Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет49/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

«Тұғыр»  деген  ұғым  білім  беру  үдерісінің  стратегиясы  және  тактикасын  белгілеуде 

қолданылып  келеді.  Тұғыр  –  педагогикалық  нысананы  зерттеудегі  тәсілдер  жиынтығының 

қатынасы. Демек тұғыр  педагогикалық іс-әрекет тәсілдерін және өзара байланысты идеялар 

мен  ұғымдардың  сапалық  жиынтығын  пайдалануға  мүмкіндік  тудыратын  әдіснамалық 

бағдар болып табылады.  

Ш.Таубаеваның пікірінше, тұғыр – қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі 

жолы,  ол  осы  шешімдердің  бағыты  мен  стратегиясын  ашады.  Ғалым  педагогикадағы 

әдіснамалық тұғырларды жіктеп, оларға жеке сипаттама берген. Көптеген ғалымдар тұғырды 

білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал деп түсіндіреді.  



Интегративтілік  тұғыр  (Бейсенбаева  А.А.)  тәрбиені  мақсатты  бағытталған  үрдіс 

ретінде  қарастырады,  құрылымдық  элементтерін,  олардың  қызметтерін,  байланысын 

көрсетеді. 

 Мәдениеттілік  тұғыр  зерттелініп  отырған  мәселе  контексінде  тұлғаның  мәдениет 

әлеміне  табысты  кірігуін  қамтамасыз  ететін  мәдени  құндылықтарды  меңгеруге  және 

тасымалдауға  жағдай  жасауға  бағытталған  теориялық  -  әдіснамалық  заңдылықтар  мен 

ұйымдастырушылық  -педагогикалық  іс-шаралар  жиынтығын  ұсынады.  Мәдениет  адамның 

табиғатпен  және  әлеуметтік  ортамен  әрекеттесу  нәтижесі  ретінде  қатысады.  Бұл 

әрекеттестіктің  нәтижесі  рухани  және  материалдық  байлықтарды  құру  болып  табылады. 

Педагогикалық  іс-әрекетте  тұлғаның  мәдени  құндылықтары,  сонымен  бірге  қарым-қатынас 

мәдениеті қалыптасады. 

Әлеуметтік-мәдениет  тұғырын  Г.И.  Гайсина,  М.С.  Каган,  т.б.  дайындаған. 

Әлеуметтік-мәдениет  тұғыры  әлеумет  пен  мәдениеттің  өзара  байланысы  мен  өзара 

әрекеттестігін,  тұлғаның  әлеуметтік-мәдени  дамуын,  тұлғаның  мәдени  құндылықтарды 

меңгеруін  көрсетеді,  ол  тұлғаның  табысты  әлеуметтенуіне  мүмкіндік  береді.  Әлеуметтік-

мәдениет тұғыры тұлғаның құндылық ұстанымын қалыптастыру үрдісіне әлеуметтік-мәдени 

кеңістіктің  әсер  ету  факторын  бөліп  көрсетуге,  мәдениеттің  білімділік,  тәрбиелік 

құндылығын қарастыруға мүмкіндік береді.  

Аксиологиялық  тұғыр  болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  әлеуметтік-мәдени 

құндылықтарға  бағдарынан  байқалады,  адамды  рухани  және  әлеуметтік  құндылықтарды 

жасауға қабілетті ең жоғарғы құндылық деп мойындау және оның тұлғалық және қоғамдық 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру;  әлеуметтік-мәдени  құндылықтардың  тұлғаның  білімі  мен 

дамуының  өзегін  құрайтынын  мойындау.  Олардың  іс-әрекет,  қарым-қатынас  үдерісінде  ол 

үшін өмірлік қажетке, тұлғалық мәнге ие құндылықтарды өзектендіреді.  

Аксиология  тұғыры  қазіргі  заманғы  білім  берудің  жаңа  парадигмасы  тәжірибеде 

аксиология  тұғыры  бойынша  адамның  ішкі  әлеміне  бағдарланып,  оның  құндылығына, 

түрткісіне,  еркіне,  әсерленуіне  көңіл  бөлуді  қажет  етеді  деп  есептейді  (Б.С.Гершунский, 

А.Г.Асмолов, Ш.А.Амонашвили, И.А.Колесникова). 



Акмеологиялық  тұғыр  (С.Д.Пожарский,  Н.А.Рыбников,  Б.А.Тұрғанбаева  және  т.б.) 

мұғалімнің    интеллектуалдық,  эмоциялық,  ерік-жігерлік,  коммуникативті  мәдениеттерін 

дамытуға  және  моделдеуге  әрі  ішкі  әлеуетін  дамытуға,  жоғары  жетістікке  жетуге 

бағытталған.    Бұл  тұғыр  педагогикалық  үдерісте  болашақ  мұғалімдерін  оқыту  мен  дамыту 

шыңына шығуға, өзін іс жүзінде көрсетуге ұмтылу, жетістікке сұраныс сияқты факторларды 

ескере отырып, ұйымдастыруды құрылымдайды.   



Құзыреттілік  тұғырға  сәйкес  білім  беру  жүйесіндегі  негізгі  нәтижелері  түйінді 

құзыреттіліктер  болып  табылады.  Мұнда  жоғары  деңгейдегі  қарым-қатынасты  игере  алуға, 

талдау  жасауға,  түсінік  қалыптастыруға  ерекше  мән  беріледі.  Бұл  тұғыр  өмірдің  әртүрлі 

саласында  стандарттан  тыс  тапсырмаларды  шешуге  қабілеттілікті  және  қоғамда  табысты 

түрде  әлеуметтенуге  бейімделудің  жолдарын  игеруге  мүмкіндік  береді.  Білім  беру 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет