Жұмысын жаңа бастап келе жатқан үкіметтік емес ұйымдардың



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/7
Дата22.02.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жұмысын жаңа бастап келе жатқан 

үкіметтік емес ұйымдардың  

көшбасшылары үшін арналған  

оқу құралы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Алматы - 2015 



 

 

Аталмыш  оқу  құралы  кімдерге  арналған?  Негізінен,  оқу  құралы 

жұмыс  тәжірибесі  көп  емес  Үкіметтік  емес  ұйымның  мүшелері  мен 

көшбасшыларына,  сонымен  қатар,  коммерциялық  емес  ұйымды  тіркеуге 

тұрғызып  және  болашақта  жобаларды  іске  асырушыларға  арналған.  Оқу 

құралының  жеке  тақырыптары  коммерциялық  емес  секторда  бірнеше  жыл 

жұмыс істеп жүргендерге де қызықты. 

Оқулықтың  негізіне  Алматы  қаласының  мемлекеттік  әлеуметтік 

тапсырысының орындалуына көп жылдар бойы автордың жүргізген сараптама 

жұмыстарының нәтижесіндегі проблемалық сұрақтар қойылған. 

 

Оқу құралының құрастырушылары туралы. 

Михаил  Витальевич  Тюнин,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университетінің  заң  факультетін  бітірген.  Университетті  бітірген  соң  Қазақ 

мемлекеттік  Заң  институтында,  Құқықтық  «Әділет»  жоғары  мектебінде 

«Қылмыстану» пәнінен сабақ беріп, ҚР Әділет министірлігінде сот сараптама 

орталығында  жұмыс  істеді.  2002  жылдан  бастап  коммерциялық  емес  ортада 

жұмыс  істеді.  Сорос-Казахстан  қорында  ақпараттық  технологиялар 

саласындағы  жобалармен  айналысты.  2004  жылы  өзінің  жеке  ұйымы  – 

«Ақпараттық  бастама»  бірлескен  қорды  құрды.  2014  жылға  дейін 

«Ақпараттық  бастама»  қоры  ғаламтор,  электронды  үкімет  және  ақпараттарға 

қолжетімділік,  сонымен  қатар  әскери-тарихи  қайта  құрумен  айналысты.  

Михаил  Тюнин  ақпараттық  технологияларды  құру,  сараптама  және  бағалау 

сұрақтары  бойынша  оқытушылық  (конференциялар,  семинарлар,  тренингтер, 

мастер  кластар)  және  ақпараттық  сипаттағы  450  ден  астам  іс-шаралар 

ұйымдастырып,  өткізді.  Үшінші  секторда  жұмыс  істеп  жүрген  жылдары 

шетелдік  және  халықаралық  гранттарды  жүзеге  асырумен,  сонымен  қатар 

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы тәжірибе алды. 

 

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 



 

1.

 

Кіріспе  

2.

 

Қазақстанның  үшінші  секторындағы  қарсы  келу  мен 

трендтер  

3.

 

Үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметін  басқарудағы  кейбір 

ұйымдастыру және басқару сұрақтары  

4.

 

Үкіметтік  емес  ұйым  мүшелерінің  ақпараттық  компонент 

бойынша қызметі  

5.

 

Әлеуметтік  кәсіпкерлік  –  жаңа  тренд  пе,  әлде,  жақсы 

ұмытылған өткен күннің тәсілі ме?  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



КІРІСПЕ 

 

Коммерциялық емес ұйымдар немесе қысқаша айтқанда үкіметтік емес 



ұйымдар  Қазақстан  қоғамында  қоғамдық  маңызды  мәселелерді  шешу 

барысындағы  белгілі  топқа  айналды.  Қазақстандық  коммерциялық  емес 

ұйымдардың  20  жылдан  астам  уақыт  ішінде  жинаған  жұмыс  тәжірибесі 

белсенді  түрде  қоғам  мен  мемлекеттің  игілігіне  жұмсала  бастады.  Әр  түрлі 

есептер  бойынша  Қазақстанда  25000-38000  үкіметтік  емес  ұйымдар  бар. 

Негізінде, нақты жұмыс істейтін ұйымдар бұл есептен азырақ. Үкіметтік емес 

ұйымдар  қызметкерлерінің  мөлшерін  тура  айту  қазірге  мүмкін  емес,  себебі 

Әділет Министрлігінің дерекқорында біраз уақыттан бері жұмысын тоқтатқан 

ұйымдар да бар. 

Қысқаша  тарихы.  Үкіметтік  емес  ұйымдар  90-жылдардың  басында 

шетелдік  және  халықаралық  ұйымдар  –  грант  берушілердің  қолдауымен 

белсенді  түрде  құрыла  бастады.  Қысқаша  ҮЕҰ  –  үкіметтік  емес  ұйым  non-

governmental  organization (NGO)  қоғамдық  ұйымдарға  белсені  тарала 

бастады,  бірақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  «үкіметтік  емес 

ұйым»  деген  ұғым  жоқ.  Бұл  ұғым  кең  таралып,  қазіргі  таңда  барлық 

коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар тек шетелдік және халықаралық 

ұйымдар  ғана  емес,  Қазақстанның  мемлекеттік  құрылымында  да  ҮЕҰ  деп 

аталады.    Мен  бұл  оқу  құралында  бір-біріне  ұқсас  ҮЕҰ  және  коммерциялық 

емес  ұйым  ұғымдарын  қолданамын.    90-жылдардың  басында  шетелдік  және 

халықаралық  грант  берушілер  білім,  экология,  адам  құқығы,  заңнама 

өзгерістері,  заманауи  өнердің  дамуы,  тарих  саласындағы  зерттеулер,  жаңа 

тәуелсіз білім алу жүйесіне арналған оқулықтар басып шығару, жас ғалымдар 

мен  көшбасшыларды  шетелде  оқыту  салалары  бойынша  жобаларға  белсенді 

түрде  қаражат  бөлді.  Кейбір  ҮЕҰ-лар  1-2  грант  ұтып  алып  жабылып  қалып 

отырды, ал олардың басшылары білім негізі мен кейбір қызмет векторын ала 

отырып,  қайтадан  академиялық  ортаға  немесе  мемлекеттік  қызметке  кетіп 

отырды,  басқа  ҮЕҰ-лар  саяси  құқығын  қорғау,  экологиляық  мәселелер, 

мүгедектердің құқықтары мен жағдайы, гендерлік теңдік және  басқа сұрақтар 

бойынша қоғамдық процесстерге әсер ететін өзгерістер енгізіп, әртүрлі жүйелі 

жобалар  жасай  бастады.  90-жылдары  пайда  болған  ҮЕҰ-дан  қазіргі  кезге 

дейін  жұмыс  істейтіндері  санаулы  ғана,  бірақ  та  табысты  ҮЕҰ  

қызметкерлерінің  кадрлық  потенциалдары,  90-жылдың  аяғы  2000-жылдың 

басындағы  кезеңдерге  сәйкес  келеді.  Дәл  осы  кезеңде  әр  түрлі  тақырып 

бағыттары  бойынша  үкіметтік  емес  ұйымдардың  басшылары  мен 

қызметкерлерін  оқытуға  арналған  «ҮЕҰ  жаздық  мектептер»  көптеп 

ұйымдастырылды.  Сол  уақыттың  бір  бөлігінде  шетелдік  ұйымдардың 

бастамасымен  коммерциялық  емес  ұйымдардың,  ҮЕҰ  ішкі  үдерістерін 

ұйымдастыру,  волонтерлік,  фандрайзинг  (жобаның  жүзеге  асыру  барысында 

қаражат  іздеу),  ақпараттық  құралдарды  қолданудың  тұрақты  дамуы  

сұрақтары  бойынша  ресурстық  орталықтар  құрылды.  Грант  берушілердің 

бөлген  қаражаттары  есебінен  материалдық-техникалық  базасы  бар  кейбір 

ҮЕҰ  коммерциялық  қызметпен  айналысып  және  одан  табылған  табысқа 

жобалық  қызметтің  шығындарын  өтеп  отыра  алатын.  Осыған  орай,  қазіргі 


 

таңдағы  қызықты  тақырып  «әлеуметтік  кәсіпкерлік»    90-жылдың  аяғы  2000-



жылдың басында дами бастады. 2004-2005 жылдары ҮЕҰ дамуына өзгерістер 

енгізілді.  Украина  мен  Грузиядағы  «түрлі-түсті»  революция  ҮЕҰ  мен 

шетелдік  донорларға  деген  мемлекеттің  көзқарасын  өзгертті.  Бұл  жағдай 

әсіресе,  донорлардың  қолдау  көрсететін  жобаларында,  грант  беруші 

ұйымдардың  қызметін  тексеруде  көрініс  тапты.  Сол  кезеңге  дейінгі  кейбір 

белсенді  шетелдік  донорлар,  өздерінің  қызметтерін  толықтай  немесе 

жартылай  тоқтатып  тастады.  Жеке  донорлар  халықаралық  ұйымдардың 

тарапынан,  шетелден  немесе  делдалдар  арқылы,  шетел  мемлекеттерінің 

елшілік  құрылымдары,  бас  елшілік,  даму  бойынша  арнайы  мемлекеттік 

агенттіктері бөлген қаражаттарға белсенді түрде өздерінің жобаларын дербес 

қазақстандық  ҮЕҰ  жүйесіне  енгізе  бастады.  Аз  уақыт  ішінде  шетел  және 

халықаралық  донорлардан  тұрақты  түрде  грант  алып  отырған  донорлардың 

айналасында  ҮЕҰ  бөлімі  тез  құрылды.  Жобаларды  қаржыландыруға 

тәжірибелі  ҮЕҰ  мен  тепе-тең  жас  ҮЕҰ  үміт  арта  алатын,  бірақ  донорлар 

қаражаттарын  немқұрайлы  қолдану  қаупін  ескеріп  тәжірибесі  аз  ҮЕҰ  мен 

жұмыс жасамай, саясатын тек тексерілген ҮЕҰ мен жүргізіп отырды. Осыған 

орай,  2000-жылдың  ортасында  үкіметтік  емес  ұйымдардың  өсуі  деңгейі  азая 

түсті.    2005-2013  жылдары  шетелдік  және  халықаралық  ұйымдар  тарапынан 

қаржыландыру  азайып,    донорлардың  ҮЕҰ-ға  қоятын  талаптары  қиындай 

берді,  грант  ұтып  алу  мүмкіндігі  азая  бастады,  сонымен  қатар  грант 

алушылардың  институционалдық  дамуына  бөлінетін  қаржы  мөлшері  азайып, 

ҮЕҰ-дар донорлық ұйымдарда жемқорлық бар деп күдіктенеді. Дәл осы жылы 

коммерциялық  емес  ұйымдардың  күшімен  жобаларды байқау  арқылы  жүзеге 

асыруда  -  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  жұмыс  жасай  бастады.  ҮЕҰ 

жетілдіру  үдерісі  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыстарды  жүзеге  асыру 

арқылы жүріп отырды.  

Бұл  кезеңді  оңай  деп  айта  алмаймыз,  бірақ  ҮЕҰ-дан  келген  кері 

байланыс  арқасында,  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыстың  рәсімдері 

орындалған  болып  есептелінеді,  мемлекеттік  органдарға  рәсімдер  бойынша 

сөгістер  уақыт  өткен  сайын  азайып  келеді.  Көптеген  аспектілер  бойынша 

ҮЕҰ-ды  мемлекеттік  қаржыландыру  шетелдік  және  халықаралық  ұйымдарға 

қарағанда  оңай  әрі  жеңілді  секілді  көрінеді.  Гранттар  мен  мемлекеттік 

әлеуметтік  тапсырыстармен  бірге  соңғы  10-12  жылдың  ішінде  ҮЕҰ-дың 

әлеуметтік  маңызы  бар  жобаларын  жүзеге  асыру  барысында  табыстың  әр 

түрлі  кезеңдегі  бизнестің  әлеуметтік  жауапкершілігі  дамып  келеді.  ҮЕҰ 

тәжірибесі  түрлі  зерттеулер  жүргізу  үшін  мемлекеттік  құрылымдардан  үлкен 

сұранысқа ие – бұл тағы ҮЕҰ-лардың қаржыландырылуының бір қайнар көзі 

болып  табылады.  Зерттеулерді  қаржыландыру  әлеуметтік  мемлекеттік 

тапсырыстын  тарапынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  байқау  барысында  ҮЕҰ 

министрліктердің,  мемлекеттік  құрылымдар  мен  мекемелердің  мемлекеттік 

сатып алу шеңберінде ұтып ала алады. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ СЕКТОРЫНЫҢ 


 

ТРЕНДТЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ 



 

Қазіргі  заман  кезеңінде  ҮЕҰ  тым  қарапайым  және  қызықты  болып 

көрінеді.  Заманауи  жағдайлар  несімен  жұмысқа  және  коммерциялық  емес 

ұйымдардың  дамуына  жақсы  және  «тиімді»?  Соңғы  2-3  жылдың  барысында 

ҮЕҰ-ларды республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік әлеуметтік 

тапсырыстың  өсуімен  қатар,  шетелдік  және  халықаралық  ұйымдардың 

қаржыландыруы  ұлғая  бастады.  Ұйымдар  жұмысының  қызметі  әлеуметтік 

мәселені  шешуге  арналған  жаңа  бағыты  –  әлеуметік  кәсіпкерліктің  пайда 

болғанына да көп уақыт болған жоқ. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік 

органдардың  шешім  қабылдауында  ықпалы  айтардықтай  артты.  Қоғамдық 

кеңестер  мен  республикалық  және  жергілікті  деңгейдегі  құрылған  кеңестер 

өзінің  көзқарасын,  дәлелдерді  жеткізуге  нақты  мүмкіндіктер  береді. 

Мәселелер  мен  олардың  шешілу  жолдары  тікелей  шешім  қабылдаушы 

адамдарға  жеткізіледі.  Көрнекі  түрде,  90-шы  жылдары  ҮЕҰ  мемлекеттік 

органдардың  есігін  қағып  жүрді,  2000-жылдары  ҮЕҰ-лардың  пікірі  биліктің 

дәлізінде  естілсе,  қазіргі  уақытта  коммерциялық  емес  ұйымдардың,  ҮЕҰ-

лардың  ұсыныстарын  тыңдап  және  тәжірибеде  қолданады.  Мемлекеттік 

органдар  қызметінің  бөлігін  ҮЕҰ-ға  тікелей  тапсыруы  үрдістің  бірі  болып 

табылады. 2015 жылдың маусымында ҚР Үкіметі жанындағы ҮЕҰ-мен өзара 

іс-әрекет  жөніндегі  Кеңесте  азаматтық  қоғам  институтына  өткізу  үшін  34 

мемлекеттік қызметтер мен қызмет көрсетулер іріктеліп алынды. Бұл тек басы 

ғана.  Үкімет  мемлекеттік  органдардың  ҮЕҰ-лардың  орындауына  өткізуге 

бірнеше он шақты қызметтің тізімін ұсынады. Қазақстанда қоғамдық бақылау 

жүйесінің құрылуы өте қызықты  әрі маңызды үрдіс болып табылады. Қазіргі 

уақытта  «Қоғамдық  бақылау  туралы»  заң  жобасы  дайындалып  жатыр.  Заң 

жобасына сәйкес, қоғамдық бақылаушылар тек қана мемлекеттік органдар мен 

мекемелер, мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерін ғана тексеріп қана 

қоймай, жеке меншік формасындағы, сонымен қатар тауарды, жұмысты және 

қызмет түрлерін сатушы, жасаушы  жеке және заңды тұлғаларды да тексереді. 

ҚР  «Мемлекеттік  қызмет  түрлері  туралы»  Заңында  мемлекеттік  қызмет 

көрсетуді орындаудың қоғамдық сараптамасы заңдастырылған.  ҮЕҰ ұсынған 

мемлекеттік  қызмет  көрсетулердің  қоғамдық  сараптамасының  қорытындысы 

орталық және жергілікті атқарушы органдар мен қызмет берушілермен мұқият 

зерттеліп,  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасын  арттыру  бойынша 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасының  қоғамдық  сараптамасының 

қорытындысын ескере отырып, шаралар қолданады. 

ҮЕҰ-ларды  мемлекеттік  қаржыландыру  сұрақтары  бойынша  өзгерістер 

енгізу  туралы  заңжобасы  болжамды  болып  отыр.  Мемлекет  ҮЕҰ-ды 

мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  механизмі  арқылы,  сонымен  қатар 

мемлекеттік қаржыландырудың екі формасы ҮЕҰ гранттары мен сыйақылары 

арқылы  қолдайды  деп  болжанып  отыр.  Қазіргі  уақытта  жобаларды 

мемлекеттік қаржыландыру жоғары жақтың бастамасымен жүзеге асып отыр.  



 

Гранттарды  үлестірудің  болжамды  жобасы  –  бұл  ҮЕҰ  бастамасымен 



жобаларды  қолдау  және  арнайы  құрылған  құзіретті  мемлекеттік  мекеменің 

қарауына  жіберу.  ҮЕҰ-ға  көпжылдық  еңбегі  үшін  берілетін  сыйақы  арқылы 

ҮЕҰ-ды  мемлекеттік  қаржыландыру  мүмкіндігі  жаңалық  болып  табылады. 

ҮЕҰ-ды  мемлекеттік  қаржыландыру    және  шетелдік  ұйымдардың,  бизнес 

қауымдастықтар  тарапынан    гранттар  тарту  сұрақтарымен  айналысатын 

арнайы құзіретті органның құрылуы болжанып отыр.  



ҮЕҰ-лардың ашықтығы мен есеп берушілігі. Егер бұрында ҮЕҰ-ның 

ашықтығы мен есеп берушілігі туралы әңгіме сектордың ішінде айтылса, қазір 

бұл  тақырып  отандық  баспада  көтеріліп  жүр,  мемлекеттік  құрылымдар  бұл 

мәселеге  көңіл  аудара  бастады.  Баспада  ҮЕҰ-лардың  қандай  жұмыстармен 

айналысатынын,  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсырыс  пен  гранттардың 

қаржылары  қайда  жұмсалып  жатқанын  қазақстандық  қоғам  түсінбей  отыр 

деген  көзқарас  талқыланып  жатыр.  ҮЕҰ-лардың  ашықтығы  мен  есеп 

берушілігін  азаматтардың  ақпаратқа  қолжетімділігін  жүзеге  асыру 

контекстінен қарау керек. Қазақстан Республикасының Конституциясының 18 

бабының  3  тармағында:  «Мемлекеттік  органдар,  қоғамдық  бірлестіктер, 

лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің 

құқықтары  мен  мүдделеріне  қатысты  құжаттармен,  шешімдермен  және 

ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» делінген. 

Конституциялық  баптың  мағынасынан  мемлекеттік  ұйымдар  мен 

лауазымдық  тұлғалардан  басқа,  ақпаратқа  қолжетімділікті  қоғамдық 

ұйымдар жасауы тиіс.  

Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  кодексінің  106  бабына  сәйкес,  

Қазақстан  Республикасында  қоғамдық  бiрлестiктер  болып,  саяси  партиялар, 

кәсiптiк  одақтар  және  азаматтардың  заңдарға  қайшы  келмейтiн,  өздерiнiң 

ортақ  мақсаттарына  жету  үшiн  ерiктi  негiзде  құрған  басқа  да  бiрлестiктерi 

танылады.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық  Кодексінің 

(107  бап)  ҮЕҰ  тарапынан  өздерінің  мүліктерін  қолдану  жөніндегі  есептерін 

арнайы баспада жариялау туралы талап жазылған.  

Орталық Азия Еуразия қорының «ҚР-дағы ҮЕҰ-лардың ашықтығы мен 

есеп  берушілігін  ілгерілету»  жобасы  аясындағы  зерттеуінде  сауалнамаға 

қатысқан  ҮЕҰ-лардың  барлығынан,  заңгерлік  статус  шамасынан  58% 

қоғамдық ұйымдарды құрады, 28% қоғамдық қорлар, 9% - заңды тұлғалардың 

бірлестігі,  қалғаны  –  жеке  меншік,  үкіметтік  емес  ұйымдар,  қорлар  туралы 

ақпараттар  берілген.  Сауалнамаға  қатысқандардың  жартысынан  көбі 

«қоғамдық бірлестіктер».  

Сонымен  бірге,  ҮЕҰ-дың  47%-ы  ғана  ашықтылық  болу  керек  деп 

санайды.  Бұл  «Қоғамдық  бірлестіктер»  формасында  тіркелген  өзінің  қызметі 

туралы ақпарат беру туралы ҚР заңнамасындағы коммерциялық емес ұйымдар 

талаптарының  әлсіз  түсінігі  туралы  айтылады.  Яғни,  ұйымдастырушылық-

құқықтық  форма  түріндегі  аз  дегенде  екі  ҮЕҰ-ға  заңнама  өзінің  қызметі 

жөнінде  ақпарат  беруді  талап  етеді.  ҮЕҰ-лардың  ашықтығы  мен  есеп 



 

берушілігі  –  бұл  ұйымның  жұмысына  әсер  ететін  үкіметтік  емес  ұйым  үшін 



қолайлы  немесе  артық  жүктеме.  Бір  жағынан,  ҮЕҰ-дағы  ашықтық  пен  есеп 

берушілігінің  деңгейі  жоғары  болған  сайын,  қайырымдылық  көмек 

алушылардың,  сонымен  қатар  донорлар  мен  мемлекеттік  құрылымдар 

қатарынан сенімнің көптігі байқалады. Басқа жағынан алсақ – бұл есептілікке 

жауап  беретін  ресурстармен  -  адамдармен,  ақпараттық  компонентті  (БАҚ-на 

материалдар, әкімшілік интернет ресурс құру, есептердің дизайыны және т.б.) 

төлеуге  қажетті  қаржымен  қамтамасыз  етуге  қосымша  ұйымдастырушылық 

жүктеме.  ҮЕҰ  жұмысына  жасалған  жағымды  ахуалдың  көп  немесе  аз 

жасалғанына  қарамастан,  өзін-өзі  ұйымдастыруы  ашық  және  есепті  болуына 

толық дайын емес. Ашықтылық пен есеп берушілікке дайын еместік бұл көп 

жағдайда шектеу қойылған адами, материалды ресурстармен түсіндіріледі. 

ҮЕҰ  жұмысы  үшін  қолайлы  кезең  елеулі  түрде  коммерциялық  емес 

ұйымдардың  қызметіне  әсер  ететіндей  негативті  тұманданған.  Соңғы  2-3 

жылдардың  ішінде  Қазақстанның  коммерциялық  емес  секторының 

стигматизациясының, яғни әртүрлі атауларды ілу белсенді болып жатыр. БАҚ-

да және әлеуметтік желілерде қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, сарапшылар 

коммерциялық  емес  секторды  жабық  деп,  ҮЕҰ-ларды  «НПОшниктер», 

сонымен қатар «грантжегіштер» және «түсті революцияның көмекшісі» деген 

атауларды ілуде.  

Үкіметтік емес сектор қызметі туралы ақпараттың жеткіліксіздігі айқын 

көрінуде.  «Айқын  емес»  термині  халықаралық  ұйымдардың  қолдауымен 

жобаларды  жүзеге  асыруда  белсенді  қолданыла  бастады.  Барлық  осы 

негативтер ҮЕҰ-ның имиджіне толықтай және әр мекемеге жекелей әсер етуі 

мүмкін.  ҮЕҰ  «грантжегіштер»,  сонымен  қатар  «түсті  революцияны 

бастамшы» емес екендігін екі есе немесе үш есе күшпен іс жүзінде дәлелдеу 

қажет.  ҮЕҰ-ға  өз  жұмысының  қорытындысын  кеңірек  көрсету  қажет. 

Негативті көзқарастың қалыптасу ҮЕҰ қызметіне қарым-қатынас жағдайында 

ұйымдарға  өздерінің  стратегияларын  қайта  тексеру  қажет  және  оларға  қоғам 

немесе  жеке  категориядағы  бенефициардағы  өздерінің  жұмысының 

қорытындысын көрсету үшін көбірек ақпараттық компонент қосу қажет.  

Шектік  деп    тағы  бір  тенденцияны  –  ҮЕҰ  секторының  «өзіндік 

стигматизациясын»  атауға  болады.  Үкіметтік  емес  ұйымдар,  олардың 

көшбасшылары,  сарапшылар,  ҮЕҰ  жұмыс  жасаушылар,  өздігінше,  ерікті 

түрде  өздерінің  жұмыстарына  жарлықтарды  ілудің  мәні  өте  қауіпті  құбылыс 

болып  саналады.  Әрине,  біреулер  қарсы  пікір  айтуы  мүмкін,  өзін-өзі  сынау 

әруақытта  тиімді.  Бірақ,  өзін-өзі  сынау  қорытындысында  жағдайды  жақсыға 

өзгертіп, мәселені анықтап және оны шешудің жолдарын табуы тиіс. Өкінішке 

орай,  әзірше  қорытындысында  ҮЕҰ-лардың  өздері  және  көмек  алушылары 

ғана  емес,  ҮЕҰ  жұмысына  әсер  ететін  құрылымдар,  яғни  донорлар  мен 

мемлекеттік құрылымдардың өзіндік стигматизация көрінісі байқалуда.  

Үкіметтік  емес  ұйымдар  ортасында  негативті  құбылыс  болып 

мекемелердің «дұрыс» және «дұрыс емес» болып бөлінуі жатады. 2010 жылы 



 

ЕҚЫҰ-ның  Астанадағы  Саммиты    қарсаңында  Қазақстандағы  «дұрыс»  ҮЕҰ 



деп  шетелдік  ұйымдардың  көшбасшыларының  ұсынысы  бойынша  әрекет 

етуші  билікпен  қарым-қатынаста  сыни  позицияны  ұстанатындарды  айтты. 

Сонымен  қатар,  мұндай  ҮЕҰ-ларды  мемлекеттен  қаржы  алмайтындықтан 

«тәуелсіз»  деп  те  атайды.  Мұндай  ҮЕҰ-ды  негізгі  қаржыландыру 

халықаралық  және  шетелдік  ұйымдар,  елшіліктер  және  басқа  да  шет 

мемлекеттердің құрылымдары арқылы жүзеге асады.  

Үкіметтік  емес  ұйымдардың  екінші  категориясы  –  «дұрыс  еместер», 

яғни олар мемлекетке қаржыландыру қызметі бойынша тәуелді. ҮЕҰ-лардың 

бұл  категориясы    «дұрыс»  ҮЕҰ    пікірінше  мемлекетке  толықтай  тәуелді 

көрінетін  қазақстандық  қоғамның  негізгі  мәселесі  бойынша  құрылымдық 

позицияны  иемдене  алмайды.  Сол  уақытта,  «дұрыс  емес»  ҮЕҰ-лардың 

пікірінше, «тәуелсіз дұрыс» ұйымдарды нақты тәуелсіз деп айтуға болмайды, 

себебі  олар    мемлекетке  зардап  келтіруші,  «түсті»  революцияның  сценариін 

жүзеге асырудың алғышарты, кейде бөтен идеяларды таратушы болады. 

Екі лагердің бір-біріне қарсы шығуынан мүдделес адамдардың жасанды 

бөлуінің классикалық  жағдайы.  ҮЕҰ-лардың  қарсы  тұруы  көбінесе  беймәлім 

мінезді  болып  келеді  және  көрінетін  қоғамдық-маңызды  мәселелерді 

талқылауда  күшейеді  немесе  қоғамдық-саяси  процестерде  пайда  болады. 

Дегенмен,  ҮЕҰ-ларды  «дұрыс»  және  «дұрыс  емеске»  бөлу  қазақстандық 

қоғамның  және  нақты  бенефициарлардың,  ҮЕҰ-ның  имиджіне  айтарлықтай 

әсер етеді. 

Баяндалған  тенденциялар  мен  факторларды  мекеменің  стратегиясын 

құрастыруда, ағымдағы жобаларды жүзеге асыруда назарға алу керек. 

 

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫНЫҢ 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ  СҰРАҚТАРЫ 

 

Үкіметтік  емес  ұйымдардың  басты  ресурсы  –  бұл  белгілі  әлеуметтік 

пікірлермен  байланысты  адамдар.  Өз  ісін  білетін  мүдделес  мамандардан 

бастапқы  уақыттан  бастап  топ  құру  ҮЕҰ  басшысы  үшін  керемет  жағдай. 

Жұмыстың міндеттерін орындай білетін мүдделес қызметкерлердің болуы кез 

келген  ұйым  үшін  үлкен  табыстың  бір  бөлігі.  Өкінішке  орай  барлық  ҮЕҰ 

мүдделес-кәсіпқой  адамдардан  тұрмайды.  Бір  адамдар  ортақ  міндетті  бөлісе 

отырып,  кәсіби  тұрғыдан  жарамсыз  болуы  мүмкін.  Немесе  керісінше  штатқа 

көлемді қаламақы төлеп кәсіби маманды шақыруға болады, алайда ол міндетін 

жан-тәнімен 

орындамайды. 

Үкіметтік 

емес 

ұйымдарға 



заманауи 

ұйымдастырушылық  талаптарға  донорлар  мен  тапсырыс  берушілердің 

тарапынан  ҮЕҰ  ұжымын  құруға,  ұжым  ішінде  міндеттер  мен  тапсырмалар  

беруде  көп  көңіл  бөлу  қажет.  Көп  жағдайда  ҮЕҰ  басшысы  «Жақсы  істегің 

келсе  –  өзің  жаса»  принципіне  сүйене  отырып  өзіне  міндеттерді  көбірек 

артады.  Бұл  принцип  көтпеген жағдайларда  ақталады, бірақ  та басшы  көбіне 



10 

 

ортақ  стратегиялық  тапсырмаларды  орындауы  қажет.  Басшы  ретінде  өзіңізге 



артқан міндеттеріңіз бен жұмыс мөлшерін қарастырыңыз, қызметкерлеріңіздің 

арасында  үйлесімділік  жоқ  па?  Өзіңіз  орындайтын  тапсырмалардың 

жартысына  жауапкершілікті  қол  астыңыздағы  қызметкерге  артып  көріңіз. 

Алғашқы  уақытта  сіз  өз  уақытыңызды  үнемдемейсіз,  керісінше  басқа 

қызметкерге артқан жұмысты шешу барысында уақытыңыз көп бөлініп басқа 

да  шығынға  түсесіз.  Егер  де  қызметкер  алдына  қойылған  тапсырманы 

орындай  алса,  онда  оған  басқа  да  ұқсас  тапсырмалар  беруге  болады,  солай 

сіздің  маңыздырақ  мәселелерді  қарастыруға  уақытыңыз  көбірек  қалады.  Ең 

бастысы  тапсырманың  шешу  жолын  дұрыс  қарастырып,  қызметкерді 

тапсырманы шешу жолында бақылап отыру қажет.                  Бұрыннан бері

есеп пен бақылау кез-келген басшының негізгі серігі болып табылады. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал