Жоғарғы оқу орындарында құқықтық емес білім алушыларға сыбайлас жемқорлық жайлы ақпарат беру мəселелері



жүктеу 86.18 Kb.

Дата02.05.2017
өлшемі86.18 Kb.

Жоғарғы оқу орындарында құқықтық емес білім алушыларға сыбайлас 

жемқорлық жайлы ақпарат беру мəселелері 

Өміржанов Есбол Тоқтарбайұлы 

əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық 

құқық кафедрасының оқытушысы, з.ғ.к., доцент 

 

Қазақстандық  қоғамда  сыбайлас  жемқорлықтың  болуы  тиіс,  кəдуілгі 



құбылыс  ретінде  қабылданып,  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  қоғамдық 

теріс  пікірдің  орын  алмауы  бұл  салада  мемлекеттің  үлкен  істерді  жүзеге 

асыруы  қажет  екендігін  көрсетеді.  Елімізде  соңғы  жылдары  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  шаралардың  жоспарлы  түрде  жүзеге  асырылуы  мен 

құқықтық реттеу жолымен сыбайлас жемқорлыққа тыйым салу шараларының 

күшейтілуі  белгілі  шекте  халықаралық  қауымдастық  тарапынан  оң  бағасын 

алуда.  Transparency  International халықаралық  ұйымының  2014  жылғы 

рейтингінде  Қазақстан  Республикасы  175  мемлекеттің  арасында  126  орынға 

иеленіп  бұрынғы  жылмен  қарағанда  14  сатыға  көтерілді  [1,  1  бет].  Бұл 

еліміздегі  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  іс-шаралардың  оң  нəтиже  бере 

бастағандығынан 

хабар 


бергендей. 

Дегенмен, 

елімізде 

сыбайлас 

жемқорлықпен күресте əлі де болса жетілдіруді талап ететін бағыттардың бар 

екендігі айқын.  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің    2011  жылғы  31  наурыздағы  № 

308  қаулысымен   бекітілген     

Қазақстан  Республикасындағы  сыйбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  2011  -  2015  жылдарға  арналған 

салалық  бағдарламасында 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың 

тиімділігін  арттыру  үшін  мынадай  міндеттерді  шешу  ұйғарылған,  олар:1. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мəселелері  бойынша  ұлттық 

заңнаманы  жетілдіру  жəне  халықаралық  ынтымақтастықты  кеңейту;2. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл,  сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлық 

қауіптерін  азайту  жөніндегі  мемлекеттік  органдар  қызметінің  тиімділігін 

арттыру;  3.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  көзқарасты  қалыптастыру;4. 

Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету. 

Сонымен  қатар,  осы  бағдарламада  халықтың  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  көзқарасын  арттыру  бойынша  мынадай  шаралар  қабылданатындығы 

көзделген:  1)  саяси  партиялармен  жəне  үкіметтік  емес  қоғамдық 

ұйымдармен  бірлесе  отырып,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тақырыпта 

акциялар жəне науқандар өткізіледі; 2) ғылыми жəне əлеуметтік зерттеулер 

саласында бірыңғай саясат жүргізу жөніндегі үйлестіру орталығы құрылады 

жəне сыбайлас жемқорлықты түйсіну деңгейін анықтау, сондай-ақ сыбайлас 

жемқорлыққа  бейім  едəуір  проблемалы  салалары  бойынша  əлеуметтік 

зерттеулер  жүргізіледі;  3)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мінез-құлықты 

қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-

қимыл  бойынша  жүргізіп  жатқан  саясаты  туралы  ақпараттан  тұратын 

түсіндірме-насихаттау  материалдары  əзірленіп,  таратылатын  болады;  4) 

мемлекеттік  органдардағы  сыбайлас  жемқорлық  фактілерін  ұжымдық 

қарауды  болжайтын  қоғамдық  мінеу  институты  нəтижелерін  бұқаралық 

ақпарат құралдарында жариялай отырып енгізіледі; 5) мемлекеттік органдар 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.


өкілдерінің,  оның  ішінде  басшыларының  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

сөз  сөйлеуі  жалғасады,  сондай-ақ  оқу  орындарында  сабақтар  өткізіледі;  6) 

үкіметтік емес ұйымдармен қосымша меморандумдарға қол қойылады. 

Жоспарланған  іс-шаралардың  арасында  оқу  орындарында  білім 

алушыларға  сыбайлас  жемқорлық  туралы  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу 

қамтылмаған.  Бұл  өз  кезегінде  кешенді  бағдарламаның  əлі  де  болса 

толықтыруды талап ететіндігін көрсетеді. Себебі, үгіт-насихат жұмыстарын 

жүргізу  барысында  халықтың  барлық  топтары  қамтылғаны  əрқашан  да  оң 

нəтижеге  қол  жеткізу  кепілі  болып  табылады.  Ал,  əртүрлі  деңгейде  білім 

алушы  жастардың санасында сыбайлас  жемқорлық туралы  ақпаратты  түрлі 

деңдейде  сіңіру  арқылы  олардың  бойында  сыбайлас  жемқорлыққа  деген 

теріс  көзқарасты  қалыптастыру  арқылы  бағдарлама  мақсатына  толыққанды 

қол  жеткізуге  болар  еді.  Əсіресе,  мектеп,  колледж,  университет 

қабырғасында қосымша сабақ ретінде сыбайлас жемқорлық туралы мəлімет 

беру оқушы санасында сыбайлас жемқорлыққа деген жек көрініш пен одан 

бойын аулақ салуға ұмтылысты күшейтері анық.  

Білім  алушылар  арасында  сыбайлас  жемқорлық  турасында  ақпарат 

беру  ісін  жолға  қою  бойынша  елімізде  əлі  де  болса  нақты  айқындалған 

жоспар  қабылданған  жоқ.  Тек  жақында  ақпарат  құралдарында  2017  жылы 

қазақстанның мектептері мен жоғары оқу орындарында Жемқорлықпен күрес 

пəні  енгізілуі  мүмкіндігі  туралы  мəлімет  орын  алды.  Бұл  ақпаратқа  сəйкес, 

бастапқы  кезде  тоқсанда  немесе  семестрде  бірнеше  сағатқа  есептелген 

тематикалық  сабақтар  болады.  Ал  жаңа  оқу  жылынан  бастап  (2015-2016 

жылдар)  мектептерде  —  «Адам  жəне  құқық»,  «Өзін-өзі  тану»,  жоғары  оқу 

орындарында  —  «Құқық  негіздері»  сияқты  қоғамдық  пəндердің  аясында 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бойынша  сағаттарды  қарастыру  жоспарланып 

отыр [2, 1 бет]. 

Сыбайлас жемқорлық мəселесі соншалықты деңгейде еліміз үшін өзекті 

мəселеге  айналса  да    сыбайлас  жемқорлықпен  таныстыру  үшін  ЖОО-да 

арнайы пəн қарастырып, оны міндетті пəн ретінде айқындау артықтау болар 

еді.  Сондықтан,  осыған  дейін  құқықтық  емес  білім  алушы  студенттер  үшін 

ұйымдастырылып  келген  құқық  негіздері  аясында  сыбайлас  жемқорлыққа 

арнап  арнайы  тақырып  қарастыру  арқылы  бұл  мəселені  шешуге  болар  еді. 

Себебі, құқық негіздері пəнінің басты мақсаты білім алушылардың құқықтық 

сауатын  жоғарылатып,  олардың  құқықтық  сананысың  деңгейін  көтеруге 

бағытталған.  Сондықтан,  осы  пəн  аясында  сыбайлас  жемқорлық  туралы 

ақпарат беру пəннің мазмұнын кеңітіп, маңызын арттыра түсер еді. 

Жоғарғы  оқу  орындарында  құқықтық  емес  білім  алушы  студенттер 

қазіргі  кезде  құқықтық  білім  негіздерімен  «құқық  негіздері»  пəні  арқылы 

танысуда.  Бұл  пəн  болашақ  əртүрлі  мамандық  иелерінің  өз  құқықтары  мен 

міндеттерін  білуіне,  Қазақстан  Республикасының  негізгі  құқық  салалары 

бойынша жалпылама ақпараты болуына жағдай жасауды мақсат етеді. Бірақ, 

қазіргі кездегі еліміздегі сыбайлас жемқорлық сипатын ескере отырып оларға 

сыбайлас  жемқорлық  туралы,  сыбайлас  жемқорлықтың  салдары  жөнінде 

жəне өз таңдаған саласында орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық сипаты 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.



туралы  ақпарат  беру  болашақ  маманның  бойында  сыбайлас  жемқорлыққа 

қатысты өз ұстанымын қалыптастыруына сеп бола алар еді. Құқық негіздері 

пəні  жоғарғы  оқу  орындарының  əртүрлі  мамандықтарының  оқу  жұмыс 

жоспарларында  2  кредит  көлемінде  беріліп  келеді.  Пəн  бағдарламасына 

мемлекет  пен  құқық  жайлы  жалпы  түсініктер,  жалпылама  ақпараттар, 

Қазақстан  Республикасының  негізгі  құқық  салалары  бойынша  жалпылама 

түсініктер мен ақпараттар енгізілген.  

«Құқық  негіздері»  пəні  аясында  сыбайлас  жемқорлық  туралы  арнайы 

тақырып  берген  соң  ол  тақырыптың  қандай  мəселелерді  қамтуы  тиіс  деген 

сұрақ  туындайды.  Берліген  бір  дəріс  пен  бір  семинар  барысында  сыбайлас 

жемқорлық  туралы  барлық  ақпаратты  қамту  мүмкін  болмағандықтан, 

студенттердің  бұл  мəселеге  байланысты  ары  қарай  ізденуін  СОӨЖ  жəне 

СӨЖ  арқылы  жалғастыруына  мұрындық  болуға  болады.  Дəріс  барысында 

студенттерге  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  негізгі  мəселелерді  қарастыру 

ұсынылады,  оларға  сыбайлас  жемқорлықтың  түсінігі,  мəні  жəне  пайда  болу 

жəне  даму  тарихы,  Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлықтың  құқықтық 

реттелу сипаты жəне оған қарсы атқаралып жатқан іс-шаралар.  

Дəріскер  дəрістің  басында,  ең  алдымен,  сыбайлас  жемқорлыққа 

түсініктеме  беріп,  оның  мəнін  ашып  көрсетуі  қажет.  Бұл  тұста  сыбайлас 

жемқорлықтың  қоғам  мен  мемлекеттің  дамуына  кері  əсерін  толымды  түрде 

түсіндіру  үшін  елімізде  орын  алған  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарының 

кейбірін  мысал  ретінде  келтіруге  болады.  Əсіресе,  Қарағанды  қаласындағы 

Бесоба тұрғын-үй кешені, Қорғас кеден бекетіндегі кеденшілер ісі, тендерлер 

бойынша  мемлекеттік  тапсырыстарды  орындаумен  байланысты  ірілі-ұсақты 

қылмыстар  жəне  т.б.  турасында  əңгімелеп,  осы  сыбайлас  жемқорлық 

істерінен  жалпы  мемлекет  пен  қоғамның,  жекелеген  азаматтардың  шеккен 

зардаптарын түсіндіру студенттердің бұл мəселеге қатысты өзіндік пікірлерін 

қалыптастыруға  ықпал  ете  алады  деген  ойдамын.  Мұндағы  басты  мақсат 

сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарының  мемлекет  пен  қоғамға  келтіретін 

зардаптарын  студенттердің  санасына  жеткізу  арқылы  олардың  бұл  мəселеде 

қатаң  ұстанымын  қалыптастыру.  Содан  кейін  сыбайлас  жемқорлық  туралы 

түсініктің  пайда  болу  тарихы,  қазақ  даласындағы  таралу  мəселелеріне  мəн 

берілуі  тиіс.  Қазіргі  кезде  қазақ  даласында  сыбайлас  жемқорлықтың 

таралуын  Тевкелевтің  күнделігіне  сүйеніп  сипаттауға  болады,  яғни,  оның 

кіші  жүз  ханы  Əбілқайыр  ордасына  келіп,  беделді  адамдарды  сый-сияпат 

арқылы  өз  жағына  шығарғаны  жайлы  естеліктер  көп  нəрсені  аңғарта  алады. 

Сонымен қатар, билер сотының халық арасында үлкен сұранысқа ие болуын 

жəне  халық  арасында  тек  əділ  билердің  беделі  болғанын,  сонымен  қатар,  ел 

басқару  ісінде  демократиялық  институттардың  көп  болғандығын    алға 

тартып,  сыбайлас  жемқорлықтың  қазақ  даласына  патшалық  билік 

органдарының  орнығып,  жаңа  лауазымдар  мен  шендердің  пайда  болуымен 

байланыстыра  аламыз.  Кейбір  авторлар  қазақ  даласында  сыбайлас 

жемқорлықтың  отарлықтан  бұрынғы  кезеңдерде  де  орын  алғанын  алға 

тартады  [3,  1  бет].  Бірақ,  шындығына  келгенде,  қазақ  даласында  əскери 

демократия  сипатында  билік  орнықтырылғандықтан,  онда  биліктегі 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.



адамдарды  сатып алу,  əртүрі  сыбайлас  жемқорлық  сипатындағы  əрекеттерді 

іске  асыру  мүмкін  болған  жоқ.  Ресей  қарамағына  өтіп,  жаңаша  ел  басқару 

саясаты  енгізілген  соңғы  уақыттарда  қазақ  қоғамында  сыбайлас  жемқорлық 

еркін  дами  бастады.    Патшалық  үкіметтің  қазақ  қоғамында  билік  жүргізу 

үшін  жүргізген  əкімшілік  жəне  саяси  реформалары  негізінде  қазақ  елінде 

атқару жəне сот билік тармақтарында кездейсоқ адамдардың қызметке келуі, 

сыбайлас жемқорлық,  рушылдық, жүзшілдік сияқты келеңсіз жағдайлардың 

орын  алуы  жиіледі.  Кеңес  үкіметінің  орнығуы  елдегі  бұрынғы  кадрлардың 

қудаланып,  жаңа  буын  комсомолдар  мен  коммунистердің  мемлекет  тетігін 

иеленуіне  жағдай  жасады.  Бірақ,  уақыт  өте  келе  бұл  жүйеде  де 

танысшылдық,  жерлесшілдік,  рушылдық  сияқты  мəселелер  көрініс  таба 

бастады.  Тəуелсіздік  алған  уақыттан  бергі  кезеңде  елдегі  сыбайлас 

жемқорлық  үлкен  қарқынмен  даму  үстінде.  Оның  басты  себебі  елдің 

аумағында  көптеген  табиғи  шикізат  көздерінің  мол  болуында,  өйткені, 

шикізат  көздеріне дербес  билік  ету  кеңес  кезінде    билік  эшелонында болған 

шенеуніктер  үшін  осы  салада  бас  пайдасын  көздеп  əрекет  етуге  жаңа 

мүмкіндіктер  ашты  [4,  392  бет].  Осындай  мəселелерді  тарихи  деректерге 

сүйене  отырып  баяндау  студенттерді  сыбайлас  жемқорлықтың  генмен 

берілмейтіндігіне,  оның  біздің  ата-бабамыздан  келе  жатқан  ұлттық 

ерекшелігіміз  емес екндігіне,  одан  саналы  түрде бас  тарту  арқылы құтылуға 

болатындығына сендіреді. 

Екіншіден  мəн  беретін  мəселе  сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің 

құқықтық жағынан рəсімделуі, елімізде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа 

қатысты  арнайы  бағдарламалар,  заңдар  жəне  өзге  де  нормативтік  құқықтық 

актілер.  Бұл  тұста  ең  алдымен  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы 

Қазақстан  Республикасының  1998  ж.  2  шiлдедегі  №  267-1  Заңына  талдау 

жасалыну  қажет.  Осы  заң  нормаларына  талдау  жасай  отырып,  студенттерге 

сыбайлас  жемқорлықтың  заңда  берілген  анықтамасы  түсіндірілуі  тиіс.  Осы 

заңның  2  бабына  сəйкес,  мемлекеттiк  мiндеттердi  атқаратын  адамдардың, 

сондай-ақ  соларға  теңестiрiлген  адамдардың  лауазымдық  өкiлеттiгiн  жəне 

соған  байланысты  мүмкiндiктерiн  пайдалана  отырып  не  мүлiктiк  пайда  алу 

үшiн  олардың  өз  өкiлеттiктерiн  өзгеше  пайдалануы,  жеке  өзi  немесе 

делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар 

алуы,  сол  сияқты  бұл  адамдарға  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  аталған 

игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып 

алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Бұл анықтамадан өзге жекелеген 

авторлар берген анқытамаларды да ортаға салу артықтық етпес еді. 

Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 

шілдедегі  N453  Заңының  10-бабының  4  тармағының  5,  6-1,  6-2,  8 

тармақшаларына  сəйкес,  мемлекеттiк  қызметке    1)  мемлекеттік  қызметке 

кірер  алдында  үш  жыл  ішінде  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық 

жасағаны 

үшін 

тəртіптік 



жауаптылыққа 

тартылған 

(бұл 

ретте, 


сыбайлас жемқорлық 

құқық 


бұзушылық 

жасағаны 

үшін 

жұмыстан 



босатылған  адам  мемлекеттік  қызметке  жіберілмейді);  2)  мемлекеттiк 

қызметке  кiргенге  дейiн  үш  жыл  iшiнде  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.


бұзушылық  жасағаны  үшiн  сот тəртiбiмен  əкiмшiлiк  жаза  қолданылған;  3) 

сыбайлас  жемқорлық  қылмыс  жасаған;  4)  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

заңнаманы  сақтау  нысанасына  арнайы  тексеруден  өтпеген  адамды 

қабылдауға  болмайды.  Оқытушы  осы  заң  бойынша  сыбайлас  жемқорлыққа 

байланысты шетеулерді студенттерге толықтай түсіндіріп беруге тиіс.  

Сонымен  қатар,  оқытушы  Қазақстан  Республикасының    2014  жылғы  3 

шiлдедегі 

№226-V 


Қылмыстық 

кодексiндегі 

сыбайлас 

жемқорлық 

қылмыстарын 

жəне  оларға 

қатысты 

көзделген 

жазаларды 

талдап, 


студенттерге  түсіндіруі  тиіс.      Ондағы  мемлекеттік  қызмет  пен  мемлекеттік 

басқару  мүдделеріне  қарсы  сыбайлас  жемқорлық  жəне  өзге  де  қылмыстық 

құқық бұзушылықтар  деп аталатын 15-тараудың  361-371 баптарына талдау 

жасап,  онда  көзделген  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  əрқайсысына 

тоқталып,  оларға  тағайындалатын  жазаны  сипаттап  беру  қажет.  Сонымен 

қатар,  Қазақстан  Республикасының  2014  жылғы  5  шілдедегі  №  235-V 

Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің  Əкімшілік  сыбайлас 

жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  деп  аталатын  34-тарауының  676-681 

баптарына 

талдау 


жасап, 

оларда 


көрсетілген 

əкімшілік 

құқық 

бұзушылықтардың ерекшеліктеріне сипаттама беруі тиіс. 



Дəріс  соңында  дəріскер  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің    2011 

жылғы 


31 

наурыздағы 

№308 

қаулысымен   бекітілген     



Қазақстан 

Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 

-  2015  жылдарға  арналған  салалық  бағдарламасына  талдау  жасап,  осы 

бағдарлама аясында елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жүзеге 

асырылып жатқан нақты іс-шараларға талдау жасағаны жөн. 

Семинар  сабағында  сыбайлас  жемқорлықтың  шет  елдік  тəжірибелеріне 

талдау жасау студенттердің осы мəселеге байланысты шет елдік тəжірибемен 

танысуына  септігін  тигізер  еді.  Оқытушының  сыбайлас  жемқорлықпен 

күресте  үлкен  нəтижеге  қол  жеткізген  Сингапур,  Швеция,  Дания,  Жаңа 

Зеландия, Финляндия сияқты мемлекеттердің тəжірибесін семинар сабағында 

талдап,  студенттерді  бірнеше  топқа  бөліп  ойын  ұйымдастыруына  болады. 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың деңгейлері бойынша елімізде орын 

алып 

жатқан 


сыбайлас 

жемқорлық 

қылмыстарын 

деңгерге 

бөліп 

қарастыруды  студенттерге  тапсырма ретінде беріп,  олардың ойларын  ортаға 



салуын ұйымдастыруы аса маңызды болар еді.  

Студенттің  оқытушымен  өзіндік  жұмысына  (СОӨЖ)  уақыт  бөліп 

сыбайлас  жемқорлық  мəселесіне  қатысты  дебат  немесе  дөңгелек  үстел 

форматында  сабақ  ұйымдастыру  да  студенттер  үшін  аса  пайдалы  бола  еді. 

Бұл сабақта студенттерге барынша еркіндік беріліп таңдап алынған тақырып 

бойынша өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның 

салдарын  жою  турасында  жаңа  ой,  көзқарас  қалыптастыруға  болады  деген 

пікірдемін.  

Студенттің  өзіндік  жұмысы  (СӨЖ)  де  сыбайлас  жемқорлыққа 

байланысты өзіндік ерекшеліктері бар тапсырмаларды қамтуы тиіс. Мысалы, 

Қазақстандағы  сыбайлас  жемқорлықтың  сипаты  жəне  онымен  күрес 

тəсілдері, Сыбайлас жемқорлықпен күресте шет елдік тəжірибелерді қолдану 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.


жəне  т.б.  тақырыптарда  баяндама,  реферат  жазуды  тапсыру  студенттің 

дербес  ізденіп,  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  барынша  көп  ақпаратты 

іздестіруіне  себеп  болар  еді.  Сонымен  қатар,  студенттің  болашақта  қандай 

мамандықты иеленетіндігін ескеріп, Мектептердегі сыбайлас жемқорлықтың 

ерекшеліктері,  Денсаулық  сақтау  қызметкерлерінің  сыбайлас  жемқорлыққа 

жол  беруінің  себептері  жəне  салдары,  Спорт  мектептеріндегі  сыбайлас 

жемқорлық, 

Əлеуметтік 

қамсыздандыру 

мекемелеріндегі 

сыбайлас 

жемқорлық  сипаты,  Балабақшада  жемқорлыққа  жол  беріледі  ме?    жəне  т.б. 

тақырыптарда  өзіндік  жұмыс  жазуға  тапсырма  беру  де  сол  мамандықты 

таңдаушы  студенттердің  өз  мамандықтары  бойынша  орын  алып  жатқан 

сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарымен  танысып,  олардың  қоғамға  келтіретін 

зардаптарына қатысты пікір қалыптастыруына ықпал ете алады. 

Жалпы  алғанда,  адамның  құқықтық  санасының  деңгейінің  көтеріліп, 

бойындағы  құқықтық  мəдениетінің  артуына  ол  қабылдайтын  ақпараттың 

əсерінің  зор  екендігін  ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Мемлекет  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы қаншама бағдарламалар қабылдап, орын алған сыбайлас 

жемқорлық  қылмыстарына  қарсы  қаншама  шара  қолданса  да  қоғамда  бұл 

мəселеге  қатысты  бірыңғай  көзқарас  қалыптастыра  алмайды.  Сондықтан, 

сыбайлас  жемқорлық  сияқты  үлкен  қауіпті  мəселеде  ең  алдымен  қоғамның 

теріс  көзқарасын  қалыптастыру  үшін  ол  туралы  ақпаратты  жүйелі  түрде 

беруді  қолға  алу  қажет.  Ол  ең  алдымен,  балабақша,  мектеп  қабырғасынан 

басталып,  кейіннен  ЖОО  қабырғасында  жалғасын  табуы  тиіс.  Бұл  мəселеде 

кейбір  мемлекеттердің  тəжірибесі  көңілге  қонымды,  мысалы,  Литва  елінде 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мектепте  тəрбие  беру  атты  əдістемелік  оқу 

құралы  қазіргі  кезде  кең  қолданысқа  ие  болып  отыр 

[5].


  Сыбайлас 

жемқорлық  жайлы  мəліметті  оны  тыңдаушының  қабылдау  мүмкіндігіне 

сəйкестендіріп,  бір  жүйеге  келтіру  арқылы  деңгейлестіріп  беру,  жастар 

бойында  сыбайлас  жемқорлыққа  деген  көзқарасты  қалыптастыруға 

мүмкіндік  берер  еді.  Кез-келген  қоғамның  тірегі  жастар  екендігін  ескерсек, 

жастар  тарапынан  сыбайлас  жемқорлықты  терістеу  қолға  алынса,  біртіндеп 

бұл індетпен күресте үлкен нəтижеге қол жеткізуге болады деген пікірдемін. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 

1.  Казахстан  занял  126-е  место  в  рейтинге  коррупции  Transparency 

International//03/12/2014 

URL:

https://www.interfax.kz/?lang=rus&int_id=10&news_id=10380



 

2.  Мектептерде 

жемқорлықпен 

күрес 


пəні 

енгізілмек 

//03/02/2015 

URL:


https://www.

ult.kz


 

3.  А.Азимбаев. Коррупция в Казахстане: история и современность. Мысль, № 2, 

2004. 

4.   Е.Өміржанов.  Сыбайлас  жемқорлықтың  елімізде  қалыптасу  жолдары  жəне 



онымен 

күрес 


мəселелері//ҚР 

индустриалды 

инновациялық 

даму 


жағдайындағы  саясат,  экономика  жəне  құқық:  республикалық  конференция 

материалдары - Алматы, ҚазҰПУ, 2011 

5. 

Антикоррупционное  воспитание  в  школе.  Методическое  пособие  для 



общеобразовательных и высших учебных заведений. – Вильнюс, 2006.

 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.



Резюме 

В  данной  статье  автор  рассматривает  проблему  информирования 

населения  о  негативных  последствиях  коррупции.  Для  информирования 

молодежи о коррупции  он указал на необходимость внедрения  специальных 

предметов в учебную программу . Автор в данной статье поднимает вопрос о 

необходимости  включения  специальной  темы  о  коррупции  в  тематический 

план предмета Основы права.  

Summary  

In  this  article  the  author  considers  problem  on  informing  people  about 

negative results of corruption. For informing youth about corruption he pointed to 

the need to introduce of special subjects in the training program.  

The author of 

this  article  raises  the  question  on  the  need  to  include  the  special  theme  about 

corruption in the thematic plan of the subject Introduction to  Law. 

TRIAL MODE − a valid license will remove this message. See the keywords property of this PDF for more information.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал