Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет41/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150
umkd
Жоғары мектеп педагогикасы – кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым.  Жоғары 

мектеп  педагогикасы  –  жоғары  мектептегі  тәрбие,    білім  беру  және  оқыту  мәселелерімен 

айналысады.  Жоғары  мектеп  педагогикасы  ‒  ЖОО  жағдайында  маман  даярлау  туралы 

ғылым.  Жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде ХХ ғ. ортасында анықталды. Жоғары 

мектеп педагогикасының нысаны  – жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс. Жоғары  

мектеп    педагогикасының  пәні:      біліктілігі    жоғары    болашақ  маманды  даярлау.  ЖМП  

ғылыми  әлеует  факторымен  түсіндіріледі,  ол  біліктілігі  жоғары  мамандар  даярлауда 

меңгеріледі. 

Ғылым ретінде жоғары мектеп педагогикасының міндеттері: 

 



Жоғары білімнің қазіргі жағдайын саралау мен дамуын болжау; 

 



Жоғары білімнің даму тарихын зерттеу; 

 



Жоғары кәсіби білім берудің теориялық-әдіснамалық негізін жасау; 

 



Жоғары білімнің заңдылығын айқындау; 

 



Жоғары білімнің мазмұнын жетілдіру; 

 



Білім беру стандартын, оқытудың жаңа әдістері мен формаларын жетілдіру; 

 



ЖОО педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау; 

 



ЖОО педагогикалық инновацияларды ғылыми саралау; 

 



Ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу. 

Жоғары  мектеп  педагогикасының  қызметтері:  теориялық  және  технологиялық. 

Теориялық  қызметтер:  Жаңашыл  тәжірибелерді  зерттеу  (сипаттамалық  деңгей); 

Педагогикалық  құбылыстардың  жағдайын  анықтау  (диагностикалық  деңгей);  Тәжірибелік 

зерттеу  жүргізу  (болжамдық  деңгей);  Технологиялық  қызметтер:  Оқу  іс-әрекетінің 

нормативті  жоспарын  айқындайтын  әдістемелік  материалдарды  құрастыру  (жоспарлар, 

бағдарламалар, стандарттар, құралдар) (жобалау деңгейі); Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге 

енгізу  (қайта  құрылған,  өзгертілген  деңгей);    Ғылыми  зерттеу  нәтижелерін  саралау 

(рефлексивті деңгей). 

Жоғары  мектеп  педагогикасының  негізгі  категориялары  (ұғым,  түсініктері). 

Педагогикалық  терминология  –  білім,  тәрбие,  оқыту  теориясы  мен  практикасында 

қолданылатын  кәсіптік  сөздер  жүйесі.  Педагогикалық  терминология  белгілі  ұғымды 

анықтауда  оқытушыларға  жеңілдік  туғызып,  уақыт  пен  ой  әрекетін  үнемдеуге  септігін 

тигізеді.  Тәлім  аппараты  түсініктерін  қалыптастыру  педагогикалық  құбылыстар  мен  мәнін 

ұғынуға  себепші  болады.  Ғылым  тілін  түсіну  үшін  категорияларды  білу  міндетті.  Жоғары 

мектеп  педагогикасында  қолданылатын  категориялар  (ұғымдар):  Жалпы  ғылыми:  жүйе; 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет