Жылу құбырын ауыстыру үшін теп-тегіс жатқан асфальт жол дың бойын қопарып



жүктеу 0.75 Mb.

бет3/6
Дата08.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4   5   6

УРАн МЕн ИРАннЫң 

ОРТАСЫнДА

Осындай жағдайда аҚш-тың As so cia-

ted Press агенттігі мен Британияның Guar-

dian газеті 1350 тонна қазақ уранын 450 

млн  долларға  Иранға  сату  турасында  ке-

лісім  жасалғандығын  хабарлап  жатыр. 

Оны Қазақстан да, Қазақстанмен игі қа ты-

нас тағы Иран да жоққа шығарды. ақпарат 

құ ралдары сілтеме жасаған атом агенттігі 

өкіл дері ондай «иіс» сезбегендігін білдір у-

де. аҚш болса санкция жарияланған елге 

уран  сатудың  арты  жақсы  бол май-

тындығын айтып, мәлімдеме жасады. 

Иран  –  болсын-болмасын,  қысымға 

үй рен ген  ел.  Сондықтан  «ақпараттық  со-

ғыс тың»  уран  өндіруде  әлемде  жетекші 

орын ға  шыққан  Қазақстанды  «шарпуы», 

сөз жоқ, саяси шамшылдық тудырды. Осы 

ақ па  рат  тараған  сәтте  Қазақстан  мен 

Израиль  бас  шылығы  телефон  арқылы 

тілдессе,  бей сенбі  күні  біздің  сенаторлар 

жалған  жа ңалықты  жаһанға  жайған 

ақпарат  құ рал дарын  халықаралық  сотқа 

тарту  керек  деп  барып,  бір  тоқтады. 

Оларды  тоқтатқан  Сырт қы  істер  вице-

министрі  Қайрат  Ома ров  болды.  өйткені 

бір  түйткіл  тағы  да  қан шама  түйткілді 

қоздатып жіберуі мүм кін екен. Омаровтікі 

дипломатиялық  сақ тық  делік,  алайда 

сенаторлар  шынымен  іс ке  кірісеміз  десе, 

оларды ешкім ұстап тұр мағаны анық...

Тараған  ақпаратта  Иранға  уран  сату 

жө ніндегі мәмілеге қазақ үкіметі емес, же-

ке леген шенеуніктердің қатысы бар екен-

дігі  меңзелген.  Егер  Қазақстан  Иранға 

уран  сатады-ау  деген  күннің  өзінде  осы 

ше неу ніктер кім болуы мүмкін деген сауал 

туын дайды. ал ақпарат жалған болса, оны 

та рату кімге керек болды? Иранға тиісемін 

де гендерге басқа да мәселе толып жатыр 

емес пе? айталық, кеше жаназасы шы ға-

рыл ған «Иран Сахаровы» аталып жүрген, 

ше телге  кететіндігі  айтылған  профессор 

Мә суд  Мұхаммади  бірнеше  ай  бұрын 

Иор данияда  израильдіктермен  кездескен 

екен.  Ирандықтар  оған  шетел  арнайы 

қыз мет қастандық жасады деп, арғы-бергі 

ше караның  ар  жағын  қаралап  жатыр. 

Жал пы, бұл – Иранның ядролық бағ дар-

ла масы  мамандарына  қатысты  құпияның 

ал ғашқысы емес...

ИРАнДЫ ҚАзАҚ УРАнЫМЕн  

ҰРУ нЕнІ АңғАРТАДЫ?

Қазір Иранның ішкі жағдайы да жетісіп 

тұрған  жоқ.  Бұрынғы  премьер,  биылғы 

пре зиденттік  сайлауда  үміткер  болған 

Мир хусейн Мусави мен бұрынғы мәжіліс 

төр ағасы Мехди Кәрруби бастаған оп по-

зиция маусымның 12-сінен бергі аралықта 

қай та сайлау өткізу талабын қойып, шеру 

өт кізуін  доғармай  келеді.  Құрбан  бол-

ғандар да бар. Қазір Иранның саяси эли-

тасына да, идеологиялық элитасына да өз 

ішінен  жарылу  қаупі  төніп  тұр.  Санкция-

дағы  елдің  жағдайына  байланысты 

Иранның  экономика  саласына  қатысты 

өкілдерінің Орталық азияға сапарлары да 

жиілей түскен. Иранда қазір бұрынғыдай 

қатерді  мүмкіндікке  айналдыру  жайында 

да аз айтылатын болған. 

Осындай  жағдайда  қазақ  уранының 

Иранға  сатылатыны  жайында  сыбыстың 

та рауын ең алдымен Иранға бағытталған 

қы сым деп түсінген абзал тәрізді. өйткені 

Иран ды райынан қайтару үшін айла-тәсіл 

те тіктерінің барлығы да іске қосылып отыр. 

аҚш  ондайда  әлсіз  мүмкіндікті  де  өзіне 

бе йімдеп  пайдалануға  тырысады.  ал 

ЕҚыұ-ға  бір  жыл  кешігіп  төраға  болған 

Қа зақ стан Иран мәселесі нысанада тұрған 

сәт те уран өндіруде жетекші орынға кө те-

ріл ген болатын. 



Қуанышбек ҚАРИ

 

? А л А ш т ы   А л А ң д А т Қ А н   с А у А л



А л А ш т ы   А л А ң д А т Қ А н   с А у А л

Әмірқұл 

ЖЫЛҚАЙДАРОВ,

Қызылорда облыстық 

жұмылдыру дайындығы, 

азаматтық қорғаныс және 

авариялар, табиғи 

апаттардың алдын алуды 

және жоюды ұйымдастыру 

басқармасының бастығы:

Сайлаубай 

ЖҰБАТЫРОВ, 

жазушы-эколог:

Жұмахан нҰРСЕйІТОВ, 

«Арал-Сырдария» 

алаптық су шаруашылығы 

басқармасы 

бастығының 

орынбасары:

Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегінің іске қосылуы Сырдария тасқынын толықтай ауыздықтай ала ма?

– Көксарай су реттегішінің жобасы ұзақ жылдардан бе  рі 

айтылып келе жатқан еді. Көпшілік арасында қызу пікір та -

ласқа айналған сауалдың нүктесі осыдан екі жыл бұрын қо -

йылды.  Елбасы  Көксарай  су  реттегіші  жобасын  ма құл дап, 

оның құрылысын жүргізуге тапсырма берді. Биылғы жыл-

дың  ақпан  айында  су  реттегіштің  алғашқы  кезегі  пай-

далануға бе рі леді деп күтілуде. расын айту керек, дарияның 

тө менгі бө лі гіндегі жұрт қыс айларында мол суды қайда жі-

бе рерін біл мей абдырап қалады. ал сол сәтте Көксарай өз 

жұ мысын ат қаратын болады. Ел-сел су келгенде, су реттегіш 

біршама су ды өзіне қабылдап алады. ал жағдай реттелген 

тұста ол қай тадан дарияға құйылатын болады. Сондықтан 

оның ал ғашқы кезегі пайдалануға берілген тұста дариядағы 

қа уіп бір шама сейіледі. Жоба толықтай жүзеге асқаннан ке-

йін да рияның төменгі бөлігіндегі жұрт су тасқыны пробле-

ма сына ке зік пейді. Биылғы жылы да дариядағы су деңгейі 

ел ді елең де тіп отыр. Көксарай су реттегішінің алғашқы ке зегі 

жағ  дай ды қалыпқа түсіреді. 

– Мен көп жылдан бері арал мәселесіне байланысты қалам тербеп келемін. 

Көк сарай жобасы да менің назарымнан тыс қалған жоқ. Ол жайында бірнеше ма-

қалам жарыққа шықты. Су тасқыны қаупі жыл сайын қайталанады десек те ар тық 

емес. Кейбір жылдарда дария ернеуіне сыймай, жағасына жайылып жатады. Мұн-

дай оқиғалар елдің есінен шыға қойған жоқ. Сол тұста тығырықтан шығудың жолы 

ретінде қаншама су арнасайға жіберілді. Қазір есепке салып көрсек, сол аймаққа 

38 млрд текшеметр су шығын болыпты. Ол су кейін қайтпайды. Сол ай мақ та жерге 

сіңіп  кетеді.  Көксарай  осындай  олқылықтың  алдын  алуға  септігін  ти гізеді  деген 

оймен қолға алынды. Осыған байланысты бұрынғы жылдарда басқа да жобалар 

назарға  ұсынылған.  алайда  жеме-жемге  келгенде  Көксарай  нұсқасы  таң дап 

алынды. Биылғы жылы су реттегіштің алғашқы кезегі пайдалануға беріл мек  ші. Ол 

су  тасқынының  алдын  алуға  септігін  тигізе  ала  ма?  Оны  алдағы  уақытта  кө ретін 

боламыз. Жалпы, аталмыш жобаға байланысты түрлі пікір бар. Ол кей жер де «су 

қоймасы»  деп  те  аталады.  Егер  ол  сондай  міндетті  атқаратын  болса,  да рия ның 

төменгі тұсындағы біздің облысымызға зияны тиеді. ал су реттегіш болса да риядағы 

су  деңгейі  көтерілген  кезде  артық  суды  өзіне  қабылдап  алып,  жағдай  қа лыпқа 

түскеннен кейін қайтадан өзенге құятын болады. Менің ойымша, аталмыш жо баға 

байланысты толық қорытынды жасау әлі ерте.

–  Көксарайдың  алғашқы  кезегі  пайдалануға  берілген-

нен  кейін  біршама  проблемалар  өз  шешімін  табады  деп 

ойлаймын.  Қазіргі  кезеңде  дариядағы  су  деңгейі  был-

тырғыдан  біршама  жоғары  болып  отыр.  Әзірге  күн  суыта 

қойған жоқ. алайда күні ертең ауа райы құбылған жағдайда 

дарияда  мұз  ұстасады.  Ол  қандай  деңгейде  қатады?  Бұл 

негізгі  мәселенің  біріне  айналып  отыр.  шардара  су  қой-

ма сындағы  су  деңгейі  де  өткен  жыл ғыдан  жоғары  болып 

отыр.  Ендеше,  Көксарайдың  дарияның  төменгі  бөлігіндегі 

су ресурстарын реттеуде маңызы ерекше болмақшы. Оған 

үрке  қарауға  болмайды.  өйткені  ол  артық  суды  өзіне  қа-

был дайды.  Қажетті  кезеңде  қайтадан  дарияға  құяды.  ар-

на сайға қаншама су шығын болмайды. Сондықтан су рет-

тегіштің алғашқы кезеңінің іске қосылуы ел өміріндегі ма-

ңыз ды оқиғаның біріне айналады деп ойлаймын. 

Әзірлеген Әділжан ҮМБЕТ

АҚШ Иранды алса, 

Қазақстанның Парсы 

шығанағы арқылы мұнай 

экспорты артады. Бүгінгі 

таңда бұл бағыттағы біздің 

жылдық экспорт 2 млн 

тоннаға да жетпейді. өзі 

арзан, өзі жақын бағыт 

бола тұра, саяси ойындар 

үшін одан бас тарту 

қисынсыз болар еді.


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№4 (230) 



16.01.2010 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

нарық

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Жеңіл өнеркәсіп

алқа мәЖілісі

ИСекешевтің еСеБі дҰРЫС шЫқтЫ

«Үкімет  қыруар  қаржы  бөліп  жатқа­

нына  қарамастан,  отандық  индустрия  біз 

ар мандағандай бола алмай келеді. еңбек 

өнімділігі  мен  техникалық  жабдықталуы 

жағынан дамыған елдерден өте көп қалып 

қойған».  кеше  таңертең  Индустрия  және 

сауда  министрлігіне  әсет  Исекешевтің 

жылдық есебін тыңдауға барған премьер­

министр  кәрім  мәсімов  осылай  деді. 

премьер­министрдің пайымдауынша, ұлт 

болашағын  тек  модернизацияланған 

экономика  ғана  жарқын  ете  алады.  ал 

экономиканы  түлету  –  алаш  даласынан 

нәпақа  тауып  жеп  отырған  кәсіпорын 

қожайындарының міндеті. «Үкімет мұндай 

басшыларға  қолдан  келгенше  қол  ұшын 

қос министрдің есебі тыңдалды

тоқыма тоқыраудан қашан шығады?

ИнВесТИЦИЯ



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

сауда  жасап,  киім  тігіп,тамақ  пісіріп, 

кір  жуып  немесе  құрылыс  салып,  өз  ал­

дына жеке еңбек етіп жүргендер бо ла шақ 

зейнетақысы  қамын  өздері  күйт теулері 

керек. алдымен әлеуметтік же ке код алған 

жөн.  Ол  үшін  мемлекеттік  зейнетақы 

төлеу орталығының жергілікті бөлімшесіне 

барып,  жеке  бас  куәлігі  негізінде  тіркеу 

карточкасын  толтыруы  қажет.  Одан  кейін 

ерікті зейнетақы жарнасы жөнінде келісім­

шартқа отыру үшін зейнетақы қорларының 

бірін таң дау керек. ақшаны банк арқылы 

ауда расыз.  ерікті  зейнетақы  жарналарын 

ай сайын аудару шарт емес, үш айда, жар­

ты жылда бір аударсаңыз да болады. қар­

жылық  қадағалау  агенттігінің  есе бін ше, 

қазір  міндетті  зейнетақы  жар на лары 

бойынша  7  734  000  есепшот  ашыл са, 

ерікті жарналар бойынша 40 586 келісім 

бекітіліпті. 

Осы  аптаның  соңында  латын  аме­

рикасы  елдерінің  өзара  есеп  айыры­

суына  қолданылатын  сукре  валютасы 

айналымға  енгізіледі.  Бұл  жаңалықты 

Венесуэланың  экономика  және  қаржы 

министрі  әли  родригес  жариялады. 

Жаңа валютаның бастапқы бағамы 

1 доллар 25 центке тең деп белгіленген. 

Бұл  валюта  қағаз  ақша  түрінде  шыға­

рылмайды,  тек  мемлекеттер  арасын­

дағы  сауда­саттықта  есеп  айырысуы 

үшін  виртуалды  түрде  қолданылады. 

«сукре»  сөзі  –  аймақтық  өтемнің  бір­

тұтас  жүйесі  деген  тіркестің  испан 

тіліндегі 

нұсқасынан 

қысқартылып 

алын ған.

 Долларды айырбастайтын валюта 

шықты ма?

саудадағылар зейнетақы жайын қайтеді?



Базарда  сауда  жасаймын.  ертең  зейнетақысыз  қалам  деп 

уайымдаймын. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу үшін не істей 

аламын?

 Айнагүл, Тараз

Ақш  доллары  айналымнан  шығарылады,  оның  орнына  басқа 

валюталар  енгізіледі  делінген  еді.  Осыны  енгізіп  жатқан  елдер  бар 

ма?

 Медет, Қарағанды

қЫтАй Бізді қАЛАй 

АЛдАп СОқтЫ?

Бәріміз  айтатын  «қазақстандық  маз­

мұн ның» мазмұнынан гөрі әзірге формасы 

басым. Отандық тігіншілердің әлеуеті ұлт­

тық  компаниялар  мен  қарулы  күштерге 

арнап  арнайы  киім  тіккеннен  әрі  аспай 

отыр. Тоқыма саласындағы кәсіпорын дар­

дың  80  пайызы  осындай  тар  ауқымды 

сегментте жұмыс істеп жатыр. Бұл – «қы­

сыл ғаннан қыз болғанның» кері.

Тоқыма­тігін  саласын  бас  көтертпей 

тұралатып  отырған  тағы  біраз  мәселелер 

бар.  ең  алдымен,  елімізге  шеттен  заңсыз 

жолмен  өте  үлкен  көлемде  бұйымдар 

жеткізіледі.  Байқап  отырсақ,  қытайдың 

ортаңқол  сападағы  киімдерінің  өзі  қазір 

бұрынғы  жылдардағыдай  арзан  тұрмай­

ды.  сарапшылар  «бұл  –  қытайдың  жаңа 

нарықтарды  жаулап,  оған  енудегі  амал­

айласы» дейді. мәселен, соңғы бес жылда 

шыққан  өнімдердің  сапасы  өзгеріссіз 

қалса да, бағасы өсіп жатыр. өйткені олар 

біздің тігін­тоқыма саласын бас көтертпей 

тұралатып  тастады  да,  енді  өз  дегендерін 

жасауда.  «алсаң  ал,  алмасаң,  басқасын 

тауып  көр»  дегендей.  Осылайша,  қытай­

лық  арзан  тауарға  қарық  боламыз  деп 

жүріп,  өз  саламыздан  айырылып  қал­

ғанымызды білмей де қалған сияқтымыз.

тОқЫМАдАғЫ тОқЫРАудАН 

тОЛЫМдЫ тАБЫСтАРғА қАЛАй 

ЖетеМіз?

 1999 жылы қазақ Үкіметі тоқыма­тігін 

өнеркәсібі  үшін  ққс  алып  тастау  туралы 

ше шім  шығарды.  алайда  бұл  жеңілдік 

2002  жылы  күшін  жойды.  Осы  қысқа 

уақыт ішінде өндіріс көлемі күрт өсіп, 42,5 

пайызға  жетті.  қордаланған  қарызы,  тө­

ленбеген несиесімен батпаққа батып жат­

қан  салаға  бір  ғана  осы  шара  қысқа 

мерзімде жан бітірді.

қазақстанның тоқыма­тігін саласында­

ғы  тұңғыш  экспорттық  компаниясы  – 

«Тексти  лайн»  –  сол  кезеңде  аяғынан  тік 

тұрған кәсіпорындардың бірі. Бастапқыда 

өндірісі алақандай 16 шаршы метр жерде 

құрылып,  бес  жұмысшымен  үш­ақ  бала­

лар  киімін  шығарудан  бастаған  «Тексти 

сауДа әліппесі



Супермаркетке 

сайланып 

барыңыз

Ауқымды жобалар 

жүзеге аспақ

Алдағы жылдары жүзеге 

асырылатын 18 инвестициялық 

жоба Жамбыл облысының 

еншісіне тиесілі. Оның сегізі 

2010-2012 жылдарға арналған 

Индустрияландыру картасына 

енгізілген.

аталған  жобалардың  үшеуі  –  өте  ау­

қым ды жоба. Олар – мойынқұм ауданын­

дағы  екі  цемент  зауыты  мен  қаратау 

қаласын дағы  «еурохим»  тыңайтқыштар 

өндірісі.  Бұл  жобаларды  іске  асыру  үшін 

жергілікті жерден құрылыс материалдары 

жеткілікті. аймақ тұрғындары үшін жағым­

ды  жаңа лығы  да  бар.  егер  осы  жобалар 

жүзеге асса, жергілікті жердегі жұртшылық 

жұ мыс пен қамтылып, қарық боп қалмақ. 

қазір осы аумақтарда екі қолға бір күрек 

таппай  жүрген  жұмыс сыздар  жетерлік. 

әзірге жоба күйінде тұрған ауқымды істің 

ертерек  жүзеге  асқанын  тілеп  отырған­

дардың қарасы мол. қазіргі таңда өңірдегі 

ауқымды инвестициялық жобаларды жү­

зеге  асыру  үшін  Жамбыл  ГрЭс­інің  екі 

энергоблогын іске қосу қажеттілігі туындап 

отыр.  Ол  үшін  ГрЭс­тің  екі  энергоблогы 

өндіретін қосымша энергия аталмыш жо­

балардың қажеттілігіне жұмсалатын бола­

ды.  Осыған  сәйкес  кеGОк  компания­

сымен келісім жасалған.



Гүлжан көшеРОвА

ОқИҒа


зауыт неге 

өртене береді?

Мұнайлы аймақтың көгілдір 

аспанын қара бұлт жиі торлайтын 

болды. Себебі қала орталығын-

дағы Атырау мұнай өңдеу 

зауыты (АМөз) жиі өртенетін 

болды. өткен жылы қыркүйек 

айында ғана мұнай өңдеу 

зауытынан шыққан өрттен бір 

адам қаза тауып, үш жұмысшы 

түрлі дәрежедегі күйікке 

шалынған болатын. Бұл жолы

абырой болғанда, адам шығыны 

болған жоқ. 

Тілсіз  жаудан  жұмысшылар  зардап 

шекпегенімен, мамандар бұл жолғы өрттің 

қауіпті болғанын айтады. Облыстық төтен­

ше  жағдайлар  жөніндегі  департаментінің 

баспасөз  хатшысы  самал  әбированың 

айтуынша,  өрт  №5  цехтағы  баяу  кокстау 

қондырғы сынан шыққан. 

– кәсіпорын ау мағын дағы алапат жа­

лынды ауыздық тауға жиырмаға жуық өрт 

сөндіру техникасы жұмылдырыл ды.  елдегі 

бірден­бір  кокс  өндіретін  жерде  аяқасты 

от  шығуына  себеп  –  құбырларды  байла­

ныстырған  тармақтарда  саңылау  пай да 

болып, соның салдарынан мұнай өнім дері 

тұтанған,  –  дейді  зауыттың  баспасөз  хат­

шысы е. есенова. 

өрт жерден 22 метр биіктікте болған­

дық тан оны сөндіру біраз қиындық тудыр­

ған.  Бірақ  алаңдауға  еш  негіз  жоқ тығын 

айтып  отырған  зауыт  өкілдері  «зауыт тың 

басқа  қондырғылары  бірқалып ты  жұмыс 

жасап  тұр»  дейді.  қыркүйектегі  оқиға 

секілді  зауыттың  цехында  қандай  өрт 

оқиғасы болса да, оның зауыт жұмы сына 

«еш  әсері  болмай»  шығады,  әйтеуір.  Бұл 

жолы да солай. 

қазір  облыстық  ТЖД  мен  амөЗ­дың 

қызметкерлерінен  комиссия  құрылды. 

Олар өрт себептері мен оның шығындарын 

анықтаумен айналысуда. 

Нарғыз ғАБдуЛЛИНА,

Атырау облысы

лайн»  бүгінде  жұмыс,  спорт,  балалар 

киімдерін шығарады. Тіпті әлемдік додаға 

қатысатын  велоспортшыларымызды  да 

киіндіріп  отыр.  Үкіметтің  салықты  алып 

тастау туралы сол кездегі шешімінің арқа­

сын да  отандық  тігіншілердің  қалтасында 

құрал­жабдық  алуға  басы  артық  ақша 

пайда  болды.  мемлекеттің  қолдауымен 

отандық  тігін  кәсіпорындарына  арналған 

халықаралық екі жылдық бағдарламаның 

арқасында  компания  еуропадан  өзіне 

әріптес тапты. Швейцариялық ASSOS ком­

паниясымен  2001  жылы  бірінші  рет  15 

мың  долларға  келісімшарт  жасасқан 

«Тексти лайнның» бүгінде бұл компания­

мен жылдық айналымы 5 миллион евроға 

жеткен. 


алайда  Үкіметтің  жеңілдігі  үш  жылға 

жетер­жетпесте алынып тасталды. мұның 

сыртында  тігіншілеріміз  шеттен  келетін 

шикізатқа  баж  салығын  төлейді.  қазір 

трикотаж матаның импорты на 5 пайыздық 

баж салығы бар. Бізде аралас мата өндірісі 

жоқтың  қасы.  Түйме  секілді  ұсақ­түйекке 

дейін шеттен тасимыз. Яғни шикізатқа баж 

салығын  қоя  отырып,  отандық  өнімді  о 

бастан­ақ  бәсекеге  қа білет сіз  етіп  отыр­

мыз. 

мемлекеттік тапсырысқа қатысты бай­



қау дағы  жемқорлық  пен  сыбайластық  та 

отандық  өндірушілерді  қаржыдан  қағып 

отыр. Олардың орнына кеше ғана тіркел­

ген  белгісіз  ұсақ  компаниялар  жеңімпаз 

болып жатады. алматыдағы «семирами­

да» тігін компаниясы қарулы күштер мен 

полицияға  арнап  жаңа  стандартта  толық 

форма  тігеді.  Және  ол  арзан.  қытайлар 

сондай бағаға тек жауында киетін жамыл­

ғы ғана ұсынады. компанияның директоры 

наталья  ақшабаева:  «Тендерде  жеңімпаз 

деп танылған бір күндік компаниялар қы­

тайға  тапсырыс  беріп,  солардың  жұ мыс­

шы ларын асырауда», – деп қынжы ла ды. 

мұндай  жағдайда  тоқыма  саласында 

толымды  табыстарға  қол  жеткіземіз  дей 

аламыз ба?

МОЛ МүМкіНдіктеР 

экОНОМИкАЛЫқ әЛеуетке 

қАшАН АйНАЛАдЫ? 

егер елге заңсыз жолмен келіп жатқан 

тігін өнімдерін тоқтату мүмкін емес болса, 

онда  отандық  өндірушілерге  бәсекеге 

қабі летті  өнім  өндіру  үшін  жағдай  жасау 

қажет.  саланы  көтеру  үшін  отандық  өн­

діру шілер экспорттық бағытта кең қолдау 

көрсетуді,  отандық  өнімдерді  сататын 

сауда  жүйесін  құруға  көмектесуді,  салық 

жағынан  жеңілдіктер  жасауды  сұрайды. 

Былтыр Үкіметтің жеңіл өнеркәсіпті дамыту 

туралы  қаулысы  шықты.  Оған  көптеген 

мәселелер  енді.  алайда  оларды  шешу 

үшін  қаржы  қарастырылмаған.  ниет  бар 

да, қаржы жоқ.

ал  отандық  тігін  және  тоқыма  сала­

сының өкілдері қол қусырып қарап отыр­

ған  жоқ.  қазір  олар  жеңіл  өнеркәсіп 

қауым  дастығының аясында бірігіп «Бала­

қай» деген атпен балалар киімінің желісін 

әзір леп  отыр.  Бұл  –  іс  жүзінде  біздің 

қазақстанның  экономикасындағы  тоқыма  және  тігін  саласының 

үлесі 0,4 пайызды ғана құрайды. Салыстыра кетсек, Германия, Франция 

және Ақш секілді елдерде бұл көрсеткіш – 4%, Италияда 12%-ға жетеді. 

Айта кету керек, тоқыма-тігін саласы бұл елдердің бюджетінің 20%-ын 

құрап, ішкі нарықты 75-85%-ға өз өнімімен қамтамасыз етеді. еліміздің 

жеңіл  өнеркәсіп  қауымдастығының  басқарма  төрайымы  Любовь 

Худованың  есебінше,  2000  жылы  еліміздің  тоқыма-тігін  саласында  27 

мыңнан  астам  адам  жұмыс  істесе,  бүгінде  біз  10  мыңнан  астам  еңбек 

күшінен  айырылдық.  Олар  қазір  базарда  қытай  мен  түріктердің 

киімдерін сатып жүр.

ОзЫқ тәЖіРИБеЛеРГе 

көз САЛСАқ

Оңтүстік корея өткен ғасырдың 70­

жылдары экономикалық реформаларды 

қолға  алып,  мемлекеттік  деңгейде  қол­

дау  көрсетілетін  жеті  саланың  тізімін 

жариялады.  Оның  ішіне  тоқыма­тігін 

өнеркәсібі де енді. Бұл салаларды шикі­

затпен қамтамасыз етуге мемлекеттің өзі 

тікелей араласты, салықтары азайтылып, 

басқа  да  жеңілдіктерге  ие  болды.  Олар 

тері,  жүн,  мақтаны  түгелімен  шеттен 

әкеледі. мұнда жеңіл өнеркәсіп автокөлік 

өндірісінен кейінгі екінші орында тұр.



қырғыз  тоқымашылары  мен  тігін­

шілері тек өндірістегі машинаның басына 

ғана салық төлейді және ол жылына бір­

ақ  рет.  өз  өндірісін  қолдаған  қырғыз 

үкіметінің  саясатының  арқасында  20 

пайыздан  астам  еңбекке  қабілетті  адам 

бүгінде осы салада жұмыс істейді. 

Балтық  жағалауы  елдерінде  тігін 

компаниясының  иесі  тапқан  табысын 

өндірісін кеңейтуге жаңа технологиялық 

жабдықтар  алуға  жұмсаса  –  бір  тиын 

салық төлемейді. айналымнан ақшасын 

алған  күні  қазынаға  табыс  салығын 

төлеуі тиіс болады.

түрік үкіметі осы уақытта экспортқа 

шығам  деушілерге  жеңіл  несие  берді, 

экспорт  өніміне  қосылған  салықты 

қайтаруға келісті, тоқыма­тігін саласын­

дағы ғылыми ізденістерге кеткен шығын­

дардың  жартысын  өтеп,  экспорт тық 

операцияларды  өз  мойнына  алды. 

Осының арқасында 10 жыл ішінде Түр­

кия ның  шетке  шығарған  тоқыма­тігін 

өнімі  130  млн  доллардан  2,8  млрд 

долларға бір­ақ өсті. Түркия қазір дайын 

киім  мен  мата  сатудан  әлемдегі  бес 

көшбасшы  елдің  қатарына  кіреді.  ал 

киім мен мата экспорты ел экспортының 

40 пайызын құрайды. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал