«Жырлайды жүрек» әдеби кеш



жүктеу 16.86 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі16.86 Kb.

«Жырлайды жүрек» әдеби кеш 

  

       Әдеби кештің мақсаты: Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығымен 

таңыстыру. Оқырмандарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық 

танымдарын толықтыру. 

        Жабдығы: баннер, плакаттар,  кітап көрме, слайд. 

        Дәйексөз: Сайын Мұратбеков өзіне ғана тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралығы, 

ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармалармен танылады. 

Мырзатай Серғалиев 

 

1-жүргізуші: Армысыздар, текті елімнің текті ұрпақтары!  



2  -  жүргізуші:  Армысыздар,  кешке  жиналған  көпшілік  қауым  Сайын  Мұратбековтың 

мерейтойына арналған әдеби кешімізді ашық деп жариялаймыз!  

1  -  жүргізуші:  Бүгінгі  әдеби  кешіміз  қазақтың  әйгілі  жазушысы,    аудармашы,  Қазақстанның 

еңбек сіңірген  қайраткері Сайын Мұратбековтың  мерейтойына арналады. 

2  -  жүргізуші:  Ғабит  Мүсіреповтің  мына  бір  сөздері  оның  бүкіл  шығармаларына  берген  әділ 

бағасы  еді:  «Көп  ұлтты  әдебиетіміздің  гүлдеп  тұрған мәуелі  бағында  Сайын  Мұратбековтың 

жас  талдай  желкілдеп  бой  көтерген  тамаша  прозасы  бітік  шығып,  алыстан  көзге  түсіп,  көз 

тартары сөзсіз». 

1  -  жүргізуші:  Жазушының  бойындағы  тағы  бір  ерекшелік  әлеуметтік  жайларға  лирикалық 

нақыш  қосып,  ішкі  нәзік  әуендер  арқылы  жеткізе  білуі.  «Новелла  -  адам  сенгісіз  оқиғаны 

әңгіме  ету,  сендіру»  -  деген  екен  Гете.  Осы  қасиет  Сайын  Мұратбековтың    да  бойында  бар. 

Сайын-көркем әдебиеттің табиғатын, оның ішінде әңгіме мен повесті жан-тәнімен, жүрегімен 

сезіп,  жаратылысын,  табиғи  сырын  терең  түсінетін  (қалай  сезетінін бір  Құдайдың  өзі  біледі) 

сезімтал жазушы. Бұл да жазушы бойындағы асқан талғампаздықтың белгісі екенінде сөз жоқ. 

2  -  жүргізуші:  Әуезов,  Мүсіреповтердің  кезінде  жұртты  тамсандырған  қысқа  да  ұтымды, 

әсерлі  әңгімелерінің  дәстүрлерін  әрі  қарай  жалғастыруға  тырысты.  Өз  үні,  өз  тақырыбымен 

келіп,  қарапайым  өмірлік  құбылыстарда  да  қоғамдық  үлкен  мән-мағына  жатқанын  көрсетті. 

Әңгіме  жанрының  классикалық  үлгілерінен  кем  түспейтін  өзіндік  ұлттық  ерекшелігі, 

көзқарасы, қазақы танымы бар әңгімелер тудырды. 

1- жүргізуші: Сайынның бұл еңбектері қазақ әдебиетінің бай қорына косқан өзіндік үлесі. Ал 

бұл үлес - қомақты, баға жетпес қымбат мұра еді. Жоғарыда біз айтқан топпен бірге Сайын да 

осы  кезеңдегі  қоғамдық  қақтығыстар  мен  заман  тудырған  қайшылықтардың,  әлеуметтік 

өзгерістер  мен  ағымдардың  қақ  ортасында  жүріп,  осы  құбылыстар  өмірге  әкелген  оқиғалар 

мен образдарды шығармаларына арқау етті. 

2  -  жүргізуші:  Туған  жері  бұрынғы  Талдықорған  облысы,  Қапал  ауданына  қарасты  Қоңыр 

ауылында  дүниеге  келген.  Балалық  шағына  көз  жүгіртсек,  Мұратбек  ата  оның  үлкен  атасы. 

Баласы  қайтыс  болғаннан  кейін,  бірі  бес,  екіншісі  үш  жастағы  қос  немересімен  қалады.  Бес 

жастағы  немересі  Сапарғалидан  өмірге  Сайын  келеді.  Кішкентай  бала  күні  соғыспен  дәлме-

дәл  келіп,  әкесі  майданға  аттанып  кетеді.  Содан  кішкентай  шөбересін  бауырына  басып, 

Мұратбек атасы бағып қағады. 

1 - жүргізуші: Алты жасқа келгенде, сонау «42-ші» жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Содан 

Сайын алты жасында жетім қалады. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға 

жетімдікті  сездірмеуге  тырысып  қайтадан  Сақыпжамал  деген  кісіге  үйленеді.  Ол  кісі  екінші 

анасы  болды.  Осы  алты  жасынан  кейінгі  өмірінің  біраз  жері  «Жабайы  алмада»  кеңінен 

суреттелген. 

2- жүргізуші:1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби 

курсты бітірген. Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г. 

Толмачевтің  Д.  Қонаев,  Н.  Назарбаев  туралы  деректі  повестерін,  Алекс  ла  Гуманың  «Тас 

ғалам» романын қазақшалаған.. 

«Тел өскен ұл» (реж. Ш. Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 

1  -  жүргізуші:  2003  жылы  «Жабайы  алма»  повесі  үшін  Тәуелсіз  «Тарлан»  сыйлығының 

лауреаты  атанды.  1990  жылы  «Қалың  қар»  повесі  үшін  Қазақстан  Жазушылар  одағының 

М.Әуезов  атындағы  әдеби  сыйлығы,  1998  жылы  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген 

қайраткері  атағы  берілген.  2006  жылы  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының 



лауреаты атанды. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал