Жылына 4 рет 16 тілде шығады



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/7
Дата05.03.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Жаһандық

диалог

Ж

УРНА



Л

Университет пен әлеуметтану

> Ұлыбританияда корпоративтік университеттің өсуі

> Канададағы «әлеуметтану соғысы» 

Еске алу

> Джон Урри, 1946-2016 



Арнайы бағаналар

> Жыныстық зорлыққа қарсы студенттік кампаниялар

> Мондрагонның үшінші жолы 

> Жаһандық диалогты румын тіліне аудару

Нандини Сундар

Өзімен-өзі қырқысу жағдайындағы 

Үндістан демократиясы

Руй Брага

Бразилиядағы лулизмнің 

аяқталуы


Родольфо Элберт

Неолибералдық Аргентинадағы 

еңбек саясаты

Арли Хохшильд

Америкалық құқықтың 

терең тарихы

Басылым

 6/ 


Ш

ығарылым


 3/ 

Қырк


үй

ек

 2016



www

.isa-sociology

.org/global-dialogue/

GD

6.3



Жылына 4 рет 16 тілде шығады

Джихан Тугал

Түрік 

тоталитаризмі



 

 

 2

2

011  мен  2014  жылдар  аралығында  Жаһандық  диалог  әлемді 

шарпып  алған  қоғамдық  құбылыстарды  белсенді  түрде  жариялап 

жүрді  –  Араб  көтерілістері,  Басып  алу  қозғалыстары,  Ызалылар 

қозғалысы,  Жұмысшылар  қозғалысы,  Студенттер  қозғалысы, 

Қоршаған  ортаны  қорғау  мен  Ауылдық  жеке  меншікті  жоюға  қарсы 

қозғалыстар. Бұл жариялау белсенділігі аталған қозғалыстар қимылының 

өзгерісі  сияқты  ұзаққа  созылмады,  себебі  өзгерістер  популистік 

қозғалыстар  мен  авторитарлы  режим  толқынына  алып  келді.  Осы  санда 

оңшылдар  көзқарастарын  көрсететін  жазбалардың  артқаны  көрсетіледі: 

Арли Хохшильдтің Трампизмді және АҚШ шай ішу салтанатын талдауы; 

Джихан  Тугалдың  түрік  режимінің  авторитарлық  бетбұрысын  зерттеуі; 

Руй  Браганың  Бразилиядағы  оңшылдар  төңкерісін  түсіндіруі;  Родольфо 

Элберттің Аргентинадағы неолибералдық өзгерісті талдауы және Нандини 

Сундардың  Үндістандағы  Наксалиттер  қозғалысына  қарсы  жалғасып 

келе  жатқан  зорлық-зомбылықтың  графикалық  портреті.  Алдында  біз 

дәлелдеп  кеткендей,  біз  бұл  қозғалыстарды  Карл  Поланидың  нарықтың 

кеңеюі талдаулары көзқарасы арқылы көре аламыз. Сонымен қатар қазіргі 

кезде қаржы капиталын басқару оң және сол популистік қозғалыстардың 

шайқалуын  тудырып,  тұрақсыздықтың  жаһандануына  және  парламенттік 

саясаттан жалпы бас тартушылыққа алып келді. 

Біз сондай-ақ университет жүйесіндегі жұмыстың қаржыландыруын көре 

аламыз.  Бұл  мәселеде  Хью  Бейнон  британиялық  университетті  жалмаған 

дисфункционалды  менеджеризмді  талдайды.  Ол  «өте  жақсы»  бағалау 

жүйесі  қабілетсіздікке  қалай  алып  келетінін  және  алымдарға  тәуелділік 

студентті  тұтынушыға  және  университетті  жарнамалық  агенттіктерге 

қалай  айналдыратынын  зерттеп  сипаттайды.  Сол  арқылы  студенттердің 

«қанағаттанушылығын»  максимизациялайтынын  көрсетеді.  Ұлыбритания 

корпоративтік үлгісі әлемнің басқа бөліктеріне де жетекшілік ете ме немесе 

Нил Маклафлин мен Энтони Паддефэт Канадада орын алғанын көрсеткендей, 

бәсеңдеушілік  мұнда  да  орын  ала  ма  –  бұл  ашық  сұрақ.  Алайда  Канада 

академиялық  әлеміне  консервативті  премьер-министр  қарсылығын  төтеп 

беруге тура келді.

Біз осы жылдың наурыз айында кенеттен өмірден кеткен Джон Урри өмірі 

мен шығармашылығы туралы төрт сый-мақала басып шығардық. Джон Урри 

біртума  және  ең  өскелең  әлеуметтанушы  болды.  Ол  көптеген  салалардың 

негізін  қалады:  әлеуметтік  пен  географиялық  мобильділікті  зерттеу 

бағдарламасын іске қосқан капитализм трансформациясынан бастап, туризм 

маңыздылығына  дейін;  жаһандық  жылымықтан  жақында  шыққан  үрейлі 

кітабы,  жаһандық  теңсіздік  пен  адам  құқығының  бұзылуын  күшейтетін, 

құпиялы экономиканы тарату үшін өмір сүретін Офшорингке дейін. Мүмкін 

ол кейін болашақ әлеуметтануының негізін қалаушы ретінде танылар, өйткені 

біздің ғаламшар бағытталған апаттар туралы болжамдарды да атап кетті.

Бізде  әлі  Америкадағы  жыныстық  алымсақтыққа  қарсы  студенттер 

қозғалысының өсуін, үлкен Мондрагон кооперативінің өзінің қарсыластарына 

қарсы қорғанысын және соңында Жаһандық диалогты румын тобы ана тіліне 

аудару  мәселелерін  қалай  шешетінін  ашып  көрсеткен  үш  мақала  бар.  Біз 

өзге аудару топтарының да әлеуметтануды ағылшын тілінен әртүрлі ұлттық 

тілдерге аудару тәжірибелерімен бөлісетініне сенеміз.



> Редактордан

> Жаһандық Диалог 

ХӘҚ ресми

 

сайтында

 16 тілде жарияланады

> Мақалаларды мына адреске жолдауға болады 

burawoy@berkeley.edu

ХХІ ғасыр популизмі

GD 

6 / 3 / 2016 ҚЫРКҮЙЕК

Жаһандық диалог SAGE Publica-

tions ұсынған риясыз грант

негізінде жүзеге асып отыр.

GD

Нандини Сундар, саяси зорлық саласында 



жетекші әлеуметтанушы, «Жанып жатқан 

орман» еңбегінің авторы, Чхаттисгарх атты 

орталық үнді штатындағы соғысты талдайды.

Руй Брага, Бразилиядағы қауіпті таптарға 

және Еңбекшілер партиясының (ЕП) 

өркендеуі мен құлауына түсінік беруші, 

бразилиялық саясаттағы соңғы дағдарысты 

талдайды.

Джихан Тугал, түрік әлеуметтанушысы 

және «Селқос төңкеріс: капитализмге 

ислам шақыруын абсорбциялау» 

еңбегінің авторы, Түркияны ХХІ ғасыр 

тоталитаризмінің моделі ретінде ұсынады.


 

 3

GD 



6 / 3 / 2016 ҚЫРКҮЙЕК

Редактор: Майкл Буравой.

Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо Бага.

Редакциялық кеңес: Маргарет Абрахам, Маркус 

Шульц, Сари Ханафи, Винетта Синха, Бенджамин 

Теджерина, Роземари Барбарет, Изабелла Барлинска, 

Дилек Чиндыоглу, Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, 

Гуэлермино Жассо, Калпана Каннабиран, Марина 

Куркчян, Саймон Мападименг, Аблдул-мумин Саад, 

Айше Сактанбер, Сели Скалон, Саука Ширахасе, Гразина 

Скапска, Эвангелия Тастосоглоу, Чин-чин Ю, Елена 

Здравомыслова.

Аймақтық редакторлар

Араб әлемі:

Сари Ханафи, Мунир Сайдани.



Аргентина:

Хуан Игнасио Пиовани, Пилар Пи Пуч, Мартин Уртасан.



Бразилия: 

Густаво Танигутти, Андреза Галли, Анжела Мартинс 

Джуниор, Лукс Амарал, Бенно Альвес, Жулио Дэвис



Индия:

Ишвар Моди, Рашми Жаин, Прага Шарма, Джуотти 

Сидана, Нидхи Бансаль, Панкаш Бхатнагар.

 

Индонезия

Каманто Сунарто, Хари Нугрохо, Лусия Ратих Кусумадеви,

Фина Итрияти, Индера Ратна Иравати Паттинасарани,

Бенедиктус Хари Джулиаван, Мохамад Шохибуддин,

Доминггус Элсид Ли, Антониус Арио Сето Харджана.

 

Иран: 

Рейханех Жавади, Абдулкарим Бастани, Нияеш Долати, 

Митра Данешвар, Вахид Ленджанзаде.



Жапония:

 

Сатоми Ямомото, Ютаро Шимокава, Синса Камео, Юки 



Накано.

Қазақстан:

Айгүл Забирова, Эльмира Отар, Баян Смағамбет, Әділ 

Родионов, Алмаш Тілеспаева.

Польша:

Якуб Барщевски, Адрианна Дроздровска, Кшиштоф

Губаньски, Юстына Косьциньска, Камиль Липиньски,

Миколай Мержеевски, Каролина Миколаевска-Зайонц,

Алам Мюллер, Зофия Пенза, Тереза Тележиньска, 

Анна Вандзель, Юстына Зелиньска, Яцек Зых.



Румыния:

Косима Ругиниш, Корина Брэгару, Костинел Ануца, 

Татьяна Кожокари, Андрей Добре, Александра 

Избэшой, Родика Лисяну, Михай-Богдан Марьян, Анда-

Оливия Марин, Рамона Маринаке, Анка Михай, Оана-

Элена Негря, Йон Даниэль Попа, Диана Тихан, Элена 

Тудор, Кристиан Константин Вереш, Кармен Войня, 

Ирина Замфиреску.



Россия:

Елена Здравомыслова, Анна Кадникова, Ася 

Воронкова, Любовь Чернышова, Анастасия Головнева.

Тайвань:

Джинг Мао Ху.



Түркия:

Гюл Чорбаджиоглу, Ирмак Эврен.



Медиа кеңесшілер:

 Густаво Танигути.



Шығарылым кеңесшісі:

 Ана Вилларреаль.



> Редакциялық алқа

> Осы нөмірде

Редактордан: ХХІ ғасыр популизмі



> ОҢШЫЛДАР ҮСТЕМДІГІ  

 

 

Өзімен-өзі қырқысу жағдайындағы демократия  



Нандини Сундар, Үндістан      

Түрік тоталитаризмі : мәдени әуестіктен гөрі жаңа мода үлгісін шығарушы?



Джихан Тугал, АҚШ

Лулизмнің аяқталуы және Бразилиядағы сарайлық төңкеріс       



Руй Брага, Бразилия

Аргентинадағы еңбек саясаты және неолиберализмнің қайта оралуы 



Родольфо Элберт, Аргентина

Америка құқығы: терең тарихы        



Арли Рассел Хохшильд, АҚШ

> УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ӘЛЕУМЕТТАНУ

Ұлыбританияда корпоративтік университеттің өсуі



Хью Бейнон, Ұлыбритания      

Канададағы «әлеуметтану соғысы»  



Нил Маклафлин және Энтони Паддефэт, Канада 

> ЕСКЕ АЛУ

  

Джон Урри мен оның еңбектерін еске алу 



Эндрю Сейер, Ұлыбритания

Джон Урри – болашақтың әлеуметтанушысы



Скотт Лэш, Ұлыбритания

Джон Урри: әлеуметтанушылардың әлеуметтанушысы    



Боб Джессоп, Ұлыбритания

Жақынырақ танысу және мобильділік: Урриді еске алу



Мими Шеллер, АҚШ

> АРНАЙЫ БАҒАНАЛАР

  

Сексуалды зорлыққа қарсы студенттік кампаниялар



Ана Виду және Тинка Шуберт, Испания

Мондрагонның үшінші жолы: Шэрон Кэсмирге жауап



Игнасио Санта-Круз Ауо және Ева Алонсо, Испания

Жаһандық диалогты румын тіліне аудару     



Костинел Анута, Корина Брагару, Анка Михай, Яна-Елена Негре

Ян Даниель Попа және Диана Тихан, Румыния

2

4



7

11

14



16

20

24



27

29

31



33

35

37



39

 

> Өзімен-өзі қырқысу

  

  

жағдайындағы демократия

Сальва Джудум  - үкіметпен қаржыландырылған жасақтар. 

Белгісіз суретші фотографиясы.

 4

GD 



6 / 3 / 2016 ҚЫРКҮЙЕК

>>

Нандини Сундар, Дэли экономика мектебі, Үндістан

Нандини Сундар саяси зорлықты зерттеу саласында белгілі әлеуметтанушы болып табылады. Жанжалдың қарқынды 

аймағы  Чхаттисгарх атты орталық үнді штатында орналасқан Бастарды зерттеуге 25 жылдан астам уақыт арнаған. 

Бастапқыда PhD  диссертациясына зерттеу жүргізу мақсатында ол сонда тұрады. Диссертация Бағыныштылар мен 

Басшылар:  Бастардың  антропологиялық  тарихы  1854-1996  атымен  басылып  шықты  (Оксфорд  университетінің 

баспасы, 1997). Оның Жанып жатқан орман: Бастардағы Үндістан соғысы  (Juggernaut Press, 2016) атты көптен 

күткен  кітабында  осы  аймақтың  әскери  әрекеттер  орталығына  қалай  айналғанын  және  сыртқы  саяси  күштер 

арқылы қалай қалыптасқанын сипаттайды.  Сонымен қатар Жоғары соттағы өзінің сот тәжірибесінен есебі мен он 

жылға дерлік әртүрлі кезеңдер мен әлі күнге дейін созылған соттық үдеріс көрсетіледі. Ол және оның әріптестері 

2011 жылы тиімді пікір алса да, мемлекет соттың берген жолдама хатына мүлдем назар бермеді және өздерінің 

көтеріліске  қарсы  әрекеттерін  жалғастыра  түсті.  Жанып  жатқан  орман  үнді  демократиясын  қалыптастыруға 

кедергі  болатын  институционалды  сәтсіздіктерді,  мемлекеттік  жазасыздықты,  қоғамдық  тұрақтылықты  басып 

алуға ұмтылады.



ОҢШЫЛДАР ҮСТЕМДІГІ

 

ОҢШЫЛДАР ҮСТЕМДІГІ

 5

GD 



6 / 3 / 2016 ҚЫРКҮЙЕК

>>

Ү

ндістандағы  демократия  ерекше  пікірлерді 

жұмылдырады.  Үнді  саясаткерлері  атап 

өткен үстем жағдай, БАҚ пен ел элитасының 

қасиеттілігі,  постколониалды  қоғам  ішінде 

Үндістан жалпы сайлау құқығымен, федерализм, әскердің 

азаматтық  басқармаға  бағыныштылығы  және  тәуелсіз 

соттық  жүйесімен  мақтана  алады.  Екінші  жағынан, 

белсенділер  Үндістандағы  демократия  «жалған  әрекет» 

деп  айтып,  немқұрайлықпен  әуестенді.  Олар  Солтүстік-

шығыстың  қарулы  күштерінің  арнайы  өкілеттігі 

актісіндегідей  (AFSPA),  яғни  соған  сәйкес  әскер  тек 

бір  ғана  күдік  үшін  қару  қолдана  алатын,  «төтенше» 

заңдардағы  колониалды  жалғастырушылықты,  жиі 

болатын  соттан  тыс  адам  өлтірушілік,  абақтыдағы 

өлімдер,  азаптау,  зорлық  пен  күштеп  жоқ  қылуларды 

көрсетеді;  және  басқарушы  партия,  Сикха  (Delhi,  1984) 

сияқты  азшылық  пен  мұсылмандармен  (Gujarat,  2002) 

байланысты қырқысты ұйымдастырады.

Үнді  демократиясын  зерттейтін  академиялық  жұмыстар 

саясаттануда шоғырланған және көбіне саяси партияларды, 

сайлауларды,  институционалды  құрылымдарды  және 

режимдердің  дамуын  негізге  алып,  центризмдік  тәсілді 

өрбітуге  ұмтылады.  Жанып  жатқан  орман:  Бастардағы 

Үндістан  соғысы  еңбегінде  мен  керісінше  «солшыл 

экстремизм»  деп  үкімет  атайтын,  көтерілісшілерге  қарсы 

жүргізіліп  жатқан  шараларға  әлеуметтанулық  зерттеу 

жүргіздім  және  үнді  демократиясын  не  айғақтайтынын 

сараладым.

Қазіргі  Үндістанның  Мао  партизандарына  қар-

сы  «Наксалиттер»  деп  халық  аузында  аталып 

кеткенҮндістанның  Коммунистік  партиясымен  шабуылы 

енді  өткен  онжылдықтың  еншісінде.  Бірақ,  дегенмен,  1960 

жылы басталып, 1970 жылы қатал түрде басып-жаншылған 

Наксалиттер  қозғалысының  бірінші  кезеңі  зерттеушілер 

назарын  аудартты,  қазіргі  кезде  егжей-тегжейлі    жазылған 

біршама  кітаптар  да  бар.  Себебі  бұл  жоққа  шығарылған 

және секюриттелген аймақты зерттеу қиынға түсуінен болуы 

мүмкін, сонымен қатар қозғалыс қазіргі кезде ауылдық және 

ормандық аудандардағы жергілікті халықтар немесе тайпалар 

мен  касталар  арасында  шоғырланған.  Бұл  қозғалыстың 

алғашқы Наксалиттер қозғалысынан басты айырмашылығы 

болып табылады, себебі ерте Наксалиттер қатарында сондай-

ақ  орта  тап  та,  қала  және  студенттік  жақтастар  да  болды. 

Қазір жанжалды сипаттау көбіне, біріншіден, маолықтармен 

бірге  саяхаттаған  журналистер  тарапынан,  екіншіден, 

«ақылдылар  орталығының»  қауіпсіздік  туралы  есептерінен 

таралып жатыр.

Мао қозғалысы бірнеше аймақтарға таралғанымен, соғыс 

эпицентрі  қалың  орманды,  минералдарға  бай,  белгілі 

Бастар  ауданында  орналасқан.  Чхаттисгарх  атты  Орталық 

Үндістан штатындағы 39 114 шаршы километрге созылған 

Бастарда  негізінен  адивасис  немесе  аумақтың  жергілікті 

халықтары мекен етеді. Маолықтар алғаш рет осы аймаққа 

көрші  репрессиядан  шегіну  мақсатымен  Андхра-Прадеш 

штатынан  көшіп  келді,  алайда  жергілікті  халық  оларға  өз 

талаптарын қойды. 1980 жылдардан бастап маолықтар жерді 

бөле  алатын,  ұжымдық  жұмыс  топтарын  дайындайтын, 

кикілжіңдерді  шешетін,  жалдамалы  жұмысшыларға  салық 

салатын  және  жақын  қатынастарға  егжей-тегжейіне  кірісе 

алатын өздерін параллельді мемлекетпіз деп белгіледі. Ауыл 

тұрғындары  Мао  мемлекетін  құруға  қатысқандықтан,  олар 

өздерінің мәдени дәстүрлеріне негіздеді. 

2005  жылдың  маусым  айында  Үндістанның  ұлттық  және 

жергілікті  үкіметі  Оңтүстік  және  Батыс  Бастарда  Сальва 

Джудум (Salwa Judum, сөзбе-сөз «тазалау аңшылығы») атты 

аморфты  ұйым  ашты.  Оны  Наксалиттер  зорлығына  қарсы 

«халықтың  стихиялы  қозғалысы»  деп  атады.  Бұл  шара 

аймақтың  негізгі  таптық  конфигурациясына  көмектесті: 

жаңа  қоныстанушының  жергілікті  халыққа  қатысты 

нәсілшілдігі құралады және пайдалы қазбалар мен өндірісті 

шығару  үшін  жергілікті  халықты  ығыстыру  мақсатында, 

мемлекеттің  модернизациясын  қолдайды.  Сальва  Джудум 

көшбасшылары  негізінде  тұрғылықты  емес  иммигранттар 

немесе билеуші Үндістан ұлттық партиясының (BJP) беделді 

саясаткерлерінің адамы, немесе маолықтар тарапынан қауіпті 

сезінген Конгресс партиясынан болды.

2005 пен 2007 жыл аралығында Сальва Джудум жасақтары 

үйлерді  өртеді,  астық,  мал  мен  ақшаны  ұрлады  және 

тұрғындарды  өлтіріп,  зорлады.  Маолықтар  жауынгерлер 

шабуылына  жауап  берді.  Шамамен  50  000  тұрғын  күшпен 

«жәрдемші лагерлеріне» көшірілді, сол екі арада осының тең 

бөлігі орманға және көрші мемлекеттерге қашты. Көшірілген 

және  бөлінген  ауыл  тұрғындары  үшін  бұл  өміріндегі  ең 

жан  шошырлық  оқиға  болды,  2007  жылдан  кейін  адамдар 

біртіндеп  үйлеріне  оралғанымен,  жағдайлары  шешілмеген 

болып қала берді.

Ресми мәліметтер бойынша, 2005 пен 2016 жыл аралығында 

Чхаттисгархта 2468 адам, оның ішінде жай адамдар, қорғаныс 

күштері  мен  маолықтар  өлтірілген.  Нақты  саны  көптеу 

екені сөзсіз. Ең көп өлім 2005-2007 және 2009-2011 жылдар 

аралығында үкімет «Орталық қаруланған полиция күшіне» 

(CAPF) жіберген Грин Хант операциясы кезінде болды. Олар 

ұшқышсыз ұшақтармен, тікұшақтармен және минаға қарсы 

танкілерімен бірге қосқанда әскерге қарағанда бір саты төмен 

болды.

Жазалаушы  стандарттар  тәжірибесіне  сәйкес,  үкімет 



маолықтарды  олардың  бұрынғы  жолдастарын  тану  үшін 

және  жай  полиция  жұмысына  тұрғалы  ойымен  келген 

жергілікті жастарды жұмысқа алды. Өз ауылдарына қайтып 

келе  алмайтын  Арнайы  полиция  қарапайым  полиция 

күштеріне  жоғарыдан  қараса  да,  қазіргі  кезде  полициялық 

лагерде  тұрады.  Қорғаныс  қызметкерлерінің  кейбіреуі  өз 

рахаты және ақша мен медаль үшін өлтіріп, соғысқұмарлық 

танытса, басқалары бұл жанжалда өздерін дәрменсіз сезінеді. 

Саясаткерлер  мен  жоғары  шенді  шенеуніктер  адамзаттық 

қасіретке енжар.

Қазір  Бастар  қауіпсіздік  лагерлері,  әр  бес-он  километрі 

тікенекті  сыммен  оралған  елдегі  ең  милитарландырылған 

аймақ  болып  табылады.  Көпшілікпен  мойындалғанымен, 

қарапайым  медициналық  көмектің  болмауы,  білімнің 

жоқтығы  маолықтырды  қолдаудың  негізгі  себебі  болып 


 

ОҢШЫЛДАР ҮСТЕМДІГІ

 6

GD 



6 / 3 / 2016 ҚЫРКҮЙЕК

табылады.  Мемлекеттің  қауіпсіздік  шараларына  жұмсаған 

қаражаты  жәрдемақы  көлемінен  біршама  есе  көп  болып 

отыр.


Басқа  партизандарға  қарсы  шаралармен  ұқсастығын 

ескеріп, өзіңе егер партизандарға қарсы науқан не әскери, не 

отарлық үкіметте емес, демократия жағдайында өтсе, қандай 

да бір ерекшелігі бар ма деген сұрақ қойғаның дұрыс. Саяси 

партиялар мен құқық қорғау ұйымдары, БАҚ пен сот билігі 

сияқты  әртүрлі  институттар  мен  субъектілер  қалай  жауап 

қабылдады?

Парламент  саясатының  соғысқа  ешқандай  қатысы  жоқ, 

себебі  Конгресс  пен  Үндістан  ұлттық  партиясы  (BJP) 

сияқтыҮндістанның екі негізгі париялары оны өрлету үшін 

бірге  әрекет  етті.  Сол  екі  арада  Үндістанның  жергілікті 

парламенттік  Коммунистік  партиясы  үдерістегі  қатерлі 

регрессияға  қарамастан,  маңызды  рөл  ойнады.  Адам 

құқықтары  жөніндегі  Ұлттық  комиссия  сияқты  заңмен 

орнатылған институттарға қызығушылық танытылмай ғана 

қоймай,  сонымен  қатар  белсенді  түрде  бұзылды.  Сонымен 

бірге  ұдайы  сайлау  жүргізіліп  тұрады  және  құқық  қорғау 

институттарының  болуы  тиімділігі  мен  демократиялығын 

сынамастан,  мемлекеттің  легитимизациясы  ретінде 

қарастырылады.

Сол  екі  арада  үнділік  БАҚ  тәуелсіз  және  жігерлі  болып 

табылды.  БАҚ  бизнес  мүдделері  және  олардың  үкіметке 

белгілі  бір  шектен  асатындай  зиян  келтіргісі  келмеуі;  

көтерілісшілерге  қарсы  әрекеттер  болып  жатқан  аймақтар 

қала  орталықтарынан  алшақ  орналасуы;    жергілікті  және 

төменгі каста журналистерінің өте аз болуы - мұның барлығы 

көтерілісшілерге қарсы әрекет кезінде жаппай адам құқығын 

бұзушылықтың  негізгі  мәселе  ретінде  қаралмайтынында 

болып  тұр.  Бастардағы  есеп  беру  циклдері  толықтай 

ескермеушіліктен едәуір мол баяндаушылыққа дейін әртүрлі 

болып отырды. Бірақ мұның өзі үкіметтік жауапкершілікке 

алып  келмеді.  Ағылшын  және  хинди  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының  құрылымдық  ерекшеліктері,  соңғысының 

жұмысында  айтарлықтай  экономикалық  және  саяси 

шектеуінің болуы оқиғаларды баяндауға тағы да әсер етті.

Адам  құқықтары  ұйымдары  қиянат  етушілікте, 

маолықтармен  кепілгер  үшін  келіссөздер  жүргізуде  және 

мемлекеттік  пен  партизандық  зорлық  аясында  дебат 

жүргізуде  басты  орынды  алды.  Сол  кезде  қалалық  құқық 

қорғаушылардың  ғаламтор  желісіне  деген  сенімділігі 

артып,  маңызды  мәселелер  сол  жерде  шешіліп  отырады. 

Чхаттисгархта  тергеусіз  сотты  мемлекеттік  қолдау  ашық 

антитеррорлық  заңның  қабылданумен  тіркеліп  отырды.

Танымал  дәрігер  және  азаматтық  бостандық  белсендісін 

осы заңға сәйкес тұтқынға алуы орта тап желілері арасында 

мазасыздық  тудырды,  дегенмен  оны  бостандыққа  шығару 

шарасы  көтерілісшілер  тарапынан  зорлық-зомбылықтың 

объектісі  болып  табылатын,  елдің  қарапайым  жергілікті 

тұрғындары үшін маңыздылық тудырмады. 

Қарапайым тұрғындарды бостандықтан айырудың жоғары 

көрсеткішіне  және  Чхаттисгарх  абақтыларының  асыра 

толуына алып келетін, жергілікті сот жүйелі түрде сәтсіздікке 

ұшырағанда, сол екі арада Үндістан Жоғары соты Бастардағы 

жаппай  бұзушылықтарды  анықтауда  басты  орынды  алды. 

Алайда  шексіз  іркіліс  пен  мерзімін  ұзартушылық,  және 

мемлекеттің Соттың қаулыларын ескермеу, соттың шешімдері 

әділеттілікке  алып  келмейтінін  білдірді.  2011  жылы 

Чхаттисгарх  штатындағы  Сальва  Джудум  сияқты  өздігінен 

басқарылатын  ұйымдарды  жабу,  жергілікті  тұрғындарды 

антипартизандық  әрекетке  шақыруды  тоқтату,  қақтығыс 

құрбандарына өтемақы төлеп, бұзушыларды жазалау сияқты 

нақты мемлекеттік шараларға қарамастан, мемлекет Сотпен 

ешқашан аталып өтілмегендей,  жай ғана ештеңе өзгертпей 

отыра берді. 

2014 жылы Моди режимі келгендіктен, Сальва Джудумның 

кейбір  элементтері  қайта  жаңғыртылды.  Мемлекетпен 

қаражатталатын  тергеусіз  сот  Үндістан  ұлттық  партиясы 

үшін ел саясатының қалыпты режимі болды. Тіпті қазіргі іс 

жүзіндегі  демократия  әлі  талай  жақсартуды  талап  етсе  де,  

дегенмен ел азаматтары демократиялық жобаға сенуді және 

сол үшін күресуді тоқтатқан емес. 

 

Хаттарды Нандини Сундарға <



nandinisundar@yahoo.com

> жолдауға болады.

Сальва Джудумға қарсылық белгісі ретінде ауыл тұрғындары алыс 

қашықтықты жаяу жүруде.



 


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал