Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет84/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   150
umkd
 

 

2.4 (9-дәріс). Жоғары мектептегі оқыту әдістері. 

 Жоспары: 

1. Оқыту әдістері дидактика категорияларының бірі ретінде.  



2. Оқыту әдістерінің жіктемесі.  

3. Оқытудың белсенді әдістері. Оқытудың интербелсенді әдістері.  

 

Оқыту  әдістерінің  мазмұнын  анықтауда  құрал,  жол,  тәсіл  сөздерін  пайдаланудың 



синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. 

Ж.Б.Қоянбаев,  Р.М.  Қоянбаевтің  «Педагогика  оқулығында»  оқыту  әдістері  -  бұл 

мұғалім  мен  оқушылардың  оқу-тәрбие  міндеттерін  ойдағыдай  шешуге  бағытталған  өзара 

байланысты іс-әрекетінің тәсілдері деген анықтама берілген. 

Г.М.Коджаспирова,  А.Ю.  Коджаспировтың  «Педагогикалық  сөздігінде»  оқыту  әдісі  – 

білім  мазмұнын  меңгеруді,  оқушылардың  ақыл-ой  күштері  мен  қабілеттерін  дамытуды, 

олардың  өзбетімен  білім  алу  және  өзбетімен  оқу  құралдарын  игеруді    қамтамасыз  етуге 

бағытталған  мұғалімдер  мен  оқушылардың  өзара  байланысты,  бірізді  әрекеттерінің  жүйесі 

деген анықтама берілген. 

     Ж.Әбиевтің  және  т.б.  авторлардың  «Педагогика»  оқулығында    «Оқыту  процесінде 

оқушыларға  ғылым  негізіндеріне  сай  терең  де,  тиянақты  білім  беру,  оларды  адамгершілік 

рухта  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттерін  шешудегі  мұғалімнің  басшылық  ету  тәсілдері, 

амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері» деп қарастырады. 

Мұғалім  оқытудың  нәтижесін  арттыруда  оқыту  әдістеріне  қатысты  амал-тәсілдермен 

қатар оның құралдарын да пайдаланады.  

Оқыту  әдісі  және  әдістемелік  тәсіл  ұғымдары  бір-бірімен  тікелей  байланысты. 

Әдістемелік  тәсіл  оқыту  әдісінің  элементі.  50  -  жылдардан  бастап  оқыту  әдістерін  жіктеу 

(топтастыру) мәселелеріне көңіл бөліне бастады. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту 

әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды 

және  оқыту  әдістерін  үшке  бөлді:  сөздік  әдістер,  кітаппен  жұмыс  істеу  әдісі,  оқыту-

практикалық  сабақтар.  50  жылдың  аяғы,  60-жылдардың  басында  орыс  ғалымдары  

Е.Я.Голант,  С.Г.Шаповаленко,  Н.М.Верзилин  білім  көзін  негізге  алып,  оқыту  әдістерінің 

жаңа жіктеуін үш топқа бөлді:  

1.Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс;  

2.Көрнелілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау;  

3.Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әр 

түрлі жаттығулар. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет