Жоқ. Быковка, Шиже-1, Шиже-2 өзендерінде мұз қарая бастаған, Шағанды жартылай мұз басып жатыр



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/6
Дата15.01.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

БО

ЛЖ



АМ

Мамандардың мәліметінше, кешегі күнге Жайық, 

Елек, Деркөл, Утва, Өлеңті, Купераңқаты, Үлкен өзен, 

Кіші өзен, Қалдығайты өзендерінде сең жүру басталған 

жоқ. Быковка, Шиже-1, Шиже-2 өзендерінде мұз 

қарая бастаған, Шағанды жартылай мұз басып жатыр. 

Жайық, Деркөл, Шаған, Утва, Өлеңті, Шідерті, 

Шиже-1, Шиже-2, Быковка, Қалдығайты өзендерінде 

су деңгейі көтеріліп жатыр, дегенмен, әзірше шектеулі 

межеден төмен. Ресей аумағындағы Ириклин суқой-

масынан Жайыққа айдалатын су көлемі секундына 20 

текше метрді, Варфоломеев суқоймасынан айдалатын 

су секундына 3 текше метрді құрайды. Деркөл өзенінің 

Зеленое елді мекені аумағы тұсында мұзды күлтелеу 

үшін 47 жарылыс жасалған. Қалдығайты мен Утва 

өзендерінде де осындай жұмыстар жүргізілуде. Тас-

қала, Қазталов, Шыңғырлау, Сырым аудандарында да 

мұзжарғыш бригадалар кезекшілік атқарып жатыр. Ірі 

өзендердегі ахуал қалыпты болғанымен, облыстың 

жекелеген аудандарында еріген қар суы бірқатар көлік 

жолдарын басып қалған. Макарово елді мекені аума-

ғында облыстық маңызы бар автокөлік жолын, Қаз-

талов-Қошанкөл автожолының 32-38 шақырымдары 

аралығын және Қазталов-Жәнібек тас жолының 63-

шақырымын су шайып кеткен. Бұл жерлерге ескерту 

бел гілері орнатылып, қалпына келтіру жұмыстары 

жүр гізіліп  жатыр.

Болатбек МҰХТАРОВ

Батыста тасқын 

қаупі күшейіп 

келеді

ОЙ-КӨКПАР



Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын ассоциация құру қажет пе?

Шетелдіктерге құмар қалыңдықтар неге көбейіп барады?

Рас, Кеңес Одағының саясаты бойын-

ша аралас неке «модаға» айналған ке-

зең дер де болды. Бірақ шетелдіктерге 

тұрмысқа шығыпты дегенді естіген емес-

піз. Қазір ше? Қазақылықтың қаймағы 

сақталған оңтүстіктің өзінде бұл жат 

үрдіс соңғы жылдары кең етек алып 

барады. 

Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет 

департаментінің мәліметтеріне жүгінсек, 

өткен жылы 874 жерлесіміздің шетел 

азаматтарымен некелескені тіркеліпті. 

Бұл көрсеткіш осыдан төрт жыл бұрын 

ғана, яғни 2007 жылы 39-дан аспаған. 

Әрине, бұлардың арасында келіндерден 

гөрі күйеубалалардың қатары көбірек 

екенін ұғыну қиын емес. Сонда Қазақ-

станның қыздары үшін жат елдің жігітіне 

жар болу абырой болғаны ма, әлде бұл 

мәжбүрлікке итермелеген қу дүние ме 

екен? Қаланың қыздарын қайдам, ауыл-

дың ажарлылары көбінше көрші ауыл-

дан-ақ теңін тауып, ағайыннан алысқа 

ұзамайтын. Тіпті, көрші екі ауылдың аза-

мат 


тары бір-бірімен құдандалы, 

нағашы-жиен болып, мидай араласып 

жататын. Қазір аруларымыз алысқа 

кетуді арман дай тын болғаны ма? 



Балжан ӘЛІПБЕК,  облыстық Әділет 

департаменті бастығының орынбасары:

– Шетел азаматтарымен тұрмыс 

құру үрдісі облыс орталығында да, 

аудандарда да өсіп барады. Мәселен, 

Шымкентті алайық. 2008 жылы 23 

шымкенттік шырайлылар «жар құша-

мын» деп шетел асса, бұл көрсеткіш 

2010 жылы – 218, ал 2011 жылы 

220-ға бір-ақ көтерілген. Ал кілең 

қара көздер мекен еткен Бәйдібек 

ауданында 2009 жылға дейін мұндай 

жағдай кездеспеген болса, өткен 

жылы үш азаматша шетелдіктермен 

некеге тұруды жөн санапты. Шетел-

діктермен некеге тұру шекараға 

жақын аудандарда күрт өскені бай-

қалады. Айталық, Қазығұрт ауда-

нында 2009 жылы бір қызымыз 

шетелдіктің жүрегін жауласа, 2010 

жылы – 27, былтыр 43 отбасы жат-

жұрт 

тықтармен құда болысқан. 

Мақтааралда 2008 жылы үш жағдай 

тіркелсе, 2010 жылы – 139, 2011 

жылы 163 жерлесіміз шетелдік жігіт-

тер мен жұп құрған. Сарыағаштағы 

жағ дай да осы шамалас. Онда 2008 

жылы бір ғана азаматша шетелдікпен 

көңіл жарастырса, 2010 жылы – 177, 

2011 жылы 225 отбасы шетел дік-

термен құда болған.

ТҮЙТКІЛ


Жалғасы 3-бетте 

Әсілі, заң жобасының мем ле-

кеттік тіліндегі мәтінге қатысты 

мәселенің көтерілгені бір бұл емес. 

Соңғысы да осымен тоқтайтынына 

көз жетпейтіні тағы рас. Оның ішінде 

«айта айта Ал тай ды, Жамал апай 

қартайды» демек 

ші, басқасын 

былай сыпырып, халықаралық 

шарттарға келгенде өз ана тілімізде 

қателіктерге ұрынып, сосын сол үшін 

әріптес елге қайта-қайта нота жол-

дап, кешірім сұрап жа та тынымызға 

да етіміз үйреніп қалғандай. Бұның 

алдында да дүр кін-дүркін мәселе 

қойылғаны есте еді. Алайда содан 

сабақ алмаған Сыртқы істер 

министрлігі  кеше  се на тор лардың 

отырысына тағы бір тұп-тура сондай 

халықаралық келісімді сүйретіп 

әкепті. Құжат Ауғанстандағы тұрақ-

тандыру мен қалпына келтіру 

жөніндегі халықаралық іс-қимыл-

дар ға Испания Корольдігінің қаты-

суы на байланысты аталған елдің 

әс 

ке 


ри мүлкі мен персоналдың 

тран зитін Қазақстан аумағы арқылы 

қам 

тамасыз етуді қарастырады. 



Бұн дай келісім бұған дейін Гер ма-

ния, Франция, АҚШ секілді елдер-

мен де жасалған болатын. Басқасын 

қайдам, бірақ Испаниямен келісімге 

қол қойыл ғаннан соң, сегіз-ақ бап-

тан тұра тын осы құжаттың 6-бабына 

бірдей түзетулер енгізуге тура 

келген. Төрт мәрте нота жолданыпты. 

Сөйтіп, бар-жоғы 1,5 парақ келісім-

дегі қате лік тер екі елдің арасындағы 

төрт мәрте нота алмасуға себеп 

бопты. «Бұл қалай?» десті депу тат-

тар. Сөйт сек, сыртқы істер минис-

трінің орын ба сары Қайрат Омаров 

мұны бірден мойындады: «қазақ 

тіліндегі мәтінде кемшілік жіберіп 

алдық, сондықтан төрт рет нота 

жіберіп, Испаниямен келіс тік». Ал 

олқылықтың астарына үңілген 

орын  басар бәленің бәрін аудар ма-

шыларға итеріп баққандай еді. Он-

да да испан тілінің емес, қазақ тілі-

нің мәтінін жазудағы қате лік тердің 

кеткеніне сол аудармашылар кінәлі 

болған секілді. Бұл – бір мәселе. 

Екінші үлкен мәселені бұған дейін 

де ныса на ға алып үйреніп қалған 

Ғани Қа сы мов көтерді. «Мен түк 

түсін  беймін,  осы  біздің  Астана қала-

сында қол қойылған халықаралық 

келісім неге қазақ, испан және орыс 

тілінде жасал ды. Орыс тілінің бұған 

шатағы қанша? Осыны түсіндіріңізші? 

Қазақ ша мәтін болғаны дұрыс, оны 

түсініп отырмын, испанша болғаны 

да дұрыс, өйткені біз сол елмен екі-

жақты келісіп жатырмыз.

Қанат ҚАЗЫ

Алматы


+21.. +23

о

+10.. +12



о

+11..+13


о

 

-1.. -3



о

Астана


ИƏ

АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

дедім-ай, ау!

ЖОҚ

– Бізге медицина қызметкерлерінің құ-

қық тарын қорғайтын ассоциация қажет. 

Рас, қазір қауымдастықтар көп. Мә се лен, 

тіс дәрігерлері қауымдастығы, рев матолог 

дәрігерлер қауымдастығы де ген дей. Бірақ 

олардың  әрқайсысының  ат  қа ратын 

функциясы әртүрлі. Сондықтан бізге тек 

қана дәрігерлердің құқықтарын қор ғаумен 

айналысатын, осы төңіректегі дау-дамайды 

тиімді шеше алатын, осы лай ша, қоғамға 

мәселенің шығу төркінін жан-жақты 

түсіндіріп бере алатын қауым 

дас 


тық 

жұмысы қажет-ақ. Әйтпесе біржақты қара-

лау дан дәрігерлерге деген қоғамның көз-

қа расы да өзгеріп бара жатыр. Барлығына 

дә рігерді кінәлау, тіпті әдетке айналды 

деуге  бо ла ды.

Айта кетерлік жайт, бізде Ұлттық ме ди-

ци налық дәрігерлер қауымдастығы бар. 

– Жоқ, бұл – қате пікір. Меніңше, ме-

ди цина қызметкерлерінің құқықтарын 

қор ғайтын ассоциация құру – артық 

дүние. Қазір Денсаулық сақтау министр лі-

гінің жа нынан науқастардың құқығын қор-

ғай тын қо ғам дық кеңес құрылған. Қоғам-

дық ке ңес тің жұмысын денсаулық сақтау 

министрі Салидат Зекенқызы өз қа да ға-

лауына алған. Мұндай қоғамдық кеңестер 

облыстық денсаулық сақтау басқармалары 

мен қа ла лық денсаулық сақтау бас қар ма-

ла рының да жанынан құрылған. Бұлардың 

барлығы медициналық көмек көрсетудің 

сапасын арт тырып, дәрігер мен науқас 

ара сында туындаған дауларды әділ шешу 

мақсатында құрылған. Яғни Денсаулық 

сақтау ми нистр лігінің өзі дәрігерлер мен 

науқас тар дың құқығын қорғауға мүдделі 

бо лып  отыр.   

Ақылдастар 

алқасы 

құрылады


Жеребе 

тартылды, 

жекпе-жектер 

басталды


ДСҰ-ға 

кірмей жатып 

алаңдауға 

негіз бар ма?



-бетте

-бетте

-бетте

4

4



7

АЙТӨБЕЛ-ДАТ!

Мәдениеттің  өскені  

ел-жұрттың, әлеуметтің 

жаңа рухының өскені 

деп бағалаймын

148,29

194,57

23,49

13074,75

1265,74

1614,10

5,03

1,30

1622,60

122,70

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Нарынбек МОЛДОБАЕВ,



қырғыз депутаты:

Неге Премьер-министр депу-

тат тарға бөтен адам сияқты қарайды? 

Біз енді өзіміз ғой...



(www.24kg.org сайтынан)

Астана уақытымен 18.00 бойынша

Орыс тілі орынсыз 

килікпейтін болады

Мақсұт ТЕМІРБАЕВ, медицина 

ғылымының докторы, 

профессор, академик:

Нағима ПЛОХИХ, 

«Салауатты Азия» қоғамдық 

қорының президенті:

-бетте

3

Медицина қызметкерлерінің үстінен айтылатын 



арыз-шағым күн өткен сайын көбеймесе азаяр 

емес. Осыған орай кейбір мамандар «науқастар 

ауруы асқынған соң ғана дәрігер алдына келіп, 

оқыс жағдай тіркеле қалса дәрігерді кінәлап 

шыға келеді. Бұл жағдайда науқастардың 

құқығын қорғаушылар табылып, 

дәрігерлердің құқығы қалыс қалады. 

Сондықтан медицина қызметкерлерінің 

құқықтарын қорғайтын арнайы 

ассоциация құру қажет» деген пікір 

айтуда. Әйтсе де бұл пікірге қарсы пікір 

айтушылардың да өз уәждері бар. 

Тараптардың пікірін ой-көкпарға 

тоғыстырып көрген едік. 

бетте

6

Батыс Қазақстан облысындағы 



өзендерде сең қозғала қойған жоқ. Ахуал 

әзірше қалыпты. Кейбір автожолдарды 

ғана су басқан. Дегенмен алдағы екі тәулік 

ішінде өңірде тасқын болуы мүмкін. Елді 

мекендерде апаттың алдын алу 

жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы 

Батыс Қазақстан облыстық төтенше 

жағдайлар департаментінің баспасөз 

қызметі хабарлады.

№57 (739) 

6 сәуір, жұма

2012 жыл


Надежда ЛУШНИКОВА:

Жүрекке әмір жүрмейді. Бұған 

қарсы келу, дау айту мүмкін 

емес. Алайда сананы тұрмыс 

билеген бүгінгі заманда қылығы 

түзде – қыздарымыздың жүрегін 

адал махаббаттан бұрын бас 

айналдырар байлық билеп 

алмады ма деген күдікті ой қылаң 

береді. Әйтпесе айналамызда 

қаншама жігіттің сұлтаны 

жүрсе-дағы оларды көзге ілмей, 

шетелдіктердің етегін ұстайтын 

қарындастарымыз көбеймес пе 

еді? Айтпағымыздың астарын 

түсінген де боларсыз. 

Шадияр МОЛДАБЕК

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Ендігәрі халықаралық келісімдерге орыс тілі орынсыз 

килікпейтін болады. Кеше Сенат Сыртқы істер министрлігіне 

соңғы ескерту жасады. 

№57 (739) 

6.04.2012 жыл, 

жұма             



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

 

Қазақстан бақытты елдер 



қатарынан орын алды

Жердегі халықтың оннан бір 

бөлігі – арал тұрғындары 

Басы 1-бетте

Дүниежүзі бойынша барлық аралдарда тұратын адамдардың саны қанша? 

Айдана АУЖАНБЕКОВА, Алматы

Әлемдегі 7 миллиард адамның оннан 

бір бөлігі аралдарда өмір сүреді. Тек қана 

Индонезияның өзінде 200 миллионнан 

астам, Ұлыбританияда 60 миллионға 

жуық халық тұрады екен. 13 667 аралдан 

тұратын Индонезияның 6000 аралында 

ғана халық қоныстанған, қалғаны – елсіз 

аралдар. Оңтүстік Атлантикада орналасқан 

ең шалғай Тристан де Сунха аралында 242 

адам өмір сүріп жатыр. Оларда жеті түрлі 

фамилия ғана бар, өйткені бәрі дерлік 

өзара туыс болып келеді. Жалпы, әлемде 

барлығы 47 арал-мемлекет бар. Олардың 

қатарына Индонезия, Мадагаскар, Папуа-

Жаңа Гвинея, Жапония, Филиппин, Жаңа 

Зе лан дия, Ұлыбритания, Куба, Исландия, 

Ирландия, Шри-Ланка, Доминикан 

Респуб ликасы, Тайвань, Гаити, Соломон 

аралдары, Сингапур, Ямайка және тағы 

басқалар кіреді.

СО

Т



Жаңаөзен: сот отырысында 

журналистердің орысша 

аудармамен қамтылмауында 

тұрған ештеңе жоқ

Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты бұл күнде сот отырысы 

басталып кеткені мәлім. Осынау сот барысына дүйім жұрт көз тігіп 

отырғандықтан, бұл төңіректе әртүрлі әңгімелердің болып жатқаны рас.

Мәселен, Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер 

бойынша қозғалған қылмыстық істе 188 

тұлға зардап шегуші ретінде танылса, 

соның 155-і тергеу амалдары барысында 

азаматтық талап арыз берген екен. Алайда 

сот амалдары басталғалы бері кейбір 

азаматтар өздерінің талап арыздарын қай-

тарып алғаны да белгілі болды. Бұл тура-

сында Әлібек Байнешев деген заңгер дің 

пікірін де жариялағанбыз. Сол секілді 

кейбір ақпарат құралдары ондағы сот 

отырысының қазақша өтіп, орыстілді БАҚ 

өкілдерінің аудармамен қамтылмағанын 

да назарға алған болатын. 

Осы мәселеге байланысты белгілі заң-

гер Зинаида Федотова кеше Астанада 

бұлтартпас түсінік берді. 

«Сот процесінде қазақ тілінен орыс 

тіліне ілеспе аударманың болмауына бай-

ла нысты сөз БАҚ-тарда көп айтылып жатыр. 

Меніңше, бұл тұрғыда заңнама талаптарын 

бұзу фактісі жоқ. Атап айтқанда, қазақ тілі 

мемлекеттік тіл болып табылады. Яғни сот 

үдерісінен объективті ақпарат алғысы кел-

ген редакциялар қазақ тілі мен орыс тілін 

еркін меңгерген тілшілермен жасақталуы 

тиіс», – деген заңгер бұл тұста мәселе бо луы 

мүмкін еместігін қадап айтты. Оның үстіне 

сот Маңғыстау облысында өтіп жатыр, ал 

ондағы халықтың көпшілігі тек қазақ тілін де 

сөйлейтіндіктен, сот үдерісіне қаты сушылар 

сот отырысын мемлекеттік тілде өткізуге 

келісіп, сот барысына қаты сушылар үшін 

аударма жасау мүмкіндігі ұсынылған. «Ал 

журналистер үшін заң намада аудар мамен 

қамтамасыз ету қарас тырылмаған. Шетел-

ден келген журналистер де жергілікті халық-

тың тілінен аударманы өздері қамтамасыз 

етулері тиіс екендіктерін біледі», – дейді        

З.Федотова.

Заңгер сонымен қатар, «аталған сот 

отырысындағы айыпталушылар Қазақстан 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына негізделген 

рақым шылыққа ілігуі мүмкін бе?» деген 

сұраққа да өзі пайымын білдірді. Оның 

айтуынша, бұл істегі айыпталушылар заң 

аясындағы рақымшылыққа іліге алмайды. 

Бірақ кешірім жасау институтына өтініш 

білдіре алады.



Айбын БАҚЫТҰЛЫ

БА

СҚОС



У

ТМД Қарулы Күштерінің 

штаб бастықтары бас қосты

Кеше Астанада  ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қарулы Күштерінің 

штаб бастықтары комитетінің кезекті отырысы өтті. Оған Әзірбайжан, 

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және 

Украина мемлекеттерінің өкілдері қатысып, бірыңғай әскери жүйелерді 

жетілдіру мәселесін талқылады. Осыдан кейін Ұжымдық қауіпсіздік 

шарты ұйымына мүше мемлекеттердің штаб бастықтары бас қосып, 

шұғыл іс-қимыл күштерін дамыту жайын пысықтап шықты. 

ТМД аясында өткен бірінші отырыс 

барысында сегіз елдің штаб бастықтары, 

ең алдымен, бірыңғай әскери жүйелерді 

жетілдіру мәселесін қарады. Сондай-ақ 

олар гуманитарлық мақсатта жарылғыш 

заттарды жою саласында инженерлік әс-

кери күштердің өзара әрекет ету келісімін 

талқылап, биологиялық, химиялық және 

радиациялық қауіпсіздікті сақтау мақ са-

тында өзара ақпарат алмасу жайын пы сық-

тап шықты. «Отырыс барысында біз әскери 

салаға қатысты 12 мәселені талқыға сал-

дық. Олардың ішінде ең маңыздысы, ол 

– Ресейде орналасқан біздің орталық 

әскери құрылымымызбен өзара ақпарат 

алмасу. Бізде ортақ мәселелер көп. Өйткені 

біздің әрқайсымыз жеке мемлекет бол ға-

ны мызбен көптеген жайттар бойынша 

байланыстар әлі сақталған. Бұл отырыс 

ортақ мәселелердің бар екендігін тағы бір 

мәрте аңғартты, – деп атап көрсетті Ресей 

Федерациясының қорғаныс вице-министрі 

Николай Макаров отырыстан кейінгі бас-

пасөз мәслихатында. Оның айтуынша, 

ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қарулы 

Күштерінің штаб бастықтары комитетінің 

кезекті отырысын Санкт-Петербург қала-

сында өткізу ұйғарылды. 

Осыдан кейін Армения, Беларусь, Қазақ-

стан, Қырғызстан, Ресей және Тәжік стан ның 

әскер басшылары оңаша бас қо сып, Ұжым-

дық қауіпсіздік шарты ұйымы ая сында Бі-

ріккен штабтың қызметін тал қыға салды. 



Арман АСҚАР

ИНТЕГР


АЦИЯ

Астанада ҰҚШҰ-ның 

мерейтойлық отырысы өтеді

Алдағы жексенбі күні Астана қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты 

ұйымының сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтеді. Бұл 

туралы Беларусь сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Андрей 

Савиных Минскіде өткен брифингте мәлімдеді. 

ҰҚШҰ СІМ Кеңесінің отырысы өтетін 

күні ТМД елдерінің сыртқы істер министр-

лері де бас қосады. ҰҚШҰ СІМ Кеңесі өзекті 

болып отырған жаһандық, аймақтық қауіп-

сіздік мәселесін талқылайтын болады. 

Отырыстың күн тәртібіне ұйымға мүше 

мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен 

ынтымақтастығы да қаралады. Айта 

кетейік,  Астанада өтетін кезекті отырыс 

ұжымдық қауіпсіздік келісіміне – 20 жыл, 

ал ұйым болып құрылғанына 10 жыл 

толуына дәлме-дәл келіп отыр. 

Ал ТМД СІМ Кеңесі мемлекеттердің 

достас тық ішіндегі ынтымақтастықты сара-

лайды. Күн тәртібіне шығарылатын барлық 

мәселе алдағы уақытта ТМД Мемлекет 

басшыларының және Үкімет жетекшілерінің 

қарауына түседі.

Женевада Наурыз тойланды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Ұлттар сарайында 

халықаралық Наурыз күні аталып өтті. Ұлыстың ұлы күніне арналған 

салтанатты мерекелік шараға Қазақстан тұрақты өкілдігінен бөлек 

Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, 

Түркия және Өзбекстан миссиялары қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз 

қызметінің хабарлауынша, мерекенің 

ашылу салтанатында халықаралық ұйым-

дар, Женевада аккредиттелген дип ло ма-

тиялық корпус басшылары мен қыз мет кер-

лері алдында БҰҰ Бас хатшысының 

орын басары, женевалық кеңсенің бас 

дирек торы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз 

сөйледі. Тоқаев жаңа жылда табыс, өр кен-

деу мен береке тілей отырып, жаңа өмірдің

жаңа үміт пен жаңарудың, қоғамда бей біт-

шілік пен бірлікті сақтаудың нысанына 

айналған Наурыздың біздің елдеріміз үшін 

ерекше маңызын атап өтті. БҰҰ Бас хатшы-

сы орынбасарының пікірінше, ежелден 

тойланып келе жатқан бұл мереке ескінің 

дәстүрін жаңа заманның қажеттілігімен 

үндестіре алды. Бүгінде ол болашаққа және 

бірлік рухына деген сенімді білдіреді. Ме-

ре кеге қатысушылар барлық тоғыз елдің 

мә дениетімен, салт-дәстүрімен танысуға 

мүм кіндік алды. Қонақтардың назарына 

түрлі кәдесыйлар, қолөнер өнімдері мен 

ұлттық тағамдар ұсынылды.

Болатбек МҰХТАРОВ

МЕРЕКЕ


СЕНАТ

Ал орыс тілінің мұнда несі бар? Тоқтау 

са латын кез жетті ғой, осы!», – дейді се на-

тор Қасымов. «Айтып отырғаныңыз орын-

ды. Сондықтан да біз соңғы жылдары бұл 

практикадан (халықаралық келісімдерге 

орыс тілін орынсыз тықпалаудан-авт.) кетіп 

жатырмыз. Дегенмен мына келісім 2009 

жылы жасалған еді. Сол кезде ондай прак-

ти ка болып тұратын еді», – дейді сыртқы 

істер министрінің өкілі мән-жайды ашып. 

Сосын сөзге спикер Қайрат Мәми де 

араласты. Ол ана тіліндегі мәтінде кеткен 

қа теліктер салдарынан құжаттар қай та ры-

лып жататынын еске салып, проблеманың 

бюро отырысы деңгейінде де қаралғанын 

жеткізді. «Көтеріп отырған мәселе дұрыс. 

Бюрода талқылаған соң Мәжіліс төрағасы 

Н.Нығматулинмен бірлесіп, екеуіміз 

Үкіметке хат жолдадық. Ол хатта қазақ 

тіліндегі халықаралық келісімдер мәтін де-

рінің ерекшеліктерін ескере отырып, сол 

келісімдер қол қойылғанға дейін арнайы 

сараптамадан өтуі тиістігі айтылды. Сон-

дық тан да Премьер-министр кеңсесінің, 

Парламент Сенаты мен Мәжілісі аппа рат-

та 

ры қызметкерлерінің қатысуымен 



арнайы сараптамалық топ құруды жөн 

сана дық. Бұлай істемесек болмайды, әйт-

песе министрлік жасағанын Үкімет өз гер-

теді, сосын оған Мәжіліс бір, Сенат екі 

түзету енгізеді. Сол үшін жақында осы топ 

құрылады», – дейді Сенат спикері. Сосын 

Қайрат Әбдіразақұлы Сыртқы істер ми-

нистр 


лігіне бұл мәселе қатаң түрде 

ескертілгенін, соны ұдайы қаперде ұстау 

қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Сөй-

тіп, бірталай жыл бойы жыр болып келе 

жатқан халықаралық келісімдердегі қазақ 

тілінің жайы енді мықтап қолға алынатын 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал