Жүнісбеков М. Орман – халық байлығы / М. Жүнісбеков // Орталық



жүктеу 28.69 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі28.69 Kb.

     Жүнісбеков М. 

         Орман – халық  байлығы / М.Жүнісбеков // Орталық 

Қазақстан. – 2003. – 5 маусым. – (Табиғат жəне біз). 

 

     Орман бар жерде сəн бар, салтанат пен серуен бар, тынығуға да қолайлы 



мүмкіндік мол. 

   Орманның  адамдарды  таңқалдыратын  ғажайып  жұмбаққа  толы  сұлулығы 

өз  алдына  ұзақ  əңгіме.  Соңдықтан  болар,  бүгінде  орман  демалыс  немесе 

мереке уақытын көңілді өткізуге ұмтылған сан мыңдаған адамдардың əртүрлі 

көліктермен барып, демалатын жері болып отыр. 

   Орманның  айдаладағы  қоршаған  ортаға  да  үлкен  əсері  бар  десек,  əсем 

тауларымыз  бен  ормандарымыз  арнайы  тынығу  орнына  айналған.  Біздің 

орман-тоғайларымыз  жанға  дауа  болумен  бірге  жеміс-жидек,  дəрілік 

өсімдіктерге де бай. Қарақат пен бүлдірген, мойыл мен долана – орман сəні. 

Сонымен  қатар 1 гектар  орман 1 гектар  ауылшаруашылық  алқабына 

қарағанда 3-10 есе  оттегіні  көп  шығарады.  Орман  ішіндегі  ауада  қаладағы 

ауаға қарағанда əртүрлі микробтар 40-70 есе аз. 1 гектар орман жылына 50-70 

тонна  шаң-тозаңды  тазартады.  Табиғат  əлемі  бір-бірімен  тығыз  байланыста. 

Олар  бірінсіз-бірі  тіршілік  етіп,  өмір  суре  алмайды.  Осы  байлықты  ел 

пайдасына  айнапдыру – біздің  негізгі  міндетіміз.  Біздің  облысымыздың 

аумағы 42 млн.  гектар  жерді  алып  жатса,  оның  ішіңде  орман-тоғай  алқ-

аптары небəрі 98000 гектар жерде ғана орналасқан. Адамның табиғатқа əсері 

мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, соңдай-ақ 

топырақты,  су  көздерін,  ауаны  ластау  арқылы  жүзеге  асуда.  Бұл  табиғат 

ахуалының  күрт  төмендеуіне  əкеліп  соқты,  көп  жағдайда  орны  толмас 

зардаптар  қалдырды.  Бүгінгі  таңда  шұғыл  шешуді  қажет  ететін  көкейкесті 

мəселелердің  бірі – қоршаған  ортаны  аялап-сактау,  дұрыс  пайдалану  болып 

отыр. 1989-1990 жылдардан  бастап  еліміз  табиғат  пайдалануды  реттеудің 

экономикалық  əдістерінің  дамуына,  жергілікті  басқару  органдарының 

құқықтары  мен  өкілеттіктерінің  кеңеюіне  бет  қойды.  Орман  қорғау  ісіне 

ерекше  көңіл  бөлініп,  ондағы  өсімдіктер  мен  аңдарды  қорғау  ісі 

жақсартылуы көзделуде. 

   Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының саны мен көлемі артып, оларды 

бакылау  ісі  жақсартылу  үстінде.  Қазір  қолданылып  жүрген  Орман  кодексі 

1993 жылғы болса, одан бергі жылдары Конституция мен Азаматтық кодекс 

жаңадан  қабылданғандықтан  жəне  орман  қорғау  мен  орманға  қатысты 

қоғамдық  қатынастарды  құқықтық  реттеуді  жақсарту  мақсатында  жаңадан 

Орман кодексін бекіту туралы заң жобалары дайындалуда. 

   Соңдай-ақ,  ағаштарды  өз  еркімен  шабуға  жауапкершілік  арттырылды. 

Отын дайындаудың құны 6-8 рет артты, заңсыз ағаш шабуға айыппұл көлемі 

10 есе арттырылды жəне ол үшін қылмыстық жауапқа тарту белгіленді. 

   Əр  нəрсенің  жауы  бар  демекші,  осы  əсем  дүниені  түп  орнымен  құртып 

жіберетін орманның үлкен жауы өрт жиі болып тұратыны ащы шыңдық. Өрт 

қашан  болсын  қауіпті.  Солардың  ішінде  орман  өрті  ең  қатерлі  апаттардың 


бірі.  Оны  ауыздықтау  өте  қиын,  əсіресе  құрғақ  жаз  маусымында  болған 

өрттер орнында қап-қара алаңқайлар, кей кезде үлкен қара дала қалады. Оны 

сояу-сояу  болып  тұрған  күйген  ағаштар  түбірлері  мен  бұтақтары  өте 

ұсқынсыз етіп жібереді. 

   Ағашпен  бірге  қаншама  құнды  өсімдіктер  түбірімен  жойылады,  аңдар 

күйіп, қашып құтылғаны қайда барарларын білмей сасады. Өніп келе жатқан 

жас  өскін  күйіп  кетеді,  өнуі  мүмкін  түбіртектер  мен  орман  ішіндегі 

өсімдіктер  жойылады.  Өрт  орманды  жалмап  болып,  төңіректегі  далаларға, 

егістікке, ауылдарға қауіп төңдіреді. 

   Əлемдік  статистика  өрттердің  үш  пайызы  ғана  найзағайдан  немесе  өзге 

табиғи себептерден болады,  қалғандарына адамдардың өздері кінəлі болады 

дейді. Орман өрттері орманы аз біздің облысымыз үшін ең қауіпті. Нақтылап 

айтқанда 1993 жылдан бастап 2003 жылға дейін облысымызда 408 орман өрті 

болып, 13665 гектар  орман  алқабы  өртке  шалыңды.  Ал  өткен 2002 жыл 

бойында облыс бойынша 18 орман өрті болып, онда 123 гектар орман алқабы 

отқа оранып, орман шаруашылығына 237500 теңге зиян келтірді. Бізде əзірше 

өртенген  ормандарды  қалпына  келтіру  ісі  жолға  қойылмаған.  Олардың 

орындары тазаланып, жаңа орман боларлық ағаштар егілмейді. 

   Орманды  қорғау  жəне  қалпына  келтіру  ісіне  жеткілікті  мөлшерде  қаржы 

бөлінбейді. Көп жылдан бері бірде-бір техника сатып алынбаған. Бір сөзбен 

айтқанда ормандардағы өрттердің алдын алу үшін шұғыл шаралар керек. 

   Өрттің  шығу  себептеріне  келсек,  əсіресе  үлкеңді-кішілі  топтар  табиғат 

аясына шығып, серуен құрады, от жағып, ас əзірлейді, темекі тұқылын қалай 

болса  солай  лақтыра  салады.  Ең  өкініштісі – олардан  соң  күл-қоқыстар 

қалып, тіпті кейде сөнбеген шоқтардан өрт шығып, табиғатқа үлкен зиян тиіп 

жататыны. 

   Бір сөзбен айтқанда ормандардағы өрттерді болдырмау үшін жəне оның ал-

дын  алуда  орман  алқабына  барып  демалушылар,  экскурсияға  келген 

оқушылар,  əсіресе  өрт  қаупі  күшті  жаз,  күз  айларында  мына  төмендегі 

орманды  күзететін  мекемелерден  рұқсат  алып,  оларға  өздерінің  қай  жерде 

болатындықтары туралы ескертулері керек. 

   -  Қарағанды  орман  шаруашылығы - Қарағанды  қаласы,  Защитная  көшесі, 

103, телефон 43-79-38. 

   -  Қу орман шаруашылығы – Егіндібұлақ селосы, телефон 9-14-98. 

   - Ақтоғай орман шаруашылығы  – Ақтоғай селосы, Сəтбаев көшесі, 16 үй. 

   - Жаңаарқа орман шаруашылығы – Атасу селосы, Лесхозная көшесі, 1 үй, 

телефон 2-12-60. 

   -  Ұлытау  орман  шаруашылығы – Ұлытау  селосы,  Амангелді  көшесі, 1 үй, 

телефон 2-14-98. 

   -  Қарқаралы  ұлттық  мемлекеттік  паркі – Қарқаралы  қаласы,  Бейбітшілік 

көшесі, 1 үй, телефон 2-12-14, 2-19-35. 

   Өртті өшіргеннен гөрі алдын алу əлдеқайда оңай екені белгілі. Сондықтан 

да өрт жібермеу табиғат аясында дем алатын əрбір азаматтың міндеті. 

   Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 38-бабында  «Қазақстан 

Республикасының  азаматтары  табиғатты  сақтауға  жəне  табиғат  байлық-


тарына  ұқыпты  қарауға  міндетті»  делінген.  Орман  өрттері  орман  қорғау 

қызметкерлерінің  ең  басты  уайымына  айналып  отыр.  Өртенген  ағаштарды 

қалпына келтіруге орта есеппен 50-60 жылдай уақыт керек. Бұл бір адамның 

ғұмыры,  сондықтан  жердің  көркі,  денсаулыққа  шипа  орман  алқабын  тілсіз 

жау  зардабынан  қорғап,  келешек  ұрпаққа  табиғи  қалпында  жеткізіп,  көздің 

қарашығындай сақтау əр адамның ел алдындағы қасиетті, бұлжымас парызы 

жəне  бұл  орманшылардың  ғана  емес,  табиғат  аясындағы  əрбір  перзенттің 

қасиетті борышы екенін ұғынатын мезгіл жетті. 

   Демалыс  орындары  мен  орман  аумақтарына  барушы  құрметті  азаматтар, 

табиғатты қорғаңыздар жəне барлық жанды тіршілік иелеріне ұқыптылықпен 

қараңыздар.  Себебі,  табиғаттың  байлығын  қорғамасақ - ол  экологиямыздың 

бұзылуына  əкеліп  соғады.  Соның  салдарынан  жер  азғындап,  өрттің 

экологиялық зияны төңіректің бəрін шарпиды. 

   Осыларды  ескере  отырып,  қала,  ауыл  жұртшылығынан  қоршаған  ортаға 

деген  қамқорлықты  арттыруды  сұраймыз.  Өзіміз  демалатын  жеріміздің 

тазалығына көңіл бөліп, өрттің шығуына жол бермейік дегім келеді. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал