Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет92/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

 Дәрісте  берілетін  тақырыптар  мен  сұрақтардың  қайсысын  проблемалы  әдіспен  оқыту 

қажет  екендігін  мұғалім  өзі  шешеді.  Дәрісті  оқу  әдістемесі  –  айқындалған  дәріс  құрылымы 

және  логикалы  ойластырылуы;  жоспарының  болуы;  осыларға  қатаң  бағыну;  тақырыпқа 

байланысты әдебиеттерді лекцияның басында немесе аяғында айтылуы; әдебиеттер міндетті 

және қосымша әдебиеттерге бөлінеді. Терминдер мен ұғымдардың түсініктілігі, басты ойлар 

мен қорытындының болуы, көрнекі құралдарды пайдалану. 

Практикалық  сабақтар  мектеп  шеберханаларында,  оқу-тәжірибе  учаскелерінде, 

оқушылардың өндірістік бригадаларында, оқу-өндірістік комбинаттарында өткізіледі. 

Семинар сабақтар өз атауын «көшет өсіретін ыдыс» деген мағына білдіретін латынның 

«seminaries» деген сөзінен алынған. Олар ежелгі Грек, Рим мектептерінде пікірталастардың 

сабақтастығы, студенттердің хабарламасы, түсіндірмесі, оқытушының қорытындысы ретінде 

өткізіледі.  Қазіргі  жоғары  мектептерде  семинар  –  гуманитарлық  және  жаратылыстану 

пәндері  бойынша  практикалық  сабақтардың    негізгі  түрлерінің  бірі.  Семинар  белгілі  бір 

пәнді тереңдетіп оқуға арналған. Семинар сабақтардың мамандар даярлаудағы мүмкіндіктері 

зор,  сондықтан  кафедралар  оны  әр  алуан  және  күрделі  талаптарды  табысты  шешуге 

мүмкіндік жасайтын, оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы ретінде көрінеді. Семинар 

студенттердің  шығармашылық  дербестігін  дамытады,  ғылымға  және  ғылыми  жұмыстарға 

қызығушылығын  күшейтеді,  ғылыми  ақпарттарды  иемденеді,материалды  ауызша  және 

жазбаша баяндау өнерін, дамушы ғылыми қағидалар мен қорытындыларды игереді. 

Жоғары мектептерде 3 түрлі  семинар сабақтары белгіленген: алдын-ала өтетін, арнайы 

және  жеке  семинарлар.  Семинар  сапасын  бағалауда,  оларға  дайындықты  жоспарлауда 

төмендегі  критерийлер  пайда  болады:  мақсаттылық  –  мәселелер  қою,  теориялық 

материалдарды,  оларды  болашақ  кәсіби  қызметіне  пайдалана  отырып,  практикалық 

материалдармен  байланыстыруға  ұмтылыс;  жоспарлау  –  негізгі  пәндерге  қатысты  басты 

мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды ұйымдастыру 

–  пікірталас  туғызу  және  қолдай  білу,  студенттердің  барлық  жауабы  мен  шығып  сөйлеген 

сөздерін  сындарлы  талдау,  оқу  уақытын  мәселелерді  талқылаумен  толықтыру,  студенттің 

өзінің  әрекеттері;  семинарды  өткізу  стилі  –  пікірталастан  туындаған,  өткір  мәселелерді 

талқылап,  қызу  өткізетін  немесе  ойға  қозғау  салмай,  сылбыр  өтетін;  оқушының  студентке 

қарым-қатынасы  –  сыйластық  ретіне  қарай  талап  қоя  білу  немесе  кең  пейілділік; 

студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы  – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; 

топты  басқару  –  оқытушы  семинарға  қатысушылармен  тез  байланыс  орнатады,  топта  өзін 

сенімді,  еркін  ұстайды,  барлық  студенттермен  әділ,  байсалды  әрекет  жасайды  немесе 

керісінше,  көптеген  ескертулер  жасайды,  дауысын  көтереді,  басқаларын  елеусіз  қалдырып, 

аз ғана студенттің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе 

студенттердің  білімін  байыптайтын,  теориялық  тұжырым  жоқ;  студенттер  семинарларда 

жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек немес тіпті жүргізбейді. 

Семинар  сабақтары  көбіне  оқылған  лекция  тақырыбына  байланысты  негізгі  өзекті 

мәселелерді  талқылау,  оқушылардың  танымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өзіндік 

шығармашылық  белсенділіктерін  шыңдау  мақсатын  көздейді.  Тақырып  сұрақтарына  сай 

пікір  алмасу,  өз  көзқарастарын  дәлелдеу,  мұғалімдерге  оқушылардың  оқу  материалын 

қаншалықты  меңгергенін,  соған  орай  сенімдері  мен  түсініктерінің  қалыптасқандығын 

бақылап,  тексеріп,  бағалап  және  бағыт-бағдар  беріп  отыруға  мүмкіндік  тқ  тезистер  мен 

баяндамалар  жазып,  қосымша  әдебиеттерді  пайдаланады.  Студенттердің  семинар  сабаққа 

дайындығы  просеминар  арқылы  тексеріледі.  Өкінішке  орай  қазіргі  жоғары  мектепте  бұл 

сирек  кездеседі.  Семинар  және  практикалық  сабақтар  да  лекция  барысында  жүзеге  асыру 

мүмкін  емес  бірнеше  маңызды  қызмет  атқарады:  Студенттердің  өздік  жұмысына,  дерек 

көздерімен жұмыс жасауына, конспект жазуына бақылау орнату. Студенттерді өз ойын еркін 

жеткізе білуге дағдыландыру: ауызша баяндама жасау, ойларын негіздеу және өз көзқарасын 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет