Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет48/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

2) 


аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет 

етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 

3) 

гипотетикалық  ‒  дедуктивтік  әдіс  –  нәтижесінде  эмпирикалық  фактілер 



тұжырымдалатын  бір-бірімен,  дедуктивті  байланыста  болатын  гипотезалардың  жүйесін 

жасау. 


Зерттеу  әдістерінің  классификациясы  аса  күрделі  мәселе  болғанның  өзінде  де, 

дәстүрлі  түрде  оларды  үш  топқа  бөлу  қабылданған:  жалпы    ғылыми,  интерғылыми  және 



жеке ғылыми әдістер.  

Жалпы  ғылыми  әдістер  барлық  ғылым  салаларына  тән  және  оларды  біріктіретін 

зерттеу нысанында пайдаланылатын логикалық әдістерді, бақылау мен тәжірибе, анализ бен 

синтез,  болжам,  индукция  мен  дедукция,  аналогия,  жүйелеу  мен  топтастыру,  генетикалық 

әдіс, т.б. біріктіреді.   



Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: 

• анализ  –  жан-жақты  зерттеу  мақсатында  бүтін  бір  затты  құрамдас  бөліктерге 

(жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б.) бөлу; 

• синтез – заттың құрамдас бөліктерін бір тұтас затқа біріктіру; 

• абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес және зерттеуге қажетті 

қасиеттерін бөліп алу; 

• жалпылау  –  нысандардың  жалпы  белгілері  мен  қасиеттерін  анықтауға  мүмкіндік 

беретін ойлау әдісі; 

• индукция  –  жеке  қорытулар  негізінде  жалпы  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  беретін 

зерттеу мен талқылау әдісі; 

• дедукция  –  жалпы  тұжырымнан  жеке тұжырым жасауға  мүмкіндік  беретін  талқылау 

әдісі; 


• аналогия – нысандардың бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы 

туралы айтуға мүмкіндік беретін танымдық әдіс; 

• жүйелеу ‒ зерттелетін пәнді маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, 

биология, геология, география, кристаллография, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). 

• Интерғылыми 

әдістерге 

экстрополяция, 

интерполяция, 

модельдеу, 

ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.  Зерттеу 

үдерісі 


барысында 

төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: 

•  экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың 

ашылуы,  яғни  жасалған  заңдар  мен  тұжырымдардың  бақылау  аймағынан  басқа  аймаққа 

ауысуы; 

•  интерполяция  ‒  құбылыстардың  динамикалық  қатарында  көрінбейтін,  бірақ  осы 

қатар  мүшелерінің  арақатынасын  ашу  негізінде  параметрлерді,  функцияларды, 

көрсеткіштерді табу; 

• 

модельдеу  –  шынайы  түрде  бар  үдерістер  мен  құбылыстардың  логикалық, 



ақпараттық  және  графикалық  құрылымын  жасау,  яғни  нысандарды  жеңілдетілген  түрінде 

бейнелеу; модельдеу – түп нұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-

дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; 

•  ретроспекция  ‒  объектінің  жүйелі  түрдегі  сипаттамасын  алу  үшін  зерттеу 

объектісінің  тарихи  дамуын  зерттеу,  яғни  оның  әртүрлі  уақыт  кезеңдеріндегі  дамуының 

динамикалық қатарын зерттеу; 

•  эксперттік бағалау – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары. 

Жоғарыда  айтылып  өткен  әдістердің  немесе  тәсілдердің  ешқайсысы  да,  дара  түрде 

зерттеудің негізділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. 

Сол  себепті  зерттеуде  жоғары  нәтижеге  жету  үшін  олардың  бірнеше  түрінің  жиынтығын 

пайдалану ғана тиімді бола алады. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет