Жылу құбырын ауыстыру үшін теп-тегіс жатқан асфальт жол дың бойын қопарып



жүктеу 0.75 Mb.

бет6/6
Дата08.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Өзіңіз айтқан тарих саласындағы 

талай  тың  деректер  біздің  оқулық-

тарымызға  енді  ме,  жаңа  буын  жаңа 

көзқараста  өсіп  келе  жатыр  ма,  әлде 

ескі көзқарастағы сол баяғы оқулықтар 

әлі жүр ме айналымда?

– Бұл – бүгінде үлкен проблема. Әрине, 

қазіргі  тарих  оқулықтары  бұрынғыдай 

емес, біршама өзгерген. Жаңа тұжырымдар, 

жаңа  деректер  там­тұмдап  болса  да 

оқулықтарға  еніп  жатыр.  Бірақ  біз  Отан 

тарихынан  сұранысқа  лайық  оқулықтар 

буынын даярлау ісінде кешеуілдеп жатыр­

мыз. Батыс елдерінде даярланған оқулық­

тармен танысып, мынаны байқадым. Оқу­

лық  тарда шым­шытырық тарихи процестер 

мен оқиғаларға орын берілмейді, сандық 

көрсеткіштер өте аз. Басы ашық, зерттелген, 

даусыз тарихи процестерге қатысты тұжы­

рымдар  түсінікті  тілде  баяндалады.  Күл­

бадам, күмәнді ештеме жоқ. Мақсат біреу­

ақ:  Отан  тарихы  жөнінде  нанымды  әрі 

түсінікті ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Біздің  де  оқулықтарымыздың  жүгін 

анағұрлым  жеңілдетіп,  тартымды  тілмен 

жазғанымыз жөн. Жалпы, оқулық жазуда 

екі жақтың үлесі тоғыспақ: бірі – мектептегі 

тарих пәні оқытушысының бай тәжірибесі, 

екіншісі  –  академиялық  ғылыми  зерттеу 

жұмысымен айналысатын тарихшы ғалы м­

 ның білімі. Осы екеуінің одағы мен еңбек­

терінің  тоғысуының  арқасында  жақсы 

оқулық дүниеге келеді. Ал біз бұл жағынан 

мақтана алмаймыз. Мен айтар едім, бұл 

мәселеде  Білім  және  ғылым  министрлігі 

ескеретін жағ дай бар. Бізде оқулық қалай 

жазылады? Алады да, оқу орнының оқы­

тушы сына  аяқ  астынан  «осынша  уақытта 

даярлайсың» деп тапсырма беріледі. Бірақ 

оның оқулық жазудан басқа тірлігі, жауап­

кершілігі мой нынан алынбайды. Сондықтан 

ол оқулыққа негізгі жұмысы ретінде қара­

май,  қосымша  жүк  ретінде  қарайды.  Ал 

одан  қандай  сапа лы  оқулық  шығады? 

Батыста, біріншіден, кім көрінгенге оқулық 

жазу берілмейді, кәдімгі қоғам мойындаған 

беделді ғалым, оқу орнының оқытушысы, 

ең бастысы, оқу лық жазуға білімі мен тә­

жіри бесі  жетерлік  адамға  тапсырылады. 

Екіншіден, ол барлық басқа жұмыстарынан 

босатылады. Үшінші, оған сол уақыт ара­

лығында тіршілік етуге жетерлік грант бөлі­

неді.  Бізге  де  оқулық  жазушыға  жақсы 

қаржы мен шығарма шы лық демалыс беру 

керек. Сонда барып біз жақсы жұмыс талап 

ете  аламыз.  Бүгінде  өзім  жұмыс  істейтін 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагоги­

калық университетінде осы тәжірибе бір­

шама қолға алына бастаған сияқты. Ректор 

С.Ж. Пірәлиев оқулықтар даярлауға арнайы 

гранттар белгілеуде.



–  Бүгінде  тарихшылардың  қоғам-

дағы тегеуріні қаншалықты? мұндай 

сұраққа негіз болған – қазіргі кездегі 

кез келген біреудің тарихи тақырыпқа 

кино түсіргіш болып алғандығы. тарихи 

жүгі ауыр туынды жасауда күні бүгінге 

дейін  режиссерлардың  бірі  болса  да 

сіздердің  алдарыңызға  жүгініп  көрді 

ме?

 – Жарасы асқынып тұрған тақырыпты 

тап  бастыңыз.  Қашан  айтудың  реті  түсер 

екен деп жүр едім. Ш.Уәлиханов атындағы 

тарих  институтында  істеп  жүрген  кезімде 

«Көшпенділер» фильмін түсіргелі жатқан 

режиссердің көмекшісі келді. Алдыма фи­

льм сценарийін тастап, «оқып шығыңыз да, 

кеңесші  болуға  келісім  бересіз  бе,  соны 

айтыңыз» деді. Бір түнде оқып шығып, ер­

тесіне­ақ  Талғат  Теменовтің  алдына  бар­

дым. Екеуміз фильмнің бас режиссері Рүс­

тем  Ибрагимбековке  бардық.  Ол  менің 

пікірім ді алдын ала шамалап білген болуы 

керек,  «қабылдай  алмаймын,  Мәскеуге 

асы ғыс аттанып барамын» деді. Сондықтан 

Талғат Теменовке айтуға тура келді: «Мұн­

дай фильмді мынадай әлсіз сценариймен 

түсіруге  болмайды,  егер  осы  күйі  түсер 

болса, ол біз үшін ұят болады. Тарихшы ре­

тін де  айтарым,  киноның  тарихи  негізі 

дұрыс емес», – дедім. Сөзімнің өте қойма­

ғанын байқадым. Үйге бардым да, пікірімді 

мақала қылып жазып, баспасөзге бердім. 

Басылды.  Бірақ  менің  сол  пікіріме  құлақ 

асып, қорытынды шығарған адамды көрген 

жоқпын.  Біздің  қоғамда  фильм  осылай 

түсіріледі. Бұл бір десеңіз, екінші рет дәл 

осындай жағдай «Мұстафа Шоқай» фильмі 

түсірілген кезде тағы қайталанды. Сценари­

йін Әкім Тарази жазды. Режиссері – Саты­

балды  Нарымбетов.  Кино  түсіріле  баста­

ғанда  маған  «Қазақфильмнің»  бастығы 

Сергей  Әзімов  қоңырау  шалды.  «Мәке, 

«Мұстафа Шоқай» түсіріліп жатқан түсіру 

алаңына тез жетіңіз, министр келе жатыр, 

соның  алдында  фильм  жайлы  пікіріңізді 

айтыңыз» деді. Шоқайдың аты аталған соң 

бардым. Сонда байқағаным, сценарийшіге 

де, режиссерға да, фильмнің айналасын­

дағы  ешкімге  Мұстафа  Шоқайдың  өмір 

жолын,  ұстанымын,  тұлғасын  білетін 

тарихшының  кеңесі  бір  тиынға  да  қажет 

емес  екен!  Олар  Түркиядағы  Әбдіуақап 

Қараны кеңесші етіп алған екен, ол шетелде 

жүрген  азамат  қой,  елімізден  Шоқайды 

зерттеуші  бір  тарихшыны  араластыр ма­

ғанына менің намысым келді. Мұнымен не 

айтпақпын?  Жалпы,  кино  –  үлкен  құрал, 

сондықтан  оған  үлкен  даярлықпен, 

жанашырлықпен келу керек. Өткен жолы 

Елбасымыздың  өзі  тарихи  тақырыпта  тү­

сіріл ген киноларды аямай сынады, шын­

дықты айтты. Сол неге байланысты? Апыр­

ау, біздің елімізде тарих деген ғылым бар 

ғой, оны жақсылы­жаманды зерттеп жүр­

ген  ғалымдар  бар,  олай  болса,  тарихқа 

тісін батырмас бұрын киногерлер солармен 

санасуы керек еді. 

ТМд елдеріне арналған ресейлік 1­ші 

телеарна бойынша «И все­таки я люблю» 

деп  аталатын  көпсериялы  фильм  жүріп 

жатыр.  Соңғы  серияларын  қарап,  ойға 

қалдым. Біздің кино түсіруші маман дары­

мыз, мәсе лен, осындай күйіп тұрған әлеу­

меттік тақы рыптарға, ауылдан қалаға кө­

шіп  келіп  жат қан  отандастарымыздың 

басындағы жағ дайға неге үңілмеске?



– қазір шетелден келіп, қазақ тари-

хын  зерттеуге  қызығушылық  таныту-

шы лар көбейіп кеткен сыңайлы, осын-

дай  қызығушылықтардың  астарында 

не жатыр? Сіз қалай ойлайсыз, жалпы, 

біз осыған қалпағымызды аспанға атып 

қуа нуы мыз дұрыс па, әлде қауіппен қа-

ра у ы мыз керек пе? 

– Одан қорқудың қажеті жоқ. Әлемдік 

өркениетте  ондай  үрдіс  жақсы  жетілген. 

Қазақ тарихына шетелдіктердің көзқарасын 

біліп отыруымыз керек және ол бір жағынан 

біздің  тәжірибемізді  байыта  түседі.  Біз 

қайта сол шетелдік тарихшылармен бірге 

жұмыс жасасақ, тіптен тамаша болар еді. 

Осы  тұрғыдан  алғанда  біз  ұяттымыз. 

Жапонияда Томохико Уяма деген профес­

сор бар. Саппоро университеті жанындағы 

Славяндарды  зерттеу  орталығында  қыз­

метте. Сол кісінің қазақшаны меңгергеніне 

таң қаласыз. Тамаша сөйлеп, қатесіз жаза­

ды.  Міржақып  дулатовтың  қызметі  мен 

мұрасы жөнінен диссертация қорғаған ірі 

ғалым. Сол кісі, мәселен, Орта Азия және 

Қазақ станмен  байланысып,  ғалымдарды 

конференцияларына  шақырып  тұрады. 

Мен ол кісімен сондай бір конферен ция­

лардың бірінде танысып, қазір жақсы қаты­

насып  тұрамыз.  Мен  осы  ғалымның 

еңбектерімен таныспын, ешбір бұрма лау­

шы лықты аңғарғам жоқ, қайта жаңа дерек­

термен толықтырып, біздің тарихымызды 

зерттеуге үлес қосып жүр. Енді бізге осын­

дай  ғалымдармен  бірлесіп,  ірі  жобалар 

жа сау керек.



–  меніңше,  одан  бұрын  тарихқа 

кез дейсоқ  келген  адамдарға  өзінің 

Офе лияның кейпінде екендігін түсін-

гені жө

н сияқты... Солай емес пе? 

–  дұрыс  айтасыз,  олар  алғашын да 

айналасына үрке қарап, бетеге ден биік, 

жусаннан аласа боп жү ре  ді де, төрге шы­

ғып алғасын шы найы ға лым дарды ысы­

рып,  өзі  сияқтыларды  айналасына  жи­

найды. Сосын ғы лым ның ағымын басқа 

арнаға салуға күш салады. дегенмен әр 

нәрсенің шегі бар. Мәселенің біртіндеп 

жа ғымды жаққа өзгеретініне сенемін. 



Әңгімелескен

 мәриям ӘБСАттАр

ҚАЗАҚ ЖЕРіНің ХИКМЕТТЕРі

ЕРЛіК

Алабайдың атасы – 

қазақы төбет 

 

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Алматыда күн тұтылды, 

бірақ байқалған жоқ

Азаматтың жеке басына қатысты 

деректі тарату заңды ма?

қаңтардың 15-інде Күн тұтылады деп еді. Бірақ кеше аспаннан ешқан-

дай ерекше құбылыс байқай алмадық. Күн тұтылғаны рас па? Оның адам 

ден саулығына зияны бар ма?

Салтанат СЕйІтқызы, Алматы қаласы

Кеше Алматы тұрғындары күн тұты­

луының  куәсі  болғаны  рас.  Жергілікті 

уақыт бойынша табиғаттың бұл құбылы­

сы шамамен 13 сағат 11 минутта бай қа л ­

ды. Сіздің оны көре алмауыңыздың се­

бебі, кеше Алматыда күн бұлтты болып, 

жерге тұман түсті. Сіздің сұрауыңыздан 

кейін  біз арнайы медицина маманда­

рына хабарластық, олардың айтуынша, 

күннің тұтылуы адамның денсаулығына 

кері әсе рін тигізуі мүмкін. Мұндай жағ­

дай дан,  әсіресе,  метеосезгіш  жандар 

сақ болғаны жөн. дәл осындай табиғат 

құбылысы  соңғы  рет  қаңтар  айының 

1­інде болды. Ол да Алматы аумағында 

байқалған еді.  

дәм-тұзымыз  жараспай,  күйеуіммен  сот  арқылы  ажырастым.  Сот  процесі 

кезінде  күйеуіміз  екеумізге  ғана  қатысты  кейбір  жайттар  айтылған  болатын. 

Алайда  белгісіз  біреулер  осы  жайттарды  интернетке  жариялап  жіберіпті.  Осы 

заңды ма? заңсыз болса, кімді жауапқа тартуға болады?

 Әсем ӘмІрқҰлОВА, Алматы облысы

Заңгерлердің айтуына қарағанда, аза­

мат   тардың  жеке  басына  қатысты  дерек­

терді  (азаматтардың  келісімінсіз)  тарату 

заңсыз болып табылады. Ондай заңбұзу­

шылық  үшін  бас  бостандығынан  айыру 

жазасы  қа рас   тырылған.  Алайда  сіздің 

жағ дайы ңызда кінә ліні табу қиынға со ға­

ды. Өйткені сотта қарал ған құжаттар бір­

неше адамның қолы нан өтеді. дегенмен 

істің ақ­қарасын анық тау үшін өзіңіздің тұ­

рақ ты  мекенжайыңыз  бойын ша  сіздің 

жеке басыңызға қатысты деректерді (сіздің 

келісіміңізсіз) таратқаны туралы сотқа ша­

ғым дануыңызға болады.

Соңғы жылдары тарихқа 

кездейсоқ адамдар көп 

араласып кетті 

Аязды жеңген 

ана мейірімі

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы 

Төлеуғали  Ерғалиевтің  айтуынша,  оқиға 

бы лайша өрбіген. Қыстақтағы шопан от­

ба сы  үш  шақырым  жердегі  көршілеріне 

қо  наққа барады. Кешқұрым түскен тұ ман­

ға да, күшейген ызғырық желге де қа ра­

мас тан, олар түнделетіп кері қайтуды ұй­

ға рады.  Сәл  жүргеннен  кейін  бағыттан 

адас  қандарын аңдаған отағасы келіншегі 

мен  кішкентай  ұлын  далада  қалдырып, 

қыс тақты іздеуге жалғыз кетеді. Әзер деп 

үй ді тауып, ат­шанамен қайтып оралғанда 

сұм дық көрініске куә болады.

– Жас келіншек өзінің үстіндегі барлық 

жы лы  киімдерін  ұлына  кигізген.  Сөйтіп, 

әб ден жаураған ол ауруханаға барар жол­

да көз жұмды. Ал аздап тоңғаны болмаса, 

баланың денсаулығы бірқалыпты, – дейді 

Т.Ерғалиев.



тоқтар КЕНЖЕҒАлИЕВ, Орал

Жәнібек ауданының Соркөл қыс -

та ғында тұратын 32 жастағы ана қаң-

тардың қақаған суығында төрт жасар 

ұлын құтқарамын деп қаза болды.

Бұлайша тұқымының құрып кетуіне ма­

ман дар  «репрессия  кезінде  елден  ауа 

көшкен күйлі кісілермен бірге нағыз таза 

қанды дүрегей төбеттердің де кетуі себеп 

болған» деседі. Сонымен қатар кеңес дәуі­

рінде ел арасына жиі­жиі шығып, ит біт­

кенге  қырғидай  тиетін  ит  атқыш  бри га­

далар да кінәлі. Біздіңше, төбет тұқымының 

құрып, азуына қолда бардың бағасын біл­

меген, сақтамаған, кез келген ит атаулымен 

шағылыстырып,  ұсақталып  кетуіне  жол 

берген қазақтың өзі кінәлі. 

Жағда БАБАлықҰлы, этнограф:

– Таутөбет – тау, таудай, үлкен, ірі, 

дәу, кесек дегеннен туған сөз. Таутө бет­

тер үйшікке жатпайды. Қар немесе мұз 

үстіне жата салса да, аязға еш тоңбайды. 

Әлемдегі 116 ит түрі ішінде қазақтың 

таутөбеті  ең  ірісі  болып  табылады. 

Оның кеудесі, мойны, тұмсығы – жуан, 

басы, аузы – үлкен, тістері – ірі, езулері 

са лақ тап  жүреді.  Тұмсығы  келтелеу 

бол са да, жуан болып келеді. Жүні қа­

лың,  ұзын  қылшықты.  Бас  жүні  бет­

аузын  жауып  тұрады.  Құлақтарын  да 

жүн  басып  алған.  Денесін  де  қалың 

түбіт қаптаған. Екінші түрінде жүні сәл 

тықырлау, алайда түбіті қалың шыға­

ды. 

тАрИхтАН тӨБЕт турАлы

Төбет  иттердің  шығу  тегі  жайын­

дағы мәлімет көздері б.э.б. 1121 жыл­

дардан басталады. Қазақы төбет қаң­

қалары  Шығыс  Еуропадан  Қиыр 

Шы ғыс қа дейінгі мұздақ дәуірі алдын­

дағы  климаттық  зоналы  өлкелерден 

табылған. 

Көшпенділер  өмірі  дәстүрлі  түр де 

жылқы  малымен  тығыз  бай ла нысты. 

Марко  Поло  ХІІІ  ғасырдағы  қазақтар 

туралы жазбаларында ой ға сыймайтын 

алып  денелі,  ерекше  күшті  иттер  жа­

йын да былай деп жазып кеткен: «Тайын­

шадай биік денелі иттер тағы аңдарды 

аулау да, күзетте және ауыр жұмыстарда 

тамаша  серік».  Шағатай  ұлысынан 

саяхатшы  қасқыр  алатын  бұл  иттерді 

хан  сарайынан  кезіктірген.  Оларды 

өсірумен  ханның  екі  бауыры  айна­

лысқан. Ит саны 10 мың бас көле мін де 

болған.  Қасқыр  алар  иттердің  хан 

сарайын да осынша мән беріліп, арнайы 

өсірілуі еріккеннің ермегі емес, жырт­

қыштармен  жағалас тырған  көшпенді 

өмір талабы еді. 

(tobet.kz сайтынан)

Түрікпендер алабайы мен ақалтекесін, 

аруанасы мен кілемін ұлттық мақтанышы 

етіп әлемге әйгіледі. Ондай мақтанар жә­

дігерлеріміз бізде де аз емес. Тек соны ба­

ға лай алмай жүрміз. Қазақы төбеттің тұ­

қы мы құрып кетпеген шығар, әлі де малшы 

ағайындардың сенімді серігі болып, алыс 

ауылдарда жүрген шығар деген үміт бар. 

Соны түгендеп, неге дәріптемеске? Сонда 

алабайдың  атасы  қазақы  төбет  екенін 

ғылыми тұрғыда дәлелдеп алар едік­ау... 

Айсағали қыдыр, Ақтау

Басы 1-бетте


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№4 (230) 



16.01.2010 жыл, сенбі                 

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

дода

Суретте кім?



Жұлдызды 

жазбай 

таныңыз

ФриСтайл


Дир Веллиде (АҚШ) 

фристайлдан әлем кубогы 

бәсекесінің тоғызыншы кезеңдік 

жарыстары басталды. Қазақстан 

фристайлының жас таланты 

Дмитрий Рейхард «могул» 

жаттығуында үшінші орынға ие 

болды. 

Дмитрий  рейхард  фристайлдың  осы 

түріндегі жыл басынан бергі бесінші сында 

австрия  саңлағы  Даль  Бегг-Смит  пен 

Фран ция тарланы Жильбо коладан кейінгі 

үшін ші  орынға  ие  болды.  екеуі  де  – 

бірнеше жыл «могул» жаттығуында төрт-

күл  дүниені  мойындатып  жүрген  хас 

шеберлер. Жастары да рейхардтан үлкен. 

Бегг-Смит екі күннен кейін 25-ке толатын 

болса,  Жильбо  кола  биыл  жазда  27-ге 

толады.  ал  рейхард  20-дан  асты.  тамыз-

дың 1-інде 21-ге толады. Яғни болашағы 

алда  деп  сенеміз.  ең  бастысы,  алдағы 

Ванкувер  Олимпиадасында  бағы  жанса 

екен деп тілейміз. 

рейхардпен бірге сынға түскен қалған 

екі спортшымыз аса жоғары нәтижеге қол 

жеткізе  алмады.  Дмитрий  Бармашев  28-

орынды  иемденсе,  андрей  Соколов  ең 

соңғы 59-орынға табан тіреді.

Әйелдер  арасындағы  сында  Юлия 

Галышева  17-орынға,  Юлия  родионова 

21-орынға, ал Дарья рыбалова 36-орынға 

орналасты.

Бүгін жоғарыда аталған спортшылары-

мыздың  бәрі  де  «могул»  жаттығуындағы 

алтыншы  сынға  қатысулары  керек.  ал 

кеше түнде акробаттар жыл басынан бергі 

төртінші сайыстарын өткізіп, өз өнерлерін 

ортаға салды.

СенБі күнГі СұхБат



Әзиз ЖұмАДіл

Сп

О



рт-

Сар


ап

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

ел ФутБОлы

австралияға аттанар «астаналықтар»

Бірден айта кетейік, бұл көпкүндікке коман-

даның  негізгі  көшбасшылары  алек сандр  Вино-

куров  пен  альберто  контадор  қатыспайды. 

Олардың  орнын  австралия да  аллан  Дэвис  пен 

Оскар перейро басады. естеріңізде болса, аллан 

Дэвис  өткен  жылы  осы  көпкүндіктің  жеңімпазы 

атанған болатын. Сондықтан Дэвис өз отанында 

биыл да барын сала көсілетіні сөзсіз. ал оған ис-

пандық  Оскар  перей родан  бөлек,  жерлесіміз 

Валерий Дми триев, украиналық андрей Гривко, 

сло ве ниялық  Горазд  Стангели  және  испандық 

қос майталман хосеп хуфре мен хэсус Эрнандес 

көмектесетін  бо лады.  ал  егер  осы  спортшы-

лардың  бірі  абайсызда  жа ра қат  алып  немесе 

басқа да жағ дайларға байланысты турнирге қа-

ты са алмайтын болса, олар дың орнын итальян-

дық мирко Сельваджи және жерлес теріміз Бо-

лат райым беков пен андрей Зейц басуы мүмкін.

Қаңтардың  19-ы  мен  24-і  аралығында  Австралияда  «Тур  Даун  Андер» 

велокөпкүндігі  өтеді  екен.  Бұл  турнирге  қазақстандық  «Астана»  велоклубының 

да  қатысатынын  білдім.  Дегенмен  осы  жарыста  команданың  намысын  қай 

сайыпқырандардың қорғайтындықтарын біле алмай отырмын. 

Айдос КӨБЕЕВ, Атырау қаласы

Ванкуверде қазақтың көк байрағын кім ұстап шығады?



–  Радик  Хамитұлы,  Ресейде  тә-

жірибе  жинақтап,  ысылған  жерле-

сімізбен  келісімшартқа  қашан  отыр-

дыңыздар?

–  Биыл  көктемде,  сәуір  айында, 

келісімшарт жасалған. Әу баста желтоқсан 

айына  дейін  сөз  байласып  келісілген-ді. 

Қазір бұл келісімшарт ұзартылды.

–  «Әлем  және  Еуропа  чемпионы 

болып  табылатын  Ресей  спортшысы 

Евгений  лаленков  та  біздің  елдің  на-

мысын  қорғай тын  болыпты»  деген 

сыбыс желдей есіп еді. Бұл жөнінде не 

айтасыз?

–  Шындыққа  жанаспайтын  бос  дақ-

пырт.  лаленковтің  біздің  елдің  намысын 

қорғауға құқы да жоқ. Ол үшін лаленков 

Қазақстан  азаматтығын  алуы  керек.  Бұл 

жағынан  халықаралық  федерацияның 

қоятын  талабы  да  қатаң.  Бірақ  оның 

Қазақ стан құрамасымен бірге жаттыққаны 

рас. Себебі ол – Вадим Саютиннің шәкір ті 

(ла ленков  жеке  бапкерінен  жұбын  жаз-

бай, Саютиннің қол астында жаттыға беруге 

ресей тарапынан рұқсат алған – авт.).



–  Голландия  конькишілері  жайлы 

да  біраз  «жыр»  айтылды-ақ.  «Қыз-

ғалдақтар  елінде»  бәсекелестік  өте 

жоғары болған дықтан, осы елдің ұлт-

тық құрамасының сапына іліге алмай 

жүрген  бір-екі  спортшы  біздің  құра-

маны күшейтуі тиіс еді. Алайда ресми 

түрде  бірде-бір  голланд  дүлдүлінің 

біздің елдің азаматтығын алғандығын 

естімедік.

–  Болмаған  һәм  жү-

зеге  аспаған  істі  сөз  қы-

лудың  қажеті  бола  қой-

мас. 

–  Естуімізше,  олар-

дың  отанында  екі  ел-

дің азаматтығын алу ға 

тыйым салын ған. Сон-

дық тан олар өз елдері-

нен құйрық үзіп, түпкі-

лікті кете алмаған...

– Жалғыз Голландия-

да  ғана  емес,  көптеген 

басқа елдерде де со лай.



– Дәл қазіргі Қа зақ-

стан  ұлттық  құра ма-

сының  бапкерлер  құ-

рамымен  таныс тырып 

өтсеңіз. Вадим Саютин 

және  Борис  Василь-

ковский  сынды  білікті 

мамандарға 

қан дай 

міндеттер жүк тел ген?

–  Вадим  Саютин  Қа-

зақстан құрамсы ның бас 

бапкері болып саналады. 

Ол  біздің  конькишілерді 

Ванкувер 

Олим пиа да-

сына  дайындайды.  ал  Борис  Васильков-

ский  жаттықтырушы-кеңесші  қызметін 

атқарады.  Ол,  негізінен,  ізбасар лар ды 

дайын дау ісіне көп көңіл бөледі. екеуі де 

–  ресейден  келген  маман дар.  ал  бұған 

дейін  мұзайдындағы  жел аяқ тары мызды 

баптаған Сергей Цыбенко ға Қр конькимен 

жүгіру  спорты  фе де рациясы ның  вице-

президенті қыз меті жүктелді. 



–  Жақында  конькимен  жүгіру 

спортынан  Азия  чемпионаты  аяқтал-

ды.  Оған  қыздарымыз  қатыспады. 

Неге?

– Өйткені олар жасөспірімдер арасын-

дағы әлем кубогы додасында бақ сынады. 

ұлттық  құрама  сапындағы  қыздарымыз 

әлі жас. Олардың мақсаттары да басқа.

–  Ванкувер  Олимпиадасында  не-

гізі  нен жігіттерімізге қамшы салынып, 

қыздары мыздан  тек  болашақта  үміт 

күтілетіндей.

–  Өйткені  қыздарымыз  тым  жас.  Әлі 

бұғаналары  қатпаған  бойжеткендер. 

Оларға негізінен 2011 жылы өз жерімізде 

өтетін азия ойындарында сенім артылмақ. 

Бұл орайда, екатерина айдованың Олим-

пиада  нормативін  орындағанының  өзі 

ерен жетістік болып саналады.



–  Ванкуверде  конькимен  жүгіру 

спортынан  ел  намысын  кімдер  қор-

ғайтын болады?

– Бұл сұрағыңызға осы айдың аяғында 

ғана нақты жауап бере аламыз.

–  Жалпы,  конькимен  жүгіру  спор-

тында 

лицензиялар 

бокстағыдай 

атау лы ма, әлде ұлттық федерацияға 

бөлінетін квота ма? 

–  негізі,  біздегі  лицензиялар  атаулы 

емес. Бірақ біз спортшыларды қалай болса 

солай  алмастыра  алмаймыз.  тек  Олим-

пиада  нормативін  орындаған  коньки -

шілерді  бір-бірімен  алмастыра  аламыз. 

Олимпиада  нормативі  дегеніміз  –  әр  қа-

шықтықтағы  белгілі  бір  уақыт.  Осы  бекі-

тілген уақыт ішінде жүгіріп өтіп, Олимпиада 

нормативін  орындаған  спортшы лар  ғана 

төрт  жылда  бір  өтетін  дүбірлі  додаға 

қатыса алады. ал Олимпиада нормативін 

ISU (халықаралық коньки спорты одағы) 

туы  астындағы  жарыстарда  ғана  орын-

дауға болады. Әрі ол заңды түрде тіркелуі 

керек.


– Ал Ванкуверде конькишілерімізге 

сенім артып, медаль күтуге бола ма?

– Әрине. үміт артпасақ, оларды несіне 

үкілеп  қосамыз?  кез  келген  спортшы 

Олим пиада  ойындарына  тек  қатысу  үшін 

бармайды.  Бәрі  де  «Олимпиада  ойын-

дары ның  жүлдегері  болсам»  деп  арман-

дайды  әрі  соған  талпынады.  Шамалары-

ның жеткенінше тырысады. ал кімнің бағы 

жанады,  кімнің  бабы  шабады,  оны  тек 

аламан бәйге ғана көрсетеді.



– Айтқаныңыз келсін, уақыт бөліп, 

тілдескеніңізге рақмет.

Әңгімелескен 

Нұрғазы САСАЕВ

Бүгінде  елімізде  аяғынан  нық  тұрып, 

дамып жатқан спорт түрлеріне бокс, ауыр 

атлетика, футбол, велоспорт және теннис 

секілді спорт түрлерін жатқызуға болады. 

Яғни осы федерациялардың басшыларына 

аз-кем  тоқталып  өткеніміз  артық  болмас. 

миллиардер тимур Құлыбаевтың еліміздің 

бокс  федерациясына  келуі  спорттың  осы 

түріне үлкен серпін әкелді. мәселен, өткен 

жазда Қытайда өткен азия чемпионатында 

жеңімпаз  атанған  күрзі  жұдырықтылары-

мызға 100 мың аҚШ долларынан сыйақы 

беріп  қарық  қылса,  одан  кейін  ұлттық 

құрамамыздың  бас  бапкерін  ауыстырды. 

енді  елордада  өтетін  ел  чемпионатын 

әдеттегіден  әділ  өткіземіз»  деп  желпініп 

отыр.


ауыр атлетикамыздағы толағай батыр-

ларымыз  да  қуантып  жүр.  рас,  басында 

Қайрат тұрлыханов ресейден спортшылар 

тасығанда  наразылық  білдіргендер  көп 

болды.  алайда  Эдуард  тюкин,  Вячеслав 

ершов, алла Важенина, Светлана подобе-

дова  сынды  саңлақтарға  қарап,  өзіміздің 

илья ильин, Сергей Седов, ирина некра-

сова, мария Грабовецкая сынды толағай-

ларымыз өсіп шықты. Яғни ауыр атлетика 

федерациясының 

президенті 

Қайрат 

тұрлыхановтың  ұстанымы  ақталды  деуге 



әбден болады.

Дегенмен дәл осындай бағытты ұстан-

ған  еліміздің  теннис  федерациясының 

президенті Болат Өтемұратовтың «саясаты» 

әзірге жемісін берер емес. рас, легионер-

Қай істің болсын алға 

жылжуы немесе кері 

тартуы сол саланы 

басқарып отырған 

басшының іскерлігіне 

байланысты екені белгілі. 

Сондықтан бүгінгі 

тақырыбымызда спорттың 

әр түріндегі іскер 

басшыларымыздың 

жұмыстарына тоқталып 

өткенді жөн көріп отырмыз.

леріміз  жеңіске  жетіп,  Қазақстанның  бе-

делін  халықаралық  ареналарда  асқақта-

тып-ақ  жүр.  алайда  соларға  қарап,  өсіп 

жатқан өз түлектерімізді әлі де болса бай-

қай  алар  емеспіз.  Ол  үшін  анда-санда 

бол са  да  келімсектер  мен  жеткіншек-

теріміздің  басын  қосып,  біріккен  оқу-

жаттығу жиындарын өткізіп тұру керек-ау.

Велоспорт  федерациясының  прези-

денті  Қайрат  келімбетовтің  жұмысына 

баға беруге әлі ертерек. Өйткені «Самұрық-

Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  аҚ  төр-

ағасы  велоспорт  федерациясына  басшы 

болып  сайланғанына  небәрі  үш-ақ  ай 

болды.  Әзірге  оның  ел  велоспорты  үшін 

тындырған  ең  үлкен  ісі  –  «астана»  вело-

клубына  төрт  жылға  60  миллион  евро 

бөлді.  ел  футболын  басқаратын  Әділбек 

Жақсыбеков  «астана-арена»  стадионын 

ашқанымен,  Қазақстан  футболындағы 

жемқорлықпен  күресуімен,  сондай-ақ 

халықаралық  «президент  кубогы»  тур-

нирі нің  негізін  қалауымен  жанкүйер лер-

дің есінде қалатын болды. Шайбалы хок-

кейді  басқаратын  асқар  мәмин  «Барыс» 

клубын  Құрлықтық  хоккей  лига сына 

қосуымен есте қалатыны анық. ал гандбол 

спортының тізгінін ұстаған Гүлнәр тұрлы-

ханова  өз  қызметінде  ең  ұзақ  тұрақтаған 

федерация  президенттерінің  бірі  ретінде 

есте қалмақ. айта кетейік, Гүлнәр Смағұл-

қызы  еліміздің  гандбол  федера циясын 

1999 жылдан бері басқа рып ке леді.

Өкінішке  қарай,  кейбір  федерация 

президенттері  өз  қызметтерінде  ауыз 

толтырып  айтарлықтай  жетістіктерге  жете 

алар  емес.  мәселен,  2005  жылдың 

басында жеңіл атлетика федерациясының 

басшысы болып сайланған генерал-майор 

павел  новиков  «спорт  падишасына»  еш 

серпін  бере  алмауда.  Сонымен  қатар 

нысана  көздеу  федерациясының  прези-

денті  иманғали  тасмағамбетовтің  спорт-

тан  гөрі  саясатқа  жақын  екеніне  көпшілік 

оқырманымыз 

келісетін 

болар. 


ал 

кестеден  еліміздегі  кейбір  спорт  феде-

рацияларының  басшыларымен  та ны сып 

шыға аласыздар.

Сіздің  сұрағыңызға  жауап  беру  үшін 

Қр туризм және спорт министрлігі Спорт 

комитетінің төрағасы анатөлі Құлназаров 

ағамызбен хабарластық:

– Әзірше Ванкуверде өтетін ххі қысқы 

Олимпиада  ойындарының  ашылу  салта-

натында  еліміздің  қасиетті  рәмізін  Диас 

кенешев  ұстап  шығады  деп  отырмыз. 

нақтырақ айтқанда, Диас – осындай ма-

ңыз ды  мәртебелі  үміткердің  бірі.  нақты 

шешім  алдағы  уақытта  қабылданады. 

Бірақ  тү бінде  туды  Диас  кенешев  ұстап 

шығатын  шығар.  ықтималдығы  басым. 

Ол  –  халы қ аралық  дәрежедегі  спорт 

шебері,  азия  ойындарының  күміс  жүл-

дегері, бірнеше дүркін ел чемпионы.

–  ал  абзал  рақымғалиев  ше?  Оның 

кандидатурасы қаралмады ма?

– абзал әлі жас. Әрі Диастың спорттық 

лауазымы  салмақтылау.  Қанша  айт қан-

мен,  ол  халықаралық  дәрежедегі  спорт 

шебері.


Кеше электронды басылымдардың бірінен «Ванкуверде өтетін Олимпиада 

ойындарының  ашылу  салтанатында  Қазақстанның  туын  биатлоншы  Диас 

Кенешев ұстап шығады» деген ақпаратты оқыдым. Бұл рас па, шынымен-ақ 

ту ұстаушымыз Кенешев бола ма? 

мақпал ТүСіп, Балқаш қаласы

үмітіміз көмескі, 

жігіттеріміз қабілетті

Бәрі де басшыға байланысты

12-28 ақпан аралығында 

Ванкуверде (Канада) ХХі 

қысқы Олимпиада ойындары 

өтеді. Алауы 26 күннен 

кейін тұтанатын дүбірлі 

додада конькимен жүгіретін 

жүйріктерімізге де үлкен 

сенім артамыз. Себебі әлеуеті 

зор конькишілерімізді 

дайындау үшін шетелдік 

мамандар тартылуда. 

мысалы, қазір Қазақстан 

ұлттық құрамасын Вадим 

Саютин жаттықтыруда. Негізі, 

Саютин – Қазақстан тумасы. 

1994 жылға дейін туған 

жерінің намысын қорғаған. 

90-жылдардың бірінші 

жартысында конькимен 

жүгіру спортынан Олимпиада 

чемпионы болған орыс қызы 

Светлана Баженоваға үйленіп, 

Ресейге қоныс аударған. 

1994 жылы лиллехаммерде 

өткен ХVіі қысқы Олимпиада 

ойындарынан соң Ресейдің 

намысын қорғай бастаған. 

Кейіннен бапкер болып, 

Ресей құрамасының аға 

жаттықтырушысы да болған. 

Жалпы, конькимен 

жүгіру спортынан Қазақстан 

құрамасы сапында өзгеріс 

көп. мысалы, қазір конькимен 

жүгіру спортынан ҚР 

мемлекеттік жаттықтырушысы 

қызметін Радик Бикчентаев 

атқарады. Олимпиада 

ойындарына үш мәрте 

қатысқан (лиллехаммер-

94, Нагано-98, Солт-лейк-

Сити-2002) көпшілікке 

танымал спортшымызды 

лауазымды қызметімен 

құттықтай отырып, көкейдегі 

сұрақтарымызды көлденең 

тартқан едік. 

Көрініп-ақ  тұрған  шығар,  бұл 

суреттің  түсірілгеніне  бірта лай 

жыл  дың  жүзі  болған.  Яғни  бүгінгі 

күннің спортшыларымен шатас ты-

руға негіз жоқ. Кезінде өзі шұғыл-

данған  спорт  түрінен  КСРО-ның 

бірнеше  дүркін  чемпионы  ата нып, 

1989 жылы әлем біріншілігін жеңіп 

алған  саңлағымыздың  бүгін де 

жеке  кәсіпкер  деген  бейресми 

атағы бар. Қай спортшыны меңзеп 

отырғанымызды  түсінген  шы ғар-

сыз дар? үлкен спорттың табалды-

рығын  1970  жылдары  аттаған 

сайып қыранымыз  1991  жылы  қо-

лына  калькулятор  алып,  сауда мен 

айналыса  бас та ған  екен.  Әл бетте, 

еріккеннен  емес,  мәжбүр лік тен 

еке ні  айт паса  да  түсінікті  болар. 

Алайда  қай  саланың  болсын  көзін 

таба  білген  саңлағымыз  мұнда  да 

зор  жетістіктерге  жетіп  үлгер ген. 

Сонымен,  кешегі  спорт шы,  бү гінгі 

кәсіпкер саңлағымызды жа ңыл май 

табасыздар деп сенеміз. 

А) марат Сатыбалдиев 

Ә) Жақсылық үшкемпіров

Б) Ғалымжан Жақиянов

В) Қанат Сиқымбаев

«Жұлдызды  жазбай  таныңыз»  ай-

дары ның өткен жолғы нөмірінде Сид-

ней Олимпиадасының жеңімпазы, жа-

бық  иммараттағы  әлем  біріншілігінің 

чемпионы  Ольга  Шишигинаның  кіш-

кентай  кезінде  жаңажылдық  шырша-

ның жанында түскен суретін бергенбіз. 

Бір ден  айта  кетейік,  бағыт-бағдарды 

ая май  бергендіктен  бе,  жоқ  әлде 

Олим пиада  чемпионы  кішкентай  ке-

зіндегі  сүйкімді  қалпынан  мүлдем 

өзгермеген бе, әйтеуір, редакциямызға 

қоңырау ша лып, өз жауаптарын айтқан 

оқыр мандарымыз  әдеттегіден  көп 

болды. ал солардың ішінде ең бірінші 

болып  хабарласқан  оқырманымыз  – 

алматы лық  ағамыз  аманбай  Бай-

нимиров.  енді  Шишигина  туралы  аз-

кем  айтып  өтсек.  үлкен  спортқа  1978 

жылы, яғни 10 жасында қадам басқан 

саңлағымыз  алғашқы  үлкен  жеңісіне 

1994  жылы  хиросимада  өткен  азия 

ойындарында  жеткен.  ал  2007  жылы 

жарақатына 

байланысты 

үлкен 

спорттан кетуге мәж бүр болған.



БиатлОн

Норвегия 

дүлдүлдері 

дес бермеді

Рупольдингте (Германия) 

биатлоннан әлем кубогының 

бесінші кезеңдік жарыстары одан 

әрі жалғасуда. Ерлер арасындағы 

10 шақырымдық спринт те өте 

шиеленісті өтті. Әйелдер 

арасындағы қысқа 

қашықтықтағы дода тура 

осындай бәйгеден асып түспесе, 

кем түскен жоқ. 

ерлер  арасындағы  қысқа  қашықтық-

тағы жарыста 132 биатлоншы бақ сынады. 

Қазақстаннан  әдеттегідей  төрт  спортшы 

емес, екі-ақ биатлоншы қатысты. екеуі де 

аса  жоғары  нәтиже  көрсете  алмады. 

Себебі  жігіттер  арасындағы  сында  да 

бәсекелестік  аса  жоғары  болды.  мұнда 

көптеген  елдердің  биатлоншылары  өз 

елдерінің ұлттық құрамаларының сапына 

ілігу  үшін  тер  төгуде.  Әлем  кубогы  дода-

сының  Ванкувер  Олимпиадасына  дейінгі 

соңғы екі кезеңдік жарыстарында бапкер-

лерінің сеніміне ие болу үшін жанталасуда. 

Осындай  шектен  тыс  бәсекелестік  бары-

сын да спорттық баптарын шыңдап жүрген 

біздің жігіттер «көлеңкеде» қалып қойды. 

Сөреден  41-болып  шыққан  александр 

Червяков 49-орынға тұрақ тады. Жылдам-

дығы  қарқынды  болмады  демесеңіз, 

жамбы  атудағы  көрсеткіші  жаман  емес. 

алғашқы, яғни шынтақтап жатып нысана 

атуда  мүлт  кеткен  жоқ.  Бес  оғын  да 

көздеген  жеріне  дөп  тигізді.  тек  екінші, 

яғни  түрегеп  тұрып  нысана  көздеу де  бір 

оғын «далаға» жіберді. ал жарыс жолына 

қатысушылардың  соңына  қарай  шыққан 

Ян  Савицкий  99-орынмен  шек тел ді. 

Жамбы 

атудың 


бірінші 

сынында 


(шынтақтап жатып нысана көздеуде) қара 

басып,  үш  рет  мүлт  кетті.  ал  екіншісінде 

тағы  бір  оғын  көздеген  жеріне  тигізе 

алмады.  Осылайша,  150  метрлік  айып 

шеңберін  төрт  рет  айналды.  есептей 

беріңіз: 150 х 4 = 600 метр.

ал нағыз қызықты бәсеке норвегияның 

қос  қыраны  арасында  өрбіді.  Осы  елдің 

24-тен асқан жас перісі Эмиль хегле Свен-

дсен  11  күннен  кейін  36-ға  тола тын 

«биатлон королі» Оле Эйнар Бьёрнда лен-

нен 3,2 секунд озық шығып, бірінші орын-

ды иеленді. негізі, тәжірибелі Бьёрн дален 

өз  отандасынан  бірер  секунд  алда  келе 

жатқан. Бірақ жастың аты – жас. Свендсен 

мәре  сызығына  800  метр  қал ғанда  дө-

ңеске қалай тез шыққаны белгісіз, әйтеуір 

даңқты  жерлесін  сан  соқтырып  кетті. 

Бірінші орыннан басқасына көңілі толмай-

тын  Бьёрндален  шынымен-ақ  құлазып 

қалды.  үшінші  орынға  неміс  тарланы 

михаэль Грайс ие болды.

рупольдингте енді әйелдер және ерлер 

арасында  эстафеталық  жарыстар  мен 

масс-старт бәйгелері өтеді.

Әлихан ЖАппАР

Рейхард жеңіс 

тұғырына «ту тікті»

ЕліміЗДЕГі КЕЙБіР СпОРТ 

ФЕДЕРАЦИЯлАРЫНЫҢ 

пРЕЗИДЕНТТЕРі

Спорт түрі

Президенті

ауыр атлетика

Қайрат тұрлыханов

Баскетбол

асқар Сманқұлов

Бокс 


тимур Құлыбаев

Велоспорт

Қайрат келімбетов

Волейбол


нұртай Әбіқаев

Гандбол


Гүлнәр тұрлыханова

Жеңіл атлетика

павел новиков

кикбокс


ирак елекеев

нысана көздеу

иманғали тасмағамбетов

Футбол


Әділбек Жақсыбеков

теннис 


Болат Өтемұратов

Су спорты

темірхан Досмұхамбетов

тай боксы

кәрім мәсімов

Гольф


нұртай Әбіқаев

Жастарды жарылқап 

жатырмыз

Қазақстан футбол 

федерациясы атқару комитетінің 

кезекті отырысы өтіп, онда ел 

футболына байланысты бірқатар 

мәселелер қарастырылды.

атап  айтар  болсақ,  премьер-лиганың 

қысқы  трансферлік  маусымы  қаңтардың 

1-інде  ашылып,  наурыздың  20-сында 

жабылатын болды. ал жазғы трансферлік 

маусым  бір  айға,  яғни  маусымның  15-

інен  шілденің  15-іне  дейін  созылады. 

Сондай-ақ 

премьер-лига 

клубтары 

біріншілік  барысында  Қазақстан  жастар 

чемпионатында өнер көрсететін түлектерін 

өз  командасының  негізгі  құрамына  тарта 

алады.  Және  де  ҚФФ  атқару  комитеті 

қарастырған тағы бір мәселе – премьер-

лига клубтарының бас бапкері уеФа-ның 

PRO тур лицензиясынан өткен болуы керек. 

естеріңізге  сала  кетейік,  биыл  Қазақстан 

чемпионаты 22 наурызда басталады.

Арсен ЖАНӘДіл


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№4 (230) 



16.01.2010 жыл, сенбі                     

www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

думан

№4 (230) 



16.01.2010 жыл, сенбі                    

www.alashainasy.kz

8

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет



e-mail: info@alashainasy.kz

Шығуы 

 

        Ұзақтығы   

          Батуы

   9.11 

 

             8.27 

 

           17.38       



Бүгін:

Әзіл-шыны аралас

C

M

Y



K

C

M



Y

K

C



M

Y

K



C

M

Y



K

Бір келіншек дәрігерге келеді:

– Соңғы кездері ештеңені есте сақтамайтын болып жүр мін.

Дәрігер:


– Қиын жағдай екен... Шешініңіз.

* * *


– Қымбаттым, ертең үйленгеннен кейін мен сенің барлық 

уайым-қайғыңмен бөлісемін... 

– Жаным, менде уайым-қайғы жоқ қой! 

– Мен үйленгеннен кейін деп айттым ғой.

* * *

–  Осы  «Рамстордың»  белгісінде  неге  кенгурудың  суреті 



тұра ды? 

– Өйткені онда баратын байлар кенгурулар сияқты «қал та-

лы лар отрядына» жатады.

***


Күнделіктегі жазу:

Жарқын жақта өмір сүрейін деп, «Билайнға» қосылып еді м,  

бір жыл өтті – өзгерген ештеңе жоқ. Сол баяғы күйбең тірші л і к...

Газетіміздің №3 (229) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

Көлденеңінен: 

Қолжаулық. Ынта. «Татра». Мор. Жала. Қазына. «Ардақ». Шұрат. Коллаж. Әпке. Аалы. Лев. Ар. Анна. Арша.



ТіГінен:

 Соната. Ұлпан. Зор. Ажырғы. Акела. Ана. НАТО. Фут. Жар. Лава. Лама. «Дала». Олжа. «Алаш». Оқыра. Құжыра. 



ЖҰлдыз-Жорамал

ТоқТы

Сіздің  бүгін  махаббат 

мәселесінде  жолыңыз  бо-

лады.  Бұл  жаңа  роман ти-

калық қатынастардың жақ сы 

қалыптасуына  ықпал  етеді. 

Тіпті  сіздің  «жүрегіңіздің  жар-

тысы» баяғыдан бар болған жағ-

дайда да, онымен оңай ортақ тіл 

табысып,  ойыңыздағы  бұйым-

тайларыңызды  бір-бірі ңізге 

қиын дықсыз орын дата сыздар. 



Торпақ

Алдын  ала  жоспарлан-

баған  алыс  жолсапарға  бү-

гінше  шықпауға  жұл дыз дар 

кеңес  береді.  Үйіңізден  жы-

рақта өзіңізді жайсыз сезініп, 

жағымсыз  жағдайға  ду шар  бо-

луы ңыз ғажап емес. Осы дан бас-

қаның бәрінде кү ніңіз сәтті болады. 

Өз шығар ма шылық мүм кіндігіңізді 

қол дана алатын істермен ай на лыс-

қан жөн. 



еГіздер

Бүгінгі күн сіз үшін оңай ға 

соқпайды.  Сол  үшін  жұл-

дыздар  сізге  өте  күрделі  іс-

терге  уақытша  кіріспей  тұра 

тұруға кеңес береді. Сол се-

кілді сізге қиын сәттерде кө мекке 

келуге  уәде  бергендерге  сен-

бесеңіз де болады. Бар лы ғын өз 

бетіңізше  шешуге  дайын  болы-

ңыз. Кедергілерді тек өз кү шіңіз-

бен жеңесіз.



Шаян

Сізде  бүгін  жеке  басы-

ңыз ға  байланысты  мә се ле-

лер туындауы мүмкін. Жақ сы 

көретін  адамы ңыз бен  ара-

дағы  түсініспеу ші лік  үлкен 

дауға ұласып кетуі де мүмкін. Бір 

келісімге келуге еш асықпайсыз. 

Тым  болмаса,  та ту лықты  сақтау 

дұрыс тығы ңыз ды  дәлелдеуден 

гөрі өте маңыз ды екенін түсінуге 

тырысыңыз. 



арысТан

Бүгінгі  күн  сізді  қар жы-

лық  қиындықтарға  әкеліп 

тірейді.  Шығындарыңызды 

қысқартуға тура келеді, оған 

қоса қосымша кіріс көзі ту ра-

лы  ойланатын  кез  кел ді.  Ке ле-

шектен  көп  үміт  күт ті ре тін  жос-

парларыңыз көп бол ға н мен, оның 

бәрін іске асыру оңай болмайды. 

Сол үшін жа ны ңызға сенімді дос 

табыңыз. 



БиКеШ

Барлығы  өз  ойыңыз да-

ғыдай, өзіңіз күткендей бол-

маса  да,  бүгінгі  күніңіз  сәтті 

болатынына сеніңіз. Жұл дыз-

дар сізге барлық істерде қол-

дау көрсетуге уәде береді. Батыл 

бастамалар  мен  ерекше  ше шім 

қабылдаудан қорық паған дұрыс. 

Қарым-қатынаста тосын ешнәрсе 

болмайды, сізді тұрақтылығымен 

қуантады. 



Таразы

Сізге  өзіңізді  қоршаған 

ортаға мұқият болып, әрбір 

сөзіңізге  мән  берген  жөн. 

Өйт кені  бұл  күн  сізге  өзіңіз 

әр қа шанда қолдауына се ніп 

кеткен адамдармен қарым-қа ты-

наста қиындықтар әкелуі мүмкін. 

Жағдай  жақсы  қалып тас пайды, 

себебі алдында ке лі сіл ген келісім-

шарт бұзылып, үмітіңіз ақталмауы 

мүмкін.


сарыШаян

Жұлдыздар  бүгін  сізге 

қанша  қажет  болса,  сонша 

демалып алуға кеңес бере ді. 

Сіз өз күшіңізді асыра ба  ға  лап, 

өте күрделі істерге кірісе кетуге 

бейім  тұрасыз.  Есі ңізде  болсын, 

бүгін сіз ай на ла ңыз дағы адамдардан 

адал, риясыз көмек ала алмайсыз. 

Сіз де тек ақылы әрі еңбегіңіз ақта-

латын қызмет көр сеткеніңіз жөн.

мерГен

Бұл  күн  сіз  үшін    жаны-

ңызға жағымды күн бола ды. 

Ең бастысы, өзіңіздің қа лып-

тасқан  бет-бейнеңізді  түбе-

гейлі тәжірибеден өт кізу ден 

бас  тартыңыз.  Бұл  ақша ңызды 

жел ге шашқанмен бірдей болады. 

Ал  үйіңізге  жиһаз  сатып  алудан 

қорықпаңыз, талғамыңыз сәтті бо-

лары сөзсіз.Таныстыққа да қолай-

лы.


ТауеШКі

Қақаған қаңтардың су ы-

ғынан  абай  болып,  өз  ден-

сау лығыңызға көбірек көңіл 

бөлгеніңіз жөн. «Ауы рып ем 

іздегенше, ауырмайтын жол 

ізде» дегендей, өз-өзіңізге сақ бо-

лыңыз. Ал денсаулықтан басқа сы-

ның бәрі, ойыңыз дағы дай бо ла ды. 

Әсіресе  сүйіктіңізбен  қа рым-қа-

тынасыңыз өте керемет қа   л ып  та-

сады.


суқҰйғыШ

Бұл күніңізді тек дема лыс-

қа арнап, босқа өткіз бегеніңіз 

жөн. Алды ңыздан жақсы мүм-

кіндіктер ашы ла ды, оны пай-

да ланып  қалма саңыз,  кейін 

өзіңіз қатты өкінетін боласыз. Өзі-

ңізге  сүйкімді  адам дардың  көме-

гінен де бас тарт паңыз. Кө шіп- қону-

ға неме се үйіңізге үлкен жиһаздар 

сатып алуға аса қолайлы күн.

БалықТар

Сіз  бүгін  қарым-қаты-

наста талғампаз болып, әр бір 

адамның пиғылын тани білуі-

ңіз  қажет.  Күн  аса  күр де лі 

емес, кедергілер кез дес се де 

оларды оңай жеңіп шығасыз. Ескі, 

көптен  бері  ой лан дырып  жүрген 

жоспар лары ңызды жүзеге асыруға 

мүмкіндік туады. Бұл аңсаған ар-

ма ныңызға бір қадам жақын да та-

ды. 


Жм

Сб

Жс



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жс

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сб

Жс

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сб

Жс



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

См



Жс

қаңтар

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30 

31

ауа райы

­

­

­­



СіЗ ЕСТіДіңіЗ БЕ?

ресми анкара израиль сыртқы істер министрінен түрік елшісінің 

жеке басын «кемсітетін қарым-қатынасы үшін» кешірім сұраған 

қос бірдей хат алды.

иран ислам 

республикасының 

президенті 

махмұд 

ахмадинежадтың 

жеке сайтына 

әлдекімдер кілтті 

бұзып кіріп, оған 

өлім тілеген жазба 

қалдырды. 

Жазбаның 

мазмұнына 

қарағанда, олар 

марқұм майкл 

джексонның 

табынушылары.

Хакерлер Ахмадинежадқа 

өлім тіледі

«Көкжалдар мекені» 

еврейлерге ұнамады

MIGnews.com  пор-

талының  хабар лауын-

ша, хакерлердің әре ке ті 

салдарынан Пр  е   зи  ден т-

тің жеке сай тын ашқан 

адам басқа бір веб-бе т-

ке тап болады. Онда күлкілі мазмұндағы мынадай жазба қал-

дырылған:  «Қымбатты  Жаратушы!  2009  жылы  сен  біздің 

сүйік ті әншіміз Майкл Джексонды, сүйікті әртістеріміз Патрик 

Суэйзи  мен  Фара  Фосетті,  сүйікті  дауысымыз  Недуді  алып 

кеттің. Енді 2010 жылы сүйікті саясаткеріміз Ахмадинежад 

пен сүйікті диктаторымыз Хаменеиді де алып кетуді өтінеміз. 

Рахмет, Саған!»

Онда  «Сіздің  жеке  басыңызды  кемсіту  менің  ойымда  болған  жоқ.  Мен 

сондай-ақ өз ойымды қате жеткізгенім үшін түрік халқынан кешірім сұраймын» 

делінген. Екі ел арасындағы дипломатиялық келеңсіздіктер Израильдің Түркияда 

«Көкжалдар  мекені»  телехи-

кая сының көрсетілуіне байла-

нысты  наразылық  білдіруінен 

туындап отыр. Аталған фильм-

де израи ль дік әскерилер бей біт    

палести налықтардың      ө л і   міне 

се бепкер  ретінде  кө р    се тіледі. 

Дүйсенбі күні Из раиль сыртқы 

істер минис трі Дани Аялон Түр-

кия  елшісін  өзіне  шақыртып, 

осы тақырып та біраз ауыр сын 

айтқан бола тын. 

Кеше Түркия премьер-ми-

нис  трі Реджеп Тайып Эрдоған 

кешірі мнің  қабылдана тын-

дығын  жет кіз ді.  Бұған  дейін 

Түркия  Президенті  Абдулла 

Гүл  «Изра иль  саясаткерлері 

рес ми түрде кешірім сұрамаса, 

Израильдегі  елшілігін  қайта-

рып аламын» де ген мәлімдеме 

жасаған бола тын.

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Нұрмұх

амед МАМЫРБЕК

ОВ

республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет



Бас редактор  – 

с

ерiк Ж

ан

Б

ола

Т 

м

ұратқали 

д

Ү

йсен

Б

ае

В 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


м

ақсат Ә

д



Х

ан

 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Бөлiм редакторлары: Құб

аш 


МЕ

ң

ДIҒА



ЛИЕВ 

– 

саяси 



бюро, 

те

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т т

ел,.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел: 

388-80-68

Қу

анышбек ҚАРИ – меншiк



тi 

тiлшiлер қосыны, т

ел.: 

388-80-62

а

стана филиалы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31

Те

л.:



 +7 (7172) , 54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Жандос БӘ

дел

Ұ

лы

 – 

ст



ана филиалының ж

ет

екшiсi)



besbogda@mail.ru besbogda@y

ahoo.c


om

Мұр


ат А

ЛМА


СБЕКҰЛЫ – тiлшi

Салт


ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



а

ймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т


ел.: 8702 5876587

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Қос


танай – Алмагүл 

СҰЛТ


АНОВ

А

, т



ел.: 87774067903

Қ

ызылж



ар – Ерб

ақыт 


А

МАНТ


АЙ

, т


ел.: 

8 7054418255

Қызылорд

а – Әділж

ан 

ҮМБЕ


Т, 

те

л.: 87777054466



Өск

емен – Ж


азир

а 

СҰЛТ



АНҚЫЗЫ

, т


ел.: 87775797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Газ


ет 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат 

 

минис



трлiгiнде 

тiрк


елiп, 

бұқар


алық 

ақпар


ат 

құр


алын 

есепк


е 

қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция 


авт

орлар 


мақаласы 

мен 


ж

арнама 


мазмұнына 

ж

ау



ап 

бермейдi.

Авт

орлар қо


лж

азб


асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi 

екi 


компью

терлiк 


бе

тт

ен 



(14 

кег


ль) 

ас

атын 



ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш 

айнасынд


а» 

ж

арияланған 



мақалалар 

мен 


суре

тт

ердi 



көшiрiп 

немесе 


өңдеп 

бас


у 

үшiн 


ред

акцияның 

ж

азб


аша 

рұқс


аты 

алынып, г

аз

етк


е сiлт

еме ж


ас

алуы мiнде

ттi.

қ

ұрылтайшысы және меншiк 

иесi – «Т

олғау

» ЖШ

с

д

иректор –  

а

лександр Филимонович 

ан

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №868

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №41

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №1029

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Газ


ет сейсенбi, сәрсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

ек

сi: 6



42

59

Ре



да

кц

ия



ны

ң м


ек

ен

ж



ай

ы: 


Ал

ма

ты қ



ал

ас

ы,



05

00

51



, Б

ег

ал



ин к

өш

ес



і, 1

48 а


Те

ле

ф



он

8



(7

27)

38

8-

80

-6

0, ф

ак

с: 



8(

72

7)

38

8-

80

-6

1

e-

m



ai

l: in



fo

@

al

as

ha

in

as

y.

kz



-22-24



о

 



 -27-29



о



 



-2-4

о

 



 



-7-8

о

 



-16-17

о

 

­



-20-23

о

 



-17-18

о

 



  -22-24



о



 -6-8



о

 



 -14-16



о

 



0-2

о

 

­



-7-8

о



-27-28 



о

 



 -34-37 



о



 -23-24



о

 

­



-28-32

о

         



-24-27

о

 

­



-29-33

о



 -12-14



о

 



 -16-18



о

 



-5-6

о

 

­



-8-10

о

 



-1-2 

­



-4-5 

о

 



-24-26

о

 



 -28-30



о



 -22-24



о

 



 -26-30



о



 



-23-24

о

 



 -29-32



о



 -20-24



о

 



  -27-30



о



 



-2-4

о

 

­



-6-8

о



-7-8



о

 



 -13-16



о





қаңтардың 16-ы

алаштың атаулы күні

• 1992 жылы Швеция Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындады



Туған күн иелері 

қанат Байғарин (1952) – «Астананың жаңа университеті» АҚ 

стратегия және даму департаментінің директоры;



алмахан Кенжебекова

 (1950) – актриса, Қазақстанның еңбек 

сіңірген әртісі;

 

Таңатар сұлтанбеков (1952) – «Алматықалақұрылыс» АҚ бас 

директоры;

қасымбек Хаметов (1952) – Оңтүстік Қазақстан облысы Мақ-

таарал ауданының әкімі;



Болатбек Бұлғақбаев (1953) – Орталық Азиялық аймақтық-

ақпараттық үйлестіру орталығындағы Қазақстанның өкілетті өкілі, 

генерал-майор;

марат ибраев (1958) – Ақмола облыстық білім басқармасының 

бастығы;


мейіржан Әлжанов (1962) – Ақтөбе облыстық жер қатынастары 

басқармасының бастығы;



Эрланд Төлеубаев (1964) – Атырау облысы бойынша Кедендік 

бақылау департаментінің бастығы, полковник;



Талғат  донақов  (1965)  –  Президент  Әкімшілігі  жетекшісінің 

орынбасары;



Біржан қанешев (1966) – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 

қоры басқарма төрағасының кеңесшісі;



дәурен  молдағалиев  (1966)  –  «Қазпошта»  АҚ  басқарма 

төраға сы;



арман Әбікенов (1971) – Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ депар-

та менті директорының орынбасары;



Әділжан Үмбет (1976) – «Алаш айнасы» газетінің Қызылорда 

обылысындағы меншікті тілшісі.



қаңтардың 17-і

алаштың атаулы күні

• 1960 жылы «Зерде» ғылыми-танымдық журналы «Білім және 

ең бек» деген атпен жарық көрді.

• Бүкіләлемдік діндер күні. 

1950  жылдан  бастап  БҰҰ-ның  бастамасымен  қаңтардың  үшінші 

жексенбісінде аталып өтеді.



Туған күн иелері

Энгельс ғаббасов (1937) – жазушы;

Тасболат егібаев (1938) – техника ғылымының докторы, профессор;

райс  Төлебаев  (1941)  –  медицина  ғылымының  докторы,  профессор, 

академик;



Болатбек дүйсемәлиев (1947) – «Қазақстан теміржолы» ҰК тасымал бас-

қар масы орталығының директоры;



мәлік алпысбаев (1952) – Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті 

төрағасының орынбасары;



сағидолла  мұқатаев  (1952)  –  Қостанай  облысы  Лисаков  қаласы 

бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары;



айгүл соловьева (1952) – Мәжіліс депутаты, Қазақстанның азаматтық 

альянсының президенті;



марат  Күзетов  (1954)  –  Қазақстанның  Тәжікстандағы  елшілігінің 

кеңесшісі, полковник;



құдайберген Бексұлтанов (1956) – Қарағанды қалалық мәслихатының 

хатшысы;


аманкелді  сәрсенбаев  (1956)  –  Алматы  қаласындағы  Бостандық 

аудандық сотының төрағасы;



ғибрат сүлейменов (1956) – Атырау және Маңғыстау облыстары бойын-

ша аймақаралық жер инспекциясының бастығы;



рызақұл нұртаев

 (1960) – Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетек-

шісі;

ирина Бектиярова (1961) – «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директо ры;

нұрай оразов (1963) – «Арна-медиа» ұлттық ақпарат холдингінің басқа-

ру шы директоры.



қаңтардың 18-і

алаштың атаулы күні

• 1992 жылы Австрия Қазақстан Тәуелсіздігін мойындады.

Туған күн иелері

нүсіпжан нұрманбетов (1938) – сенатор;

Юрий мизинов

 (1950) – «ZonaKZ» интернет-газетінің бас редакторы;



Шыңтас өтепов (1957) – генерал-майор;

Сейітқали Ғалиев (1958) – Д.Қонаев атындағы Кен істері институтының 

директоры, техника ғылымының докторы, профессор, академик;

құлан Жамханова (1962) – Алматы қалалық мұрағаттар және құжат тан-

дыру басқармасының бастығы.



мерейлеріңіз үстем болып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«алаш айнасы»

құрастырған айтқазы майлыБай

СКАНВОРД


Жасанды

тіршілік


иесі

Француз


физигі

Шипа


Аспан

Теміржол.

төсеніш

материал


Шағын

ария


Қамыстан

тоқылған


бұйым

Беломырт-

қаға арналған

медициналық

белдік

Түтіліп,


шумақ-

талған


жүн

Жоғарғы


атқарушы

орған


Арзан-

қолды


мата

Насыбайдың

өлшемі

Мәші


«Қан мен

тер», 


кейіпкер

Франция-


дағы ұры

Парсы


тілді

шайыр


Есірткі

Санақ


Қылкөпір

Шүбә


Дзюдо

кілемі


Ұрда-

жық


Азбан

қой


Жозы

Төл


анасы

Кения


қаласы

Аттас


Қатесіз

жүретін


сағат

Данышпан


сақ

философ


...

Турман


Мадақ

жыр


Түйе

майы

Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал