ЖҰмыс бағдарламасы кегль 26, буквы прописные, шрифт полужирный Расстояние между строками шесть интервалов



жүктеу 0.93 Mb.

бет5/6
Дата12.09.2017
өлшемі0.93 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

N 1 – 2 зертханалық жұмыстары

ТҰҚЫМ САПАСЫН АНЫҚТАУҒА ОРТАША ҮЛГІ СҰРЫПТАУ

             Бұл   сабақты   студенттер   орман   –   тұқым   бақылау

станциясындағы жалпы  жұмыс тәртібімен, тұқым тексерудің

тарихымен,   тұқым   зерттеуге   арналған   мемлекеттік

стандарттармен

 

(МСТ),



 

негізгі


 

терминдердің

анықтамаларымен,   орман   шаруашылықтарында   тұқым

жинап, оларды сақтау және құжаттау тәртібімен танысады.

Содан кейін ағаш түріне қарай тұқым партиясының салмағы

қандай   болатынын   және   олардан   алынатын   орташа   үлгінің

өлшемі   бойынша   (1   кесте)   сұрыптау   тәртібін   үйренеді.

Жұмыстың   барысында   тұқымдардың   арнайы   паспорты   мен

этикеткасын (1,2 қосымшалар) және орташа тұқым үлгісінің

сұрыптау актісін (3 қосымша) толтырады.



1 – кесте. Тұқым партиясының шекті салмағы мен

орташа үлгісінің                                салмағы

Тұқым түрі

Партияның шекті

салмағы, кг

Орташа үлгінің

салмағы, г

Кәдімгі қарағай

50

50



Кәдімгі шырша

50

50



Шренк шыршасы

50

75



Сібір балқарағайы

50

75



Сібір майқарағайы

100


100

Сібір самырсыны

500

1000


Қотыр қайың

75

25



Кәдімгі шегершін

100


50

Бұтақты   шегершін

(қарағаш)

100


75

Бұтақты   шегершін

(қарағаш)

200


400

Татар үйеңкесі

200

300


Ұсақжапырақты

жөке


200

300


Боз жиде

200


500

Терек       

30

15

Жабайы алма



100

150


     Орташа   үлгіні   сұрыптау   жұмыстары   «Ағаштар   мен

бұталардың   тұқымдары»   атты   мемлекеттік   стандарттар

арқылы   жүзеге   асырылады.   Ол   стандарттардан   ешқандай

ауытқуға болмайды, сондықтан мына негізгі терминдердің –

тұқым   партиясы,   ойма,   бастапқы   үлгі,   орташа   үлгі   –   мәнін

берік ұғып алу қажет.



        Тұқым партиясы деп салмағы нақты алынған, біркелкі

бір ағаш не бұта түрінен құралған, паспорты мен этикеткасы

бар   тұқымдарды   атайды.   Тұқым   партиясы   өз   құрамына

байланысты біртектес болуы шарт:

а)   өсіп   -   өну   жағдайлары   бірыңғай-бір   орман   тип   тобында;

таулы   жерлерде   теңіз   деңгейіндегі   бір   биіктікте   және   бір

бағыттағы   беткейлерде,   ал   жас   шамасы   да   бір   топтағы

ормандардан – балауса ағаштардан, орта жастағы, жетілуге

жуық   әлде   әбден   піскен   немесе   ормантұқымдық

учаскелерден жиналған;

б)   шыққан   тегі   бірдей   –   табиғи   немесе   екпе   ормандардан

дайындалған;

в) ормандылық құндылығы бірдей – таңдаулы, жақсартылған

немесе әдеттегідей;

г) жинау мезгілі (мерзімі) де бір уақыттағы;

д)   тұқымдарды   немесе   жемістерді   жинау   және   өңдеу

тәсілдері де бірдей;

е)  тұқымдарды   бүрлерінен   шығарып   алу  мерзімі   бірдей   –  2

аптаның ішінде;


ж) сақталу жағдайлары бірдей – ыдыс түрі де, қоймасы да;

з)  тұқымның   түсі,   жылтырлығы,   ылғалдылығы,   зақымдануы

бірдей.

               Тұқым   сапасын   анықтау   үшін   ең   алдымен   тұқым



партиясынан   оймалар   алынады,   олардан   бастапқы   үлгі

құрастырылады,   ал   ол   үлгіден   орташа   тұқым   үлгісі

сұрыпталып, бақылау станциясына жіберіледі.

             Ойма   дегеніміз   азғантай   мөлшердегі   партияның   әр

жерінен алынатын тұқым.

                 Бастапқы үлгі – барлық оймалардың жиынтығынан

құралған тұқым.

         Орташа үлгі – бастапқы үлгіден зертханалық зерттеуге

алынатын нақты мөлшерлі тұқым бөлігі.

                                       Оймаларды сұрыптау

               Тұқымдардың   түрі   мен   сақталу   жағдайларына

байланысты оймалар алу қолмен немесе қармауышпен (щуп)

арқылы жүзеге асырылады.

        Түрлі жәшіктерге салынған ұсақ және орташа өлшемдегі

сусымалы   тұқым   партиясынан   оймалар   конусты   немесе

цилиндрлі  қуыс   қармауыш   көмегімен,   болмаса   қолмен   әр   3

қабаттың (үстіңгі, ортаңғы және төменгі) 5 жерінен алынады.

Сонда жалпы оймалар саны 15 болады.

               Ірі   дәнді   тұқым   партиясынан   (жаңғақтар,   сүйек

жемістілер, т.б.) оймаларды әр қабаттың 10 жерінен 30-дан

кем алынбайды.

       Ауызы тігулі қаптардан оймаларды әр қабатынан арнайы

қармауышпен   тесу   арқылы   алады,   ал   ауыздары   тігілмеген

қаптардан қолмен де алуға болады.

       Оймаларды алу тәртібі:

а)   тұқым   партиясы   10   қаптан   аспаған   болса,   әр   қаптан   3

ойма (3 қабаттың әр қайсысынан 1 ойма) алынады;

б)   тұқым   апртиясы   10   қаптан   артық   болған   жағдайда   әр

қаптан 2 оймадан алады (ойма алатын жерлерін ауыстырып

отырады).

             Шыны   мен   металл   ыдыстарына   салынған   немесе

сусымайтын   тұқымдардан   оймалар   сұрыптау   үшін   тұқымды

тегіс   жерге   төгеді,   әбден   араластырып,   жаймалап

тегістегеннен   кейін   әр   ыдыстағы   тұқымның   5   жерінен

оймалар қолмен алынады.

       Еменнің шошқажаңғақ партиясынан оймалар әр жерінен

5-тен кем алынбайды.



                                  Бастапқы үлгі құрастыру

             Әр тұқым партиясынан жиналған оймалар тегіс жерге

бөлек-бөлек   төгіледі,   сосын   алдымен   түр-түсі,   иісі,

жылтырлығы   және   басқа   да   көрсеткіштері   бойынша

салыстырылады.

 

Осының


 

нәтижесінде

 

тұқымның


біртектестігі анықталғаннан кейін, оймалардың өте бір үлкен

айырмашылығы байқалмаса, олар біріктіліп араластырылады.

Содан кейін осы оймалардан бастапқы үлгі жасалынады.

             Бастапқы үлгінің салмағы орташа үлгі салмағынан 10

еседей   артық  алынады.   Тек   тұқым  партиясы   өте   аз   болған

жағдайда   бастапқы   үлгі   жасалмай-ақ   орташа   үлгі   жарты

салмағына тең етіліп алынады.

                                      Орташа тұқым үлгісін жасау

             Бастапқы үлгіден бір орташа үлгі құрастырылады. Сол

арқылы тұқымның тазалығы, 1000 данасының салмағын, өсу

қуаттылығын,   өнгіштігін,   өміршеңдігін,   т.б.   сапа

көрсеткіштерін анықтауға болады.

             Тұқымның   ылғалдылығын   анықтау   қажет   болған

жағдайда ғана бастапқы үлгі қалдығынан стандартқа сәйкес

етіліп екінші үлгі жоғарыда келтірілгендей бөлініп алынады.

             Орташа үлгі тұқымдарын бөліп алу алдында бастапқы

үлгі   тұқымы   әбден   араластырылады   да   таза   тегіс   брезент,

фанера   немесе   тегіс   тақтай   бетіне   төгіледі.   Осыдан   кейін

орташа тұқым үлгісі крест тәсілімен болмаса арнайы тұқым

бөлгіш құралы арқылы бөліп алынады.

             Кресттеп бөлу. Бастапқы үлгі тұқымдары тегіс жерге

қалыңдығы 3 см етіліп (ұсақ тұқымдар), ал ірі тұқымдар үшін

10   см-ге   дейін   шаршылап   жинақталған   соң,   сызғышпен

диагональдар   бойымен   4   үшбұрышқа   бөлінеді.   Екі   қарама-

қарсы жатқан үшбұрыштағы тұқымды алып ыдысқа саламыз,

ал қалған екеуін біріктіріп, тұқымдарын араластырып тағы да

қайтадан   крестеп   бөлеміз.   Осылай   бөлу   орташа   үлгіге

қажетті тұқым салмағы қалғанға дейін қайталана береді.

       Орташа үлгіні тұқым-бөлгіш құралы көмегімен алу.

Ұсақ   және   орташа   өлшемдегі   сусымалы   тұқымдарды

бастапқы   үлгіден   арнайы   тұқым-бөлгіш   құралы   арқылы   алу

өте қолайлы. Бұл бөлгіштің ерекшелігі оған салынған тұқым

екіге   қақ   бөлініп   екі   ожауша   –   ыдысқа   түсіп   отырады.

Тұқыммен бірге оның ішіндегі әр түрлі қосындылар мен басқа

да құрамындағы заттар тең екіге бөлініп отырылады.

             Бөлгіштің   жұмысы   дұрыс   деп   бағаланады,   егер

ожаулардағы тұқым салмағы бір-бірінен 5 проценттен артық


ауытқы   қоймаса.Бастапқы   үлгі  тұқымдарын   өзімізге   керекті

орташа үлгі салмағы бір ожауда қалғанша өткізе береміз.

                                 Орташа үлгілерді тексеруге жіберу

Бөлініп   алынған   орташа   үлгіні   тұқымдық   сапалылығын

анықтауға жібереде оларды тығыз матадан тігілген , алдын-

ала   суда   қайнату   арқылы   дезинфекциядан   өткізілген   таза

қалталарға салады. Қалтаның ішіне орташа тұқым үлгісімен

бірге этикеткасын салып, аузын мықтап байлаймыз.

       Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған орташа үлгіні

таза,   құрғақ   шыны   ыдысқа   салып,   аузын   жақсылап

тығындап,   бекітіп   жібереді.Этикетканың   бір   данасын   шыны

ыдыс ішіне салып, екіншісін сыртына жапсырады.

             Бөлініп   алынған   орташа   үлгілер   орман   тұқымдарын

бақылау станциясына  жібергенге дейін  тұқым  партиясымен

бірге қоймада сақталынады.

             Орташа   үлгіні   сұрыптауға   орман   шаруашылығының

инженерлері, агрономдар және басқа да арнайы үйретілген

мекеме мамандары ғана жүзеге асыруға тиіс. Бұған міндетті

түрде тұқым сақталуына жауапты адам да қатысуы керек. Іс

жүзінде   орташа   үлгіні   алуға   арнайы   комиссия   құралады.

Мекеме   бастығының   бұйрығы   бойынша   оған   кіретіндер:   1)

орман шаруашылығының немесеорманшылықтың қызметкері;

2) орманшы не оның орынбасары немесе учаскенің   технигі;

3) тұқымдардың сақталуына жауапты адам-қоймашы немесе

орман қорушысы.

             Бөлініп   алынған   үлгілерге   белгіленген   актінің   (3

қосымша) 3 данасы толтырылып, оған қатысқан адамдардың

қолдары қойылады және мекеменің мөрі басылады.

       Актінің біреуі паспорт көшірмесімен бірге тұқым бақылау

станциясына   жіберіледі,   екіншісі   мекеме   іс   қағаздарында

сақталынады,   ал   үшіншісі   өндірістік   зерттеуге   кеткен

тұқымдарды есептен шығару үшін бухгалтерияға өткізіледі. 

             Тұқымдардың орташа үлгілерін (қапшықтардағы және

шыны   ыдыстағы)   тексеруге   ағаш   жәшікке   немесе   берік

қорапқа салып, мықты бекітіп жібереді. Егер бірнеше орташа

тұқым   үлгілері   бір   жәшікке   салынған   жағдайда,   олардың

әрқайсысына тұқым түрі, паспортының нөмірі көрсетіледі.

       Қанатты тұқымдарды зақымданудан сақтау үшін орташа

үлгілерін нығыздамай салады. Стратификациядан өткен құм

аралас тұқым үлгілері арнайы қағазбен тығыздалып оралып,

жәшікке салынып жіберіледі.

             Орташа   үлгілер   сұрыптап   алынғаннан   кейін   тұқым

бақылау станциясына екі тәулік ішінде жіберілуге тиіс.


                                Тұқым   бақылау   станциясының   орташа

үлгілерді қабылдау

             Тұқым   бақылау   станциясының   мамандары   тексеруге

келіп түскен орташа үлгілердің алдымен құжат қағаздарын

тексеріп көреді.

               Сонымен   қатар   ыдыстардың   бүтіндігіне,   пломбы   не

мөрдің бұзылмағандығына көз жеткізеді.Содан кейін орташа

үлгілердің   өзара   және   тұқым   партиясының   салмақтарына

сәйкестігін,   олардың   дер   кезінде   зертханалық   зерттеуге

түсуін қадағалайды.

             Жоғарыда келтірілген талаптардың біреуі сақталмаған

жағдайда   орташа   үлгілер   тексеруге   қабылданбайды.   Ол

тұқым кері қайтарылады, ал ол жөнінде 3 күн ішінде тұқым

жіберушіге   үлгілердің   қабылданбаған   себеп-салдарын

көрсетіп, хабарланады.

             Тексеруге   қабылданған   тұқым   үлгілері   таразыда

өлшеніп,   арнайы   журналға   тіркеледі.   Тіркеу   нөмірі   үлгі

салынған   қапшықтарға   немесе   ыдыстарға   және   осы   үлгіге

қатысы ьар құжаттардың барлығына қойылады.

             Орташа   тұқым   үлгілерінің   белгіленген   салмақтан   (1

кесте) ауытқуы +5 проценттен аспауы керек.

             Әр   звеноға   (3-4   студент)   қажетті   құралдар   мен

материалдар тізімі:

1.Бастапқы тұқым үлгісі

2.Тұқым-бөлгіш

3.Сызғыш


4.Матадан тігілген қалта, байлау жібімен

5.Тұқым паспорты

6.Тұқым этикеткасы

7.Орташа үлгі сұрыптау актісі

8.Таразы

9.Тегіс тақта

10.Ожауша

11.Қармауыш 



N 3 – зертханалық жұмыс

ӨЛШЕМЕ БӨЛІП АЛУ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ТАЗАЛЫҒЫН

АНЫҚТАУ

             Өлшеме  дегеніміз орташа үлгіден тұқым сапасының

жеке   көрсеткіштерін   анықтау   үшін   алынатын   тұқымдардың

белгіленген бір бөлігі.


       Өлшемені төменгі келтірілген тәсілдердің бірін қолданып

дәл   мөлшерде   тұқым   түріне   байланысты   (2   кесте)   бөліп,

өлшеп алады.

1.Оймалар тәсілі. Орташа үлгіні араластырып, тегіс үстелге

немесе   тақтайға   тұқым   дәндерінің   өлшемдеріне   қарай

қалыңдығы 0,5 см-ден 5,0 см-ге дейін тегістеп төгеді. Содан

кейін бір-біріне қарсы қаратылған екі қалақшаны түйістіріп,

орташа үлгі тұқымдарының 10-20 жерінен оймалар алынады.

2.Кресттеп   бөлу   тәсілі  бұрын   айтылып   кеткен   бастапқы

үлгіден   орташа   үлгі   алуындағыдай   жасалынады,   тек

шаршыдағы тұқымдардың қабат қалыңдығы 5 см-ден аспауы

керек.


3.Өлшемені   тұқым-бөлгіш   құралы   арқылы  алу   орташа

үлгі алған сияқты істелінеді.

       Өлшеме алудың барлық тәсілдерін оқытушы түсіндірген

соң,   әрбір   студенттер   звеносы   орташа   тұқым   үлгісінен

оймалар   тәсілімен   өлшеме   бөліп   алуға   кіріседі.Өлшеменің

нақты   мөлшері   тұқым   түріне   байланысты   тұқымдардың

тазалығын анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте.Тұқымдардың тазалығын анықтау үшін

өлшемелердің салмағы.

     

Тұқым

 

түрінің

 

атауы

Өлшеме салмағы, г

Кәдімгі пісте, тармақты қараөрік                                        500

Шие (кәдімгі және барлық мәдени сорттары),  

кәдімгі гледичия                                                                    200

Жиде (боз,тікенді),кәдімгі мойыл,кәдімгі шаған               100

Алма (мәдени сорттары),үйеңкі (Семянов,татар,                50

шағанжапырақты),ұсақ жапырақты жөке ағашы

Итмұрын, кәдімгі арша                                                           25

Бөріқарақат, шырғанақ                                                            20 

Балқарағай (сібір, Сукачев),қарағай (шайырлы, 

тау)                                                                                             15

Шегіршін (кәдімгі,бұтақты),шырша (сібір,          

кәдімгі,шығыс,Шренк)                                                             10

Сексеуіл (ақ,қара),кәдімгі шетен,үшқат(кәдімгі, 

татар)                                                                                            5

Қарақат (қара,сары),тұт (ақ,қара)                                              3

Тобылғы (сұр, талжапырақты)                                                  2 

Қайың (қотыр,үлпек,Шмидт),тал, терек                                   1



             Тұқым   тазалығы   деп,  зерттелетін   тұқым   түрі

партиясының тек таза тұқымдар құрамын айтамыз.Оны таза

тұқымдар салмағының өлшеме салмағына қатынасы арқылы

анықтаймыз.

             Стратификациядан өткізілген және сыртқы қоршаған

орта жағдайында сақталған, сондай-ақ кептірілген шырынды

және   құрғақ   көптұқымды   жемістердің   тұқымдарының

тазалығы анықталмайды.

 

         



 Тұқым   тазалығы   МСТ   13056.2-67   бойынша

тексеріледі.Тексеру   мынадай   жолмен   іске   асырылады.

Қарастырылатын   өлшеме   тұқымдарын   сұрыптау   тақтаға

төгеміз   де,   шпатель   қалақша   көмегімен   3   топқа:   таза

тұқымдар, тұқым қалдықтары және қоспаларға бөлеміз.

1. Таза тұқымдарға жататындар:

     а) бүтін, жақсы дамығандары, өң-түстері ескерілмейді;

         б)   өне   бастамағандары,   бірақ   мұрттары   қабығын

тескенмен әлі өсіп үлгермеген;

      в) қабығы шытынаған сау тұқымдар;

           г)   үйеңкі,   шаған,   қараған   тұқымдарының   қанат

сынықтары,   сол   сияқты   қылқан   жапырақты   ағаштардың

тұқымдары қанат қалдықтарымен бірге.

       2.  Тұқым қалдықтары фракциясына жататындар:

       а)  мұрт жарып, өніп кеткен тұқымдар (тек емен жаңғағы

емес);


             б)   өте   ұсақ   тұқымдар,ұзындығы   мен   көлденеңі

орташалардың жартысына да жетпейді;

       в) дәні жоқ бос және қабысып қалған тұқымдар;

             г)   езіліп,   кесіліп,   немесе   дән   ұрықтары   жартылай

ашылып кеткендері және мүлдем қабықсыз қалғандары;

       д) анық шіріген тұқымдар;

       е) ауруға шалдыққандары;

       ж) энтомозиянкестермен бүлінгендер;

       з) кеміргіштерден бүлінген тұқымдар.

       3.Қоспаларға келесі фракциялар жатады:

             а)   арамшөп   өсімдіктер   мен   ауылшаруашылық

дақылдарының тұқымдары;

       б) басқа ағаш пен бұта түрлерінің тұқымдары;

             в) тұқым зиянкестері және олардың личинкалары мен

қуыршақтары;

             е)   топырақ   түйірлері,   ұсақ   тастар,   құм,   жәндіктер

менкеміргіштердің нәжістері, тұқым сынықтары, жапырақтар,

қабық   сынықтары,   қабыршықтар,   өлген   зиянкестер,   тағы

басқа да қосындылар


             Өлшемені   жоғары   келтірілгендегідей   ажыратып

алғаннан   кейін   таза   тұқымдары   таразыланып   өлшенеді,

содан   кейін   тұқым   қалдықтары   мен   қоспалар   әрқайсысы

көрсетілген

 

фракциялары



 

бойынша


 

жеке-жеке

өлшенеді.Қорытындылары   тұқым   тексеру   құжатына

жазылады.

                           

Өлшеу дәлдігі төмендегідей:

өлшеме салмағы 99 грамға дейін – 0,01 г,

өлшеме салмағы 100-ден 999 г дейін – 0,1 г,

өлшеме салмағы 1000 г не одан да көп – 1 г дейін.

     Таза тұқымдардың және жеке фракциялардың таразылау

нәтижесі   алғашқы   өлшеме   салмағына   тең   немесе   төмен

келтірілген (3 кесте) ауытқу мөшерінен аспауы керек.

       Егер іс жүзіндегі ауытқулар келтірілген шектеп аспаған

жағдайда,   олардың   салмағы   таза   тұқымдар   салмағына

қосылады.   Ауытқу   көрсетілген   шектен   асып   кетсе,   онда

орташа үлгіден жаңа өлшеме алынып, оның талдауы 

қайталанады.

           Таза тұқымдардың   және  қалдықтар  мен  қоспалардың

абсолюттік   салмағынан   басқа   олардың   проценттік

мағыналары   да   есептелінеді.   Есептеу   дәлдігі   0,1%   дейін,

өлшеме салмағы 100%  тең деп алынады.

         Таза тұқымдар бұдан кеінгі тұқым сапасын анықтайтын

зертханалық жұмыстарға қажет.



3 – кесте.Тұқым тазалығын таразылаудағы ауытқу шегі

(г)

    Өлшеме салмағы,г                           Ауытқу шегі, г  

       5 г дейін                                           0,02 г дейін

     10 г дейін                                            0,05 г дейін

    50 г дейін                                             0,10 г дейін

  150 г дейін                                             0,5  г дейін

  300 г дейін                                             1,0 г дейін

1000 г дейін                                             5,0 г дейін

1000 г жоғары                                         10,0 г дейін

                                Жұмыстың орындау тәртібі



1.Студенттер   орташа   тұқым   үлгілерін   алғаннан   кейін,

оларды   алдымен   тұқым-   бақылау   станциясының   кітабына

тіркейді, сосын талдау қағазының бірінші бетін толтырады.


2.   Орташа   үлгінің   тұқымдары   аныктап   қаралынады,   керек

болған жағдайда оның ірі қоспалары бөлек алынады.

3. Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірін қолданып қажетті

салмақтағы өлшеме бөліп алу.

4.   Өлшемеден   таза   тұқымдарды,   тұқым   қалдықтарын   және

фракциялары бойынша бөліп, таразылап өлшеу.Жасалынған

талдаудың   дұрыстығын   тексеру.   Талдау   нәтижелерін

карточкаға жазу.

5.   Бөлініп   алынған   таза   тұқымдар   бөлек   бір   пакетке

салынады,   оған,   тұқым   үлгісінің   нөмірі   жазылады.   Тұқым

қалдықтары   мен   қосындылар   жалпы   қоқыс   ыдысына

тасталынады.

                                    Құралдар мен материалдар:   

1. Таразы

2. Қалақша (шпатель) немесе ланцет

3. Сұрыптау тақтасы

4. Талдау карточкасы

5. Орташа тұқым үлгісі

6. Зертханалық күрекше (совок)

7. Қоқыс салатын ыдыс.

N4 – 5 зертханалық жұмыстар

ТҰҚЫМ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ МЕН 1000 ДӘННІҢ САЛМАҒЫН

АНЫҚТАУ

1.

1000 дәннің салмағын анықтау.

       Ұсақ дәнді тұқымдарға қарағанда ірі дәнді тұқымдарда

қоректік   заттар   көбірек   болады,   сондықтан   тұқымдардың

1000 данасының салмағы шаруашылықта ең қажетті тұқым

сапасының бірі болып табылады. Ірі дәнді тұқымдардың өсіп-

дамуы   зор   болады.   1000   дәннің   салмағы   тұқымның

географиялық   шыққан   жеріне   байланысты,   ал   іс   жүзінде

көшеттіктерде   тұқым   сепкенде   себу   мөлшерінің   есебінде

ескеріледі.Сондай ақ бір тұқым түрінің 1000 дәнәнәң салмағы

климаттық   жағдайларға,   топырақ   құнарлығына,орманның

жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп тұрады.

       1000 дәннің салмағы тұқымдардың ылғалдылығымен өте

тығыз   байланысты   болады.   Тұқым   ылғалдылығы   неғұрлым

жоғары болса, оның салмағы да жоғары болады. Сондықтан

тұқым   партиясын   тек   қана   1000   данасының   салмағымен

бағалауға   болмайды.Ол   үшін   міндетті   түрде   тұқым


ылғалдылығы ескерілуі қажет.Ыңғайлы болу үшін 1000 дана

тұқымның   салмағын   олардағы   құрғақ   зат   қатынасы

есптеледі. Бұл салмақты абсолюттік салмақ деп атаймыз, оны

мына формуламен есептейміз:




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал