Үйімізде кішкентай қара шабадан болу



жүктеу 49.93 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі49.93 Kb.

...Үйімізде кішкентай қара шабадан болу-

шы еді. Сол шабаданның үстіне қағаз жайып, ас 

ішетінбіз. Шабадан Қасымның жазу үстелі де бол-

ды. Қасым өлеңді ұзақ отырып жазбаушы еді. 

Қ

ай шығармасын болса да мейлінше жылдам, 



мейлінше тез жазып тастайтын. Есесіне өте ұзақ 

ойланып-толғанатын.  Қасымның бір әдеті - ор-

нынан тұра салып, таңертең ерте скрипка тар-

татын. Үйіміздің сыртынан арық ағып жатушы 

еді. Төсектен ерте тұрып кеткен Қасым сол арық 

суына аяғын салбыратып, тастың үстіне отырып 

алып, сыбызғы тартатын. Сондай шақта жанына 

бара қалсаң, көбіне-көп келген-кеткен кісіні сез-

бей өзімен-өзі боп, терең ойға батып отырар еді. 

Қ

атты біртолқып кеткен шақтарында сыбызғы 



тартып отырған Қасымның көзінен мөлдіреген жас 

тамшыларын да байқауға болатын. Ал сыбызғыны 

ойнап болып, үйге қайтып келе жатқан кезінде 

жолығып, екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап, 

әлдебір отты сезімдер құшағында болғанын да 

анық байқағанмын. 

Өлең алдымен  Қасымның жанына кіріп, жалы-

нына шомылушы еді. Сосын барып ақын жүрегінің 

алапат ыстығында қайнап піскен жұлдызды жыр-

лар оның көкірегін жарып шығатын. Соған көп 

мысалдың бір көрінісі күні бүгінге дейін көз ал-

дымда.  Қасымның үйде киіп жүретін боз шапаны 

жүзіне қан ойнап, көзінен от шашып, қырдың ал-

тайы түлкісін алған қырандай құлпырып отыр 

екен. Мен табалдырықтан аттар-аттамастан: 

«Міне, жаңа бір жыр дүниеге келді. Ал, кәне, 

тыңдап жібер!»-деді. Елең етіп  Қасымның да-

уысына құлағымды тостым. Теңіздей тебіреніп, 

өрттей шалқыған өр ақын әлі сиясы кеппеген 

өлеңін оқи жөнелді. 

Қ

абағын түйіп құз-тас тұр, 



Төңірегіне парық сап. 

Шыңында шулап құстар жүр, 

Айнала ұшып шарықтап. 

Кеудесі жалын қара бұлт 

Келеді төніп аспаннан. 

Алып  құз-тас сұп-сұрғылт, 

Жамылып шапан - боз тұман. 

Шық моншақтап - шып-шып тер 

Сорғалайды жасы жүзінде... 

Сол құзды көр де мені көр, 

Ойға бір шомған кезімде. 

Қ

асым небәрі үш шумақ жыр жолын оқып шықты 



да, қашанғы әдетімен маған телміре қарап: «Ал, 

кәне, қалай екен?»-деді. «Жақсы екен», -дедім 

мен. Ақын одан әрі мені сөйлеткен жоқ, шабыт-

ты шақтағы әдетімен шалқып кетті. «Мен - деді 

ол, - үстімде мынау боз шапан, өлең жазып оты-

рып айнаға қарасам, қаным ішіме тартылып 

кетіпті. Маған барлық дүние суалып, жапырақтар 

қ

уарып кеткендей әсер етті. Далада ұшып жүрген 



құ

стар дауысы естіледі. Айнадан өз бейнемді, те-

резеден тау суретін көрдім. Екеуімізде әлдебір 

ұқ

састық бар сияқты. Сол әсермен жаздым мына 



өлеңді. Өзің білесің, мен өлең жазарда ұзақ ой-

ланамын. Көп бұлттар басымды торлайды. Со-

сын олар жаңбыр болып көкірегіме құяды, жалын 

боп жаңғырып қайта шығады. Мен Қарқаралының 

Қ

аршығалы тауында тудым. Денем де, қиялым да 



қ

аршыға сияқты. Мен ескен өлкеде Бозтайлақ де-

ген өзен бар, ол Балқаш теңізіне құяды. Мен кей-

де сол өзен сияқтымын.  Қаршығалы тауының 

қ

асында Қызыларай деген тау бар. Менің кеу-



демде де сондай бір қызыл арайлар болады. 

Таудың ерекше тағдыры болады. Менің де сон-

дай өзгеге ұқсамайтын өз тағдырым бар. Дүние 

құ

былысының бәрі менің жанымнан, жүрегімнен 



етіп жатады. Биік тауларға қалың бұлттар түнейтіні 

сияқты, менің де басыма ой бұлттары түнейді...» -

деп тебірене, төгіле сыр шертеді. 

Қ

АСЫМ ШАЙДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН 

Қ

асым көшеде жүргенде әлдене деп күбірлеп, 



сөйлеп келе жататын. Мен сонда: «Сен неме-

неге өз-өзіңнен күбірлей бересің. Кісінің жа-

нында адам  құсап та жүре алмайсың», - деп 

болатын. Бір күні ол сол боз шапанын киіп ап, қара 

шабаданын алдына өңгеріп, қарсы алдындағы 

айнаға анда-санда көз тастап қойып, әлдебір жыр 

жолдарын іштей әлденеше қайталап ұзақ отыр-

ды. Бірақ біразға дейін қағаз бетіне ештеңе жазған 

жоқ. Қасымның қалың ойға берілгені соншалық, 

тіпті менің кіріп-шығып жүргенімді де байқамады. 

Бір кезде іштен Қасымның «Сәпен, әу, Сәпен, 

мұнда кел, бол, жылдам» деген ашық үні саңқ 

етті. Апыл-ғұпыл бөлмеге кіріп келсем, Қасекеңнің 

Өткен өмір 

жолына көз 

салсаң,  Қасым 

Аманжолов бүл 

тірлікке тек 

қ

иындық көру 

ушін, тек жәбір-

жапа шегу үшін 

келген сияқты. 

Ол «Өзге емес, 

өзім айтам өз 

жайымды» де-

ген сөзді тек-

ке айтпапты. 

Шынында да 

Қ

асым Аманжо-

лов өлеңдерін 

оқып оты-

рып оның бүкіл 

соқтықпалы 

жолдары мен 

өткелекті 

өмірбаянын 

түгелге жуық 

көзалдыңа 

елестету-

ге болады. Ол 

- тутастай 

өлең-өмірбаян. 

Өмірбаян 

болғанда да, 

өзі өмір сүрген 

қ

оғаммен, 

уақытпен, 

заманмен, 

адамдар 

тағдырларымен 

тамыр-

талшықтарына 

дейін бірге 

өріліп кеткен 

әмірбаян. 

Темірхан 

МЕДЕТБЕК 

«ДЕНЕМ ДЕ, ҚИЯЛЫМ ДА 

Қ

АРШЫҒА СИЯҚТЫ» ДЕЙТІН 


ұ

рсушы ем. Сонда ол: «Жарайды, батырекесі, 

қ

ойдым-қойдым», - деп жымиып күле беретін. 



Сөйтсем, ол ойына  қонақтаған, көкірегіне 

түйген, жүрегіне сыймаған отты жыр жолдарын 

ойнатып келе жатады екен ғой. 

Қ

асым шайды жақсы көруші еді. Таңертең шайға 



қ

анып алғаннан кейін ол біресе домбыра тартып, 

біресе гармоньда ойнап, біресе сыбызғысын сы-

зылтушы еді. Сосын сыртқа шығып кетіп, аула 

ішінде ойланып ұзақ жүретін. Көбіне ол түнде 

жазатын. Маған: «Сен шаршадың ғой, енді де-

мал, мен біраз жұмыс істеп тастайын», - деп 

түннің бір кезінде өлең жазуға отыратын. Сон-

дай күндерде кейде тіпті Қасымның қашан, қалай 

жазып, қай кезде жатқанын да білмей қалам. 

Таңертең оянсам, қатты шаршаған Қасым тұяқ 

серіппей ұйықтап жатады. Үстел үстінде әлі сиясы 

кеппеген жыр шумақтары жатады. Біз Городская 

көшесіндегі үйде тұрғанымызда келімді-кетімді 

кісі өте көп болды. Үйге келетіндердің бәрі дерлік 

жастар. Арасында Тахауи, Сырбай, Тәкен, Ғафулар 

бар. Қасекеңнің кейде бір шарт ете қалатын 

нажағайдай шырт етпе мінездері бар. Сонысына 

бағып, оларға қатты ұрсып та алатын. Бірақ олар 

сонда да келуін сирексітпейтін. Мен Қасымға: 

«Оларға неге сонша қатты ұрсасың, өкпелеп 

қ

алса  қайтесің?» - дейтінмін. Сонда  Қасым күліп: 



«Олар мені шын жақсы көрсе, шын дос болса, 

менің ұрысқанымды ауыр алмауы керек. Олар 

жанымның таза екенін, 

көңілімнің  қалтқысыздығын 

біледі, ендеше өкпелеп 

қ

айда барады. Ертең-ақ 



қ

айтып келеді», -дейтін. 

Шынында да солай болу-

шы еді... 



Қ

АСЫМ ҚАЛАЙ 

Қ

УАНДЫ? 

...Бірақ бір қиыны, күн 

өткен сайын Қасымның 

денсаулығы нашарлай берді. 

Сол кезде фтивозид деген 

жаңа дәрі шыққан. Сол дәрі Қасымның дертіне 

бірден-бір дауа десті білетіндер. Бірақ ол дәріні 

табу оңайға түскен жоқ. Бір күні қатты қиналған 

Қ

асым маған: «Бүгін қалай да осы дәріні тауып 



әкел!»-деді. «Қайдан, жаным-ау?» -дедім мен. 

«Денсаулық сақтау министрлігінен. Министрдің 

өзінен. Тура министрдің өзіне бар. Сосын айт, осы-

лай да осылай, мен Қасым Аманжолов дейтін 

ақынның, азаматтың жан жолдасымын, ол қазір 

төсек тартып қиналып жатыр. Мені осындай 

бұйымтаймен сізге жіберді де. Мені құрметтемесе 

де, әдебиетті құрметтейтін шығар»... 

Өмірі еш бастықтың алдына барып көрмеген 

мен Қасым айтқан соң амал жоқ, қиналсам 

да министрге бардым. Сол кездегі Денсаулық 

сақтау министрі қазіргі белгілі академик Ишан-

бай Қарақұлов еді. Бардым. Ишанбай аға менің 

сөзімді асықпай тыңдап алды да, мазалағаным 

үшін кешірім сұраған маған: «Ау, жаным-ау, мұның 

ешқандай сөкеттігі жоқ.  Қайта келгенің жақсы 

болды. Қасымдай ардагер ақынға бермеген дәріні 

кімге береміз», - деп, өз қолымен рецепт жазып 

берді. 

Сол күнгі Қасымның қуанғанын көрсеңіз! 



Көзі шүңірейіп, жағы суалған жүдеу ақынның 

жүзіне қан жүгіріп, дәл қазір құлан-таза жазылып 

кететіндей қуанып еді-ау қайран Қасым!.. 

Сол дәрімен емделгеннен кейін бұрын төсек тар-

тып жатқан  Қасым орнынан тұрып, кіріп-шығуға 

жарады. Бірақ көп ұзамай қайта жатып қалды. 

Қ

асым қандай ауыр халде жатса да, өлең жазуын 



тоқтатқан жоқ. Рас, дерт меңдеген ол өмірінің 

соңғы жылдарында өлеңді тым аз жазды, бірақ 

жазды! Сондай өлеңдерінің бірінде ол былай де-

ген еді: 

О, тағдыр, мені сауықтыр, 

Айтатын жыр, ойым бар. 

Көңілім соған ауып тұр, 

Алда бір қызық тойым бар... 

Көңілдің күйін төгейік, 

Арманда кеттік демейік. 

Бәрін де беріп ел-жұртқа, 

Қ

арыздар болмай өлейік. 



Ауырып төсек тартып жатқан шақтағы арманының 

өзі осындай еді-ау Қасымның. 



АҚЫННЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ 

...Қасым мені тағы да қасына шақыртып алды. Бұл 

он жетінші қаңтар күнгі күндізгі сағат үш кезі еді. 

Қ

асым: «Сен мені жуындыр, сосын төсекті үйдің 



ортасына сал. Сонан кейін Жазушылар одағына ха-

барла. Басшылар келсін», -деді. Мен  Қасымның 

сөздерінен қатты се-

кем алсам да, сыр бер-

гем жоқ. Айтқанының 

бәрін бұлжытпай орын-

дадым. Сол күні туыс-

туғандар,  Қасымның дос-

жолдастары бәрі келіп, 

біраз отырып, түннің бір 

уағында тарасып кетті. 

Олар барда сергек Қасым 

кісілер үйден кетісімен 

тағы да нашарлап, 

әлсірей бастады. Үйде 

отбасы мүшелерінен 

өзге ағасы Ахметжан, 

құ

дамыз Мұсылман деген кісілер бар еді. Қасым: 



«Әбділда ағай келді ме»,  - д е п қайта-қайта іздеп 

жатты. Бірақ ол кісі келмеді. Онда ол Мәскеуде 

іссапарда жүр еді. Есі кірген бір шақта Қасым мені 

жанына шақырып алып, мойнымнан құшақтап, ау-

зын  құлағыма тақап, бір нәрселер айтқысы келіп 

еді, бірақ айта алмады. Балалардың атын атады да, 

талықсып кетті. Біраздан соң есін қайта жиып алған 

Қ

асым жан-жағына күлімсіреп қарады да: «Сендер 



мені қимай отырсыңдар ғой, енді қиыңдар»,-деді 

де үзіліп жүре берді... 

Қ

асымның әкесі қырық төрт жасында қаңтар 



айында қайтыс болған екен. Қасым өзі айтушы 

еді: «Осы кезден өтсем, жүз жасай-

мын», - деп. Бірақ сол кезден ете ал-

мады.  Қырық төрт жасында әкесі 

құ

сап, қаңтар айының он жетісінен 



он сегізіне қараған түні, түнгі сағат 

бірде мәңгілік ұйқыға кетті. 



Жазып алған Хасен ӨЗДЕНБАЕВ 

(«Жалын» журналы №3, 2010 жыл. 

42-476.) 

Жұлдыздар отбасы. - 2011. - № 16. - 24-25 б 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал