Жоба «Қоғамдық денсаулық сақтау» кәсіби стандарты



жүктеу 458.08 Kb.

бет1/5
Дата13.09.2017
өлшемі458.08 Kb.
  1   2   3   4   5

 

ЖОБА 



 

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау»  кәсіби стандарты 

 

1.

 



Жалпы ережелер 

 

1.

 



«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  кәсіби  стандарты: 

өзінің  кәсіптік  қызметін  таңдауды жүзеге асыратын талапкерлерге; 

одан  әрі  кәсіптік  даму  бағдары  ретінде  «Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы 

бойынша денсаулық  сақтау  жүйесінің  қызметкерлеріне; 

білім  беру  бағдарламаларын  жетілдіруге  арналған  бағдар  ретінде  медициналық 

білім  беру саласының қызметкерлеріне; 

денсаулық  сақтау  ұйымдарының кадрлық қызметтеріне; 

қоғамдық  денсаулық  сақтау  қызметінің,  денсаулық  сақтау  ұйымдарының  және  ҚР 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігінің  адам  ресурстарды  басқаруын 

жетілдіруге; 

жекелеген  ұйымдардағы  сияқты  жалпы  салада  ұтымды  кадрлық  саясатты  жүзеге 

асыруға  және адами ресурстарды дамытуды жоспарлауға  арналған. 

2. Осы кәсіби  стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар қолданылады: 

біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  функцияларын  сапалы  орындауға  дайындық 

дәрежесі; 

-  біліктілік  деңгейі  –  қиындық  параметрлері,  еңбек  іс-қимылының  стандартты 

еместігімен,  жауапкершілікпен  және  дербестікпен  сараланатын  қызметкердің  даярлығы 

мен құзырет деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  танылған  біліктілік 

деңгейлерінің  құрылымдық сипаты; 

ұлттық  біліктілік  жүйесі  (ҰБЖ)  –  еңбек  нарығы  тарапынан  мамандықтар 

біліктілігіне  қойылатын  сұраныстар  мен  ұсыныстарды  құқықтық  және  институционалдық 

реттеу тетіктерінің  жиынтығы; 

салалық  біліктілік  шеңбері  (СБШ)  –  салада  танылған  біліктілік  деңгейлерінің 

құрылымдық сипаты; 

кәсіби  топ  –  жалпы  ықпалдастырылған  негізі  бар  (ұқсас  немесе  жақын  мақсаттар, 

объектілер,  технологиялар,  оның  ішінде  еңбек  құралы)  және  оларды  орындауға  арналған 

еңбек  функциялары  мен  құзыретінің  ұқсас  жиынтығын  болжайтын  кәсіптік  кіші  топтар 

жиынтығы; 

кәсіби кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынымен қалыптастырылған және 

өздерінің  құзыретін  орындауға қажетті   кәсіптердің  жиынтығы;  

кәсіби  стандарт  (КС)  –  кәсіптік  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік  деңгейіне, 

құзыретке,  мазмұнына,  сапасына  және  еңбек  жағдайына  қойылатын  талаптарды 

айқындайтын стандарт; 

кәсіп  –  арнайы  даярлық  нәтижесінде  алынған  және  білім  беру  туралы  тиісті 

құжаттармен  расталатын  белгілік  бір  білімді,  білікті  және  практикалық  дағдыны  талап 

ететін адамның еңбек қызметінің  негізгі  түрі; 

еңбек  функциясы  –  еңбек  процесінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін  шешуге 

бағытталған іс-қимылдардың өзара байланысының жинағы; 

білім  –  еңбек  функцияларын  орындау  кезінде  белгілі  бір  міндеттерді  шешуге 

мүмкіндік  беретін  тексерілген  ақпарат жиынтығын игеру

аурулардың  халықаралық  жіктемесі  10-қайта қарау 

(АХЖ-10) 

– 

бұл 



Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымдарына  мүше  елдердегі  халықтың  денсаулығын 

зерделеу  кезіндегі  10-қайта  қараудың  негізгі  нормативтік  құжаты  болып  табылатын 



 

медициналық  ғылымды  дамытудың  заманауи  кезеңін  бейнелейтін  аурулар  мен 



патологиялық жағдайлар тобының жүйесі; 

дағды  –  бірнеше  қайтара  қайталау  жолымен  автоматтандыруға дейін жеткізілген іс-

қимыл; 

нормативтік  құқықтық  акт  –  референдумда  қабылданған  не  уәкiлеттi  орган  немесе 



мемлекеттiң  лауазымды  адамы  қабылдаған,  құқықтық  нормаларды  белгiлейтiн,  олардың 

қолданылуын  өзгертетiн,  тоқтататын  немесе  тоқтата  тұратын  белгiленген  нысандағы 

жазбаша  ресми  құжат,  сондай-ақ  жазбаша  ресми  құжатпен  бірдей  және  электрондық 

цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған  электрондық-цифрлық нысандағы құжат; 

іскерлік  –  алынған  білімнің  жиынтығымен  қамтамасыз  етілетін  және  жаттығулар 

арқылы қалыптастырылған іс-қимылдарды орындаудың игерілген  тәсілі; 

бейінді  маман  –  белгілі  бір  мамандық  бойынша  сертификаты  бар  жоғары 

медициналық білімді  медицина қызметкері; 

денсаулық  -  аурулар  мен  дене  кемістіктерінің  болмауы  ғана  емес,  тұтастай  тәни, 

рухани (психикалық)  және әлеуметтік  салауаттылық жағдайы; 

денсаулық  сақтау  ұйымы  –  денсаулық  сақтау  саласында  қызметті  жүзеге асыратын 

заңды тұлға; 

инновациялық  медициналық  технологиялар  -  медицина  (биомедицина)  саласына, 

фармацияға 

және 

денсаулық 



сақтау 

саласындағы 

ақпараттандыруға 

енгізілуі 

экономикалық  тұрғыдан  тиімді  және  (немесе)  әлеуметтік  мәні  бар  болып  табылатын 

ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің  әдістері  мен құралдарының жиынтығы;  

медицина  қызметкерлері  –  кәсіптік  медициналық  білімі  бар  және  медициналық 

қызметті  жүзеге асыратын жеке тұлғалар; 

медициналық  көмек  –  халықтың  денсаулығын  сақтауға  және  қалпына  келтіруге 

бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің  дәрілік  көмекті  қамтитын жиынтығы; 

медициналық  көмектің  сапасы  -  көрсетілетін  медициналық  көмектің  уәкілетті 

орган  бекіткен  және  медициналық  ғылым  мен  технологияның  қазіргі  заманғы  даму 

деңгейі  негізінде  белгіленген  стандарттарға сәйкестік  деңгейі;   

денсаулық  сақтау  саласындағы  медициналық  сараптама  (денсаулық  сақтау 

саласындағы  сараптама)  -  денсаулық  сақтау  қызметінің  әртүрлі  аяларындағы 

құралдардың,  әдістердің,  технологиялардың,  көрсетілетін  қызметтердің  деңгейі  мен 

сапасын  анықтауға  бағытталған  ұйымдастырушылық,  талдамалық  және  практикалық  іс-

шаралардың жиынтығы; 

денсаулық 

сақтау 


саласындағы 

стандарт 

(стандарт) 

медициналық, 



фармацевтикалық  қызмет,  медициналық  және  фармацевтикалық  білім  беру  саласындағы 

қағидаларды,  жалпы  қағидаттар  мен  сипаттамаларды  белгілейтін  нормативтік  құқықтық 

акт; 

медициналық  қызмет  –  жоғары  немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке 



тұлғалардың,  сондай-ақ  заңды  тұлғалардың  азаматтардың  денсаулығын  сақтауға 

бағытталған кәсіптік  қызметі; 

медициналық  қызметтер  көрсету  -  денсаулық  сақтау  субъектілерінің  нақты  адамға 

қатысты профилактикалық,  диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;  

медициналық  ұйым  –    негізгі  қызметі  медициналық  көмек  көрсету  болып 

табылатын денсаулық сақтау  ұйымы; 

пациент –  медициналық қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке тұлға; 

диагностика  –  аурудың  болуы  немесе  болмауы  фактісін  белгілеуге  бағытталған 

медициналық қызметтердің  жиынтығы; 

динамикалық  байқау  -  халық  денсаулығының  жай-күйін  жүйелі  түрде  байқау, 

сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті  медициналық көмек көрсету;   

донор  –  донорлық  қан,  оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде 

шәует,  жыныс  жасушалары,  аналық  жасуша)  алу  жүргізілетін,  сондай-ақ  реципиентке 


 

транспланттау  үшін  тіндерді  және  (немесе)  ағзаларды  (ағзалардың  бөліктерін)  алу 



жүргізілетін  адам, адамның мәйіті,  жануар;  

емдеу  -  ауыруды  жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, 

сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені;   

консилиум  -  кемінде  үш  дәрігердің  қатысуымен  диагноз  қою,  емдеу  тактикасын 

айқындау және ауруды  болжау мақсатында адамды зерттеу;   

инвазиялық  әдістер  -  адам  организмнің  ішкі  ортасына  ену  жолымен  жүзеге 

асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;   

клиникаға  дейінгі  (клиникалық  емес)  зерттеу  -  адамның денсаулығына ерекше әсер 

етуін  және  (немесе)  қауіпсіздігін  зерделеу  мақсатында  сыналатын  затты  немесе 

физикалық  әсерді,  аурулар  профилактикасының,  оларды  диагностикалау  мен  емдеудің 

құралдарын,  әдістері  мен  технологияларын  зерделеу  жөніндегі  химиялық,  физикалық, 

биологиялық,  микробиологиялық,  фармакологиялық,  токсикологиялық  және  басқа  да 

эксперименттік  ғылыми зерттеулер немесе зерттеулер сериясы;  

клиникалық  зерттеу  -  субъект  ретінде  адамды  қатыстыра  отырып,  аурулардың 

профилактикасы,  оларды  диагностикалау  мен  емдеу  құралдарының,  әдістері  мен 

технологияларының  қауіпсіздігі  мен  тиімділігін  анықтау  немесе  растау  үшін  жүргізілетін 

зерттеу;   

профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын 

алуға  және  орын  алған  асқынуларды,  ағзалар  мен  тіндердің  бүлінулерін  бақылауға 

бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;   

медициналық  оңалту  -  науқастар  мен  мүгедектер  организмінің  бұзылған  және 

(немесе)  жоғалтқан  функцияларын  сақтауға,  ішінара  немесе  толық  қалпына  келтіруге 

бағытталған медициналық қызметтер көрсету  кешені;   

алмастырушы  бүйрек  терапиясы  –  бүйрек  жетіспеушілігіне  және  басқа  себептерге 

байланысты  адам  денесінде  жиналған  уытты  заттар  мен  артық  сұйықтықты  жою 

мақсатында қолданылатын әдістер жиынтығы; 

трансплантация  –  организмінің  басқа  жеріне  немесе  басқа  организимге  тіндерді 

және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін)  ауыстырып салу, бітіп  кетуі; 

реципиент  -  донорлық  қан  немесе  одан  бөлінген  компоненттер  және  (немесе) 

препараттар  құйылатын,  еркектің  немесе  әйелдің  донорлық  материалы  (шәует  немесе 

аналық  жасуша)  енгізілетін  не  донордан  алынған  тіндерді  және  (немесе)  ағзаны  (ағзаның 

бөліктерін)  транспланттау жасалатын пациент;  

тәуелсіз  сарапшы  -  денсаулық  сақтау  субъектілерінің  қызметіне тәуелсіз  сараптама 

жүргізу  үшін  белгіленген  тәртіппен аккредиттелген  жеке тұлға;   

Осы кәсіптік  стандартта мынадай қысқартулар  қолданылады: 

  БА–Басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  қызметкерлер  лауазымдарының 

біліктілік  анықтамалығы; 

  АХЖ-10


 

–Аурулардың  халықаралық  жіктемесі  10-қайта қарау; 

  НҚА–Нормативтік  құқықтық  акт; 

  ЖОО–Жоғары оқу  орны; 

  БАҚ–Бұқаралық  ақпарат құралы 

 

2.



 

Кәсіби стандарт паспорты 

 

3.

 



Кәсіби стандарттың атауы:  Қоғамдық денсаулық сақтау. 

 

4.



 

Кәсіби  стандартты  әзірлеу  мақсаты:  «Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  кәсіптік 

кіші  тобын  қызметкерлерінің  біліміне,  іскерлігін,  дағдыларына  және  құзыреттеріне 

қойылатын    талаптарға  сәйкес  келетін  еңбек  функцияларының,  оларды  іске  асыру 

бойынша міндеттердің  жүйелі және құрылымдық сипаты. 


 

5.



 

Кәсіби 


стандарттың 

қысқаша 


сипаттамасы: 

салауатты 

өмір 

салтын 


қалыптастыру,  санитариялық-эпидемиологиялық  салауаттылықты    қамтамасыз  ету, 

балалар  мен  ересек  халықтың    денсаулық  жағдайының    негізгі  көрсеткіштерін  бағалау; 

инфекциялық  аурулар  ошағында,  табиғи-ошақ  инфекциясы  аумағында    профилактикалық 

және  эпилемияға  қарсы    іс-шараларды  жоспарлау  және  өткізу;  медициналық  ұйымдар 

және  денсаулық  сақтауды  басқару  органдарының  деңгейінде    қоғамдық  денсаулық  сақтау  

саласында  басқарушылық  шешімдерді  әзірлеу;  қоғамдық  денсаулық  сақтау    саласындағы  

мамандарды  және  зерттеулерді    дайындау  бойынша  іс-шараларды  ұйымдастыру  және 

жетекшілік  ету,  қатысу,  өз  бетінше  өткізе  білу.    Мамандар  біліктілігі  деңгейінің  өсуімен 

әрбір  келесі  деңгей  алдыңғы  деңгейдің  функцияларының  орындалуын  және  оларды  жаңа 

құзыреттерге  сәйкес кеңейтуді  көздейді. 

6.

 

Негізгі  топ: қоғамдық  денсаулық  сақтау.   



Кәсіби топ: қоғамдық  денсаулық  сақтау  маманы. 

 

3.Кәсіптер карточкалары 



Кәсіптер тізбесі: 

қоғамдық  денсаулық  сақтау  маманы – СБН бойынша біліктілік  деңгейі  – 6; 

қоғамдық  денсаулық  сақтау  дәрігері  (валеолог,  эпидемиолог,  статист,  әдіскер)  – 

СБН бойынша біліктілік  деңгейі  –7.1., 7.2., 7.3., 7.4.; 

«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығының  оқытушысы  –  СБШ  бойынша 

біліктілік  деңгейі  – 7.2., 7.3., 7.4, 8; 

қоғамдық  денсаулық  сақтау  саласындағы  ғылыми  қызметкер  –  СБШ  бойынша 

біліктілік  деңгейі  –7.2., 7.3.,  7.4.,  8. 

 

Кәсіптер карточкалары  осы Кәсіби стандартқа қосымшада  келтірілген. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  кәсіби 

стандартына  

қосымша   


 

 



 «Қоғамдық денсаулық сақтау маманы» кәсіби карточкасы 

 

Код  


2221 

Кәсібі 


Қоғамдық денсаулық  сақтау  маманы  

СБН 


бойынша 

біліктілік  деңгейі 

6 

БА 


бойынша 

біліктілік  деңгейі. 

Кәсіптік 



білім 

деңгейі 


ҚР медициналық ЖОО-ны 2009 жылға дейін аяқтаған кезде: 

1.

 



 Жоғары кәсіптік  білім. 

2.

 



«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы  бойынша  қайта 

даярлықтан өту (біліктілігін  арттыру). 

ҚР медициналық ЖОО-ны 2009 жылдан кейін аяқтаған кезде: 

1.

 



Жоғары кәсіптік  білім. 

2.

 



«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы  бойынша  қайта 

даярлықтан өту (біліктілігін  арттыру). 

Мамандық бойынша тәжірибе  талап етілмейді.   

Еңбек функциялары 

1)

 

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру бойынша   іс-шараларға 



қатысу (валеолог). 

2)

 



Медициналық  статистика  көрсеткіштерін  есептеуге,  бағалауға 

және талдауға  қатысу.   

3)

 

Қоғамдық  денсаулық  сақтау    жүйесін  ұйымдастырға  қатысу 



(әдіскер).   

1 еңбек функциясы 

Салауатты 

өмір 


салтын 

қалыптастыру 

бойынша 

 

 



іс-

шараларға 

қатысу 

(валеолог). 



Іскерлігі  мен дағдылары:  

1.

 



Бастапқы  статистикалық    ақпаратқа  талдау  жүргізу  және  баға 

бере білу  іскерлігі.    

2.

 

Денсаулық 



сақтау 

ұйымдарының 

есепке 

алу-есептілік 



деректерін  жүйеге келтіру  және өңдеу жүргізе  білу  іскерлігі.    

3.

 



Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  жұмысын  сипаттайтын 

статистикалық көрсеткіштерді     ақындай білу  іскерлігі. 

4.

 

Статистикалық  талдау    әдістерін  практикалық  қолдану 



дағдылары. 

5.

 



Халық 

денсаулығының 

демографиялық 

көрсеткіштерін 

есептеуді  және бағалауды жүзеге  асыра білу  іскерлігі.   

6.

 



Статистикалық  есептерді  жүргізу  және    статистикалық 

есептілікті,  ақпараттық-талдау  анықтамаларды  қалыптастыру  үшін  

ақпаратты дайындау іскерлігі.   

Білімі: 

1.

 



Статистика негіздері. 

2.

 



Статистикалық деректерді  талдау  әдістері. 

3.

 



Медициналық  ұйымдарда  және  денсаулық  сақтау  жүйесінде 

статистикалық есепке алуды ұйымдастыру. 

4.

 

Санитариялық  статистика  теориясы  мен  әдістері;  халық 



денсаулығының  статистикасы;  денсаулық  сақтау  статистикасы; 

халықаралық  статистика мәселелері. 

5.

 

Статистикалық    есепке  алу  және  есептілік  бойынша  бастапқы 



құжаттардың,    оларды  толтыру  жөніндегі  ережелер  мен 

нұсқаулықтардың  нысандары. 

6.

 

Есептеу  техникасын пайдалануға беру  қағидасы. 



7.

 

Денсаулық  сақтау  саласындағы  қызметті реттейтін  нормативтік 



 

құқықтық  актілер  мен  басқа  да  басшылыққа  алынатын  және 



әдістемелік  материалдар.  

2 еңбек функциясы 

Медициналық 

статистика 

көрсеткіштерін 

есептеуге,  бағалауға 

және 

талдауға 



қатысу. 

Іскерлігі  мен дағдылары:  

1.

 



Бастапқы  статистикалық    ақпаратқа  талдау  жүргізу  және  баға 

бере білу  іскерлігі.    

2.

 

Денсаулық 



сақтау 

ұйымдарының 

есепке 

алу-есептілік 



деректерін  жүйеге келтіру  және өңідеу  жүргізе  білу  іскерлігі.    

3.

 



Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  жұмысын  сипаттайтын 

статистикалық көрсеткіштерді     ақындай білу  іскерлігі. 

4.

 

Статистикалық  талдау    әдістерін  практикалық  қолдау 



дағдылары. 

5.

 



Халық 

денсаулығының 

демографиялық 

көрсеткіштерін 

есептеуді  және бағалауды жүзеге  асыра білу  іскерлігі.   

6.

 



Статистикалық  есептерді  жүргізу  және    статистикалық 

есептілікті,  ақпараттық-талдау  анықтамаларды  қалыптастыру  үшін  

ақпаратты дайындау іскерлігі.   

Білімі: 

1.

 



Статистика негіздері. 

2.

 



Статистикалық деректерді  талдау  әдістері. 

3.

 



Медициналық  ұйымдарда  және  денсаулық  сақтау  жүйесінде 

статистикалық есепке алуды ұйымдастыру. 

4.

 

Санитариялық  статистика  теориясы  мен  әдістері;  халық 



денсаулығының  статистикасы;  денсаулық  сақтау  статистикасы; 

халықаралық  статистика мәселелері. 

5.

 

Статистикалық    есепке  алу  және  есептілік  бойынша  бастапқы 



құжаттардың,    оларды  толтыру  жөніндегі  ережелер  мен 

нұсқаулықтардың  нысандары. 

6.

 

Есептеу  техникасын пайдалануға беру  қағидасы. 



7.

 

Денсаулық  сақтау  саласындағы  қызметті реттейтін  нормативтік 



құқытық  актілер  мен  басқа  да  басшылыққа  алынатын  және 

әдістемелік  материалдар. 

3 еңбек функциясы 

 

Қоғамдық  денсаулық 



сақтау 

 

жүйесін 



ұйымдастырға 

қатысу  (әдіскер). 



Іскерлігі  мен дағдылары:  

1.

 



Медициналық  ұйымдардың  қызметкерлеріне,    ведомстволық 

бағыныстағы 

ұйымдарға 

және 


олардың 

қызметкерлеріне 

ұйымдастырушылық-әдістемелік  көмек  көрсете білу.   

2.

 



Халыққа  көрсетілген  медициналық  көмектің  көлемдеріне, 

түрлерін және нысандарына талдау жасай білу.   

3.

 

Халық  денсаулығының  көрсеткіштерін  және  медициналық 



ұйымдардың,  бөлімшелердің  қызметінің  көрсеткіштерін    есептей 

білу. 


4.

 

Денсаулық  сақтау  ұйымдарында    алдыңғы  қатарлы  тәжірибені 



енгізу  бойынша жұмыстарды ұйымдастыра білу.   

5.

 



Денсаулық  сақтау  ұйымдары  қызметінің  түпкі  нәтижелерін 

бағалай білу.   

6.

 

Медициналық  құжаттаманы  есепке  алу-есептілікті  жүргізе 



білу.    

 

Білімі: 

1.

 

Денсаулықтың  әлеуметтік  шарттасуы  және  оған  ықпал  ететін 



факторлар.   

2.

 



Өмір  сүру  қалпы  және  маңызды  аурулардың    медициналық-

әлеуметтік  аспектілері.  Өмір сүру  сапасы. 

3.

 

Халықтың  жекелеген  тобының    денсаулығының медициналық-



әлеуметтік  аспектілер  (әйелдер,  балалар  және  жасөспірімдер,  егде 

жастағы адамдар).  

4.

 

Әлеуметтік 



гигиена 

негіздері, 

денсаулық 

сақтауды 

ұйымдастыру  және  оның  экономикасы,  медициналық  этика  және 

деонтология.  

5.

 

Санитариялық статистиканың теориясы мен әдістері; денсаулық 



сақтау  статистикасы, халықаралық  статистика мәселелері.   

6.

 



Денсаулық 

сақтау 


саласындағы 

 

қызметті 



реттейтін  

нормативтік  құқытық  актілер  мен  басқа  да  басшылыққа  алынатын 

және әдістемелік  материалдар. 

Жеке құзыретіне 

қойылатын талаптар 

1.

 



Этика,  деонтология  және  субординация  қағидаларын  сақтау 

дағдылары.   

2.

 

Денсаулық  сақтау  ұйымдарының  санитариялық-гигиеналық 



режим  нормаларын  және  қоршаған  ортаның  эпидемиологиялық 

қауіпсізідігін  сақтау  дағдылары.  

3.

 

Медициналық  қызметтерді  көрсету    процестер  құжаттамалау 



(соның ішінде  электронды) жүзеге асыра білу  іскерлігі.   

4.

 



Ұйымдастыру,  дербес  бақылау  және  өзінің    қызметін  үздіксіз 

жетілдіруді  дағдылары. 



«Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері» кәсіби карточкасы (валеолог, эпидемиолог, 

статист, әдіскер) 

Код 


2221 

Кәсібі   

 «Қоғамдық 

денсаулық  сақтау  дәрігері»  кәсіби  карточкасы 

(валеолог, эпидемиолог, статист, әдіскер) 

СБН 


бойынша 

біліктілік  деңгейі 

7.1. 

БА 


бойынша 

біліктілік  деңгейі. 

Кәсіптік  білім  деңгейі  ҚР медициналық ЖОО-ны 2009 жылға дейін аяқтаған кезде: 



1.

 

«Медициналық-профилактикалық 



іс», 

«Медициналық-

биологиялық  іс»,  «Емдеу  ісі»,  «Педиатрия»  мамандықтары 

бойынша жоғары кәсіптік  білім. 

2.

 

«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы  бойынша  қайта 



даярлықтан өту (біліктілігін  арттыру). 

ҚР медициналық ЖОО-ны 2009 жылдан кейін аяқтаған кезде: 

1.«Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы  бойынша  жоғары 

медициналық білім. 

2.  «Гигиена  және  эпидемиология»  мамандығы  бойынша  базалық 

медициналық білімі  мен интернатура.  

3.  «Қоғамдық  денсаулық  сақтау»  мамандығы  бойынша  қайта 

даярлықтан өту (біліктілігін  арттыру).   



 

4.  Практика  5  жылдан  астам  болмаған  кезде  «Қоғамдық 



денсаулық  сақтау»  мамандығы бойынша қайта даярлықтан өту. 

Мамандық бойынша тәжірибе  талап етілмейді.   

Еңбек  функциялары 

1)  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  бойынша      іс-шараларға 

қатысу (валеолог дәрігер). 

2)  Медициналық  статистика  көрсеткіштерін  есептеуге,  бағалауға 

және талдауға  қатысу  (статист дәрігер). 

 

3)



 

Қоғамдық  денсаулық  сақтау    жүйесін  ұйымдастыруға  қатысу 

(әдіскер  дәрігер). 

 

4)



 

Санитариялық-эпидемиологиялық 

салауаттылықты 

қамтамасыз  етуге  және  профилактикалық  және  эпидемияға қарсы 

іс-шараларды  өткізуді  қамтамасыз  етуге  қатысу  (эпидемиолог 

дәрігер). 

1 еңбек функциясы   

 

Салауатты 



өмір 

салтын  қалыптастыру 

бойынша 

 

 



іс-

шараларға 

қатысу 

(валеолог дәрігер). 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал