Жыл қайыруды бұрыннан келе жатқан қалпымызбен қаңтар айынан



жүктеу 0.57 Mb.

бет1/5
Дата07.03.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4   5

1 қаңтар

 – Жыл қайыруды бұрыннан келе 

жатқан қалпымызбен қаңтар айынан 

бастағанымыз жөн. Себебі жылдың 

қаң тар айынан басталуы біздің қо ға­

мы мызға сіңіп кетті. Оның үстіне, Жер 

ша рындағы  көптеген  халықтар  дәл 

осы күннен бастап жаңа жылды қар­

сы алады. Жаңа жылмен қатар, жыл 

ата уы да қоғамымызға келіп енеді.

Бұл – халықаралық тұрғыда бо­

латын  өзгеріс.  Біз  де  осы  қалыптан 

ай нымауымыз керек. Себебі халық­

аралық дәрежеде көптеген елдермен 

келісімшарттарымыз бен қарым­қа­

ты настарымыз бар. Осыған сай біз өз 

бе тімізбен  бөлекше  тойлай  ал май­

мыз.  Мәселен,  олар  жаңа  жыл ды 

тойлатып қарсы алып жатқанда, біз 

осы күні демалыс та жарияламастан 

жұ мыс істеп жатқанымыз қалай бо­

лады? 


22 наурыз

– Барша түркі қауымына тән жыл қайыруды 

біз дің алабөтен қаңтар айынан бастағанымыз 

мүл де дұрыс емес. Жыл қайыруды қаңтардан 

бас тау  –  әрқандай  бір  астрономиялық  негізі 

де,  салт­дәстүрге  байланысты  тұғыры  да  жоқ 

әре кет.  Бұл,  бір  жағы,  ата­бабаларымызбен 

са  лыс тырғанда, біздің сауатсыздығымызды да 

көрсетеді. Өйткені жыл қайыруды тек 22 нау­

рыздан,  Ұлыстың  ұлы  күнінен  бастаған  ата­

ла рымыз аспан денелерінің жүрісін бізден де 

жақ сы  білген.  Күн  мен  түн  теңеліп,  күн  ұзара 

бас таған  алғашқы  күн  жыл  қайырудың  басы 

бо лып табылады. Осы күні он екі мүшелдік жыл 

қа йыруға сай «пәлен жыл келді» деп жатады. 

Жыл қайыру бойынша қыс жыл мезгілдерінің 

ішін дегі соңғысы болып келеді. Яғни жыл қа­

йы рудағы жыл мезгілдері көктем, жаз, күз, қыс 

ре ті  бойынша  есептеледі.  Біз  Тәуелсіздігімізді 

ал ған кезде жөн осы екен деп, жыл қайыруды 

жаң ғыртамыз деп, оны григориан күнтізбесімен 

ша тастырып алдық.  



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

-

№226 (226) 

29 желтоқсан

сейсенбі


2009 жыл

 

Жылдың ең үз



дік ...де

дiм-ай, а

уы!

3-бетте

Ғалия қаМБарБЕКОВа,

шығыстанушы, филология 

ғылымының кандидаты:

төлеген МҰХаМЕДЖанОВ, 

сенатор:

Ой­КӨКпар 



аяз ата мен Санта Клаустың  

түркілік төлқұжатын қайтару керек

Жыл қайыруды қай күннен бастау керек?

Әдетте желтоқсан айының аяғында 

«жаңа жыл келе жатыр» деп қуанып, үйге 

де, көшеге де шыршамызды құрып, жаңа 

жылды қарсы алуға дайындала 

бастаймыз. Және қаңтар айынан бастап 

ресми түрде барлық құжаттарда келер 

жыл жазылып, жыл қайыру бойынша 

кезектегі жыл атауы өз атын иемденеді. 

алайда наурыз айының 22-сі толғанда 

тағы да «міне, біздің жаңа жылымыз енді 

келді» деп наурыз көже ішіп, Ұлыстың ұлы 

күнін тойлаймыз. Осы орайда жыл 

қайыруды  1 қаңтардан бастағанымыз 

жөн бе? Бүгінгі ой-көкпарға түсер 

тақырып та осы болмақ.

Ба

Та



Бірінші тілек тілеңіз,

Бір аллаға жазбасқа!

Екінші тілек тілеңіз,

Бір шұғыл пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа!

Үшінші тілек тілеңіз,

Үшкілсіз көйлек кимеске!

Төртінші тілек тілеңіз,

Төрде төсек тартып жатпасқа!

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа!

алтыншы тілек тілеңіз,

алпыс басты ақ орда,

ардақтаған аяулың

Біреуге олжа болмасқа!

Жетінші тілек тілеңіз,

Желкілдеген ту келіп,

Жер қайысқан қол келіп,

Сонан сасып тұрмасқа!

Сегізінші тілек тілеңіз,

Сегіз қиыр шартарап

Жер тұлданып тұрмасқа!

Тоғызыншы тілек тілеңіз,

Төреңіз тақтан таймасқа,

Тоқсандағы қарт бабаң

Топқа жаяу бармасқа!

Бұқар жырау

Елге 

тілек

тағы да – Жаңа жыл, тағы да – жаңа мейрам. Жақпағанды 

ескімен аластап жатамыз. Жаңамен жақсылық келеді. Мұхтар 

Әуезовтің «жыл келгендей жаңалық» деуі де осындайдан 

туын даса керек. Бүгінде халық санасындағы Жаңа жыл – жаң-

ғырудың басы, үміттің ұшы болып табылады. Ендеше, мереке 

құт ты, жыл үмітті болсын! Ел еңсесі биік, мерейі үстем болсын! 

алаш тың абыройы асып, мәртебесі таси берсін! 

қазақ елі үшін 2010 жыл ерекше жыл болмақ. Басқасын былай 

қой ғанда, ел тәуелсіздігін 19 жыл толады. ал «қазақстан-2030» 

стратегиясының мәреге жетуіне 19 жыл қалады. Осы ара лықта 

«Жаңа жыл мерекесін қазақыландырып, түркілендіріп, тә у ел-

сіздікке бейімдеп неге жаңаша атап өтпеске» деген ой туын-

дайды. Сол үшін де бұл мерекені тойлаудағы кейбір дәстүрдің 

біз дің ата-бабаларымыздан басталғанына ден қойып көрелік. 

Өйт кені Жаңа жылды тойлауда жер жүзі халқының жақсылыққа 

де ген жалаулы ниеті біріккенін пайымдаймыз. тиісінше, бұл Жа-

ңа жыл тойын әрлендіріп, түрлендіріп, синтез дел  ген мерекеге 

ай нал  дырып отыр. ал оған түркілер де өлшеусіз үлес қосқан...

ДАТ!

6-б

етте

тұрсынбек КӘКІШЕВ:

ҚазаҚТардың 

ҚазаҚСТандағы 

КӨп эТнОСТардың 

БірінЕ айналып 

КЕТуінЕ ЖОл БЕругЕ 

БОлМайды

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

ЖҰлыМ-ЖҰлыМ Жаңа Жыл 

Шын мәнінде, біз көріп жүрген Жаңа жыл мерекесі – Сталиннен 

қалған  «мұра».  Мерекені  осылай  атап  өту  1935­37  жылдары 

қалыптасты. Шырша, аяз ата, ақшақар... Осы дәстүрдің елдің сана­

сы на сіңіп кеткені соншалықты, мұнсыз Жаңа жыл мерекесінің сәні қа­

шатындай көреміз. ал біз «бой түзей» беретін ресейде 1927 жылға дейін 

Жаңа жылды тек шырша тігіп, аяз атаны қарсы алу арқылы ғана атап 

өткен болатын. алайда осы жылы шыршаға да, Жаңа жылды тойлауға 

да тыйым салынады. Өйткені атеист әпербақандар Иса пайғамбардың 

дүниеге келген күнімен қарайлас аталып өтілетін бұл діни мерекені ел 

ішінен аластауды жөн көреді. Бұған дейін 1923 жылы Орталық азия 

елдерінде наурызды тойлауға тыйым салған коммунистер енді мәсихи 

(христиан)  дініндегілердің  құндылықтарына  ауыз  салды.  алайда 

қызылдар  1935  жылдан  бастап  Жаңа  жылға  зайырлы  сипат  беріп, 

бүгінгі біз көріп жүргендей деңгейде атап өтуді қолға алған.

Жалғасы 4-бетте

қуанышбек қарИ

а

бай ОМ



ар

ОВ (к


олла

ж)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№226 (226) 



29.12.2009 жыл, сейсенбі

www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

Құс жолы

Ер Төстіктің сиыр жылы 

бастан кешкендері

ділдә береді. Өз кезегінде Ер Төстік Жылан 

Бапы ханды өз еліне шақырып, Жерұйық 

елінен  «жер  асты  еліне»  бұрын-соңды 

болмаған газ құбырын тарту рәсімін өткі-

зе ді. Одан кейін Төстік раджалар, Алма ния, 

Ұрым елдеріне сапар жасап, жұпар сулар, 

Оңтүстік түбек елі басшысын қонақ етеді. 

Елдің қамы үшін Ер Төстік қоңыр аю және 

ақ аюмен тізе қосып, үштік одақ құрады. 

ЕурАзЭҚ  елдері  жалмауыздың  лаңына 

қарсы 8,5 миллиард ділдә қор жинайды. 

ҰҚШҰ жедел әрекет ету күштерін жасақ-

тай ды.  Жалмауыз  идеологиясына  қарсы 

әлемдік  дін  көшбасшыларының  басын 

қосады.  Елмен  сиқырлы  айна  арқылы 

тіке лей  дидарласады.  Қарғыс  атқыр 

жал мауыз  дағдарыспен  күресте  Ер  Төс-

тікке  аяғына  тас  байлаған  желаяқ,  екі 

сауысқанның құйрығын білдірмей ауыс-

ты ра алатын епті адам, Көлтауысар, Тау -

соғар, Саққұлақ, Көреген кісі серік бола-

ды. Епті адам ішкі-сыртқы елдермен дип-

ло матиялық  байланыстарды  жүргізсе, 

әр  нәрсені  шапшаң  істейтін  Желаяқтың 

керемет  өнері  бар  екен.  Индустриялық 

Ерте, ерте, ертеде Еділ мен Алтайдың 

арасында Жерұйық дейтін құтты мекенде 

малы қисапсыз Ерназар деген кісі болыпты. 

Оның  сегіз  ұлы  бар  екен.  Осы  сегізінен 

кейінгі  ең  кенжесі  Ер  Төстік  өзінің  асқан 

ақылымен халқына жағып, патша тағына 

отырса керек. Төстіктің Ұлттық қауіпсіздік, 

Тұ рақтылық,  Экономикалық  өсім,  Ден-

сау  лық,  Энергетика,  Инфрақұрылым, 

Кә сіп қой мемлекет, Бәсекеге қабілеттілік 

дей тін  қасиеттері  бар  егеуі  болыпты. 

Бір  күні  патшаның  сиқырлы  егеуі  із-түз-

сіз  жоғалыпты.  Ер  Төстік  әкесінен  сұра-

са, баяғыда қайың сауған жаһандық жұт 

кезінде Сорбұлақ дейтін жердегі жал ма-

уыздың  мекені  дағдарыстың  ошағында 

қалып  қоюы  мүмкін  екенін  айтады.  Ер 

Төстік елді 2030 жылы бақытқа кенелтетін 

қасиетті егеуін іздеп, алыс жолға шығады. 

Ер  Төстіктің  мақсатына  кедергі  бүкіл  ға-

лам ға,  ел-жұртқа  кесірін  тигізген  дағ-

дарыстың үш толқыны – жалмауыз кемпір, 

пері қыз Бекторы және оның баласы, өте 

құді ретті Шойынқұлақ бар еді. Жолда Ер 

Төстіктің  серігі  Шалқұйрыққа  тіл  бі тіп, 

алдына  әмбебап  «Жол  картасын»,  дағ-

дарысқа қарсы жоспарын жайып салып, 

әлемді  зар  илеткен,  қымбатшылық  пен 

жоқшылық  орнатқан  жалмауыздан 

егеу ді  қалай  құтқару  керектігін  айтады. 

Төс тік  жалмауызбен  жолыққан  бетте 

Шалқұйрықтың  ақылымен  «шеше,  ана 

тұрған  қыздардың  бәрі  сіздікі  ме?»  деп 

алдайды. Жалмауыз артына жалт қараған 

кезде Төстік сиқырлы егеуін ала қашады. 

Бірақ  әлемді  жалмаған  жалмауыз  қыр 

соңынан  қалмайды.  Одан  құтылудың 

ама лын  қарастырып,  Төстік  дүниенің 

төрт бұрышын шарлайды. Алдымен «жер 

астындағы» Жылан Бапы ханның ордасына 

барады. Жылан Бапы елінің сырына қа нық 

Шалқұйрық  «бұлар  жылан  болып  қой-

ныңнан кіріп, қонышыңнан шығады. Олар-

дан сескенуші болма, әйтпесе «жер асты-

ның еліне» қадіріміз болмайды» деп ақыл 

қосады. Ер Төстік ысылдаған жыландардан 

сескенбей, төрге отырады. Оған дән риза 

болған Жылан Бапы елі Төстікті үлкен сый-

сияпатпен шығарып салып, 13 миллиард 

инно вацияға  жүйрік  желаяқ  лезде  «100 

мектеп,  100  аурухана»  салып  тастапты. 

Сақал  ды  құрылыстарға  жан  бітіріп,  үйін 

жылдар бойы күткен үлескерлердің үмітін 

ақтап  шығады.  20  жыл  бойы  шешілмей 

келген қазақ тілінің жайын 2 минутта тастай 

қылыпты. Көлтауысар әп-сәтте Тынық мұ-

хиттың суын бір-ақ жұтып, кенересі кеп-

кен  Аралды  қайтадан  суға  толтырыпты. 

Кө ре ген жолдас он сегіз мың ғаламды ке-

зіп жүрген «КазСАТ-1»-ді көзі шалып, ел 

игілігіне жаратыпты. Жеті қат жер астын-

дағыны еститін Саққұлақ тереңде жатқан 

атомнан шикілік тауып береді. Ер Төстіктің 

алдынан жол нұсқап, бәрін елден бұрын 

біліп  жүретін  Қырағы  жолдас  көп  еңбегі 

сіңіп, қарсылас топтарды жалмауыз дағда-

рысқа  қарсы  күш  біріктіруге  шақырады. 

Осындайда жұртқа «Ер Төстігім бір төбе» 

екенін еске салудан танбайды. Ер Төстік ас-

қан өнерлі жолдастарымен жалмауыз дағ-

дарысқа қарсы «батыл бес қадам» жа сап, 

«он күйрете соққы» береді. Сөйтіп, Жал-

мауыз бен Бекторыны жеңген Ер Төс тіктер 

әбден  қалжырап,  Бәйтеректің  түбін де 

тыныстап жатып ұйықтап кетеді. Бір кез-

де оянып қараса, зәулім бәйтеректің ба-

сындағы  әлдебір  құстың  балапандарын 

бір айдаһардың жейін деп жатқанын кө-

ріп, оны құтқарып қалады. Сөйтсе, бұлар 

алып Самұрық құстың балапандары екен. 

Самұрық құс Ер Төстікке рақметін айтып, 

«көмек  керек  болған  жағдайда  шақыр» 

деп  бір  тал  қауырсынын  береді.  Ең  со-

ңын да  Ер  Төстік  дағдарыстың  өлмейтін 

кө кесі  Шойынқұлақпен  арпалысады. 

Алай да  қырық  жаны  бар  Шойынқұлақ 

Төс тікті құрсауға ала бастайды. Сондай қы-

сылтаяң кезде Ер Төстікті бағанағы Самұ-

рық  құс  құтқарып,  өз  қазынасынан  10 

мил лиард ділдә көмек береді. Тұралаған 

қа зына қорларын банкроттықтан сақтай-

ды. Өлмейтін Шойынқұлақтың жаны Бо-

рық ты  бұлақ  басындағы  қырық  еліктің 

бі ре уінің  ішіндегі  тоғыз  сандықтың  ең 

кішісіндегі тоғыз балапан екен. Ер Төс тік 

Шойынқұлақтың жанын табу үшін «Дағ-

дарыстан шығудың кілтін» ойлап та бады. 

«Бесінші  жолмен»  барып  тоғыз  бала-

панның басын алып, жеңіске жетіп, қасиетті 

егеуін тауып, еліне оралып, бақытты өмір 

кешеді. Сөйтіп, Шойынқұлақты жең ген соң 

өз  міндетін  мүлтіксіз  атқарған  «сақ шы» 

Саққұлақ  пен  «дархан  мінезді»  Кө реген 

досымен,  «Терминатор»  атанып  кет кен 

Таусоғар балуанмен қош айтысады. Сау-

даға мығым жолдасына елдің ішкі шаруасы 

мен  ЕҚЫҰ-ға  төрағалықты,  епті  серігіне 

қауіпсіздік саласын атқаруды жүктепті. 

Ж

А

ң



А

ЖЫ

л



ДЫҚ

 Е

рТЕ



гі

ҮКімЕТ


Елбасы Үкіметке алғысын білдірді

Әрине,  селекторлық  отырыс  жыл 

қоры тындылау  жиыны  болмағандықтан, 

әрбір министрлік пен әкімдердің атқарған 

шаруасына айрықша тоқталып өткен ешкім 

болған жоқ. Бірақ отырыстың беташар сөзін 

сөйлеген Премьер-министр Кәрім мәсімов 

2009  жылдың  ерекше  жыл  болғанын 

тілге тиек етті. К.мәсімов министрлер мен 

әкімдерге Елбасының жыл қорытындысына 

разы  болып,  Үкімет  мүшелері  мен  облыс 

әкімдеріне  алғыс  білдіргенін  еске  салды. 

«Еліміз үшін түйткілді мәселелері көп жыл 

болғанымен, барлық министрлер мен облыс 

әкімдері  нәтижелі  жұмыс  істеді,  сіздерге 

алғыс білдіремін», – деді Премьер-министр 

әріптестеріне жағалай көз жүгіртіп. 

Келесі жылдың басты бағыты – Ел ба сы 

тапсырмасында айтылған индус триалдық 

даму  бағдарламасы  бойынша  нақ ты 

жобаларды жүзеге асыру. Бұл ту ралы тиісті 

министрлік  басшылары  Үкі метбасына 

қысқа-қысқа  баяндап  өтті.  Қал ған 

жағдайлар келер жылдың 11 қаң тарында 

болатын  кезекті  селекторлық  оты рыста 

талқыланатын болады... Алда ке ле жатқан 

жаңажылдық  мерекенің  үл кен  мәнге  ие 

екені  белгілі.  Қызығы  да,  шы жығы  да 

көп болатын мейрамның ой  дағыдай өтуі 

Үкімет назарынан тыс қалмайтыны анық. 

Бұдан бұрын Үкі    метбасы мереке кезіндегі 

өрт қа уіп сіздігінің алдын алу үшін арнайы 

тексерулер өткізу туралы тапсырма бер ген 

еді. Селекторлық отырыста төтенше жағ -

дай лар  министрі  Владимир  Божко  осы 

іс  жайынан  хабардар  етті.  министрлік 

бүгінгі күнге дейін 2000-нан аса нысанды 

тексеріп  үлгеріпті.  Олардың  ішінде  48 

мейрамхана  мен  дәмхана  және  212 

түнгі  клуб  бар.  «Осы ған  байланысты  біз 

315  адамды  әкім шілік  жауапкершілікке 

тарттық.  111  ны санды  өрт  қауіпсіздігін 

өрес кел  бұзғаны  үшін  сотқа  бердік»,  – 

де ді  төтенше  жағдайлар  ми нистрі.  Өрт 

қа уіпсіздігін  қадағалау  тек серісі  әлі  де 

жалғасады.  министрлік  ішкі  істер  ми-

нистрлігі  ұжымымен  бірге  қоян-қол тық 

жұмыс  істеуде.  Барлық  мерекелік  орын-

дардағы  қауіпсіздіктің  кепілі  ретінде  өрт 

кү зетінің  қызметі  ұйқысыз  қарауылда 

бол  мақшы.  Сонымен  қатар  жабық  ны-

сан дарда пиротехникалық заттарды пай-

далануға тыйым салынған. 

Селекторлық  кеңес  кезінде  Үкімет-

басы келе жатқан 2010 жылдың биылғы 

жылдан да жақсы болатынына сенім біл-

дірді. Ал мереке кезінде қызметтің ақсап 

қал мауы да ескертілді. «Алдымызда ұзақ 

мерекелік  демалыс  тұр.  Осыған  бай-

ланысты  көпшілігіңіз  демалысқа  ке те сіз-

дер.  Сондықтан  барлық  жерде  орын да-

рыңызда  жауапты  адамдар  мен  кезекші 

қалдырыңыздар.  Өйткені  аяз  ешқайда 

кетпейді  және  ол  демалыс  кезінде  де 

жалғасады», – деді Премьер-министр.

Сиыр 

жылғы 

сәттіліктер

Өткен 

жылдағы 

ұтылған 

тұстарымыз

«ДағДарыСТан Дамуға» 

ПрЕзиДЕнТ ЖолДауынан кЕйін 

1.Үкіметтің  «бес  батыл  қадам  – 

эко но ми    каны тұрақтандыру жөніндегі 

іс-қимыл жос  пары» қабылданды. 

2.  «Жол  картасы»  бағдарламасы 

іске  асы   рылып,  қосымша  жұмыс 

орын  дары ашы л    ды. Сол арқылы дағ-

дарыс кезінде жұ  мыссыздықпен күрес 

қарқынды жүр гі зілді. 

3. Билік партиясының «Дипломмен 

ауыл  ға» жобасы қабылданып, жас ма -

ман  дарды тарту арқылы ауылды гүл-

дендіру жұ мыстары атқарылды. 

ішкі СаяСаТТағы  

ЖЕТіСТікТЕр

.

25 ақпан мен 6 наурыз ара лы-



ғында  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихында 

екін  ші ұлт  тық санақ өткізілді. Нәти же -

сінде мем лекет құрушы қазақ ұлты  ның 

са ны ха лықтың 67 пайызын құрады.

.

Билік  партиясының  бастама-



сы  мен тұң ғыш рет әртүрлі саяси көз-

қа растарына  қарамастан,  еліміздегі 

негізгі сая си күш тер арасында пар тия -

аралық  ке ңес  құры лып,  дағдарысқа 

қарсы  ұсы ныстар  мен  талап-тілектер 

ортаға  салы на тын  ортақ  диа лог  қа-

лып тасты.

.

20 қазанда Қазақстанның ай  -



бы нын ас қақ татар Қазақ елі мону мен ті 

ашыл   ды. 



СырТқы СаяСаТТағы 

ЖЕТіСТікТЕр

9 маусымда мемлекетаралық ке-

ңес  тің  отырысында  Кедендік  одаққа 

мү ше Қазақстан, ресей және Беларусь 

ел де рінің  Үкімет  басшылары  аталған 

одақ тың 2010 жылдың 1 қаңтарынан 

бас тап жұмыс іс тей  тіндігі жөнінде ше-

шім  қабылдады.  Ол  бойынша  жаңа 

жыл дан  бастап  бірыңғай  кедендік 

тариф ен гізілетін болып ке лі сілді.

Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйы-

мы кеңесінің 4 ақпанда мәскеуде өт-

кен  отырысында  ұйымға  мүше  мем-

ле кеттердің  басшылары  Ұжымдық 

шұ ғыл  әре кет  ету  күштерін  құру  ту-

ра лы  келісімге  қол  қойды.  Бұл  ай-

мақ  қауіпсіздігінің  сақ талуына  ке піл 

болатын  орасан  күш  болып  та бы-

лады. 

1-2  шілдеде  тек  Қазақстан  үшін 



ғана  емес,  бүкіл  әлем  үшін  маңызды 

шара  болып  табылатын  Әлемдік  жә-

не  дәстүрлі  діндер  басшыларының 

кезекті  III  съезі  болып  өтті.  Оған  БҰҰ 

Бас хатшысының орын басары Сергей 

Орджоникидзе қа тысып, жылы лебізін 

білдірді.

* Қазақстандық билік үшін маңызды 

идеология болып табылатын мемлекеттің 

даму көрсеткіші – бәсекеге қабілеттілік 

ин   дексі  тағы  бір  сатыға  төмендеді. 

Бү   кіл әлемдік  экономикалық  форум 

анықтайтын рей тинг бойынша Қазақстан 

67-орынға та бан тіреді. 

*  Қазақстан  әлі  де  бірпартиялық 

жүйе ні бастан кешіріп келеді. Билік өкіл-

дері жыл басында өз аузымен тағы бір 

партияның  күш  алуына  мүмкіндік  бе-

ретіндігін  айтып  еді.  Алайда  қосалқы 

сая си күштердің ешбірі тың идеялы  бағ -

дарламасымен ерекшелене отырып, ха-

лықтың көңілін баурай алған жоқ. Нәти-

жесінде  «баяғы  жартас  –  сол  жартас» 

«Нұр  Отан»  ХДП-ға  бәсеке  орнатып, 

қо ғам  дамуын  же дел дететін  құрылым 

пайда болған жоқ. 

*  Биылғы  дағдарыс  халықтың  күн-

көрісіне ауыр тиіп, тұрғындардың әлеу-

меттік жағдайы қиындықтарға ұшырап 

жат қанда кенеттен Жер-ана иіп, егініміз 

бітік  шықты.  Алайда  молынан  төгілген 

бай лықты сақтап қалуға элеватор табыл-

май, 650 мың тонна астық қар астында 

қалды.  Ең бекпен  келген  астықтың  да-

лада  қалуы  шаруалардың  салын  суға 

ке тір ді.

* Бірқатар зерттеу орталықтарының 

са рапшылары  ақпараттық-коммуника-

ция лық технологиялардың дамуын ба-

ғамдай оты рып, бұл салада Қазақстанның 

ұты лып  жатқандығын  айтады.  Билік 

өкіл де рінің «электронды Үкімет» құруға 

де ген  ықыласына  қарамастан,  еліміз 

ақпа рат тық технологиялардың заманауи 

үлгі ле рін игеру жолында ТмД елдерімен 

са лыс тырғанда,  біршама  артта  қалып 

келе жатыр. 

*  Қазақстанның  мұнай  өңдеу  са ла-

сының дамуы кешеуілдеп жатқанды ғын 

айт пағанда, шикізатты өндіру де отан-

дық  технологтардың  қолынан  келмей 

жа тыр. Биыл мұнай мен газдың жал пы 

саны  36  ошағын  қамтитын  «маң ғыс-

таумұнайгаздың»  50  пайыз  акциясын 

қы тай лық  CNPC  компаниясы  сатып 

алды. Нәтижесінде Қазақстан мұнай на-

рығының 20 пайызы Қытайдың қолына 

өтті. Бұл қадам болашақта Қытай энер-

ге тиктерінің  қазақстандық  мұнайдың 

қай  ба ғытта  тасымалданатындығына 

үкім  айта  алатындай  деңгейге  жетуіне 

әкеліп соқ тыруы мүмкін. Қысқасы, 2009 

жыл Қа зақстанның мұнай саласындағы 

Қытай үле  сінің артуымен есте қалды.



СырТқы СаяСаТТа

*  Сыртқы  саясатта  өзіміз  армандап 

жүрген  Ортаазиялық  одақ  құру  бас-

та масы  тағы  да  сәтсіз  шықты.  Елбасы 

Нұр сұлтан Назарбаевтың бастамасы ай-

мақтағы серке саясаткерлердің ара сын-

дағы  ырың-жырың  геосаясатта  үлкен 

қажеттілік тудырып отырған осы бір игі 

бастаманың жүзеге асуына кедергі кел-

тірді. 


*  Орталық  Азия  аймағы  –  әлемдегі 

су  тапшылығына  ұшырап  отырған 

бірден-бір  аймақ.  Бұл  мәселені  ше-

шу  үшін  аймақтағы  елдердің  бірлігі 

қа жет  болатын.  Биыл  Алматы  қала-

сын да  өткен  Аралды  құтқару  қоры 

(ХАҚҚ) құрылтайшы мемлекеттер бас-

шыларының  саммитін  де  сәтсіз  жиын-

дар дың қатарына қосуға болады. Бү тін 

аймаққа жан-жақты қауіп төндіріп отыр-

ған бұл мәселені алға жылжыту жо лын-

дағы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ерекше 

ықы ласына қарамастан, бұған Орталық 

Азия елдерінің мемлекет басшылары құ-

лық таныта қоймады.

Тарих қойнауына еніп 

бара жатқан 2009 жыл қазақ 

елі үшін мамыражай жыл 

болды десек, қателеспейміз. 

Еуропаның азулы мемлекет-

те рінің өзі дағдарыс салда-



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал