Жылу құбырын ауыстыру үшін теп-тегіс жатқан асфальт жол дың бойын қопарып



жүктеу 0.75 Mb.

бет5/6
Дата08.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6

насихаттайтын туындылар 

жақында жарымжан 

балалардың назарына 

ұсынылды.

«Құйыршық»  пен  «алдар  Көсе»  ерте­

гілерінің  желісіне  түсірілген  мульт фильм­

дер балғындарға қатты ұнағанын олардың 

жанарындағы 

қуаныштан 

байқалды. 

Қазақ­орыс  тілдерінде  шыққан  таңдаулы 

мультфильмдер жинағы алматыдағы №1, 

2­ші  арнайы  мектептерден  көрсетілімге 

келген  есту  қабілеті  нашар  балалардың 

барлығына 

таратылды. 

Көрсетілімді 

ұйым дас тырушылардың  айтуынша,  тәр­

биелік  мәні  зор,  қайырымдылық  пен 

ізгілікті  насихаттайтын  мультфильмдер 

балаға  оң  әсер  етеді.  Болашақта  тек 

мультфильмдер  ғана  емес,  балаларға 

арналған  кинолар  да  сурдо­аудармамен 

шықса құба­құп болар еді. 

Сергей АзИМОВ, 

«TANARIS» кинокомпаниясының 

директоры: 

Кішкене кезімізде бәріміз 

ата­әжелеріміздің ертегісін естіп, 

мультфильмдерді көріп, тәрбиемен 

сусындап өстік. Бүгінде жарымжан 

балалар осы үлкен бір рухани 

байлықтан айырылып отыр ғой. 

Соларға аз болса да айырылған 

рухани байлықты қайтаруды 

парызымыз деп санаймын. Ең үздік 

мультфильмдер жинағын шығарудағы 

негізгі мақсатымыз – бүлдіршіндерді 

қуантып, балалық бақыт сыйлау. 

Айнұр СЕНБАЕВА

Үкіметі нің адамзатқа зардабын тартқызып 

келе жатқан есірткі мәселесін шешуде үл­

кен қауқарлылық танытып отырғандығын 

көрсете  білген.  Тағы  бір  айтарлығы, 

фильмде  таза  адами  қарым­қатынастар 

бар.  Мұндағы  үлкен  фактор  –  Асанәлі 

Әшімовтің басты рөлде ойнауы. Көрермен 

өте сүйіп көретін әрі ең бір кассалы фильм 

болатынына күмәнім жоқ. 

Қуат АХМЕТОВ, 

фильмнің режиссері: 

–  Мен  жас­кәрі  түгел  сүйсініп  көретін 



фильм жасауды көздедім. Және киноның 

көркі  Асанәлі  Әшімов  атты  қазақтың  ұлы 

актері дер едім. Ол кісі – тек басты кейіп­

кер ді сомдаушы емес, идея авторы. Кино­

ны көріп, көзіне жас алған ағамыз қазірдің 

өзінде оның жалғасын түсіруді жоспарлап 

отыр. Сондықтан ол үшін әлі басты кейіпкер 

өлген жоқ. Бірақ бір нәрсені айта кетейін, 

бұл  «Атаманның  ақыры»  мен  «Транссібір 

экспресінің жалғасы» емес, онымен ұқсас­

тығы фильмнің жолсапардан бастау алып, 

ірі  қылмыс  иелерін  әшкерелеуі  шығар?.. 

Фильмде  каскадерлер  болды,  бірақ 

Асанәлі ағамыз өз қимылдарын, тіпті төбе­

лес  қимылдарын  да  өзі  ойнады.  Фильм 

сценарийі  де  үлкен  сұрыптаудан  өтіп 

барып,  ең  мықты  деген  нұсқасы  қабыл­

данды. Өздеріңіз көргендей, кино Таиланд, 

Ауғанстан,  Ресей  секілді  кең  ауқымды 

географияны қамтыды. 

Аякөздік суретші Қалибек 

Айнажаров Мәскеуде өткен 

бүкіләлемдік көрмеге 

қатысып қайтты. 

Диагнозын қате қойған дәрігерлердің 

кесірінен  21  жасында  екі  аяғынан  жүре 

алмай,1­топ  мүгедегі  болып  қалғанына 

қара мастан,  қоғамнан  өз  орнын  таба 

білген Қалибек қолына егеу мен кішкентай 

пышақ  алып,  ағаштан  сурет  оюды  кәсіп 

етеді.    Тынымсыз  еңбек  пен  ізденістің 

арқа сын да шеберлігі шыңдалған суретші­

нің  «Галгоф  жолы»,  «Махаббат  туралы 

дастан» сияқты туындылары өнер сыншы­

лары  тарапынан  жоғары  бағаланады. 

суретшінің  туындыларымен  интернет 

арқылы танысқан «Миротворец» альянсы 

көрмеге қатысуға оны бұдан бұрын да екі 

рет  шақырған  екен.  Қаржы  тапшылығы 

салдарынан  алдыңғы  көрмелерге  қатыса 

алмаған  суретшінің  үшінші  мәрте  алған 

шақыртуы  елбасының  өткен  жылдың 

соңындағы  тікелей  эфирімен  тұспа­тұс 

келеді.  ел  Президентінің  «әр  адам  өзі 

жүрген,  тұрған  жерінде  қолынан  келген 

ша руа сын істесін» деген сөзін бетке ұстаған 

Қалибек  тікелей  эфирге  хат  жолдап, 

елбасынан көрмеге қатысуға қолдау көр­

се туін сұрайды. Бірақ ол хаты елбасының 

жауап  беріп  үлгермеген  сұрақтары  сана­

тында тиісті органдарға жолданады. сөй­

тіп,  Шығыс  Қазақстан  облысы  мәдениет 

басқармасының көмегімен Қалибек айна­

жаров тың туындылары Мәскеудің төрінен 

көрінді. Ресейдің Жаратылыстану ғылымы 

академиясының  академигі,  тарих  ғылы­

мы ның  докторы  Нэйля  Бекмаханова  су­

рет ші көрмесінен қатты әсер алғанын айта 

келіп:  «сюжеттен  тұратын  және  ағаштан 

ойылған суретті өз басым бірінші рет көріп 

тұрмын.  әр  суретте  терең  мазмұн  бар. 

Қазақтың салт­дәстүрі, әдебиеті сыр шер­

теді.  әр  суреттен  қазақ  тарихын  көруге 

болады», – деген пікірін білдірді.  

Мәскеуде 15 күн бойы өткен аталмыш 

көрмеге Үндістан, Грекия, аҚШ, Германия 

сияқты елдердің әйгілі қылқалам шебер­

лері қатысты. Қалибек айнажаровты енді 

осы елдерде өтетін халықаралық көрмелер 

күтіп тұр.

Сәруар САҒыМ

аРНа


«НыСАНАДА»

Нарық құрсауында:

1  қаңтар  күні  қазақстандықтар  жаңа 

кеңістікте оянды. Біртұтас экономикалық 

кеңістік құрудың алғышартына айналған 

Кедендік  одақ  туралы  келісім  өз  күшіне 

енді. Халық, нақтырақ айтқанда тұтыну­

шылар, өз өмірлеріндегі өзгерісті бірден 

байқай қоймайды. алдымен кедендік баж 

салығының мөлшері өзгереді. импорттық 

тауарлардың  бірқатары  қымбаттайды. 

Кедендік  одақтың  принципі  бойынша, 

Қазақстан,  Ресей  және  Беларусь  ара­

сын да  тасымалданатын  тауарларға,  ке­

рі сін ше  баж  салығы  үстемеленбейді. 

Жаңалық  бірінші  кезекте  автомобиль 

на рығындағы  іркілісті  бұзды.  Шетелден 

көлік тасымалдаушылар бағаны қымбат­

татып  әуре.  ал  жаңа  көлік  сататын  ком­

паниялар,  керісінше,  асықпай  бірнеше 

жеп биге шығамыз деген үмітте.

автокөлік 

нарығындағы 

ахуал 

және  ертеңгі  күнге  болжам  –  «Нысана» 



тілшілерінің назарында.

Шекара жайы:

Өз  ағайынымызды  жат  жұртқа  неге 

итереміз?  Өзбекстанмен  шекаралас  ау­

данда  тағы  екі  ауылдың  тұрғындары 

делимитация  зардаптарын  шегіп  жат­

қаны анықталды. амангелді және арна­

сай  деп  аталатын  елді  мекендерде  сол 

жерге  кіндік  қаны  тамған  жеті  мыңдай 

қазақ өмір сүреді. 2002 жылы Өзбекстан 

мен  Қазақстан  шекараны  толықтай 

айқындау  кезінде  аталған  ауылдардың 

жері нақ мемлекетаралық линияның нақ 

ортасында қалды. Қазір көршінің қарулы 

полициясы ауыл­үйді тінтіп, қоқан­лоқы 

көрсетуді жиілетіп кетті.

Айнұр АҚБАЕВА: 

–  амангелді  ауылының  қақ  ортасын 

бөлетін  тас  жол  Қазақстанға  қарайды. 

ал жолдың екі жағы Өзбекстанға тиесілі. 

300  шақырым  қашықтықта  жатқан 

Жызақ  облысына  қатынау  үшін  өзбек 

төлқұжатымен Қазақстанның үш ауданын 

кесіп  барып  өту  керек.  аудан  орталығы 

алшақ болғасын тұрғындар қажеттісін Қа­

зақ станнан  алады.  Десек  те,  көліктердің 

кіріп­шығуына  да  шекарашылар  тыйым 

салыпты.


Жетінші арнадағы көрермені 

көп хабарлардың бірі – «Нысана» 

ақпараттық- сараптамалық 

хабары эфирге енді жаңа уақытта 

шығатын болады. Тілшілер 

жүргізген журналистік зерттеулер 

мен репортаждар, сұхбат пен 

талдау, өткір тақырыптар мен 

қоғамдағы құбылыстарға деген 

бөлек те тың көзқарас. 

Қараңыз, қапы қалмаңыз!

мөлшерде  телепатиялық  қабілет  бар. 

ал  адамның  көзіне  қарап  немесе 

қашықтықта  тұ рып  ойын  оқитын, 

алыс­жақын  бола шақты  болжайтын 

адам дар  өте  сирек  кездеседі.  Ма­

мандар  мұндай  адамдар  бірнеше 

жүзжылдықта  бір  рет  тууы  мүмкін 

екендігін  айтады.  сондай­ақ  аталған 

фильмде телепа тияға кез келген адам 

үйрене  алмай тыны,  бұл  алладан 

берілетін дарын екені анық көрсетілген. 

ал  ғылымда  «телепатия»  терминін 

1882  жылы  фредерик  және  Майерс 

деген ғалым дар енгізген. Телепатияны 

әр қырынан зерттеп жүрген түрлі сала 

ғалым дарының  пікіріне  сүйенсек, 

теле па тия  бірнеше  түрге  бөлінеді. 

әзірге  бұл  ғылымның  тереңіне  ешкім 

бойлаған емес.

мен дер үнсіз өнерді өлі тыныштықта тамаша­

лайды.  Бұл  фестивальді  ең  алғаш  болып 

брита ниялық сайқымазақ Ноло Рэй бастаған. 

амстердамдағы ақымақ тардың фести валінен 

ерекше  әсер  алған  Рэй  өзінің  жекеменшік 

фестивалін  ұйымдасты руға  бел  байлап, 

басты назарды панто мимаға бөлген. 

әуесҚОй әлеМ



Әдебиетшілер 

мектебі ашылды

Кез келген адамның 

өмірінде тым болмаса бір рет 

көңіл түкпіріндегі ойларын ақ 

қағазға түсіріп, әңгіме, 

повесть, өлең, тым 

болмағанда өмірбаяндық 

дүние жазуға аңсары 

ауатыны белгілі. Бірақ 

күнделікті тіршілік қамымен 

жүріп, қосымша білім алуға 

екінің бірі мүмкіндік таба 

бермейді. Осы тұрғыдан 

алғанда, әдеби мектептің 

ашылуы алматылықтар үшін 

айтарлықтай елеулі оқиға 

екені анық. 

Бастама иесі – «Кимрель» мәдени ор­

та лығы  мен  отандық  әдебиет  әлемінде 

жаңа  жұлдыздардың  тууына  ықпал  етуге 

ниеттеніп отырған белсенді топ. 

–  Жазуға  талабы  бар  адамдардың 

бұрында «Муссагет» қорының қолдауымен 

ұйымдастырылатын 

мастер­кластарда 

шеберлігін  шыңдауға  мүмкіндігі  болған 

еді, – дейді жобаның ұйымдастырушысы 

Михаил  Земсков.  –  Өкінішке  қарай,  ол 

дәстүрдің  ұмыт  болғанына  да  талай 

жылдың жүзі болды. Біз соны жаңғыртуды 

ұйғардық. әдебиетке бейімі, ең бастысы, 

ниеті барларға әңгіме, роман, тіпті кино­

сценарий  жазу  шеберлігінің  қыр­сырын 

үйрететін әдеби мектеп ашу идеясы осы­

лай туындады. 

сөйтіп,  қаңтардан  бастап,  мамыр 

айына  дейін  созылатын  I  тоқсанның  оқу 

бағдарламасына  стилистика,  әдебиеттер 

тарихы,  киносценарий  өнері,  әдеби  ау­

дар ма  мәселелері  сияқты  басқа  да  ма­

ңызды  пәндер  бойынша  дәрістер  ен­

гізілген.  Бірақ  «мектеп»  деп  аталатынына 

қарамастан,  мұнда  ешкімнің  білімін 

бағалау,  сынақ  алу  шаралары  жүргізіл­

мейді. аталмыш пәндердің барлығы жал­

пы  білім  бағдарламасына  кіреді,  бірақ 

қай  пәнге  қатысатынын,  кімнің  дәрісін 

тыңдайтынын  әркім  өз  қалауы  бойынша 

таңдайды. 

Қолына  жаңа  қалам  алған  жас 

авторлардың  өз  стилін,  жанрын  табуына 

қазақстандық  танымал  тіл  мамандары 

мен  көрнекті  ақын­жазушылар  көмек­

тесетін  болады.  Мектептің  алдағы  жос­

парында  балалар  жазушылары  мен  сын­

шылар,  редакторлар  мен  басылым 

бе зен дірушілері  үшін  арнайы  курстар 

ұйымдастыру,  Қазақстанның,  Ресейдің, 

сондай­ақ  алыс,  жақын  шетелдің  айтулы 

әдебиетшілерімен 

кездесулер 

өткізу 


шаралары да қарастырылған.

Сәруар САҒыМ

Фильмнің  ең  жүрек  тебірентер  тұстары,  бірінші,  Ка  мырзаның  туған 

жерден жырақта жүрген талай жылдағы сағынышын Тай елінде көңілдесі 

сыйлаған  жусанды  иіскету  арқылы  тап  басқан,  екіншіден,  кино 

шекарасының кең көлемде Таиланд, Ауғанстан сынды елдерде түсірілуі, ал 

соңында екі дүниенің ортасында жатқан Ка рухы алдымен әке мазарына 

бас иіп кешіріп сұрап, содан соң «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы, 

танимысың сен мені, мен – қазақтың баласы!» деп Қасым Аманжоловтың 

әйгілі жыр жолдары арқылы бақи дүниемен қауышуы киноға әдемі нүкте 

бола білген.

Түй

ІН

Жексенбі – 22.00.

Жетінші арнада жүздескенше, қадірлі Алаш жұрты!

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№4 (230) 



16.01.2010 жыл, сенбі                     

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

дАТ!

АлАш АзАмАты



АлАшқА АйтАр дАтым... 

Соңғы жылдары, өкінішке қарай, тарих ғылымына кездейсоқ 

адамдар көп араласып кетті. Оған, тарихшылар, өзіміз де 

кінәліміз. Кезінде даярлығы жетімсіз көп кісілердің тарихи 

тақырыпқа кандидаттық және докторлық диссертациялар 

қорғауына мүмкіндік бердік. Соның нәтижесінде жалған 

ғалымдар көбейіп кетті. міне, солар ғылымды нан табудың 

көзіне айналдырып жіберді. Нан да тапсын, бірақ ғылымға деген 

таза қатынасты да сақтау керек қой. тым кеш болмай тұрғанда 

біз, тарихшылар қауымы, билікпен бірігіп, осы бағытта жұмыс 

істеуіміз керек. шекспирдің атақты «Гамлет» драмасында 

«күйеуге шығамын» деген бикешке Гамлет «өзіңе ұқсастарды 

көбейтіп қайтесің» дейді. шіркін, осы мазмұнда ойлайтын жетекші 

ғалымдардың аздығы байқалып-ақ тұр.

мәмбет қОйГЕлдІ, Қазақстан тарихшылар 

қауымдастығының төрағасы, Абай атындағы Қазақ 

ұлттық педагогикалық университетінің профессоры:

–  Арғысы  Ақш,  Еуропаны  айтпа-

ғанда, ресей тарихына керемет көңіл 

бөлініп, оны осы заманның адамдары 

қабыл дай алатын күйге келтірді. Ай та-

лық, тарихи кинолар, мультфильм дер, 

тіпті тарихи тұлғалардың бірінің кей-

піне  еніп,  соғысқа  қатыса  алатындай 

ойындар жасап та шығарды. Ал бізде 

әлі тарих халықтан алыс, тек тарихшы-

лар ғана түсініп, тарихшылар ғана ай-

на лысатын,  қабылдануы  қиын  сала 

күйінде жатыр. Неліктен осылай? Не-

лік тен  біз  де  тарихты  көпке  түсінікті 

тіл ге,  формаға  келтіре  алмай  отыр-

мыз? 

– Тарих, ең алдымен, ғылым. Сондықтан 

бәрінен бұрын ол – ғалымдардың ісі. Кез 

келген қоғамның, ұлттың, қауымдастықтың 

тарихы  ғылыми  тұрғыдан  қорытылмай, 

халыққа түсінікті әрі иланымды деңгейде 

жетуі қиын. Бүгін ғылыми тарих қана қо­

ғам дық санаға негіз бола алады. Сон дық­

тан  өркениетті  даму  жолында  тұрған  ел­

дер дің  барлығында  қазіргі  уақытта  өз 

тарихын ғылыми тұрғыдан қорытып, нақты 

тұжырымдар  жасауға  уақыт  пен  қаржы 

жұмсауда. Біз осы жағынан алғанда Батыс­

тың бұрын жүріп өткен жолына түсіп отыр­

мыз.  Олардың  бұл  жолға  түскеніне  бір 

емес, бірнеше ғасыр болды. Ал батыстық 

даму жолының осы уақытқа дейін қол жет­

кізген  жетістігінің  бірі  демократия  болса, 

екіншісі – нарықтық қатынастар. Ал біз се­

кіл ді өтпелі кезеңді басынан кешіріп отыр­

ған  елде  тарихтың  рөлі  жоғары,  барлық 

елдерде  солай  болған.  Қоғамда  тарихқа 

сұраныс жоғары. Сол сұранысты қанағат­

тандыруға келгенде көп жағдайда ғылым 

үлгермей, кешеуілдеп жатады. Бұл – кәсіби 

тарихшы емес, қарапайым тарихқұмарлар 

үшін оңтайлы сәт. Олар көп жағдайда шы­

найы тарихты аңыздандыру арқылы кәсіби 

тарихшылардың орнын басқылары келеді. 

Аңыз арқылы деген соң түсінікті ғой, яғни 

онда белгілі бір дәрежеде қиял мен өтірік 

қосылады.  Және  сіз  ойламаңыз,  мұндай 

құбылыс  тек  қазақта  ғана  болып  жатыр 

екен деп, бұл – әлемде белең алып бара 

жатқан дерт. Халықаралық тарих конгресі 

де осы мәселені ортаға салып, «қайткенде 

мұны  тоқтатып,  аңыз­тарихқа  тойтарыс 

бере аламыз?» деген сауалға жауап іздеуде. 

Мәселенің осындай деңгейде қойылуы көп 

нәрсені аңғартса керек.

Тарихты аңыздандыру бізде де айтар­

лықтай етек алды. Мәселен, соңғы мезгілде 

еліміздің  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

бетінде Қытай елінің ұлы ақыны Ли Байдың 

(Ли Бо) шығармашылық мұра сы мен оның 

өзінің (шыққан тегі жағынан) қазақ ұлты 

мен  мәдениетіне  тәндігіне  байланысты 

айтыс болып өтті. Мұндай айтыс тумаған 

болар еді, егер мәселеге ғылыми тұрғыдан 

келгенде.  Әуелде  іргелі  ғылыми  зерттеу 

жұмыстары жүруге тиіс қой. Шала сауатты 

«аудармашысымақтардың» жетегінде кету­

ге болмайды. Ли Бай ақын мұрасына бай­

ла нысты мәселе күрделенбей тұрғанда сәл 

кідіріп, ғылыми зерттеулерге жол бергеніміз 

жөн болар.

Біз осы арада бір нәрсенің басын ашып 

алайық. Тарих, ең алдымен, ғылым саласы. 

Соған лайық оның зерттеу әдістері мен құ­

рал дары болады. Маман тарихшы ең ал­

дымен соларды басшылыққа алады. Бүгінгі 

күнде  еліміздегі  тарихшы  маман дар  ға 

«тарих ты былай жаз» деген идеологиялық 

тап сырыс жоқ. Мамандар үшін бұл үлкен 

олжа. Менің түсінігімше, қазіргі кезеңде та­

рих шы мамандар тарапынан жаңа зерттеу 

методологиясы мен әдістерін игеру процесі 

жүріп жатыр. Таяу жылдарда оның нәти же­

сін де көретін боламыз.

–  Сіз  жаңа  бір  сөзіңізде  «бүгінде 

біздің  санамыз  тарихиланып  жатыр, 

халықтың тарихқа сұранысы жоғары, 

тіпті, тарихшылар, біз соған жауап беріп 

үлгере алмай, кешеуілдеп жатырмыз» 

дедіңіз. Сонда халықтың сұранысы қай 

дәрежеде,  тарихшылардың  деңгейі 

қандай? 

–  Біздің  тарихымыз  кеңестік  кезеңде 

білім  құралы,  ғылымның  саласы  ретінде 

өмір ге келді. Университеттерде тарих ма­

ман дарын даярлайтын тарих факультет тері 

қалыптасты, ғылыми­зерттеу институттары 

өмірге  келді.  Сонымен  бірге  кеңестік 

кезеңде біздің тарихымыз идеологияланып, 

саясаттанып кетті. 

Осы ретте мен журналист ағайындарға 

базына айтпақпын. Кейбір басылым қыз­

мет керлері  жарық  көріп  жатқан  ғылыми 

еңбектермен  таныспай  жатып­ақ  «бізде 

тарих шылар түк бітіріп жатқан жоқ, қазақ 

тарихы  жазылмай  жатыр»,  тіпті  керек 

десеңіз, «қазақ тарихын қайта жазу керек» 

деп соғады. Мен оған қарсы былай сұрақ 

қояр едім: «Айналайын, сен өзің қазақ та­

рихынан қанша монография, қазақ ғалым­

дарының қанша зерттеуін оқыдың? Оқы­

масаң, онда көпке топырақ шашпа» деп. 

Екіншіден,  біздің  өз  арамызда  «қазақ 

тарихы  дағдарыста»  деп  айқай  салып 

жүрген ғылым докторы, профессор атағы 

барлар кездеседі. Ал оларға мен «Айнала­

йын­ау,  ғылым  дағдарыста  болса,  онда 

өзің  не  бітіріп  жүрсің?  Оны  жаңа  сапаға 

шығаруға өзің қандай үлес қостың?» деп. 

Құдайға шүкір, аз ба, көп пе, бірақ та­

рих ғылымында біраз жағымды өзгерістер 

бар деген болар едім. 

– мысалы?

 – Мысалы... Оны мен «Мәдени мұра» 

мемлекеттік бағдарламасынан бастар едім. 

Оның  тіпті  бірінші  кезеңін  артқа  тастап, 

екінші  кезеңін  бастап  та  кеттік.  Алғашқы 

кезеңінде 3 миллиардқа жуық теңге жұ м­

сал са, екінші кезеңінде 4 миллиард қаржы 

бөлінбек. Бұл аз сома емес. Соның арқа­

сында талай археологиялық қазба жұмыс­

тары  жүргізіліп,  тарихи  ескерткіштер  өң­

деу  ден  өтті.  Қазақ  тарихына  қатысты 

ағы л шын, неміс, француз тілдерінде жа­

зылған  Батыс  ғалымдарының  еңбектері 

қазақ  тілінде  басылды.  Ең  негізгісі,  түрлі 

елдердің мұрағат қорларындағы Қазақстан 

тарихына қатысты көптеген бұрын қол жет­

пей  жүрген  құнды  құжаттар  елге  қайтты. 

Қазақстан  тарихшылары  көрші  Ресейді 

айтпағанда,  Қытай,  Ватикан,  Франция, 

Германия  және  басқа  елдердің  мұрағат­

тарында  көз  майын  тауыса  жұмыс  істеп, 

нәтижесінде бұрын­соңды біздің қолымыз 

тимеген  материалдар  көптомдық  кітап 

болып жарыққа шығуда. «Өнер» баспасы 

қазақ  тарихына  қатысты  қытай  тіліндегі 

деректік материалдарды қазақ тілінде екі 

том етіп шығарды. Қытайдың өзінде сон­

дағы  ғалымдардың  арқасында  «Ежелгі 

үйсіндер  тарихы»,  «Ұлы  Түрік  қағанаты» 

атты  еңбектер  шықты.  Осының  бәрі  – 

мемлекеттік  тәуелсіздік  жағдайында 

«Мәдени мұраның» аясында қол жеткізген 

жетістік. Бұл – Тәуелсіздіктің нәтижесі! Енді 

бізге осыншама мұраны жоғары дәрежеде 

қорыта алатын тарихшы мамандардың жа­

ңа  буыны  керек.  Біздің  тарихымызға 

қатысты мынадай мәселе бар: көне ке зең­

дегі қазақ жеріндегі мемлекеттік құрылым­

дар мен орта ғасырдағы, жаңа замандағы 

мемлекеттік  құрылымдар  арасындағы 

сабақтастық  әлі  де  болса  толық  шешімін 

таппаған.  Зардыхан  Қинаятұлы  бастаған 

ғалымдар  тобы  осы  мәселеге  арналған 

«Қазақ мемлекеттігінің тарихы» атты зерт­

теу  еңбегін  жариялады.  Жақсы  еңбек. 

Сосын  қазақ  ұлт­азаттық  қозғалысына 

байланысты іргелі еңбектер жарық көруде. 

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт­азаттық 

қозғалыс,  Алаш  қозғалысына  арналған 

біраз  зерттеулер  өмірге  келді.  20  жылға 

жуық мезгілде, әрине, бұдан да көп істер 

атқаруға болар еді, бірақ ол үшін тарих шы­

лардың көзқарасы, ұстанымы өзгеруі керек 

қой.  Ал  ол  бас  киім  ауыстыра  салғандай 

оп­оңай  шаруа  емес,  оған  уақыт  керек. 

Сон дықтан  бір  саяси  режимнен  мүлдем 

басқа фармацияға ауысқанда  мұндай ке­

шеуілдердің  болуы  заңды.  Осымен  бірге 

тарихшылар  да  адам  баласы,  күнкөріс 

қамы  оларға  да  тән.  Француз  тарихшы­

сының  мынадай  сөзі  бар:  «Тарихшының 

отбасы болмауы керек, ол жеке бастың тір­

лігін ұмытуы керек». Жалақысы аз, жала ң­

аяқ тарихшыға «міне, саған қаржы, отыр 

да, тек тарихты жазумен айналыс» деп қо­

мақты қаржы бөлетін күн де туар. Мүмкін, 

болашақта  өмірдің  басқа  қызығын  тәрк 

етіп, тек тарих жазуға отыратын ғалымдар 

да өмірге келер. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал