Жылдык есеп Мазмұны


бет1/25
Дата12.02.2017
өлшемі
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
2692

Жылдык есеп 

Мазмұны:
1. Халық Банкіне қысқаша шолу ..........................................................................................4 
2. Директорлар кеңесі Төрағасының сөзі ................................................................. 10
3. Басқарма Төрағасының сөзі .......................................................................................... 12
4. Директорлар кеңесі ............................................................................................................ 14
5. Басқарма  ................................................................................................................................... 18
6. 2012 жылғы негізгі оқиғалар  ........................................................................................ 22
7. ҚР макроэкономикасы мен банктік секторына шолу .................................... 26
8. Қаржылық қызметтің нәтижелеріне шолу  ........................................................... 32
9. Қызметтің негізгі бағыттарына шолу  ....................................................................... 36
10. Тәуекелдерді басқару  .................................................................................................... 46
11. Әлеуметтік есеп  ................................................................................................................. 54
12. Корпоративтік басқару туралы есеп  .................................................................... 62
13. Жауапкершілік туралы мәлімдеме .......................................................................... 74
14. Даму перспективалары  ................................................................................................. 75
15. 2012 жылғы біріктірілген қаржылық есептілік (Тәуелсіз
аудиторлар есебін қоса), 2012 жылғы біріктірілген қаржылық
есептілікке ескертпелер ....................................................................................................... 80
16. Акционерлерге арналған ақпарат  ......................................................................168

Жылдық есеп 
4
Қызметтің қаржылық көрсеткіштері
Көрсеткіш
2012
2011
млн. теңге
млн. АқШ долл.  млн. теңге млн. АқШ долл. 
Жиынтық активтер
2 407 998
16 022
2 273 930
15 323
Жиынтық жеке капитал
339 639
2 260
310 327
2 091
Клиенттерге заемдар
1 319 208
8 778
1 184 240
7 385
Клиенттердің қаржысы
1 699 182
11 306
1 557 476
10 495
Таза пайыздық табыс
75 698
508
48 117
328
Қызметтер мен комиссия
бойынша таза табыс
45 091
302
35 284
241
Таза  табыс
69 961
469
39 508
269
Көрсеткіш
2012
2011
%
%
Орташа жеке капиталға қайтарым
24,0
12,3
Орташа активтерге қайтарым
2,9
1,8
Таза пайыздық маржа
4,9
4,4
Таза пайыздық спрэд
5,2
4,2
Операциялық шығыстар/операциялық табыстар
34,4
34,2
Операциялық табыстар/активтер
2,2
2,1
1-деңгейлі капитал жетімділігі коэффициенті (Базель стан-
дарттарына сәйкес) 
16,2
16,7
Капитал жетімділігі коэффициенті (Базель стандарттарына 
сәйкес)
18,3
19,1
Халық 
Банкіне 
қысқаша 
шолу

JSC HALYK BANK
5
Клиенттер/шоттар саны
Көрсеткіш
2012
2011
Бөлшек шоттар,  млн. дана
6.5
5.8
Корпоративтік клиенттер
1 629
1 695
Шағын және орта бизнес клиенттері
74 247
62 483
Төлем карточкалары,  млн. дана
3.7
3.16
Бөлшек кредиттер,  млн. дана
0.5
0.44
Ипотекалық кредиттер, дана
22 374
25 077
Жалақы кепілімен алынған тұтынушылық кредиттер,  млн. дана
0.46
0.4
Өзге тұтынушылық кредиттер, дана
15 429
19 448
Жалақылық жобаларға қатысушы – заңды тұлғалардың карточкаларының саны, млн. адам
2.3
2.0
Мемлекеттік органдарды қоса алғанда, карточкалық жалақылық жобаларға қатысушы – заңды тұлғалар, дана
18 585
17 177
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ салымшылары, млн. адам
2.4
2.3
Тарату желісі
Халық Банкі
«Халык-Life» Ақ
«қазақстан Халық Банкінің ЖЗқ» Ақ
554 қызмет көрсету орны, оның ішінде:
14 филиал
166 қызмет көрсету орны, оның ішінде:
22 облыстық және өңірлік филиал
8 өкілдік
8 аумақтық кеңсе
122 аудандық филиал
129 сервис орталығы
46 дербес сервис орталығы
«Халык Банк қырғызстан» ААқ
29 сервистік қызмет көрсету орны
4 VIP-орталық
9 филиал, 5 жинақ кассасы
18 филиал
360 есеп айырысу-кассалық бөлімше
«Халық Банк Грузия» Ақ
«Казақинстрах» Ақ
1 900 банкомат
3 филиал
18 филиал
7 608 POS-терминал
274 сауда орны
590 мультикиоск
«НБК Банк» ААқ 
1 филиал
«Халық лизинг» Ақ
1 филиал
«Halyk Инкассация» ЖШс           
19 филиал, 34 бөлімше
Халық Тобы қызметкерлерінің іс жүзіндегі саны 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша  12 149 адамды құрады.

Жылдық есеп 
6
100%
«Халық Лизинг» АҚ  
(лизингтік қызмет)
100%
«Халық Life» АҚ  
(өмірді сақтандыру)
100%
«Казахинстрах» АҚ  
(жалпы сақтандыру)
96%
«Қазақстан Халық 
Банкінің ЖЗҚ» АҚ   
(зейнетақы қоры 
және активтерді 
басқару)
100%
«НБК- Банк» ААҚ, 
Ресей  (ШОБ және  
корпоративтік 
банкинг)
100%
«Халық Банк 
Қырғызстан» 
(ШОБ және бөлшек 
банкинг)
100%
«Халық Банк 
Грузия» АҚ (ШОБ 
және  корпоративтік 
банкинг)
100%
«Halyk Finance» АҚ  
(брокерлік қызмет 
және  активтерді 
басқару)
«қазақстан Халық Банкі» Ақ
«Халық» Тобының құрылымы*
Рейтингтер
Агенттік
Ұзақ мерзімді рейтинг
Moody’s Investor Services
Ba2
Fitch Ratings
BB-
Standard&Poor’s
BB
100%
«Казтелепорт» АҚ  
(телеком муника-
циялар)
100%
«Халық 
Инкассация» ЖШС   
(инкассация қызметі)
100%
«Халық-Жоба» 
ЖШС  (Стресстік 
активтер)
*   ең елеулі еншілес ұйымдар енгізілген

«қАЗАқсТАН ХАлық БАНКі» Ақ
7
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орналастырылған акциялардың кем дегенде 5%-на иелік етуші Халық Банкінің 
акционерлері туралы мәліметтер*:

Атауы
Иеліктегі 
акциялардың 
жалпы саны 
Иеліктегі 
акциялардың 
жиынтық саны 
айналымдағы 
акциялардың 
жиынтығынан % 
түрінде
Иеліктегі 
қарапайым 
акциялар
Иеліктегі 
қарапайым 
акциялар 
айналымдағы 
акциялардан % 
түрінде
Иеліктегі 
артықшылықты 
акциялар 
Иеліктегі 
артықшылық-
ты акциялар 
айналымдағы 
артықшылық-
ты акциялар-
дан % түрінде 
1
АЛМЭКС Холдингтік Тобы АҚ
7 559 973 820
68,2%
7 559 973 820
69,3%
-
-
2
«Қазақстан Халық Банкінің 
ЖЗҚ» АҚ
758 082 743
6,8%
661 367 710
6,1%
96 715 033
55,1%
3
ЖДҚ бағдарламасы (ISIN: 
US46627J3023, US46627J2033)
2 510 925 720
22,7%
2 510 925 720
23,0%
-
-
4
Шығарылған акциялардың 
жиынтығы
11 518 603 103

11 128 518 451
-
390 084 652
-
5
Банк сатып алған акциялар
-407 293 461
-
-271 293 461
-
-190 000 000
-
6
Топ Компаниялары ұстап 
отырған акциялар
-27 910 834
-
-3 263 335
-
-24 647 499
-
7
Айналымдағы акциялардың 
жиынтығы (біріктірілген 
негізде)
11 083 398 808
-
10 907 961 655
-
175 437 153
-
* Банк Акциялары 1998 жылы Қазақстан Қор Биржасының ресми тізіміне енгізілді, Банктің қарапайым акциялары жаҺандық депозитарлық қолхаттар 
түрінде 2006 жылы Лондон Қор Биржасының ресми тізіміне енгізілді.
«АЛМЭКС» Холдингтік Тобы АҚ (бұдан 
әрі - «Алмэкс») «Қазақстан Халық 
Банкі» («Халық Банкі» немесе «Банк») 
акцияларының бақылаушы пакетінің 
сыртында қазақстандық сақтандыру 
брокері - «АОН Қазақстан» ЖШС-де 
үлес иеленетін холдингтік компания.
«Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ» АҚ 
(бұдан әрі - «Зейнетақы қоры») – 1998 
жылдың қаңтар айында негізі қаланған, 
басқаруындағы активтері бойынша 
нарықта ауқымды үлес иемденетін және 
Қазақстандағы зейнетақы қорларының 
арасында салымшыларының саны 
ең көп болып саналатын Қазақстан 
Республикасындағы жетекші 
зейнетақы қоры. Зейнетақы қорының 
негізгі қызметі салымшылардың 
зейнетақылық жарналарын жинау, 
есепке алу және зейнетақы активтерін 
басқаруға саяды. Зейнетақы қоры 
халықаралық стандарттарға сәйкес 
келетін қызметтерді ұсыну жолы-
мен салымшылардың зейнетақылық 
жарналарының сақталуын және нақты 
өсімін қамтамасыз етеді.

1922-1930
1923 жылғы 10 рубль 
номиналындағы қағаз ақша
1922 жылғы 1 рубль 
номиналындағы  ақша  
1922
ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІН 
ДАМЫТУДЫҢ БІРІНШІ 
КЕЗЕҢІ
РКФСР Халық комиссарлары 
кеңесінің 1922 жылдың 26 
желтоқсанындағы «Мемлекеттік 
жинақ кассаларын белгілеу 
жөніндегі» Қаулысы ел ішіндегі 
жинақ жүйесін дамытудың 
бірінші кезеңіне жол ашты.
1923
АЛҒАШҚЫ ЖИНАҚ
КАССАСЫНЫҢ
АШЫЛУЫ
Жаңа экономикалық қатынас 
кезеңінде, яғни 1923 жылдың 15 
тамызында Халық комиссарлары
 кеңесінің бұйрығымен Ақтөбе
   қаласында бірінші жинақ кассасы
     ашылды.

Еңбекақы жинақталған сандықша.
1925
ЖИНАҚ
КАССАЛАРЫНЫҢ
ФУНКЦИЯЛАРЫН
КЕҢЕЙТУ 
ШАРАЛАРЫ
1925 жылдың
27 қарашасында «КСРО
мемлекеттік еңбек жинақ
кассаларының қағидасы
бекітілген соң, жинақ
кассаларындағы салым
түрлері: талап етілмелі
салым, ағымдағы шотқа
арналған, мерзімді,
шартты, мақсатты деп
бөлінді. Мемлекеттік займ
облигациялары не өзге
де құнды қағаздар кепіл
болған жағдайда, жинақ
кассаларына мерзімді
салымдар бойынша төлем
жасауға рұқсат етілді.
1927
АЛМАТЫДАҒЫ
АЛҒАШҚЫ ЖИНАҚ
КАССАСЫ
1927 жылдың 17 тамызында
Қазақ АКСР-і Халық
комиссарлары кеңесі
Алматы қаласында
мемлекеттік еңбек жинақ
кассасының конторын ашу
жөнінде шешім шығарды.
1928
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ЖИНАҚ КАССАСЫ
1928 жылдың 24 ақпанында
РКФСР Бас жинақ
кассасының техникалық
отырысында Қазақстанның
республикалық жинақ
кассасын ұйымдастыру
жөнінде шешім
шығарылды. Сол жылдың
сәуір айында бұл мекемеге
Қазақстанның барлық
жинақ кассаларын басқару
функциясы берілді.
1927 жылғы 
5 копейка 
номиналындағы 
ақша
1927 жылғы 
10 копейка 
номиналындағы 
ақша

Жылдық есеп 
10
Құрметті акционерлер,
Өздеріңізге мәлім, 2013 жыл – 
Банкіміздің 90 жылдық мерейтойлық 
жылы. Біздің тарихымыз 1923 жылы 
Ақтөбе қаласында бірінші жинақ 
кассасының ашылуынан басталады. 
Барлық кезеңдерді басынан өткере оты-
рып аяғынан тік тұрған Халық Банкі мен 
«Халық» Тобы Қазақстандағы әмбебап 
қаржылық топқа айналды.
Біздің негізгі мақсатымыз – еліміз 
нарығының барлық шешуші сегмент-
терінде жетекші орын иеленіп, оны 
одан әрі сақтау болып бұрынғыдай қала 
береді.
2012 жылы біз «Халық» Тобының 2010-
2012 жылдарға бекітілген бұрынғы 
Стратегиясының орындалу барысын 
талдадық. Біз Топтың Стратегияны сәтті 
жүзеге асырғанына көзімізді жеткіздік 
және ол өз кезегінде акционерлік 
құнның өсуіне септігін тигізді.
Директорлар кеңесі өткен жылғы 
күзде мақұлдаған «Халық» Тобының 
2013-2015 жылдарға арналған жаңа 
даму  стратегиясында біз бірқатар жаңа 
мақсаттарды айқындадық.
Сөйтіп біз таза пайда, нарықтық капитал-
дандыру, активтердің сапасы, рентабель-
ділік коэффиценті және шығындардың 
тиімділігіне қарай Қазақстандағы №1 
банк болу жөнінде қол жететін, бірақ 
жүгі ауыр мақсатты алға қойдық. Стра-
тегия жүзеге асырылатын кезеңде біз 
кредиттік портфельдің, пайыздық және 
комиссиялық табыстың жыл сайынғы 
өсімі кемінде 10% болады деп жоспар-
лап отырмыз. 
Біздің еншілес компанияларымыздың 
алдына нарықтық позицияны сақтау 
және нығайту, нарық өсімінің дина-
микасына байланыссыз өз сектор-
ларында көшбасшылық орындар-
ды иелену бойын 
ша айқын мақсат 
қойылып отыр.
Біз бүркемесіздікті, акционерлерді 
уақытылы және толығымен хабар-
дар ету деңгейін көтеру үшін Топта 
корпоративтік басқарудың бірыңғай 
принциптерін дамытуды одан әрі 
жалғастыратын боламыз.
Директорлар кеңесі Төрағасының сөзі

«қАЗАқсТАН ХАлық БАНКі» Ақ
11
Банк үшін Директорлар кеңесінің 
Дивидендтік саясатты бекітуі маңызды 
оқиға болды. Бұл Банктің акционерлік 
құнының өсуіне оңды ықпалын тигізеді 
деп санаймын және стратегиялық 
мақсаттардың орындалуын ескере оты-
рып біздің акционерлерімізге жоғарғы 
кірістілікті кепілдендіруге мүмкіндік 
береді деп санаймын.
Желтоқсанда Банк акциялардың 
өтімділігін арттыру және Қазақстанда, 
сол сияқты одан тысқары жерлерден 
бөлшек инвесторлардың кең ауқымын 
тарту үшін жарияланған акциялар са-
нын қарапайым акцияларды 1:10 про-
порциясында бөлшектеу жолымен 
ұлғайту рәсімін аяқтады.
Банктің «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-
ауқат қоры» АҚ-нан («Самұрық -Қазына») 
артықшылықты акцияларының басым 
бөлігін сатып алуы Банктің сенімділігі 
мен өсуінің кезекті бір дәлелі бол-
ды.  Осылайша біз Қазақстан Респуб-
ликасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы 
шаралардың шеңберінде еліміздің 
банк секторын қолдау үшін «Самұрық 
- Қазынадан» алған соманы іс жүзінде 
толығымен қайтарған Қазақстандағы 
бірінші және жалғыз банк болдық.
Біз бұрынғыдай әлеуметтік жауапты 
корпоративтік бизнес қалпымызда қал-
дық. Біз 2012 жылы 424 млн. теңге сома-
сына әлеуметтік жобаларды қаржылан-
дырдық. Балалар үйлерін, қазақстандық 
ЖОО студенттерін, ардагерлік және 
ме 
ди 
циналық ұйымдарды тікелей қар-
жы лық қолдауымен қатар Банк бас шы-
лығы биыл дауылдан зардап шеккен 
Медеу шатқалына арнап қаражат жи-
науда қазақстандықтардың күш-жіге-
рін біріктірген «Жаңа Алатау» ҚҚ, 
олимпиадалық спорт түрлерін насихат-
таушы және ҚР-ның дарынды спортшы-
ларын қолдаушы «Қазақстанның гим-
настика федерациясы» ҚБ секілді  және 
басқа да еліміз үшін әлеуметтік маңызы 
зор қайырымдық қорлары мен қоғамдық 
ұйымдарын басқарады. 
Банк пен Топ қызметкерлеріне 
ұжымымыздың сәтті әрі жемісті жұмысы 
үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
Александр Павлов 
Директорлар кеңесінің Төрағасы

Жылдық есеп 
12
Құрметті әріптестер, клиенттер 
мен серіктестер!
Міне, Халық Банкі өзінің 90 
жылдығының табалдырығынан ат-
тайтын да сәт туды. Бұл оқиға тек же-
келеген банктің ауқымындағы тари-
хи маңызға ие болып қана қоймай, 
еліміздің  тұтастай банктік жүйесінің 
аяғынан тік тұру тарихындағы маңызды 
кезең екені сөзсіз. 
Соңғы жылы біз ұжыммен бірлесе 
отырып көптеген маңызды әрі елеулі 
оқиғаларды еңсердік те, бастан 
кешірдік те: біз дағдарыс жылдары 
«Самұрық - Қазына» бөлген мемлекет 
қаржысын бірінші болып толығымен 
қайтардық, Халық Банкінің кредиттік 
портфелін бизнестің барлық секторла-
рында дерлік айтарлықтай өсіре алдық.
Бұл өз мүмкіндіктеріміз бен нарықтың 
мүмкіндіктерін бастапқыдан-ақ 
объективті бағалағанымызды білдіреді, 
сол себепті де біздің нәтижелеріміз – 
стратегияны дәлме-дәл анықтаудың, 
жүзеге асатындай мақсаттарды дұрыс 
алға қоюдың, бүкіл ұжымның кәсіби 
біліктілікпен атқарған жұмысының 
жемісі деп айтуға толық негіз бар. Бұл 
кірістің өсу механизмінен де көрініс 
табуда: ол операциялық қызметтің 
тиімділігінен, кредиттердің жұмыс 
істеуінен, сондай-ақ провизияға 
аударымдардың төмендеуінен де 
құралып отыр. Соның нәтижесінде 
«Халық» тобы өз тарихында алғаш 
рет 70 млрд теңге көлеміндегі таза 
пайданың рекордтық мөлшеріне қол 
жеткізді.
Бүгінгі күні Халық Банкі кәсіпкерлікті 
қолдаудың мемлекеттік 
бағдарламаларының көптеген 
бағыттары бойынша көш бастап 
келеді. Біз балансты стресстік ак-
тивтерден тазартуға бағытталған 
маңызды міндетті сәтті шешіп жатыр-
мыз. Осындай мақсатпен 2012 жылы 
республиканың қаржылық нарығында 
бірінші болып стресстік активтерді 
басқару бойынша «Халық Жоба» ЖШС 
атты еншілес ұйымды құрып тіркедік, 
Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі құрған «Проблемалы кредиттер 
қоры» АҚ-мен белсенді ынтымақтастық 
орнаттық. 
2012 жылдың аяғында Банк UnionPay 
International жаңа халықаралық 
төлем жүйесінің негізін қалаушылар 
құрамына кірді, сондай-ақ Шығыс, 
Орталық Еуропа, ТМД және Орталық 
Азия елдері бойынша  UnionPay 
International Кеңесшілерінің кеңесі мен 
Кеңесшілер Басқармасының құрамына 
енгізілді.
Банктің 2012 жылғы жұмыс тиімділігін 
шетелдік және отандық тәуелсіз са-
рапшылар мен талдаушылар да талай 
мәрте атап өтті. Өткен жылы Халық 
Банкі  халықаралық басылымдар мен 
рейтингтік агенттіктердің марапатына 
алты мәрте ие болды. Банк «Эксперт-
100-Қазақстан» рейтингінің нәтижесі 
бойынша «Қазақстанның ең тиімді 
Басқарма Төрағасының сөзі

«қАЗАқсТАН ХАлық БАНКі» Ақ
13
банкі», Eurasian Bank Survey 2012 ар-
наулы зерттеуінің нәтижесі бойынша 
Best Local Bank: Kazakhstan аталымы 
бойынша ең үздік банк деп танылды. 
Біз  Global Finance және EMEA finance 
халықаралық басылымдарының да ма-
рапатына ие болдық. 
Банктің қазіргі заманғы қаржылық 
институт ретінде жақсаруына, 
бизнес-үдерістердің оңтайлануына 
байланысты осындай жетістіктердің 
барлығы бірінші кезекте клиенттер-
ге, серіктестерге, акционерлерге, 
қызметкерлерге бағытталған. Осыған 
байланысты көзделген қаржылық 
көрсеткіштерді асыра орындау 
нәтижесіне алып келген ортақ ісімізге 
қосқан үлесі, атқарған жұмыстары 
үшін Банктің әрбір қызметкеріне шын 
жүректен алғыс білдіргім келеді.
2013 жыл – біздің Банк үшін 
мерейтойлық жыл, 90 жылдығымыз 
және Халық банкінің директорлар 
кеңесі қабылдаған біздің жаңа Страте-
гиямыз бен Дивидендтік саясатымыз 
жүзеге асырылатын бірінші жыл. 
Біздің басты стратегиялық үш жылдық 
мақсатымыз – еліміздегі № 1 банк 
болу. Халық банкі бүгінгі күннің 
өзінде көптеген позициялар бойын-
ша № 1 банк болып табылады: бөлшек 
секторда, депозиттер, әрекет етуші 
пластик карточкалар секторын-
да, сондай-ақ біздің банктік емес 
қаржылық еншілес ұйымдарымыз 
өз сегменттерінде жетекші орында 
келеді. Бірақ біз капитал мөлшері, 
капиталға қайтарымдылық, кредиттер, 
қашықтан қызмет көрсету арнала-
ры бойынша көш бастушы болғымыз 
келеді, сол себепті де оларды дамытуға 
2013 жылғы бюджетте ауқымды 
қаржы жоспарладық. Алға қойған 
мақсаттарға қол жеткізу  – еліміздегі 
аса ірі қаржылық институттың 
 
ұйымдасқан әрі шыныққан ұжымы 
үшін айқын жүзеге асатын мақсат деп 
білемін.
Біздің Банк үшін құрылу мен аяғынан 
тұрудың, отандық нарық пен 
халықаралық аренада өз позициясын 
бекітудің күрделі жылдары артта қалды. 
Алдымызда – қаржылық институттың  
жұмысын одан әрі жетілдіру, 
инновациялық жарақтану және қызмет 
көрсету сапасын арттыруға жасалып 
жатқан бағдарды одан әрі жалғастыру, 
тек Қазақстанның ғана емес, сонымен 
бірге Бірыңғай экономикалық кеңістік 
және Кедендік одақ елдерінің банктік 
жүйесі ауқымында да сөзсіз көшбасшы 
ретінде жаңа нарықтарды игеру міндеті 
тұр.
Өз мерейтойлық жылымызда Халық 
Банкі өсіп көркейе берсін, кіріске кене-
ле берсін, акцияларының құны тұрақты 
өсе түссін деп тілеймін. Ал мыңдаған 
адамды біріктірген ұжымымызға, 
клиенттерімізге, серіктестерімізге, 
акционерлерімізге тұрлаулы әрі 
сенімді болашақ тілеймін. 
Үміт Шаяхметова 
Басқарма Төрағасы

Жылдық есеп 
14
1931-1940
Еңбекақы әмияны.
1938 жылғы 1 және 5 рубль 
номиналындағы ақша
1933
ҚАЙТА ҚҰРУ
1933 жылдың 25 желтоқсанында 
№1017/34 «Еңбек жинақ кассалары 
торабы мен жұмысын қайта 
ұйымдастырып, құру нәтижелері 
жөнінде» қаулы қабылданды. Онда: 
«Облыстық атқару комитеттері 
1934 жылдың 1 сәуірінен 
қалдырмай Мемлекеттік еңбек 
жинақ кассалары бекеттерінен 
тыс ауылдық және селолық 
Кеңестердің 40%-ға жуығын 
жинақ кассаларымен қамтып, 
ұжымшарлар мен техникалық 
жабдықтау мекемелерінде 
кассалық қызмет көрсетуді 
қалыпқа келтіруге қол жеткізуі 
тиіс» деп көрсетілді.
1932 жылғы 
10 копейка 
номиналындағы 
ақша
Еңбек 
кітапшасы

«қАЗАқсТАН ХАлық БАНКі» Ақ
15
1931
ЖИНАҚ КАССАЛАРЫ


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал