Жұмабек кенжалин қалам қанаты



жүктеу 2.6 Kb.

бет5/22
Дата31.01.2017
өлшемі2.6 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ АЙНАСЫ
Алаш жұртына арнаған Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев  
былай деді: «Қазақ Елінің Ұлттық идеясы – Мəңгілік Ел!» 
Олай  болса,  Мəңгілік  Елдің  бүкіл  рухани  əлемі:  əдебиеті 
мен  мəдениеті,  тарихы  мен  сол  тарихты  зерттеп-зерде-
леп ұрпақтан ұрпаққа табыстап жатқан ғылымы мен ілімі 
де  мəңгілік.  Ал  осының  бəрін  жалпақ  əлемге  жария  етіп, 
үлкенді-кішілі  дуалы  ауыздың  мəртебелі  мінберіне  айна-
лып отырған – баспасөз. Енді мəселеге нақтырақ келейік.  
Ұлт  тарихының  соқтықпалы-соқпақты  ұлы  жолы 
қоғамдық  дамуымыздың  қай-қай  кезеңінде  де  үнемі 
көзі  ашық,  көкірегі  ояу  азаматтар  назарында  болған. 
Алаш  өркениетіне  өзіндік  үлес  қосуға  ұмтылған  
тарихшыларымыздың  əр  ұрпақ  өкілі  өзінше  байлам  жа-

70
сады.  Олар  Ата  Тарихтың  толғаулы  кезеңдері  туралы  ой 
топшылап,  əлеуметпен  пікір  бөлісті.  Сол  пікірлердің  дені 
мерзімді  баспасөз  беттерінде  жарияланып,  қалың  қауым 
кəдесіне асқаны тағы шындық. Демек, қазақ баспасөзі ұлт 
тарихының  шежірешісі,  Алаш  тарихының  айнасы  болды 
десек те артық айтпағандық деп білеміз.
Осы  тұрғыдан  келгенде  өткен  ғасырдың  алғашқы  жи-
ырма  жылында  ұлт  санасын  оятуға  қажымай,  талмай 
күрескен «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа», «Алаш», «Серке», 
«Қазақстан»  сынды  басылымдардың  тарихи  рөлін  атап 
айтпасқа болмайды. Мəселен, «Қазақ» газеті өзі тұсау кесіп, 
алғаш шыға бастаған нөмірлерінде-ақ «Қазақтың тарихы» 
деген тақырыппен екі рет мақала жариялап, оқырманмен ой 
бөлісті. «Келешек  күннің  қандай  болашағын  білуге  тарих 
анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің 
тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не 
істеп  не  қойғандығын  білмейді,  келешекте  басына  қандай 
күн  туатынына  көзі  жетпейді.  Бір  халық  өзінің  тарихын 
білмесе,  бір  ел  өзінің  тарихын  жоғалтса,  оның  артынша 
өзі  де  жоғалуға  ыңғайлы  боп  тұрады»  деп  жазады  Түрік 
баласы  дейтін  автор («Қазақ». «Қазақ  энциклопедиясы» 
Бас редакциясы. А., 1998ж. 15-16 бб).  Осы автор келесі бір 
мақаласында: «Бөтен  жұрттар  қатарында  алабөтен  біздің 
қазақ  халқының  асылы  тексеріліп,  тарихы  жазылған  жоқ. 
Бүгін  Азия  картасының  төрттен  біріне  ие  болып  отырған 
қанша  миллион  қазақтың  тарихы  көмескі  қалыпта  қалып 
тұрған  жайы  бар»  деп  елінің  ертеңіне  елеңдеп,  сол  бір 
кезеңнің ащы ақиқатын тағы жазады. 
Осынау  олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатында 
«Қазақ»  өзінің  əр  нөмірінде    А.Байтұрсыновтың, 
М.Дулатовтың, Ə.Бөкейхановтың ұлт тарихына-тағдырына 
қатысты сүйекті мақалаларын жариялай бастайды. Мəселен, 
М.Дулатов «Тарихи жыл» деген мақаласында Қазақ елінің 
əргі-бергі  тарихынан  деректер  беріп,  қазақ  пен  қалмақ 

71
арасындағы жаугершілік кезеңінен «Ақтабан шұбырынды» 
туралы,  Қазақстанның  Россияға  бағынуы, 1868 жылғы 
«Уақытша Ереже», 1916 жылғы Қазақстандағы Ұлт-азаттық 
көтерілістің  басталуы  туралы  тарихи  құнды  деректер  жа-
риялайды.  Ə.Бөкейхановтың  «Қазақта»  жарияланған 200-
ге жуық мақалаларының ішінде төл тарихымызға қатысты 
дүниелердің орны ерекше. Атап айтқанда, оның Том губер-
ниясында, Алтай округінде тұратын қазақтардың тарихы-
нан мол деректер жазып қалдыруы, Семей, Ақмола, Торғай, 
Каспий сырты, Сырдария, Жетісу, Ферғана, Самарқанд об-
лыстарында  тұратын  халықтардың  тарихы,  салт-дəстүр, 
шаруашылығы  туралы  жазған  ой-толғамдары  кейінгі 
зерттеушілер үшін мол мұра болып қалғаны анық. 
Ел  зиялыларының  осындай  сүбелі  туындыларын 
«Айқап»  журналының  да  беттерінен  кездестіруге  болады. 
Мəселен,  М.С.  деп  қол  қойған  автор  журналға  хат  жазған 
Е.Дүйсенбайұлының  пікіріне  сүйене  отырып  «Аталардың 
үлгі боларлық ісі болса, қолға ұстап, залалды істер болса, 
ол істі енді істемей тастау үшін» деп өз ойын сабақтайды 
(«Айқап». «Қазақ  энциклопедиясы»  Бас  редакциясы.  А., 
1995ж. 128 бет).  Осындай  ойдан  ой  туындатқан  басы-
лым  қазақ  тарихына  қатысты  мақалаларды    жиі  жария-
лауды  мықтап  қолға  алған.  Мəселен, «Қазақ  қай  заманда 
Россияға қосылған», «Қазақ шежіресі», «Абылай» деп ата-
латын мақалаларда ұлт тарихына байланысты ой түйерлік 
пікірлер берілген.
  Жиырмасыншы  ғасырдың 20-30 жылдарында,  сондай-
ақ 40-50 жылдарында  Қазақстан  тарихына  байланысты  ел 
құлағын  елеңдеткен  жиындар  өтіп,  жекелеген  тұлғалар 
тағдырына  қатысты  мəселелер  қаралған.  Ал  олардың  бəрі-
дағы кезінде баспасөз беттерінде жарияланып, мерзімді басы-
лымдар қоғамдық ой тоғысының  мінберіне айналғаны мəлім. 
Мəселен,  мемлекет  жəне  қоғам  қайраткері  Тұрар 
Рысқұловтың 
«Красный 
Казахстан» 
журналында 

72
жарияланған  мақаласы (1926 жыл,  №1)  1916 жылғы  ұлт-
азаттық көтерілісінің  ел тарихында алатын орнына арнал-
са,  осы  материал  жекелеген  азаматтар  тарапынан  қилы-
қилы  пікірлер  туғызған. «Коммунистическая  мысль» 
журналының  бас  редакторы  И.Меницкий,  Түркістан 
аймағының партия қызметкерлері Е.Федоров, П.Галзуо,  т.б. 
мақалаға орай өзіндік пікірін жазған. 
Баспасөз  беттеріндегі  пікірталастарды  зерттей  оты-
рып Т.Рысқұлов Қазақстан тарихында 1916 жыл тақырыбы 
əлі  жете  зерделенуі  керектігіне  назар  аударған  (Рыску-
лов Т.Р. «Избранные труды» А., Казахстан 1984., с  37). Ал 
«Түркістан  революциясының  тарихы»  деген  мақаласында 
ақиқаттың өңін теріс айналдырып, қалың оқырман қауымды 
əрі-сəріге салып қоятын «тарихшылар» туралы ойын ортаға 
салады.  Ол  Н.Борисов  дегеннің  «Түркістандағы  Октябрь» 
атты  мақаласындағы  өрескелдіктерді  батыл  сынға  алады. 
Т.Рысқұлов  автордың  жағдайдың  мəн-жайына  қанықпай, 
үстірт  байлам  жасайтынына  қынжылады.  Оның  үстіне 
Н.Борисовтың  бұл  мақаласындағы  жайттар  Сафаровтың 
«Колониялды  революция»  деп  аталатын  кітапшасынан 
айна қатесіз көшірілгендігін дəлелдеп жазады.
Сөйтіп, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қазақ 
зиялылары ел тарихына аса жауапкершілікпен қарау керек 
екендігіне  айырықша  назар  аударған. 40-жылдары    қазақ 
тарихын зерделеуге қатысты мəселелер талантты тарихшы 
Ермұхан Бекмахановтың есімімен тікелей байланысты бол-
ды. 1938 жылы  Қазақ  КСР  Халық  ағарту  коммиссариаты 
орта  мектеп  оқушылары  үшін  Қазақ  КСР  тарихын  басты-
рып шығаруды жоспарлайды. Бұл шешім шыққанымен үш 
жыл бойына осы оқулықтың бірде-бір парағы жазылмаған. 
Себеп:  оны  жазып,  баспаға  өткізетін  бірде-бір  маман 
болмаған.  Өйткені  қазақ  зиялыларының  ішінен  осы 
мəселемен айналысады-ау дейтін тұлғалардың бəрі дерлік 
1937-1938  жылдардағы  зұлмат  кезінде  Сібірге  айдалған, 

73
түрмеге отырғызылған (Сəрсеке М. «Бекмаханов» М., Мо-
лодая гвардия., 2010  с.89).
Ал  бірақ қалайда «Қазақ КСР тарихы» жазылуы керек.     
Осынау  бір  жағынан  абыройлы,  сонымен  қатар  жауап-
кершілігі  зор  жұмыста  Н.М.Дружинин,  А.М.Панкратова 
секілді  орыс  ғалымдарымен  қоса  талантты  жас    тарихшы 
Е.Бекмаханов та білек сыбана кірісті. Кітаптың XIV тарауы 
«Кенесары  Қасымовтың  қолбасшылығымен  қазақтардың 
азаттық  жолындағы  күресі (1837-1847 жж)»  деп  аталды 
да  оны  Е.Бекмаханов  жазды.  Кейін  бұл  тарау  кеңейтіліп, 
ғылыми  диссертациялық  жұмысқа  айналды. 1947 жылы 
тарихшы  Е.Бекмахановтың  «Қазақстан XIX ғасырдың 
20-40  жылдарында»  атты  кітабы  орыс  тілінде  жариялан-
ды.  Кітап  баспадан  шығысымен-ақ  тырнақ  астынан  кір 
іздегендер  Мəскеуге  ВКП  (б)  Орталық  Комитетінің  Наси-
хат басқарамасына, Қазақстан КП (б) Орталық Комитетіне, 
«Правда»  газетіне, «Большевик»  журналына  арыз-
шағымды  қардай  бората  бастады.  Сөйтіп,  зиялы  қауым 
арасында теке-тірес басталып, тарихшылар жүз шайысуға 
дейін барған қып-қызыл дау өршіді.
Бұл даудың бір қанатында қазақ тарихнамасының шын 
мəніндегі  жоқшылары  болса,  ал  екінші  қанатында  жеке 
шамшылдық  мүдделерінің  жетегінде  кеткен  кеңестік 
əсіресаясаттың  қоламтасын  көсеушілер  бой  көрсетті.  Біз 
жоғарыдағы  деректерді  не  үшін  оқырман  қаперіне  салып 
отырмыз? Басы ашық бір ақиқат бар: ол – тарих, тарихнама 
мəселелерімен айналысу өте абыройлы да  беделді іс, соны-
мен қатар оның жауапкершілігі де жоғары.
Осы  тұрғыдан  келгенде 2013 жылғы  бесінші  маусым 
күні Астана қаласында өткен зиялы қауым өкілдерінің бас 
қосуы көптен көкейде жүрген мəселелердің шешім табуы-
на түрткі болды. Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің «Қазақстан 
– 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты»  атты  еңбегінде  «Тағылымы  мол  тарихымызбен, 

74
ұлы  бабалардың  ұлағатты  өмірінен  алар  тəлімімізбен  біз 
алдағы асулардан алқынбай асамыз» деп атап көрсетті. 
Осы бағытта атқарылатын сан қырлы жұмыс Қазақстан 
Республикасының  Ұлттық  тарихын  зерделеу  жөніндегі 
ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысын-
да тарқатыла баяндалды. Бұл алқалы жиында еліміздің  та-
рих ғылымының алдында үлкен сынақ тұрғанына баса на-
зар аудару еді. Сонымен қатар ол сынақ рухани-əлеуметтік 
саладағы атқарылатын жұмыстардың өлшемі болатындығы 
атап  көрсетілді.  Елбасы  Н.Ə.Назарбаевтың  «Тарих 
толқынында – халық» деген атпен жарияланған еңбегі ая-
сында тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасау 
керек екендігіне назар аударылды. 
«Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты  ретінде, – делінді 
жиында, Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарда 
əдіснама  мен  əдістеме  арқауында  сапалық  секіруді  жүзеге 
асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының 
көкжиегін  кеңейту;  ұлттың  жаңа  тарихи  дүниетанымын 
қалыптастыруды;  Қазақстанның    20  жылының  мəнін  пай-
ымдауын  айтуға  болады». (Тарих  толқынында – халық. 
«Егемен Қазақстан» 6-маусым, 2013 жыл).
Осы  міндеттер  ауқымында  республикалық  БАҚ  тара-
пынан  атқарылатын  жұмыстар  легі  де  менмұндалағаны  
сөзсіз,  республикамызда  шығатын  мерзімді  басылымдар 
ел  руханиятындағы  осы  бір  оқиғаға  айрышқа  назар  ауда-
рып, мəселенің мəнісін жете түсіндіре байыптау бағытында 
білек сыбана кірісіп кетті. Осы ыңғайда аға газет «Егемен 
Қазақстан»  өзге  əріптестеріне  жөн-жосық  көрсетіп  келеді. 
Газеттегі  академик  М-А.Асылбековтің  «Отан  тарихы  ту-
ралы  ой»,  С.Дүйсен  «Ортақ  ұстанымнан  ұтылмаймыз» 
(«Егемен  Қазақстан» 18-маусым, 2013ж.)  деп  аталатын 
мақалаларында  бүгінгі  таңда  тарих  ғылымы  алдында 
тұрған  өзекті  мəселелер  ортаға  салынған.  Академик  М-А.
Асылбеков  «газет  оқырмандары  енді  не  істеуі  керек?»  де-

75
ген сауал тастай отырып, өзіндік ұсыныстарын ортаға сала-
ды. Автор  республика көлемінде тарихқа көзқарас жаңаша 
сипат  алған  кезеңде  С.Аманжолов  атындағы  Шығыс 
Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан тарихы 
кафедрасының  жабылып  жатқанына  наразылық  білдіріп, 
аға  газет  арқылы  мəселе  көтерді.  Сондай-ақ  оның  тарих 
ғылымы  мамандарын  даярлаудың  өзекжарды  мəселелерін 
күн тəртібіне қоюы көкейге қонады. 
Ал С.Дүйсеннің Отан тарихының əр дəуірін зерттейтін 
ғалымдардың  кəсіби біліктілігіне қарай сапалық құрамын 
айқындау керек  дейтін пікірі де орнықты. Ғалымның тарих 
оқулықтарына қатысты ойлары да назар аударарлық.
Өткен 2013 жылы 
республикамыздың 
ақпарат 
құралдары  төл  тарихымызды  түгендеу,  саралау,  оның 
өзекжарды  мəселелерін  ортаға  салу  ыңғайында  қыруар 
жұмыс  атқарды  деп  есептеуге  болады.  Тіпті  осы  мəселеге 
Ресей  ғалымдары  да    үлес  қосуға  дайын  екендіктерін 
білдірген  деректер  бар.  Мəселен,  Мəскеу  мемлекеттік 
университеті  тарих  факультетінің  деканы,  ақпараттық-
сараптамалық  орталықтың  директоры  А.Власов  өзінің 
сұхбатында: «Қазақстан мен Ресей тарихшылары арасында 
интеграциялық  байланыс  орнықса  екі  елді  алшақтататын 
емес,  қайта  олардың  арасын  жақындататын  деректерді 
ортақ олжаға айналдыруға болар еді» дейді («Ресей тарих-
шылары бірлесіп жұмыс істеуге дайын» // «Айқын» газеті 
20-тамыз, 2013ж.).  Бұдан  əрі  ол  тарихты  қайта  зерделеу 
үрдісінде ежелден бір-біріне достық қолын созған қазақтар 
мен  орыстардың  ғаламдық  өркениеттегі    жолына  шы-
найы көзқараспен баға беріп, тағылымдық тұстарын ортақ 
игілікке  айналдырудың  тəсілін  қарастыру  керек  деген  ой 
өрбітеді. 
Сонымен  қатар  А.Власов  тағы  бір  мəселені  ортаға  са-
лады: «Қазір  ТМД  кеңістігіндегі  елдердің  бірсыпырасы 
ұлттық  тарихын  қайта  зерделеуге  көшті.  ТМД  елдері    та-

76
рихы  соғыс  өрті  жүріп  өткен  елді  мекендердің  сыртқы 
көрінісін еске түсіреді. Себебі  тарих ерінбегеннің ермегіне 
айналып  кетті.  Саясаттанушылар  да  тарихшы,  журналист 
те  тарихшы,  тіпті  əдебиетші  де  тарихшыға  айналды.  Бұл 
қоғамды  адастырады.  Ғылыми  тарих  тек  ақиқатқа  ғана 
сүйенуі тиіс. Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей тарихшылары 
ортақ проблемаларымен бетпе-бет келіп отыр» дейді ол.
Бұл – ойлануға  тұрарлық  пікір.  Осы  тұста  мына 
бір  мəселені  де  ойға  алмасқа  болмайды.  Еліміздің 
егемендігінің  алғашқы  жылдарынан-ақ  өзіміздің  төл  та-
рихымызды  түгендеу  үдерісі  жаппай  қолға  алынғаны  рас. 
Соның  нəтижесінде  тарихтың  қойнауында  қалып  кеткен, 
тіпті қасақана ұмыттырылған есімдер  тарихи жағдаяттар 
мен  оқиғалар  жəне  оған  қатысты  тұлғалардың  аттары 
жалғанның  жарығына  шықты.  Олардың  атын,  ерлігін 
ұлықтау,  есімін  əспеттеу  мақсатында  қыруар  жұмыс 
атқарылды. Бұл ауқымды шаралар ел көлемінде жүргізілді, 
оған  бойында  ұлттық  рухтың  иненің  жасуындай  болса  да 
ұшқыны бар азаматтар үлес қосты. Соның арқасында сұрқия 
саясаттың  салдарынан  тарих  беттерінен  қасақана  сызы-
лып тасталған кісілердің есімі ұрпағымен қайта қауышты. 
Ал  осы  халықтық  шаруаның  көбі,  əрине,  журналистердің, 
əдебиетшілердің,  саясаттанушылардың  қажымай-талмай 
жүргізген ізденісінің арқасында болып отыр. Есесіне кəсіби 
тарихшылар,  деректанушылар,  əлеуметтанушылар,  міне, 
осынау қыруар қазынаны қайта ой қазанына салып қорытуға 
ғылыми негізденуге  міндетті еді. Сонда мəселенің сорпа-
сы қайсысы, көбігі қайсысы деген сауалға жауап өзінен-өзі 
шыға келеді.
Ойымызды түйіндей келе, айтарымыз əңгімені мəселенің 
мəніне бойламай тұрып біржақты бұра тартуға болмайды. 
Осы мəселені өрбіткен «Ана тілі» газетінде тəп-тəуір мақала 
жарияланды. Мақала авторы Зəбира Мырзатаева «Айтылған 
тарих» деп аталатын мақаласында Абай атындағы ҚазҰПУ-

77
дағы  «Айтылған  тарих»  ғылыми-зерттеу  орталығында 
атқарылып жатқан мəселелер төңірегінде сүйсіне баяндай-
ды.  ҚР  Ұлттық  Ғылым  Академиясының  корреспондент-
мүшесі,  профессор  М.Қойгелдиев  осы  орталыққа 
жетекшілік ете отырып, өз магистранттарымен, доктарант-
тарымен  тарих  айту  дəстүрін  жаңғыртып,  Отандық  тарих 
ғылымын  дамытудың  қазіргі  уақыт  талабына  сай  зерттеу 
ісін қолға алғаны айтылады. Осындай бір сүйсінерлік дерек  
Ш.Уəлиханов  атындағы  Тарих  жəне  этнология  институты 
директорының  орынбасары,  тарих  ғылымдарының  док-
торы  Светлана  Смағұлованың  сұхбатында  көрініс  тапқан 
(«Мəңгілік Елге айналу үшін тарихымызды түзеу керек», // 
«Айқын» газеті, 29-қаңтар, 2014ж.).  Ол Шығыс Қазақстан 
облысы, Тарбағатай ауданына барған экспедициялық сапа-
ры кезінде осы өңірде 1900 жылы туған қазір 114 жастағы 
Нұрқия  Зейнəділқызымен  кездескенін,  одан  естіген 
əңгімесін  таспаға  түсіріп,  кейін  мұрағаттық  жазбалармен 
салыстырғанда деректер бірімен бірі дəлме-дəл келетіндігін 
сүйсіне айтады. Міне, «Айтылған тарихтың» қажеттілігі. 
Ұлттық  тарихымыздың  қатпар-қатпар  мəселелерін 
жалғанның  жарығына  шығару  бағытындағы    үрдіске 
«Қазақ  газеттері»  ЖШС-на  қарасты  бірқатар  басылым-
дар  білек  сыбана  кірісіп,  қыруар  жұмыс  атқарды  деуге 
болады.  Мəселен, «Ана  тілі»  газетіндегі  республикалық 
Мемлекет  тарихы  институтының  директоры,  тарих 
ғылымдарының  докторы  Бүркіт  Аяғанның  «Ұлы  даланың 
иесі  де,  киесі  де  көшпенділер»  деп  аталатын  мақаласында 
ғылыми  айналымға  түсуге  тиіс  бірқатар  мəселелерге  на-
зар  аударылған.  Онда  біздің  арғы  ата-бабаларымыз  Қиыр 
Шығыстан  Батыс  Еуропаға  дейінгі,  Сібірден  Үндістанға 
дейінгі  алып  жатқан  мемлекеттердің  дамуында 2000 жыл 
бойы  елеулі  рөл  атқарғандығы  жөніде  нақты  деректер 
негізінде  баяндалады.  Осындай  оқырман  олжасы  болатын 
мақалалардың қатарына ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының 

78
корреспондент-мүшесі,  профессор  Бақтияр  Смановтың 
«Жырмен  жазылған  тарих»  атты  дүниесін  атап  өтуге  бо-
лады.  Мұнда  айтулы  ақын  Қалыбай  Мəмбетұлының  ака-
демик Н.Василовский жарыққа шығарған дастаны туралы 
кеңінен баяндалады. 
Осындай  қалың  оқырманның  рухани  қажетін  өтейтін 
мақалалар  «Ақиқат», «Мысль», «Үркер»  журналдарында 
жəне «Экономика», «Уйғур авази» газеттерінде де жариялан-
ды. Мəселен, «Ақиқат» журналының оқырман қауымынан 
лайықты  бағасын  алып  келе  жатқан  «Келелі  кеңес»  деп 
аталатын  айдары  бойынша  жарияланған  мақалалардан 
көкейге қонымды көптеген мəселелер ортаға түсетіні  рас. 
Журналдың 2013 жылғы №8 санында  «СССР-дің күйреуі. 
қазаққа ұлт ретінде тигізген пайдасы мен зияны» деп ата-
латын дөңгелек үстел басындағы сұхбат оқырман қауым та-
рапынан лайықты бағасын алды.  Жұрт назарын аудартқан 
жарияланымдар  қатарынан  О.Қауғабайдың  «Ақтаудың 
Шевченко  аталу  тарихы» («Экономика»  газеті 27-маусым, 
2013ж.),  М.Ұйықбаеваның  «Ұлттық  мəдениет  жəне  тарих» 
(«Мысль» журналы №8,  2013ж.), Б.Қойшыбаевтың «Ұлттық 
мемлекетті  тəрбиелейтін  тарих  қажет» («Үркер»  журналы 
№9 2013ж.), А.Камаловтың «Тарихсыз болашақ болмайды» 
(Уйғур авази» газеті 2013ж.) деп аталатын материалдарын 
атап өтуге болады. 
Тарихты  зерттеу – мұражайлар  мен  мұрағаттарда, 
кітапханаларда тапжылмай отырып атқарылатын шаруа деп 
түсінсек,  бұл  мəселеге  бір  ғана  қырынан  келгендік  болар 
еді. Ұлт тарихының алтын көмбесі ел-елден, жер-жерден та-
бан тоздырып іздегенде ғана кезігетінін тəжірибе көрсетіп 
отыр.
Осыдан біраз жыл бұрын «Ана тілі» газетінде «Елді сүю 
– мақтаныш» («Ана тілі» газеті, 6-12 ақпан, 2014ж.) деп ата-
латын  мақала  жарық  көрді.  Онда  журналист  А.Исламбек 
əл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 

79
жанынан  құрылған  «Қазақ  елі»  студенттік  ғылыми-
экспедицияның  атқарған  жұмысын  жазады.  Осы  экспеди-
ция  мүшелері  Маңғыстау,  Қызылорда,  Семей  өңірлеріне 
сапарға шығып, жас ғалымдар елді мекендердегі халықтың 
тұрмыс-тіршілігімен,  салт-дəстүрімен,  тарихымен  таны-
сып, анкеталық сауалнамалар, фокус-топтар  ұйымдастыру 
арқылы  «Қазақстан  халқының  тарихи  семиотикалық 
құндылықтар саласын» жасауға үлес қосқан. 
Осы  ыңғайда  аталған  газеттегі  «Матенадаран  жəне 
қыпшақ  тіліндегі  қолжазба»  деп  аталатын  мақаланы  да 
журналист  ізденісінің  табысы  деп  айтар  едім.  Мақала  ав-
торы республикамызға белгілі қаламгер С.Ибраим  Армян 
қолжазбаларының көмбесі аталған Матенадарандағы армян 
қарпімен  қыпшақ  тілінде  жазылған  біздің  ұлы  мұрамыз 
туралы  молынан  толғап,  тиянақты  жұмыс  бітіріп  оралған  
(«Ана тілі» газеті, 21-27 қараша, 2013ж.).
Мақаланың құндылығы армяндар тарапынан атқарылап 
жатқан  қыруар  жұмысқа  қазақ  ғалымдарының  қимылы 
үндес болуы керек деген мəселені күн тəртібіне қоюында.
Тарих  бір  күнде  жазылып,  құрышталып  қолға  ұстата 
салатын  дүние  емес.  Сондықтан  оның  сан  қырлы,  сан  са-
лалы  шаруасына  шаршамай,  шалдықпай  шыдамдылық 
көрсеткендер ғана мұратты іске  жетеді. Осынау мəртебелі 
жұмыстың бір тұтқасын қазақ баспасөзі абыроймен көтеріп 
келе жатқаны қуантады.
2014 ж.
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ: ДƏСТҮР 
САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ДƏНЕКЕРІ
Сəкен Сейфуллин өткен ғасырдың жиырмасыншы жыл-
дары,  дəлірек  айтсақ, 1922-1925 жылдар  арасында  Қазақ 
АКСР-і  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  Төрағасы  болды.  
Онда  ел  астанасы  Орынбор  еді.  Осы  тұста  оның  қолымен 

80
мемлекет тағдырына қатысты қыруар құжаттардың тұсауы 
кесіліп, жүзеге асып жатты.
 Сол кездері өзінің болмысына біртабан жақын баспасөз, 
руханият, мəдениет, əдебиет мəселелеріне де ол айрықша на-
зар аударып отырды. Мəселен, республика Халкомкеңесінің  
1923 жылы 22-тамызда өткен төралқа мəжілісінде «Қызыл 
Қазақстан»  жəне  «Советская  Киргизия»  журналдарының 
баспаханалық  шығындары  үшін  қыруар  қаржы  бөлдіріп, 
оны  Қаржы  министрлігінің  мүлтіксіз  жүзеге  асыруын  та-
лап еткен. 
Төралқаның 1924 жылы 2-қазанда  болған  мəжілісінде 
1924-1925  жылдардағы  республика  бойынша  радио  ха-
барларын    таратуға  бөлінген  қаржыны  олқысынып,  оған 
қосымша  қазынадан  алтынмен  шаққандағы    9020  сом 45 
тиын бөлдірген.  
1926  жылы  Қазақ  Өлкелік  Комитетінің  баспасөз 
бөлімінің меңгерушісі əрі «Еңбекші қазақ» газетінің редак-
торы болып тұрған кезінде Тұрар Рысқұлов Қызылордадағы 
баспасөз  күніне  арналған  салтанатты  мəжілісте  баяндама 
жасады. Жиылыс қаладағы іскерлік клубында өткен еді. Ба-
яндама  кейін  «Советская  степь»  газетінің 17-мамыр  күнгі 
нөмірінде жарияланды. 
Баяндамада 
Қазақстанның 
мəдени-экономикалық 
тұралауының  басты  себебі  патшалық  Ресейдің    ұлт 
аймақтарын бұғаулап ұстауынан, езіп, жаншуынан деп атап 
көрсетілді. Бұдан соң ол артта қалған халық шаруашылығын 
қалай  өркендетеміз  деген  сауалға  жауап  іздеді.  Өлкені 
өркенді іске бастаушының бірі – баспасөз деп білді. 
Ол Қазақстан баспасөзінің дəл сол кезеңіндегі тұрпатына 
талдау  жасап,  оны  ұлт  руханиятын  дамытудың  қайнар 
көзі  деп  есептеді.  Мұнан  соң  Рысқұлов  соқырға  таяқ 
ұстатқандай етіп, атқамінерлердің алдына нақты міндеттер 
қойды.  Газеттердің  таралымы,  оның  тілі,  ұлт  мəселесін 
жазудағы міндеттер, қазақ зиялыларының ауытқушылығы, 

81
газет сапасы, салалық басылымдардың жай-күйі, т.б. секілді 
жоталы  тақырыптар  бір  қарағанда  күнделікті  күйбеңнің 
көзқарасында  айтыла  беретін  əңгіме  сияқты  көрінгенімен 
сол кезеңнің ең өзекті мəселесі деп бағаланды. 
Т.Рысқұловтың  осынау  бағдарламалық  мақаласы 
қазақ  баспасөзін  дамытуға  соны  серпін  бергені  сөзсіз  еді. 
Ашығын айтайық, қоғам, мемлекет  қайраткерінің сөзіндегі 
біз санамалап отырған  ой-орамдары əлі күнге дейін өзінің 
актуальдылығын  жоя  қоймағандығына  көз  жеткізу  қиын 
емес. 
Біз  бұл  мысалдардан  халқымыздың  қос  перзентінің 
мемлекеттік  қызметте  жүріп,  қазақ  баспасөзіне,  ұлт 
руханиятының  алтын  діңгегі  болып  саналатын  газет-
журнал  ісіне  қаншалықты  назар  аударып,  жанашырлық 
танытқанын  байқаймыз. Сəкен мен Тұрар дəстүрі одан соң 
жалғасын таппады десек, күпірлік болар. Темірбек Жүргенов 
пен Ілияс Омаровтың, бертін Өзбекəлі Жəнібековтың сан-
сапырлыс мемлекеттік  қызмет ортасында жүріп,  баспасөз 
шаруасына келгенде өзге дүниенің бəрін жиыстырып қойып, 
журналистер жағдайымен білек сыбана айналысқаны ойлы 
оқырман жадында. 
Дегенмен,  қазақ  баспасөзі  тарихында  оның  тағдыры 
қақпақылға түскен шағы да аз болған жоқ. Кеңестік моно-
идеология  тұсында  қазақ  басылымдары  орыс  газеттерінің 
аудармасы деңгейінде шықса да жарап жатыр деген пиғыл 
болған.  Жұмабек  Тəшенов  секілді  біртуар  азаматтар  ба-
сын бəйгеге тіге отырып, осы жойқын шабуылға тойтарыс 
бергені де ақиқат. 
Қысқасы,  жоғарыда  біз  есімдерін  ауызға  алған 
тұлғалардың    табандылығы,  осы    тұрпаттас  əріптес  аға 
ұрпақ  өкілдерінің  қазақ  журналистикасын  дамытудағы 
еңбегі əрдайым  əспеттеуге, ардақтауға лайық!
Осы  дəстүрдің  Қазақ  Елінің  жаңа  дəуірі  басталған 
шақта  да  жалғасын  тауып  келе  жатқаны  рас.  Демек,  
ағалар  дəстүріне  адалдық – қазақ  баспасөзінің  бүгінгі 

82
қайраткерлерінің    бойтұмарындай  болғандай  қасиет  деп 
білеміз. Əрине, ізденіс үрдесінде тақтайдай жолдың болма-
сы тағы бар. Бір сүрінесің, еңсеңді көтеріп қайта ұмтыласың. 
О да табиғи заңдылық.
Ұлт  руханиятына  қызмет  етуге  келгенде  тарихи 
кезеңдердің  тағдырлы  шешімдеріне  төрелік  айтар  тұста, 
бүгінгімізді  байыптап,  ертеңімізді  електен  өткізер  сəтте 
қазақ  журналистикасы  лайым  биіктен  көрінді.  Қысқасы, 
ұлт намысына қатысты қай-қай  мəселеде де қазақ баспасөзі 
бұғып  қалған  жағдайы  жоқ.  Осы  өлшеммен  қарағанда, 
ұлттық  ақпарат  құралдарына  ешкімнің  өкпе-назы  бол-
мас  деп  ойлаймыз.  Əсіресе,  ол  қоғамдық  санаға  сілкініс 
əкелген демократиялық дүмпу кезеңдерінде, жариялылық 
мінбері сартап идеологияның пердесін сыпырған жылда-
рында    шын  мəнінде  қалың  бұқараның  үнжариясына  ай-
налды. 
Ал  тұтастай  алғанда,  Қазақстан  өзінің  Тəуелсіздігін 
жариялағаннан бергі жиырма жылдан аса уақыт ішінде де 
ел  ақпарат  құралдарының    тағдыр-талайына  байланысты 
сан  түрлі  шешімдер  қабылданып,  оның  өркендей  беруіне 
тиісті  жағдайлар  жасалды.  Рас,  санаға  сілкініс  əкелген 
демократиялық  дүмпу ұлт бұқаралық ақпарат құралдары 
саласына  да  өз  ықпалын  тигізді.  Меншік    формасының 
өзгеруі тəуелсіз басылымдардың тұсауын кесті. Нарықтық 
қатынастың  талабына  ілескендері  көшін  түзеді,  ал  енді 
біреулері бір, екі нөмірден соң жабылып жатты. Кейін бұл 
үйреншікті құбылысқа айналды. 
Ал  бірақ  осы  жылдары    қазақ  баспасөзі  өзінің  тарихи 
миссиясын толықтай атқара білді деп есептейміз.
Дүние – дүрмек.  Ол  бір  орында  шегенделіп  қалмайды.  
Олай болса, жеткен жетістігіміз осынау екен деп, болдым - 
толдыммен уақыт өткізу жараспас шаруа. Кешегі бүгінгіге  
өлшем бола алмасы тағы анық. 
Сондықтан      бүгінгі  талап  тұрғысында  не    істелмек,  

83
жеткен  жетістігімізге  тоқмейілсіп  отыра  береміз  бе,  əлде 
басқаша  қайран  қыламыз  ба  деген  сауал  əр  қаламгердің 
көкейінде  жүргені  анық.  Əңгіме  осы  тұрғыдан  өрбігенде 
үстіміздегі  жылы  ақпан  айында  билік  өкілдері  жəне 
республикалық 
бұқаралық 
ақпарат 
басшыларының 
қатысуымен  өткен  мəслихаттан  түйер  ой  көп  болды  деп 
айтуға болады. 
Күні бүгінге дейін республика ақпарат кеңестігінің жай-
жапсарына  қатысты  үлкенді-кішілі  жиындарда,  мерзімді 
басылымдар  беттерінде  əңгіме  өзегіне  айналып  отырған 
осынау мəжілісте республикамыздың Мемлекеттік хатшы-
сы  Марат Тəжин, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші 
орынбасары  Бауыржан    Байбек,  Мəдениет  жəне  ақпарат 
министрі  Мұхтар  Құл-Мұхаммед    қазақстандық  БАҚ 
саласындағы  толғаулы  мəселелер  туралы  ойларын  ортаға  
салған еді.  
  «Біз  мемлекеттік  БАҚ-тардың  бəсекеге  қабілеттілігін 
арттыру  мəселесін  əрқашанда  естен  шығармауымыз  ке-
рек, – деп  атап  көрсетті.  М.Тəжин. – Мемлекеттік  ме-
диа  дегеніміздің  өзін  нарықтық  индустрияның  құрылуы 
əрі  айырылмас  бөлшегі  деп  қарастырып,  оны  жүргізуде  
экономикалық  тиімділікті    басшылыққа  алуды  саналарға 
сіңіруді бастаған жөн».
Бұдан  туатын  қорытынды, «Қазақстан – 2050» Страте-
гиясын  басшылыққа  ала  отырып  жүргізілетін  жұмыста 
алашапқандыққа  жол  бермеу,  ұраншылдықтан  ада  болу, 
есесіне  қарапайым  оқырманның  жүрегіне  жол  табатын, 
оны  ойландырған  мəселеге  жауап  беретін  мақалалар 
ұйымдастыру қажет. БАҚ шын мəнінде миллиондардың сөз 
алатын мінбері, ой бөлісер сырласу клубы болуы тиіс. Əсіре 
белсенділік    стратегияның    мəні  мен  мағынасын  ашып 
көрсетудің  орнына  қарапайым  оқырманның  кері  реакция-
сын туғызуы мүмкін.
Осы  ыңғайдағы  пікірлер  қазіргі  заманғы  журналис-

84
тиканың  аяқ  алысы  төңірегіндегі    жиын  мəслихаттарда, 
тіпті  редакциялардың  өндірістік  лездемелерінде  айтыла 
бастағаны  қуанышты.  Себебі  өз  проблемамызды  өзіміз 
ортаға салып, оның шешімін бірлесе іздестіргеніміз дұрыс, 
əрине.
Осындай  бір  келелі  кеңес  «Аманат»  интеллектуалды 
пікірсайыс клубының кезекті отырысында өтіп, онда нақты 
мəселелер əңгіме өзегіне айналды.  Əмбебап журналисти-
кадан  бас  тартып,  салалық  журналистикаға  көшу  керек 
пе?  Қазақстанда  шетел  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
екпіні  неліктен  күн  сайын  күшейіп  барады?  Аймақтық 
журналистиканың қордаланған мəселелерін қалай шешеміз?   
Қарап  отырсақ,  осынау  сауалдар    тізбегінің  қай-қайсы  да 
оқырман қауымның санасына ой салар мəселелер. Бұдан ту-
атын қорытынды, БАҚ өкілдері өз жұмысына сыни көзбен 
қарап,  уақытпен  үндес  болудың  сантарап  жолын  өздері 
іздестіре бастағаны қуантады.
Əрине, шығармашылық шабытты оятатын да, қаламгерді 
тың  тақырыптар  мен  идеяларға  ұмтылуға  итермелейтін 
де  оның  əлеуметтік-қаржылық  мұқтажының  уақытылы 
шешіліп  отыруына  байланысты.  Осы  тұста  мына  бір 
мəселеге назар аударғанды жөн көріп отырмыз. 
Кез  келген  БАҚ-тың  бойына  қан  жүгіртер  өзекті 
мəселенің  бірі  мемлекеттік  ақпараттық  тапсырысқа  бай-
ланысты  шешімдер.  Осы  ыңғайда  нақты    пікірін  айтқан 
Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамедтің  
бастамасы бүтіндей  сала қызметкерлері тарапынан қолдау 
тапқанын  атап  өткеніміз  жөн.  Ол  БАҚ-қа  берілетін  тап-
сырысты  қаржыландырудың  жаңа  тарифі  енгізілетіндігін 
мəлімдеді.  Бұл  шаралар  тиісті    заңнамалық  құжаттар 
негізінде жүргізілмек. 
 Осының бəрі отандық БАҚ-ты жаңғырту мəселелерімен 
орайлас  жүзеге  аспақ.  Бұл  ретте  еліміздің  ақпаратттық 
кеңістігінен  өзіндік  орнын  айқындаған  «Қазақ  газеттері» 

85
ЖШС-нда  атқарылып  жатқан  жұмыстар  төңірегінде, 
белгіленген межелер туралы оқырмандарымызды құлағдар 
етудің орайы келіп тұр. 
Уақыт талабына сай тұтынушыларға – оқырман қауымға 
сапалы да мəнді-мағыналы өнім жеткізу Серіктестіктің бас-
ты міндеті болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде мем-
лекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның əлеуметтік 
жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиыр-
ма қадам» мақаласы редакциялар ұжымының іс-қимылына 
жаңа  серпін  бергені  сөзсіз.  Мақаладағы 18-тапсырмада 
айтылған  отандық  БАҚ-тарды  жаңғырту  бағдарламасына 
сəйкес Серіктестікке қарасты газеттер мен журналдар 2013-
2016 жылдар аралығында жаңа сапалық дəрежеге шығуды 
жоспарлап отыр. 
– Кəсіпорынды модернизациялау жоспары бойынша бар-
лық негізгі құрал-жабдықтар толық жаңартылады;
– Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдала-
на отырып, ақпаратты жеделдете жеткізудің жаңа заманауи 
дəрежесіне көтерілу көзделеді;
– Серіктестіктің журналдарды, басқа да өнімдерді басып 
шығару үшін мини-баспаханасын құру қолға алынбақ;
– Баспа өнімдерінің электронды нұсқасын жетілдіре оты-
рып, Қазақстан аумағында ғана емес, жаһандық ақпараттық 
кеңістікке жету жөніндегі жұмыстар жүргізіледі;
–«Қазақ  газеттері»  ЖШС-на  қарасты  басылымдар-
да  жарияланған  материалдардың  қазақ,  орыс,  ағылшын 
тілдерінде таралуы, араб жəне латын қаріптеріне көшірілуі 
жүзеге  асырыла  бастайды;  Ол  медиа-холдинг  жанынан 
құрылған Web-сайт қызметі арқылы орындалады.
–  Еліміз  бойынша  «Қазақ  газеттері»  ЖШС-ның:  Шы-
ғыста – Өскеменде,  Батыста – Ақтөбеде,  Оңтүстікте – 
Шымкентте,  Орталық  жəне  солтүстік  облыстарда – Аста-
на  қалаларында  төрт  аймақтық  өкілдіктері  ашылады. 
Серіктестікке  қарасты  əрбір  басылымның  мазмұнды  да 

86
сапалы  шығуы,  оның  өнім  өтімділігін  жетілдіру  мəселесі 
күнбе-күнгі назарымызда. Осы тұрғыдан келгенде олардың 
менеджменті мен маркетингін бүгінгі уақыт талабына сай 
құру ұдайы ізденісті қажет ететіні сөзсіз. 
Əрбір газет пен журналдың нөмір сайынғы жоспар-
лануынан  бастап,  оның  оқырман  қолына  жеткенге 
дейінгі аралықтағы циклы бір сəтте қаперден қалмауы 
қажет. Осының бəрін үйлестіріп отыратын Серіктестік 
жанынан  қоғамдық  негізде  Бас  редакторлар  Кеңесі 
құрылды.  Кеңес  өзінің  əрбір  мəжілісінде  Серіктестік 
өміріндегі  ең  өзекті  мəселелерге  назар  аударып,  оның 
шешімін  табуына  мүдделілік  танытады.  Сондықтан 
болуы  керек  Бас  редакторлар  Кеңесінің  ұйғарымымен 
əрбір  басылымның  оның  маркетингіне  əсер  ететін 
жеке жобалар жүзеге аса бастады. Айталық, «Ана тілі» 
газетінің  «Ана  тілінің  аруы» –  «Жігіттің  сұлтаны», 
«Экономика» газетінің Банк академиясымен бірлескен 
«Капитал-Қаражат», «Үркер»  журналының  «Үркер-
Үміт», «Ақиқат» журналының «Келелі кеңес», «Мысль» 
журналының    «Еркін  мінбер»  деп  аталатын  дөңгелек 
үстел  басындағы  сұхбаттар  жобалары, «Уйғур  ава-
зи»  газетінің  «Көшпелі  редакция  мінбері»  жобалары 
қазірдің  өзінде  газет  жанашырларының  көзайымына 
айналып қалды. 
Газеттер мен журналдардың атаулы күндеріне байланы-
сты  ұйымдастырылған  басқосулар  зиялы  қауым  назарын 
аудартып  келе  жатқаны  сөзсіз.  Айталық, «Ақиқат»  жəне 
«Мысль»  журналдарының  да 90 жылдығына  байланысты 
өткізілген  халықаралық  ғылыми-практикалық  конферен-
циялар    Серіктестіктің  қоғамдық-мəдени  өмірінде  үлкен 
серпіліс  тудырғаны  белгілі.  Осы  конференциялардың 
негізінде арнайы жинақ шығып, ол еліміздің бірқатар ЖОО-
на,кітапханаларға  таратылды. 
Салауатты өмір салты – шығармашылық шабыт кепілі. 

87
Осы  тұрғыдан  келгенде  Серіктестікке  қарасты  еңбек 
ұжымдарының  мүшелері  бұқаралық  спорт  мəселесін 
өздерінің мерзімдік басылымдарында жазып қана қоймай, 
оның  кең  етек  алуы  үшін  өздері  де  белсенділік  танытып 
келеді.  Соның  бір  айқын  дəлелі  дəстүрлі  С.Бердіқұлов 
атындағы  футбол  турнирінде  «Қазақ  газеттері»  ЖШС-
ның командасы жүлделі бас бəйгені жеңіп алды. «Ақиқат» 
журналының редакциясы шахматтан журналистер арасын-
да  өтетін  біріншіліктің  ұйытқысы  болғалы  отыр. «Уйғур 
авази»  газеті  мен  «Ана  тілі»  газетінің  волейболшыла-
ры  əрдайым  түрлі  деңгейдегі  жарыстардың  жүлдесінен 
үміткер. 
Мұның бəрі біз жеткен жетістіктер. Оны ешкім тартып 
ала алмайды. Қазіргі талап: бүгіннен де ертеңгі еңбек өнімді 
болуы тиіс.  Олай болса, жұмыстың мəнділігі  тұрмыстың 
сəнді болуына тікелей байланысты екені түсінікті.
Солардың  негізгілеріне  тоқтала  кетсем  деймін.  Біз 
мақаламыздың  басында,  мəселен,  Тұрар  Рысқұловтың 
баспасөз мəселесіне арналған   мақаласына сілтеме жасап
ең  түйінді    шаруаның  бірі  ел  ішінде  газет-журнал  тарату 
ісіне    айрықша  назар  аударғанына    тоқталған  едік.  Осы 
«жыр»  содан  бері    ғасырға  жуық    уақыт  өтсе  де  əлі  күн 
тəртібінен түспей келеді. 
Соның  нақты    мысалы    мемлекет,  қоғам  қайраткері,  
Мəжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Парламент мəжілісінде 
қазақ  басылымдарынының    бөлшек  саудада    шетқақпай 
көріп  отырғанын  ашық  айтып,  үкіметке  сауал  жолдады.  
Депутат  мəселені    дұрыс    көтеріп  отыр.  Осы  шетін  ша-
руа  қазақтілді  БАҚ  басшылары  арасында    айтыла-айтыла  
əбден  жауыр  болған  мəселе. «ҚазПресс»  пен  «Қазпошта» 
секілді алпауыттардың  маңына жуый алмай жүрген қазақ 
басылымдарының  ендігі  сағалап  отырғаны    Астанадағы 
«Алты Алаш» дүңгіршіктері  еді. 
Амал  қанша, «Алты  Алашқа»  бəсекелестер  енді  оны 

88
қысымға алып жатқан жағдайы бар. Осыған араша түсіп, 
қазақ басылымдары  қаншама өтініш хат жазды,  мақала 
жариялады,  бірақ        «Алты  Алаштың»  басынан    бұлт  
сейілген  жоқ.  Бірде  электриктер,  бірде  салық  органдары, 
бірде  санэпидстанция,  т.б.  толып  жатқан  тексерушілер  
дүңгіршікке  жұмыс  істетпей  əлек.  Ал  дүңгіршіктер  иесі 
Мейрамгүл  Рахымбаеваның  əділдік  іздеп  ашпаған  есігі 
жоқ.  Енді  осы  арпалыстың  қай  уақытқа  дейін  созылары 
беймəлім...
Міне,  осының  бəрі  өз  өнімін  өткізе  алмай  жүрген 
журналистің жүйкесіне тимейді деп кім айтады?
Қазіргі таңда қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз 
ету де елеулі мəселеге айналуда. Əсіресе, осының салқыны 
мерзімдік  басылымдар  редакцияларын  жас  кадрлармен 
қамтамасыз етуге əсер етіп отыр. Жаңадан оқу бітірген жас 
журналистердің  қаламы  ұшқыр,  кəсіби  біліктілігі  жоғары 
болуы  көбіне  көп  оның  əлеуметтік  тұрмыстық  жағдайына 
тікелей қатысты екені сөзсіз. Осы мəселе төңірегінде тиісті 
құзырлы  мекемелерге  қаншама  рет  қатынас  қағаз  жазып,  
өтініштің  оң  шешімін  табуына  күш  салғанымызбен  оның 
бəрі нəтижесіз қалып келеді.
Сондықтан  мемлекет  тарапынан  дəрігерлер  мен 
мұғалімдерге  тұрғын-үй  мəселесіне  байланысты  жасалып 
жатқан  қамқорлық  журналистер  қауымына  да  шарапатын 
тигізсе  деп  ойлаймыз.  Мұны  бір  шешудің  жолы – тиісті 
заңнамалық  құжаттарға  өзгерістер  енгізіп,  бұқаралық 
ақпарат  құралдары  қызметкерлерінің  əлеуметтік-тұр-
мыстық мəселеге қатысты мəртебесін айқындау.
Отандық  БАҚ-ты  жаңғырту,  оның  тиімділігін  арттыру 
төңірегіндегі мəселелер шоғырында осындай бір өзекті ша-
руалар да шешімін тапса дейміз.
Ел мұраты жолындағы қат-қабат жұмыстың ең алдыңғы 
шебінде  жүретін  журналистің    мұқтажы  кейде  жарты-
кеш  шешіліп,  ал  кейде    мүлде  ұмыт  қалып  жататыны 

89
өкінішті. Сондықтан отандық БАҚ-ты жаңғырту  мəселесі  
көтерілгенде  ең  алдымен  сол  мəселені  жүзеге  асыруға 
тұтқа  болатын  Журналист  тұлғасының  тағдыры  бірінші 
кезекте  тұруы    тиіс.  Өйтпейінше,  кадр  дайындау    мен 
оның  біліктілігін  арттыру,  білімін  жетілдіру  деген  секілді 
шаруалардың  жуық арада шешімін таба қоюы түйінді бо-
лып қала бермек. 
2014 ж.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал