Жолдау жүзеге асуда Насихат тобы кент студенттерімен



жүктеу 449.48 Kb.

бет3/4
Дата16.01.2017
өлшемі449.48 Kb.
1   2   3   4

(Жалғасы бар.)

3

3

№9 (8259)  04.02.2015 жыл 

Медиаторлар тіркелді

“Медиация туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28

қаңтардағы №401-IV Заңына, 15 қаңтардағы кәсіпқой емес медиаторлар ті-

зіліміне қосу туралы өтінішіне сәйкес Тартоғай ауылдық округ әкімінің 21

қаңтардағы №4 өкімімен Үсенов Көреген Өтегенұлы кәсіпқой емес медиатор-

лар тізіліміне енгізілді.



Тартоғай ауылдық округі әкімі.

***


ҚР-ның 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» Заңына

және Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы  25 желтоқ -

сандағы №77-ө өкіміне сәйкес Қызылорда облысы,Шиелі ауданы -

ның, Бәйгеқұм ауылының  тұрғындары Дүйсенұлы Мұсахан және

Бекназарқызы Палбала өтініштеріне байланысты Бәйгеқұм ауылдық

округі бойынша кәсіпқой емес медиаторлар  тізілімінде болу мерзімі

2015 жылдың  25 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Бәйгеқұм ауылдық округі.

Хабарландыру

Қызылорда облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және

бәсекелестікті қорғау департаментінің “Ұлық-Ырыс” ЖШС-нің суды таратушы

желілер арқылы беру қызметіне тарифті және тарифтік сметаның 2015

жылғы 28 қаңтардағы №21-НК бұйрығына сәйкес 1 текше метр судың бағасы

ҚҚС-сыз 48,73 теңге болып бекітіліп, 2015 жылдың 10 ақпанынан

қолданысқа енгізіледі. 

“Ұлық-Ырыс” ЖШС. 

Жарамсыз деп 

есептелсін

Сәрсенбаева Назым Әбдіназарқызының атына берілген жеке

куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***


Нұрғалиева Қоныскүл Қалыбайқызының атына

“Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау

комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті” мемле-

кеттік мекемесі 2013 жылдың 5-ші желтоқсаны күні берген маман

сертификатының жоғалуына байланысты жарамсыз деп есеп-

телсін.


***

Төлегенұлы Нұржанның атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***


Мансариев Табиғат Иманбайұлының атына берілген жеке

куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Жолдасов Сержан Оразханұлының атына берілген жеке



куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***


Козырев Павел Владимировичтің атына берілген жеке куәлігі

жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

***

Саркеев Сабит Ибрагимовичтiң атына берілген жеке куәлігі



жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

Үй сатылады

Шиелі кенті, Шәкәрім көшесі, н/з (бұрынғы ПМК-45) үй саты-

лады. Есік алдында 30х6 қоймасы бар. Жер көлемі 50 сотық.

Бағасы келісім бойынша. Байланыс тел: 87027404122.



Ғалымжан.

***

Шиелі кенті, Нысанбаев көшесі, №3 үй сатылады. Жаңадан

соғылған. Үй 7 бөлмелі. Есік алдында моншасы бар. Барлық

жағдайы жасалған. Бағасы келісім бойынша. Үй ішінде әжетхана,

ваннасы, ыстық су, суық суы бар. Барлық құжаттары түгел. 

Хабарласу тел: 4-14-60, 87755751947, 87029049161.



***

Шиелі кенті, А.Байтұрсынов көшесі, №74 үй тез арада саты-

лады. Үй 10 бөлмелі. Жер көлемі 17 сотық. Қорада жеміс

ағаштары, 40 түп жүзімі бар. Ауыз су, аяқ су келіп тұр. Бағасы 4

600 000 теңге. Телефондары: 4-48-14, 87751576733,

87714175370.



***

Шиелі кенті, Гагарин көшесі, №8 үй, 2-ші пәтер тез арада са-

тылады. Бір қораның ішінде екі үй, екі бөлмелі дүкен қоса саты-

лады. Үйдің ішінде ыстық су, суық су, аристон, ванна, сарайы

бар. Барлық жағдайы жасалған, есіктің алдында ауыз су, аяқ су

кіріп тұр. Мектеп, балабақша жақын. Үй тел: 4-46-87,

ұялы.87029280811. Бағасы келісім бойынша.

Отан қорғау – абыройлы міндет

Отан қорғау – қашаннан ер азаматтар үшін

зор абырой, биік мәртебе саналған. Әскер

қатарына барғанда да еңбек 

қор лығы мен,

тиянақтылығымен ерекшеленіп, әскери шебер-

лігін үнемі жетілдіріп отыратындар

қызметтестері мен командирлерінің арасында

сыйлы болатыны жасырын емес. Жуантөбе

ауылдық округінің тұрғындары Бейсенбаев

Мырзалы мен Әлтаева Сараға осы талап 

-

тардың барлығына жете жауап бере алатындай



ұл өсіріп, тәрбиелегендері үшін ҚР Ұлттық

ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының

қолбасшысы генерал-майор Е.Ботақановтан

Алғыс хат келді. Алғыс хатта Жасұландай

ұлдарының ҚР Ұлттық ұлан әскерлерінде боры-

шын адал және абыроймен орындап жат қанын

хабарлап, осындай ұл тәрбиелегені үшін алғыс

айтыпты. “Әке көрген оқ жонар” деген осы болар. Мен де өз тарапымнан ата-

анасын алғысқа бөлеген Жасұлан Мырзалыұлына табыс тілеп, алғыс айтқым

келеді.


Мұхамед БАЙТІКОВ.

Шиелі кенті – аудан орталы -

ғы. Кешегі Шиелі мен бүгінгі

Шиеліні салыстыруға болмай -

ды. Абаттанып, өсіп, өркендеп

кеткен. Орталықта 31279 адам,

6808 қожалықтар тұрады. 9

орта мектеп, 1 техникалық кол-

ледж, 6 кітапхана, мәдениет Үйі,

Салтанат Сарайы, “Арман”

клубы, “FLY” ойын-сауық кешені,

екі балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебі, 2 спорт кешені,

балалар әуез мектебі, 6 мемле-

кеттік, 26 жеке балабақша, 1

ведомстволық, екі шағын орта -

лық жұмыс істейді. Шиелі кенті

бойынша жол жөндеу жұмыс -

тары, құрылыс, ауыз су, аяқ су,

көше жарығы, елді мекенді абат-

тандыру, көркейту-көгалдан ды -

ру, санитарлық тазалық және

қоғамдық-саяси, мәдени шара-

лар, тағы да басқа көптеген жұ -

мыстар өз деңгейінде атқарыл -

ды. Кент әкімі Насырбек Аябек -

ұлының бұл халық алдындағы

үшінші есебі. Ал биылға екінші

рет, өйткені, 21 қаңтар күні Шие -

лінің теріскей бетіндегі (Шанхай)

тұрғындарға есебін берген. Ха -

лық қашанда сыншы. Әкімдер

енді жыл бойы атқарған жұмыс -

тарын айтып, істеген істерінің

ба ғасын алып жатады. Бірде

олай, бірде бұлай. Түбінде Ел -

ба сының ел арасындағы, кент,

ауылдардағы өкілдері-әкім дер -

дің жауаптылығын арттыратын

жиындар тұрғындардың да де-

лебесін қоздырып жіберетіні

бар. Бірақ, “ұра берсең шайтан

да өледі” деп, есеп беруге әкім -

дер де, жұртшылық та үйренді.

Осыдан бес-алты жыл бұрынғы

жиналыстар айқай-шумен, қы -

зыл   кеңірдек болып өтетін. Ауыл

әкімдері мінберден түскенше

асы ғатын. Сұрақтар қардай жау -

ып, аудан әкімі араға түскенше,

үндемей құтылатын. Өйткені, ол

жылдарда ештеңе жоқ еді ғой.

Ал қазір ше? Бүгінде жұмыс іс-

теймін деген әкімдерге еш ке-

дергі болмайды. Елбасы

Н.Назар баев тың “Нұрлы жол”

бағдар ламасы аясында ел үшін

айтар лықтай тіршіліктер жасау -

ға болады. 

Кент әкімі Н.Мырзабеков

Шиелі орталығын абаттандыру,

көркейту-көгалдандыру, сани 

-

тар лық тазалық, жарықтандыру



және электр энергиясымен қам -

тамасыз ету, жол жөндеу, әлеу -

меттік қорғау және жұмыспен

қамту, шағын кәсіпкерлік пен

салық, ауыз су, аяқ су, білім са-

ласы, мектепке дейінгі оқыту,

азаматтарды мерзімді әскери

қызметке шақыру, ішкі саясат

және дін, қолжетімді тұрғын үй-

2020 бағдарламасының орын-

далуы, ветеринария туралы,

кент әкімі аппаратының құжат

айналымы, кент ішілік құқық

бұзу шылық профилактикасы

мен қоғамдық қауіпсіздікті сақ -

тау салалары бойынша жеке-

жеке тоқталып, слайд арқылы

бар цифрлар мен мысалдарын,

бюджеттен бөлінген қаржылар

ғимараттар мен көше, аула

көріністерімен айтқан сөздерін

шегелеп отырды. Жиырма бес

минутқа созылған есеп беру ба-

яндамасы да жиналған халық -

тың ішін пыстырған жоқ. Оның

үстіне аудан әкімінің орынба-

сары Тұрмат Жағыпбаров та жи-

налысты сауатты басқарып, же -

тегінде ұстай білді. Осыны

түсіне білген кент тұрғындары

бірден сұраққа көшті. – Ба-

яндама, кент әкімінің есебі жақ -

сы, мазмұнды шықты. Көптеген

қызықты жаңалықтар естідік.

Насыр жұмысқа төселіп қалып -

ты. Сосын кенттегі болып жат -

қан кемшіліктерді де өзі айтып,

біліп тұр. Бұл оның қызметін, жа-

уапкершілігін түсінгені деп бі -

лем. Атқарған жұмысына қана -

ғаттанарлық деген баға беремін.

Сонымен қатар, кемшіліксіз қыз -

мет болмас. Біз тұратын Тоқта -

ров көшесінің аяқ жағындағы

жол асфальттанып, жөнделсе.

Екіншіден, ауыз су мәселесі ше-

шілсе, су төменгі жақта бар, жо -

ғарғы жағында ауыз су тапшы.

Үшіншіден, көшемізге жаңа

трансформатор қоямыз деген

уәдеңіз бар еді, - деп, кент

тұрғыны, зейнеткер Сырымбет

Тілеулі ақсақал әдемі сұрақтар

қойды. Жауап та нақпа-нақ бол -

ды. “Береке” мөлтек ауданына

өткен жылы біраз жұмыс жасал -

ған. Алты көшенің жолы жөн -

делген. Ескі трансформатор

КТПН-60 жаңа КТПН-160 транс-

форматорына ауыстырылған.

2011-2020 жылдарға арналған

“Ақ бұлақ” бағдарламасы бо-

йынша Шиелі кентіндегі қыс тақ -

ішілік су құбыры желілерін қайта

құрылымдаудың үшінші кезең

жұмыс жобасына орай, ауыз су

да баратын болады. Ол мөлтек

аудан тұрғындарының ұсыныс -

тары орындалып, ол жерге

дәрігерлік пункт салып бердік, -

деп кент әкімі сұрақтарға нүкте

қойғандай болды. Аудан әкімінің

орынбасары Т.Жағыпбаров

“Трансформаторларды ауысты -

ру негізінен Шиелі аудандық

электр торабы мекемесінің жұ -

мысы екенін, осы уақытқа дейін

халық қиналмасын деп жергі-

лікті бюджеттен қаржы бөлініп

келгенін айтты. Бұл мекемеде

келесі жылға ауыстырылатын

желілер, трансформаторлар

жос парға енгізіліп қойылмаға 

-

нын жұрт білсін” – деді, одан ха-



бары барын сездіріп.

“Көкшоқы” мөлтек ауданы -

ның тұрғыны Ли Александра

Владимировна өзін белсенді

зейнеткер ретінде көрсетті. –

“Көк шоқыда” орталық көше

жөнделді, бірақ содан шығатын

көшелер бұзылып бітті. Ол қа -

шан жөнделеді? Колледж жұмыс

істеп тұрған жоқ. Бәрі сырттай

оқуға көшкен. Сұрағым гараж ту-

ралы. Жер бөлінсін, бірақ менің

күйеуім болмағандықтан мен га-

ражды қалай саламын? – деді,

Александра ашуға берілмей.

“Бұзылған Ш.Есенов, Палымбе-

тов көшелері үстіміздегі жылы

жөнделеді. Гаражға жер бөліне -

ді. Ал гаражды өзіңіз соғып ала-

сыз” деп, Насырбек те жылдам

жауап қатты. Кент тұрғыны,

аудан дық мәслихат депутаты

Ақбергенов Ақтай – “Қамыс за-

уыты” аймағындағы трасформа-

тор, егесіз күл-қоқыс, Есенбер -

лин көшесінің ауыз суы, Мол да -

ғұлова көшесіне тротуар, жарық

орнату, Есабыз көшесіндегі 3-4

метр жер жөнделіп, тас төселсе

деген талап-тілектерін ортаға

салды. Оның барлық сұрағына

кент әкімі Н.Мырзабеков тұ щым -

ды жауап берді. 

- Қазіргі таңда мал жайы -

лымдық жер болса, Д.Смайы-

лов көшесіне аялдама соғылса,

былтырдан қалған күл-қоқыс

алынса, - деген сұрақтармен

зейнеткер Бәйімбетов Алдан

ақсақал орнынан көтерілді.

Насырбек Аябекұлы; - Қоқыс

тастау өзімізден. Тау болып жи -

налған қоқысты екі апта шығар -

дық. Тауысу мүмкін емес. Көше

тұрғындары, ақсақалдар сенбі-

лікке шығып, есік алдындағы

жерлерді тазалайық, қарығы 

-

мыз ды қазайық, көшемізді таза



ұстайық. Былтыр кент ардагер-

лер Кеңесінің төрағасы әрбір ар-

дагер көшеден бес үй алып,

тазалық жұмыстарын жүргізуге

Үндеу тастаған болатын. Кент

бәрімізге ортақ. Сондықтан, ар-

дагерлерден сұрайтыным, осы

тазалық жұмысына атсалы сы -

ңыздар. Қоқыс шығару бағасы

88 теңге. Бір үй көп болса, 270

теңге төлейді. Аялдама қойыла -

ды. Ал мал жайылымын аудан

әкімі деңгейінде ақылдасып,

шешеміз. Орталықта мал жайы -

лымдық жер жоқ. Айналадағы

жерлер ауыл шаруашылығы

мақсатында беріліп қойылған.

Кент ардагерлері Асанұлы Ұзақ -

бай, Сүлейменов Ерғалилар

кент әкімі Н.Мырзабековке ал -

ғыстарын білдіріп, қызметіне

сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ау-

данда ағаш шеберлері көп, осы -

лардың басын қосып, “Атамұра”

ата кәсібін ашса, оған қолдау

көрсетілсе. Кент тұрғындарына

шаруашылықтардың бос жатқан

жерінен бақша егуге жер бе-

рілсе. Кенттегі жаңа көшелерге

ең болмаса, тас төселсе, - деген

ұсыныстарын да білдіріп жатты.

Қанағаттанарлық деген баға 

-

лар ын да ұмытпады. Байырғы



электр маманы, әр сөзінің жаны

бар ардагер Медетбеков Болат

аудандағы электр торабы меке-

месіне көңіл аудармасаңыздар

болмайды, мұнда кадр жоқ. Ер -

тең ұятқа қалдырады. Бұл ме -

кеменің жұмысы көп. Оны кадрі

болмаса, қалай атқарады. Анау-

мынау адам токқа түсіп жатса,

не болады? Тәжібаев көшесінің

жолы ескірді, - деді, ауданға жа-

нашыр ағамыз. Аудан әкімінің

орынбасары Т.Жағыпбаров 

ор ынды айтылған ұсынысты

жоғары жаққа жеткізетіндігін

атап өтті.

Кент тұрғыны, зейнеткер

Бай болов Қалдыбек те өзі тұра -

тын Жаназар батыр көшесінің

жолын жөндеп берсеңіздер, -

деді. “Нұрлы жол – Болашаққа

бастар жол” Жолдауы үстіміз -

дегі жылы аудан көлемінде, кент

ішінде жүзеге асатындығына

кәміл сендік. Өйткені, есеп беру

жиналысында қойылған тұрғын -

дар сұрағы, негізінен жолға бай-

ланысты болды. Ардагер, кент

тұрғыны Ә.Батырбаев; - бір кө -

шенің бойында он ардагер тұр -

са, көше тазалығына бәрі бірдей

жауап берсе. Бәріміз тазалыққа

атсалысайық, ауызбіршілік пен

татулықта болайық, ағайын,

“жабыла көтерген жүк жеңіл”, -

деп, кент әкіміне, аудан басшы-

ларына ыстық лебізін жеткізді.

Кент әкімі Мырзабеков На-

сырбек Аябекұлы есеп беруінде

кент тұрғындарын әкімдігінің

алға қойған мақсаттарымен, би -

ылғы жылы атқарылатын жұ -

мыс тармен де таныстырып өтті.

Мақсат – тұрғындарға қызмет

жасау. Шиелі кенті әкімі аппа-

раты алдағы уақытта еліміз бен

халқымыздың игілігі үшін, уақыт

талабына сай жұмыс атқаруға

тастүйін бекініп отыр. Аудан

әкімі Қ.Сәрсенбаевтың бастауы-

мен аудан көлемінде, кент ор -

талығында жағымды жаңа лық-

тар толастамайды. Кент тұр ғын -

дары оған қоса қуанып, көңіл -

дері шаттыққа бөленетін бола -

ды. Аудан әкімінің орынбасары

Т.Жағыпбаров алдағы уақытта

халық талабына сай аянбай

еңбек ететіндіктерін айта келе,

осы жылы желтоқсан айында

кентішілік газ құбырлары тарты-

латынын да хабардар етті. “Бұл

жақсылықтың басы да, соңы да

болмасын” деген ол, жұртшы -

лықтың ризашылығымен жина-

лысты қорытындылады.



Сәкен БӘКІРОВ.

Åòêåí åңáåê åø êåòïåñ



- репортаж -

Иіркөл ауылдық округі

әкімдігіне кандидат Ержан

Оралбек Оразбекұлының

сайлауалды бағдарламасы

Өмірбаяны:

Ержан Оралбек Оразбекұлы 1970 жылы 20

қарашада Иіркөл ауылдық округінде дүниеге

келген. 1977 жылы Ы.Жақаев ауылындағы

№149 «Қызылту» орта мектебін бітіреді. Білімі жоғары. 2011 жылы

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін эконо-

мист мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1989-1990 жылдар аралығында Ы.Жақаев атында -

ғы ұжымшарда жұмысшы болудан бастап, 1990-1992 жылдар ара -

лы ғында Москва қаласында әскери борышын өтейді. 1992-1993

жылдар аралығында Ы.Жақаев атындағы ұжымшарда жұмысшы,

1993-1994 жылдары Ы.Жақаев ұжымшарының жастар ісі жөніндегі

басқарма төрағасы ның орынбасары, мұнан соң Иіркөл ауылдық

округі әкімінің аппаратында әскери есеп стол маманы, Иіркөл

ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, Иіркөл ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы, статисті, ал 2014 жылдан осы

уақытқа дейін Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратының шаруашы -

лық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас ма-

маны қызметін атқарған.

Отбасылы.



Бағдарламасы:

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің облыс

аудан әкімінің өкілі ретінде  ауылдық  округ  аумағында мемлекеттік

саясаттың жүргізілуін  қаматамасыз ету, ҚР Конституциясы мен

Заңдарының Президент  Жарлықтарын, Үкімет қаулыларының об -

лыс  аудан әкімдерінің  және ауылдық  округ әкімі аппараты  тара-

пынан  қабылдаған өкім, шешімдердің  орындалуын  қаматамсыз ету

бақылау жасау, ҚР Президентінің ішкі  және  сыртқы  саясаттағы

басым  бағыттарын, жыл сайынғы  дәстүрлі  халыққа  арналған  Жол-

дауын  тұрғындар арасында  кеңінен насихаттау,  ауыл тұрғындары -

ның  саяси  сауаты мен қоғамдық  өмірдегі белсенділігін  көтеру, жо -

ға ры мемлекеттік  қызмет  сапасын  көтеру арқылы халықтың  би-

лікке  деген сенімін  арттыру,  ауылда қалыптасқан  тұрақты  қоғам -

дық-саяси  ахуалды сақтап отыру, аудандық мәслихат және қоғам -

дық бірлестіктер, саяси партиялармен заң шеңберінде  қарым-

қатынас жасап,  жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, «Жұмыспен

қамту-2020» бағдарламасының  4 бағыты бойынша  тиісті  жұмыс -

тар ды  сапалы ұйымдастырып  халық игілігіне ұсыну, ауылдық округі

көлемінде  ауылшаруашылығы саласын өркендету, майда  шаруа -

шы лықтарды ірілендіріп ауыл тұрғындарының әл-ауқатын  көтеруге

жұмыс жасау, Иіркөл ауылдық округінде шағын кәсіпкерлікті дамыту

мақсатында  жеке кәсіпкердің қолдауымен монша салу, ауыл жас-

тары арасында  бұқаралық спортты дамыту  мақсатында жастар

арасында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, Жансейіт ауы-

лына 150 орындық клуб үйін салу, халықаралық және республи ка -

лық дәрежедегі атаулы күндерді, салтанатты  кештер мен  жиын -

дарды  ұйымдастыру.

Көктем мезгілінде көркейту-көгалдандыру айлығын ұйымдасты -

рып, ауыл тұрғындары  үй іргелік жерлеріне, ауыл маңындағы жасыл

белдеуге  баратын  аяқ су жолдарын  тазартып, саялы және  жеміс

ағаштарын отырғызып, ауыл көшелеріндегі  бағаналар мен екпе

ағаштарды және аялдамаларды әктеп, сырлап тазалық  жұмыстар -

ын жүргізу, денсаулық саласында ауылдық амбулаторияның күндізгі

стационарлық  ем қабылдау жұмысының сапалы жұмыс  жасауын,

денсаулығына сәйкес есепте тұратын  науқастар дың  тегін дәрі дәр -

мектерді алуын үйлестіру, қоғамның ең қозғаушы  күші жастардың

белсенділігін арттыру, ауданның бюджетінің салық салынатын ба-

засын кеңейту жөніндегі жасалған аудандық іс-шаралар жоспарына

сәйкес тиісті заңдылықтар бойынша жұмыстар ұйымдастыру, ауыл

тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жер-

гілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007

жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін

қарау тәртібі туралы» және 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік

қызмет туралы» Заңдары аясында жеке және заңды тұлғаларға

көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру:

- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын халық ара-

сында кеңінен насихаттау, ауыл тұрғындарының саяси, құқықтық

сауаттылығын көтеру, жоғары мемлекеттік қызмет сапасын көрсету

арқылы халықтың билікке деген сенімін арттыру, ауылды қоғамдық-

саяси ахуалды сақтап отыру, әлеуметтік аз қамтылған отбасыла-

рына қолдау көрсету, олардың тұрмыстық деңгейін көтеруге ықпал

жасау, ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін зерттеу, анықтау

арқылы нақты әлеуметтік карта жасау, аз қамтылған отбасыларына

нақты көмек көрсету жұмыстарын жалғастыру, ұйымдастыру, ауыл -

дың инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұ -

мыстарды дамыту, Ы.Жақаев және Жансейіт ауылдарын жарықпен

қамтамасыз ету үшін  трансформатор орнатуға ұсыныс жасау,

Ы.Жақаев және Жансейіт ауылындағы көшелерге жөндеу және

жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. міндеттер болып та-

былады.

Ауылды ауызбіршілкке бағыттайтын ауыл қариялары, ауыл

имамы, ардагерлер  кеңесі және әйелдер кеңесі  мүшелерімен

тығыз байланыста  жұмыс жасап, ауылдың келешегі  үшін  жа-

салатын  жаңа жарқын істердің  басында болып ел игілігі  үшін

аянбай еңбек ету. 

Арманда кеткен Күләйша

Мен еске алып отырған Күләйша

Жұмаділдақызы Қапанова 1953 жылы

дүниеге келген болатын. Мектепті жақсы

бітіріп, өзі діттеген жоғарғы оқу орнына

түседі. Мақұлбек баламызбен дәм-тұзы

жарасып, танысып, үйленіп, өмірлік жары

болады. Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, бағып-

қағып өсіреді, жоғарғы оқу орнына түсіріп,

содан соң ұлын-ұяға, қызын-қияға қонды -

рып, немере сүю бақытына да бөленеді.

Үлкен ұлы лауазымды қызмет атқара

жүріп, біреулердің ұйымдастыруымен істі

болып, ана жүрегін жаралап, уайым-

қайғыға ұшырайды. “Аққа құдай жақ” де-

мекші, ұлының жазықсыз екендігі анық та лып, ақталады. Енесінің

қазасы да біраз салмақ салса, жегідей жеген дерті бет қаратпай

алып кетеді. Үлкенді-үлкендей, кішіні-кішідей сыйлайтын Күләйшаны

өлімге қимасақ та арулап шығарып салдық. Еліне елеулі, халқына

қалаулы келініміз еді. Топырағың торқалы, жатқан жерің жайлы,

иманың жолдас болсын, артыңда қалған ұрпақтарыңа Алла жар

болсын!


Еске алушы қайнағаң: Айтбай Жұмабек Әлтайұлы,

Шиелі ауданының құрметті азаматы.  

№133 негізгі мектеп ұжымы, осы мектептің кіші қызметкері Тіней-

бек Базарбекке сүйікті ұлы 

Нұрсұлтанның

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл

айтады.

№152 қазақ орта мектебінің ұжымы, осы мектептің тарих пəнінің



мұғалімі Нуралиева Болғанайға анасы 

Тұрсынның 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.



1. Инженер-құрылысшы

Қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары, 

Арнаулы негізгі дайындық жəне сертификат,

техникалық қабілеті

Қазақстан Республикасының заңдылығын жақсы

меңгеруі

Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 3

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы, коммуникабелдік

2. Инженер-гидрогеолог

Білімі: жоғары, 

Мамандығы бойынша еңбек өтілінің мөлшері 3

жылдан кем болмауы

Сауаттылық, аз уақыт аралығында үйрену

қабілетінің жоғары болуы




1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал