Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет111/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс әрекетке осы заманғы көзқарастың ерекшелігі 

тәрбие  үрдісіндегі  жүйелілік  және  сол  жұмыстың  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  факторлар 

мен  шарттардың  біртұтас  жиынтығы  болып  табылады.  Нормативті-құқықтық  базаға 

жасалған  талдау  «жеке  тұлғаның  еркін  дамуы»,  «адам  құқығы»,  «жеке  тұлғаның  мүддесі» 

және  т.б.  ұғымдардың  жан-жақты  қолданылатындығын  көрсетті.  Осылайша  тұжырымдап 

айту алдымен білім беру ұйымдарының бастапқы деңгейін демократияландыруға мүмкіндік 

береді.  Басым  құндылықтар  ретінде  дербес  даму,  өзін-өзі  табысты  көрсету  және  өзін-өзі 

анықтау  ерекшеленеді.  Білім  берудің  жаңа  үлгісінде  іскерлік  сипат  байқалып,  өз  бетінше 

үздіксіз  білім  алуға  ұмтылуды  қалыптастыруға  және  шығармашылық  қабілетті  дамытуға 

бағытталған.  Соның  негізінде  балаларды  және  жастарды  мектеп  жасына  дейінгі,  орта  білім 

беретін,  орта  кәсіби,  жоғары  кәсіби  білім,  қосымша  білім  берудің  түрлі  деңгейлерін 

қамтитын  тәрбие  жүйесі  құрылуда.  Тәрбие  үдерісі  ғылыми-әдістемелермен  қамтамасыз 

етіліп,  Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасы 

Білім  және  ғылым  Министрінің  2009  жылғы  16  қарашадағы  №521  бұйрығымен  бекітілген, 

сондай-ақ,  білім  беру  ұйымдарының  аймақтық  деңгейінде  тәрбие  беру  бағдарламасы 

жасалып,  енгізілді;  авторлық  бағдарламалар  дайындалуда;  тәрбие  үдерісінің  тиімділігін 

бағалу  мен  жеке  тұлғаның  тәрбиелік  деңгейінің  өлшемдері  жасалды.  Тәрбие  үдерісін 

кадрлармен  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмыс  жүргізіліп  келеді.  Мектептердің,  кәсіптік 

мектептер  пен  колледждің  директордың  тәрбие  жұмысы  жөніндегі  орынбасарлары,  жоғары 

оқу  орындарының  тәрбие  ісі  жөніндегі  проректорлары,  сынып  жетекшілері,  педагогтар-

ұйымдастырушылар,      әлеуметтік  педагогтар,  педагог-психологтар,  қосымша  білім  беру 

педагогтары мен әдіскерлер штат бірліктеріне енгізілді.  

  Жастар  -  Қазақстан  Республикасының  он  төрт  жастан  жиырма  тоғыз  жасқа  дейiнгi 

азаматтары.  Бүгінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты  - мемлекет 

жүзеге  асыратын  және  жастарды  қолдауға  бағытталған  әлеуметтiк-экономикалық,  саяси, 

ұйымдастырушылық  және  құқықтық  шаралар  жүйесi  ретінде  қарастырылады.  Мемлекеттiк 

жастар  саясатының  жүзеге  асырылатын  ортасының  бірі  -  жастар  ұйымы,  оның  негiзгi 

мақсаты  әлеуметтiк,  мәдени,  бiлім  беру  мiндеттерiн  және  жастардың  құқықтарын,  заңды 

мүдделерiн  қорғауға  бағытталған  өзге  де  мiндеттердi  шешу,  рухани  және  өзге  де 

қажеттiлiктерiн  қанағаттандыру  болып  табылатын,  мүшелерi  (қатысушылары)  жастар 

өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық 

бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым. 

Тәрбие  қағидасы  –  тәрбиешілер  міндетті  түрде  сақтайтын,  тәрбиені  ұйымдастырудың 

аса  маңызды  ережелері,  бастапқы  ережесі.  Табиғилылық  қағидасы  тәрбие  табиғи  және 

әлеуметтік-мәдени  үдерістердің  өзара  байланысының  ғылыми  түсінігіне  және  балаларды 

тәрбиелеуде  олардың  жеке  тұлғалық  және  жас  ерекшеліктерін  ескерудің  қажеттігіне 

негізделеді.  Мәдени  сәйкестілік  қағидасы  тәрбие  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға 

негізделетіндігін,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға  сай  дәстүрлер  мен  ұлттық  мәдени 

нормаларға  және  аймақтық  ерекшеліктерге  сәйкес  құрылады.  Мақсаттылық  қағидасы  

мақсатты  талаптың  айқындығын,  ұжымдық  сұранысқа  нақты  есеп  жасауды,  тәрбие 

қызметінің  басты  түрлерін  дұрыс  таңдауды  қарастырады.  Гуманистік  бағыт  қағидасы  әрбір 

жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын 

гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және 

тәрбиешілерге  өздерін-өздері  дамытуға  жауапкершілікті  субъекті  ретінде  қарауын,  сондай-

ақ,  субъектінің-субъектіге  көңіл  бөлуі.  Этникалық  қағида  этникалық  мәдениет  негізінде 

жалпы  ұлттық  мәдениеттің  гүлденуіне  ықпал  жасайтын  мәдниет  жасаушы  ортаны 

қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді 

қарастырады.  Бiрлiк  талабы  мен  сабақтастықты  қамтамасыз  ету  қағидасы  –  мұғалiмдердiң 

мектеппен,  мектептен  тыс  мекемелермен,  отбасымен  достастығын  құру,  тұлға  дамуының 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет