Жоғарғы сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/10
Дата11.04.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Жоғарғы сыныптарға арналған
«Қоршаған орта экологиясы» 
оқу-әдістемелік құралы
Ақтау 2016

2
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
УДК 373.167.1:502.1 (075.3)
ББК 20.1я72
Қоршаған орта экологиясы: Орта мектептің жоғары сыныптарына арнал-
ған оқу-әдістемелік құрал /. Ақтау: 2016.
ISBN 978-601-239-449-7
Орта мектептің жоғары сыныптарына арналған «Қоршаған орта экология-
сы» оқу-әдістемелік құралы Маңғыстау облысының 2010-2015 жылдарға арнал-
ған қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы үздіксіз білім беру 
бағдарламасы негізінде дайындалған. 
Оқу  құралы  оқушылардың  экологиялық  білімдерін,  саналарын,  дағдыла-
рын қалыптастыруға  АӘТ (ақыл ой әрекетінің тәсілдері) платформасы арқылы 
тиімді педагогикалық тәсілдерді таңдауға және сабақ алгоритмін құрастыруға, 
сонымен қатар сабаққа әзірлемелерді жоспарлауға, дайындауға және оны жүргі-
зуге негізделген. 
Инновациялық педагогикалық технология көмегімен білім негізін тұрақты 
меңгеру үшін білім берудің қазіргі үдерісінде жаңа техникалық көрнекі құрал-
дар және ақпараттық ресурстардың қол жетімділігі басты рөл атқарады, бұл са-
палы білімге қол жеткізуге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
ды қолдану үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 
Оқу-әдістемелік  құрал  орта  мектептің  жоғарғы  сынып  мұғалімдеріне,  ко-
ледж мұғалімдеріне және иновациялық педагогикалық технология мен эколо-
гиялық сананы қалыптастыру үшін пайдалы болып табылады.
Орта мектептің жоғары сыныптарына арналған «Қоршаған орта экология-
сы» оқу-әдістемелік құралын «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және 
табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ тапсырысы және қолдауы бо-
йынша «Тұрақты дамуға көмектесу» Орталығы Қоғамдық қоры әзірлеген.  
УДК 373.167.1:502.1 (075.3)
ISBN 978-601-239-449-7
© «Тұрақты дамуға көмектесу Орталығы» ҚҚ, 2016

3
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Орта мектептің жоғарғы сыныптарына арналған 
«Қоршаған орта экологиясы»  
оқу-әдістемелік құралының бағдарламасы
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыптар атауы
Апталар
1
Қазіргі әлемнің мәселелері
1
2
Тұрақты дамудың үш қадамы
1
3
Халықтың өсуі
2
4
Байлық және кедейшілік
3-4
5
Су планетаның баға жетпес байлығы
5-6
6
Дені сау ұрпақ- мемлекет кепілі
7
7
Қорытынды сабақ
8
8
Урбандалу бүкіләлемдік үрдіс ретінде 
9
9
Энергияны үнемдей отырып, табиғатты болашаққа 
сақтаймыз
10-11
10
Климаттың өзгеруі және әлемдік жылыну 
12
11
Қорытынды сабақ
13
12
Ауасыз өмір жоқ
14
13
Каспий теңізін қорғау
15
14
Өндіру және тұтыну қалдықтары
16-17
15
Биоалуандылық
18
16
Менің экологиялық ізім
19-20
17
Адамзаттық ресурс немесе жұмыс күші 
21
18
Бала еңбегі –жұмысшы күші ретінде
22
19
Білім
23
20
Демократия
24
21
Қорытынды сабақ
25
22
Тұрақты даму жөніндегі бүкіләлемдік бастамалар
26
23
Орталық Азияның тұрақты дамуы
27
24
Маңғыстау облысының тұрақты дамуы
28-29
25
Қорытынды сабақ
30
КУРС МАЗМҰНЫ
1. Қазіргі әлемнің мәселелері.
Қазіргі әлемнің экологиялық және әлеуметтік мәселелері. Жер шары 
халқы. Демографиялық талдау: Жер бетіндегі халықтың ұлттық құра-

4
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
мы, игілігі, әлеуметтік аспектілер, білім беру, денсаулық, мүмкін қауіп 
қатерлер.  
Практикалық жұмыс: Тұрақты даму аспектілерін зерттеу. «Егер де 
біздің планетамыз 100 адамнан тұратын ауыл болса...» кейсі бойынша 
пікірлер жасау. 
2. Тұрақты дамудың үш қадамы.
Тұрақты даму дегеніміз не? Тұрақты дамудың үш қадамы: экономи-
калық өсу, экологиялық баланс, әлеуметтік үдеріс.  
Практикалық жұмыс: Тұрақты дамудың принциптерін ескере оты-
рып,  мәселені шешу матрицасын қарастыру. Дәстүрлі дамумен салыс-
тырғанда тұрақты дамуға өту әдістерінің артықшылықтары.  
3. Халықтың өсуі.
«Халық» түсінігінің анықтамасы. Жер шары халқы. Жер шары хал-
қының  өсу  жылдамдығы.  Халықтың  өсуімен  байланысты  мәселелер. 
Маңғыстау облысының халқы. 
Практикалық  жұмыс: Әр мемлекеттің халық саны туралы салыс-
тырмалы диаграмманы құру. Халықтың өсуі туралы пікірлерді жинақ-
тап,  талқылау.  «Маңғыстау  облысының  халқы»  диаграммасын  жасау. 
Маңғыстау облысындағы туылғандар санын есептеу.   
4. Байлық және  кедейшілік. 
Өмір сапасы. Кедейшілік. Халық санының өсуіне байланысты аш-
тық санының артуы.Әр мемлекеттегі халықтың өмір сүру деңгейі. 
Практикалық  жұмыс:  Берілген  тақырып  бойынша  мәселелерді 
шешу және талқылау. «Кедей елдердегі аштық салдарынан өліп жатқан 
балаларға қалай көмек көрсетуге болады» тақырыбында эссе жазу. 
5. Су біздің планетаның баға жетпес байлығы
Су – өмір сүрудің негізгі ресурсы. Әлем бойынша судың мөлшері. Су 
тапшылық мәселелері.ҚР сумен қамтамасыз ету. Қазақстанда жан басы-
на шаққандағы су шығындары. 
Практикалық  жұмыс:  «ҚР  су  тапшылығының  негізгі  себептері» 
диаграммасымен  жұмыс.  Трансшекаралық  су  туралы  мәліметтерді 
тауып, диаграмманы толықтыру. Неліктен Қазақстан су ресурстары бо-
йынша Қытайға тәуелді екенін анықтау. Қазақстанды сумен қамтамасыз 
ету бойынша кестені түсіндіру. 
6. Дені сау ұрпақ – мемлекет кепілі.
Денсаулық пен игілік. Темекі тартудың адам денсаулығы мен өміріне 
әсері. Қоршаған орта жағдайының адам денсаулығына әсері. Денсаулық 
факторы –  салауатты өмірдің негізгі тірегі.
 Практикалық жұмыс: Адамның жеке өмірінің бағыттары қанша-
лықты қоршаған орта сапасына тәуелді болатынын талдау. Әлемде қан-

5
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
ша адам темекінің салдарынан болатын ісік ауруынан қайтыс болаты-
нын есептеу. Маңғыстау облысындағы халықтың ауру деңгейін есептеу. 
Өмір  негізі  диаграммасын  талдау.  Ұзақ  өмір  сүру  туралы  ақпараттар 
жинап, хабарламалар жазу.
7. Қорытынды сабақ.
«Жан баспайтын арал –  тұрақты даму образы» іскерлік ойыны. 
8. Урбандалу бүкіләлемдік үрдіс ретінде.
Урбандалу түсінігі. Урбандалу көрсеткіштері. Урбандалудың таби-
ғатқа әсері. Маңғыстау облысының урбандалу деңгейі. 
Практикалық  жұмыс:  «Қала»  сөзіне  анықтама  беру.  Урбандалуға 
байланысты бірнеше сұрақтарға жауап беру. Әртүрлі кезеңдегі жер ша-
рының халқы туралы диаграммаға сипаттама беру. Маңғыстау облысы 
бойынша ауыл және қала халқының саны туралы диаграмманы талдау.   
9. Энергияны үнемдеп, табиғатты болашаққа сақтаймыз.
Энергия  дегеніміз  не?    Энергияны  пайдалану.  Энергияны    өндіру 
және қоршаған ортаға ықпал ету. Энергия үнемдеу дегеніміз не? Энер-
гияны үнемдеу туралы кеңестер. Энергияның баламалы көздері.  
Практикалық жұмыс: Адам өміріндегі энергияны қолдану туралы 
мысалдар келтіру. Энергия өндіру барысында туындайтын теріс әсер-
лерді  төмендету туралы  шешімдерді іздеу. Энергияны үнемдеу туралы 
кеңестерді үйрену. Энергияның баламалы көздерін пайдалануды талқы-
лау. 
10. Климаттың өзгерісі және әлемдік жылыну
Жылулық  әсер  дегеніміз  не?  Ғаламдық  жылынудың  мұхиттағы  су 
деңгейі мен мұздықтарға әсері.
 Климаттың, халықтың, экономика мен 
қоршаған ортаның өзгеруі. 
Практикалық  жұмыс:  Климаттың  өзгеруі  туралы  жеке    пікірлер 
беру. Климаттың өзгеру себептерін анықтау. «Жылулық әсер»  сызбасын 
талдау. Жылу беретін кезең басталғандағы бөлінген СО

 санын анықтау.  
11. Қорытынды сабақ.
Қоғамның дамуының екі мүмкін сценарийі бойынша аргументтерді 
талдап, сыныпта талқылау. «Біздің қаланың болашағы» жобасын әзір-
леу.  
12. Ауасыз өмір жоқ…
Атмосфералық ауа дегеніміз не? Ауаны пайдалану. Ауаны ластаушы 
көздер және оның табиғат пен адамға ықпалы. Атмосфераға бөлінетін 
зиянды заттарды қысқарту тәсілдері. 
Практикалық  жұмыс:  қосымша  материалдарды  пайдалана  оты-
рып, ауаны ластаушы негізгі көздерді анықтап, олардың адам мен та-
биғатқа әсерін анықтау. Атмосфераға автокөлік түтіктерінен қаншама 

6
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
ілеспе газ шығарылатынын есептеу. Атмосфералық ауаға шығарыла-
тын зиянды заттардың көлемін төмендету бойынша мәселелерді шешу 
көздері. 
13. Каспий теңізін қорғау.
Каспий теңізінің негізгі байлығы. Биоалуандылықтың бұзылуы және 
оның салдары. Каспий аймағының қоршаған ортасын қорғау бағдарла-
масы. Каспий теңізінің мәселелері.  
Практикалық  жұмыс:  Каспий  итбалықтарының  санын  қалпына 
келтіру мәселелерін қарастыру. Каспий аймағының қоршаған ортасын 
қорғау бағдарламасын талдау. Каспий теңізінің бұрынғы және жаңадан 
пайда болған мәселелерін шешудің нұсқаларын таңдау. Майлы дақтың 
көлемін анықтау. 
14. Өндіру және тұтыну қалдықтары.
Қалдықтардың  түзілуі.  Қалдықтардың  өмірлік  циклі.  Қалдықтар-
ды  таңбалау.  Қалдықтарды  жинау  және  жою.  Компостау  және  биогаз 
түсініктері.  
Практикалық  жұмыс:  Суретке  сүйене  отырып,  қалдықтардың 
өмірлік  циклін  сипаттау.  Қалдықтарды  экологиялық  таңбалау.  Қағаз 
қалдығын жинау және оны екінші реттік қағаз өндіру саласында  пайда-
лану арқылы қанша ресурсты үнемдеуге болатынын есептеу.  «Мектеп 
жанындағы компост» тақырыбындағы жобаны әзірлеу. 
15. Биоалуандылық.
Биоалуандылық – адамдар үшін өмірлік маңызды ресурс көзі. Биоа-
луандылыққа адам іс-әрекеттерінің ықпалы. Каспий теңізінің биоалуан-
дылығының бұзылуы. 
Практикалық  жұмыс:  «Неліктен  адам  іс-әрекеттері  биоалуанды-
лықтың  төмендеуіне  ықпал  етеді»  тақырыбындағы  пікірталас.  Биоа-
луандылықты  сақтау  туралы  мәселелер  шешімін  анықтау.  Маңғыстау 
облысы картасымен жұмыс. 
16. Менің экологиялық іздерім?
«Экологиялық  із»  дегеніміз  не?  Адамның  қандай  іс-әрекеті  өзінің 
экологиялық ізін қалдыру мүмкін? Ғаламдық гектар деген не? Қоршаған 
ортаға экологиялық іздерді көп қалдыратындар? 
Практикалық жұмыс. Әлем елдеріндегі халық санын және  осы ел-
дердің ресурстарды тұтыну сызбаларын құру. Өзіңнің экологиялық із-
деріңді санау. Жеке экологиялық ізіңді төмендету бойынша шешімдер 
шығару.   
17. Адамзаттық ресурс немесе жұмыс күші
Табиғи және адамдық ресурстар. Жұмыс уақыты. Маңғыстау облы-
сының жұмысбастылық деңгейі және жұмыссыздар саны.

7
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Практикалық  жұмыс:  Маңғыстау  облысы  халқының  жұмыссыз-
дар бөлігін және жұмысбастылық деңгейін анықтау. «Кедей» елдердегі 
жұмыссыздық мәселелері және «бай» елдердегі жұмыс күшінің жетіс-
пеушілігі туралы мәселелердің шешімдерін іздеу. 
18. Бала еңбегі –жұмысшы күші ретінде 
Бала еңбегі дегеніміз не? Бала еңбегі жайындағы статистикалық мәлімет-
тер. Балаларды еңбек күші ретінде пайдаланудан қалай қорғауға болады? 
Практикалық  жұмыс:  Неліктен  әлемнің  көп  елдерінде  балаларды 
еңбек күші ретінде пайдаланады? «Өрмекші» ойын жаттығуы. «Фархат 
тарихы» жағдайын сипаттау. 
19. Білім
Білім  – үрдіс немесе өнім ретінде анықтау? Әлемдегі және Қазақс-
тандағы білім деңгейі. 
Практикалық жұмыс: «Білім не үшін керек» деген тақырыпта пікір-
талас. Нарық жағдайында бәсекеге қабілетті елдердің білім деңгейіне 
баға беру. Біздің республикадағы білім жағдайын сипаттау. 
20. Демократия
Демократия дегеніміз не? Демократия принциптері мен құндылық-
тары.  
Практикалық жұмыс: Қажетті аспектілерді таңдау жолымен демок-
ратияны анықтау. 
21. Қорытынды сабақ
Демография,  демократия  терминдерінің  анықтамаларын  жаттау. 
Демографиялық  саясаттың  екі  типін  талқылау.  Ауаның  ластану  мәсе-
лелерін талқылау. Темекінің оң және теріс жақтарын қарастыру. Маң-
ғыстау облысы бойынша жан басына шаққандағы қалдық санын анық-
тау. Егер де, әлем халқы экологиялық іздерін қалдырған жағдайда біздің 
планетаның болашақ жағдайы қандай болатынын болжамдау.  
22. Тұрақты даму жөніндегі халықаралық бастамалар
1992  жылы  БҰҰ  Рио-де-Жанейрода  қабылданған  «ХХІ  ғасыр  күн 
тәртібі».  «2007-2024  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының 
«Тұрақты  даму  тұжырымдамасының»  әзірленуі».  «Тұрақты  даму» 
түсінігінің қалыптасу тарихы. 
Практикалық жұмыс: «ХХІ ғасыр күн тәртібі» құжатының негізгі 
міндеттерін  анықтау.  Қазақстандағы  тұрақты  дамудың  экологиялық, 
экономикалық және әлеуметтік аспектілерін айқындау.  
 
23. Орталық Азияның тұрақты дамуы 
Ғаламдық экологиялық мәселелер. Тұрақты даму жөніндегі Орталық 
Азия елдерінің құжаттары. Жаңа мың жылдықтағы Қазақстанның су ре-
сурстары. Экологиялық сана– бұл тұрақты даму міндеті. 

8
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Практикалық жұмыс: Тұрақты даму жөніндегі Қазақстанда қабыл-
данған құжаттарды Интернеттен іздеу. Орталық Азия елдеріне тұрақты 
даму принциптерін ендіру үрдісін талқылау.  
24. Маңғыстау облысының тұрақты дамуы
Облыстың тұрақты дамуы дегеніміз не? 2020 жылға арналған Маң-
ғыстау облысының даму жоспары. Энергетиканың даму бағыттары.
 Практикалық жұмыс: Маңғыстау облысының даму мүмкіндіктерін 
сипаттау. Маңғыстау облысы туралы тарихи анықтаманы толтыру. Маң-
ғыстау облысының тұрақты дамуы бойынша экологиялық, экономика-
лық, әлеуметтік аспектілерін  сипаттау. 
25. Қорытынды сабақ
Планета халқының өсу жылдамдығын талдау. Тестілеумен жұмыс.  
Қазақстандағы  кәсіби  ауруларды  талқылау.  Оксфорд  биологы  Ричард 
Доукинстің мақаласына пікірталас жүргізу.  

9
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
1. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сабақтың мақсаты: адамзаттың және тұрақты дамудың жаһандық 
экологиялық  мәселелері,  қазіргі  әлемдегі  талаптар,  қоршаған  ортаға 
ұқыпты қатынас жасауға тәрбиелеу туралы  білімдер жүйесін меңгерту
Көрнекі құралдар  – проектор, қалқан (интеративтік тақта), тақы-
рып бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптері 
Сабақ барысы
1. Ұйымдастырушылық кезең
Сәлемдесу, оқушыларды есімі бойынша түгендеу, оқушылардың са-
баққа дайындығын тексеру.
2. Жаңа тақырыпты меңгеру (слайд 1)
Мұғалім оқу құралының 3-бетіндегі материал бойынша  адамзаттың 
экологиялық мәселелері, тұрақты даму, қазіргі әлемнің талаптары тура-
лы баяндайды (слайд 2). 
Қосымша материал
Қазіргі  уақытта,  әлемде  экологиялық  ахуал  сын  жақын  ретінде 
сипаттауға  болады.  Ғаламдық  экологиялық  проблемалар  мынадай 
болып табылады:
•  мыңдаған өсімдіктер мен жануарлар жойылып барады;
•  белгілі бір көлемде орман алқаптарының жойылуы;
•  қолда бар минералдық ресурстар күрт  қысқаруы;
•  әлемдік  мұхиттың    таусылуы  олардың  тікелей  тірі 
организмдердің жойылуына әсер етуді, сонымен қатар табиғи 
процестердің реттеу жүйесін тоқтатуы;
•  көптеген  жерлерде  атмосфера  рұқсат  етілген  мөлшерінен 
барынша ластанған және таза ауа аз мөлшерде кездесуі;
•  ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызбайтын қабат, 
озон қабатның  біртіндеп бұзылуы,;
•  табиғи 
ландшафтардың 
бетінің 
ластануы 
және 
залалсыздандыру:  Жер  бетінен  адам  қолымен  жасалған 
жасанды элементтерді кездестірмеу мүмкін емес. 
Адамның  қазіргі  кезде  өзін  қанағаттандыру  үшін  табиғаттан 
тек  өзіне  қажетті  заттарды  алады  да,  оны  қалпына  келтірмейді. 
Сондықтан,  адам  баласының  табиғатқа  деген  көзқарасын  өзгерту 
керек.
Тапсырма:  Қазіргі әлемнің төменде көрсетілген талаптарына қандай 
аспектілер жататынын анықта? (слайд 3). 

10
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Мұғалімнің мәтіні: балалар, қанеки біз сіздермен бірігіп талдау жа-
сайық: Егер Жер бетіндегі барлық адамзат қауымын жүз адамдық ауыл-
дық мекендерге қысқартатын болсақ, онда пропорционалдық қатынас-
тарды назарға ала отырып, осы ауылдық мекендегі халық саны қалай 
болар еді (слайд 4). 
Оқушылар  «жынысы,  терісінің  түсі»  сызбасымен  жұмыс  жасайды 
(слайд 5). 
Мұғалім  «молшылық,  жақсы  тұрмыс»  түсінігін  ашып  көрсетеді. 
Молшылық  –  адам  баласының  нақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
деңгейі. Молшылық:  
• қажетті материалдық және рухани игіліктермен халықты қамтама-
сыз етуді сипаттайды; 
•  өндірістік  қатынастар  және  өндіргіш  күштердің  даму  деңгейіне 
тәуелді; 
• халықтың өмір деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінен тұ-
рады. 
6 слайдтағы  «молшылық» суретімен оқушылардың жұмыс істеуі. 
«Қолайлылық,  білім,  денсаулық»  түсініктері  туралы  мұғалімнің 
баяндауы. 
7  слайд  бойынша  денсаулық,  білім,  қолайлылық  көрсеткіштерінің 
адам санына қатынасы туралы диаграммамен оқушылардың жұмыс іс-
теуі.
Сенің мүмкіндіктерің (слайд 8):
• Егер сен бүгін денің сау болып оянсаң, онда сенен бақытты адам 
жоқ, себебі, жер бетінде 1 млн-ға жуық адам келесі аптаға дейін өмір 
сүре алмайды. 
• Егер сен соғыс қаупін, жалғыздықты сезінбесең, қараңғы тас түр-
меде болмасаң, аштық пен жоқшылық азабын шекпесең онда сен өзіңді 
Жер бетінде осындай қауіп-қатерде өмір сүріп жатқан 500 млн адамға 
қарағанда, бақыттымын деп есепте.
•  Егер  сенің  тамағың  тоқ,  киімің  бүтін,  тұратын  үй-жайың  болса, 
онда әлемде киерге киімі, ішерге тамағы, баспанасы жоқ адамдардың  
75% -на қарағанда сен бақыттысың.
Әмиян – егер сенің банкте шотың, әмияныңда ақшаң және ақша жи-
найтын қорабыңда  қажетті шамалы тиын-тебенің болса, онда сен әлем-
дегі қамтамасыз етілген адамдардың 8% жатасың (слайд 9).
Қорытынды (слайд 10).
Егер сен осы мәтінді оқысаң, онда  СЕН екі жақты сипат аласың, 
себебі, :
1) кімде-кім сен жайында ойлайды,  

11
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
2) сен әлемдегі оқи алмайтын 2 миллиард адамдардың қатарына жат-
пайсың. 
3. Білімді нығайту:
Оқушыларға сұрақтар:
1. Қазіргі қоғамның негізгі талаптарын атаңыз. 
2. Сіз «молшылық» түсінігін қалай сипаттар едіңіз?
3.  Сіздің  қарныңыз  тоқ,  киіміңіз  және  тұратын  баспанаңыз  бар. 
Әлемдегі адамдардың қанша пайызы осыларға қол жеткізе алмаған?
4. Әлемдегі қанша адам саны оқи алмайды?
4. Үй тапсырмасы (слайд 11).
Сызба бойынша әрбір оқушыға қандай да бір оқиғаны ойдан құрас-
тыруы және келесі сабақ барысында сынып алдында айтып беруі қажет. 
2. ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ҮШ ҚАДАМЫ
Сабақ  мақсаты:  оқушыларды  тұрақты  даму  тұжырымдамасымен 
таныстыру, адам және табиғаттың өзара байланысын үйлестіру  идеясы 
туралы ақпараттарды талдау және жүйелеу, белсенді өмірлік тұғыр дағ-
дысын қалыптастыру. 
Көрнекі құралдар – проектор, қалқан (интеративтік тақта), тақы-
рып бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптері 
Сабақ барысы 
1. Ұйымдастырушылық кезең 
Сәлемдесу, оқушыларды есімі бойынша түгендеу, оқушылардың са-
баққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
Сызба бойынша оқушылар бір оқиғаны ойдан құрастырып, сынып 
алдында айтып береді. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (слайд 1)
Мұғалімнің мәтіні: «Тұрақты даму» термині 1987 жылы қоршаған 
орта және даму жөніндегі БҰҰ Дүниежүзілік комиссиясы «Біздің ортақ 
болашағымыз»  атты  баяндама  жарияланған  кезден  бастап  кең  тарала 
бастады. Тұрақты дамудың баяндамасында өз қажеттіліктерін қанағат-
тандырып қана қоймай келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттан-
дыру, сондай-ақ тұрақты даму мәселесі алға қойылған.
Тұрақты  даму  – 
табиғи  ресурстарды  пайдалану  кезіндегі  эконо-
микалық және әлеуметтік өзгерістер процесі, инвестициялар бағыты, 
технологиялық даму, жеке даму және бір-біріне сәйкес институционал-
дық өзгерген бағдар және адам қажеттіліктері мен сұраныстарын қана-

12
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
ғаттандыру үшін қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қана-
ғаттандыру.  Халықтың  өмір  сүру  сапасын  жақсарту  туралы  көптеген 
мәселе айтылуда.
Мұғалім  3  қадамға  негізделген  тұрақты  дамудың  үшжақты  тұжы-
рымдамасының маңыздылығын ашып көрсетеді,  бұлар (слайд 2): 
•  әлеуметтік,  әлеуметтік  және  мәдени  жүйелердің  тұрақтылығын 
сақтауға бағытталған және адамзатқа  бейімделген; 
•  экономикалық,  шектеулі  ресурстарды  оңтайлы  пайдалану  және 
үнемді табиғи-, энергиялық-, және материалүнемдеуші технологиялар-
ды пайдалану арқылы өсуді сипаттайтын;  
•  экологиялық,  барлық  биосфераның  жаһандық  тұрақтылығына 
тәуелді  биологиялық  және  физикалық  табиғи  жүйелердің  біртұтасты-
ғын қамтамасыз ететін. 
Тұрақты  дамудың  үш  қадамы  көрсетілген  суретпен  оқушылардың 
жұмыс жасауы. Оқушылар ойланып өз сөздерімен жазуы керек, себебі 
әрқайсысының осы суретті түсінулері де өзгеше және әрбір аспектіге 
мысал келтіруі қажет (слайд 3). 
Сұрақ (слайд 4): Сіздер қалай ойлайсыздар, тұрақты даму тек қана 
осы үш аспектіні ғана қарастырады ма немесе басқа да аспектілер бар 
ма мысалы, мәдени, ғылыми, саяси. тағы да қандай? 
Оқушылар ауызша қойылған сұраққа жауап береді. (Дұрыс жауабы 
келесі  аспектілер:мәдени,  ғылыми,  саяси,  құқықтық-саяси,  ұйымдас-
тырушылық, географиялық, ақпараттық, ұлттық, халықаралық, жеке 
және т.б.)
Тапсырма (слайд 5): Мұғалім экологиялық, экономикалық және сая-
си аспектілер маңызды болып саналатынын ойланып жазуды ұсынады. 
Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша жұмыс дәптеріне жазба-
ша орындайды. 
Мұғалімнің мәтіні: Бастапқыда айтқандай, тұрақты даму – қазіргі 
уақыт  қажеттіктерін  қанағаттандыратын,  бірақ  болашақ  ұрпақтар-
дың  өз  қажеттіктерін  қанағаттандыру  қабілеттілігіне  қауіп  төндір-
мейтін даму болып табылады. 
ДАМУ-Дені сау, қауіпсіз, еркін, қуатты қоғам құрудың жолдарын із-
деу. ТҰРАҚТЫЛЫҚ-Планета мүмкіндігінен асып кетпеу және болашақ 
ұрпақ өмірінің гүлденуіне жағдай жасау (слайд 6).
7 сладтағы мәтінді оқыңыздар. Тұрақты даму экологиялық, экономи-
калық, әлеуметтік аспектілерінің балансын, сондай-ақ қоғамның түрлі 
салалары үшін артықшылықтары мен кемшіліктерін көздейді. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал