Жиентаева Бегайым Жиентайқызы



жүктеу 293.66 Kb.

бет1/3
Дата20.05.2017
өлшемі293.66 Kb.
  1   2   3

 



  УДК 373:37.013:745/749                                                  қолжазба құқығында  

 

 

 



 

Жиентаева Бегайым Жиентайқызы 

 

 

 

 

 

Оқушыларға технология сабағында 

халықтық қолданбалы өнер арқылы 

 ұлттық тәрбие беру  

(5-7 сынып)   

 

13.00.01 - Жалпы педагогика,  

педагогика және білім тарихы, этнопедагогика 

 

 



 

 

 



Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми 

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 



АВТОРЕФЕРАТЫ 

 

 

 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Қарағанды  2004 



 

            Жұмыс  Ө.А.Байқоңыров  атындағы  Жезқазған  Университетінде 



орындалды 

 

 



 

 

Ғылыми жетекшілер:    педагогика ғылымдарының докторы,          



профессор  Ж.Ж. Наурызбай 

 

                                                   педагогика ғылымдарының кандидаты, 

                                                   доцент  Ж.Ш. Балкенов 

                                        

 

            Ресми оппоненттері:    педагогика ғылымдарының докторы,  



профессор C.Қ. Қалиев 

 

                                                   педагогика ғылымдарының кандидаты, 



                                                   доцент Ә.О. Қамақов 

 

 



           Жетекші ұйым:             Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық  

институты 

 

 

Қорғау  «____»_____________  2004  ж.  сағат  _____  біріккен 



диссертациялық  кеңес  отырысында  ОД.14.50.05  педагогика  ғылымдарының 

докторы  ғылыми  дәрежесін  беру  жөніндегі  Қарағанды  мемлекеттік 

Е.А.Бөкетов атындағы университеттің № 11-ғимаратының акт залында өтеді. 

Мекен жайы: 470074, Қарағанды қаласы, Карбышев көшесі 7,  

 

Диссертациямен  Қарағанды  мемлекеттік  Е.А.Бөкетов  атындағы 



университеттің  кітапханасында  танысуға  болады.  Мекен  жайы:  470074, 

Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28. 

 

 

 



Автореферат «____»_____________ 2004 ж. таратылды. 

 

 



 

Біріккен диссертациялық кеңестің 

ғалым хатшысы                                                                            С.Т.Каргин   


 



 



Кіріспе 

 

Зерттеу  жұмысының  көкейкестілігі.  Қоғамдағы  ұлт  саясатын  жүзеге 

асыру  және  қазіргі  жаңаша  ойлау  мен  әлеуметтік-саяси  өзгерістерге  байла-

нысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің 

біріне айналып отыр.  

Ғасырлар  сынынан  еленіп,  ұрпақтан-ұрпаққа  ұласып  ежелден  келе 

жатқан  халықтық  қолданбалы  өнердің  озық  үлгілері  жеке  тұлғаның  қалып-

тасуына,  дамуына,  ұлттық  тәрбиесіне  ықпалын  тигізері  сөзсіз.  Қазіргі  кезде 

елімізде  ұлттық  құндылықтардың  қайта  өркендеуіне  жол  ашылды.  Оған, 

Н.Ә.Назарбаевтың  “Қазақстанның  болашағы  қоғамның  идеялық  бірлігінде” 

атты  еңбегінде:  “Мәдени  дәстүрлер  қашанда  әлеуметтік  қайта  түлеудің 

қайнар көзі болып келді. …Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға 

барынша қолдау жасалып отыр”, -  деген сөзі осының айғағы.  

Бұл  мәселе:  Қазақстан  Республикасының  “Білім  туралы”  заңында  - 

“Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетіс-

тіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шың-

дауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”- деп көрсетілсе, 

Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында  -

 ’’орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті  - жылдам өзгеріп отыратын 

дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде 

адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке 

тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын 

сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабі-

леттілігін  қамтамасыз  ету  үшін  кәсіптік  дағдылар  алуына  жағдайлар  жасау 

және  осы  қойылған  міндеттерді  іске  асыру  үшін  білім  берудің  мазмұнын 

дүниені  тұтастай  қабылдауды  қамтамасыз  ететін  өнер,  технология  сияқты 

білім беру салалары арқылы іске асыру қажет…’’ – деп анық айтылған. 

Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой-пікір-

лердің  қалыптасуында  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.  Құнанбаев,  т.б.  

шығармалары  мен  халықтық  педагогиканың  ұлттық  тәрбие  мәселесінде 

алатын  орнын  зерттеуде  А.Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  М.Дулатов,  т.б.  ең-

бектерінің  қосқан үлесі  зор.  Олар  өз  еңбектерінде  жас ұрпақтардың  тәрбие-

сінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.  

Ғасырлар  өткен  сайын  ұрпақ  тәрбиесі  туралы  ойлар,  тұжырымдар  өз 

жалғасын  тауып  тарихшы,  этнограф,  философ,  педагог-психолог  ғалымдар-

дың  ғылыми  зерттеулерінде  де  жан-жақты  қарастырылған  (Қ.Б.Жарықбаев, 

С.А.Ұзақбаева,  К.Ж.Қожахметова,  А.  Сейдімбек,  Ж.Наурызбай,  К.Жүкеш, 

Н.Елікбаев, А.Нысанбаев, Ж.Алтаев, Н.Әлімбай, Б.Байжігітов, Х.Арғынбаев, 

Ж.Артықбаев,  К.Ақышев,  С.Қасиманов,  М.С.Мұқанов,  К.Әмірғазин,  С. 

Қалиев,  Т.Басенов  т.б.).  Бұл  зерттеулердің  біз  үшін  құндылығы  халықтық 

қолданбалы  өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде, мектеп оқушыларының ой-

қиялын  дамытуда,  ұлттық  талғамын  қалыптастыруда  жетекші  құрал  және 

зерттеу мәселемізге тірек бола алатындығында.  



 

Бірқатар  зерттеулерде  халық  педагогикасының  әдіснамалық,  теориялық 



мәселесі  зерделеніп,  этнопедагогика  материалдарын  пайдалану  бойынша 

әдістемелік нұсқаулар жасалған.  

Жоғарыда  аталған  ғалымдардың  еңбектерінде  ұрпақ  тәрбиесіндегі 

халықтың  құнды  ой-пікірлеріне  талдау  беріледі,  қалыптасқан  дәстүрлері 

мазмұндалады  және  ондағы  адамгершілік,  эстетикалық  тәрбие  берудің  әдіс-

тәсілдері  баяндалып,  олардың  қазіргі  жағдайдағы  тағылымдық  мәні  сара-

ланып сипатталады.  

Р.Қ.Дүйсенбінова  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  қазақ  этнопедаго-

гикасын  ендірудің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  жүйелесе,  Қ.Бөлеев 

қазақ этнопедагогикасы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге болашақ мұғалім-

дерді  дайындауда  теориялық  негіз  болатындығын  дәлелдейді.  Әйтсе  де 

қазақтың қолданбалы өнер туындыларын мектептерде бала тәрбиесінде пай-

далануға  байланысты  іргелі  зерттеулер  аз.  Бұл  салада  сәндік-қолданбалы 

өнерін  оқытудың  теориялық  негізі  мен  әдістемелік,  тәжірибелік  мәселелері 

Ұ.Әбдіғаппарова,  К.  Ералин,  С.Жолдасбекова,  Е.Асылханов,  Ж.Балкенов, 

Б.Ижанов,  т.б  еңбектерінде;  ТМД  елдері  көлемінде  қолданбалы  өнердің 

кейбір  түрлерін  жоғары  оқу  орындарының  оқу-тәрбие  үрдісінде  қолдану 

мәселесі А.С.Хворостов, В.В.Ершова, Н.Невзорова, А.П.Гапбаров т.б. еңбек-

терінде зерттелгенін атауға болады. Алайда, мектеп жағдайында технология 

сабақтарында  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  оқушыларға  ұлттық  тәр-

бие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу 

бағдарламалары  мен  оқу-лықтарға  және  оқу-тәрбие  жұмысына  жасаған 

талдау  бұл  мәселеге  аса  назар  аударылмағандығын  дәлелдеп,  осы  уақытқа 

дейін  оның  оқу-тәрбие  үрдісінде  әлеуеті  жеткілікті  ескерілмей  келгендігін 

көрсетті. Бұның бәрі біз көтеріп отырған технология сабағында оқушыларға 

ұлттық  тәрбие  беру  жан-жақты  шешімі  табылмаған  мәселе  екендігін  және 

тәрбие теориясы мен практикасында бүгінге дейін шешімін таппай отырған-

дығын  айғақтайды.  Қазіргі  нарықтық  қатынастарға  көшуге  байланысты 

қоғамдағы  болып  жатқан  өзгерістерді  ескере  отырып,  мектеп  оқушыларына 

ұлттық тәрбие беруді барынша дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педаго-

гикалық теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы 

арасында қарама-қайшылық айқын көрінеді.  

Халықтық  қолданбалы  өнердің  педагогикалық  ғылымда  оқушы  тұлға-

сын қалыптастыру мен ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің әлі де жан-

жақты  толық  зерттелуі  қажеттілігі  мен  пайда  болған  қайшылық  негізінде 

оқушыларға  технология  сабағында  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  ұлт-

тық тәрбие беру зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесін туғызды.  

Бұл  мәселенің  қоғамдағы  әлеуметтік  маңыздылығы  мен  педагогика 

ғылымына  қосатын  үлесін  айқындау  мен  осы  мәселелердің  ғылыми-

теориялық  тұрғыдан    шешімін  табу  біздің  ғылыми  зерттеу  жұмысымыздың 

тақырыбын “Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы 

өнер  арқылы  ұлттық  тәрбие  беру  (5-7  сынып)  ”-деп  алуымызға  негіз 

болды.  Оқушыларға  технология  сабақтарында  қолданбалы  өнер  арқылы 

ұлттық  тәрбие  беру  күрделі  үрдіс  болғандықтан,  оны  білім  берудің  барлық 


 

саты-сында  салыстыра  талдамай,  олардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 



зерттеу мәселемізді 5-7 сыныптар үшін бөліп қарастыруды жөн көрдік.  

Зерттеудің  мақсаты.  Оқушыларға  технология  сабағында  халықтық 

қолданбалы  өнер  арқылы  ұлттық  тәрбие  беру  мәселесін  ғылыми-теориялық 

тұрғыда негіздеу.  

Зерттеу  нысаны.  5-7  сынып  оқушыларына  технология  сабағында 

ұлттық тәрбие беру үрдісі. 



Зерттеу  пәні:  Технология  сабағындағы    5-7  сынып  оқушыларына 

халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру  жүйесі. 



Зерттеудің  ғылыми  болжамы.  Егер,  мектептерде  этнопедагогика 

принципіне негізделген халықтық қолданбалы өнер арқылы  5-7 сынып оқу-

шыларына  ұлттық  тәрбие  берудің  педагогикалық  мәні  ашылып,  оқу-тәрбие 

үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса; технология пәнін оқыту 

ерекшеліктеріне  сәйкес  сабақта  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру  және  дамы-

туда  халықтық  қолдан-балы  өнер  арқылы  ұлттық  тәрбие  берудің’’оқу-білім-



тәрбие’’  жүйесіндегі  үлгісі  ұсынылса;  оқушылардың  технологиялық  іс-

әрекеттері  халықтық  қолданбалы  өнерді  -  меңгеруге  бағытталса,  онда  оқу-

шыларға  технология  сабақтарында  ұлттық  тәрбие  беру  тиімді  болады  және 

ой-өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік 

қасиеттері қалыптасады.  

 Зерттеудің міндеттері:  

-

 



оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруде  халықтық  қолданбалы  өнерді 

қолданудың теориялық негізін, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттарын 

ашу, теория мен практикадағы зерттелу деңгейін анықтау; 

-

 



оқу-білім-тәрбие  жүйесінде  технология  сабақтарының  өзіндік  ерек-

шеліктеріне  сәйкес  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  берудің  педагогикалық 

мазмұнын  айқындау  және  зерттеудің  теориялық  негізі  тұрғысында  қарас-

тыру; 


-

 

технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушы-



ларға  ұлттық  тәрбие  берудің  моделін  жасау,  оқытудың  әдістемелік  жүйесін 

негіздеу; 

-

 

  5-7  сынып  оқушыларына  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  техно-



логия  сабағында  ұлттық  тәрбие  беруді  жүзеге  асыру  жолдарын  анықтау, 

зерттеу  нәтижесіне  негізделген  оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруді  жетіл-

діруге ықпал ететін оқу-әдістемелік құралдар  дайындау және оны  экспери-

менттік  жолымен тексеру. 



Зерттеудің  әдіснамалық  және  теориялық  негізі.  Қоғамдағы  және 

ғылымдағы  теория  мен  тәжірибе,  жалпы  білім  беруді  дамыту  тұжырым-

дамасы,  еңбекке  баулу  және,  ұлттық  тәрбие  заңдылықтары  туралы  филосо-

фиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер мен теориялар, қазақ халқы-

ның мәдени құндылықтар негізіндегі этнопедагогикалық тұжырымдамалары. 

Зерттеудің  жетекші  идеясы.  Оқушыларға  халықтық  қолданбалы  өнер 

арқылы  ұлттық  тәрбие  беру  ұғымдары  дүние,  қоғам  жөніндегі  түсініктерін 

ұлғайтады,  ой-өрісін,  рухани  талғамы  мен  танымын  қалыптастырып,  ізгілік 

қасиеттерге  тәрбиелейді.  5-7  сынып  оқушыларына  технология  сабағында 



 

халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау  - 



оқушылардың елжандылығын, халықтық мұра құндылықтарын бағалауы мен 

тани білу қабілетін арттыруға әсер етеді.  

 Зерттеу  әдістері:  қазақ  этнопедагогикасының  жетістіктері  мен  озық 

тәжірибені  зерттеп  жинақтау;  ғылыми-көркем  әдебиеттерді,  мектеп  құжат-

тарын  талдау;  оқушылардың  ұлттық  көркем-шығармашылық  жұмыстарын, 

қазақ  халқының  қолданбалы  өнерін  және  халық  шеберлерінің  шығармашы-

лық  жұмыстарын  зерттеу;  озық  педагогикалық  тәжірибелерді  оқып  үйрену, 

зерделеу; педагогикалық эксперимент нәтижесіне баға беру (бақылау, сауал-

нама, әңгімелесу, тест, ашық сабақ, көрме ұйымдастыру т.б.), алынған нәти-

желерді сұрыптау, өңдеу. 



Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:  

1.

 



Оқушыларға  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  ұлттық  тәрбие 

берудің теориялық және практикалық негізі ашылып, педагогикалық мүмкін-

діктері мен шарттары ғылыми тұрғыда айқындалды. 

2.

 



Оқу-тәрбие жүйесіндегі “ұлттық тәрбие” ұғымының сипаты ашылып, 

технология  сабақтарында  оқушыларға  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы 

оқушыларға ұлттық тәрбие берудің тұжырымдамасы берілді. 

3.

 



Технология  сабақтарында  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  оқу-

шыларға ұлттық тәрбие берудің моделі ұсынылды және тәжірибеге енгізілді. 



Зерттеудің негізгі кезеңдері

Бірінші  кезеңде  (1997-  1998)–  зерттеу  мәселесі  бойынша  ғылыми 

зерттеу  жұмыстары  мен  педагогикалық,  психологиялық,  философиялық, 

өнертанушылық  әдебиеттерге  талдау  жасалып,  зерттелу  деңгейі  қарасты-

рылды. Озат педагогтар мен жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибесі 

зерттелді және жинақталған материалдар сұрыпталды.  

Екінші  кезеңде  (1999-2001)  -  технология  сабақтарында  оқушыларға 

халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  ұлттық  тәрбие  беру  ұғымының  мәні 

ашылып,  зерттеу  болжамы  жасалды,  әдіснамалық  негіздері  мен  әдістері 

анықталды  және  нақтыланды.  5-7  сынып  оқушыларының  халықтық  қолдан-

балы  өнерге  қызығушылығының  деңгейіне  ықпал  ететін  факторлар  тал-

данды.  Оқушылардың  көркемдік  білімі  мен  ұлттық  талғам  деңгейлерінің 

өлшемдері  мен  көрсеткіштері  анықталып,  тәжірибелі-экспериментті  әзірлеу 

және тексеру жүргізілді. 



Үшінші  кезеңде  (2001-2003)  –  жүргізілген  зерттеу  жұмысының 

нәтижесін  бір  жүйеге  келтіру,  жинақтау  мен  қорытындылау,  ғылыми-

әдістемелік ұсыныстар жасау, жалпы білім беретін мектеп жұмысының нақты 

жағдайында  олардың  дәлелділігін  тексеру  жүргізілді,  әдеби  даярлығы 

аяқталды. 

Зерттеу  базасы.  Ө.Байқоңыров  атындағы  Жезқазған  университеті, 

Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы орта мектептер (№ 8,7,27). 



Зерттеудің практикалық маңыздылығы:  

1.

 



’’Халық  мұрасындағы  ұлттық  қолданбалы  өнерді  оқытудың    әдіс-

тәсілдері’  атты  мектеп  мұғалімдері  мен  студенттерге  арналған  оқу-

әдістемелік құрал ұсынылды. 


 

2.



 

’’Халықтық  дәстүрлі  қолданбалы  өнер  -  ұлттық  тәрбие  құралы’’  атты 

мектеп  мұғалімдері  мен  студенттерге  арналған  оқу-әдістемелік  құрал 

әзірленді. 

3.

 

’’Тері  өңдеу  мен  моншақ  тізу  технологияларын  мектеп  жағдайында 



оқыту әдістемесі’ атты мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған 

әдістемелік нұсқау дайындалды.  

4.

 

’’Қазақтың  ұлттық  қолданбалы  өнері’’-электронды  оқу  құралы 



ұсынылды. 

5.

 



Диссертация 

материалдары 

оқу 

пәндерінің, 



педагогикалық 

практиканың бағдарламаларына ендіріліп, пайдаланылуда. 



Қорғауға ұсынылатын  қағидалар: 

1.  Халықтық  қолданбалы  өнердің  тарихи  даму  жолдары  мен  ұлттық 

ерекшеліктерін  және  оның  тәлім-тәрбиелік  мүмкіндіктерін  технология 

сабақтарында  пайдалану,  көркем  шығармашылық  іс-әрекетті  меңгеру  - 

оқушыларды  ұлттық  рухани  интелектуалды  тұрғыда  жетілдіріп,  олардың 

ұлттық  қолданбалы  өнерге  деген  көзқарасын,  дүниетанымдық  ұғымын, 

салауаттылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.  

2.  Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  технология  сабақтарында 

халықтық 

қолданбалы 

өнерді 

оқушылардың 



ұлттық 

тәрбиесінде 

пайдаланудың  педагогикалық  шарттары:  а)  халықтың  қолданбалы  өнерін 

тәрбие көзі ретінде оқу процесіне ендіру және оны сабақ барысында меңгеру; 

б)  халықтың  қолданбалы  өнерін  сабақта  және  сабақтан  тыс  тәрбие 

жұмысында пайдалана алу.  

3.

 

Технология  сабақтарында  ұлттық  тәрбие  беру  ұғымының  мәні  мен 



мазмұны  анықталып,  жас  ерекшелігіне  байланысты  психологиялық-

педагогикалық ерекшеліктері сипатталды. 

4.

 

Оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беруде  халықтық  қолданбалы  өнердің 



тәрбиелік  мүмкіндіктерін  пайдалану  мен  оның  сипатына  қарай  олардың 

ұлттық  талғамын  қалыптастыру  деңгейін  анықтайтын  педагогикалық  әдіс-

тәсілдер қарастырылды. 

   5. Технология сабағында оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы 

ұлттық  тәрбие  беру  мотивациялық,  мазмұндық,  процессуалдық,  бейімдік, 

танымдық  компоненттер  бірлігінде  қарастытырылып,  нақты  көрсеткіш-

термен және өлшемдермен көрсетілді және моделі ұсынылды, 

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу мақ-сатына 

сәйкес  ұсынылып  отырған  модель  бойынша  оқыту  әдістемесінің  тиімділігін 

тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеріп, практикаға ендірумен қамтамасыз 

етілді. 


Зерттеу нәтижелерін мақұлдануы мен ендірілуі:  Ғылыми жұмыстың 

нәтижесі  эксперимент  жүргізу  барысында  жүзеге  асты  және  халықаралық, 

республикалық  ғылыми-практикалық  конференция-ларда  Арқалық  (1997), 

Көкшетау  (1998),  Алматы  (2000,),  Шымкент  (2000,  2003),  Жезқазған  (2000, 

2001, 2002), мектептерде педагоги-калық кеңестерде талқыланды (№7, 8, 27 

т.б.). Ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік конференцияларда, дәріс оқу және 

тәжірибе  сабақтарында  талданып,  зерттеу  тақырыбына  байланысты  жарық 


 

10 


көрген  жұмыстарда көрініс тапты. Диссертацияның қағидалары мен зерттеу 

қорытындылары  орта  мектептер  жұмысының  оқу-тәрбие  үрді-сіндегі  іс-

тәжрибесіне  енгізіліп,  сынақтан  өткізілді.  Зерттеу  нәтижелері  студенттердің 

курстық,  дипломдық  жұмыстарына  жетекшілік  етуде,  еңбекке  баулу 

әдістемесі  мен  тәжірибелік  сабақтарда,  мектептерде  педагогикалық 

практикадан  өтуде  қолданылды.  Диссертация  мазмұны  -  27  жарық  көрген 

еңбекте көрініс алды. 

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі 

тараудан  және  тараулық  тұжырымдардан,  қорытындыдан,  пайданалылған 

әдебиеттер тізімінен тұрады.  

Кіріспе  бөлімде    зерттеудің  көкейкестілігі  негізделді,  мақсаты,  мен 

міндеттері,  зерттеу  әдістері  сараланды,  диссертацияның  мәнділігі,  ғылыми 

жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдамалар баяндалды. 

’’Оқушыларға  технология  сабағында  ұлттық  тәрбие  берудің  

теориялық, педагогика-психологиялық  негіздері’’ - деп аталатын бірінші 

тарауда зерттеліп отырған мәселе бойынша ұлттық тәрбиенің философиялық, 

психологиялық,  педагогикалық  проблемаларға  байланысты  зерттеген 

ғылыми  еңбектерге  сүйене  отырып,  тәрбие  беру  жүйесіндегі  ’’ұлттық 

тәрбие’’  сипаты,  оны  қалыптастырудың  педагогикалық,  психологиялық 

негіздері  қарастырылып,  технология  сабақтарында  халықтық  қолданбалы 

өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің моделі жасалды. 

’’Технология  сабағында  халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы 

оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемелік негіздері’’– деп аталатын 

екінші тарауда мектептегі технология пәні бағдарламасына  талдау жасалып, 

зерттеу  тақырыбына  байланысты  жүргізілген  тәжірибелік-эксперимент 

нәтижелері баяндалды.  



Қорытындыда теориялық және тәжірибелік-эксперимент нәти-желеріне 

негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді. 

 

Жұмыстың негізгі мазмұны 

Ұлтымыздың  мәдениетін  сақтап,  оны  келер  ұрпаққа  жаңа  көз-қараспен 

жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы 

қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын 

талаптарды түбегейлі өзгертті.  

Қазіргі  білім  берудің  негізгі  мақсаты  білімін,  біліктілігін,  дағдысын 

қалыптастыруға  қол  жеткізу  ғана  емес,  ұлттық  тәрбие  негізінде  ертеңгі 

қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру. Ұлттық 

мәдениеттің  негізі  болып  табылатын  этнопедагогикалық  білім  беру  мен 

ұлттық  тәрбие  берудің  басты  құралда-рының  бірі  -  халықтық  қолданбалы 

өнер екендігі белгілі.  

Халықтық  қолданбалы  өнер  -  ата-бабаларымыздан  келе  жатқан,  ұлттық 

санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан 

өнер  түрі.  Бұл  жерде,  этнопедагогиканың  озық  үлгілерімен  оқушыларға 

халықтық  қолданбалы  өнер  арқылы  ұлтық  тәрбие  беруді  жүзеге  асыруда  - 

технология  сабағының  орны  ерекше.    Қазақ  халқының  қолданбалы  өнер 



 

11 


туындылары  мейлі,  ол  мұражайларда,  мейлі  көрмеде  тұрсын,  күнделікті 

тұрмыс  қажетін  өтеп  жатсын,  оны  халқымыздың  өткен  тарихымен,  мәдени 

құнды  мұрасымен,  салт-дәстүрімен  жалғастыратын  дәнекер  күш  деп 

қарауымыз  керек.  Себебі,  онда  ұлттық  тәрбиені  жүзеге  асырудың  амал-

жолдары,  талап-тілектері,  үлгі-өнегелері,  әдіс-тәсілдері  орын  алған.  Жас 

ұрпақтың  ұлттық  тәрбиесі  халық  қанша  өмір  сүріп  келе  жатса,  сонша  сол 

халықтың көкейкесті мәселесі болып келеді. 

Қазақ 


халқының 

ағартушы, 

қоғам 

қайраткерлері 



М.Дулатов, 

А.Байтұрсынов,  Х.Досмұханбетов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов  жас  ұрпаққа 

ұлттық  тәрбие  берудің  мақсатын,  міндеттерін,  мазмұнын,  әдістері  мен 

құралдарын  және  нәтижесін  негіздеп,    этнопедагогикасының  қалыптасуына 

теориялық алғышарттар жасады.  

Академик  Ә.Марғұлан  зерттеулерінде  қазақ  халқының  қолданбалы 

өнерінің  түрлері  археология,  этнография  тұрғысында  сараланып,  ғылыми 

тұрғыда  өте  құнды  мағлұматтар  берілген.  Ал,  белгілі  ғалым  Ө.Жәнібеков 

халықтық  қолданбалы  өнер  түрлерін  зерделей  отырып,  олардың  тәрбиелік 

мәнін аша түседі және ұрпақ тәрбиесінде ұлттық бағдарламасыз болашақты 

болжау қиын деген түйін жасайды.  

Х.Арғынбаев, 

С.Қасиманов, 

М.Меңдіқұлов, 

М.С.Мұқанов, 

т.б. 


еңбектерінде  қазақ  халқының  қолданбалы  өнері  тарихи-этнографиялық 

тұрғыда  қарастырылып,  Қ.Ақышев,  М.К.Қадырбаев,  А.А.Оразбаев,  т.б. 

еңбектерінде  археологиялық  қазбалардан  табылған  ежелгі  мәдени 

ескерткіштердің үлгілері тарихи тұрғыда сипатталады. Қ.Ибраева ұлттық ою-

өрнектердің  шығу  тегі,  дамуы,  ою-өрнек  жүйесінің  қалыптасуы  мен 

мазмұнына талдау жасаса, Н.Алимбай, Б.Байжігітов, т.б. қазақтың ою-өрнек 

өнерінің  мән-маңызын  философиялық  тұрғыда  зерделеп,  Р.Шойбеков 

зергерлік  өнерін  терминдік-заттық  тақырыптарға  орай  топтастырып,  ою-өр-

нек  атауларын  өз  алдына  бір  топқа  жіктейді.    Көптеген  зерттеулер  көбінесе 

ХІХ-ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  жерінде  педагогикалық  идеялар 

мен педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихын қарастырған.(Қ.Жарықбаев, 

С.Қалиев, Қ.Құнантаева т.б.) 

Т.Бәсеновтың,  С.Қасимановтың,  М.Мұқановтың  ғылыми  еңбектерінде 

халықтың  ою-өрнек  өнерінің  шығу  тарихы,  оның  қандай  ұғымда  туып, 

біртіндеп  дамығандығы,  ерте  кездегі  қауымдардың  мекендестігі,  олардың 

кәсібі  мен  әдет-ғұрыптары  жайында  және  бұл  әлеуметтік  құбылыстардың 

ұлттық  ою-өрнектердің  қалыпта-суына  әсері  туралы  толық  қанды  ғылыми 

тұжырымдамалар  берілсе,  Ұ.Әбдіғаппарова  алғаш  рет  қазақтың  ою-

өрнектерінің  педагогикалық  классификациясын  жасап,  М.Өмірбекова  қазақ 

халқының ою-өрнек атауларын, құрамын талдап, түсіндіреді.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал