Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


 (5-дәріс). Жоғары мектеп оқытушысы



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет66/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150
umkd
 

1.5 (5-дәріс). Жоғары мектеп оқытушысы. 

Жоспары: 

1.  Жоғары  мектептегі    педагогикалық  іс-әрекеттің  психологиялық-педагогикалық 

негіздері.  

2. Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар.  

3. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі компоненттері.  

4. Оқытушы іс-әрекетінің логикасы. Жоғары мектеп жағдайында кәсіби педагогикалық 

іс-әрекетке дайындығы.  

5. Кәсіби құзыреттілік құрылымы.  Құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі.  



 

Оқытушының кәсіби педагогикалық іс-әрекет саласы: 




 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

- жоғары оқу орны; 

- колледж және басқа білім беру ұйымдары; 

-  оқытудың  әртүрлі  аспектілерімен  байланысты  іс-әрекет  ұйымдары,  кәсіпорын  болып 

табылады.  

Психологиялық-педагогикалық  әдебиетте  «педагогикалық  қызметке  даярлық» 

(«ұстаздың  кәсіби  дайындығы»)  біржақты  қарастырылмайды.  Н.Н.Никитина  және 

Н.В.Кислинская  ұстаздардың  кәсіби  даярлығының  екі  түрін  ерекше  атап  көрсетеді: 

теориялық даярлығы, яғни жалпы мәдени, ғылыми, арнайы, психологиялық, педагогикалық 

білім  жүйелерін  тиесілі  меңгеру;  тәжірибелік  даярлығы,  яғни  іскерлігі  мен  қабілеті 

мамандық сипаттамасындағы талаптарға сай болуы. 

Д.Н.Узнадзе  бұл  түсінікті  субъектінің  қандайда  бір  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін 

пайда болған психологиялық күйі ретінде қарастырады. Оның айтуы бойынша «...даярлық  – 

бұл субъекттің барлық мінез-құлықтық белсенділігінде анықталатын міндеттің белгісі болып 

табылады». 

М.И.Дьяченко,  Л.А.Кандыбович  іс-әрекет  кезінде  адамның  тұрақталған  жеке 

ерекшелігі  ғана  емес,  (сендіру,  көзқарастары,  мінездің  ерекшеліктері  және  т.б.),  сонымен 

бірге  осы  қызметтің  түріне  байланысты  жағдаятқа  сәйкес  психологиялық  күйі  де  көрінеді 

деп нақтылайды. Ғалымдардың айтуынша, кәсіби қызметке даярлық - жеке тұлғаның белгілі 

бір  уақыт  аралығында  сапалы  қызмет  атқару  мүмкіншілігіне  себепші  икемділігі,  соған 

сәйкесті санасының сипаты, мінез-құлқы. 

Н.Д.Хмель  зерттеулерінде  ұстаздың  қызметке  даярлығын  уәждік,  жеке-даралық, 

мазмұнды және үдерісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады. 

Л.В.  Занина,  Н.П.Меньшикова  тұлғаның  кәсіби  даярлығына  былай  сипаттама  береді: 

«Өзінің  еңбек  және  кәсіби  жолын  таңдауға  даярлығы,  өзінің  қызығушылықтарын,  жеке 

тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсінуі». 

В.А.Сластенин  педагогикалық  қызметке  кәсіби  даярлықты  «ұстазға  бір  жағынан  - 

психологиялық, психофизиологиялық және физиологиялық даярлығына,  ал екінші жағынан 

– ғылыми-теориялық және тәжірибелік даярлығына қойылатын талаптар жиынтығы» ретінде 

анықтайды. 

Жоғары  оқу  орны  оқытушысы  педагог  болғандықтан  осы  аталған  қызметтердің 

барлығы  оған  да  тиесілі  болғанымен,  ол  -  әсіресе  ғылыми  ақиқатты  іздеуші,  ғалым-

зерттеуші және болашақ маманды дайындаушы. Оқытушы – жалпы білім беретін әр түрлі 

типтердегі  мектептерде    білім  алушылармен  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыратын 

маман;  дүниеге  ғылыми  дидактикалық-материалистік  көзқарасты,    әлеуметтік, 

психологиялық,  педагогикалық  даярлықты,  жоғары  адамгершілік  сапасын,  қоғамдық 

белсенділікті,  білім  алушыға  және  мамандыққа  деген  сүйіспеншілікті,  дербес  білім 

алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің  заманымыздың алдыңғы 

қатарлы  мүшесі.  Жоғары  мектеп  оқытушысы  —      арнайы      даярлығы      бар      және   

педагогикалык      ic-әрекетпен  айналысатын  кәсіпкер  адам.  Оқытушының  педагогикалық 

мәдениеті    -  интеллектуалдық,  рухани,  шығармашылық  педагогикалық  қабілеттердің, 

тұлғалық қасиет-сапалардың жиынтығы, қалыптасқан педагогикалық іс-әрекет стилі, жалпы 

және өзіндік педагогикалық-психологиялық білімі, жағымды тәжірибесі, т.б.

 

  



Педагогикалық  мәдениеттің  құрылымы:  Педагогикалық  шеберлік  Психологиялық-

педагогикалық  эрудиция  Педагогикалық  техника  Кәсіби-педагогикалық  сапалар: 

педагогикалық  байқағыштық;  педагогикалық  талап;  педагогикалық  такт;  т.б.  Кәсіби-

этикалық  мәдениет.  Оқытушының      маңызды      қызметі      -      оқыту,      білім      беру,   

тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет