Жылғы 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төлем карточ



жүктеу 81.1 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі81.1 Kb.

2014  жылғы  1  шілдесіндегі 

жағдай  бойынша  төлем  карточ-

каларын  шығаруды  іс  жүзінде  25 

банк  және  «Қазпочта»  АҚ  жүзеге 

асырады. 

Аталған 


ұйымдар 

халықаралық  жүйелердің  төлем 

карточкаларын  шығарады  және  

таратады (олардың үлесі - 95,0%): 

VISA  International,  MasterCard

 

Worldwide,  American  Express 

International 

және 


UnionPay 

International. 

Бұдан 

басқа 


Қазақстан 

банктері  жергілікті  жүйелердің 

төлем  карточкаларын  шығарады: 

Altyn 


Card 

– 

«Қазақстан 



Халық  Банкі»  АҚ;  жүйелердің 

SmartAlemCard  –  «БТА  Банкі» 

АҚ  және  Ситибанк  Қазақстан 

жергілікті  карточкасы  -  «Сити-

банк» АҚ. 

2014  жылғы  1  шілдесіндегі 

жағдай  бойынша  банктер  16,3 

млн.    төлем  карточкаларын 

шығарады,  ал  бұл  карточкалар-

ды ұстаушылар саны – 14,4 млн. 

адам болды (2013 жылғы осындай 

күнгі жағдаймен салыстырғанда - 

тиісінші – 23,6% және 20,9% өсу). 

2014 


жылғы 

маусымда 

қазақстандық 

эмитенттердің 

төлем 

карточкаларын 



пай-

далана 


отырып 

жасалған 

транзакциялардың  көлемі  617,9 

млрд.  теңге  болды  (2013  жылғы 

маусым  айымен  салыстырғанда 

өсу  14,2%).  2014  жылғы  мау-

сым 

айында 


транзакциялар 

саны  20,3  млн.  транзакция  бол-

ды  және  2013  жылғы  маусым 

айымен  салыстарғанда  11,1% 

ұлғайды.  Бұл  ретте  қолма-

қол 


жасалмайтын 

төлемдер 

санының 

және 


сомасының 

өсуі  15,7%  (транзакциялардың 

саны  -  5,3  млн.)  және  5,0% 

(транзакциялардың  көлемі  79,3 

млрд. теңге), ал қолма-қол ақшаны 

алу  бойынша  операциялардікі 

тиісінше 9,5% (транзакциялардың 

саны  -  15,5  млн.)  және  15,7% 

(транзакциялардың  көлемі  538,6 

млрд. теңге) болды. 

2014  жылғы  1  шілдесінде 

Қарағанды облысы бойынша:

– Айналымдағы төлем карточ-

калардың  саны  –  1059,8  мың 

бірлік;

–  Карточка  ұстаушыларының 



саны – 955,4 мың адам;

–  Қолданылған  төлем  карточ-

каларының  саны  –  574,3  мың 

бірлік;


–  POS – терминалдар саны - 

3892 дана;

–  Импринтерлер  саны  –  11 

дана;


–  Банкоматтар  саны  –  769 

дана;


–  Сауда  кәсіпорындарының 

саны – 2315;

–  Банк  киоскілерінің  саны 

(дана) – 702.

Қарағанды  облысындағы  тө-

лем  карточкаларын  пайдалану-

мен  қолма-қол  ақша  алуға  бай-

ланысты  операциялар  маусым 

айындағы 

транзакциялардың 

саны  1376,6  мың  болғанда, 

45  205,5  млн.  теңге  құрады  ал, 

қолма-қол  ақшасыз  төлемдер 

саны  транзакциялардың  саны 

201,1 мың болғанда, 2610,9 млн. 

теңге деңгейінде қалыптасты.       



«Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі» РММҚарағанды 

филиалыныңбаспасөз қызметі.

3

www.ortalyk-kaz.kz



21 тамыз,  2014  жыл

Қоғам


Т

өлем

 

карТочкалар

 

және

 

олардың

   

2014 

жылғы

 1 

шілдесіндегі

 

статистикасы 

Мирас АСАН,

«Орталық Қазақстан»

Сағымбай  ата...  Сағымдай 

көшкен уақыт Сізді алып тынғалы да 

10 жыл өткен бе?.. Бұл есім – Бақты 

ауылымен  бірге  жасасып  кеткен.  

1919 жылы Қарқаралы ауданы,  Ле-

нин колхозы, (қазіргі Бақты селолық 

округі)  ата-бабасының  қонысы 

Қонақай  қыстауында  дүниеге  кел-

ген  Сақаң  аңызы  –  Арқа  жұртына 

кеңінен мәлім.  Қарауылдан тарай-

тын  Шұңқырша.  Арғы  ата-бабасы 

Көкшетаудан.  Үлкен  әкесі  Бай-

тастан  екі  ұл  –  Егеш  пен  Жәбдік 

туып,  Байтас  тоқсаннан  асқан 

шағында  қайтып,  сол  Қонақайда 

жерленіпті. 

Егеш 


– 

үлкені. 


Жәбдіктен  төрт  ұл,  екі  қыз  туады. 

Екі  үйдің  бүкіл  шаруашылығына 

Егеш  ие  болған  да,  Жәбдік  ел 

аралап,  моллалықпен  жүріпті. 

Үкімет  бай-шонжарларды  қудалай 

бастаған  1928  жылдары  Жәбдік 

Семей  асқан.  Шынжыр  балақ, 

шұбар төстермен бірге... Сағымбай 

Жәбдік  әкесінің  түрін  еміс-еміс 

қана есіне түсіретін. «Әкемнің  түрі 

інім  Мүрсәлімге  ұқсайтын»  деп 

отыратын.    Жәбдіктің  жағдайы  – 

анау.  Күллі  ауыртпашылық  Егешке 

түскен.  Көп  ұзамай  Егеш  те  ауы-

рып,  көз  жұмады.  Соны  естіген 

Жәбдік  елге  қайтып  келе  жатып, 

жолда  опат  болады.  Білетіндер 

«ауырып  қайтыс  болған»  дейді. 

Сеніңкіремейміз, 

қисынсыздау 

әңгіме  сияқты  көрінеді...  Екі 

әкеден  бірдей  айырылған  шиет-

тей  бала-шаға,  жетім-жесір  зар-

лап  қалған.  Ендігі  ауыртпашылық 

Егештен  туатын  Күлзия  қыздың 

күйеуі,  яғни,  жезделері  Айтбай 

мен әулеттің үлкені –  Сағымбайға 

түседі.  Осы  екі  ортада  «32»  келіп 

қалған.  Жалғызілікті  жезде  мен 

буыны  бекімеген  жас  Сағымбай 

ашаршылыққа  қалайда  қарсы 

тұрса  керек?  Жездеден  құр  атуды 

үйренген,  талғажау  етіп,  қоянға 

қақпан  құрған  жас  Сағымбайдың 

қолынан, қанша тырысса да аштық 

ажалы  екі  қарындасы  –  Сақып, 

Сақыпжамалды алып тынады. Аш-

арықтар  Сағымбайдың  өзін  жа-

зым  етіп,  талап  жеп  қоя  жаздаған 

оқиғалар өткен. Екі інісін – Мүсілім 

мен  Сабыржанды  балалар  үйіне 

өткізіп,  1934  жылдары  жаяу-жал-

пылап Қарқаралы қаласына жетеді. 

Әлгі  екі  ініден  сол  күйі  мәңгілікке 

айырылғанын  Сағымбай  ол  кез-

де  білген  жоқ...  Қарқаралыдағы 

үлкен  орыс  шіркеуін  бұзып,  қазіргі 

аудандық 

білім 

басқармасы 



ғимаратын,  яғни,  қазақ  мектебінің 

Сағымбай 

1957 жылы Сағымбай үш бөлмелі үй салды. Күзінде 

Бақты  ауылына  Сүлеймен  Ысқақов  деген  кісі  (Сары 

Сүлеймен)  кеңес  болып  келген.  Ауызғы  үй,  төргі  үй 

болып Сағымбай, Сүлеймен отбасы  қатар қоныпты. 

Сағымбай балалары Сүлейменді – Кеңес ата, жұбайы 

Рахиманы – Кеңес апа атап кетеді. Бірге туғандай жа-

расыпты. Руы – Қара, Ақкісі. Белгілі қаламгер Мағауия 

Сембайдың  сол  Кеңес  ата  –  туған  нағашысы  екенін 

бертінге  дейін  көбі  біле  бермеді.  Ұрпақсыз  өткен 

екеу  –  сол  Мағауияның  туған  ағасы  Сапарғалиды 

бауырына  салған  көрінеді.    Ол  ұл  да  25  жасында 

Муграбқа ағып өледі... Шерлі екеу Сағымбайдың бала-

ларын алданыш қылып отырады екен. Сағымбайдың 

жары Мұғи апаның айтысында: «Үлкен адамнан сүт 

шыққанын көрдік. Тұңғышымыз Сараны емізіп оты-

ратын, жарықтық» дейді...

салған сара жол

Тағзым

құрылысына 

қатысқан. 

Еңбек 


ақысына  түскен  ептеген  тиын-те-

бенге  шай-жем  алып,  ауылдағы 

ет  жақындарына  сәлем-сауқатын, 

ас-ауқатын  апарып  отырған.  1939  

жылы,  қыркүйек  айы  болса  керек, 

Сағымбайды қызыл әскер қатарына 

шақырады.  Сол  жылы  қазан  айын-

да Уссурийск қаласында әскери ант 

қабылдап, қызыл Армия қатарында 

Отан  алдындағы  борышын  өтеп 

жатады.    1941    жылы  соғыс  өрті 

тұтанған  алапат  шақ  Сағымбайды 

мергендікке дайындап,  1942 жылы 

Солтүстік  Батыс  майданына  бір-

ақ  аттандырады.  Сағымбайдың 

ғұмырнамасындағы осы бір аралық 

құпия күйі тарих қойнауында қалып 

қойды...  Соғыс  туралы  көп  айтпа-

ды. Кейде ғана: «Балам, бастарыңа 

бермесін, қып-қызыл қырғын ішінде 

жүрдік.  Алғашқыда  бір  жауынгер 

оққа ұшса, барлығымыз сол мәйіттің 

жанына құжынасатынбыз. Жау соны 

пайдаланып, талайымызды жаусат-

ты.  Кейін  ет  өлді.  Өліктерді  аттап-

пұттап  алға  ұмтыла  бердік.  Талай 

боздақтар  қыршын  кетті.  Сөйткен 

соғыс та біткен. Бірақ, біздер Укра-

инада  бендершілермен  соғысуға 

қалдық. Бұл соғыс – өзгеше соғыс. 

Фашистермен  соғысқанда,  әйтеуір, 

жау  алдыңда  еді  ғой,  ал,  мына 

бендершілер өз араңда, қасыңдағы 

досың  түнде  жау  болып  шығады. 

Соғыстан  қайтқан  талай  жігіт  еліне 

орала  алмай,  хабарсыз  Украина 

топырағында  қалды»    деп  үнсіз 

күрсінетін.  (Сол  соғыс  әлі  жүріп 

жатқан сияқты...) 

Қияң-кескі 

ұрыста 

снаряд 


жарықшағы  қолына  тиіп,    сынық 

темір  Сағымбай  сардардың  өмір 

бойы  ескерткіш  болып  ет-терінің 

арасында  кетті.  Сарбаз  Сағымбай 

1947 жылы әскер қатарынан оралып, 

ауыл  советінің  хатшысы  қызметіне 

орналасады. Соғыстан кейінгі қазақ 

ауылдарының  қал-күйі  белгілі.  Аш-

арық ауылды арқар етімен асырап-

ты.  Өгей  әке  Смағұлға  (Смағұлдар 

Жаныстан,  Сағымбай  үрім-бұтағы 

Мақабайдан.  Жаныстан  тараған 

Рысбек, 

Қонысбектер 

Әлихан 

Бөкейхановтың шежіресінде бар): 



«Әке,    бір  құлжа  атып,  бауыз-

дап  кеттім.  Бәленбай  деген  жерде 

жатыр,  алып  келіңіз  де,  таратып 

алыңыздар»  деп  жұмысына  келіп 

отырады. 40 жыл ауылдық кеңестің 

төрағасы болыпты. Елі қатты қадір 

тұтты.  Ыбырай  Әбілов,  Сейітқазы 

Іргебаев,    Малгелді  Рапихов, 

Мұқатай  Тоқмырзиндер  төбесіне 

көтерді. Көзі тірі Аманжол Түсіпбаев, 

Жеңіс  Көпжасаров  аталар  әлі 

сағына  еске  алысып  отырады. 

Ауылдың  көркеюіне,  өркендеуіне 

көп еңбек сіңірді. Ауылдық советтің 

хатшысы  боп  тұрған  уақытында 

жаңа  туған  нәрестенің  туу  тура-

лы  куәлігін  толтырып,  нәрестенің 

өз  үйі  бір  есім  қойса,  Сағымбай 

метіркеге  жазып  жіберген  екінші 

есім тағы бар. Ауылдың біразы ұл-

қыздарының  ішінде  сол  Сағымбай 

ата  қойған  атпен  әлі  жүргендері 

бар...  Нағашысы Рымбайға тартқан 

ісмер,  қолы  шебер  Сағымбай 

техниканың  құлағында  ойнаса,  аяқ 

киім  тігіп,  ағаштан  түйін  түйген  қол 

еңбегінде де ешкімге дес бермепті.  

4-ақ  кластық  білімімен  ауыл 

басқару  оңай  емес.  Сөйтіп  жүріп, 

бала  тәрбиеледі.  Інісі  Қабиденді 

оқытты.  Күллі  баласына  Мұғи  жар 

екеуі  жоғары  білім  әперді.  Бірі  – 

дәрігер,  екіншісі    –  мұғалім, 

енді бірі – бухгалтер, келесісі 

–  ауыл  шаруашылығында 

маман.  Мұғи  жар  кім?  Текті 

ата  Омарбай  шалдың  ерке 

қызы  Мұғи  ма?    Дәл  өзі!  

Заманында  болыс  болған 

Қырғыз  Омарбайдан  туады. 

Қайнарды  орнатқандардан. 

1937  жылы  «Халық  жауы» 

деп  атылып  кетеді.  Орақ 

тілді белгілі қаламгер Әбжан 

Омарбаевтың  қарындасы  – 

бұл  Мұғи.  Көргенді  жердің 

қызы, демек.

Сонда  отырып,  жіліктің 

майлы 

басы 


қайсысы 

дейсің?..

Мәуелі 

бәйтеректей 



Сағымбай әкенің немерелері 

қазіргі  таңда  құрлық  асып 

білім қууда. Шет елді шарлап, 

Америка,  Қытайда  жұмыс 

жасап жатыр. Елдегі немере-

жиендер да қара жаяу емес, 

білем.  Энергетика,  банк  са-

ласында,  программист  ма-

мандар  да  осы  әулеттен, 

Сағымбай  қарттың  қара 

шаңырағынан  шығып  отыр. 

«Өлі  разы  болмай,  тірі  бай-

ымайды»  деген,  Сіз  кеткелі 

де 10 жыл жүзін жасырыпты. 

Ендеше,  мына  өлеңді  дұға 

орнына  бағыштайық  та,  сөз 

түйініне көшейік:

Құтты айғырдың үйірі,

Сүтті биенің бауыры –

Сағымбайдың үйі-ді,

Сағымбайдың ауылы –

Бақтыдайын жоқ мекен,

Үзілмейтін сауығы,

Тиылмайтын жауыны!

Сағымбайдың есімі,

Мұғи ана бесігі,

Бақтымен бір аталған.

Өткен күндер өт алдан!..

Бақты дейтін шаһардан,

Сағымбайдай ата – 

                            орман,

Туды, өсті түледі,

«Елім» деді жүрегі.

Қан-майданға тап беріп,

Көзсіз ұрыс кірері.

Беті жаудан қайтпаған,

Шығындап сөз айтпаған,

Қазына еді жарықтық!

Сайра, өлең тағы ытқып!

Ұл өсірді түлек қып,

Қыз өсірді жібек қып.

Бағдар – айқын,

Бағыт – нық.

Алла шуақ жайса екен,

Жаратқаным қойса екен,

Жатқан жерін жарық қып! 

Жатқан жерін мамық қып!

«маралСайдағы» 

мазмұнды демалыс

Гүлім БЕЙСЕМБЕКҚЫЗЫ,

«Орталық Қазақстан»

Ағымдағы  жылы  елімізде  мұнай 

тасымалы  саласында  алпауыт  сана-

латын  “ҚазТрансОйл”  АҚ  әлеуметтік 

жауап кершілік  бағдарламасы  аясын-

да    өз  қызметкерлерінің  балаларының 

жазғы  каникулдарын  қызықты  өткізу-

лерін  қолға  алды.  Яғни  маусымнан  та-

мыз  айына  дейін  Алматы  облысының 

аумағында  орын  тепкен  балалар 

сауықтыру  лагерлерінде  тегін  демалу 

мүмкіндігін ұсынды. Биыл қызықты бал-

дәурендерін  1636  бала  ұмытылмастай 

өткізді.  Жақында  соңғы  лек,  яғни 

компанияның  Шығыс  филиалына  қа-

рас  ты  Қарағанды  және  Жезқазған 

мұнай  құбыры  басқармаларынан  бар-

ған  94  бала  өмірлік  есте  қаларлық 

сапар дан  оралды.  Олар  «Маралсай», 

«Ақерке»  және  «Альтаир»  сауықтыру 

лагерлерінде  демалып,  жаңа  дос тар 

тауып,  шағармашылық  тұрғыдан  шың-

далып келді. 

Таңдай  қақтырар  сұлу  табиғатты 

тек  теледидардан  көріп,  кітаптан  оқып 

жүрген  балалар  Алатауы  асқақтаған 

әсем  өлкені  өз  көздерімен  көрді.  Үй-

лерінен алғаш рет жыраққа  ұзап шыққан 

балдырғандар  екі  аптаға  созылған 

демалыстың  тез  өтіп  кеткені  өкінішті 

екенін айтады. 

– Бұл менің  лагерде  алғаш рет де-

малуым.  Екі  аптаның  ішінде  көптеген 

жаңа  достар  таптым.  Бір  бөлмеде    үш 

қыз болып тату тұрдық. Бір үйдің бала-

ларындай  болып  кеттік.  Таңертең  ерте 

тұрып  дене  жаттығуларын  жасаймыз. 

Бес  мезгіл  тамақтанамыз.  Концерттік 

шаралар  да  өткізіледі.  Тәрбиеші  апай-

Жаз жайнатып күн күлдіріп

лар да мейірімді.  Маған лагерь  қатты  

ұнады.  Келесі  жылы  тағы  да  жіберсе 

қуана барамын, – дейді кішкентай бүл-

діршін шаттық сезімге бөленген Аружан 

Қуаныш.


Лагерлерде  балалардың  бос  уа-

қыт тарын  өткізулеріне  барлық  жағ-

дайлар  жасалған.  Арнайы  бағдарлама 

дайындалып,  ұмытылмас  сәттерге 

толы  шаралар  ойластырылған.  Таң 

ат   қаннан  кеш  батқанша  олардың  де-

малуын  қамтамасыз  етуімен  қатар, 

шығар машылық  еңбекке,  патриоттық 

тәрбиеге, дене шынықтыруға, түрлі ой-

ындар мен фестивальдар ұйымдастыру 

арқылы  жан-жақты  дамытуға  тәр бие-

леуді  көздеген.  Әрине,  баланың  күні 

бойы  компьютердің  алдында  телміріп 

немесе зерігіп жүргенінен гөрі, жазғы де-

малысты лагерде қызықты әрі пайдалы 

өткізгені әлдеқайда тиімді. Ол қоғамдық 

өмір  дағдыларын  дамытып,  өзін-өзі 

бас қаруын,  ұқыптылығын  шыңдайды. 

Бұл  тұрғыда  компанияның  қолға  алған 

игілікті ісін жоғары бағалаған абзал.

Айта кетерлігі балғындардың арман-

дарына  арман  қосқан,  жүздеріне  күлкі 

үйірген  лагерлерде  демалу  құнын  жүз 

пайыз    “ҚазТрансОйл”  АҚ  өз  мойнына 

алған.  Бұны компанияның еліміздің ба-

янды болашағына  жасалған шарапатты 

ісі деп қабылдауымыз керек. 

Лагерде  асыр  салған  көңілді  бала-

лар  бір-бірімен  қимастық  сезімді  ба-

стан  кешірді.  Көңілді  демалыс  сәтінде 

балдырғандардың  жанын  әнге,  сыңғыр 

күлкіге  бөлеп,  күн  сайын  қызықты  сай-

ыстар  мен  думанды  кештер  өткізу 

дәстүрге айналғаны туралы айтады. 

–  Кішкентайларға  қамқор,  әрі  бір-

бірімізбен  тату  болдық.  Бізге  осындай 

жақсы  көңіл  күй  мен  тартымды  уақыт 

сыйлаған  жетекшілерімізге,  ата-ана-

мыз  еңбек  ететін  “ҚазТрансОйл”  АҚ-на 

алғысым  шексіз.  Өрлеп,  өсе  берсін! 

Жазғы демалысымды есте қаларлықтай 

тартымды,  әрі  қызықты  өткізгеніме  өте 

қуаныштымын,  –  дейді  Назира  Шайхи-

на. 


Алматыдан  көтеріңкі  көңіл-күй  мен 

оралған балаларын күтіп алу ға жиналған 

ата-аналардың  ал ғысы  зор.  Барлығы 

бір ауыздан ба  лалардың денсаулығына 

көңіл  бөліп  жүрген  компанияға  игі 

істері  үшін  алғыс  білдіруде.      –  Өз  ба-

ласын  жазғы  демалыс  лагеріне  жіберу 

мүмкіндігі  барлық  қызметкерлерде  бол-

ды.  Өтініштер  алдын  ала  қа былданды. 

Менің  қызым  ойланбас тан  келісті 

және  ол  үшін  өкінбейді  деп  ойлаймын. 

Себебі  бұл  сапардан  үлкен  әсер  алып 

қайтқанына  көзім  жетіп  отыр.  Біздің 

компанияға  балаларымызға  шаттық 

сыйлаған  демалыс  ұйымдастырғаны 

және  үлкен  ұжымның  әлеуметтік 

бақуаттылығын  ойлағаны  үшін  барлық 

ата-ана лар дың  атынан  рахметімді  ай-

тамын,– дейді Қарағанды мұнай құ быры 

басқармасының  қызметкері  Гүл дана 



Үмбетжанова. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал