өңірлік  өнім  көлемі 

182 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2013 

жылдың  тиісті  кезеңімен  салыстырғанда 

6,4 пайызға ұлғайып отыр. Сонымен қатар, 

бүгінде  облыс  экономикасының  қарқынды 

дамуы 

«Жасыл 

экономика» 

саласын 

өркендетуге  негізделуде.  Біз  бұл  заманауи 

жобаға 

республикада 

алғашқылардың 

бірі  болып  тың  серпін  берген  бірден-бір 

облыспыз. Қазіргі уақытта қуаттылығы 19 

МВт 5 жаңғырмалы энергия көздері тұрақты 

жұмыс жасап тұр. 

2-бет

«Байлықтың  анасы – жер, 

атасы – еңбек» – деп  бағалаған 

қазақ қашанда  топырақты қасиетті 

санап,  несібесіне  балап  келген.  

Расында,  Жер-Ана  адамға  нəрін 

де,  дəнін  де  береді.  Сол  жердің 

қадірін  біліп,  қасиетін  арттыру 

үшін  адам  маңдай  терін  төгеді, 

еңбектенеді.  Оны  бабаларымыз 

білектің 

күшімен, 

найзаның 

ұшымен  қорғаса,  бүгінгі  ұрпақ 

заңмен 

қорғауда. 

Дегенмен, 

осы  салаға  бақылау  жасайтын 

жауапты  мекемелер  ұсынған 

мəліметтерге  қарасақ,  біз  өз 

байлығымыз  саналатын  жердің 

қадірін  білген  былай  тұрсын, 

заңға  да  бағынғымыз  келмейтін 

сияқты.

Бір  ғана  жер  мəселесіне 

біздің аймақта бірнеше саланың 

өкілдері  жауап  береді.  Осыған 

қарамастан  үлкен  жолдардың 

бойында  немесе  қала,  ауыл 

маңында  құрылысқа  қажетті 

материалдар  алу  үшін  апандай 

етіп  заңсыз  карьер  қазып, 

пайда  табатындардың  қатары 

көбеюде. 

Есет ДОСАЛЫ

9-бет

БЕЙ-БЕРЕКЕТ КАРЬЕР ҚАЗҒАНДАРДЫ 

КІМ ҚАДАҒАЛАЙДЫ? 

Алқалы 


басқосуға 

Кеңес 


мүшелері, 

жергілікті 

атқарушы 

жəне  құқық  қорғау  органдарының 

қызметкерлері,  мешіт  имамдары 

мен  білім  беру  мекемелерінің 

өкілдері қатысты. Жиында алғашқы 

болып сөз алған облыс əкімдігі білім 

басқармасының басшысы Сұлушаш 

Құрманбекова 

өзі 

басқаратын 



басқарманың  осы  жылы  қандай 

іс-шараларды  атқарғанын  жіпке 

тізіп  берді.  Сондай-ақ,  Сұлушаш 

Сəтбекқызы жат ағымның жетегінде 

кеткен 

студенттері 



бар 

оқу 


орындарын атап көрсетті. 

– 

Мəселен, 

техникалық 

кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің 

2014  жылдың  қыркүйек  айындағы 

мəліметі  бойынша  облыстың 8 

колледжінде 36 білімгер өз еркімен 

немесе  ата-анасының  ықпалымен 

дəстүрлі  емес  діни  ағымдарға 

тартылғаны  анықталды.  Оның 

21-і дəстүрлі емес ислам ағымында, 

яғни,  хиджаб  киетіндер  болса, 

қалған 15-і  Иегова  куəгерлерінің 

ағымына 

тартылған. 

Иегова 

куəгерлерінің ағымына тартылған 

15  студенттің 3-еуі  «Болашақ» 

колледжінің, 7-еуі  №1  колледждің, 

4-еуі  Тараз  химия-технологиялық 

жəне 1-еуі  Тараз  техника-бизнес 

колледжінің түлектері.

Қазіргі  таңда  жастардың  жат  ағымның  жетегінде  кетіп, 

адасып  жататыны  ара-тұра  болса  да  кездесіп  жатады.  Алайда, 

соңғы  жылдары  қарапайым  халық  ниеті  бұрыс  ағымдардың 

арам  пиғылын  біліп,  олардан  аяқ  тартуда.  Десек  те,  кейінгі 

кезде  Ислам дінінің атын жамылған мысықтілеу миссионерлер 

пайда  болды.  Осы  ретте  облыс  əкімінің  орынбасары  Ерқанат 

Манжуовтың төрағалығымен облыс əкімдігінің жанындағы діни 

бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы өтті.

2-бет

19 ҚАЗАН – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ 

19 ҚАЗАН – ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ 

ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ

ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ

19 қазан – Төтенше жағдайлар 

қызметінің құрылғанына 19 жыл 

толады. Жамбылдықтарды түріл 

табиғи және техногенді апаттар мен 

төтенше оқиғалардан сақтап, қорғап 

жүретін облыс құтқарушылары бұл 

мерекелері сән-салтанатынмен 

тойлауда. 

ОБЛЫС ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 1 МЛН. 94 МЫҢ 

508 АДАМ. АЗ БА, КӨП ПЕ?

8-бет


16 қазан,

№42 (470)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

Құрмет


ЖАЗУШЫ ТОЙЫ – ХАЛЫҚ МЕРЕЙІ

Облыс әкімдігінде



ҚАРЖЫ ИГЕРУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Қазақ  балалар  əдебиетінің  белді  өкілі,  белгілі 

жазушы  Əлдихан  Қалдыбаевтың  есімі  көзіқарақты 

оқырманға мəшһүр. Жазушының қаламынан «Ата», 

«Мен – апамның  баласымын», «Шаншар  атай» 

атты  шығармалар  туды.  Оқиғасы  тартымды,  тілі 

көркем,  мағынасы  терең  туындылар  талай  жас 

ұрпақты  тəрбиелеп,  азаматтық  көзқарасының 

қалыптасуына  елеулі  еңбек  сіңірді.  Қаламгердің 

шығармалары  жөнінде  Бердібек  Соқпақбаев, 

Шерхан Мұртаза, Машқар Ғұмар, Рымғали Нұрғали 

секілді  қазақ  əдебиетінің  ірі  өкілдері  жоғары  пікір 

білдірді.  Сонымен  қатар,  жазушы  ұзақ  жылдар 

облыстық  «Ақ  жол»  газетінде  бас  редакторлық 

қызмет  атқарып,  облыс  журналистикасының 

дамуына  да  айтарлықтай  үлес  қосты.  Редактор 

ретінде 

журналистердің 

үркердей 

шоғырын 


қалыптастырды. 

Биыл  жазушы  Əлдихан  Қалдыбаев 75 жаста. 

Айтулы  мерекеге  орай  өткен  аптада  облыс 

əкімінің  бірінші  орынбасары  Бекболат  Орынбеков 

бастаған  облыс  əкімдігінің  азаматтары  жазушыны 

мерейтойымен  құттықтап,  шаңырағында  болды. 

Облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаевтың  Астанада 

брифингке қатысуына байланысты келе алмағанын 

айтып,  облыс  басшысының  құттықтауын  жеткізді. 

Қаламгердің  қазақ  əдебиетіндегі  орнын  бағамдап, 

облыстың  бас  басылымына  басшылық  жасаған 

кезіне  шегініс  жасаған  Бекболат  Серікбекұлы 

қазақы салтпен жазушының иығына шапан жапты. 

Жары Бану Тасболатоваға да сый-сияпат көрсетті. 

Өз  сөзінде  Бекболат  Орынбеков  қаламгердің 

отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Бұдан  кейін  Шу  ауданы  əкімінің  орынбасары 

Ербол  Аймамбетов  жазушыны  аудан  əкімі 

Бақытжан  Нүркеновтің  атынан  арнайы  құттықтап, 

сый-сияпатын  ұсынды.  Өз  кезегінде  жазушының 

замандасы  Қазақбай  Байжұманұлы  мен  елімізге 

белгілі  күйші  Əбдімомын  Желдібаевтар  сөз  алып, 

Əлдихан  Қалдыбаевтың  жазушылық  таланты  мен 

азаматтық болмысына тоқталды.



«Арай» - ақпарат 

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМДІ ƏРІ ДЕР КЕЗІНДЕ ИГЕРУ БАСҚАРМАДАҒЫЛАР МЕН 

БАСҚА АРНАДАҒЫЛАРДЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ. АЛАЙДА, ЖЫЛ СОҢЫ ТАЯҒАН ТҰСТА 

ƏКІМДЕРДІҢ  ҚАЗЫНА  ҚАРЖЫСЫН  ҚАЙ  САЛАҒА  САЛАРЫН  БІЛМЕЙ,  ТЫҒЫРЫҚҚА 

ТІРЕЛІП ҚАЛАТЫНЫ БАР. МІНЕ, ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ӨТКЕН АППАРАТ ЖИЫНЫНДА ОБЛЫС 

ƏКІМІ КƏРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРГЕН АТҚАМІНЕРЛЕРІМІЗ ОСЫ 

СЫННАН ƏЗЕР  ӨТІП, БІР-БІР МІНДЕТТІ МОЙНЫНА АРҚАЛАП ҚАЙТТЫ. 

Жиында    ағымдағы  жылдың 1 

қазанына  дейінгі  аралықта  игерілмеген 

қаржы туралы баяндама жасаған облыс 

əкімдігі қаржы басқармасы басшысының 

орынбасары 

Батырхан 

Əкек 


ең 

алдымен  тоғыз айдың  қорытындысына  

тоқталып  өтті.  Оның  сөзіне  сүйенсек, 

жыл  басындағы  жоспарлы 158 млрд. 

403,6  млн.  теңгенің  бүгінде 153 млрд. 

538,8 млн. теңгесі игеріліпті. Осылайша 

игерілген  қаржы  көлемі 96,9 пайызды 

құрап отыр. Десе де, 4 млрд. 864,8 млн. 

теңге игерілмей қалған.  Ал, ең бастысы  

қаржыны 


қажетті 

бағытта 


жұмсай 

алмағандар қатарында барлық аудандар 

бар.  Алайда, бірқатар елді мекендер  98 

пайызды межелеп қалса, енді екіншілері 

90  пайыздан  енді  ғана  асқан.  Олардың 

көшін  Талас  ауданы  бастап  тұр.  Мұнда 

игерілмеген  қаржы  көлемі 613,8 млн. 

теңге.  Яғни,  бөлінген  қаржының  тек 

91,5  пайызын  игерген.   Сондай-ақ, 

Сарысу,  Қордай,  Шу  жəне  Мойынқұм 

аудандарында  игерілген  қаржы  көлемі 

92  мен 97 пайыз  аралығында  құбылып 

тұр.  Десе  де,  бұл  көрсеткіш  өткен 

жылмен 


салыстырғанда 

біршама 


тəуір    екен.  Өйткені,  өткен  жылдың 

есепті  кезеңінде  бағытын  таппаған 

бюджет  қаржысы 9 млрд.  теңгені 

құрапты. Осы қырынан қарағанда, тоғыз  

айдың  қорытындысына  тəубə  десек 

болатындай.   

Дəл 

сондай 


бюджеттік 

бағдарламаларға  бөлінген  қаржыны 

игеруде  де  ілгерілеушілік  бар.  Бүгінде  

жоспарлы 144 млрд. 751,1 млн. теңгенің  

142  млрд. 553,9 млн.  теңгесі  игерілген.  

Ал,  игерілмеген  қаржы 2 млрд. 197,2 

млн. теңгені құрап тұр. Дегенмен, өткен 

жылмен салыстырғанда игерілген қаржы 

үш пайызға өсіпті. 

Ал,  ең  қомақты  игерілмей  қалған 

қаржылар  энергетика  жəне  тұрғын 

үй-коммуналдық 

шаруашылық, 

құрылыс,  жолаушылар  көлігі  жəне 

автомобиль  жолдары,  кəсіпкерлік  жəне 

индустриалдық-инновациялық 

даму, 

дін  істері  басқармасы  мен  ішкі  істер 



департаментінде  орын  алған.  Аталған 

мекемелердің  мойнында  тиісті  тетігін 

таппаған миллиондаған қаржылар тұр. 

«Даму»  бағдарламасы  бойынша 

бағытын  таппаған  бюджет  қаржысына 

келер  болсақ,  жоспарлы 38 млрд. 

458,2  млн.  теңгенің    басым  бөлігі 

игеріліпті.  Игерілмеген  қаржы  көлемі 

3  млрд. 355,8 млн.  теңгені  құрап  отыр. 

Оның  ішінде    энергетика  жəне  тұрғын 

үй-коммуналдық  шаруашылық  жəне  

құрылыс,  жолаушылар  көлігі  жəне 

автомобиль 

жолдары 


басқармасын 

қосқанда,  барлық  аудандар  мен  Тараз 

қаласы бар. 

Міне,  осы  көрсеткіштерге  тоқталған 

Батырхан  Базарбайұлы  жыл  соңына 

дейін барлық бағыт бойынша 50,0 млрд. 

теңгені  игеруіміз  қажет  екенін  баса 

айтты.  Жəне    бұл  жылдық  жоспардың 

25  пайызын  құрап  отырғанын  қосымша 

ескертті. 

Баяндаманы мұқият тыңдаған облыс 

басшысы  келесі  кезекте  басқарма 

басшылары  мен  аудан  əкімдерінен 

игерілмеген қаржыға байланысты түсінік 

берулерін  талап  етті.  Мұндай  сəтте 

əкім  қаралардың      жаттанды  жауапты 

жатқа  соғатыны    бесенеден  белгілі 

нəрсе.  Сондықтан,  атқамінерлеріміздің 

ақталған 

 

сылтауларын 



тізбектеп 

қайтейік. 

Əйтеуір,  барлығының 

«екі  желеу,  бір  сылтауы»  құрылысы 

бітпеген  мектеп,  балабақша,  медицина 

мекемелері,  құбыры  тартылмаған  ауыз 

су,  жөнделмеген  көшелер,  қосалқы 

бөлшегі 


табылмаған 

қондырғыларға 

қатысты болды. Алайда, аймақ басшысы 

мұндайлардың  ісін  бір-ақ  ауыз  сөзбен 

қайырды. Яғни, Кəрім Нəсбекұлы барлық 

əкімдер  мен  басқарма  басшыларына 2 

ай 15 күннің  ішінде  бюджет  қаржысын 

толықтай игеруді міндеттеді. Егер қаржы 

игерілмей  жатса,  жауаптылар  жазасыз 

қалмайтынын қатаң ескертті.

Күн  тəртібіндегі  келесі  мəселеде 

ағымдағы  жылдың  салықтық    түсімдері 

талқыға 

түсті. 


Баяндама 

жасаған 


облыстық 

салық 


департаменті 

басшысының 

орынбасары 

Мəди 


Базаровтың сөзіне сүйенсек, тоғыз айдың 

қорытындысы бойынша 37,6 млрд. теңге 

салықтық  түсім  түсіпті.  Алайда,  бұл 

жоспарлы көрсеткіштен 1,0 млрд. теңгеге 

кем  орындалып  тұр.  Ал,  республикалық 

бюджеттің  болжам  салығы 12,5 млрд. 

теңге  болса,  бұл  бағытта 1,3 млрд. 

теңгеге түсім  кем түскен. 

Салықтық  түсімге  салғырт  қараған 

аудандардың  ішінде  Шу  ауданы  көш 

бастап  тұр.  Мұнда    жылдық    жоспар  

2551,0  млн.  теңге  болып  белгіленсе,  

қазір салық түсімі  35,2 млн. теңгеге кем. 

Сондай-ақ,  Жуалы,  Қордай,  Т.Рысқұлов, 

Мойынқұм    жəне  Тараз  қаласы  да 

жоспарлы  салық  түсімін  орындамаған. 

Бұл  мəселеге  қатысты    өңір  басшысы 

тиісті  мекемелерге  нақты  тапсырмалар 

жүктеп,  жіті  бақылауларына  алуды 

міндеттеді. 

Есеп

1530 тұлғаға қатысты 1319 қылмыстық іс қаралды



Облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы 

жылдың  алғашқы  тоғыз  айын  қорытындылап,  журналистерге  есеп  берді.  Сондай-ақ,  осы 

күні аталған сотта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттерімен 

ашық есік күні ұйымдастырылды.

Аталған басқосуға Жамбыл облыстық сотының 

қылмыстық  істер  жөніндегі  апелляциялық  сот 

алқасының 

төрайымы 

Ғазиза 


Мұсабекова, 

азаматтық 

жəне 

əкімшілік 



істер 

жөніндегі 

апелляциялық  сот  алқасы    төрағасының  міндетін 

атқарушы  Оспан  Мамытбеков,  облыстық  соттың 

судьясы,  БАҚ-пен  өзара  іс-қимылды  үйлестірушісі 

Гүлнара 


Сыздықова, 

сондай-ақ 

қалалық, 

ауданаралық 

мамандандырылған 

соттардың 

төрағалары қатысты. О. Мамытбековтың айтуынша  

2014  жылдың  тоғыз  айында  облыс  соттарына 27 

275 талап арыз түсіп, соның 23 087-сі сот өндірісіне 

қабылданған. Сондай-ақ, ол 15 894 азаматтық істер 

бойынша шешім шығарылғанын тілге тиек етті. 

Ал,  Ғ.Мұсабекова    соңғы  тоғыз  айда 1530 

тұлғаға  қатысты 1319 қылмыстық  іс  қаралғанын 

тілге  тиек  етті.  Оның  айтуынша, 2013 жылы 

осы  уақыт  аралығында 1381 қылмыстық  іс 1635 

тұлғаға  қатысты  қаралған  болатын. «Сол  сияқты 

апелляциялық  тəртіппен  аудандық  жəне  оған 

теңестірілген  соттардың 662 тұлғаға  қатысты 590 

үкімі мен қаулысы қаралды. Өткен жылы 642 тұлғаға 

қатысты 565 іс  қаралғанын  айтты.  Бірінші  сатылы 

соттың  «Медиация  туралы»  Заңын  қолданып, 

кəсіпқой  жəне  кəсіпқой  емес  медиаторлардың 

көмегімен 186 азаматтық  іс  сот  өндірісінен 

қысқартылды.  Сол  сияқты 20 азаматтық  іс  Тараз 

қалалық  сотында  сот  медиациясымен  бітімге 

келді.  Сондай-ақ,  медиаторлардың  көмегімен 156 

қылмыстық іс қаралған.

С. ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ТАҒАЙЫНДАУ

Жамбыл  облысы  əкімінің 

2014  жылғы 13 қазандағы  № 

429-ө  өкімімен  Жамбыл  облысы 

əкімдігінің 

кəсіпкерлік 

жəне 

индустриалды-инновациялық 



дамыту басқармасының басшысы 

болып 


Алмас 

Өскенбайұлы 

Мəдиев тағайындалды.

Алмас 


Өскенбайұлы 

Мəдиев 1972 жылы  туылған, 

ұлты  қазақ,  білімі    жоғары. 1994 

жылы  Жамбыл  жеңіл  жəне 

тамақ  өнеркəсібі  технологиялық 

институтын «Инженер-экономист» 

жəне 2000 жылы  Қ.А.Ясауи 

атындағы  халықаралық  Қазақ-

Түрік  университетін  «Құқықтану» 

мамандықтары бойынша бітірген

Еңбек  жолын 1994 жылы 

Жамбыл 


технологиялық 

институтында  оқытушы  болып 

бастаған.

1997-2003 жылдары Жамбыл 

облысы 

əкімінің 



көмекшісі,  

Жамбыл 


облысы 

экономика 

басқармасының 

жетекші 


маманы,  Жамбыл  облысы  əкімі 

аппаратының  əлеуметтік  қорғау 

жəне қаржы бөлімінің меңгерушісі, 

2003-2009  жылдары  Жамбыл 

облысы  əкімдігінің  экономика 

жəне 


бюджеттік 

жоспарлау, 

кəсіпкерлік 

жəне 


өнеркəсіп 

басқармаларының 

бастығы,             

2009-2014  жылдары  «Оңтүстік» 

ƏКК»  ҰК-ның  қаржы  директоры, 

атқарушы  директоры,  басқарма 

төрағасының 

орынбасары, 

«Қазақстан инвестициялық қоры» 

АҚ-ның  қаржы  департаментінің 

директоры, «Павлодар»  ƏКК»                   

АҚ-ның 


басқарма 

төрағасы 

қызметтерін атқарған. 

ƏУЛИЕАТАНЫҢ ƏЛЕУЕТІ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

1-бетте

Олар – шағын  су,  күн  жəне  жел 

электрстансалары.  Бұл  салаға 25 млн.  АҚШ 

доллары  көлемінде  инвестиция  тартылды. 

Жалпы, өңірдің жаңғырмалы энергия көздерінің 

қуаттылығын 400 МВт-қа  жеткізуге  мол 

мүмкіндігі бар. Ал, тартылатын инвестиция 

көлемі 800 млн.  АҚШ  долларын  құрамақ.  Бұл 

жобалардың  барлығы  толығымен  жүзеге 

асқан  шақта  жаңғырмалы  энергия  көздерінің 

қуаты  облыстың  қажеттілігінің 40 пайызын 

құрайтын болады. 

Облысқа  биылғы  жылы 131 млрд.  теңге 

көлемінде инвестиция тартылды. Бұл өткен 

жылдың  осы  кезеңімен  салыстырғанда 6,3 

пайызға  жоғары.  Біз  алдағы  уақытта  да 

инвестиция  тарту  жұмыстарын  белсенді 

түрде  жүргізуді  басты  назарда  ұстайтын 

боламыз. 

Өйткені, 

өңірге 

инвестиция 

тартуды – қарқынды  дамудың  табысты 

кілті,  экономикалық  өркендеудің  кепілі    деп 

білемін.  Біздің  облыста  бұл  мақсатта  жыл 

сайын 

«Тараз-Инвест» 

инвестициялық 

форумын  өткізу  дəстүрі  қалыптасты.  Тек 

қана, жоғарыда тоқталған салалар бойынша 

облысқа 2020 жылға  дейін 1,2 трлн.  теңге 

инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыс бюджетінің өзіндік 

кірістерін  ұлғайту  бойынша  да  жұмыстар 

атқарылуда.  Сегіз  айдың  қорытындысы 

бойынша  жергілікті бюджет кірісі 24,0 млрд.

теңге  болып,  жоспар 104%-ға  орындалды. 

Жалпы,  жыл  соңына  дейін    түсім 38,0 млрд.

теңгені  құрайды  деп  күтілуде,  бұл 2009 

жыл  деңгейінен 2,3 есе  артық.   Біз  өзіндік 

кірістерді 2020 жылға  қарай  тағы  да 2 есе 

арттыруға  мақсат  қойып  отырмыз.  Бұл 

облыс  бюджетіндегі  дотация  үлесін 48 

пайыздан 35 пайызға  дейін  төмендетуге 

мүмкіндік  береді,  –  деген  облыс  əкімі  Кəрім 

Нəсбекұлы  өңірдің  құрылыс  саласын  да  тілге 

тиек етті. 

– 

Үстіміздегі 

жылы 

құрылыс 

жұмыстарының  көлемі 1,3 есеге  артып, 38 

млрд.  теңгені  құрады.  Биылғы  жылы  жалпы 

200-ден  астам  нысандардың  құрылысын 

жүргізу  мен  жаңғыртуға 39 млрд.  теңге 

қарастырылған.  Ал, «Қолжетімді  тұрғын 

үй–2020»  бағдарламасы  өңір  тұрғындарын, 

əсіресе  жас  отбасыларын  баспанамен 

қамтамасыз  ету  мəселесін  шешуге  үлкен 

ықпал  етіп  отыр.  Осы  бағдарлама  аясында 

облыста 2020 жылға  дейін 2,8 млн.шаршы 

метр тұрғын үй ел игілігіне берілетін  болады.

Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықты 

жаңғырту 

бойынша 

үстіміздегі 

жылы 

604  млн.  теңгеге 32 тұрғын  үйге  жөндеу 

жұмыстары  жүргізілуде.  Сонымен  қатар, 6 

инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым 

нысандарына 1,9 млрд.  теңге  қаржы  бөлінді. 

Мұнымен  қатар,  облыста  ауылдық  елді 

мекендерді газдандыру мəселесін де барынша 

дамыту  көзделуде.  Мысалы, 2010 жылы 

аймақтың 79 елді  мекені  табиғи  газбен 

қамтылған  болса, 2014 жылдың  соңына 

дейін  олардың  саны 150-ге  жеткізіледі.  Ал, 

«Ақ  бұлақ»  бағдарламасы  шеңберінде  осы 

жылы 8,5 млрд. теңгеге 27 ауыз сумен қамту 

жəне  кəріз  желілері  нысандарын  салу  мен 

жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына 

дейін  тағы  да 16 нысанды  пайдалануға  беру 

жоспарланып  отыр.  Нəтижесінде,  ауыл 

тұрғындарының 77,3 пайызы  таза  суға  қол 

жеткізеді.  Мемлекет  басшысының  берген 

тапсырмасына  орай  таза  ауыз  сумен 

қамтылған  ауылдық  елді  мекендер  санын 

2020  жылы 80 пайызға  жеткізуді  жоспарлап 

қойдық, – деді К.Көкірекбаев.

Баспасөз  мəслихаты  барысында  аймақ 

басшысы  облыс  аумағынан  өтетін  «Батыс 

Еуропа – Батыс  Қытай»  автожолы  туралы  да 

сөз етті.  

–  Жақында  ғана  «Батыс  Еуропа-

Батыс  Қытай»  автодəлізінің  Қордай  асуын 

айналып  өтетін  «Көкқайнар – Отар»  бөлігі 

пайдалануға  берілді.  Өздеріңіз  білетіндей, 

Қордай асуы қыс мезгілінде жол қозғалысына 

үлкен қиындықтар тудыратын асу болатын. 

Жалпы,  Жамбыл  облысы  аумағынан  өтетін 

бұл  жолдың  ұзындығы 495 шақырым,  оның 

375  шақырымы  бірінші  санатты,  қалған 120 

шақырым  екінші  санатты 2 жолақты  жол. 

Бұл  жолдың  құрылысын  алдағы 2015 жылы 

толықтай  аяқтау  көзделіп  тұр, – деген 

облыс басшысы екі мың жылдан астам тарихы 

бар  көне  Тараз  шаһарында  жүргізіліп  жатқан 

археологиялық  қазба  жұмыстары  жайлы  да 

баяндады. 

–  Соңғы  жылдары  өңірде  туристік 

кластерді  дамыту  үшін  Тараз  қаласы 

орталығында 

археологиялық 

қазба 

жұмыстарын 

жүргізуді 

қолға 

алдық.  

Мақсатымыз – екі мың жылдан астам тарихы 

бар  «Ұлы  Жібек  жолы»  бойына  орналасқан 

ежелгі  Тараз  шаһарының  өткен  тарихын 

ұлттық құндылыққа айналдыру, «Көне Тараз» 

археологиялық саябағын құру.

Қазіргі уақытта бұл жобаға байланысты 

тиісті  құжаттамалар  дайындалу  үстінде. 

Жоба  іске  асырылған  жағдайда  жүздеген 

жаңа  жұмыс  орындарын  ашу  жəне  өңірге 

келетін  туристер  санын 4 есеге  арттыру 

көзделуде.  Жалпы,  бұл  мақсатқа 2014-2017 

жылдары облысқа 43 млрд.теңге инвестиция 

тартылмақ.  Бұйырса, 2017 жылы  елімізде 

өтетін 

ЭКСПО 

халықаралық 

көрмесі 

шеңберінде  Таразды  шетелдік  туристер 

келіп көретін, оның терең тарихымен жақын 

танысатын  қалаға  айналдырсақ  деген 

ойдамыз. Осындай игілікті істі іске асыру үшін 

біз республикалық бюджеттен де үлкен көмек 

жəне  тиісті  қолдау  күтіп  отырмыз.  Анығын 

айтқанда,  жер  телімдерін  мемлекеттік 

меншікке қайтару, қазба жəне қалпына келтіру 

жұмыстарына, тарихи-мəдени орталық жəне 

инженерлік  инфрақұрылым  құрылыстарына 

4,5  млрд.  теңгеден  астам  қаржы  қажет,  – 

деді облыс əкімі. 

Басқосу 

барысында 

БАҚ 

өкілдері  



əлеуметтік  саланың  дамуы,  балаларды 

мектепке дейінгі біліммен қамту жəне  апатты 

жағдайдағы мектептердің мəселесінен де жан-

жақты хабардар болды. Ал, брифинг соңында  

облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев  киелі Əулиеата 

өңірінің  əлеуметтік-экономикалық  əлеуеті  жыл 

өткен сайын артып келе жатқандығын, осыған 

орай,  облысты  дамыту  мақсатында  алда 

тұрған жауапты кезеңдер мен межелі міндеттер 

аз  емес  екендігін,  енді  осыларды  орындауда 

облыста  барлық  мүмкіндіктер  жасалғанын 

шегелеп айтты.  

Облыс  əкімінің  баяндамасынан  кейін 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері 

өздерін  толғандырып  жүрген  сұрақтарын 

қойып, тиісті жауаптарын алды.  

ЖАСТАРДЫ ЖАТ АҒЫМНАН АРАШАЛАУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЙСЫ?

1-бетте


Бүгінгі  таңда  жастар  арасында  алаңда  ушылық 

тудырып  отырған  мəселе  білімгерлердің  дəстүрлі 

емес  ислам  ағымына  көптеп  кіруі  болып  отыр. 

Өйткені,  ҚР  «Білім  туралы»  Заңының 47-бабының 

14-тармағына 

сəйкес 

білім 

алушылар 

мен 

тəрбиеленушілер  ішкі  тəртіп  ережелерін  сақтауға, 

білім  беру  ұйымының  жарғысында  жəне  білім  беру 

қызметтерін көрсету туралы шартта көрсетілген 

басқа  да  талаптарды  орындауға  міндетті.  Алайда, 

соған қарамастан студенттер арасында теріс діни 

бағыттар ұстап, хиджаб киетін 21 азамат кездесіп 

отыр.  Нақтырақ  айтсақ,  Жамбыл  гуманитарлық 

колледжі,  Ақпараттандыру,  байланыс  жəне 

технологиялық колледжі жəне №1 колледжде хиджаб 

киетін  бір-бірден  студент  бар.  Сондай-ақ,  Жамбыл 

медицина  колледжінен 2-еу, «Болашақ»  колледжінен 

3-еу, Тараз техника-бизнес колледжінен 4-еу, «Аспара» 

мəнерлік  өнер  жəне  бизнес  колледжінен 9 білімгер 

жат  ағымның  жетегінде  кеткен, – дейді    Сұлушаш 

Құрманбекова.

Білім  басқармасы  басшысының  айтуынша,  жат 

ағымның жетегінде кеткен 36 студенттің 70 пайызының 

ұлты қазақ. Ал,  қалған 30 пайызы өзге ұлт өкілдері екен. 

Сондай-ақ,  аталған  студенттердің 84 пайызы  толық 

жағдайы бар орташа отбасында тəрбиеленсе, ал қалған 

16  пайызы  толық  емес  отбасының  балалары.  Осы 

деректерді алға тартқан  басқарма басшысы «Жастар 

жаппай  жат  ағымның  жетегінде  кетпеу  үшін  олардың 

ата-аналарымен  қоян-қолтық  жұмыс  жасау  керек», – 

деп шегеледі. Өйткені, білім беру мекемелерінде діни 

экстремизмнің  алдын  алуға  бағытталған  жұмыстар 

жүргізілгенімен  əлі  де  болса  жастарды  дəстүрлі  емес 

діни ағымдар алдап, арбап отыр. 

Сондай-ақ,  кеңес  отырысында  облыс  əкімдігі  дін 

істері басқармасының  басшысы  Серғали Айдапкелов 

баяндама жасады. Ол өз сөзінде басқарма тарапынан 

атқарылып  жатқан  жұмыстар  туралы  жан-жақты 

айтып  өтті.  Серғали  Өмірзақұлының  айтуынша  діни 

əдебиеттердің  емін-еркін  сатылуына  кедергі  келтіру 

керек.  Өйткені,  құқық  қорғау  органдары  облыс 

аумағында  заңсыз  діни  əдебиет  таратып  жүрген 

бірнеше  азаматты  ұстаған.  Ал,  бұл  өз  кезегінде 

жастарды  теріс  ағымның  жетегінде  кетуіне  түрткі 

болады.  Қорыта  айтқанда,  жастарды  жат  ағымнан 

арашалап, насихат жұмыстарын күшейту керек.

Донор бол!

ҚАН ТАПСЫРУ – ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛАҒАНМЕН БІРДЕЙ!



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал