Жыл Достық дастаны



жүктеу 77.53 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі77.53 Kb.

                                                                                         

18.04.2013 жыл

 

Достық дастаны 

 

Тәуелсіз мемлекетіміздің Тҧңғыш Президенті Нҧрсҧлтан Назарбаевтың өмір 



жолына зер сала қарасаңыз, оның қастерлі ҧстанымына айналған қасиет аз 

емес  екендігін  аңғарар  едіңіз.  Солардың  бірегейі  –  достықты  айрықша 

ардақтау.  Президент  туралы  «Елбасының  алтын  бесігі»  атты  кітап  жазған 

танымал  журналист,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  сыйлығының 

лауреаты  Айтбай  Сәулебектің  мақаласында  Елбасы  өміріндегі  достыққа 

қатысты ҥш ҥзік сыр оқырман назарына ҧсынылып отыр. 

  

1. ҤШҚОҢЫРДАҒЫ ҦШҚЫН  



«Иә, біреулер ойлайтын шығар, мені аспаннан салбырап жерге тҥсе қалдыде

п. Президент болғаныммен, бҥйрегім жерге бҧрып тҧрады. Мен көргентіршіл

ік әлі өзгере қойған жоқ. Сондықтан, өмірді көріп өскенімді жасыраалмаймы

н. Сиырды да бҧзаулаттық, биенің қҧлындауын да көрдік.Менімен бірге өске

ндердің балалығы мен жастығы екі қолдың кҥшіменөткен жоқ па?». 

Нҧрсҧлтан НАЗАРБАЕВ. 

(«Ғасырлар тоғысында» кітабынан) 

  

Нұрсұлтан Әбішұлының мектепте жүргенде-ақ достық деген ұлы сезімнің қадір-



қасиетіне жете білгеніне бір мысал келтірелік. 

1957  жылдың  күзінде  Сұлтан  бастаған  алты  ұл  мен  бір  қыз  Шамалғандағы 

Фурманов  атындағы  қазақ-орыс  мектебінен  Қаскелеңдегі  Абай  атындағы  орта 

мектепке  ауысып,  соңғы  класты  оқуға  барады.  Себеп  –  бір  класта  жеті-ақ 

оқушының қалғандығы. 

Абай  атындағы  мектеп  директоры  оқушылардың  кеш  келгендігін,  интернатқа 

жататын  балаларға  бюджеттен  қаржы  бӛлініп  қойғандығын,  сондықтан  оларды 

интернатқа  қабылдай  алмайтындығын  қынжыла  ескертеді.  Шынында  бұл 

шамалғандықтардың  күтпеген  проблемасы.  Жолдастарының  қатты  қи-

налғандығын кӛрген Сұлтан: 



– Достар, қамықпаңдар, Құдай мені сендермен бірге неге оқытты дейсіңдер. Мен 

сендердің интернатқа жатуларыңа кӛмектесем, – дейді жымиып. 

–  Әй,  мынаны  қараңдар,  –  дейді  ішінен  біреуі  ренжіп,  –  бізге  жақсылық 

жасамақшы. Сонда ӛзің қайда жатып оқисың? Мұнда әкеңнің үйі бар ма еді? 

–  Бар  ма,  жоқ  па,  оны  не  қыласыңдар?  Біздің  Әбекең  «Интернатта  жатып  оқы-

майсың.  Онда  жӛнді  білім  ала  алмайсың»  деп  баласының  жатып  оқитын  жайлы 

үйін әзірлеп те қойған, – деп ел естімеген жаңалықтың шетін шығарады Сұлтан. 

–  Біздің  әкейлерге  ондай  ақылды  Құдай  жазбаған  ғой,  –  деп  күрсінеді  бірі  әзіл-

шыны аралас. 

Қойшы, сонымен Сұлтан достарын ертіп, аудандық атқару комитеті тӛрағасының 

орынбасарына барады. Осылай да осылай деп жағдайды баяндайды. Бастық дереу 

телефонға  жармасады.  «Балаларды  далаға  қалдыру  деген  не  сұмдық?  Жеті 

оқушыны орналастыра алмау деген не масқара?» дейді ашуланып. 

– Алты бала деп айтыңыз, – дейді осы сәт Сұлтан тақ етіп. 

– Түсінсем бұйырмасын. Сендер ӛзі жетеу емессіңдер ме? 

– Жетеуміз ғой. Бірақ, мен интернатта жатып оқымаймын, – дейді Сұлтан. 

–  Неге?  Кім  айтты?  Орналастырамыз.  Алты  бала  сыйған  жерге  жетіншісі  де 

сыяды! 


Тӛрағаның орынбасары таңдана қарайды. 

– Әкем айтты: «Интернатта жатып оқыған оқу болмайды» деп. 

– Сенің атың кім еді? Нұрсұлтан Назарбаев па? Кімнің баласысың? Елден шыққан 

ерекше кімсің, соншама? 

–  Әбіштің  баласымын!  Әбіш  Назарбайдың,  Назарбай  Егембайдың,  Егембай 

Мырзатайдың, Мырзатай Айдардың, Айдар Кӛшектің… 

–  Тоқтата  ғой.  Сен  Қарасай  батырдың  ұрпағы  екенсің  ғой!  Әкең  жӛнінде  ел 

аузындағы  жақсы  пікірлерді  естігем,  –  деп  ауаткомның  екінші  басшысы 

қарқынын бәсеңдетеді. 

Ертеңіне  Сұлтанның  алты  досы  интернатқа  орналасады.  Айтқандай  қандай 

келісім жасасқанын кім білсін, Әбіш баласы Сұлтанды жеке үйге орналастырып, 

оқуына бар жағдай жасап береді. 

Біз жүздескен сыныптастар мектептің соңғы жылында Сұлтанның елде болмаған 

бір жаңалық ашқандығын баса кӛрсетті. 

«Ол  былай,  –  дейді  олар,  –  әдетте  оқушылар  мемлекеттік  сынақтарға  тӛртінші 

тоқсанның  алдында  дайындала  бастайтын.  Сұлтан  бұл  үрдісті  бұзды.  Алғашқы 

каникулдан  оралғанымызда  әзірлікке  кірісетіндігімізді  ескертті.  Мұнысына  бір 

жағынан  таңғалдық.  Себебі,  дайындықты  мұғалімдер  жүргізетін.  Амал  не,  оның 

бастамасына кӛнуімізге тура келді. 

Мектепте  оқушылар  кӛп  болғандықтан  класс  жетпей  қала  беруші  еді.  Сұлтан 

дайындықты  кешкісін  ӛткізіп  тұруды  ұсынды.  Шынымызды  айтар  болсақ, 

«ұсынды» дегеніміз болмаса, ол бізге пайдалы істердің бәрін ӛзі шешетін. Саяси 

тілмен жеткізер болсақ, ол сол кезде-ақ біздің кӛшбасшымызға айналған-ды. 

Әрбір  пән  бойынша  озат  оқушылар  алдын  ала  дайындалып,  қалған  оқушыларға 

сабақ  ретінде  түсіндіріп  беріп  отырды.  Жастайынан  ӛзінің  қарақан  басын 

ойламай,  айналасындағы  адамдардың  қамын  жеген  Сұлтан  достарына  адал, 

ақылды болды. 


Ол  ол  ма,  тӛртінші  тоқсанның  алдында  дайындық  дегеніңіз  пікір  алысу  түрінде 

ӛткізіліп жатты. Бұл да Сұлтанның енгізген жаңалығы. Нәтижесінде кластағы 42 

оқушы мектепті жақсы деген бағамен бітіріп шықтық». 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  10-шы  класта  жүргенде  «Оның  қуанышы»  атты  тұңғыш 

мақаласын аудандық газетке шығарады. Кейіпкері – сыныптасы Әуесхан Әжібаев 

екен. 


«Не  жайында  жазды  дейсіз  бе?  –  деп  бастады  сӛзін  Әукең,  –  Менің  үздік 

оқитынымды,  әкеме  кӛмектесетінімді,  алғаш  рет  дауыс  беруге  қатысатынымды 

айтты. 

Мен  Сұлтанмен  бірінші  кластан  бiрге  оқыдым.  Оныншыға  кӛшкенімізде  6  ұл,  1 



қыз қалдық. Содан Қаскелеңге ауыстырды бізді. 

Досымның  бала  кезiнде  қалыптасқан  бір  қасиетi  бар.  Жолдастарын  ешқашанда 

қиындықта қалдырмайтын. Қаскелеңде интернатқа орналастырды бiзді. Оныншы 

класта бір партада отырдық». 

«Ерғали  Тӛлепбаев  деген  бірге  оқыған  досымыз  бар  еді,  –  деді  бізге  Сайлаубек 

Қыдырәлиев  аға.  –  Ӛзі  жетім  жігіт-тін.  Ол  Нұрсұлтанмен  бірге 

Днепродзержинскіге  барып,  кран  машинисі  деген  мамандық  алды.  Теміртауда 

екеуі  бірге  жұмыс  істеді.  Ауылға  келгенде  Нұрсұлтанның  адамгершілік  істерін, 

қабілетінің  зор,  білікті,  іскер  екендігін,  басқа да  қызықты жағдаяттарды  жырдай 

ғып айтатын. 

Ол кезде Магниткаға келген ӛзге ұлт қыздары кӛп болыпты. Ерғали орыс қызына 

үйленді.  Тимур,  Артур  деген  қос  ұл  берді  Құдай.  Амал  не,  ӛмірмен  ерте 

қоштасты.  Нұрсұлтан  сол  сәтте  Қарағанды  обкомының  екінші  хатшысы.  Елден 

жерлеуге  қатысуға  барған  ағайындар  аузынан  суы  құрып,  сыныптас  досымыз 

Сұлтанды мақтап келді. Ерғалиды жерлеу рәсімін ӛзі ұйымдастырыпты. 

Елбасы  туған  жеріне  атбасын  бұрған  сайын  бізді  –  сыныптастарды  жүздесуге 

шақырады.  Айтқан  әңгімелері  кӛңілімізді  шаттыққа  бӛлейді.  Кәдімгідей 

рахаттанып,  бір  жасарып  қаламыз.  Әр  кез  қоштасып  тұрып:  «О,  Алла! 

Жаратқаныңа шүкір. Нұрсұлтанмен дос еткеніңе мың да бір рахмет. Досымыздың 

денін сау ете гӛр. Абыройын асқақтата гӛр. Ел-жұртымен бірге бақытты ете гӛр!» 

деп іштей тілеп, қимастықпен шығарып саламыз». 

  

2. ЖЫРАҚ ЖЕРДЕГІ ЖАРАСТЫҚ 



«№8  ТУ  менің  негізімді  қалаған  оқу  орны.  Осында  оқыған  жылдарымды 

қашанда  мақтанышпен  есіме  алып,  жҥрегімде  сақтаймын.  Қазір  қандай 

болып  қалыптассам,  дәл  осы  жерде  де  мен  сондай  болып  қалыптаса 

бастадым». 

Нҧрсҧлтан НАЗАРБАЕВ. 

(1994  жылы  Днепродзержинск  училищесінің  құрметті  қонақтар  кітабына 

қалдырған қолтаңбасынан). 

Елбасының  ӛзі  айтып  жүргендей,  Днепродзержинскінің  ӛмірінен  алар  орны 

ерекше. Жас жігіт жырақ жерде ӛзіне ӛмірлік достар тапты. Еңбекпен шыңдалды. 

Кәсіби  мамандық  игерді.  Азамат  боп  қалыптасты.  Нағыз  достықтың  қандай 

болатындығын  сезінді.  Ұлттық  сана-сезімі,  намысы  қыр  қызғалдағындай 


құлпырып,  бүр  жарды.  Қазақтың  тӛл  ӛнерін  украиндықтарға  достарымен  бірігіп 

кӛрсете білді. Қазақ деген ұлттың ешкімнен кем еместігін айрықша дәлелдеді! 

Елбасымыз  ӛзінің  «Әділеттің  ақ  жолы»  кітабында  сондайлық  ілтипатпен  атаған 

украин  досы  Николай  Литошкамен  2007  жылы  Днепродзержинскіге  Қарағанды 

облысы делегациясының құрамында барғанымызда кездесудің сәті түсті. 

«Ӛз  тағдырыма  ырзамын,  –  деген  еді  ол.  –  Әуелі  Нұрсұлтан  досыма  тәнтімін. 

Менің бақытты болуыма осы бір қазақ азаматы кӛмектесті. Егер ол болмағанда… 

Әрине, кӛптің бірі болып жүре берер ме едім? 

Нұрсұлтанның  біздің  отбасымыздың  бір  мүшесі  боп  кеткендігін  ӛз  аузынан 

естідіңіздер  ғой.  Анам  марқұм  оны  ӛз  ұлындай  жақсы  кӛретін.  Оған  шексіз 

кӛңілмен сенетін. Маған «Осы досыңды ренжітпе. Ол саған пана болады» деп жиі 

ескертетін. Мен бұл сӛзге мән бермейтінмін. Алыстан мамандық үйрену үшін ат 

арылтып  жеткен  қазақ  жігітінің  келешекте  маған  қалай  пана  болатынына  миым 

жетпейтін. 

Нұрсұлтан  екеумізді  спорт  достастырды.  Бірақ,  мен  оны  балуан  ретінде 

бағалаппын  да,  ӛнерлі  жан  екендігін  білмеппін.  Сенесіз  бе,  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

училищеде  оқып  жүргенде  украиндықтарға  қазақтың  әнін  тыңдатты.  Ӛнерін 

кӛрсетті. Жастар арасындағы концерт ӛз алдына, ол Днепродзержинск теледидары 

арқылы  қазақ  жастарының  ішінен  ӛнерпаздарын  таңдап,  жергілікті  халыққа 

рухани ләззат сыйлаттырды. Мен сол кезде домбыра дегенді бірінші рет кӛрдім. 

Нұрсұлтанның әншілігіне куә болдым. Мен ғана емес, менің жерлестерім оның ӛз 

ұлты үшін, ӛз халқы үшін жаратылғандығын сезіндік. 

Сонау  1958  жылы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Днепр  жеріне  Қазақстанның  болашағын 

ешкімнен  кем  қылмаймын  деп  патриоттық  сезіммен  барғанда  достық  пейілімен 

қол  созған,  туысқаннан  да  артық  бауыр  боп  кеткен  украин  жігітінің  ӛмір  бойы 

қазақ досымен жұп жазбағандығы жастарымызға ұлағатты тағылым болса керек. 

  

Кобзарьдың күміс үнімен, 



Таныспын бала күнімнен. 

Шыңдаған сол бір шақтарды, 

Еске алам жылы… 

Бүгін мен. 

Днепр дария толықсып, 

Құшағын жайды… 

Сол ыстық. 

Ұстаз бар, 

Жолдас, 

Басқа да, 

Жақсы жандар жолықты. 

Кәсіптің біліп қыр-сырын, 

Тірліктің ұғып тылсымын. 

Болашаққа алып жолдама

Қанатты қақтым құлшынып, 

Тӛріңе шығып. 

Дәм таттым. 


Жаныма жақын ән таптым. 

…Еске алып ерен күндерді, 

Сағыныш сазын самғаттым. 

  

Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Днепрдегі достарға» деген ӛлеңі. Сағынған сәтте 



кеудесінен жыр боп тӛгілгендігін аңғару қиын емес. 

Жігіт  Нұрсұлтанның  украин  жерінде  жерлестеріне  қамқор  болғандығын  сол 

елдегі  ұстаздары  да,  достары  да  үнемі  еске  алып  отырады.  Назарбаевтың  орыс 

тіліне  жетіктігі,  ұйымдастырушылық  қабілетінің  жоғарылығы,  еңбекке  деген 

ынталылығы,  металлург  мамандығына  құштарлығы  қазақ  жігіттерінің  намысын 

қамшылағандай  серпін  берген.  Қазақстаннан  барған  алпыс  жеті  жастың  небәрі 

бесеуінің ғана елге ерте оралғандығы біздің сӛзімізге дәлел. 

Украинада  Тұңғыш  Президентпен  бірге  оқығандар  –  Қабидолла  Сарекенов, 

Сатыбалды  Ибрагимов,  Мақсұт  Нәрікбаев,  Алтынбек  Асанов,  Рахметулла 

Жанарбаев,  Әсетолла  Кәрімов,  Алтай  Сәлімов,  Исмаил  Оразбай,  Марат 

Қыстаубаев,  Аманали  Әбдіраманов,  марқұмдар  Әбілаш  Әбуов,  Досмат 

Ырысметов,  т.б.  еліміздің  дамуына,  тәуелсіздікке  қол  жеткізуіне  үлес  қосты. 

Елбасының  салиқалы  саясатын  барынша  қолдады.  Жастарды  патриоттық  рухта 

тәрбиелеуге, еңбекке баулуға ӛзіндік пайдаларын тигізді. 

Олар  ұлттық  намысымызды  байрақ  етіп  желбіретіп,  құндылықтарымызды 

қастерлеп,  «бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас»  шығарып,  бірліктің,  достықтың 

керемет үлгісін кӛрсетті. Ӛз ӛмірлерін ұлтының жарқын болашағына арнады. 

3. ТЕМІРТАУДАҒЫ ТЕКТІЛІК 

«Мен  Магнитканың  тарихын,  Теміртаудың  тарихын,  ондағы  адамдардың 

тағдырын өз тағдырымнан бөлек қарай алмаймын. Азамат ретіндегі алтын 

бесігім Теміртау дейтінім сондықтан». 

Нҧрсҧлтан НАЗАРБАЕВ. 

(Журналист  Сауытбек  Абдрахмановпен  сұхбат  кітабының  «Теміртау  –  алтын 

бесік» тарауынан). 

  

Металлург болу қиын. Сондықтан оны «отты мамандық» деп атаған. Днепродзер-



жинскіде  оқыған  67  жастың  жиырма  шақтысының,  Магнитогорскіде  Тӛлеген 

Адам-Юсуповпен  оқыған  соншама  жастың  сегізінің  ғана  ӛз  мамандығын 

игергендігі қаны сорғалаған шындық. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  мыңдаған  градус  ыстық  болса  да  домнаға  шыдады. 

Шыңдалды.  Мұндай  азамат  саусақпен  санарлықтай  ғана.  Ол  ӛзінің  келешекте 

Қазақстанның  кӛшбасшысы  болатындығын  Теміртауда  жүргенде  айқын 

дәлелдеген. Комбинаттың партком хатшысы боп сайланған соң Кремльге барып, 

ондағы  аюдай  ақырған  Суслов,  Долгих  тәрізді  КОКП  Орталық  Комитетінің 

хатшыларынан сескенбей, Магнитка мен қала тағдырын құрып кетуден арашалап 

қалғандығы ұлттық тарихымызға алтын әріппен ӛшпестей боп жазылған ақиқат! 

«Бір  жәйтке  таңғалам,  –  деді  бізге  қалпарткомда  бірге  қызмет  еткен  Нина 

Тимофеевна Вахитова. – Елбасы ешқашанда ӛзін аяған емес. Мемлекеттік қызмет 

жолында  бәрін  істеп  жатыр.  Оның  еңбекқорлығы  жастарға  ғана  емес,  барша 

жұртқа ӛнеге деп білем. 



Білесіз бе, теміртаулықтар Мемлекет басшысына неге әбден сенеді? Ӛйткені, олар 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қандай  тұлға  екендігін,  оның  жұмысты  қалай 

істейтіндігін,  халықтың  жағдайын  назарынан  тыс  қалдырмайтындығын  жақсы 

біледі. 


Бір ғана мысал. Бір кездері Теміртаудың ахуалы нашарлап кетіп еді, Елбасы ӛзінің 

шәкірті,  теміртаулық  Серік  Нығметұлы  Ахметовті  әкім  етіп  тағайындап, 

жағдайды түзеп қана қоймады, республикадағы ӛндірісі озық, ажарлы һәм кӛрікті 

қалаға айналдырды». 

Украинада  Нұрағамен  бірге  оқып  келгендердің  ішінен  Сатыбалды  Ибрагимов, 

Қабидолла  Сарекенов  (екеуі  Президентпен  Теміртауда  да  бір  бӛлмеде  тұрған), 

Николай  Литошко,  Алтынбек  Асанов,  Рахметулла  Жанарбаев,  жаңа  қалада 

танысқан достары Тӛлеутай Сүлейменов, Кеңес Жалмұханбетов, Стринжа Виктор 

Матвеевич,  Нехорошев  Владимир  Анфианович,  Тӛлеген  Адам-Юсупов, 

Жақсылық  Әскеев,  Қуаныш  Омашев,  Ермек  Тӛлеубаев,  Владимир  Федорович 

Колбаса,  Тоқтархан  Ысқақов,  Жаныс  Арысов,  Әділ  Үсеев,  Олжабай  Иманбаев, 

Ілияс Баймұрзаев, Олег Николаевич Сосковец, т.б. Назарбаевтың үнемі жанында 

болып, игі істеріне қолдау кӛрсеткендер. Назарбаев та оларға қарыздар боп қалған 

жоқ.  Металлург  кезінен  бастап  кӛмектесіп  келеді.  Достарының  кӛбі  «Егер 

Сұлтанның  «Біз  елді  ойламасақ,  кім  ойлайды?  Металлург  мамандығы 

қаншалықты азап болса да шыдайық. Ӛз елімізді ӛзіміз дамытайық» деген тоқтау 

сӛзі болмаса, біздер сол кездері басқалар тәрізді ауылға қайтып кеткен болар едік» 

деп ағынан жарылады. 

Оларды  тыңдап  отырсаңыз,  Елбасымыздың  сол  бір  жалынды  шақтың  ӛзінде 

тектілік  танытқандығына,  елі  мен  жері  үшін  шырыл  қаққандығына  тәнті  болар 

едіңіз. 

«Нұрсұлтан  домнада  құрыштай  шынығып  шықты,  –  деді  бізбен  жолыққанда 

Социалистік  Еңбек  Ері,  атақты  металлург  Тӛлеген  Адам-Юсупов.  –  Ол 

қиындықтан  қорықпады.  Әлі  күнге  дейін  таудай  жүкті  арқалап  келеді.  Патриот 

деген осы! 

Елбасымыз  60-жылдардың  ӛзінде  ұлттық  намысы  жоғары  жалынды  жас  еді. 

Мүмкін, сыртта жүріп, кӛп ой түйді ме екен, кӛпшілік отырған жерде «Намысты 

қолдан  бермеу  керек!»  деп  жиі  ескертетін.  Енді  ұғындық  қой,  Нұрсұлтан  сол 

кезде-ақ ел билейтін қасиетін байқатқан екен-ау». 

Сол  сәттердің  ӛзінде  Нұрағаның  шапағатына  бӛленген,  жақсылығын  кӛрген 

кісілер  Теміртау  мен  Қарағандыда  кӛптеп  саналады.  Оның  мейірімділігі, 

дарқандығы, достыққа адалдығы турасында ел ішіне тараған әңгіме баршылық. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  1980-жылдардың  ортасында  жазықсыз  жапа  шегіп, 

Мәскеудің  түрмесіне  қамалып,  сотталған,  Қарағанды  облыстық  жолаушылар 

кӛлігі басқармасының бастығы Қадырбек Мейрамбековтің ақталуына кӛмектесіп 

қана қоймады, елге оралған соң Алматыға алып, емдетті. 

Елбасының  жас  күнінен  ерекше  қасиеті  –  адамдарды  ұлтына  қарап  бӛлектеген 

емес. Жақсы азамат болса, достаса береді. Комбинатта жүргенінде Володя деген 

жүргізушісі бар еді. Соған қалдырған қысқаша хатына назар аударалықшы. 

«Қымбатты Володя! 



Мен  саған  бара  алмадым.  Жазыларсың  деп  үміттенемін.  Сергек  бол.  Мен 

Қарағанды  дәрігерлері  сені  қарасын  дедім.  Егер  қажет  болса  Алматыға  алып 

кетемін. 

Бористің (Нұрағаның досы – А.С.) бейітінде болдым. 

Бар жақсылықты тілеймін. Нұрсұлтан. 25.ХІІ.1992 ж». 

«Міне, біз білетін Нұрсұлтан Әбішұлы осындай азамат. Сондықтан оған әрдайым 

денсаулық  тілеп,  кӛп  болып  қолдап,  жарқын  болашаққа  қарай  бірге  қадам  баса 

берейік», – дейді оның Теміртаудағы достары. 

Белгілі қоғам қайраткері, ғалым Әбдеш Қалмырзаев Елбасы туралы жазғандардың 

бәрі айта бермейтін шындықты былайша жайып салыпты: 

«Орталық  Қазақстанның  азаматтары  оны  біздің  ауылдың  баласы  емес  деп 

шеттеткен  жоқ.  Нұрсұлтанды  Арқаның  ұл-қыздары  қатты  қадірледі,  олар  оны 

ӛздеріне  жетекші  етіп  сайлады.  Қыздары  жүрек  сезімдерін  аяған  жоқ.  Жүрген 

ортасының серісі, лидері болды. Ӛршіл, ӛнерлі, жігерлі, қайратты, мейірбан жігіт 

жұрт  кӛзіне  ерте  ілікті.  Оны  жақын  туыстары,  беделді  жерлестері  қолынан 

жетектеп  апарып,  мансап  орынтағына  отырғыза  салған  жоқ.  Бәріне  ол  ӛз 

еңбегімен, ӛз талабымен, ӛз парасатымен жетті. 

Назарбаев  саяси  басшы  ретінде,  қоғам  қайраткері  ретінде,  ұлт  азаматы  ретінде 

Орталық  Қазақстанда  қалыптасты.  Ол  осында  жүріп  ӛз  махаббатын  тапты. 

Қыздары осында дүниеге келіп, мектепке барды. 

Болат  пышақ  қап  түбінде  жатсын  ба?  Қырыққа  жетпей  Назарбаев  Алматыға 

партияның  Орталық  Комитетінің  хатшысы  болып  оралды.  Қарапайым  ауыл 

баласы  есейіп,  ер  жетіп,  ақыл  тоқтатып,  ел  ағасы  болып,  ақбоз  атқа  мініп  туған 

жері Жетісуға – сүйікті қаласы Алматыға оралды». 

  

ТҤЙІНСӨЗ 

Бір  шындық  бар, ол  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың ӛзін  ғана  емес,  тұтастай 

тәуелсіз Қазақстан мемлекетін адамзатқа дос етіп жарқырата кӛрсеткендігі. Бұрын 

біздің  елімізді  әлем  халықтары  білуші  ме  еді?  Ресей  дейтін.  Қазақтарды  орыс 

дейтін.  Ал  қазір  ше?  «Қазақстан»  дейді.  «Қазақтар»  дейді.  «Президенті 

Назарбаев»  дейді.  Мақтаныш  емес  пе?  Тек  ӛз  елінің  табысы  мен  жақсылығына 

қуанбайтындар ғана күндейтін болар. Қызғанатын болар. 

«Мен ӛз халқымды сүйемін, – деп жазды «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында 

Мемлекет  басшысы.  –  Оның  мені  бала  кезімнен  сабыр  мен  парасатқа  бӛлегенін 

мақтаныш  тұтамын.  Бейбіт  тәсілдерге  ғана  жүгініп,  шиеленіс  пен  кикілжіңнің 

ережелеріне мойынсынғым келмейтіндігі де сондықтан. Қанша қиындық кӛрсе де 

абзалдығы  мен  сабырлылығын,  басқа  халықтарға  деген  сыйлаушылығын  сақтай 

білген халықты, қазіргідей қиыр-шиыр тарихи кезеңде ӛзім ажырамас бӛлшегіне 

айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, ӛз талабын 

тағы  бір  сынап  кӛргелі  отырған  тәуекелшіл  ұлтымды  қалайша  мақтан  етпеспін. 

Қалайша бас имеспін». 

Шүкір,  бүгінде  Қазақстанда  ешкім  ешкімді  ұлтқа  бӛліп  жатқан  жоқ.  Керісінше, 

Мемлекет  басшысы  айтқандай,  «Тұтас  мемлекет  болайық,  дос,  туыс,  бауыр 

болайық!» деп жатыр. 

Бұл – Тұңғыш Президентіміздің сара жолы. Салиқалы саясаты. 



Лайым, солай болғай! 

Достық дастаны жалғаса береді. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал