Жұмабай ҚҰлиев шындық – жалғыз, сұмдық – мың алматы «Қазақстан» 2015 замандастан мирас



жүктеу 10.07 Kb.

бет1/24
Дата15.09.2017
өлшемі10.07 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Жұмабай ҚҰЛИЕВ
Шындық – жалғыз, 
сұмдық – мың
АЛМАТЫ 
«ҚАЗАҚСТАН»
2015
ЗАМАНДАСТАН  МИРАС

ӘОЖ 070
КБЖ 76.01
Қ 74
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 
“Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” 
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Құлиев Ж.
Қ 74  Шындық – жалғыз, сұмдық – мың. – Алматы:
ЖШС “Қазақ стан” баспа үйі”, 2015. – 320 б.
ISBN 978-9965-10-134-2
Публицист  Жұмабай  Құлиевтің  бір  ерекшелігі  –  туындыла-
рында  қоғамдық  өмірдің  қай  қырын  да  кеңінен  қамтиды,  өзінің 
дербес,  бірақ  тегінде  көпке  ортақ  ой-пікірін  бүкпей,  күмілжімей 
ашық айтады. Қолыңыздағы кітапта да еліміздің өмірінің барлық 
дерлік  саласы  бойынша  азаматтық  тұғыр  айқын  көрінеді.  Нақ 
сол позиция оқырманның азаматтық келбетін де қалыптастыруға 
септеседі деп білеміз.
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
ӘОЖ 070
КБЖ 76.01
2
© Құлиев Ж., 2015
© “Қазақстан”, 2015
ISBN 978-9965-10-134-2

І бөлім
ШЕРМЕНДЕ КЕЗЕҢ ШЕЖІРЕСІ
ОТТАй ыСТыҚ ОН ЖыЛ
ХХ  ғасыр  қазақ  халқы  үшін  дүрбелеңге  толы,  аласапы-
ран кезең болды. Бұл ғасырдың алғашқы жартысында өткен 
оқиғалардың бәрінде ұлтымыздың есесі кетті, жымысқы сая-
сатқа қарсы тұрар қайраны болмай жігері жасыды. 1916 жыл-
ғы ұлт-азаттық қозғалысында, азамат соғысында, Алаш айып-
талғанда,  30  жылдары  екі  дүркін  арыстарынан  ай рыл ғанда, 
ашаршылық  азабында  –  бәрінде-бәрінде  ақыл ға  сыймайтын 
саяси әлімжеттіктің, қорғансыздың күнін кешкен еді. 
Ғасыр  басында  Ресей  революционерлері  мен  қазақ  зия-
лыларының  алға  қойған  мақсаттары  жер  мен  көктей  бола-
тын.  Алғашқылары  террор  мен  төңкеріске,  тақыр  кедейлер 
тө белесіне бастаса, соңғылары өз халқын білім-ғылымға, өр-
ке ниетке үндеді, еңбекке жетеледі. Адам үшін ғасырдан ұзақ 
өлшем  жоқ!  Оны  да  місе  тұтпай,  бұдан  қырық  жыл  бұрын 
Байқоңырдан Жер планетасының тұрғыны Гагарин ғарышқа 
самғады.  Жиырмасыншы  ғасыр  Жер  аясына  сыймастан,  ға-
лам шарға  қүлаш  сермеді.  О  заманнан  жылдамдығын  сәй гү-
ліктің  шабысымен  ғана  өлшеген  қазақтың  жерінен  енді  се-
көнттердің  апшысын  қырып,  зымырандар  зулап  жатты.  Ұл-
ты мыз  тап  болган  тәлкектің,  бас  тіккен  тәуекелдің  бәріне 
куәгер шежірелі де шерлі ғасыр бұл! Оған отаршылдықта кір-
ген Қазақ елі Тәуелсіздігін алып қош айтысты. Сол үшін де 
өткенге салауат.
Сонымен, XX ғасыр да өтіп кетті. Алайда, қазақи қал пы-
мызбен кірген жүзжылдықтан біз өркениетті ұлт ретінде тү-
леп ұштық. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен бо-
лып қосылдық. Қазақ жұртының жетпіс жылда кеткен есесін 
қайтарып беруге асыққандай, бар шапағатын қалған он жылы-
на үйіп-төгіп, айтулы аламан ғасыр да етіп кетті. 
3

4
Міне, биыл сонау 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан күн-
деріндегі тоталитаризмнің шемен боп қатқан мәңгілік тоңын 
кақырата опырған әйгілі оқиғаға 20 жыл, Алладан ақсарбас 
айтып сұрап алған Тәуелсіздігімізге он бес жыл толып отыр. 
Қарап  отырсақ,  ғасырға  да  бергісіз  айшықты  жылдар  бола-
ды екен-ау! Күллі ғасырдың арман-тілегін аспандатқан, абы-
роймен жүзеге асырған, тәуелсіздік түғырына табанымызды 
тіреткен  соңғы  он  бес  жылдың  әр  сәті  есімізде  сайрап  түр, 
оны әсте ұмытуға бола ма? 
Иә, осы бір жүрек тебірентерлік кезең әуелі қалай баста-
лып еді, енді соған аз-кем шегініс жасайық. 1988 жылғы Эс-
тонияның  тәуелсіздік  жариялауы  коммунистердің  әлі  күн-
ге дейін кіжіне айтатын егемендік шеруіне баршамызды сап-
қа тұруға шақырғандай болған. 1990 жылы одақтас респуб-
ли калар түп-түгел өз егемендіктерін жариялағаны әлгі сапқа 
тұрудың аяқталғанын білдіріп еді. Енді уақыт сол салтанат-
ты шерудің қашан басталатынын тыпырши тосып тұрған бо-
латын.
КОКП мен оның басшылары тарих әлдеқашан сапқа тұр-
ғызып  қойған  шеруді  кешіктіре  түсу  үшін  сан  қилы  айлаға 
көшті. Қайта құрудың көсемдері бұрынғы жүйені сақтай оты-
рып, нарық пен демократияга көшкен жаңа одақ жасағылары 
келді. Бірақ, ол мүлдем мүмкін емес еді. Нарық демократияға 
ұмтылмай,  ал  демократия  идеологиялық  мүрдені  құлатпай 
тұра алмайды.
Міне,  осы  бір  алмағайып  кезеңде  Н.Назарбаевтың  есімі 
бұ рынғы Кеңес Одағы саясатшыларының алдыңғы сапында 
ата латын. Қазақстанды мекендеген сан ұлттың өмірлік проб-
ле масы сан жылдар бойы шешілмей, үйме-жүйме болып үйі-
ліп қалған, ескірген жүйе әбден титықтатқан алып респуб ли -
каның басшылығына келу дегеніңіз, Ислам Каримов айт пақ-
шы, «мұндай іске аттың кәлласындай жүрек керек» болатын.
Өкімет басына КСРО-ның толық және түбегейлі ыды раған 
кезінде келген Н. Назарбаевта қыруар тәжірибе мен әдіс, тәсіл 
дегеніңіз жеткілікті болатын. Бұрынғы Одақтың бү лін бестей 
көрінген  емен  кемесі  жаңқаланғаннан  кейін,  әр  рес публика  
өз-өзімен  қалып,  абдыраған  шақта  бүйда  ұс таған  Н. Назар-
баевқа  сан  ұлттан  құралған  бүкіл  Қазақстан  жұрт шылығы 

5
бар  ынты-шынтымен  сенім  білдірді.  «Сабақты  ине  сәтімен» 
дегендей, оның үстіне Қазақстанда дәл осы кезеңде онымен 
тең  түсетін  оппоненттердің  болмауы  да  біраз  оңды  жағдай 
жасады. Сол бір аласапыран кезеңде бұрынғы пост кеңестік 
кеңістіктегі елдерде өкімет басына біреудің келуі ың-шыңсыз 
өтпегені белгілі
Мысалы, Молдавада Приднестровье бүлік шығарды, Укра-
инада  –  Қырым,  Грузияда  –  Оңтүстік  Осетия  мен  Абхазия, 
Әзірбайжанда  –  полковник  С.Гусейнов  халық  майданының 
басшысы – президент А. Елшібейге, Тәжікстанда – С. Сафа-
ров  пен  оның  кулябтық  жақтастары  тақ  таласына  жан  сала 
кірісті. 
Барлық  қиыншылықтарға  қарамай  Қазақстан  Коммунистік 
пар тиясының осы тұста өзінің қызметін тоқтатуы да саяси ой-
лау жүйесінде біржақты, таптаурын пиғылдардан арылып, кон-
сервативтік  түсініктерден  еркін,  жан-жақты  тұ жырымдар  тү-
йіндей білуге әлеуметті жұмылдыра түсті. Жал тақ, қасаң иде-
ологияға  бауыр  басып  калған  құлдық  сана  енді-енді  басын 
көтеріп, еңсесін тіктеп, жазираға еркін қарай бастады.
1990  жылы  республикада  Президент  қызметі  белгіленді, 
Жоғарғы  Кеңестің  сессиясында  жабық  дауыспен  Н. Назар-
баев  республиканың  тұңғыш  Президенті  болып  сайланды. 
Одақтың  құрсауы  ашылмағандықтан  республика  өміріндегі 
осы бір айтулы саяси оқиға қоғамда үлкен үрдіс қана емес, 
кайшылықты пікірлер де туғызды. Әр түрлі көзқарастар қай-
шыласқан  осы  кезең  туралы  Н. Назарбаевтын  өзі  бір  жыл-
дан  соң  жарық  көрген  «Әділеттің  ақ  жолы»  кітабында  бы-
лай деген еді: «Республикаларда президенттік қызметтің бел-
гіленуі  орталықтан  кері  тебу  ағымының  күшеюіне  байла-
нысты,  мұның  өзі  мемлекетіміздегі  орталық  өкімет  билігін 
әлсіретеді-міс деген пікірлермен тіпті де келіспеймін. Бірін-
шіден,  республикалардағы  калыпты  өкімет  билігі  орнама-
йынша,  бүкіл  мемлекет  шеңберінде  тәртіпті  нығайту  тура-
лы сөз етуге де болмайды. Екіншіден, мен КСРО-ны жаңарту 
және  одан  әрі  дамыту  диалактикасын  тек  былай  түсінемін: 
«республикалар күшті болса – орталық та күшті...»
Иә,  бұл  тұста  әңгіме  Қазақстанды  кеңестік  империя  құ-
рамынан бөліп әкету туралы емес, одақтық шеңбердің аясын-

6
да  республиканың  мүмкіндіктерін  пайдалануға  қол  жеткізу 
туралы  болды.  Сондықтан  да  республикада  Президенттік 
қыз меттің белгіленуін тәуелсіздік бастауы ретінде емес, қазақ 
мем лекеттігін қайта реформалау ретінде қарастырған дұрыс 
болар еді.
Аяқ  астынан  ел  басына  күн  туғандай  болған  сол  бір  та-
мыздың  тауқыметті  күндерінде  де  президенттік  билік  пәр-
менділігін таныта білді. Егер сондай алмағайып кезеңде са-
яси  шешімділік  болмаса,  реформа  үстіндегі  қоғамның  қан-
дай  күйге  ұшырауы  мүмкін  екендігін  көпшілік  міз  бақпай 
кадағалап отырды. Осы бір аласапыран сәттерде шынын ай-
ту керек, кауіптің неше атасы қылтиып, «айтақ» десе аттандап 
өре түрегелуге әзір тұрды.
Тіпті оны айтасыз, кетіп бара жатқан қызыл империяның  
ең  соңғы  басшысы  тағы  бір  жанжалдың  отына  май  құйып 
кетті. Ол Украина теледидарына берген сұхбатында одақтан 
шығуға  ұйғарған  мемлекеттердің  тарапынан  бір-біріне  жер  
даулайтын талап қойылуы мүмкін, мәселен, тың игеру ке зе-
ңінде Қазақстанға солтүстіктегі бес облыс берілген деген пі-
кір айтты. Бұл жұртшылык арасында үлкен қобалжу туғызды. 
Республика Парламенті кезекті мәжілісін осы мәсе леге арна-
ды.
М.Горбачев  өзінің  қызметтегі  өрлеуін  басқа  халықтарды 
қазақтармен қағыстырудан бастап еді, енді міне, басқа мем-
лекеттерді Қазақстанмен қырғи-қабақ қылмақ ойымен аяқтап 
отыр.
Осы  орайда,  «Аққа  құдай  жақ»,  «Ақтың  отын  ақымақ 
өшірмейді»  деген  атам  қазақтың  осы  қағидасы  қалай  дәл 
айтылған!
КСРО-ның  арандатқыш  соңғы  билеушісі  М.Горбачев  би-
ылдың өзінде елімізге екі рет келіп, өзінің «Горбачев корына» 
ақша сұрап, алақанын жайып кетті. Тамыз оқиғасы тағдырын 
шешіп  койған  КСРО-ны  сақтап  қаламыз  дегенге  сенетіндер 
күні кешеге дейін әрекет етіп келді, тіпті соның жұрнағы қазір 
де бар. Қазақ халқының тәуелсіздікті көксеп келе жаткан ел 
екендігін атымен білмейтін, білсе де құлаққа ілмейтін, тіпті 
өмірде  мұндай  мәселе  болуын  үлкен  жаңсақтық  деп  қарай-
тын тоңмойын күштер жуық арада жойыла қоятын түрі көрін-
бейді.

7
Әсіресе, осы жылдары Парламентте халықтың тағдырын 
шешетін  небір  жан  алып,  жан  беріскен  даулар,  текетіресте 
өткені  белгілі.  Әлгі  тартыстарды  екшей  отырып,  ол  кездегі 
коғамдык ахуалдың қандай екендігін айнытпай болжауға бо-
лады. Егемендік мәлімдемесі кабылданғаннан кейінгі оқи ға-
лар парламентшілерімізді әккілендіре, тәсілқойландыра түс-
кенмен, тәуелсіздік туралы мәселені өткірлендіре түскенмен, 
оны заңдастырудың жолын жіңішкерте түскендей болды.
Осындай  қиын-қыстау  кезеңде  бүкіл  халықтық  шынайы 
сезімге ие болған Президентіміз тәуелсіздік тағдырын ше ше-
тін  шешуші  майданның  тізгінін  өз  қолына  алып,  халық  ар-
манының құбыланамасынан айнымай, тура жағалауға бастап 
шықты.
Парламенттегі ел тағдыры шешілетін ұзақ ырғасулардың 
бірінде азулы депутат А.Княгининнің: «Бұл заңды қолдау ке-
рек...  Мемлекеттік  тәуелсіздік  –  қазақ  халқының  ғасырлар 
бойғы арманы. Қазақ жерін мекендеген біз, қазақ емес халық-
тар, бәріміз бірдей сол нәзік сезімге әрқашан өз сезіміміздей 
құрметпен қарайық» деді. Нағыз азаматтық емес пе?
Сонымен,  1991  жылдың  16  желтоқсан  күні  «Қазақстан 
рес публикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Консти-
туциялық заң басым дауыспен қабылданды. Осы Заңға жан-
тәнімен  қарсы  шыққан  сол  кездегі  тағы  бір  депутат  В.Во-
долазов кейіннен өз қателігін түсініп былай деді: «Әлі есім-
де,  он  екі  депутат  оған  қарсы  дауыс  берген.  Жасыратыны 
жоқ, соның бірі өзім едім... Ол кезде менің Қазақстанның бо-
лашағына  деген  сенімім  аз  еді.  Экономикамыз  кеудесін  кө - 
те ре алмай, жер бауырлап жатты. Нақты мемлекеттік тұрғыда 
ойлау  жүйесі  қалыптаспаған  кез  еді.  Алайда,  мұның  бәрі 
уақытша  құбылыс  екен.  Бір-екі  жылдан  кейін  оң  өзгерістер 
байқала  бастады.  Соған  сай  мен  де  бұрынғы  көзқарасыма 
өзгертулер енгіздім...»
Міне,  осылай  тәуелсіз  Қазақстан  өзінің  ақжолтай  қадам-
дарымен  талай  пиғылы  теріс,  шолақ  ойлы  саясатшыларды 
мүлдем басқаша ойлауға мәжбүр етті.
Уақыт өткен сайын тәуелсіз Қазақстанның сан ғасырлық 
арман-мүддесі қиындықпен болса да жүзеге аса бастады.
1991 жылдың 2 қазаны күні Алматы уақытымен 11 сағат 

8
59 минутта Халықаралық экипаждың құрамында қазақ жігіті 
Тоқтар  Әубәкіров  ғарышқа  аттанды.  Байқоңырдағы  айлақ 
басына  келген  бірнеше  елдің  президенттері  Қазақстан  бас-
шысын  тұңғыш  ғарышкерімен  жарыса  құттықтады.  Иә,  исі 
қазақ бұл күнді ешқашан ұмытпас! Ашық аспан астында Ел-
басы  әлем  жорналшыларының  сұрақтарына  ризалық  сезім-
мен  жауап  қайтарды.  Бұрын  Байқоңыр  ғарыш  айлағына  кі-
руге  жорналшылар  түгіл,  Қазақстан  Орталық  Комитетінің 
хатшыларының өзіне рұқсат етілмейтін.
Дәл  осы  күні  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  арманына 
Алланың өзі құлақ асып, жетіқат көк иігендей болды, тәуелсіз 
Қазақстанға ғарыш өз төрін ұсынды.
Ғарыш кемесі ұшатын алаңнан небәрі екі шақырым жер-
де тұңғыш рет ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, босағаға боз інген 
ботасымен байланды. Сан жылдар тек қана зымыранның да-
усымен  тітіркеніп,  айналасына  ұшқан  құстан  басқа  бейсеу-
бет адам жолай алмайтын ғарыш айлағында сол күні ал ғаш 
рет  домбыра  даусы  күмбірледі.  Осылайша  тәуелсіз  Қа зақ-
станның  әрбір  сәтті  қадамы,  бедерлі  бастамаларының  тіз-
бе гі  жылнамаларда  айшықтала  бастады.  Еліміз  1992  жылы 
2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына толық құқылы, дүние-
жү зілік  қауымдастық  бірауыздан  мойындаған  мүше  ретінде 
қабылдануы  Қазақстанның  еңсесін  көтеруіне  үлкен  ықпал 
етті. Осындай жағдайда Қазақстанның ішкі саяси ахуалы да 
жаңа  талпыныстарымен  ерекшеленді.  Ұлттық  жарасымды-
лық  және  саяси  тұрақтылық  үшін  күрес  алғашқы  орынға 
шықты. Славяндық сипаттағы қозғалыстар мен ұлттық сана 
үрдісінен бой көтерген қазақтардың қозғалыстарының өзара 
қарсы  тұ ру  пиғылдары  көрініс  берді.  Елбасының  осы  тұста 
үлкен  қай раткерлік,  белсенділік,  тіптен  қажет  жағдайларда 
ер лікке па ра-пар қадамдар жасағанын айтпай қалуға болмас.
Орыс  казактарының  Қазақстанда  өздерінің  мерейтойла-
рын атап өту әрекетіне күйінген Елбасы кезінде мәскеулік га-
зет  тілшісіне  берген  сұхбатында:  «1382  жылы  Мәскеуді  ба-
сып  алып,  күйретіп  жіберген  бабамыз  Алтын  Орда  ханы 
Тоқтамыстың осы тарихи датасын Мәскеуде атап өтсек қалай 
болар еді?» деп тойтарыс бергені есімізде.

9
Қалай дегенмен де, республикадағы ұлттар мен ұлыстар - 
дың  бейбіт  өмір  сүруін,  саяси  билігіміз  бен  тұрақтылығы-
мызды және көптеген маңызды мәселелерді Ата Заңымызда 
түбегейлі нақтылап алу тағы да алға тартылды. Өткен жиыр-
масыншы ғасырдың ішінде Қазан төңкерісінен бері бес Ата 
Заң қабылданыпты. Оның үшеуін, яғни 1924, 1937 және 1978 
жылдардағы Ата Заңды қабылдағанда КСРО-ның құрамында 
болдық. Сол себепті онда егемендік, тәуелсіздік атты ұғым-
дар мен тараулар атымен болған жоқ. Болмауы да заңды. Ал, 
1991-1995 жылдар аралығында тәуелсіз Қазақстанның екі Ата 
Заңы өмірге келді. 1993 жылы қабылданған Ата Заңның Жо-
басын даярлайтын комиссияның құрамына елімізге белгілі ға-
лымдар мен қоғам қайраткерлері, әйгілі заңгерлер мен депу-
таттар кірді.
Елбасы  Н.Назарбаевтың  осы  Ата  Заң  қабылданар  тұс-
та ғы:  «Қатардағы  жұмысшы  адамнан  бастап,  үлкен  билік 
иесіне  дейін  осы  Заң  талаптары  аясында  өмір  сүріп,  шы-
найы  демократиялық  тәуелсіз  мемлекет  құру  ісіне  атсалы-
суы  қажет»  деген  пікірі  көпшілікке  қанат  бітірді.  Осы  ко-
миссия  құрамына  кірген  атанжілік  саясатшылар,  ғалымдар 
уақытпен  санаспай,  ағыл-тегіл  еңбек  етті.  Маңызды  құқық-
тық  құжатты  талқылауға  үш  миллионнан  астам  адам  қаты-
сып, 18 мыңдай ұсыныстар айтылды. Газет-жорналдарда жо-
баға  пікір  білдірген  бес  жүзден  астам  мақалалар  жариялан-
ды.  Бұл  Заңда  мемлекеттік  билік  пен  оның  органдарының 
пішіні  айқындалып,  тәуелсіздіктің  басты  рәміздері  мен  аза-
маттардың  демократиялық  құқықтары  мен  бостандықтары 
айқын  көрсетілген.  Қазақстандықтардың  маңызды  құжатты 
талқылауға  бей-жай  қарамағандығын  осы  деректерден-
ақ анық байқауға болады. 1993 жылғы Ата Заңды талқылау 
барысын да  көпшілікті  қатты  ойлантқаны  –  ана  тіліміздің 
жағдайы болатын.
1989 жылы қазақ тілінің мәртебесі айқындалды. Оны жү-
зеге  асыру  мақсатында  арнайы  бағдарлама  да  қабылданды. 
Бірақ,  Ата  Заң  жобасын  талқылау  кезінде  орыс  ұлтының 
кей өкілдері қазақ тілімен қатар, орыс тіліне де мемлекеттік 
мәртебе берілсін деген пікірді жалаулатып шыға келді. Пар-

10
ламентте,  жұртшылық  өкілдерімен  болған  кездесулерде  кей  
ағайындардың жоғарыдағы пікіріне елге сыйлы азаматтардың 
толыққанды тойтарыс беруіне тура келді. Талай бұл та рт пай-
тын  деректер  алға  тартылды.  Олардың  ұзын-ыр ғасы  мына-
дай:  мәселен,  бір  мемлекетте  екі  бірдей  тілдің  мемлекет-
тік дәреже алуы мүмкін емес. Қазақстанның басым көпшілі-
гін әрі мемлекеттің заңды мұрасын қазақтар құрайды. Олар-
дың  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуы  –  тарихи  әділеттілік. 
Ал, орыс тілі болса, көршілес мемлекеттің басты тілі. Егер де 
орыс тіліне мемлекеттік мәртебе берілетін болса, күні ертең 
елімізді мекендейтін басқа ұлттар да осындай құқықты талап 
етуге хақылы. Ақыры осылай ұзақ ырғасқаннан кейін қазақ 
тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қатынас  тілі 
мәртебесін иеленді. 1993 жылғы Ата Заңның басты ерекшелігі 
осы еді. Әрі бұл Ата Заң бойынша еліміздің билік жүйесіне 
президенттік  басқару  нысаны  кіргізілді.  Енді  1995  жылғы 
Конституцияның басты ерекшелігі – бүкілхалықтық референ-
дум  негізінде  қабылданғандығы.  Ресми  деректер  бойынша 
бұл  Ата  Заңды  7121773  адам  жақтаған.  Яғни,  83,14  %-дай. 
1995  жылғы  Ата  Заңымызды  қабылдауға  қандай  жағдайлар 
әсер етті деген мәселелерге қысқаша тоқталып көрелік.
Біріншіден, президенттік басқару нышанын жетілдіру қа-
жет болды.
Екіншіден, сот билігі жүйесі өзгерістерді қажет етті. Үш-
іншіден, мемлекеттік меншік жүйесін өзгерту талабы да пі-
сіп-жетілді.  Төртіншіден,  жеке  меншік  жүйесінің  аумағын 
ке  ңейту  қажет  болды.  Бесіншіден,  Заң  шығарушы  орган  – 
Рес публика  Жоғарғы  Кеңесін  заман  талабына  сай  кәсіби 
Парламент  түріне,  яғни,  қос  сатылы  жүйеге  негіздеп  құру 
көзделді. Осы Ата Заң қабылданғаннан кейін Қазақстанның 
президенттік  республика  жолына  түскені  айқын  байқалды. 
Барлық  басты  билік  Президенттің  қолына  шоғырланды.  Ол 
кажет  кезде  референдум  өткізуге,  Парламентті  таратып  жі-
беруге,  кезектен  тыс  сайлау  өткізуге  толық  хақылы  саяси 
тұлғаға айналды.
1995  жылғы  30  тамызда  кабылданған  жаңа  және  бүгінгі 
күні де әрекет етіп отырған Конституция халқымыздың қазақ 

11
хандығы тұсындағы ортақ саяси тұлғаға бағынған мемлекет-
тік құрлысын күрделі түрде жетілдірген, президенттің рөлін 
биіктеткен,  шығыстық  және  батыстық  тәжірибелерді  өзара 
ұштастырған Президенттік басқаруға алып келді. Дегенмен, 
соңғы жылдар тәжірибесі көрсеткеніндей, тоталитарлық қо-
ғамнан  демократиялық  қоғамға  өту  өтпелі  кезеңде  авто ри-
тарлық  билікті  күшейту  арқылы  ғана  жүзеге  аса  алатынын 
байқатып отыр.
Қалай дегенмен де, біз сияқты көп құрамды республика-
ны басқару кім-кімге де оңайға тимейтіні анық. Біз осы түпкі - 
лік ті  конституциялық  талдау  жасап  алуымыздың  арқасында 
кешегі кеңес кеңістігіндегі бытысып кеткен әлеуметтік ұйық-
тан өзіміз таңдаған реформаға сытылып шықтық.
Қысқасы, дүниежүзіндегі барша адамзат қайда бара жат-
са,  сонда  бет  түзеуден  абзалы  жоқ.  Дүниеде  өзімен  өзі  боп 
отырған  бірде  бір  мемлекет  жоқ.  Бәрі  де  айналасына  қар-
ма нып,  ықпалдасып  тіршілік  кешуде.  Осының  бәрін  сарап-
қа салған тәуелсіз Қазақстан әп дегеннен көп бағытты сырт-
қы саясат жүргізді. Ядролық қарудан бас тартты. Сол арқылы 
бір кездегі қырғи-қабақ соғыстың мәңгі құрбаны болып қал-
ғысы келмеді. Ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да осы за-
мандық  ізденіс  бағытын  негізге  алды.  Барлық  халықаралық 
ұйымдармен,  алыс-жақын  мемлекеттермен  жемісті  қатынас 
орнатты. Қай мемлекет болмасын ендігі жерде адам мүддесін 
жоғары  қойғысы  келсе,  адамзат  жаңа  қауымдасуды  барлық 
адамдардың, демек оның ең айқын, ең ақылға сыйымды мүд-
делестік аясы – ұлттар мен мемлекеттер жағдайы әділ еске-
рілетіндей  қауымдастыққа  ұмтылғаны  жөн  сияқты.  Ондай 
қауымдастықты құрысуға барлық мемлекеттер тікелей ат са-
лысса оңды болмақ. Бұл, әсіресе, қазіргі ғаламдану процесі 
енді қанат жая бастаған тұста ерекше ескерілер жайт.
Қысқасы,  біз  ұламалы  таң  шапағының  алғашқы  арайын-
да тұрмыз. Бүгінгі қазақ әлеуметінің алдында қыруар істер, 
көмбе-көкжиектер  мен  мұндалайды.  «Сен  неткен  бақытты 
едің, келер ұрпақ» деп ғазиз ақын Қасым Аманжолұлы өмір-
ден  өтерінде  біздің  келешегімізге  кызыға  қарап  еді.  Бірақ, 
есіл шайыр армандаған «Жиделібайсын – жұмаққа» біздің де 

12
қолымыз енді-енді жетіп келеді. Дегенмен де болашақтың са-
мала  салқар  атырабына  қарай  суырыла  тартып  бара  жатқан 
туған еліңнің ертең жасар небір кереметтерінің шет-жағасын 
көріп кеткің келеді...
Ендеше,  қайта  туған  Қазақстанның  қадау-қадау  қадам-
дарына  мұрындық  болып,  байтағымыздың  тәуелсіздігі  жо-
лындағы  қасиетті  де  қиын  сапарға  барлық  тегеурінді  сарқа 
жұмсап, атың туған еліңнің жылнамасына жазылып, көк бай-
раққа  оралып  көмілу  –  әрбір  қазақ  азаматының  арманы  бо-
луы керек. Сонда ғана ата-баба мойнына бұршақ салып тіле-
ген асыл мұрат орындалмақ.
«Ана тілі» №50-51, 
15 желтоқсан, 2001 жыл.
ПАРыҚСыЗ ПАРЛАМЕНТТЕ  
ҚАуҚАР ҚАЛМАй бАРАДы...
«Заңы мен дәрігері жүмыс істемейтін елде өмір сүру қа-
уіпті»  деген  екен  бір  дана.  Өз  заңын  құрметтеп,  әспеттеген 
халықтың кенже қалғанын ешкім естіген жоқ. 
Американың  бүкіл  басшылығы  орын  тепкен  Вашингтон 
қаласында  Капитолийден  биік  үй  салынбауы  өз  заңын  қас-
терлеуден туған үрдіс екені ақиқат.
Негізінен  Парламенттің  міндетіне  заң  шығару,  мем ле-
кеттік  бюджетті  қабылдау,  халықаралық  шарттарды  бекіту, 
Конституциялық бақылау органдарын тағайындау кіреді. Біз 
күні  кешеге  дейін  бар  мәселемізді  қауымдасып,  билер  инс-
титуты  арқылы  шешіп  келген  халықпыз.  Дәл  қазір  де  ел ді 
басқарудың парламент жолы дұрыс екенін өмірдің өзі дә лел-
деп отыр.
Бірақ өз халқы еліміздегі ең жоғары Заң шығару мекемесін 
“қалта  Парламенті”  деп  келеке  етіп  отырған  жағдайда  олар 
шығарған  заң  қайдан  тап-тұйнақтай  бола  қойсын?!  Өйткені 
осы  халық  “қалаулыларының”  сайлау  алдындағы  жанкешті 
әрекеттері, қулық-сұмдықтың неше атасын қолданғаны көп-
шіліктің көз алдында өтті.

13
Тіпті, әрі-беріден кейін ең жоғары Заң шығару мекемесін 
«қалта Парламенті» деп отырған біз емес, бұрынғы Мәжіліс 
депутаты Серікбай Әлібаевтың өзі. Ол бір сұхбатында: («Ақ 
жол Қазақстан», 25.04.2003 ж. «Мәжіліс «Карманный Парла-
мент» екендігін көрсетті») былай дейді: «Өз көзқарасым үшін 
шамамның жеткенінше күресіп жүргеніммен, шынымды айт-
сам, әріптестерімнің болашақты ойламайтындықтарына өкі-
немін. Олардың қалай сайланғандарында шаруам жоқ, алай-
да депутаттық білімнен бұрын, ең бірінші жүректен шыққан 
сезімі, сенімі керек. Адалдық пен тазалық керек...»
Осының  өзінен-ақ,  «халық  қалаулыларының»  өз  ішінде 
де «сенің қалай сайланғаның белгілі ғой» деген ишара тұр-
ғысында алауыздық жетіп артылатыны көрініп тұр.
Мысалы,  И.Тасмағамбетов  премьер-министр  кезінде  жер 
сату  мәселесі  қаралып,  сенім  вотумын  қойған  уақытта  58 
депутаттың,  яғни  Парламенттің  тең  жартысының  қолдауын 
ала алған жоқ. Парламент осы абыройымен қалса сөз басқа. 
Іле-шала Мәжіліс пен Сенаттың біріккен отырысына Прези-
денттің  өзі  қатысып,  Жер  сату  жобасының  кейбір  бапта-
ры қайтадан дауысқа салынған кезде адам сенбестей қызық 
оқиға  болды.  Бұл  жолы  тіпті,  ешбір  электрондық  құралдар, 
құпиялық жиып тасталынып, дауыс беру қол көтеру арқылы 
анықталды.
Сонда не болды дейсіз ғой: Жерді сатудың үкіметтік нұс-
қасына тек екі депутат қарсы шығып, біреуі қалыс қалды. Оу, 
сонда қарсы шыққан 53 депутат қайда кеткен?
Ал сол кездегі Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай «Біз 
регламент ауқымында жұмыс істедік, ешқандай да құқық бұ-
зушылық болған жоқ» дейді. 
Міне, қараңғы бөлмеден қара мысық іздеу деген осы бо-
лар!  Ақыры  сол  Парламент  өтірік  бұлданғансып  жүрді  де, 
жер сатуды зандастырып берді.
Алайда  осы  құзырлы  мекеме  халықтың  талап  еткен  зей-
нетақыны көтеруді, шаруашылықтар мен кәсіпорындарға ши-
кі мұнайды орасан көп мөлшерде шығарудың жолын кесу ту-
ралы басты тапсырмаларды орындаған жоқ.
Тіпті осы Парламентте бес жыл бойы жұмған аузын аш-

14
пайтын, көпшілікке түр-түсі де белгісіз депутаттар жетіп ар-
тылады. Бұл қос палаталы Парламентті қаржыландыру үшін 
жылына 6 миллиард теңге жұмсалатынын бір кезде «Ақ жол 
Қазақстан» газеті жазды да. Ендеше, бес жыл бойы қарапа-
йым адамдардың түсіне кірмейтін орасан қаржыны үріп ішіп, 
шайқап төгіп отырып, әлеумет үшін шөп басын сындырмаса, 
мұндай Парламентті масыл демей не дейміз?!
Осы  орайда,  «Ақ  жол»  партиясының  төрағасы  Әлихан 
Байменовтің  «Сенат  қажет  емес,  толыққанды  бір  палата-
лы  Парламенттің  өзі  жетіп  жатыр»  деген  пікірінің  дұрыс 
екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Мысал  үшін  айта  кетейік,  Ресей  Думасы  келесі  жылғы 
бюджетті де біздегідей ұзаққа созылған ырың-жырыңсыз қа-
былдай  салды.  Неге?  Өйткені,  онда  әртүрлі  фракция  өкіл-
дерінен  құралған  Бақылау  палатасы  бүкіл  қаржының  қай-
да  жұмсалғанын,  қайда  жұмсалмағын  кірпік  қақпай  қадаға-
лайды.  Бұл  беделді  топ  біздің  «халық  қалаулыларымыз» 
сияқ ты  қарсы  келсек,  Үкімет  таңдайымызға  татып  отырған 
көже-қатығымызды  тартып  алады-ау  деп  алаңдамайды.  Әл-
гі «қалталы Парламенттің» тағы бір дәйексіздігі, саяси жал-
даптығы кеше ғана көз алдымыздан көлбеңдеп өтті.
Парламент  Премьер-министр  Д.Ахметовті  бірнеше  рет 
қол қалап, орталарына әрең келтіргені құрысын, бір ауыз са-
уал бермей, сауырынан сипап шығарып салды. Жанар-жағар-
май мәселесі күйіп тұрған кезде, басқа да экономикалық қыл-
мыстар балалап жатқан мезгілде егер елге жаны ашитын пре-
мьер болса, Парламенттің алдында ағыл-тегіл сыр ақ тарар еді 
ғой. Ал Ахметовтің «баяндамасы» шетелдегі мұ най бағасына 
шолу сияқты күлдібадам қойыртпақ болып шықты. Еліміздегі 
тапшылықтың  түп-төркіні  неде  екені  туралы  жұмған  аузын 
ашқан жоқ. Баяндамасын аяқтап, жанары үкікөзденіп, маза-
сыз  күйде  орнына  келіп  отырды.  Мынау  еліміздің  ең  құзы-
ретті үлкен мекемесі екен-ау, депутаттар менен жауап күтіп 
отыр-ау деген ой миына кіріп те шықпады. Осы орайда, Гри-
горий  Марченконың  «Даниал  Ахметов  –  кадровая  ошибка 
президента» деген пікірі имандай шындық.
Мұнда  жетесіз,  парықсыз  атқамінерлер  кешегі  Жұмабек 

15
Тәшенов  сияқты  тұйғын  премьерлерден  садаға  кетсе  бол-
май ма? Д.Ахметовті Парламент төрінде тайраңдатып қойған 
Ұ.Қараманов сияқты депутаттар. Осы «абызымыз» «Даниал 
Ахметовтің баяндамасы көңілден шықты, енді сауал беріп ба-
сын қатырмай-ақ қояйық, босатайық» деп, аяр дипломатиясы-
на салып кеп жіберді. Сауал қоюға ентелеп, кіжініп отырған 
өзге  әріптестерінің  төбесінен  жасын  түскендей  болды.  Енді 
депутаттар  екі  жақ  болып  керілдесіп  жатқанда,  сыбдырын 
білдірмес сілеусіндей, Ахметов те залдан безіп жоғалды. Мі-
не,біздің премьеріміз бен Парламентіміздің сиқы!
«Ханнан қырық туғанша, қарадан жалғыз тусайшы, ата жо-
лын қусайшы» деп Махамбет ақын айтқандай, осы саны бар 
да сапасы жоқ, қырық «қалталы қалаулыларымыздың» ішінде 
Т.Әубәкіровтің, А.Тшанның, С.Әбдірахмановтың, Б.Әбі шев-
тің  шоқтығы  анағұрлым  биік.  Алайда  жалтақ,  жәдігөй  де-
пу таттардың  Үкіметтің  “артын  ашпай”,  қорғап  қалған  “ең-
бектері”  де  қаржы  министрлігі  тарапынан  5-10  миллиард 
теңге  қаражат  бөліну  арқылы  «еленіп»  отыратын  көрінеді. 
Қа раманов т.б. депутаттардың емешегін құртып отырған Үкі-
меттің осындай шүлен «садақасы» ғой!
Таяудағы  Мәжілістің  пленаралық  отырысында  «картоп-
ты  жарған»  сабаз  –  Ерасыл  Әбілқасымов  болды.  Ол  елдің, 
қоғамның,  қаймана  қазақтың  күллі  мәселесі  құрып  қалған-
дай, елден американдықтар мен ОБСЕ бақылаушыларын қу-
уға, мұхиттың арғы жағынан келген «құзғындарды» Қазақс-
танға жолатпауға, Ресеймен мәңгі бірге болуға, түрмеден 20 
мың қылмыскерді босатуға, Парламенттің бір мәжілісін Ұлы 
Қазан Социалистік революциясының 89 жылдығына арнауға 
үндеді.
Өз  сайлаушыларының  аманатын  аяққа  таптап,  Әбіл қа-
сы  мовтың  бұлайша  бұра  тартуын  қалай  түсінуге  болады? 
Мұн дай  қара  су  құрлы  құны  жоқ,  жалдаптық  ұранға  қаны 
қарайған  Тоқтар  Әубәкіров:  «Интернетте  сіз  туралы  қандай 
мәлімет  таратылып  жатқанына  назар  салдыңыз  ба?  Сіз  осы 
кімсіз? Әріптес ретінде арагідік қол созып амандасқанымыз 
болмаса,  сіздің  кім  екеніңізді  бүкіл  ел  біледі»,  –  деп,  өзі-
нің турашылдығымен, әлгі «сабазды» жағынан осып жібер-

16
гендей болды Япырмау, біз заң шығаруды кімдерге сеніп тап-
сырғанбыз!  Шынында  да  Парламент  шұғылданатын  мәсе-
ле аз ба? Қаржы министрі Арман Дунаевтың айтуынша, қа-
зақстандық  министрліктер  30  миллиард  теңгені  биыл  тағы 
игере  алмай  қалды.  Яғни,  талай  ауылға  су,  талай  науқасқа 
дәрі, талай егінге нәр тамбай қалды деген сөз.
«Қазақмыс»  сияқты  трансұлттық  корпорация  көз  алды-
мызда жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. Алып 
кор порацияның жауапкершілігі неге шектеулі? Мұның аста-
рында не сыр бар? «Теңізшевройл» да солай.
Ал «Қазақмыс» корпорациясының 87 пайыз акциясы Ким-
ге, Новачукке, Йонг Кю-Чаға тиесілі. Халықаралық тәжірибе 
бойынша, алып кеніштердің 51 пайыз акциясы Үкіметте бо-
луы керек қой! «Қазақмыс» билеушілері онымен де қоймай, 
үстіміздегі  жылғы  12  қазанда,  таңғы  сағат  сегізде  Лондон 
бир жасында «Қазақмыстың» 26,2 пайыз акциясын 1 милли-
ард 17 миллион долларға әлдекімге сатты да жіберді.
Мүмкін  ол  әлгі  бағадан  бес  есе  көп  шығар?  Осы  сауда-
саттықтың заңдылығын тексерген кім бар?
Иә, қаныңды қарайтқан, діңкеңді құртқан сауалдар жетер-
лік... Мұны тексеріп, ақ-қарасын анықтайтын депутат тардың 
түрі мынау! 
Билік бұқараны микеще деп ойлайтын болуы керек, бірақ 
қаймана  халық  бәрін  біліп  отыр.  Әне,  радионы  да  солай 
қақсатып  қойған:  «Халық  бәрін  кешіреді,  халық  кешпейтін 
нәрсе жоқ...».
Құдауанда, қашанғы кешіреді бұ халық! Өлді ғой түге! Де-
генмен,  әлеумет  әлі  бауыздау  алдындағы  алапат  бұлқыныс 
кезеңіне жеткен жоқ. Құдай оған жеткізе көрмесін!
Қазір біздің қоғамда мынадай жексұрын әдет пайда болған: 
көкек  балапанындай  бүкіл  өмірлік  қажеттіліктерін  ұлттың 
мүддесінен шешіп алып, әбден жонданып алғаннан кейін, қа-
лаған жағына сынаптай толқып кету...
Иә,  бүгінгі  билік,  Парламент  осындай  харам  пиғылдан 
арылмай, бізге жақсы өмір жоқ...
«Ақ жол Қазақстан», 28.10. 2005 ж.

17


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал