Жұмыстары бір емес, екі мәрте жүргізілді



жүктеу 0.79 Mb.

бет1/7
Дата10.09.2017
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 3-бетте 

БЕЗБЕН


Мәселен, өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру 

жұмыстары бір емес, екі мәрте жүргізілді. Оның бірін-

шісі 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы болса, 

екін ші көшіру жұмыстары  1942 жылдың күзінде жал-

ғасын тапты. Елімізге көші рілген кәсіпорындар Москва, 

Ленинград облыстарынан, Украина, Беларусь елде-

рінен әкелінді. Мамандар негізінен, 1941 жылдың 

екін ші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіп-

орын көшіріп әкелін ге нін,  тек Алматының өзінде 34 

зауыттың, фа брика мен цех жабдықтары орна лас-

тырылғанын сөз етеді.  Олардың ішінде Луганск пара-

воз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу 

зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 

тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келген. Бұған 

қоса  Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде 

Семей аяқкиім фа бри касы құрылған. Көптеген кәсіп-

орын қор ғаныс өнімдерін шығара бастады. Өс кемен 

қорғасын-мырыш комбинаты, Қа 

рағанды көмір 

шахталары сияқты со ғысқа қажетті өнімдер шығаратын 

өнеркәсіптер құрылыстарын салып аяқтады. 

ІРІ ҚҰРЫЛЫСТАР ЕКІ ЕСЕЛЕНДІ 

Басымдық беріп айтар тұсы; соғыс қорғаныс 

саласының негізін нығайтуға сеп болды. 1941 жылы 

елдегі осы салаға қатысты құрылыс орындарын екі 

еселеуге тура келеді. Осы мақсатта Балқаш пен 

Жезқазған қалаларына үлкен міндет артылып, мыс 

қорының ауқымдылығына қарап, осы  екі қалада мыс 

қорыту зауыт тары ашылды. Балқаш мыс қорыту зауыты 

салынып, бұл нысан әскери маңызы бар өнеркәсіп 

орны саналды. Бұдан соң Текелідегі қорғасын-мыс 

ком 

бинатының бірінші кезегі жұмысын бастап, 



Өскемен мыс зауыты іске қосылды.

Сапабек ӘСІПҰЛЫ, жазушы-ғалым:

– Ол жылдары республикада қара металлургия, 

мұнай өңдеу өнеркәсібі қа лыптасты. Жезқазғанда 

қағаз өнер кә с ібі дамыды. Сондай-ақ Жезқазған қа-

ласы жарылғыш заттар, сұйық шы ны, карбид 

өндірісін, күрделі қосалқы бөл шектер мен жабдық 

шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті. 1944 жы-

лы Теміртауда (ол кездері Самарқан ата латын) Қазақ 

металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда 

тұңғыш бо лат бал қытылды. Өскеменде қорғасын за-

уыттары, машина жасау кәсіп орын дары іске қосылды. 

Семейде тоқыма өн дірісі серпін алып, осы елде 

аяқкиім шығару өнер кәсібі белең алды. Көші ріп әке-

лінген 54 зауыт пен фабрика та мақ өнер кәсібі халық 

комис са риа тының қарамағында болды. Ал бұ лар дың 

басым бөлігі кейін соғыстан соң да өз ісін әрмен 

қарай жалғас ты рып, Ке ңес Одағына өзіндік табыс 

түсірді.  Рес публикада аяқкиім сала сы ның қуа ты – 12 

есе, былғары сала сының қуаты 10 есе өсті. Қазақстан 

өнер кәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс іс-

тесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға де йін жетті. 

1943 жы лы қорғаныстық ма ңызы бар он даған 

кәсіпорын іске қо сылды, бұ рын нан жұмыс  істеп тұр-

ған кәсіп орын дар өнім өндіруді арт тыр ды. Жал пы, 

соғыс кезінде ірі құры лыс ты еке есе леуге ту ра келді. 

Бұл  со ғыс  өнеркәсіптік  ба  за мызды  қалып тас тыра 

алды.

Тылдағы ерлік соғыстағы 

ерліктен кем болған жоқ

ОЙ-КӨКПАР



Қазақтың Ұлы Жеңіске қосқан үлесіне лайықты баға берілді ме?

Мылтықсыз майданның ерлеріне қамқорлық қажет

Майданда  ерлер ерлік жа-

сап, қан төксе, тылда әйел дер 

мен балалар ерлік жасап, тер 

төкті.  Оларға жұ мыс істеу үшін 

үгіт-насихат қажет болған жоқ. 

Тәнін есейт песе де, сұрапыл 

соғыс,  заманның зұл 

маты 

олар дың санасын тез есейтті. 



Елін-жерін жаудан қор ғауға 

май дан ға аттанған әкелер мен 

аға  ларының  ор нын  өздері  басу 

ке  ректігін олар жақсы ұқты.

Ел басына күн туған шақта 

тылда қалған өрімдей жас тар 

жеңіс үшін майданды керек-

жарақпен үздіксіз қам тамасыз 

ету мақсатында  тәулігіне 14-16 

сағат жұ мыс істеді. Олар жеңіс 

жолында ештеңеден аянып 

қал мады. Балалық шағын, күш-

жігерін, денсаулығын же 

ң 

іс 



жолына құрбан етті. 

Сол кезде ат жалын тартып 

мінген әкелер мен аға лар дың 

орнын басқан балалар – бү-

гінде самайын ақ қы рау шалып, 

сек сеннің сеңгіріне шыққан 

қария. Олар  ды соғыс арда-

герлерімен тең дәрежеде 

ардақтау – бүгінгі ұрпақтың 

парызы.


Иә, тыл ардагерлерінің ең-

бегі мемлекет тарапынан да 

ескерусіз қалған жоқ. Олардың 

мәртебесі  анық та лып,  оларға 

жеңілдіктер беру және 

әлеуметтік қорғау ту ра лы заң 

қабыл данды. 

Ұлы Отан соғысының қа ты-

су шылары  мен  мү ге дектерінің 

және соларға теңес 

тірілген 

адамдардың мәр тебесі «Ұлы 

Отан соғысының қатысу-

шылары мен мү 

гедектеріне 

және соларға теңестірілген 

адам дарға  бе рілетін  жеңіл-

діктер мен оларды әлеуметтік 

қорғау ту 

ралы» Қазақстан 

Республикасының 1995 жылғы 

28 сә уірдегі №2247 заңымен 

белгіленді.

Қасірет арқалап, талай үйге қайғы 

әкелген, талай шаңыраққа қара 

жамылдырған қанды қырғынның 

аяқталғанына да 67 жыл болды. Екінші 

дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуімізде 

майдан ерлерімен қатар, тыл 

еңбеккерлерінің де үлесі орасан екеніне 

ешкімнің де таласы бола қоймас. Әкелер  

соғыс майданында қолына қару алып, 

соғысса, әйелдер мен қабырғасы қатпаған 

өрімдей жас балалар фабрика мен 

зауыттарда, ауыл шаруашылығында  «Бәрі 

де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген 

ұранмен еңбек етті. Қанып ұйықтамай, 

тойып тамақ ішпей, ойынды ұмытып, бар 

күш-жігерін майданды оқ-дәрімен, азық-

түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге 

жұмсаған балалардың еңбегі ерлікпен 

пара-пар еді.

Статистика – аяусыз ғылым. 1941 жылы мектеп 

бітірген 15-16 жастағы өрендердің тек 3 пайызы ғана 

соғыстан аман-есен оралған. Басқаша айтқанда, жүз 

жігіттің үшеуі ғана ата-ана, ағайын-бауырымен тірілей 

қауышқан. Суреттер сөйлей алмайды. Егер ғайыптан 

тіл бітсе, талай сырға қанықтырар еді. Мәселен, мына 

бір ұяң жігіттің жау дзотын кеудесімен жапқандығын, 

қайсар мінез бозбаланың неміс окопын танкімен 

таптағанын, зеңбірек болып атылып, басқыншының 

басына бомба болып құлағанын құлағымызбен естір 

едік. Айтпақшы, соғысты тек ерлердің ісі деп кім 

айтты? «Отан» ұғымы ұлға да, қызға да ортақ емес пе. 

Суреттегі нәзік жандылардың арасында құралайды 

көзге атқан мергендер, мейірімді медбикелер, қаһарман 

барлаушылар мен байланысшылар да тұрған шығар, 

бәлкім. Біз бүгін олардың іс-әрекетін бір ауыз сөзбен 

«Көзсіз ерлік» деп бағалаймыз. 

ПАРЫЗ


Жалғасы 6-бетте 

Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында 

кезінде әлдебір себептермен баспана ала 

алмаған ардагердің арманы орындалса, 

денсаулығын түзеуіне мейлінше мүмкіндік 

жасалып, тиісті материалдық игіліктерге еш 

кедергісіз қолы жетсе, мүмкін, біз аталар 

алдындағы парызымыздың титімдей ғана 

бөлігін өтеген болар едік. 

Тіріге құрмет – өз алдына бөлек әңгіме. 

Енді көп ұзамай соғыс та рихын, батырлар 

ерлігін жас ұрпақ жадына мықтап сіңіру жайы 

алдыңғы қатарға шығады. Жалпы, Екінші 

дүниежүзілік соғыс тарихы өскелең ұрпақтың 

санасына мүлде сіңірілмеген деп бірінші 

дабыл қаққан біз емес, Батыс Еуропаның 

ғалымдары. Британдық Эрскин орталығы 

жүргізген сауалнамаға сенсек, ағылшын 

еліндегі екі жүгермектің бірі нацистер көсемі 

Адольф Гитлерді футболдан Германия 

құрамасының бас бапкері ретінде «таниды» 

екен. Алғашқы атом бомбасы Перл-Харборға 

тасталды деп ойлап жүрген америкалық 

оқушылар Жеңіс күні қашан екендігінен де 

бейхабар. Дәл осындай мәселе Қазақстанда 

жоқ десеңіз, қателесесіз. Әріге бармай-ақ, 

бүгінгі білім беру сала сын дағы ахуалды 

сараптап көргенімізде көңілді көншітпейтін 

фак тілерге кезіктік. Жалпы, білім беретін орта 

мектептегі қа быр ғалы пәндердің бірі – 

Қазақстан тарихы. Басқа-басқа жаһандық 

сұ рапылға 1 млн 200 мыңнан аса ұл-қызын 

жіберген, сан мың даған зауыт-фабрикаларды 

өз жерінде қабылдап, майданды оқ-дәрі, 

азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз 

еткен Қа зақстанның тарихында Ұлы Отан 

соғысына ойып тұрып орын бе рілсе керек-ті. 

Өкінішке қарай, 10-11 сыныптарға арналған 

«Қа зақстан тарихы» оқулықтарында ҰОС 

туралы бір ауыз сөз жоқ.  



Қалдар БЕК

ИƏ

-бетте

3

ЖОҚ

– 30-жылдары 1,5 миллион-

дай қазақ ашаршылықта көз 

жұмса, 1,5 мил лиондай қазақ 

ше тел дерге  қо ныс  аударды.  Сол 

дүр белеңнен аман қалған 2,5 

мил лиондай  қа зақтың  ең  мықты 

аза маттары  май дан ға  жөнелтілді. 

Ме нің әкем төрт аға йынды еді. 

Төр теуін де соғысқа әкет ті. Біреуі 

Ста линград түбінде оқ қа ұшса, 

екеуі мүгедек болып орал ды. Ра-

қым жан Қошқарбаев ең ал ғаш қы 

бо лып жеңіс туын тікті. Оны өле-

өлгенше ешкім бағаламай кетті. 

Ба  уыржан Момышұлы – нағыз 

ба  тыр.  Одақтан батыр атағын ал-

ма са да, қазақ оған сондай атақ-

ты беріп қой ды. 

– Соғыс кезінде де, соғыстан ке-

йінгі уақытта да қазақ батырларының 

ең  бегіне лайықты баға беріліп жат-

ты. Орталықтың ұлтқа бөліп, алалап 

қа рау үрдісі болғаны рас. Бұл – сая-

саттың салқыны. Дегенмен Кеңес 

Ода ғына мүше жалпы, халық қа-

зақтың ержүректігін, батырлығын 

мо йын дады. Қазақтар мен қа зақ-

стан 


дықтардың еңбектері рет-

ретімен ба ғаланды. Сұм соғыстың 

сал да рынан Кеңес Одағы бойынша 

26, 7 млн адам ажал құшса, 11,9 

млн адам фашистердің тұтқынына 

түсіпті. Аза маты қаза тапқан отба сы-

ларға құр мет те көрсетілді. 1, 2 млн 

қа  зақ стандықтар  соғыста  қаза  та-

уыпты. 

Жаңа тарихи көзқарастың қалай болғанына 

қарамастан, біздің тарихымыздан 1941-1945 

жылдардағы соғыстың мықтап орын алғаны сөзсіз. 

Бірақ одақтас республикалар іргесін аулақ салған 

бүгінде бір кездегі ортақ Отан үшін болған 

соғысқа бірдей көзқарас сақталды ма? Бұл 

жағы талас туғызады. Өйткені соңғы 

жылдары ресейліктерде «бұл Жеңіс біздікі» 

деген меншіктеу емеуріні басым. 

Азаматтары мен бауыр еті баласын 

соғысқа жырып берген қазақ халқының 

бұл соғыстағы ерлігі лайықты 

ескеріліп отыр ма? «Ой-көкпар» осы 

сауал төңірегінде.

Қалмұқан ИСАБАЙ:

ДАТ!

Қалмұқан ИСАБАЙ:

Қазақтар – өз Отанын ғана емес, 

одақтас елдерді ғана емес, 

Еуропаны да фашизмнен азат 

етуге атсалысқан халық

Соғыс тарихын жас сана 

дұрыс түсініп жүр ме?

Мұхамеджан ӘБДІБЕКОВ, 

Құрлық әскерлері әскери 

институтының білім сапасын 

бағалау бөлімінің бастығы, 

полковник:

Аманжол ҚАЛЫШ, 

тарих ғылымының 

докторы:

бетте

6

Аб



ай ОМАРОВ (к

олла


ж)

Соғыстың алғашқы айларынан бастап, 

Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне 

бейімдеу басталғаны көпшілікке аян.  Бұл тұрғыда 

материалдық және адам ресурстарын қайта 

бөлу шаралары жүргізілді. Бейбіт мақсаттарға 

жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. 

Қазақстанға бірнеше кәсіпорын, зауыт, фабрикалар 

көшіп келе бастады.

№78 (760) 

9 мамыр, сәрсенбі

2012 жыл


Жалғасы 3-бетте 

№78 (760) 

9.05.2012 жыл, 

сәрсенбі                 



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Жер жалдаушы елдердің ондығы



Он жылдан кейін үнділер қытаймен теңеседі

Менің білгім келетіні, өзге елден жер сатып алуға құмар 

елдердің қатарына кімдер кіреді?

Нұрлан, Алматы

Әлемде жер сатып алу мен 

жалға алудан көш бастап тұрған ел 

– Үндістан. Соңғы он жыл бары сын-

да ол 13,4 млн акр территорияны 

жал даған екен. Бір ғана үндістандық 

Tata компаниясы Индонезиядан 5 

млн акр жер алып, өз қажеттілігіне 

пай даланып отырған. Бұл тізімде 

екін ші болып Қытай тұр. Ол соңғы 

он жыл барысында 13 млн акр жер-

ді жалға алды. АҚШ мемлекеті 2002 

жылдан бері 10 миллион акр, яғни 

4 млн 136 мың гектар жер алды. 

АҚШ  та Үндістан секілді Индонезия-

дан көп жер алған. Алғашқы бестікті 

Ма лайзия мен Ұлыбритания қоры-

тын дылайды. Олар шаруашылыққа 

және басқа да түрлі мақсаттармен 

7-8 млн акр жерден жалдаған. Өзге 

ел дерден жер жалдаушы халық-

тардың арасында алғашқы ондыққа 

сондай-ақ Оңтүстік Корея, Италия, 

Израиль, Біріккен Араб Әмірлігі 

және Сауд Арабиясы кіреді. 

Болашақта үнділердің саны қытайлықтардан асып түсетіні айтылады. Бұл 

шамамен қай жылдары көрініс беретін құбылыс?

Дархан, Алматы 

АҚШ-тың «Халық саны» бюросы жасаған 

есепке жүгінсек, 2050 жылы әлемдегі халық 

саны ең көп ел Үндістан болады. Олар 

шамамен 2025 жылы Қытайды басып 

озады. Халық саны бойынша Үндістан мен 

Қытайдан кейінгі үшінші орынға 423 млн 

халқымен АҚШ (2010 жылы – 308 млн) 

орналасуы мүмкін. Посткеңестік кеңістіктегі 

халық саны ең көп мемлекет болып 

саналатын көрші Ресей қазір халық саны 

бойынша әлемде 10-орында тұрса, 2050 

жылы 17-орынға ығысады. Сол секілді 

Жапония мемлекеті де 9-орыннан 16-

орынға төмендейді. Ал Еуропаның халық 

саны  қазіргі шамада қалады. Дегенмен ол 

– табиғи өсу құбылысы бойынша емес, 

мигранттардың көптеп қоныс аударуынан 

сақталып қалатын көрсеткіш. Мамандар 

біршама жылдан кейін батысеуропалықтар, 

әсіресе Испания мен Италияда табиғи өсім 

бойынша жергілікті тұрғындар саны арта 

бастайды деп болжайды. Африкалық 

Нигерия мен Эфиопияның халық саны тым 

қарқынды көрсеткішпен артады.

ЖИЫН


Қазақ кітабына жан бітіру

Кеше Алматыдағы 

Достық үйінің үлкен 

мәжіліс залында еліміздің 

Мәдениет және ақпарат 

вице-министрі Арман 

Қырықбайұлы бүгінгі 

баспа ісінің проблемала-

рына арналған салиқалы 

жиын өткізді.

ЖИЫН


Үкіметті жер дауы алаңдатады

ҰЛАҒА


Т

Ардагерлердің айтулы мерекесіне 

ұлттық компания үлкен әзірлікпен қамда-

нып ты. Арасындағы ең жасының өзі сек-

сен нің сеңгіріне шыққан соғыс көрген 

арда герлерді, тылдағы еңбек қайраткер-

ле рін жиып, мерекелік дастарқан жайып 

қана қоймай, түрлі сый-сияпат таратылды. 

Астаналық ардагерлердің әрбіріне 50 мың 

теңгеден ақшалай сыйақы үлестірілді.  

«Уақыт зымырап, жылдар сырғып жа-

тыр. Әйтсе де біздің есімізде Ұлы Отан со-

ғы сының алар орны ерекше. Бұл – бүкіл 

адамзаттың келешек тағдырын айқындаған 

ХХ ғасырдың қасіретті парағы. Сол бір отты 

жылдардағы «толарсақтан су кешкен» 

сіздердің тағдырларыңыз да әрқилы. 

Біреулеріңіз майдан шебінде ерлікпен 

шайқассаңыз, екіншілеріңіз теңдессіз 

еңбек вахтасына жегілдіңіздер. Баршаңыз 

да қатал сынақтан өттіңіздер. Қиын жағ-

дайға төтеп беріп, жеңдіңіздер. Сондықтан 

да Жеңістің тарихи ауқымын тарих еш өші-

ре алмайды. Қазақстанның келешек буын-

дары әрқашан 1945 жылы желбіреген 

Жеңіс туына бас иеді деп сенемін», – дейді 

жү рекжарды лебізін білдірген «ҚазМұнай-

Газ» ҰК басқарма басшысы Ләззат Қиынов. 

Оның айтуынша, соғыс пен тыл ардагер ле-

рінің ерен ерлігі қазақстандық өрендер 

үшін рухты көтеретін ең жоғары өлшем бо-

лып қала бермек. 

Мерекелік салтанатты шара барысында 

рухты асқақтатып, жанды тебірентер ән 

мен би орындалды. Сахналық қойылымдар 

арқылы ар мен намысты биік ұс таудың 

үлгі сі көрсетілді. Жауынгерлердің сол жыл-

дар дағы өмірінен сыр шертілді. Мұндай 

сый-сияпат пен құрметтің үлгісіне өз кезе-

гінде ардагерлер де алғыстарын жеткізді. 

«Қазақстанның  дамуына сүбелі үлес қо сып 

отырған «ҚазМұнайГаз» компаниясы 

әлеуметтің әлеуетін арттыруға қатысты 

шараларды да тасада қалдырған емес. 

Мерейлі мереке қарсаңында ардагерлерге 

құрмет көрсетіп, соғысқа қатысқандарды 

елеп жатқаны да соның айғағы. Әмсе 

осын дай игі шаралар көп болса екен. Өйт-

кені мұның өзі қатары сиреп бара жатқан 

арда герлерді жігерлендіреді», – дейді 

Астана қа ласы ардагерлер ұйымы төраға-

сының орынбасары Қайролла Жармахан-

ов. 

Кейбір деректерге үңілсек, Ұлы Отан 



соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақ-

стандық Отан қорғауға аттанған. Солардың 

әрбір төртіншісі соғыстан оралмапты. 503 

қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының 

Батыры атанса, оның ішінде төртеуі екі 

мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын 

алған. Ал Астанада тұратын ардагерлер 

саны 360-қа жуық. 



Қанат ҚАЗЫ,

Астана

«ҚазМұнайГаз» құрмет көрсетті  

Жеңіске жеткізген ардагерлердің ерлігі – кейінгіге ұлағатты өнеге. 

Сондықтан да жыл сайын қатары сиреп бара жатқан Ұлы Отан 

соғысының ардагерлері қандай құрметке де лайық. Кеше бас қалада 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы елордалық ардагер ақсақалдардың 

басын қосып, соғыстың тірі куәгерлерін қолдап, қолпаштады. 

Қазақ үшін жер дауы қай заманнан бірінші мәселе.  Кеше ел Үкіметі 

өзінің отырысында бірінші болып дәл осы мәселені қарап шықты. Мәселенің 

өзектілігі: «Жер туралы» Заңды бұзу оқиғалары жиілеп кеткен.  Бақсақ, 

заңнамаға атүсті қарап, жер дауын ушықтырып отырған жергілікті биліктің 

өзі секілді. Өйткені әкімқаралар қала мен елді мекендердің нақты 

шекарасын анықтамай, жұртқа жер телімдерін таратып бере берген. Кейін 

мемлекет «заңсыз» деп танылған учаскелерді тәркілеуге кірісті. Соған орай 

соттарда жер дауы мәселесіне қатысты істер де көбейе бастапты. 

ЖЕР ТҮГЕНДЕУ МАУСЫМНЫҢ 1-ІНЕ 

ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

Жер ресурстарын басқару агенттігінің 

басшысы Қадырхан Отаровтың мәліметіне 

сәйкес, бүгінде республика бойынша 19 

қала мен 78 елді мекеннің бас жоспары 

жасалмаған. Ал әкімдер осы  мәселеге 

атүсті қарап отыр. Соның салдарынан 

кейбір өңірлерде жеке тұрғын үй 

құрылысына қажетті инфрақұры 

лым 


болмаса да, жергілікті билік басшылары 

жер телімдерін емін-еркін таратуға кіріскен 

тәрізді. Оның сыртында заңсыз берілген 

жер телімдері тағы бар. Төрағаның айтуын-

ша, ондай олқылықтарды жерді түгендеу 

(инвентаризация) науқаны анықтауға 

мүм кіндік береді. Жалпы, әкімдердің есе-

біне сүйенсек, елімізде 240 учаске немесе 

барлық жер телімдерінің 60 пайызы 

түгендеуге жатады екен. Үкімет отырысы 

барысында кейбір аймақтарда осы 

саладағы жұмыстың шабан жүріп жатқаны 

сынға ілікті. Мұндай шабандықтың салда-

рынан түгендеу жұмысы маусымның 1-іне 

дейін бітпей қалуы да әбден мүмкін. 

Селекторлық кеңес барысында Үкімет 

бас шысы Кәрім Мәсімов әлгіндей жайба-

сарларды да бір сынап алды. Ең алдымен, 

Алматы облысының басшылығынан жауап 

алынды. Себебі ресми мәліметке сәйкес, 

аталған өңірде инвентаризация тек 47 

пайызға ғана орындалған. Дегенмен 

 

облыс әкімі Аңсар Мұсаханов  жұмыстың 



75 пайызға атқарылғанын, мамырдың 17-

сіне дейін оны толық аяқтайтындығын 

айтып сендіріп бақты. Ал Сыр өңірінде 

Қызылорда қаласының нақты шекарасы 

бекітілмесе, Солтүстік Қазақстан облысында 

ауыл шаруашылығы үшін жер телімдерінің 

нақты көлемі әлі анықталмапты. Ақмола 

облысының басшысы Қайрат Қожамжаров 

жер телімдерін түгендеуді маусымның 

1-іне дейін аяқтаймын деп отыр. «Елба сы-

ның басты ескертулері Ақмола және 

Алматы облыстарына қатысты болған еді. 

Сондықтан жер телімдерін түгендеу бойын-

ша біз, ең бірінші, осы екі облыс басшыла-

рынан қатаң сұрайтын боламыз», – дегенді 

қадап айтты Премьер-министр Кәрім Мә-

сім ов. 

ӨТКЕН ҚЫСТА 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ 

АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙ БОЛДЫ

Былтырғы жылу беру маусымында 

республика бойынша бір мыңға жуық 

апаттық жағдай тіркеліпті. Сондықтан да 

жиын барысында Үкімет басшысы алдағы 

жылыту маусымына дайындық жұмыстары 

үшін жеке жауапкершілікті бекітуді де тап-

сыр ды. Құрылыс істері және коммунал-

дық-тұрғын үй шаруашылығы агенттігінің 

төра ғасы Серік Нокиннің айтуынша, ма-

мырдың 7-сі күні аяқталған 2011-2012 

жыл дардың жылу беру маусымы бары-

сында 976 апаттық жағдай тіркелді. Оның 

ішінде 62 жағдай қазандықтардың тоқтап 

қалуымен байланысты болса, қалғаны су 

және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде 

орын алды. Жиілей түскен апаттардың бас-

ты себебі инженерлік жүйелердің тозуында 

жатса керек. «Облыстардың, Астана мен 

Алматы қалаларының әкімдері алдағы 

күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық 

және оны ұйымдасқан түрде жүргізуге 

жеке жауапкершілік бекітсін. Осыған орай 

инженерлік инфрақұрылымдар, тұрғын 

үй-коммуналдық секторы және әлеуметтік 

сала нысандарын алдағы жылыту кезеңіне 

дайындау бойынша өңірлік штабтарды 

құруды, күзгі-қысқы кезең басталғанға 

дейін энергия көздеріне қажетті отын көле-

мін жинақтау бойынша жұмыстарды ұйым-

дастыруды, сондай-ақ бюджеттік сала, 

әлеуметтік тұрмыстық ұйымдардың нысан-

дарына көмір жеткізуді және келісімшарттар 

жасауды тапсырамын», – деді Кәрім Мә-

сімов. Сондай-ақ Премьер-министр әкім-

дерге өткен маусымда температура режи-

мін қамтамасыз етуде проблемалар орын 

алған әлеуметтік және тұрғын үй нысан-

дарына қосымша тексеру жүргізуді жүк-

теді.



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал