Жолдау жүзеге асуда Насихат тобы кент студенттерімен



жүктеу 449.48 Kb.

бет4/4
Дата16.01.2017
өлшемі449.48 Kb.
1   2   3   4

3. Инженер-геотехнолог

Білімі: жоғары, 

Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 3

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы



4. Химиялық сараптама лаборанты

Білімі: жоғары немесе орта кəсіптік білімнің болуы

Бейорганикалық химияның негіздерін өте жақсы

білуі


Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 1

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы



5. Қойма меңгерушісі (уақытша орын)

Білімі: жоғары немесе орта кəсіптік білімнің болуы

Бухгалтерлік есепті өте жақсы білуі

1С программасы

Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 2

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы



6. Қоймашы

Білімі: орта кəсіптік білімнің болуы

Бухгалтерлік есеп негіздерін білуі

1С программасы

Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 1

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы



7. Көлік жүргізушісі

Жүргізу куəлігінің болуы

Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 5

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы

Бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме, мəліметтер

Бұрынғы жұмыс орындарында атқарған қызметтері

туралы ақпаратты қамтыған түйіндемені KAmanova@se-

myzbay-u.kz электрондық мекен-жайға 2015 жылдың 12

ақпанына дейін жіберуге болады.

"Семiзбай-U" ЖШС-не төмендегідей қызметкерлер қажет

Жер 

сатылады

Бәйгеқұм ауылы, Көл жаға -

сында саяжайлық 13 сотық жер

телімі (бизнеске қолайлы) саты-

лады. Көл жағасы 30 метр, құ -

жаттары толық, Асан-ата көше -

сінде, ГРП саяжайымен қатарлас

жерде орналасқан. Нақты бағасы

2,1 млн. теңге. 

Ұялы: 87755281562.

***

Шиелі кенті, Байсын көше 



-

сінде үлкен үй салуға фундаменті

құйылған жер телімі тез арада

сатылады. Жер көлемі 12 сотық.

Бағасы келісім бойынша. Хабар-

ласу телефондары:

87077997786, 87059644455.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шиелі ауданы және ауылдық

округтерінің тұрғындары назарына.

Шиелі ауданының маңызы бар су

айдындарымен және каналдардың

мұз үстінде көліктермен және жаяу

жүрмеулеріңізді ескертеміз. Мұз

ойылып кетіп, төтенше жағдайлар

орын алуы мүмкін.

«Шиелі  орман  және  жануарлар

дүниесін  қорғау  жөніндегі мем-

лекеттік мекемесі» коммунал -

дық мемлекеттік мекемесі.


Газет редакцияныѓ компьютер

орталыѕында терiлiп, беттелiп, 

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында

басылды. Ћызылорда ћаласы, 

Бейбарыс Сџлтан к шесi, №4.

Тел: 8(7242) 40-06-68.

Таралымы 5752.

Тапсырыс №109.

Газет Ћазаћстан Республикасы Байланыс ж

әне аћпарат агенттiгiнде 

19.06.2014 ж. ћайта тiркелiп, №14410-Г куќлiгi берiлген.

Газет ќр аптаныѓ сќрсенбi, сенбi кљндерi шыѕады.

Ћолжазбалар  ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.

Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi. 

Телефондар: 

Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -44-6-22

Бас редактордыѓ орынбасары - 44-7-32

Жауапты хатшы, есепшi 

Факс -44-9-07.

Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Яссауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru



Бас директор 

Аманжол ОЃЅАРБАЕВ

Шиелi аудандыћ 

“ скен  ѓiр” газетiнiѓ редакциясы

Бас редактор

Алтай АЙЫП

Меншiк иесi: 

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

4

4

№9 (8259)  04.02.2015 жыл 

Қазақта, «Ел ағасыз, тон жа -

ғасыз болмайды» деген ұла 

-

ғатты сөз бар. Сол салмақты



сөздің көрінісі ретінде, осы ауыл

үшін, ел игілігі үшін барлық күш-

жігерін, білімін ауылымыздың

жақсы болуына аямай жұмсаған

қадірлі ақсақалымыз, батагөй

ағамыз Әбдіқадыров Сансыз-

бай жайлы сырымызды, пікірі-

мізді аудан газеті «Өскен өңір»

арқылы білдіргіміз келді.

Ағамыз Әбдіқадыров Сан-

сызбай 1927 жылы 18 ақпанда

Жуантөбе ауылсоветіне қарас -

ты «Қызылдихан» колхозында

қарапайым шаруа жанұясында

дүниеге келді. 1935 жылы «Қы -

зыл дихан» бастауыш  мектебіне

оқуға барып, 1938-1939 жыл-

дары 4 сыныптық білім алып

шы ғады. 1939-1940 жылы Тар -

то ғай 7 жылдық мектебінің 5-

сыныбын, одан кейін «Алғабас»

7 жылдық мектебінің 6-сыныбын

бітіреді. Одан кейін жанұя жағ -

дайына байланысты оқи алмай

қалып, тек 1943-45 оқу жылын -

да К.Е.Ворошилов атындағы

мектептің 7-8- сыныбын тәмәм -

дайды. Ал 1941 жылдан колхоз

жұмысына араласып жүріп,

1949 жылы 20 желтоқсанда,

К.Е.Ворошилов атындағы 7

жыл дық мектептің бастауыш

сыныбына мұғалім болып жұ -

мысқа орналасады. Мұнан соң

1959 жылы К.Е. Ворошилов мек -

тебінің оқу ісінің меңгерушісі бо-

лады. Ол 1950 жылдың мамыр

айынан  әскерге алынып, 1953

жылдың желтоқсан айына дейін

Отан алдындағы борышын абы-

ройлы атқарды. Әскер қатарын -

да «Взвод командирінің көмек -

шісі», «Рота старшинасы» бо -

лып қызмет атқарады. Әскери

шені - аға сержант. 1953 жылы

16 желтоқсанда елге оралып,

1954 жылы қаңтар айының

жиырмасынан К.Е.Ворошилов

атындағы 7 жылдық мектебіне

орыс тілі пәні мұғалімі болып

жұмысқа орналасады. 1956 жы -

лы Ақтөбе педагогикалық учи-

лищесін бітіріп, диплом алады.

Жалпы ұстаздық жолы 1949

жылдан басталып, 1987 жылы

қадірлі  зейнеткерлікке шыққан -

ша жалғасты. Осы уақытқа дей -

ін мыңдаған шәкіртке білім, тә -

лім-тәрбие берді. Сансызбай

ақсақалдың тәрбиесінен сусын -

даған қазіргі күнгі ұстаздар қан -

шама. Асқақ ақсақал өнерден

де құралақан емес еді. Мектеп

атынан аудандық, облыстық

байқауларға қатысып, жүлдегер

атанып, мектеп мәртебесін

көтеріп жүрді. Ұстаздық  еткен

жылдары еңбегі еленіп, 1960

жылы аудандық оқу бөлімінің

мадақтамасымен, 1969 жылы

облыстық құрмет грамотасы-

мен, 1986 жылы шілдеде оқу бө -

лімінің №796 бұйрығы бойынша

«Аға мұғалім» деген атақ бе-

рілді.

Сансызбай ағамыз 1966 жы -



лы 8 жылдық мектептің құры -

лыс материалдарын өзі әкеліп,

ба сы-қасында жүріп салғызады.

Қазір мектеп ауыл тұрғындары -

на пәтер есебінде берілген. Аға -

лық шағында, яғни, 1987 жылы

зейнеткерлік демалысына шық -

қаннан кейін ауылдық ақса қал -

дар алқасының төрағасы бо 

-

лып, көзі жұмылғанша ауылдың



бірлігі, игілігі үшін ауылға, хал -

қына қызмет жасады. Ардагер-

лер ұйы 

мын басқара жүріп,

аудан дық, облыстық, респуб ли -

калық ардагерлер ұйымының

шараларына бір кісідей атсалы-

сты.


Еліміз егемендік алып,

тәуел сіздік жарияланысымен,

ауыл ішінде бұрынғы Кеңестік

идеямен уланғандарды  иман -

ды лыққа үйіру мақсатында,

аудандағы белгілі кәсіпкер

Мұхамедқали Нұрсейітов інісін

үгіттеп жүріп, ауылға даңғара -

дай мешіт салғызды. Екі інісін

Қы зылордадағы Айтбай меші-

тіне оқуға жіберіп, ауылға иман -

ды лық нұрын шашуға бір кісідей

атсалысты. Ауыл жанындағы

қорымды, ауыл азаматтарының

жинаған қаржысымен тегіс ай-

нала қоршатты. Мазар басы

болып бірінші жерленген «Дос-

пан Шайық» атамызға кесене

тұрғызып, ас беруге мұрындық

болды. Бұл жасаған қызметтері

имандылық бағытындағы тірлік-

тер еді. Ал енді ол ауыл ішіндегі

тірліктерге де белсене аралас-

ты. Ел іші «телі – тентексіз» бол-

май тұрмайды. Жанұялық

кикілжіңдер, арақ ішіп төбелесіп

қалу, бірлі-жарым мал ұрлығы

сияқты келеңсіз тірліктерге ара-

ласып, ішкі істер бөліміне жібер-

мей, жөнге салу, түсіндірме

жұмыстарына, кінәлі жандарды

ел алдына шығарып ұялтып,

қатесін мойындатып, түзелуге

уәдесін алып, ақыл-кеңесін бе-

руде талай оң өзгерістердің

болғанына осы ауыл куә. Ауыл

тұрғындары аудан орталығына

қатынау үшін екі бағытта көлік

жүргіздіру, көшелерді аралату

ағамыздың игі істері болатын.

Ағамыздың азаматтық істерін

айта берсек аз емес. Соның бірі

төмендегідей өрбиді.

Қазақстанда «мал басын 50

миллионға жеткізу керек» деп

Л.И. Брежнев айтуы мұң екен,

реформалар қабылданып, кол-

хоз-совхоздарды ірілендіріп,

мал бағатын совхоздарды бір

бөлек, күріш колхоздарды бір

бөлек ірілендіру саясаты жүрді.

Бұрынғы ауыл-ауылдағы мал-

дар топтастырылып, бір совхоз -

ға берілді. Сондай совхоздың

бірі-«Қызыл дихан» бөлімшесі,

Телікөл қой совхозы болып құ -

рылды. «Қы зылдихан» ауылы -

ның бұрынғы күріш егіп жүрген

2000  гектар жері Алғабас пен

Бестамға беріліп кетті. Жекеше-

лендіру кезе 

ңінде істің көзін

таба алмай әр түрлі әрекеттер

қылып, оң нәти же таба алмаған

сол кездегі басшылар малдың

бәрін бартерге беріп тауысты.

Енді егін егейін десек жер жоқ,

500 га. инженерлік жүйеге келті-

рілген жері болмаса, инвестор

келмеді. Ауыл өлі ауылға ай-

налды. Сол кезде Сансызбай

Әбдіқадыров ағамыз, ел аға -

лары мен ақыл дасып, «сол кет-

кен жердің ең болмаса 1000

гектарын қайта рып алуға әрекет

жасайық» деп, аудан, облыс

басшыларына шығып көрді,

нәтиже болмады. Заң бойынша

«ол жерлер әрбір азаматтың

пай үлесіне есептеліп кеткен,

енді ол жерлерді қайтару мүмкін

емес» деген жауаптар алынды.

Сәкең мұнымен тынбады. Елба-

сына шағым жазып, Астанаға

кетті. Бір апта Ақорда есігін

күзетіп, Елбасына кіре алмады.

Сосын, премьер министр

Қасымжомарт Тоқаев 

қа кіріп,

мән-жайды толық баяндап

шықты. Қ.Тоқаев түсінді, бірақ

Заңды өзгертуге әзір дай 

ын

еместігін, сіздерге жәрдем беру



үшін облыстық әкімгершілікке

хат жолдайтынын айтты. 

Облыстан арнайы келген ко-

миссия: «Әзір Заң өзгерген жоқ,

күте тұруларыңыз керек, ал енді

күріш немесе басқа егіс түрлерін

егумен айналысатын болсаңыз -

дар мына кісілер жер бөліп бе-

реді,» - деп сол кездегі Алғабас

пен Бестам ауылының басшы-

ларын ертіп келіп уәдесін ал -

дық. Ойлап қарасаңыздар сек -

сеннен асқан шағында ауыл тір-

лігі үшін соншама жер жүріп,

соншама басшылармен кезде-

сіп, шырылдасып жүріп ауыл

жағдайын жасауға ұмтылған

Сансызбай ағамызды қалайша

марапаттамаймыз, қалайша

мақтамаймыз. Еліне қорған бол -

ған, сыртқы жауға қасқая шап -

қан қас батырдан қай жері кем?

Ағамыз Ұлы Отан соғысына

қатысушылармен теңестіріліп,

«1941-1945 жылдардағы соғыс

ардагері» белгісі тапсырылған.

Ұлы жеңістің 50, 55, 60, 65 жыл -

дық мерейтойлық медальдары -

ның иегері. 1987 жылы «Еңбек

ардагері» медалімен марапат -

талған. Қызылорда облысының

дамуына үлес қосқаны үшін

«Қызылорда облысына 70 жыл»

медалін алды.

Әр ауылдың бетке ұстары,

жол көрсетушісі, ұйытқысы бола

білген азаматтары болады. Он -

дай кісілерді бұрынғы заманда

ауыл биі санаған. Сансызбай

ағамыз сондай кісілердің біре-

гейі болатын. Сансызбай ағай -

дың қара қылды қақ жарған

әділдігі, «туғансыз» туралығы,

шешендігі көпке үлгі, ұрпаққа

сабақ. Мұны ауылдың үлкен- кі-

шісі  тегіс біледі десек артық

емес. Ал енді, осындай кісілерді

танып білу үшін, келешек ұрпақ -

тың біліп өсуі үшін әр жерлерде

ардақтысын ардақтап, белгі

қой ып, көше атын беріп жатқа -

нын көріп-біліп жүрміз. Ағамыз -

ды мәңгі есте қалдыру үшін

ауыл тұрғындары, ақсақалдары,

зиялы қауымы болып, Ә.Тәжі -

баев ауылынан 2015 жылы

құрылысы басталып соғылатын

жаңа білім ордасына Әбдіқа -

дыров Сансызбайдың есімі бе-

рілсе екен дейміз. Ел үшін, ауыл

үшін еңбек етіп еш өтеуін қа -

жетсінбеген, ұсынған марапат-

тан да бас тартқан ағамыздың

«атағы» аз деп кемшін тұс  таба-

тындар да табылар. Бірақ, ар -

дақ тұтар ағамыздың бейнесі

ауыл дастарына - әрқашан биік,

бірінші тұлға. Бұл ісіміз ардақ -

тыға жасалған құрмет  деп біле-

міз. Сөзімізді қорыта келе, осы

ойымызды  бүкіл ауыл тұрғын -

дарының өтініші деп қабылдап,

осы өтінішпен санасулары ңыз -

ды сұраймыз.



Махмут ӘЛИЯКБАРОВ, 

Серікбай АЛДАНАЗАРОВ,

Қалышбек ПІРІМБЕТОВ,

Шәмен ӘЛЖАНОВ,

еңбек ардагерлері, 

зейнеткерлер. 

Әбділда Тәжібаев ауылы.

Қаңтар айының 28 жұлдызында Шиелі индустриалды-аграрлы

колледжінде І-ІІ курс студенттері және инженер-педагог қызметкер -

лері мен құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу бой-

ынша 2015 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қолданыстағы

заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы

түсіндіру мақсатында жиын болып өтті. 

Жиынның басында колледж директоры М.Дүйсенов өз сөзінде

жалпы колледж студенттеріне кездесудің мақсатын түсіндіре отырып,

қазіргі таңда құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу

бойынша заңнамаларға жаңадан өзгерістер мен толықтырулар енгі-

зілгендігін айта отырып, бүгінгі кездесу кешіне АІІБ ЮПТ-ның маман-

дары және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

қатысып отырғандығын айтып, студенттер тарапынан толғандырған

сұрақтар болса қойып, жауап алуларына болатынды ғын ескертіп,

кездесу кешін ашып берді. Шығып сөйлеген Шиелі АІІБ-нің  ЮПТ-нің

аға инспекторы, полиция капитаны Абай Мәдиев өз сөзінде 2013-

2014 жылдың қорытындысымен таныстырып, жалпы құқық бұзушы -

лық ты көбіне студенттердің жасайтындығына тоқтал ды. Бүгінгі таңда

2015 жылға 4 қылмыстың тіркелгендігін айта оты-рып, қазіргі таңдағы

заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толық - тырулар бойынша

түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеге шықпау,  мейрамхана, ойын-сауық

орындарына бармау керектігі ескертіліп жатса да, көп студенттердің

құлақ аспай, көшеде түнгі уақытта жүруі тый-ылмай отырғандығын

айтып, жаңа заң бойынша түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрген

жағдайда ұсталып, хаттама толтырылып, сотқа жолданатындығын

айтты.Соңғы кездері жасөспірімдер арасында бұзақылықтың көбейіп

бара жатқандығын айтып, топ-топ болып төбелеске шығуға дайын

тұратын студенттерге бұзақылықтың қылмыс екендігін түсіндірді.

Бұзақылық жасап, жалпы құқық бұзушы лық орын алған жағдайда

хаттама толтырылып, тізімдік есепке алынатындығын және тізімдік

есептен шықса да келешекте алдынан шыға беретіндігін, жанұялары -

на да зияны тиетіндігін қатаң ескертті. Жалпы студенттерге құқық

бұзушылыққа жол бермей, білімдерін шыңдап, мамандықтың иесі

болуларына тілегін білдірді. Келесі сөз кезегін алған колледждің учас-

келік полиция майоры Жанәбіл Бекжанов қазіргі таңда әкімшілік

заңдылықтарға енгізілген өзгерістер бой-ынша ішімдік ішіп, темекі

шегіп ұсталса, қоғамдық орындарда  шемішке шағып ұсталса төлене -

тін айыппұл мөлшерімен таныстырды. Шығып сөйлегендерге сту-

денттер өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тиісті

жауаптарын алды. 

Дәл осындай мақсатта қаңтар айының 31 жұлдызында «Бала

тәрбиесі – баршамызға ортақ» атты колледжішілік студенттердің ата-

аналарымен кездесу жиыны өтті. Жиын колледж студенттері әзірле -

ген концерттік бағдарламамен басталды. Әндер айтылып, күйлер

ойналып, студенттердің тәрбиесі жөнінде көрініс қойылды. Онда күн

тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша колледж директорының оқу-

тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұлов 2014-

2015 оқу жылының І жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп

берді. Ол өз баяндамасында осы уақыт ішінде ұжымның жеткен же-

тістігі жөнінде айтып, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116

қаулысына сәйкес колледж бойынша 440 студенттің  «өте жақсы»,

«жақсы» деген бағамен үлгерім көрсеткішін көрсеткенін, 302 сту-

дентке  мемлекеттік шәкіртақы тағайындалғанын, оның ішінде «өте

жақсы» деген бағада білім деңгейлерін көрсеткен студенттердің аты-

жөндерін, колледжден 7 студенттің түрлі себептермен шығарылғанын

атап кетті. Колледж студенттерінің арасында құқық бұзушылықтың

алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға ішімдік, темекі

өнімдерін сатуға, олардың түнгі мезгілде ,яғни, 23.00-ден кейін көңіл

көтеру орындарында жүруіне тыйым салу бағытында Шиелі АІІБ

ЮПТ-ның учаскелік бөлімімен  және колледждің инженер-педагог

қызметкерлерінің кезекшілік кестесі бойынша педпатруль жұмысы -

ның жоспары құрылып, ай сайын мәліметтердің салыстырылып, жа-

уапты қызметкерлердің рейдке  уақытылы шығуының нәтижесінде

қазіргі таңда есепте тұрған студенттер жоқ.

Бүгінгі таңда колледжде «Қазақша күрес», «Баскетбол», «Волей-

бол», «Футбол», «Стол теннисі», «Көркемөнерпаздар» үйірмелері

және «Жас талап» тілшілер клубы, «Сырласу» қыздар клубы, «Жас

қыран» әскери - патриоттық тобы жұмыс жасайды. Бір айта өтетін

жайт, колледждің жас спортшылары республика көлемінде өтіп

жатқан турнирлерден жүлделі орындармен оралуда. Атап айтсақ,

Қанаділ Райымбек, Аббасов Әбунасыр, Абдулла Шойынбай, Сейіт-

хан Бағлан, Нұрбек Жүсіпбек.

Тағы да жүйелі жұмыстарын жүргізіп жатқан үйірмелердің бірі -

көркемөнерпаздар үйірмесі. Үйірме жетекшісі А.Қалекеев студент-

терге домбыра аспабын насихаттау, үйрету арқылы, жастарды ру-

хани тәрбиелеу, ұлттық үрдістерімізді олардың бойына сіңіру, өнерге

деген қызығушылығын арттыру мақсатында домбыра үйірмеcін

ашып, қазіргі таңда  үйірмеде 15 студент жұмыс жасауда.

Колледже алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі

Д.Полатов  тың жетекшілігімен «Жас қыран» әскери-патриоттық

клубы жұмыс атқаруда, колледждегі «Арнайы тігінші» мамандығының

және тігін цехының көмегімен барлық студенттер жүз пайыз әскери

киіммен қамтамасыз етілген, клубқа қатысушы студенттер аудан

көлеміндегі әскери-патриоттық сайыстарға, әскери шерулерге

қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, аудандық марапаттауларға ие бо-

луда. 

Қазіргі таңда студенттерді оқуға тасымалдауға аудан орталы -



ғынан колледжге 3 мезгіл  №27 газель маршруты қатынап жатыр.

Сонымен қатар, жиын барысында Шиелі АІІБ-нің  ЮПТ-нің аға ин-

спекторы, полиция капитаны Абай Мәдиев ата-аналарға 2015

жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қолданыстағы заңнамаларға

енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы анық, әрі түсінікті ете

әңгімелеп берді. Сондай-ақ, жиынды жүргізіп отырған колледж

директорының өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары Галина

Жұматова тәрбие жөнінде сөздің сабағын өрбітті. 

Ал, күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни, студенттердің біркелкі

киім үлгісі жөнінде сөз қозғалғанда ата-аналар бір ауыздан құптады.

Ата-ана Сәуле Әліпбаева сөз алып, студенттердің біркелкі киім

үлгісін киюді жөн санап, колледж ұжымына балаларына сапалы білім

беріп жатқаны үшін көпшіліктің атынан алғысын айтты. Ата-аналар

өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, пікір алысты. Жиын

соңында колледждің аяжаны Гүлнар Тобағабылова қызылша ауруы

еліміз бойынша белең алып бара жатқаны, соның алдын алу

мақсатында екпе жұмыстарына қарсылық танытпағаны жөн деп, егі-

летін екпенің еш зияны жоқ, барлығы дәрігерлердің бақылауында бо-

латыны жайында түсіндіре кетті. 

Ерұлан ДАТКЕНОВ.

Сурет Қуаныш АБДИЕВТІКІ.

Шиелі аудандық ономастикалық комиссия назарына

ЕҢБЕГІ КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛСА ДЕЙМІЗ



Тәртіпке бас иген құл болмайды

Заң өзгерістері түсіндірілді

Заң өзгерістері түсіндірілді

Тәуелсіздік мерейтойының 23 жылдығы қарса -

ңында «Домбыра-қазағымның жүрегісің» атты оқу-

әдістемелік он күндігі өткізілді. Он күндік жылдық

жоспарға сай мұғалімдердің іс-тәжірибесін наси-

хаттау мен оқушыларды сахна мәдениетіне үйрету

мақсатында жүргізіліп, бірнеше үлгі сабақтар мен

домбырашы ұстаздардың класс концерттерімен

ұласып отырды.

Он күндік шымылдығы  мектебіміздің тәжірибе -

лі ұстазы, өзіндік орындаушылық шеберлігімен

шиеліліктермен қоса  1990 жылы «Жас дәурен»

ансамблінің құрамында Португалия халқына

танылған домбырашы, Тұрғанбекова Күлсін апай -

дың  «Күй сарынын арқалаған домбыра» атты лек-

ция-концертімен ашылды. Тұрғанбекова Күлсін

апайдың лекция-концертінің ерекшелігі, концерт-

тегі орындалған күйлер мен шығармалар өзі және

өзі тәрбиелеп отырған  шәкірттерінен құралған

домбырашылар ансамблінің орындауында өтті.

Шәкірттері Шамшиев Жалғас, Сәдуақасова

Назым, Ағайдарова Толқын, Әлібеков Жандаулет

бесеуі қосылып, домбыраның сырлы үнімен Секен

Тұрысбековтың «Ақ жауынын», Еспайдың  «Бес

қыздың белшешпесін», Қазанғаптың «Шынаяқ 

тастарын», Сүгірдің «Шалқымасын» шарықтата

ор ындады. Келесі кезекте домбыра аспабының

күй ден бөлек қазақ және шетел композиторлары -

ның  шығармаларын орындай алатын мүмкіндігін

дәлелдеу тұр еді. Бұл кезең де өте тартымды өтті.

Шәмшиев Жалғас шығармаларды жеке дауыста

орындаса, өзгелері оны екінші дауыста сүйемел -

деп, шығармаларды жандандыра түсті. Осылай -

ша, Кенжебек Күмісбековтың «Фараби сазы»,

по ляк композиторы Огинскийдың «Полонезін»,

Австрия ның ұлы композиторы В.А.Моцарттың

«Рондосын» нақышына келтіре орындады. Кон-

церт барысында Күлсін апай домбыраның да-

муын, әрбір күй мен шығарманың шығу тарихы мен

авторларының өмір дерегін тыңдарманға таны-

стырып отырды. Ардагер ұстаздың  жан тебірен-

тер  концерті, оқу шы ларының орындау шеберлігі

тың дарманға керемет көңіл-күй сыйлап, өзге ұс -

таздар мен оқу шыларға қызықтырарлық ой таста -

ды. Қазақтың күйші, домбырашы қызы Алтынай -

дың «Желдірмесі» домбырашылар ансамблінің

концертін тә мамдап, орындаушылар көрермен

ықыласына бөленді. Он күндік мектебіміздің Бала

би ауыл 

ындағы қосымша класының домбыра

сыныбының ұстазы Ибадуллаева Фатима апай -

дың «Өнер-өмір өрнегі» атты  класс концертіне

ұласты. Фатима апайдың әріптесі, баян сыны -

бының ұстаздары Мұсабаева Әнипаның жылы ле-

бізі мен жүргізу шілік жасаған Баетова Жазираның

өлең жолдары концерттің бастамасы болды.

Концерттік бағдарлама Фатима апайдың дом-

бырашылар ансамблінің орындауындағы Ә.Жел -

ді баев тың «Ерке сылқым» күйімен ашылды. Шә -

кірттері Сейітмағанбетова Әсел мен Балабайқызы

Жанерке Қазанғаптың «Шыныаяқ» күйін, былтыр

ғана Фатима апайдың домбыра класын бітірген,

Қызылорда қаласы “Қазанғап” атындағы музыка

колледжінің  1 курс студенті  Нұрлыбекова Жания

Махамбеттің «Өкініш» күйін шырайына келтіре

орындады. Музыка әлеміне тәй-тәй басқан 1-сы -

нып оқушылары үйренген әндерінен әндесте орын-

дады. Жеке орындауда Дүйсенбаева Гүлсезім

Мыр заның «Мереке», Балабайқызы Жанерке

Құрманғазының «Қызыл қайың серпер» күйлерін

орындап жатты. Сахнаға Фатима апайдың шәкірт -

терінің алдыңғы буыны, қазіргі таңда Қызылорда

қаласындағы “Қазанғап” атындағы музыкалық кол -

леджінің мұғалімі Жарасов Науан шыққан сәтте

тыңдарман Құрманғазы, Қазанғап, Әлшекей күй -

ле ріне құлақ құрышын қандырды. Науанға деген

ыстық ықылас тыңдарманды бей-жай  қалдыр май,

«...енді ана күйді, енді мына күйді...»,- деген көрер -

мен дер дің  сұрауына ұласты. Көрікті кеш Мәлкаж -

дар Әубәкіровтың «Наркескен» күйімен қорытын -

ды ланды. Он күндікте концерттермен қатар үлгі

сабақтар да бірінен соң бірі өтіп жатты. Мектеп

ұстаздары Ерімшеев Ғалымжан 6-сынып оқушысы

Кеңес Нұрғисамен Бәден Айсыновтың «Наурыз»

күйі, Пейсенова Нигора 4-сынып оқушы сы Мәде -

нов Нұрдоспен Құрманғазының «Кісен ашқан» күйі,

Мырзахметова Гүлнар 3-сынып оқушы сы Әшімха -

нова Сымбатпен Құрманғазының «Аман бол

шешем, аман бол» күйі, Байжанова Гүлмира 1-

сынып оқушысы Әбутәліпова Айпатшамен Дина

Нүрпейісованың «Тойбастар» күйі жайлы, Бимур-

заева Құралай 2-сынып оқушысы Бимағанбет Ме-

реймен халық күйі  «Келіншек», Райымбекова

Айгүл 3-сынып оқушысы Сапарбаев Асылмұхамед

пен Динаның «Тойбастар» күйі аясында, Маханбе-

тов Табиғат 6-сынып оқушысы Балтабай Табиғат -

пен «Музыкалық мәнерлеу әдістері» тақырыбында

түрлі үлгі сабақтар өткізді. Он күндіктің 4-күнінде

домбыра сыныбының ұстазы Пармышева Әлия

өз оқушыларымен «Домбыра-дастан» атты класс

концертін берді. Концерт ұстаздың 1-сынып оқу -

шыларынан басталып Әлия апайдың домбыра

класын бітірген, Қызылорда қаласындағы  “Қазан -

ғап” атындағы музыка колледжінің 2 курс студенті

Әлиева Маржан мен 1 курс студенті Есенова

Аружанның шеберліктеріне ұласып жатты. Кон-

церттік бағдарламада оқушылары Қонысбаева

Альбина халық күйі «Келіншекті», Битан Ақкенже

Желдібаевтың «Ерке сылқымын», Жақсылықова

Динара Моцарттың «Алегреттосын», Әбілхан Ай -

ым орыс халық әні «Ай төгеді сәулесін», Әлжанов

Думан Құрманғазының «Балбырауынын», ұстаз -

дары Әлия апай Төленовтың «Арнау» күйін нақы -

шына келтіре орындады. «Домбыраны өмірлік

серік етеміз»,- деген Маржан мен Аружан Қазан -

ғап, Құрманғазы, Құлышар, Қ.Ахмедияров,

С.Тұрысбековтердің  шығармашылығынан  сыр

шертіп, көрермен ықыласына бөленді. 

Он күндіктің 8-күні Ш.Қодаманов ауылындағы

қосымша кластың домбыра сыныбының оқыту -

шысы Есетова Күлзада апайдың «Қазағымның

қазынасы домбыра» атты класс концерті өтті. Кон-

цертті Гүлзада апайдың шәкірттері Ыхатайқызы

Ақкербез бен Кәрімова Құралай Дайрабайдың

«Дайрабай» күйімен бастап, домбырашылар

ансамблінің орындауында қазақтың халық әні

«Еркем-ай», орыстың халық әні «Во саду ли в ого-

роде» шығармалары орындалды. Рысбек Айнұр

«Қос алқаны», Ыхатай Ақкербез Құрманғазының

«Адайын» орындады. Концертте Күлзада апайдан

тәлім алған, қазіргі таңда апайларымен әріптес

жас ұстаздар Төлегенова Назерке мен Мұсыл ман -

құл Еңлік Рүстем Бейсенұлының «Ғасырлар тоғы -

сында» күйін тамашалатты. Концертті  домбыра -

шылар ансамблінің орындауындағы Желді 

-

баевтың «Ерке сылқым» күйі қорытындылады. Он



күндіктің тоғызыншы күні Сыздықова Гүлшат

апайдың «Домбыра не жайында сыр шертеді?»

атты лекция-концерті өткізілді. Лекция-концерт

Гүлшат апайдың шәкірті осы кешті жүргізуші

Жұматай Нұржайнаның биязы дауысымен тебі-

рене оқыған жыр жолдарымен басталып, домбы -

раның шығуы жайлы аңыздарға ұласты. Жүргізуші

келесі сөзді  “Қазанғап” мектебінен дәріс алған ұс -

таздарына берді. Ұстаздары Қазанғаптың шығар -

машылығы мен өмір жолын айта келе Қазанғаптың

«Домалатпай» күйін орындады.

Келесі ретте кіші сынып шәкірттері Бақытқызы

Қарақат халық күйі «Телқоңырды», Ділдабаева

Дина халық күйі «Келіншекті» орындады. Домбыра

мен  фортопиано аспабының қосылып орындай-

тын  шығармаларды  насихаттауда Каримова Ма-

дина Мәлкаждар Әубәкіровтің «Ән» шығармасын,

Жұматай Нұржайна Ермұрат Үсеновтің «Қосбаса -

р ын», Файзулла Фарида Нұрғиса Тілендиевтің

«Көңілді бикешін», Әшімхан Нұрғали А.Н.Хол ми -

новтың «Украин фантазиясын»  Нұрмышева

Дананың сүйемелдеуінде шебер орындады. Жеке

орындауда жоғарғы сынып оқушылары Жұматай

Нұржайна Құрманғазының «Қызыл қайың серпе-

рін», Файзулла Фарида Қазанғаптың «Боз жорға -

ның бөгелек қағуын», Әшімхан Нұрғали Әлше -

кейдің «Терісқақпайын» орындады. Домбыраның

қос ішегі қос үнге айналып, Дайрабайдың «Дайра-

бай» күйін орындағанда тыңдармандар тынып

қалды. Концерт барысында ұстаз ДЭККО бағы -

тында жасалған (эстрадалық бағытта өңделген

шығарма) Шабельский, Шаргородскийдің «Тойбас-

тарын» тарту етті. Концерт ұстаз бен шәкірті Әшім -

хан Нұрғали арасындағы күй тартысқа ұласты.

Күйтартыстың соңғы күйі Құрманғазының «Балбы-

рауынына» жеткенде басқа шәкірттер қосылып

концертті шарықтау шегіне апарып (кульминация)

көрерменді таң-тамаша қалдырды. Он күндіктің

оныншы күні домбырашы ұстаздар үшін өте 

жауапты күн еді. Бұл күні облыстық қосымша білім

беруші мекемелерінің домбырашы ұстаз дарының

арасында өтетін облыстық сайысқа іріктеу күні

және он күндіктің қорытындылау күні еді.

Байқаудың талабы қазақ және шетел композитор-

ларынан 2 шығарма орындау (фортопианоның

сүйемелдеуімен) және 2 күй орындау шеберлігі.

Марапаттау сәтте  Пармышева Әлия, Райым-

бекова Айгүл, Төлегенова Назерке, Бақытқызы

Ақтоты Алғыс хатқа ие болса, Ибадуллаева Фа-

тима мен Пейсенова Нигора  ІІІ орын, Жұманаза -

рова Ұлман мен Мұсылманқұл Еңлік ІІ орын,

Сыз дықова Гүлшат пен Бимурзаева Құралай  І

орынды иемденді. Қорытынды кеште он күндікте

үздік өнер көрсеткен оқушылардың концерттік

бағдарламасы көрерменге ұсынылды. Домбы-

рашы ұстаздар байқауының жеңімпаздары мен он

күндік барысында класс концерттер берген

ұстаздар және олардың оқушылары мектеп дирек-

торы Абай Алтынбеков пен  директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары Мақсұт Досжановтың

қолынан дипломдар мен Алғыс хаттар  алып,

құрметке ие болды.

Мен де өз атымнан  он күндікке белсене

атсалысқан домбырашылар бірлестігіне алғысым -

ды білдіре келе,- қазағымның жүрегіне айналған

домбыра аспабы халқымыздың басынан өткерген

қилы тарихыменен болашаққа жол сілтер жақсы

күндерін көмейінен күмбірлете берсін-,дегім келеді.



Нариман МИЗАМБАЕВ, 

аудандық балалар әуез мектебі

директорының 

оқу ісі жөніндегі орынбасары. 

Домбыра-қазағымның жүрегісің




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал